ШҚО, Жарма ауданы
«Балықтыкөл негізгі мектебі» КММ-сі
Бастауыш сынып мұғалімі
Ержанова Жанат Даулетканқызы
1-сынып
Тақырыбы: Жыл мезгілдері
Мақсаты: Оқушыларға жыл мезгілдері жайында білімдерін қалыптастыру,
тұстарды бағдарлай білуге үйрету.
Шартты белгілер бойынша жыл мезгілдеріндегі өзгерістерді
анықтай алудағы білімдерін дамыту.
Табиғатты бақылап, зерттеуге үйрету, айналадағы дүниені үнемі
бақылауға баулу, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: Ауа райының шартты белгілері, жыл мезгілдеріне байланысты
тақырыпты суреттер, Абайдың суреті, оқушылардың жыл
мезгілдеріне байланысты салған суреттер.
Сабақтың түрі : зерттеу сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, өз бақылаған нәтижесін айту, көрнекілік,
Ойын.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
А) Психологиялық дайындық: ( Оқушылар шеңберге тұрып)
Қуанамын мен де, қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым, арайлап атқан күнге.
Ә) Оқушылардың бір-біріне айтатын тілектері.
2. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.
А) Сөйлемді аяқта:
1.Ауа райы ыстық, жылы, суық болуы мүмкін. Ауа райының мұндай жай-күйін
..... .................. дейді. (ауаның температурасы)
2.ауаның температурасын ........... өлшейді. ( термометрмен)
3.Жылы мен суықтың аралығы - .... ( 0 градус)
4.Жылылықты көрсететін санның алдына ..... т аңбасын қояды. ( + )
5.Суықты көрсететін санның алдына ..... т аңбасын қояды. ( - )
Ә) Ауызша жауап беру:
1.Айналадағы дүниеде неше тұс бар? (4 )
2.Оларды атап бер.
3. Жел қай бағыттардан соғады?
Б) Практика жүзінде 4 бағытты көрсеткізу
В) Жел бағыттарын шартты белгілері арқылы көрсету.
3. Үйге берілген зерттеу жұмысын орындау.
27.11. күннің ( күндізгі және түнгі) ауа температурасын айту.
Күндіз +2 градус, түнде -6 градус. Жел. Желдің бағыты – оңтүстіктен.
Аспан-ашық. Ауа – салқын. Судың бетінде – қабыршақ мұз.
4 Сергіту сәті.
5.Алдын-ала берілген шығармашылық тапсырма.
Оқушылардың өздері ұнататын жыл мезгілінің суретін салу және сол жыл мезгілін не үшін ұнататынын әңгімелеу.
6. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
А) Жыл мезгілдері
Күз Қыс Көктем Жаз
Қыркүйек Желтоқсан Наурыз Маусым
Қазан Қаңтар Сәуір Шілде
Қараша Ақпан Мамыр Тамыз
Ә) Әр мезгілдің өзіне тән белгілері бар
Жапырақтар сарғаяды,
жерге түседі
Күн салқындайды Суық жел соғады
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді
Аңдар қысқа дайындалады
Боран соғады
Қар жауады Аяз болады
Мұз қатады
Күн жылынады
Қар ериді Жер көгереді
Жылы жақтан құстар оралады
Күн шуақты болады
Ауа ыстық болады Аң, құстар ұрпақтарын өсіреді
Бақта жидектер пісіп жетіледі
Б) Әрбір жыл мезгіліне тән ауа температурасы анықталады.
В) Әрбір жыл мезгіліне бацланысты табиғат құбылыстарының сәйкес шартты белгілерін көрсетіп қою.
Г) Абайдың 4 жыл мезгіліне қатысты өлең шумақтарын оқу және соған сәйкес суреттерді көрсету .
7. Сабақты қорытындылау.
А) Жұмбақты шешу.
Жекр үстінде бір бәйтерек,
Оның бар он екі бұтағы.
Әрқайсында отыз жапырақ,
Отызының бір жағы ақ, бір жағы қара.
Шешуі: ( Бәйтерек – жыл, он екі бұтақ – онекі ай, отыз жапырақ – бір ай, бір жағы ақ –күн, бір жағы қара –түн )
Ойын: «Қай жыл мезгілі?»
Сөйлем оқылады, ол қай жыл мезгіліне қатысты айтылғанын балалар түстер арқылы көрсетеді. Күз – сары түс, қыс – ақ түс, көктем – жасыл түс, жаз – қызыл түс.
Мысалы: Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
Бақта жидектер пісті.
Аю апанда ұйықтап жатыр.
Ең алғашқы гүл - бәйшешек өсіп шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |