Шөгінді, метаморфтық таужыныстар. Таужыныстардың заттық құрамы мен құрылымын зерттеудің заманауи әдістері



бет1/4
Дата06.12.2023
өлшемі203.63 Kb.
#485704
  1   2   3   4
лекция 8 экзоген геол проц каз

Экзогендік геологиялық үрдістер

Мақсаты:

Экзогендік геологиялық үрдістерді талдау

Жоспар:

1.Мору, оның агенттері және түрлері.

2. Желдің геологиялық жұмысы (эолдық процестер).


Экзогендік процестер, сыртқы процестер – Күн энергиясы мен Жердің өзіне тарту (гравитация) күшіне негізделген геологиялық процестер жиынтығы. Экзогендік процестерге атмосфера газдарының, жел, жауын-шашынның, организмдерінің әрекеттерінен туатын, бір-бірімен тығыз байланысты физика-химиялық, геохимиялық, физика-механикалық, гидродинамикалық, гидрохимиялық, биохимиялық, биогеохимиялық, т.б. процестер жатады. 
Экзогендiк процестер үш құрамдас бөлiктен тұрады:
Мору
Денуда-ция
Аккумуля-ция (седиментация)
Мору ‑ минералдар мен таужыныстардың жер бетiнде және оның жақын маңында қирау, бұзылу және ыдырау процестерiнiң жиынтығы.
Таужыныстардың күйi мен құрамы өздерінің жатқан жерiнде судың, оттегiнiң, көмiрқышқыл газының, түрлi қышқылдардың, тiрi организмдер мен температура ауытқуының физикалық, химиялық және билогиялық әрекетi нәтижесiнде өзгерiске ұшырайды.

Бiрегей әрi күрделi мору процесi екi түрге бөлiнедi:

  • физика-лық
  • химия-лық

Физикалық мору процестерi нәтижесiнде:

таужыныстар механикалық бұзылуға, қирауға түседі

Морудың негiзгi факторлары:


температура-ның ауытқуы
таужыныстың жарықшақтары мен кеуектерiнде қатқан су
кристалданған тұздың ықпалы
өсiмдiктердiң тамыр жүйелерi дамыған кезде сыналап жару әрекетi

Химиялық мору:


таужыныс атмосфералық факторлар ықпалынан химиялық ыдырауға ұшырап, түбірлі өзгерістерге түседі, химиялық құрамы озгереди
Мору белдемiнде химиялық реакциялардың барлығы экзотермикалық сұлба бойынша жүредi, яғни жылу бөледi.

Реакциялар төрт топқа бөлiнедi:


тоты-ғу
гидратталу
еру
гидролиз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет