Сәлеметсіңдер ме балалар!
Күніміз сәтті болсын!
Жылулық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал , кәнекей, бәріміз
«Сәлем» дейік үлкенге.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде неше ай болады?
-Көктем айларын атайықшы?
-Қазір қай ай?
Ғажайып сәт:
Тауық кіреді.
Балалар тауықпен амандасады.
Тәрбиеші: балалар қонаққа келген тауық өте мазасызданып тұр, не болғанын тауықтан сұрап көрейік.(балалардың назарын тауыққа аударады.)
Тауық тәрбиешіге қыт-қыт деп сыбырлайды.
-Балалар тауық бізге келе жатып балапандарынан адасып қалыпты, тауықтың балапандарын табуға көмектесеміз бе?
Ол үшін біздер қалай іздесек болады?
-Темірлан сен айта ғой?
Дұрыс автобусқа отырып іздейік.
Ондай болса кәне бәріміз пойызға отырып жүріп іздейік.
Келе жатып үй құстарын кездестіреді.
-Балалар, қараңдаршы мына жерде үй құстары жайылып жүр.
-Әміржан мынау қандай құс?
-Өркен әтеш қалай дыбыстайды?
-Айлин мынау қандай құс?
-Тамерлан қаз қалай дыбыстайды?
- Аружан мынау қандай құс?
-Адемі үйрек қалай дыбыстайды?
- Балалар, осы үй құстарының бізге қандай пайдасы бар?
- Жарайсыңдар, балалар!
- Ал біз үй құстарына қандай қамқорлық жасаймыз?
- Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.
-Балалар, енді әрі қарай балапанды іздестірейік.
-Балалар, тауықтың көңілін көтеру үшін тауықпен бірге бір ойын ойнайық.
«Күн мен жаңбыр»
Балалар, балапандар әлі көрінбейді.
Бәріміз бірге сергіту сәтін жасайық.
«Көңілді балапандар»
Балапандар басады,
Аяқтарын топ топ
Топ топ. Топ топ.
Аяқтары шаршаса,
Қанаттарын қағады:
Шарт!, Шарт! Шарт! Шарт!
Содан кейін отырып,
Әсем биді билейді.
Шиқ! Шиқ! Шиқ! Шиқ!
Олар қашса, егер де,
Ұстай алмас, ешкім де.
Қаш! деген сөзге балалар, бытырап қашады, тауық ұстап алғысы келеді.
(тауық ортада тұрады, балалар балапан болып, қимылмен жасайды.)
-Балалар, енді әрі қарай балапанды іздестірейік.
-Келе жатып көгалда серуендеп жүрген балапандарды кездестіреді.
(тауық қуанып балапандарына барады)
-Балалар қараңдаршы нелермен кездестік?
-Балапандар қайда жүр?
- Тауық тәрбиешіге қыт-қыт деп дауыстайды.
-Жарайсыңдар, балалар, сендер өте мейірімді екенсіңдер, балапандарға аналарын табуға көмектестіңдер. Сендерге тауық рахмет айтып жатыр. (тауық балапандарының қасында қалады)
Сіздер тауыққа үлкен жақсылық жасадыңдар. Енді балалар тауық пен балапандармен қоштасып, өз тобымызға барып, осы балапандарды жапсырайық.
- Топқа немен қайтамыз?
-Балалар, балапан тауықтың жұмыртқасынан пайда болады. Тауық көп күн төсіне жұмыртқаларын қыздырып, балапандарын шығарады (жұмырқаны жарып ішінен балапанды шығарып көрсету)
-Балапанның тағы несі болады екен?
-Балапандар қалай дыбыстайды?
-Балалар, қараңдаршы балапанның түсі қандай?
-Балапанды жапсыру үшін алдымен, сары түсті қағазды алып, оң қолымызбен балапанды қиып аламыз, сосын желімді мұқият жағып қағазға жапсырамыз. Желім үстел үстін және киімдеріңізді бүлдірмеу үшін астына арнайы жапқыш жаямыз. Желімді ауызға салуға болмайды.
Сосын жасыл түсті қағазды алып, көгілдарды қиямыз және қағазға жапсырамыз. Міне балалар қараңыздаршы «көгалда серуендеп жүрген балапанды» жапсырдық. (балалардың өздеріне жапсырту)
Қорытындылау.
-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіне кім келді?
-Тауық бізге келе жатып несін жоғалтқан?
-Балапандар неден пайда болады?
Балалардың жұмысын қарап мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: үй құстары туралы, немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасын, үй құстарының түрлерін, олардың дыбысталуын
Қандай түсініктерді игерді: балапанның жұмыртқадан шығатынын
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балапанның дене мүшелері туралы түсініктерді.