ШҚО Семей қаласының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
«№20 жалпы орта білім беретін дамыта оқыту мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ҚАШЫҚТЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
сынып
|
пән
|
Сабақ тақырыбы
|
бағдарлама бойынша № сабақ
|
Мерзімі
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
5«Ә»
|
Дене шынықтыру
|
Қашықтықтан өту тактикасының негізі. Жүріс,жүгіру жаттығулары
|
12
|
11.02.2022
|
Ибраев Сырым Серикжанович
|
Сәлеметсіздер.
Сабақтың мақсаты: түрлі дене жүктемелерінің арасындағы айырмашылықты және олардың ағзаға тигізетін әсерін сыртқы белгілеріне қарап анықтай білу
Қол және иыққа арналған жаттығулар :
жайға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ию және қайтадан жазу;
осы қалыпта тұрып иықты айналдыра қозғау;
қолды иыққа қарай иген күйде айналдыра қозғау;
түзу тұрған қолды айналдыру;
қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін кейін серпиді де, осы қимылдар бірнеше қайталанады; екі қолды алма-кезек алға қарай сілтейді
қолды жоғары көтеріп тұрып төмен түсіру, керісінше қайталау; қолды түзу ұстап, алға, жоғары, төмен т. б. түрлі бағыттарға созу. Мұндай қозғалыстарды барлық бағытта істеген жөн.
Аяққа арналған жаттығулар . Аяқты қосып ұстап түрегеліп тұрып:
аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі;
аяқтың ұшымен көтеріліп, содан кейін төмен түсерде жартылай иіледі;
бір нәрсеге қолмен таянып тұрып, екі аяқпен алма-кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды;
бастапқы қалыптағыдай қолды белге таяныш, одан кейін оны екі жайға қарай созып бір тұрып, бір отырады;
қолмен таянып тұрып, аяқты алма — кезек жан-жаққа сілтей қозғалды. Аяқты алшақтау ұстап, екі аяққа алма — кезек иіледі (тізеден қолмен ұстауға болады)
Оқушыға тапсырма:
Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?
1 . Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3.Аяқты артқа , қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.
4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру екі қол белде
5 .Жылдамдыққа жүгіру
6. қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.
Оқушыға тапсырма:
Жалпы дамытатын жаттығу жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |