«ШОКТАР КЕЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ (АУРУХАНАҒА ДЕЙІНГІ) КӨМЕК КӨРСЕТУ» СТАНЦИЯСЫ
Жабдықтау
Емтихан алушыға арналған тапсырма парағы.
Толық өлшемді манекені бар кушетка.
Тонометр, фонендоскоп, штативтер, инфузияға арналған жүйелер, шприцтер, небулайзер.
Жедел жәрдем сатысында көрсетілетін дәрі-дәрмекпен емдеу.
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (қолдану ықтималдығы 100%):
• эпинефрин 0,18%-1,0 мл, ампула
• норэпинефрин 0,2% - 1,0, ампула
• преднизолон 30 мг, ампула
• гидрокортизон 2,5% - 2 мл, ампула
• натрия хлорид 0,9% - 400 мл, флакон
• клемастин 0,1% - 2,0 мл, ампула
• дифенгидрамин 1% -1,0 мл, ампула
• хлоропирамин 2% - 1,0 мл, ампула
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (қолдану ықтималдығы 100% кем):
• калия хлорид + кальция хлорид+Натрия хлорид, 400 мл, флакон
• натрия ацетат + натрия хлорид+Калия хлорид, 400 мл, флакон
• декстроза 5% – 500 мл, флакон
• аминофиллин 2,4% - 5,0мл, ампула
• сальбутамол 2,5 мг/2,5 мл ампула
• фуросемид 20 мг – 2,0 мл, ампул
Клиникалық ситуациялық тапсырма № 1:
Дәрігер-косметолог 36 жастағы әйелге инвазивті процедура тағайындады. Препаратты бет терісіне енгізу нәтижесінде: тыныс алудың қиындауы, әлсіздік, суық, жабысқақ тер, кеуде қуысының қысылу сезімі, қорқыныш пайда болды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды.
Объективті: жағдайы ауыр, бағдары бұзылған, тежелген қалыпта. Тері цианозды, бозғылт, ұстағанда суық. Пульс жіп тәрізді, минутына 120 рет. Экспираторлық ентігу. Жүрек тондары бәсеңдеген, АҚ 70/40 мм сын. бағ. Бет терісі ісінген, гиперемияланған. Анафилактикалық шок диагнозы қойылды.
Тапсырма:
1.Пациент жағдайын бағалаңыз. Шұғыл көмек көрсетіңіз.
Клиникалық ситуациялық тапсырма № 2:
Дәрігер-терапевтің тағайындауымен пневмониямен ауыратын 39 жастағы ер адам ем алды. Анамнезден: науқаста новокаин мен пенициллиндерге дәрілік аллергия бар. Лидокаинмен сұйылтылған цефтриаксонды бұлшықетке енгізу (алдын-ала сынамасыз) нәтижесінде пациентте қорқыныш, тыныс алудың қиындауы, қатты әлсіздік, суық, жабысқақ тер, кеудесінде қысылу сезімі пайда болды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды.
Объективті: жағдайы ауыр, бағыты бұзылған, тежелген қалыпта. Терісі цианозды, айқын бозару, суық жабысқақ тер. Пульс жіп тәрізді, минутына 123. Экспираторлық ентігу. Жүрек тондары бәсеңдеген, қан қысымы 80/50 мм сын. бағ. Төс артында ауырлық сезімі, тыныс алудың қиындауы. Анафилактикалық шок диагнозы қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |