Шинтимирова Баян Габбасовна: библиографический указатель



бет1/3
Дата15.06.2016
өлшемі297 Kb.
#136572
түріУказатель
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Ғылыми кітапхана
Министерство образования и науки Республики Казахстан

Западно-Казахстанский государственный университет им. М.Утемисова

Научная библиотека
«Ғалымдар библиографиясы» сериясы


ШИНТИМИРОВА

БАЯН

ҒАББАСҚЫЗЫ

/библиографиялық көрсеткіш/


Орал 2009 ж.

Уралск 2009 г.

ББК 91.9:63

Ш 62

УДК 016:929



Шинтимирова Баян Ғаббасқызы: библиографиялық көрсеткіш. - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспа орталығы, 2009.- 39 б.
Ұсынылып отырған библиографиялық көрсеткіш – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Шинтимирова Баян Ғаббасқызына арналады.

Библиографияға ғалымның өмірі мен шығармашылық қызметін сипаттайтын мәліметтер, оның еңбектері туралы мәліметтер енгізілді. Көрсеткіш материалдары алфавиттік тәртіппен орналасқан.

Көрсеткіш ғалымдарға, ізденушілерге, студенттерге, ұстаздарға, оқытушыларға, жалпы көпшілік оқырман қауымға арналған.

Шинтимирова Баян Габбасовна: библиографический указатель. - Уральск: Издат. центр ЗКГУ им. М.Утемисова,

2009.-39 с.


Предлагаемый библиографический указатель посвящен доктору исторических наук, профессору, почетному работнику образования РК Баян Габбасовне Шинтимировой.

Библиография включает материалы, характеризующие жизнь и творческую деятельность ученого, перечень ее публикаций и материалы о ней. Материалы расположены в алфавитном порядке.

Указатель предназначен для студентов, преподавателей, научных работников и широкого круга читателей.

© М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспа орталығы, 2009

© Издательский центр ЗКГУ им. М.Утемисова, 2009

ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР ШИНТИМИРОВА БАЯН ҒАББАСҚЫЗЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

ҚЫСҚАША ОЧЕРК
Шинтимирова Баян Ғаббасқызы – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу әлеуметтік және педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, құрметті қызметкері.

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауылында дүниеге келген және сол жерде орта мектепті бітірген Баян Ғаббасқызы 1966-1971 жылдары Қазақтың Киров атындағы мемлекеттік университетінде (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) тарих және қоғамтану мамандығы бойынша білім алған.

1971 жылы университетті аяқтағаннан кейін Қазақ КСР Жоғары оқу орындары министрлігінің жолдамасымен А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының (қазіргі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) «ССРО тарихы» кафедрасында өзінің ұстаздық еңбек жолын бастайды, кейіннен «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор ретінде педагогикалық қызметін жалғастырады.

1985 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтына ізденуші болып қабылданып, 1989 жылы белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кеңес Нұрпейісовтың ғылыми жетекшілігімен «Қазақстанның ауыл еңбекшілерінің қоғамдық-саяси белсенділігі (1933-1940 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды.

Баян Ғаббасқызы бүгінде ғылыми және педагогикалық қызметін белсенді жүргізіп келеді. Тарих ғылымының өзекті проблемалары мен орта және жоғары білім беру мәселелері бойынша халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларға қатынасушы. Білім берудегі мұғалімнің деңгейін көтеру, педагогикалық білім берудегі томаға тұйықтықты жою, білім берудің үйлесімді құрылымын қалыптастыру және білім берудегі ұлттық-мәдени дәстүрлерді жаңғырту мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстарымен белгілі.

Педагог-ғалым бүгінге дейін 100-ге жуық ғылыми еңбектер мен оқу құралдарын жариялады. Солардың ішіндегі бастылары 1998 жылы «Өлке» баспасынан шыққан «Саясаттану» оқу-әдістемелік құралы, 1999 жылы «Білім» баспасында жарық көрген халықаралық Сорос-Қазақстан қорының жеңімпазы атанған «Құқық теориясы» оқулығы, 2005 жылы жарияланған көлемді «Әлеуметтану» оқу-әдістемелік құралы және 2008 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және Баспа орталығынан жарық көрген «Саясаттану негіздері» оқу құралы.

Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастау алған, қоғамдық өмірдің барлық салаларымен қатар ғылым мен білім саласын да қамтыған реформаларға сәйкес елде мемлекеттік оқу жүйелерімен қоса балама жеке оқу орындары дүниеге келгенде Орал қаласында гуманитарлық-экономикалық институт құрудың басты ұйымдастырушыларының бірі Баян Ғаббасқызы болды.

2007 жылы Баян Ғаббасқызының «Қазақстан Республикасы және ТМД мемлекеттері интеграциясы: тарихи аспекті (1991-2005жж.)» тақырыбында докторлық диссертация қорғауы Отан тарихы ғылымындағы соны жаңалық болды және ғылыми жұртшылық тарапынан оң қабылданды.

Б.Ғ.Шинтимирова ұсынған докторлық диссертация тақырыбы Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелердің біріне арналды. Өйткені күні бүгін Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің сыртқы саясатын дербес жүргізеді және дамудың барлық жағдайлары бойынша басқа елдерге үлгі болып отыр. Сонымен бірге дәл Қазақстан ғана бұрынғы КСРО шеңберіндегі интеграциялық процестердің қозғаушысы рөлін атқарып отыр.

Диссертация ғылыми жұмысты көлемді бес тарауға бөліп қарастырған. Бірінші тарауда достастық елдері аймағындағы интеграциялық процестердің тарихи алғышарттары мен ерекшеліктеріне талдау жасаған автор, екінші тарауда саяси-құқықтық тұрғыдағы ТМД елдерінің өзара қарым-қатынастарындағы республиканың орны мен рөліне лайықты баға береді. Экономикалық интеграцияны үшінші тарау бойынша саралаған ғалымның Қазақстан Республикасы негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша ТМД-да көшбасшылардың бірі болып табылатындығын, республиканы посткеңестік елдердің ішінде алғашқылардың бірі ретінде ЕуроОдақ пен АҚШ нарықтық экономикалы мемлекет ретінде танығандығын, дүние жүзілік банк әлем елдерінің ішінде Қазақстанды инвестиция салуға неғұрлым тартымды 20 елдің қатарына енгізгендігін, туған мемлекетіміздің ТМД елдерінің ішінде бірінші болып инвестициялық рейтингке ие болғандығын ғылыми тұрғыда нақты дәлелдеуі құптарлық жәйт. Автор төртінші тарауда еліміздің халықаралық әскери-саяси ынтымақтастықты дамытудағы, Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті нығайтудағы қызметін талдайды. Бесінші тарауда Қазақстанның ТМД-ның гуманитарлық кеңістігіндегі рөлі анықталған.

«Интеграциялық процестерді дамыту, өзара тиімді байланыстарды сақтау және кеңейту посткеңестік елдердің өмір сүруінің бірден-бір шарты, Еуразиялық идеяны жүзеге асыру - Достастық аймақтары мен халықтарын біріктіруге жеткізетін мүмкіндік» - деп тұжырымдаған ғалым ғылыми жұмысының өн бойына соңғы онжылдықта Қазақстанның халықаралық деңгейде бұрын өз тарихында болып көрмеген орасан жетістіктерге қол жеткізгендігін дәлелдейді.

Б.Ғ.Шинтимирова негізін қалаған, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 9 қазандағы бұйрығының негізінде № 0000637 мемлекеттік лицензиясымен ашылған Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы – бүгінде еліміздің білім кеңістігінде өзіндік орны бар, инновациялық жобаларымен дамып келе жатқан жоғары оқу орны. Академия 2008 жылдың 15 шілдесіндегі ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің № 870 бұйрығымен қайта құрылған Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің құрамына енді.

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы еліміздің батыс аймағында гуманитарлық және экономикалық білім беретін жетекші ғылыми орталық.

Әсіресе, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы 2006 жылы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл: білім және саясат» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өз кезегінде күрделі мәселені көтерсе, 2007 жылғы «Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті: саясат, экономика және мәдениет» және 2009 жылғы «Жаңа ғасырдағы түркітану: рухани құндылықтарды сақтау және зерттеу мәселелері» тақырыптарындағы айтулы ғылыми жиындар халықаралық деңгейде түркілік өркениеттің өзекті мәселелерін талқылады.

Оқу орны қазіргі таңда бакалавр негізінде 11 мамандық бойынша мамандар және 3 мамандық бойынша магистранттар дайындайды. Қысқа мерзім ішінде жоғары оқу орны білім жүйесінде өз орнын анықтап, көпшілік сеніміне ие болып, талапкерлер тарапынан таңдауға ілігіп үлгеруімен қатар, мемлекеттік аттестациялау комиссиясының да сынынан сүрінбей өтті.

Академияның құрамында 2 факультет, 6 кафедра, ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар бөлімі, жастар ісі бөлімі, оқу-өндірістік бөлім, ақпараттық технологиялар орталығы, талдау бөлімі, әдістемелік және лингафон кабинеттері, соңғы үлгідегі компьютерлік кластар бар.

Мамандық шеңберіндегі білім беру бағдарламалары мемлекеттік стандартқа сай, кәсіптік шеберлікті қалыптастыруға, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгертуге бағытталған. Бұл мақсатқа өз ісінің шеберлері ғылыми санаты жоғары, тәжірибелі оқытушы-профессорлар қауымы еңбек етуде.

Жаңа оқу технологиясымен жабдықталған аудиториялар, компьютерлік кластар, бай қоры бар кітапхана, асхана т.б. оқу-тәрбие, ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Академия Батыс Қазақстанның белді оқу орындарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының бірнеше оқу орындары: Экономика, гуманитарлық ғылымдар, басқару және құқық Шығыс институты (Уфа қаласы); Самара мемлекеттік университеті; Микола Рамерис атындағы Вильнюс университеті; Самара экономикалық академиясымен тәжірибе алмасу іс-шараларын жүргізуде.

Академияда студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыруға «Дәуір» БҚГА студенттерінің орталығы, «Жас толқын», «Жас ақын» үйірмелері, студенттердің пікірталас орталығы жүйелі әрекет етуде.

Білім беру жүйесінде, өнеркәсіптерде, әр саладағы кәсіпорындарда жемісті еңбек етіп жатқан Академия түлектері оқу орнының тұрақтылығы мен үнемі даму жағдайындағы келбетін көрсетеді.

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы жастарды тәрбиелеу, мемлекеттік білім беру стандарты негізінде бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мақсатында айқын мақсаттармен жұмыс жасауда.



ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР ШИНТИМИРОВА БАЯН ҒАББАСҚЫЗЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫ БЕЛЕСТЕРІ
Шинтимирова Баян Ғаббасқызы 1949 жылы 2 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауылында дүниеге келген.
1971 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік

университетінің тарих және қоғамтану

мамандығын тәмамдайды
1971 ж. А.Пушкин атындағы Орал

педагогикалық институтының саясаттану

және әлеуметтану кафедрасының

аға оқытушысы


1975 ж. Социалистік жарыс жеңімпазы
1987 ж. Қазақстан Республикасы ғылым

академиясы Ш.Уәлиханов атындағы

тарих, археология және этнография

институтының ізденушісі


1989 ж. «Общественно-политическая активность

тружеников села (1933-1940 гг.)»

тақырыбында кандидаттық диссертация

қорғаған.


1989 ж. Тарих ғылымдарының кандидаты атағы

берілді
1990 ж. Орал гуманитарлық университетінің

доценті

1990-1991 жж. «Қазіргі социализм теориясы»

кафедрасының доценті


1992 ж. доцент ғылыми атағы берілді
1992 ж. Қазақстан Республикасы «Ағарту ісінің

үздігі» атағы берілді


1991-1995 жж. «Саясаттану және әлеуметтану»

кафедрасының доценті


1996-1998 жж. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»

кафедрасының профессоры


1997 ж. Қазақстан Республикасы «Білім беру

ісінің үздігі» төсбелгісімен

марапатталды
1998-2000 жж. «Дәуір» Батыс Қазақстан гуманитарлық-

экономикалық институтының ректоры.


2000 ж. Мәскеу әлеуметтік және педагогика

ғылымдар академиясының

корреспондент мүшесі
2000-2002 жж. «Дәуір» Батыс Қазақстан гуманитарлық

академиясының ректоры


2002 ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан

мемлекеттік университетінің

профессоры атағы берілді
2004 ж. ҚР «Білім беру ісінің құрметті

қызметкері» атағы берілді


2007 ж. «Қазақстан Республикасы және ТМД

мемлекеттері интеграциясы: тарихи

аспекті (1991-2005ж.ж.)» тақырыбында

докторлық диссертация қорғады.


2007 ж. Тарих ғылымдарының докторы атағы

берілді.
2007 ж. БҚГУ тарих және әлеуметтік-гуманитарлық

пәндер кафедрасының профессоры

ОСНОВНЫЕ ДАТЫ ЖИЗНИ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ И ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ДОКТОРА ИСТОРИЧЕСКИХ НАУК, ПРОФЕССОРА

БАЯНА ГАББАСОВНЫ ШИНТИМИРОВОЙ

Шинтемирова Баян Габбасовна родилась 2 августа 1949 года в с. Казталовка Уральской области.
1971 г. Окончила Казахского государственного

университета им. С. М. Кирова.


1971 г. Преподаватель, старший преподаватель

кафедры научного коммунизма УПИ им.

А.С. Пушкина.
1975 г. Победитель соцсоревнований.
1987 – 1990 гг. Стажер – исследователь Институт истории,

археологии и этнографии

им. Ч.Уалиханова АН Каз. ССР
1989 г. Защитила кандидатскую диссертацию на

тему: «Общественно-политическая

активность тружеников села (1933-1940 гг.).
1989 г. Присуждена ученая степень кандидата

исторических наук.


1990-1991 гг. Доцент кафедры «Теория современного

социолизма»


1992 г. Присвоено ученое звание доцента.
1992 г. Присвоено звание «Отличник образования

Республики Казахстан»


1991-1995 гг. Доцент кафедры политологии и социологии
1996-1998 гг. Профессор кафедры «СГД»
1997 г. значок «Отличник образования РК»
1998-2000 гг. Ректор Западно-Казахстанского

гуманитарно-экономического института

«Дәуір»

2000 г. Член корреспондент Московской научной

академии социологии и педагогики



2000-2002 гг. Ректор Западно-Казахстанского

гуманитарного академии «Дәуір»


2002 г. Присвоено звание профессора

Западно-Казахстанского

государственного университета
2004 г. Присвоено звание «Почетный работник

образования Республики Казахстан»


2007 г. Защита докторской диссертации на тему:

«Қазақстан Республикасы және ТМД

мемлекеттері интеграциясы: тарихи аспекті

(1991-2005ж.ж.)»



2007 г. Присвоено звание доктора исторических

наук
2007 г. Профессор кафедры истории и социально-

гуманитарных дисциплин Западно-

Казахстанского инженерно- гуманитарного

университета

ПРОФЕССОР ШИНТИМИРОВА БАЯН ҒАББАСҚЫЗЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШІ
УКАЗАТЕЛЬ НАУЧНЫХ ТРУДОВ ПРОФЕССОРА ШИНТИМИРОВОЙ БАЯН ГАББАСОВНЫ
1. Шинтимирова Б.Г. Арыншеев Сахыпкерей Жаршейулы (1887-1938). Энциклопедия Уральской области. Уральск, 1994
2. Шинтимирова Б.Ғ . Әлемдік демократияландыру мен саяси жаңару тәжірибесі және оның Қазақстандық үлгісі. // М.Өтемісов атындағы БҚМУ хабаршысы.-Орал, 2009.-№2.-Б.3-15.
3. Шинтимирова Б.Ғ. Әлеуметтік этникалық қауымдастықтар және Қазақстандағы ұлт саясаты. // М.Өтемісов атындағы БҚМУ хабаршысы.-Орал, 2009.-№2.-Б.16-26.
4. Шинтимирова Б.Ғ., Шайхиев Т.Т. Әлеуметтану: оқу- әдістемелік құрал.- Орал: БҚМУ БО, 2005.-255 б.
5. Шинтимирова Б.Ғ. Біріккен Ұлттар Ұйымы тарихына шолу. // Орал өңірі.-2003.-24 қазан
6. Шинтимирова Б.Г. Безопасность РК в контексте

международных отношении. //Қазақстан жоғары мектебі.- 2006.- №2.- Б. 178-183.


7. Шинтимирова Б.Г. Вопросы организации самостоятельной работы студентов по изучению общественных дисциплин. // Сборник. Совершенствование подготовки специалистов в педагогическом вузе. - Уральск, 1990
8. Шинтимирова Б.Г. Воспитательная преемственность истории и искусства. // «Халық педагогикасы және қазіргі кездегі тәжірибесі» ғылыми тәжірибелік конференция материалдары.-Орал, 1993
9. Шинтимирова Б.Ғ. Глобализация: даму жолы ма әлде тәуелділік пе? // Батыс Қазақстан гуманитарлық академия хабаршысы.-Орал, 2003.-№1-2.

10. Шинтимирова Б.Ғ. Демократияға өтудің дүниежүзілік үлгілері. // Батыс Қазақстан гуманитарлық академия хабаршысы.-Орал, 2002.-№1-2.


11. Шинтимирова Б.Г. Деятельность местных советов Казахстана в подъеме общественно-политической активности тружеников села в период политической компании. // Материалы 50-й научной конференции профессорско –преподавательского состава УПИ.-Уральск, 1986.
12. Шинтимирова Б.Ғ. Диктатурадан демократияға өту кезеңіндегі бұқара және басшы. // Халықаралық Шалқар форумы.- Орал, 2004. – Б. 104-105.
13. Шинтимирова Б.Ғ. Жаһандану: даму жолы ма әлде тәуелділік пе? // Орал өңірі, 2004.-наурыз
14. Шинтимирова Б.Г. Из истории ликвидации неграмотности в г. Уральске и области. // Уральску 375 лет: Материалы региональной научно-краеведческой конференции. - Уральск, 1988
15. Шинтимирова Б.Г. Из опыты экономической интеграции Казахстана и России. // Вестник Тольяттинского государственного университета сервиса. – Тольятти, 2006.- №1.- С.184-194
16. Шинтимирова Б.Г. Интеграционные процессы в культурной политике Республики Казахстан на современном этапе развития. // Материалы международной научно – практической конференции «Наследие и современные проблемы национальной культуры».- Уральск, 2006. – С.176-179
17. Шинтимирова Б.Г. Исаев Ораз Жанузакулы (1899-1939). Энциклопедия Уральской области. Уральск, 1994
18. Шинтимирова Б.Г. Карл Маркс и мировой революционный процесс. // Тезисы докладов 47- й научной конференции. - Уральск, 1983
19. Шинтимирова Б.Г. Казахстан в ЕврАзЭс: проблемы и перспективы. История народов России: экономика и культура.// Материалы Х Всероссийской научно-практической конференции.- Международный университет дружбы и народов.-Москва, 2006.-С.187-200.
20. Шинтимирова Б.Г. Казахстан в гуманитарном пространстве СНГ: проблемы культурной идентификации и интеграции. //Известия Самарского научного центра Российской академий наук, 2006.- С.93-99
21. Шинтимирова Б.Г. Казахстан-Россия: политика, экономика, культура. ХІХ - XX вв.//Материалы международной научно–практической конференции.- Семипалатинск, 1998
22. Шинтимирова Б.Г. Казахстан и интеграционные процессы в СНГ: проблемы экономической модернизации. //Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы. Тарих сериясы.-Алматы, 2006.-№2.-С. 100-103
23. Шинтимирова Б.Г. Казахстан и народы СНГ: исторические истоки интеграции. //Ізденіс – Поиск. Гуманитарлық ғылымдар сериясы.- 2006.- №1.-Б.106-110.
24. Шинтимирова Б.Г. Казахстан и проблемы экономической интеграции в постсоветском пространтсве. //Экономика и управление:научно-практический журнал АН Республики Башкирстан.- Уфа, 2006.- №4.-С.75-78.
25. Шинтимирова Б.Г. Казахстан в постсоветском экономическом постранстве. // Материалы международной научно–практической конференции «Индустриально-инновационное развитие экономики: состояние, проблемы, перспективы».-Москва, 2006.-С.73-78
26. Шинтимирова Б.Г. Казахстан и страны СНГ: проблемы взаимоотношения на новом уровне. // Материалы международной научно–практической конференции «Философия истории на рубеже тысячелетий». - Костанай, 2006.-С.173-177.
27. Шинтимирова Б.Г. Казахстан и Россия: проблемы приграничной миграции. // Известия Академии педагогических и социальных наук. Миграция: проблемы и решения. –Москва, 2007.-Вып. №11.-С.221-230.
28. Шинтимирова Б.Г. Коллективизация сельского хозяйства в Уральской области (1932-1933). Энциклопедия Уральской области.- Уральск, 1994

29. Шинтимирова Б.Г. Культурные аспекты интеграционных процессов в Казахстане. // Материалы Всероссийского научно–практической конференции «Самоорганизация социокультурного пространства поволжских регионов: векторы, факторы, механизмы изменения».- Ульяновск, 2006.- С.133-145


30. Шинтимирова Б.Ғ. Қазақ саяси ойының қалыптасуы мен даму тарихы. // М.Өтемісов атындағы БҚМУ хабаршысы.-Орал, 2008.-№4.-Б.106-122.
31. Шинтимирова Б.Ғ. Қазақ тілі және ұлттық тәрбие. //Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы хабаршысы.-Орал, 2003.-№1-2.
32. Шинтимирова Б.Ғ. Қазақ ұлттық менталитетінің қалыптасу ерекшеліктері. // «Жоғары мектеп ғылымының мәселелері»: тезистер жинағы.-Орал, 1998.-Б. 25-27.
33. Шинтимирова Б.Ғ. Қазақстан Азия елдерінің экономикалық қызметтестігінде. // Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің хабаршысы. – 2005.- №4.- Б.234-238.
34. Шинтимирова Б.Ғ. Қазақстан және Орталық Азия елдері интеграциясы:қауіпсіздік үшін күрес. // М.Өтемісов атындағы БҚМУ хабаршысы.- Орал, 2007.- №3.-Б.92-98.
35. Шинтимирова Б.Ғ. Қазақстан және Өзбекстан мемлекеттерінің қайта құру кезеңінен кейінгі экономикалық өзара қатынас мәселелері. // Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің хабаршысы.-2005.- №4.- Б.238-242.
36. Шинтимирова Б.Ғ. Қазақстан және посткеңестік Республикалар арасындағы интеграциялық процесс

проблемалары. // Қазақстан жоғары мектебі.- 2006.-№2.-б.173-178.

37. Шинтимирова Б.Ғ. Қазақстан және Россия: саяси жүйелері эволюциясы (салыстырмалы талдау). // «Қазақстан-Ресей: ХІХ-ХХ ғасырлардағы саясат, экономика және мәдениет» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары -Семей, 1998.-Б.9-10.
38. Шинтимирова Б.Ғ. Қазақстан және ТМД елдері арасындағы әскери-саяси байланыстар. // Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы. Тарих сериясы.-2006.- №1.-б.100-103.
39. Шинтимирова Б.Ғ. Қазақстан Республикасы және ТМД мемлекеттері интеграциясы: тарихи аспекті (1991-2005 ж.ж.): Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.-Орал, 2007.-51 б.
40. Шинтимирова Б.Ғ. Қазақстаннның диктатурадан демократияға өту кезеңдері. // Материалы международной научно-практической конференции посвященной 70-летию ЗКГУ.-Уральск, 2002.
41. Шинтимирова Б.Ғ. Қазақстанның сыртқы саясатындағы қауіпсіздікті нығайту проблемалары (1991- 2005 жж.). // Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы хабаршысы.-Орал, 2009.-№4.-Б. 205-211.
42. Шинтимирова Б.Ғ. Қазіргі саяси ойдың негізгі бағыттары. // Социально-гуманитарное пространство: проблемы и суждения.-Уральск, 1998.-Б.95-109.
43. Шинтимирова Б.Ғ. Қоғамдағы саяси басшы мәселесі // Современные проблемы истории Казахстана: становление казахской государственности и развитие нации.-Уральск, 1997.-Б.42
44. Шинтимирова Б.Г. Ленинская национальная политика в современных условиях, ее основные задачи и направления. // Материалы межвузовской конференции: «Ленинская концепция социализма и современность».- Уральск, 1990

45. Шинтимирова Б.Ғ., Шайхиев Т.Т. Мемлекет және құқық теориясы негіздері: 9-11 сынып оқушыларына арналған оқулық.-Алматы: Білім, 1999.-100 б.


46. Шинтимирова Б.Г. Методика использования краеведческого материала на уроках истории// Сборник: Методика преподавания общественных дисциплин в вузе.- Уральск, 1989
47. Шинтимирова Б.Г. Методические указания по изучению проблемы активизации человеческого фактора в курсе общественных наук. - Уральск, 1988
48. Шинтимирова Б.Ғ., Рысқалиев Т.Х. Намыс ұғымы туралы. // Орал өңірі.-1997.-12 сәуір
49. Шинтимирова Б.Г. Наука и образование в единстве. // Ұстаз.-1998
50. Шинтимирова Б.Г. Некоторые вопросы преемственности педагогических традиции в этногенезе. // Известия Академии педагогических и социальных наук.- Москва, 2006.- №10.- С.577-582.
51. Шинтимирова Б.Г. Некоторые вопросы Центрально-Азиатских интеграционных процессов в западной историографии. // Вестник Карагандинского государственного университета. Серия история, философия, право.-Караганда, 2006.- №1.- С.86-90.
52. Шинтимирова Б.Г. Неравенство в обществе. Основные социологические теории. // Социально-гуманитарное пространство: проблемы и суждения.-Уральск, 1998.-С.120-124.
53. Шинтимирова Б.Г. О выборе профессии. // Ұстаз: Ғылыми-әдістемелік журнал.-1999.-№2

54. Шинтимирова Б.Г., Рыскалиев Т.Х. О понятии чести// Қазақстан жоғары мектебі.-1997.-№3.-С.155-159


55. Шинтимирова Б.Г. Общественно - политическая активность тружеников села Казахстана (1933-1940). // Материалы 49-й

научной конференции преподавателей.- Уральск, 1985


56. Шинтимирова Б.Г. Особенности исторического взаимодействия народов стран СНГ. // Материалы международной научно–практической конференции «Философские истории на рубеже тысячелетий».- Костанай, 2006.- С.173-177
57. Шинтимирова Б.Г. Особенности исторического взаимодействия народов стран СНГ. // Ғылыми журнал. М.Өтемісов атындағы БҚМУ Хабаршысы.-Уральск: Издательский центр и СМИ ЗКГУ.- 2007, №3.- 248с.
58. Шинтимирова Б.Г. Особенности преподавания курса «Политология» в казахских группах и проблемы применения государственного языка. // Тезисы докладов 57-й научно- практической конференции.- Уральск, 1994
59. Шинтимирова Б.Ғ. Отандық тарихнамадағы ТМД елдерімен интеграциялық процестегі Қазақстанның орны мен ролі. // «ХХІ ғасырдағы жоғары оқу орны: жаңа экономикалық жағдайда өркендеу» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Ақтөбе, 2006.-Б.23-29.
60. Шинтимирова Б.Г. Парадигмы культурного развития Казахстана в новой гуманитарной ситуации в мире. // Вестник Западно-Казахстанской гуманитарной Академии.- №1-2. - Уральск, 2006.
61. Шинтимирова Б.Г. Парадигмы культурного развития Казахстана в новой гуманитарной ситуации в мире. // Адам әлемі – Мир человека.- 2006.- №1
62. Шинтимирова Б.Г. Подготовка учителей в условиях многоуровневого образования в ЗКГА. // Материалы международной научно-практической конференции «Подготовка учительских и научно-педагогических кадров в условиях негосударственного сектора образования».-Астана, 2003.-С.16-18.
63. Шинтимирова Б.Г. Политическое поведение: типы, формы. // Сборник материалов ИУ и П.К. при КазГНУ им. Аль-Фараби. - Алматы, 1998

64. Шинтимирова Б.Г. Постсоветская интеграция и Казахстан:некоторые проблемы структурирования. // Научные труды Донецкого национального технического университета. Серия экономическая.-Донецк, 2006.- №.2.- С.183-190.


65. Шинтимирова Б.Г. Проблемы национального и интернационального в социалистическом преобразовании Казахстана. // Вопросы истории и историографии дружбы народов СССР.- Алма-Ата, 1989.
66. Шинтимирова Б.Г. Роль и место Казахстана в интеграционном процессе между странами Центральной Азии.// Вестник Карагандинского государственного университета. Серия история, философия, право.-Караганда, 2006.- №1.- С.81-85.
67. Шинтимирова Б.Г. Роль Казахстана в интеграционном процессе государств СНГ (1990-2005 гг.). //Материалы Международной научно-практической конференции, посвещенной 75-летнему юбелею ЗКГУ им. М. Утемисова «Послание Президента Н.А.Назарбаева народу Казахстана и задачи высшей школы»: Ч І.-Уральск: Издательский центр и СМИ ЗКГУ.- 2007.-С.32-39.
68. Шинтимирова Б.Г. Роль местных Советов Казахстана в подъеме общественно- политической активности масс в довоенный период (1936-1938). // Известия АН КазССР Серия общественных наук.-1987.-№3
69. Шинтимирова Б.Г. Роль общественных организации в интернациональном воспитании сельских тружеников Казахстана (1933-1940). // ИНИОН АНСССР, история, археология, этнография.- М.- 1998.- №10
70. Шинтимирова Б.Г. Россия и Букеевское ханство: Энциклопедия Уральской области.- Уральск, 1994
71. Шинтимирова Б.Г. Россия и Казахстан: истоки интеграции. // Вестник МГУ Сервис +.-2005.- №5.- С.57-59.
72. Шинтимирова Б.Ғ. Ресей және посткеңестік республикалар арасындағы интеграциялық процес проблемалары. // Қазақстан жоғары мектебі.- 2006.- №2.- Б. 173-178.
73. Шинтимирова Б.Ғ., Шайхиев Т.Т. Саясаттану: Студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралы. -Алматы: Өлке, 1998.-283 бет.
74. Шинтимирова Б.Ғ. Саясаттану негіздері. Оқу құралы.-Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және Баспа орталығы, 2008.-444 бет.
75. Шинтимирова Б.Ғ. Саяси көшбасшылық теориясы және ұлттық көшбасшылар қалыптастыру ерекшеліктері. // «ХХ ғасырдың басындағы ұлттық интеллигенцияның тарихтағы рөлі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.-Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және Баспа орталығы, 2009.-Б.37-43.
76. Шинтимирова Б.Ғ. Саяси қызмет және саяси мінез-құлық. // «Дәуір» гуманитарлық-экономикалық институтының хабаршысы.-Орал, 2000.-№1-2.
77. Шинтимирова Б.Ғ. Саяси мінез-құлық типтері, түрлері. // Сборник ИПК КазГНУ им. Аль-Фараби.- Алматы, 1998
78. Шинтимирова Б.Ғ. Саяси мәдениеттің діни аспектілері. // Материалы международной конференции посвященной 100-летию независимости РК «Проблемы дух и место религии в современном обществе».-Чимкент, 2001

79. Шинтимирова Б.Ғ., Шайхиев Т. Т. Социология: Электронды оқу-әдістемелік құрал. – Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 2006.


80. Шинтимирова Б.Г. Содержание, формы и методы интернационального воспитания. //Материалы республиканской научно-практической конференции.- Алматы, 1987
81. Шинтимирова Б.Г. Таможенный союз и проблемы экономической интеграции в постсоветском пространстве. // Вестник ЗКГУ им. М.Утемисова. Серия исторические, филологические и педагогические науки.-2006.-№1.-С.20-26.
82. Шинтемирова Б.Ғ. ТМД- жаңа мемлекетаралық қатынастар құрылымын қалыптастыру факторы: жетістіктер мен қарама- қайшылықтар. // Ізденіс-Поиск. Гуманитарлық ғылымдар сериясы.- 2006.- №1.-Б.103-106.
83. Шинтемирова Б.Ғ. ТМД- жаңа мемлекетаралық қатынастар құрылымын қалыптастыру факторы: жетістіктер мен қарама- қайшылықтар. // Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы хабаршысы.-Орал, 2009.-№3.-Б.115-120.
84. Шинтимирова Б.Ғ. ТМД- жаңа мемлекетаралық қатынастар құрылымын қалыптастыру факторы: жетістіктер мен қарама- қайшылықтар. // «Жаңа ғасырдағы түркітану: рухани құндылықтарды сақтау және зерттеу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.-2009.
85. Шинтимирова Б.Г. Участие сельских тружеников Казахстана в общественно- политической жизни страны (1933-1940): Автореферат кандидатской диссертации.- А., 1989

86. Шинтимирова Б.Г. Философско-исторический взгляд на проблему лидерства. // Вестник Западно-Казахстанской гуманитарной академии.-Уральск, 2001.-№1-2

87. Шинтемирова Б.Ғ. Энергоресурстар – экономикалық интеграцияның факторы. // Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысы. Тарих және саяси әлеуметтік ғылымдар сериясы.- 2006.-№3.-Б. 116-118.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет