ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК
2023 – 2024 оқу жылының
4-тоқсандағы
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
(табиғат апаты, өрт, су тасқыны)
02.04.2024ж
4 «З» сынып
Сынып жетекшісі: Абдибаева Ш.Ж
3 «Г» сынып
Сынып жетекшісі: Сейдалиева Раушан Куттыбаевна
01.04.2024ж
2023 – 2024 оқу жылындағы қауіпсіздік ережесі
Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:
жанып тұрған пешті сөндіріңіз;
егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;
ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз;
бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;
өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз;
қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.
Кенеттен су басса:
үрейленбей, сабырлылық танытыңыз;
егер бұл мүмкін емес болған жағдайда жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз;
балалар, ауру, әлсіз, жаураған адамдарды өзіңізге немесе шатырдың берік бөлігіне мысалы пеш құбырына байлаңыз;
ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін;
құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріп отырыңыз; күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз;
құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабатта және биік жерлерде қалыңыз;
өз бетіңізбен көшіруді тек зардап шегушіге тез арада медициналық көмек көрсету қажет болғанда, тамақтың жоқтығынан, құтқарушылардың келуіне сенімсіздік туғанда немесе жай - күй нашарлағанда жүзеге асыруға болады;
өз бетінше көшіруде жеке қайықтар мен катерлерді, бөренелер мен басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |