Шинтимирова Баян Габбасовна: библиографический указатель


ШЫНТЕМІРОВА БАЯН ҒАББАСҚЫЗЫНЫҢ



бет2/3
Дата15.06.2016
өлшемі297 Kb.
#136572
түріУказатель
1   2   3

ШЫНТЕМІРОВА БАЯН ҒАББАСҚЫЗЫНЫҢ

ӨМІРІ МЕН ІС-ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ӘДЕБИЕТТЕР
ЛИТЕРАТУРА О ЖИЗНИ И ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ПРОФЕССОРА ШИНТЕМИРОВОЙ БАЯН ГАББАСОВНЫ

1. Джумакаева Б.С. Секреты ее успеха. // Служение Отечеству и долгу/ Составитель К.Утегенова.-Уральск:ИЦ и СМИ ЗКГУ им. М.Утемисова, 2007.-С.195-199.


2. Қожабергенова Х.И. Парасат биігінде. // Служение Отечеству и долгу/ Составитель К.Утегенова.-Уральск:ИЦ и СМИ ЗКГУ им. М.Утемисова, 2007.-Б.192-194.
3. Шүйіншәлиева М. Ақ Жайықтың Баяны. // Ұстаз-Аналар тағылымы/ құрастырған А.Бисенғалиева.-Орал: Полиграф-сервис, 2002.-Б.102-116.
4. Шинтимирова Б.Г. // К 65-летнему юбилею: Библиографический указатель научных трудов профессорско-преподавательского состава ЗКГУ им. А.С.Пушкина.-Уральск, 1997.-С.119.
5. Шинтимирова Баян. // Қазақ ғылымы: кім, не, қайда, қашан?. Энциклопедиялық анықтама-Алматы, 2007, 1-ші кітап, б.333-334.
6. Шинтимирова Б.Г. // М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға – 75 жыл: анықтамалық көрсеткіш.-Орал: БАҚ және баспа орталығы, 2007.-Б.188.
7. Шинтимирова Б.Г. // Ученые Западно-Казахстанского государственного университета:Справочник.-Уральск: РИО ЗКГУ, 2002.-С.133.

Ақ Жайықтың Баяны

/очерк/
Ол - ұстаз,

ойы ізгі, шалт қадамы.

Жұлдыздай жанарынан от жанады.

Кайрат пен ақыл ойдың жүгін жиып,

Білімнің шыңына әркез аттанады...

Ардақтап, ата - дәстүр, салт-сананы

Жылылық - жүрегіне сақтағаны.

Ұрпағың үлгі тұтып өміріңді

Әрдайым «ұстазым» деп мақтанады.

Көңілге шаттық сыйлап, жақұт берген...

Аман жүр, Ақ Жайықтың - Ақ Баяны!
Қойнауы гүлге, төңірегі жасыл-желекке толы сұлу Жайықта - табиғат берген сұлулығымен, ақылына көркі сай көңілі көркем, өмірі өркен аналар мен апалар өте көп-ақ. Неге көп болмасын, біздің сұлу өңірден ақыл мен парасаттың патшасы - Қыз Жібектің шығуы тегін деймісіз?! Бойына батырлықты, махаббатты жиған қызғалдақ ғұмырлы Мәншүк ше?! Осындай ай арулардың арманын алға жетелеп жүрген Жайықтың жаны гүл, өмірі нұр қарлығаштары қаншама? Бірінен-бірін айыру, бөліп қарау қиын. Бәрі топ-топ болып, биікте ұшып жүрген қарлығаштар сықылды. Ал жан жүрегімен жанұясын да, жүрген ортасын да жьшытып, айналасына шапағат нұрын сепкен, білім деген құдіреттің жұпар гүлін еккен Ақ Баян да солардың бірі және бірегейі емес пе?!

Көңілге салмақ салар ой көп. Сол көп ойдың тоғысар тұсын, тулаған толқынын «Ұстаз» деген ұлы есімге табыстау қиынның-қиыны. Өйткені «Ұстаз» сан миллион халықтың жүрегінде жатталып, алып та, дана да, дара да бас иетін ұлағатты есім. Ардақты тұлға.

Осындай аяулы да қадірлі есімді біз «Әкем - институт, анам - кафедра» деп кеткен Мерует Жолдықайырова, ұстаздардың ұстазы Сәндеш Жақашқызына арнасақ, олардың ұлағатты ісін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, асылдың сынығыңдай абзал жандардың жолын қуып, ізін жалғаған Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Баян Ғаббасқызына да айта аламыз.

* * *

Иә, әр адамның тағдыры әр басқа. Әркімнің бұл өмірден алар өз сыйы бар. Сол сыйды - білімнің нұрынан, нәрінен ала білген Баян Ғаббасқызы 1966 жылы Казталовка аудандық орта мектепті бітіргеннен соң сонау Алматының бөктеріне қарай қанатын қағады. Жүрегінде - ұстаз болсам, туып-өскен еліме, мәпелеген ата-анама үлкен азамат болып оралсам деген үмітке толы қиял. Үмітке толы бір ән. Сол ән - арман тұлымы желбіреген өріктей әдемі қызды, япырай, алдамапты! Қайта, оның бойынан өрлікті, батырлықты, білімге деген құштарлықты жазбай көре біліпті! Сөйтіп, аты да, атағы да дүркіреген Алматының Қазақ мемлекеттік университетінің студенті болып шыға келген ай маңдайлы Ақ Баянның алдынан мінекей, ақ күн туыпты! Ол ақ күнді бүгін де - Жайықтың үлкен-кішісі көріп те келеді. Өйткені, жаны жайсаң, көңілі дархан осынау ізгі жанның білімі, мәдениеттілігі, парасат-пайымы, адамгершілік қасиеті ел-жұртына әбден аян. Барды бағалап, жақсы нәрсені таразылай білетін ол өмірдің нендей соқпағынан да бойын тасаламай, тура жолдан тайсалмай өте білген жан.

-Туған жерге маман болып оралғаннан соң Орал педагогикалық институтының «Отан тарих» кафедрасына ассистент болып қабылдандым. Бұл 1971 жыл болатын, - деп өткенді еске алады ғалым-ұстаз бізбен әңгімесінде.

- Шындығы керек, жетпісінші жылдардың аяғы әлі де коммунистік идеологияның шарықтап тұрған кезі ғой. Қоғамдық ғылымдар кафедрасына партия органдары тарапынан қатты көңіл бөлінетін. Көңіл бөлінгенде қалай? Партияның мемлекеттік ішкі-сыртқы саясатын, стратегиялық даму бағытын мадақтап, партияның съезд, пленум материалдарын халыққа жеткізетін, насихаттайтын штаттан тыс «қара жұмысшылары» осы қоғамдық пәндер кафедраларының оқытушы-профессорлары еді. Сондықтан, біздің білім деңгейімізді, сабақ беру әдістемесін, саяси көзқарасымызды тексеру өте жиі болып тұратын. Осы қысымшылықтың көп болғаны, бізді жігерлендіріп, шыңдады. Өйткені, біз жалықпай оқып, күні-түні ізденіп, көбірек талаптандық. «Бір нәрсе бір нәрсеге себепші болады» деген, ғылымға қарай көбірек көңіл бөліп, таудай талаптың тұлпарына қайта міндік. Бастапқыда, қайткенде жақсы ұстаз, ыждағатты оқытушы болсам деген ұшқыр қиял, енді уақыт өте бере мықты ғалым болсам, тарихтың айтылмаған, әлі де шешілмеген құпия сырларын ашсам, жұмбағын шешсем деген асау арманға ұласты. Сөйтіп, мен ғылымның кемесін ерттеп, мұхитына жетуге асықтым...

1985 жылы Қазақ ССР-ы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтының Координациялық кеңесінен болашақ диссертациялық еңбегімнің тақырыбын бекітіп, сол институтқа ізденуші болып қабылдандым. Ғылыми жетекшім белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кеңес Нұрпейісұлы болды.

«Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар, оны егер дұрыс пайдалана білсе, табысқа жеткізеді. Егер оны қолдан шығарып алса, онда одан кейінгі жол қайраңға малтығып, тайғақ кешумен ұласады» деген Шекспирдің осы бір даналық ойы текке айтылмаса керек. Сол сүбелі уақытты, бақшасына қонған бақытты дер кезінде баптап, бағалай білген Баян Ғаббасқызы ізденіс пен қажыр-қайраттың арқасында 1989 жылы, яғни еліміздегі қайта құрудың алғашқы кезендерінде «Қазақстанның ауыл еңбекшілерінің 30-40 жылдардағы қоғамдық-саяси белсенділігі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. «Бұл жалпы қоғамдық дамуда да, ғылымда да өте бір қиын кезең еді. Бұрынғы саяси жүйенің тозығы жетіп, коммунистік партияның басшылық позициясының әлсіреген, демократиялық дамуға қарай жаңа-жаңа аяқ басқан кезең. Тарих ғылымындағы ақтандақтардың беті ашыла бастады, бірақ мұражайлардағы кейбір деректерге толық қол жеткізе алмаған уақыт. Осындай әрі-сәрі, өлара шақта 30-40 жылдардағы тарихи дәуірдің шындығын ғылыми сараптау оңай болған жоқ».

Тек бір биікке, бір шыңға шыққанға, өкшесі көтерілгенге көңілі мастанбай, өзін әркез жауапкершілік тұрғысынан таба білетін білікті жан ғылымға барар жолдың алғашқы сапарын осы бір жетістікпен ғана тоқтатып қоймады. Қайтадан шыңға шығуды, биікке ұмтылуды мақсат тұтты. Сөйтіп, бір баспалдақтан бір баспалдаққа көтеріле білген ол 1989-2002 жылдар ішінде біраз жетістіктерге қол жеткізді.

Оның екі оқулық, бір әдістемелік оқу құралы, 30-дан астам ғылыми мақалалар мен баяндамалары жарық көрді. Олардың ішіндегі комақтыларына тоқталар болсақ, - алдымен тілге тиек болар еңбек, әрине, студенттерге арналған «Өлке» баспасынан 1996 жылы жарық көрген «Саясаттану» оқулығы. 1998 жылы «Сорос» қорының грантын жеңіп алған мектеп оқушыларына арналған балама оқулық ретінде ұсынылған «Мемлекет және құқық теориясы». 20-ға тарта аймақтық, республикалық, халықаралық конференциялар материалдарын жазып, оны егемен еліміздің ертеңгі тірегі болар жас ұрпақтардың қолына дер кезінде жеткізіп отырды. Баян Ғаббасқызының ғылыми еңбектерін сараптап көрсек, үлкен бір ғылыми жұмыстың болашағына жол тартқан бағдарламасына көз жеткізгендейміз.

Баян Ғаббасқызы өмірге жаңаша көзқараспен қарай алатын іскер жан. Қоғамдық өмірдің барлық саласындағы реформалар ғылым мен білім саласына да келіп жетті. 1999 жылы «Білім туралы» заң қабылданып, Мемлекеттік оқу жүйелерімен қоса, балама жеке оқу орындары, түрлі мектептер, лицей, гимназия, колледж, жоғары оқу орындары дүниеге келді. Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің ғылыми кеңесінің ұйғарымы бойынша, осы университеттің жанынан гуманитарлық-экономикалық институт ашу ұйғарылғанда оның ұйымдастыру жұмысына айтарлықтай іскерлік танытқандардың бірі - Баян Ғаббасқызы болатын. Қазір бұл институт іргелі оқу орнына айналып, қалыпты жұмыс істеп келеді. Баян Ғаббасқызы осы институттың ең бірінші ректоры ретінде жас ұрпақтарға өмір талабына сай, ғылыми тұрғыдан тиянақты білім мен тәрбие жолында еңбек етті.

«Екі кеме құйрығын, ұста жетсе бұйрығын» деп халық даналығының өркен жайған өсиетіне орай, бұл күндері қазақ әйелдері қатар жүзген екі кеменің бір капитанындай, өмір майданында еркін жүзуде.

Кеңестік дәуірдің білім беру жүйесінде аналогиясы жоқ мемлекеттік қаржыландырусыз оқу орнын ашу бір басқа да оның қанат жайып, өркендеп білім ордасына айналуы бір басқа. Бұл бағытта объективті де, қолдап жасалған субъективті де қиындықтар аз болған жоқ. Институттың материалдық-техникалық базасын нығайту, ғылыми дәрежесі бар оқытушы-профессорлармен толықтыру, аймақта үлкен сұранысқа ие жаңа мамандықтар ашу т.б. толып жатқан проблемалар, бір сөзбен айтқанда жаңа оқу орнының өз болмыс-бітімін қалыптастыру оңай іс болған жоқ.

«Кейде қатты шаршап, торығып кеткен кезде осы істі бекер бастаған екенмін деп өкінген шақтар да болды,» - деп еске алады Баян апамыз. Бірақ, бастап алып, жарты жолда тастай салуға сіңірген еңбегіңді, төккен маңдай теріңді қимайды екенсің. Өмірге келтірген ісіңде бағып өсірген балаң сияқты болады. Оның үстіне өзің сеніп, артыңнан ерген қызметтес әріптестеріңнің, оқуға келген студенттерің мен олардың ата-аналарының үмітін қайда қоярсың? Осыларды ойлағанда бір жағынан жаңа істің зіл батпан ауырлығы жаншып жаныңды ауыртса, екінші жағынан намыс қинап, түн ұйқың төртке бөлінеді. Өмірдің талап-талғамына сай, іскерлік пен табандылық көрсете білген жан бәрін де жеңе алатынына көз жеткізгендейміз, - дейді Баян.

Бүгінгі еркіндік алған бақытты өміріміздің арайлы ақ таңының нұрына бөленген қазақ әйелдерінің бірі-Баян Ғаббасқызы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры деген атақ-абыройға лайық еңбек етуде. «Еңбек - бәрін де жеңбек» дегендей, Шынтемірова Баян Ғаббасқызы Халықаралық педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті. Тәлімгер ұстаз ретінде ол жастарды ізгілікке, адами қасиеттерге талмай, тәрбиелеп келе жатқан жан екеніне күмәнданбағандаймыз.

Баян Ғаббасқызы үлкен-кішімен әсіресе жастармен тең сөйлесе біледі. Оның ойлы жанарынан әркез жылылық нұры есіп тұрады. Адамды өзіне тартып, үйіріп әкететін бауырмалдығы және бар. Жалпы, Шынтемірова Баянның сабақ беру, лекция оқу шеберлігі бір бөлек. Әрбір дәрісінің тақырыбы мен мазмұнында, оны аудиторияға жеткізу әдісінде ұстаздық сабырлы мінезі, әсем қоңыр даусы, инабаттылығы бір-бірімен астасып жатады.

Ақ Жайықтың Баяны атанған Еліктің лағындай сүп-сүйкімді, сұлу бейнелі қыз Баянның мөлдірей жайнаған бота көзі мен өзіндік жан-дүниесіне лайық паң мінезі кімді болса да өзіне табындыратындай әсер қалдыратын. Өмірге байыппен қарай алатын қыз Баянға студенттер арасынан қамқоршы бола білген жастың бірі - Тұяқбай Зейітұлы болатын.

Тұяқбай Зейітұлы да зейінді жастың бірі еді. Оны университетке ешкім де жетелеп апарып оқуға түсірген жоқ, өзі барды, өзі еңбектенді, оқуға түсті. Оның есімі үнемі университеттің үздік студенттері қатарында аталды, «жігітті ел мақтаған, қыз жақтаған» демей ме? Университеттің соңғы курсында екі жастың дәм-тұзы жарасып, өмірдің бағдарлы бағытына бірге қадам басып, шаңырақ көтермек болған шақта Тұяқбай әкесі Зейіт қарияны Жамбыл облысынан шақыртып алдырды.

- Не боп қалды, құдай-ау, - деп үрейленген Зейіт қария Алматыға суыт келіп те жетті. Бірер күн дем алып, әңгіме дүкен құрғанда Тұяқбай Ақ Жайықтың Баянын әкесінің алдына әкеліп, сынап көрші? - дегендей сыңай білдірген-ді.

«Қонақ аз отырып, көп сынайды» дегендей Зейіт қария:

- Айналайын, Тұяқбайжан! Ақ Баян десе болғандай, үріп ауызға салғандай, ұршықтай иірілген, өмірге икемді, тәрбиелі бала екен. Бойы кіп-кішкене болғанымен тереңнен малтықтай жүзіп өтер шамасы да бар екен. Тәңірім алдарыңнан жарылғасын, - деп келін боп түспей-ақ қол жайып фатихасын бергенді.

Баян тәрбиелі жанұяның баласы емес пе, ол атасын көрген сайын жарқ еткен жайдары жүзімен иіле сәлем етіп тұрғанда Зейіт қария бар арманы орындалып, өзін бақытты жаңдай сезінетін. Осындайда:

Келінжанның санасы-ай,

Ақылының данасы - ай.

Ізетпенен иілген,

Үлгілі елдің баласы-ай, - деген Кенен ақынның өлең шумақтары еріксіз еске оралатынын кайтерсіз.

Баян енесінің Данагүл атын сұрасаң да бір атамай, -біздің енешкамыз, - деп еркелете сөйлеп, оның көңілін жайландыра мәпелейді. Бір әулетке айналып отырған шаңырағымыздың бастау бұлағы, бақыт көзі марқұм атамыз бен осы енешкамыздан бастау алады ғой, - деп қоятыны бар, келін Баянның.

- Ата-ананың қадір-қасиетіне жетіп, оны қастерлей білген келіні Баянның мадақтау сөзіне орай, ол өзінің мерейі үстем болып отырғанына көңілі жай тауып, бір жасап қалатын. Сексеннің сеңгірінен асса да Данагүл әженің кәрілікті мойындамай кететіні де бар. Ол немерелері мен шөберелерінің сүйіспеншілігіне қуанышына бөленген бақытты әже күйін кешуде. Осындайда, Рысбековтер әулетіне бақыт құсының тұрақтай қонуының бір сыры - ата-ана құдіретін ардақтай білген Баяндай келіннің парасат-пайымы мен дархан көңілдің нұрлы сәулесінің шапағаты деп білеміз.

Тұяқбай Зейітұлы мен Баян Ғаббасқызы бұл күндері біздің Ақ Жайықтың жайсаңдарына айналған асыл жандар. Екі бірдей ғалым-кемел келешектің ақ жолына жарқын із, өшпес өнеге, ұлылыққа толы ұлағат қалдырып барады...

Керегесі кең, терезесі тең шаттығы шарықтаған шаңырақта «ай десе аузы, күн десе көзі бар» үш бірдей ару гүлдердің жайқалып өсуінің өзі бақыт! Үшеуі де атқан таңдай! Үшеуі де құлпырған жаздай! Олар - сыпайы, түр-сипаты келіскен Салтанат. Көктемнің хош иісіндей, райхан гүліндей – Ләззат. Жайқалған жапырақтай, бүр жарған талшыбықтай - Жанна. Осынау үш бірдей Тұяқбайқызы Салтанат, Ләззат, Жанналардың ақылына көркі де сай.

- «Мен отбасында жалғыз ұл болғандықтан, атам марқұм ұрпағым көп болсын» деп тілеген ғой, ұлының атын Тұяқбай қойыпты. Бірақ, құдайдан күштіміз бе, біздің әке шаңырағына ие болатын ұл емес үш қыз бұйырыпты. Төкең өзі кіндіктен жалғыз болғандықтан ба әйтеуір бала десе жанын қоярға жер таппайды, кейде әзілдеп президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының айтқаны деп жиі қайталап отырады: «Мұсылман дінінде ғажап үш қағида бар екен. Соның бірінде былай дейді: Егер жанұяда үш қыз болып, үшеуі де тұрмысқа шыққан болса, ата-аналарына бірден жұмаққа жол ашылады екен. Мұхаммед пайғамбардың тоғыз қызы болыпты және ол жарықтық бақытты болды деп ойлаймын»- деген. К.Марксте де үш қыз. Менің де қол жеткен табыстарым, шыққан биігім, бақытты өмірім - осы қыздарыммен бірге келген шығар, кім біліпті, - дейді Тұяқбай.

Тұңғыштары Салтанат бір кездері ата-анасы білім алып, саясында сайраңдаған, алау жастықтың жайдарлы күндерін бірге өткізген әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекет университетінің түлегі, үздік дипломның иегері. Салтанат тарих ғылымының кандидаты атағын да осы ордалы оқу орнының ұстаз-ғалымдарының қолынан алып шықты.

Үміт еткен көзімнің нұры балам,

Жанына жәрдем бергей қақ тағалам, -

деп Балқожа би айтқандай, ата-анасының үміт көздерін жарқырата жайнатқан Салтанаты бұл күндері ғалымдар қатарында табысты еңбек етуде.

Адамгершілік алаудың алтын буына суарылған жандай жарқырай көзге түскен Тұяқбай Зейітұлы Батыс Казақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып істеген жылдарының біраз уақытын оның жатақханасының бір бөлмесінде өткізген-ді. Ол кезде жатақханаға газ орнатылмаған, су да бірде бар, бір де жоқ дегендей, ол үйренішті жағдай болатын. Сол бір шақта дүниеге келген тұңғыш нәрестесі Салтанатын Тұяқбай жатақхананың шыбын-шіркейінен, бөлменің тымырсық жайсыз ауасынан қорғап, құшағына алып, түн бойы таза ауада таңды атыратын. Мейірімді әке үш гүлін де осылай аялап, Ақ Баянына көмекші, сенімді жар бола білді. Тұяқбай әке, Салтанатына ұзату тойын жасап, қоштасу сәтінде ол:

- Айналайын, Салтанатым, менің жан жүрегім! Мен әке бола білсем, сен бал тілекті бала бола білдің. Бір селт етпестен, тапжылмай отырып, онжылдықты алтын медальмен, одан кейін бес жыл университетті де мақтанарлықтай үлгеріммен тамамдадың. Ал аспирантурадағы жылдарың да сәтті аяқталуда.

- Айналайын, Салтанатым! Бал дәурен балалық қалпыңмен бүгін Алатаудың айдай азаматтарын алдыма әкеліп, бас игізіп, шаңырағыма құда түсіріп отырсың, Асқаржан! Сен де менің баламсың. Алдарыңнан ақ күн туып, тәңірім жарылғасын! Салтанатжан! Мен саған ризамын, ризамын, ризамын, - деп үш қайырып, көз жасын моншақтай төккенде, жиылған ел-жұрттың да жүректері елжіреп, бірге соққаны бар. Әке мерейін, ана абыройын үстем ете білген Салтанаттай қаракөз қызға ел ақ тілеу тілеп, фатиха берген-ді.

Білімді азамат ретінде, ғалымдар қатарын толықтырып, жемісті еңбек ете білген Салтанат қазір Асқар есімді азаматының сүйікті жары, Аңсар есімді бөбегінің аяулы анасы.

Тәрбиелі жанұяда өскен Асқар ата-ана сенімін ақгап, абыройлы азамат ретінде табыс тұғырынан көрінуде. Болашағынан зор үміт күттірер Асқар қазір Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің қызметкері.

Шіркін. осылайша, ата-ананың баладан күткен ақ тілеуі орындалып, жүректері үндесе бірге соғып тұрса дейміз.

Ортаншы қызы Ләззаттың мамандығы - бухгалтер-аудит. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін, Қазақ мемлекеттік заң академияларын қызыл дипломмен аяқтаған Ляззат қазір «Қазақтелекомның» бас менеджері, бөлім меңгерушісі. Ал, кенжелері Жанна да бұл күнде өмірден өз орнын шегелеген жан. Айтулы білім ордасы БҚМУ-дың шет тілі пәнінің мұғалімі деген мамандықты үздік дипломмен бітіріп шықты. Жас болса да ақылды, ұшқан ұясынан көрген-білгенін көңіліне түйіп, адам болуға, азамат болуға үмтылған Жанна бүгінде бір қанатына ұлы Айсұлтанды, бір қанатына құдай қосқан сүйікті жары Қанатты алып, оларды күн нұрындай сәулеге шомылдырып отырған сүйкімді ана. «Қыздарымыздың кішкене кездерінде Төкең әрқайсысына арнап альбом жасайтын. Өмірлерінің әр сәтін бейнелейтін фото-суреттердің астына кейде өзі шығарып, кейде өзіне ұнайтын ақындардың өлеңдерінен шумақ жазатын.

Соның бірінде Қадыр ағамыздың «ақтамда шаршап қайтқанда, иіскеп сені демалам» деген жолдар болатын. Соны қазір немерелеріміз Аңсар мен Айсұлтанға айтатын болдым. Алла тағала бәрін де теңестіріп отырады екен ғой. Өзімізде қыз балалар болғанмен қазақта жиен дейді, біз үшін немерелеріміз - ұл балалар. Бірақ, ата-ана үшін бәрі де бала, әрқайсысының жүрегінде өз орны бар. Осылардың табанына кірген шөгір маңдайыма қадалсын дейтін балажанды ұлттың өкіліміз ғой».

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, Тұяқбай Зейітұлы мен Баян Ғаббасқызы елге елеулі, халыққа қалаулы жандар болса, олардың бойындағы бар асыл қасиеттерді жүректеріне қыр гүліндей жинай білген бұл шаңырақтың қыздары міне, осындай!

Толғай берсек ой көп, кестелей берсек сөз көп. Әйтеуір маржан сөздерің бәрі жақсылыққа бет бұрып, ізгілікке бағышталғанына іштей өзің де риза боласың. Себебі, құдіретті қара сөздің бағы арзандамай, Мұқағали ақын айтпақшы «шекпен киген қазақтың қара өлеңін, шапан жауып өзіңе қайтарамын», - деп..., тәтті де, сәтті ойлардың осындай азаматтардың атына, амандығына айтылғанына шіркін, не жетсін?!

Заманнан-заман озып, ғасырдан-ғасыр жетер. Техникасы мен мәдениеті өркендеп, дамыған егемен еліміздің қойнауында талай ғалым, талай ғылым иелері еңсе көтерер. Ылайым солай-ақ болғай. Бірақ, біздің өркен жайған өрелі ұрпақ «алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» екенін еш ұмытпақ емес. Өйткені, елдің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, сол еңбектің бейнеті мен зейнетін қатар көріп, өмірдің қайсыбір соқпағына да сылынбай, өзіндік парасат-пайымы мен ақыл ойымен ұрпағына сыйлап келе жатырған қаламыздың құрметті азаматы, академик Тұяқбай Зейітұлы мен асыл ана, адал жар, айтулы ұстаз, ғалым Баян Ғаббасқызының кәрі Оралдың төрінен ойып тұрып, орын алары тіптен сөзсіз. Ендеше, көңілдің күйін қоңыраулатқан, өмірдің үнін жаңғыртқан, шәкірттер жүрегін жадыратқан, ғасырдан-ғасырға ұрпақ ертіп бара жатқан осындай алты алаштың азаматтары аман-сау болсын дейік те!

«Алып анадан туады» дегендей, Ақ Жайықтың Ақ Баяны аман-сау болсын дейік те!


Мира Шүйіншәлиева,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты

СЕКРЕТЫ ЕЕ УСПЕХА
Такая жизненная полоса,

А, может быть,

предначертанье свыше...

Р.Рождественский


В истории казахского народа женщинам всегда определялась осо­бая роль. Она выступает как мать, как правительница, мудрый совет­чик, и опытный судья.

Велико для казаха значение и женщины-подруги. Сколько нежней­ших красивых слов посвящено ей. Она та, которая всегда рядом с мужчиной, которая поддерживает и дополняет его, помогая твердо стоять на ногах и оставаться самим собой, она часть его жизни, его самого. И подтверждение этому можно найти не только в истории и литературе - это есть сама жизнь. Интересно, что и имя первой жен­щины Евы обозначает понятие "жизнь", следовательно, женщина и есть жизнь.

В современный век, когда поменялись нравы и сам уклад жизни, изменились как сама женщина, так и отношение к ней. Новую окрас­ку приобретают такие женские качества, как восприятие жизни, чув­ствительность души, мудрость. Но и в нынешний век, когда измени­лись все стереотипы можно найти истинную женщину, казахскую женщину, с ее красотой и безупречностью во всем: в семье, в работе, в обществе; женщину, идущую в ногу со своим временем.

Хранительница семейного очага и замечательный друг, любящая и понимающая жена, прекрасная мама и бабушка - это только одна сторона современной женщины. Другая черта, которую требует веле­ние времени - яркость, динамичность, независимость. Пожалуй, всеми этими качествами и обладает героиня нашего повествования - Шинтимирова Баян Габбасовна.

Как известно, корни любого успеха лежат в семье, в родителях, идут из детства. Поэтому и начинать надо с самих истоков.

В 1949 году в селе Казталовка Уральской области родился третий ребенок - милая девочка по имени Баян. В народе существует такое поверие, что первый ребенок продолжает отцовскую линию, второй - материнскую, а третьему приготовлена судьбой своя особая дорога. Именно на этот особенный жизненный путь и суждено было ступить маленькой Баян. Воспитание в большой семье с крепкими традиция­ми, где самыми ценными являлись честность, доброта к людям и гостеприимство, дали, пожалуй, те незаменимые качества характера, которые помогли этой девочке достичь собственных жизненных вы­сот.

Она не из тех, кому в жизни все легко давалось. Проснуться Зо­лушкой, увы, это не про нее. В ее жизненном сценарии много трудно­стей, работы, борьбы. А дорога эта началась в 1966 году, когда юной девушке из казахского аула удалось поступить на исторический фа­культет самого престижного вуза Казахстана - Казахского государ­ственного университета им. С.М.Кирова в г. Алма-Ате.

И именно в студенческие годы на ее жизненном пути встречается человек, который впоследствии сыграет огромную роль в определении ее дальнейшей судьбы - Рысбеков Туякбай Зеитович. Их соединила не только наука (история стала их призванием), а сама жизнь. Создан­ный в 1972 году союз этих любящих сердец, вот уже 35 лет может служить примером образцовой семьи.

Создать атмосферу уюта, спокойствия, порядка - это одно из са­мых главных искусств, которым должна обладать женщина. Таким искусством в полной его мере и обладает Баян Габбасовна. На мужа, на детей и внуков всегда хватает сил, терпения, времени и сердца. Многие прекрасные качества передались и ее дочерям, которые про­должили ее не только жизненную, но и научную линию.

Старшая дочь, Салтанат, закончив исторический факультет Казах­ского Национального университета им. Эл-Фараби, защитила канди­датскую диссертацию. Вторая, Ляззат, имея два высших образования, работает ведущим специалистом в области экономики. Младшая Жанна по президентской программе "Болашак" ныне обучается за границей.

Уникальной и созидательной энергии Баян Габбасовны хватает не только для мужа и детей, родных и друзей - она распространяется и на ее трудовую и научную деятельность.

Трудовой стаж ее в педагогике, в системе высшего образования, составляет солидную дату - 35 с лишним лет. Причем путь этот - от ассистента Уральского педагогического института им. А.С. Пушкина до профессора, доктора исторических наук - был не из легких. Глубо­кие знания и богатый опыт позволили ей успешно защитить в свое время кандидатскую, а позже и докторскую диссертации.

Такие социально-гуманитарные науки, как социология и полито­логия требует пересмотра чуть ли не каждое десятилетие - им Баян Габбасовна и посвятила свою научную деятельность. Большое коли­чество научных статей, результаты исследований и наблюдений в об­ласти данных общественных институтов, учебные пособия по социологии и политологии - все это являются огромным и неоценимым вкладом ее в развитии науки, особенно в переломное для страны время, когда происходит пересмотр идей и ценностей. Со стороны государства заслуги Баян Габбасовны в области образования и науки не остались не отмеченными, нагрудные знаки "Почетного работника образования" и "Отличника просвещения" Республики Казахстан яв­ляются тому подтверждением.

Новые веяния эпохи обязательно влекут за собой и изменения в обществе, следовательно, и в каждой личности. Не каждому совре­менному человеку, тем более воспитанному в строгой советской иде­ологии, удается делать верные шаги в самостоятельность и независи­мость. В жестких условиях современного рынка не выдерживает по­рой даже сильный волевой характер мужчины, а для хрупкого женс­кого плеча это не всегда по силе. Но большой опыт, огромный твор­ческий потенциал, прирожденный талант организатора помогли Баян Габбасовне открыть свое дело. В 1998 году она возглавила свой вуз - ныне Западно-Казахстанскую гуманитарную академию. Новое детище принесло с собой и новые проблемы, с которыми не приходилось сталкиваться раньше. Работа эта давалась нелегко: пришлось прило­жить немало усилий для того, чтобы твердо встать на ноги быть конкурентоспособной и выйти вперед. На должности ректора вуза она решала не только учебно-методические, но и административные, хо­зяйственные и финансовые вопросы. И здесь проявляется новая черта женщины, женщины нового времени - женщины - экономиста и биз­несмена.

Для нее очень важно было создать здоровый микроклимат в кол­лективе, построить твердую базу для качественной работы. Ее неуем­ная энергия, трудолюбие, доброта и щедрость распространяется на студентов и сотрудников академии. Как руководитель, она требова­тельна и строга, причем не только к сотрудникам, но и к самой себе. Особое ее кредо в делах: цельность и гармоничность. Баян Габбасовна не предлагает того, что не правится ей самой. В настоящее время, как менеджер академии, она руководствуется законами бизнеса и каче­ства, а как женщина - наполняет деятельность академии красотой, теплом и уютом. Не забываются и такие понятия, привитые с детства, как честь и достоинство, искренность, порядочность и максимальная отдача.

Одно из качеств, которое помогает Баян Габбасовне в руководстве - это умение ставить высокие цели и достигать их. В этом ей помогает ее уникальная дипломатичность - умение и с малым и со старым найти общий язык. Ее душевная щедрость проявляется и во многих благотворительных делах: в академии оказывается поддержка обучающимся сиротам, назначаются льготы отличникам учебы, поощ­ряется работа сотрудников.

В чем секрет успеха этой женщины? Ответ на этот вопрос один - это безупречность во всем. Постоянная подтянутость - ни малейшей небрежности в одежде, жестах, интонации, ровное поведение, целост­ность внутреннего и внешнего облика. В ее строгости нет скучного педантизма, а есть торжественность высокого и скромного праздника, отзвук далеких казахских женщин-героев. Оставаться самой собой - это ее стиль. А стиль - это главное орудие женщины, с помощью него и достигаются все цели!

Б.С. Джумакаева,

Ректор Западно-Казахстанской

гуманитарной академии,

кандидат химических наук, доцент



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет