Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы



бет1/33
Дата12.06.2016
өлшемі2.8 Mb.
#129657
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 қазанда № 8785 тіркелді


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсында және оны мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне мемлекеттік тіркелгені туралы және осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 күн ішінде ақпарат құралдарына жариялауға жіберілгені туралы мәліметтің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Министр                                    А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы  
Көлік және коммуникация  
министрінің      
2013 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 764 бұйрығымен бекітілген
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын
авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік
бағдарламасын бекіту туралы
1. Жалпы ереже
      1. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасы (әрі қарай – Үлгілік бағдарлама) Қазақстан Республикасының 15 шілде 2010 жылғы «Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі жөнінде» Заңының 14-бабы 1-тармақ 15) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру және кәсіби даярлықтың сапасын арттыру мақсатында жасалды.
      2. Осы Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлықтарын жүзеге асыру кезіндегі принциптерін, жүзеге асыру тәртібін, кезеңдерін ұйымдастыруды, бағдарламалар мазмұны көлемінің неғұрлым аз мөлшерін және басқа да өлшемдерін, сондай-ақ азаматтық авиация қызметкерлерінің (мамандарының) басқа да санаттарын бекітеді.
      3. Осы Үлгілі бағдарламада Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО), Еуропа авиациялық реттегіштерінің, Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым ережелерінің (ВМО) стандарттары мен тәжірибелері қолданылған.
      4. Осы Үлгілі бағдарламада келесідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы (әрі қарай – АА АОО) – авиациялық қызметкерлерді даярлаумен, қайта даярлаумен және кәсіби деңгейін ұстап тұрумен айналысатын заңды тұлға;
      2) авиациялық қызметкерлер, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын лауазымды тұлғалар, кәсіби даярлықтан өткен және осы қызметтерді жүзеге асырумен тікелей шұғылданатын мамандар:
      әуе кемесінің ұшуын атқару бойынша (ұшу және кабина экипажы, қызметкерлер, маман);
      әуе кемесінің ұшу жарамдылығының күтімі бойынша (авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жүзеге асыратын маман, қызметкерлер);
      әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша (әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчерлік қызметкерлер, авиациялық стансаның операторлары, маман);
      ұшуды қамтамасыз ету бойынша (ұшуды қамтамасыз ету бойынша қызметкер/ ұшу диспетчері);
      теңіз конструкцияларында орнатылған тікұшақ алаңдарында тікұшақтардың ұшуын жерден қамтамасыз ету бойынша (қызметкерлер, маман);
      іздеу және құтқару бойынша (қызметкерлер, маман);
      ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық радиобайланыс бойынша (радиотехникалық жабдықтар мен байланысты атқару бойынша мамандар, инженерлік-техникалық қызмет көрсетушілер);
      ұшуды электрлік жарық техникасымен қамтамасыз ету бойынша (әуежайдың электрлік жарық техникасы жабдықтары бойынша жұмыс істейтін мамандар, инженерлік-техникалық қызмет көрсетушілер);
      3) әуе қозғалысына қызмет көрсету – ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, апаттық хабарлау, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, кіреберісте диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуежайда диспетчерлік қызмет көрсету);
      4) бортсерік – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ апатты жағдайда немесе шұғыл эвакуациялау қажет болған жағдайда жолаушыларды әуе кемесінің бортынан қауіпсіз және жылдам алып шығуды ұйымдастыру және басқа да қызметтерді атқару үшін әуе кемесінің бортында жүретін кабина экипажының мүшесі;
      5) біріктірілген оқыту – оқытудың түрлі формаларын қиыстыру арқылы кәсіби даярлықтан өткізу;
      6) тренажердағы даярлық – авиациялық қызметкерлердің кәсіби даярлық процесі кезеңі, оның барысында үйренуші азаматтық авиация саласының уәкілетті органдары бекіткен ұқсас конструкциялар арқылы тәжірибелік біліктілік пен машыққа қол жеткізеді, біліктілікті бабына келтіреді және жетілдіреді;
      7) кәсіби даярлық – алғашқы даярлық, қайта даярлау, кәсіби деңгейді сақтау, машықтану, қысқа мерзімді курстар, тренингтер және авиациялық қызметкерлерді оқытудың басқа да түрлері;
      8) кәсіби деңгейді сақтап тұру – авиациялық қызметкерлерді оқыту процесінің мақсаты белгіленген үлгідегі құжаттарды берумен қатар, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамуға және азаматтардың жеке талаптарына сәйкес кәсіби білімді, біліктілік пен машықты жаңғырту, кеңейту және тереңдету болып табылады;
      9) кешенді (үлгілі) оқыту – белгіленген мерзім ішінде оқытудың барлық бағдарламаларын бір уақытта жүзеге асыру арқылы кәсіби даярлықтан өткізу;
      10) қайта даярлау – белгіленген үлгідегі құжаттарды берумен қатар, азаматтық авиация саласы мамандарының жаңа кәсіби білім (қосымша) алуына, біліктілікке, машықтануына (оның ішінде біліктілік белгісі) және авиациялық техниканы зерттеулеріне бағытталған оқыту процесі;
      11) модульдік оқыту – әр кезеңі (модуль) рейтингтік бақылау жүйесі мен алған бағалары және машықтары бойынша аяқталған топтама ретінде кадрларды даярлаудың сатылы жүйесін қолдана отырып үзіліссіз оқыту тәсілі;
      12) сертификат талаптары – ұйымдарға, олардың мазмұнына авиациялық қызметкерлерді даярлау деңгейі мен сапасын анықтау мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;
      13) теориялық даярлық – кәсіби даярлық процесі кезеңі, оның барысында үйренуші арнайы теориялық білім алады, сондай-ақ білімін бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес жаңғыртады және жетілдіріп отырады;
      14) үлгілі бағдарламалар – авиациялық оқу орталықтары мен азаматтық авиация ұйымдарының кәсіби даярлықты бір үлгіде оқытумен қатар, өз бағыттарының, мамандануларының және қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне қарай оқу бағдарламаларын өз қалаулары бойынша жасау мүмкіндіктерін сақтауға арналған бағдарлама;
      15) ұшу даярлығы – ұшу құрамының кәсіби даярлық процесі кезеңі, оның барысында үйренуші тәжірибелік тұрғыдан ұшу шеберлігі мен машықтарына қол жеткізеді және жетілдіре түседі;
      16) штаттан тыс жағдай – міндетті түрде қауіп төндіруі немесе елеулі қатер туғызуы маңызды емес, бірақ жедел назар аударуды қажет ететін жүйелі немесе жиі кездеспейтін, елеулі және аяқ астынан орын алған кейбір жағдайлар.
      Осы Үлгілі бағдарламада қолданылып отырған аббревиатура осы Үлгілі бағдарламаның 1-қосымшасында көрсетілген.
      5. Осы Үлгілі бағдарлама АА АОО, азаматтық авиация кәсіпорындары мен азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін тұлғаларды кәсіби даярлаумен айналысатын ұйымдардың өз кәсіби даярлық бағдарламаларын (курстар) жасауы үшін пайдалануға арналған.
2. Үлгілі бағдарлама негізінде кәсіби даярлық бағдарламасын
жүзеге асыру
      6. Кәсіби даярлық бағдарламаларын (курстар) АА АОО, азаматтық авиация кәсіпорындары мен азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін тұлғаларды кәсіби даярлаумен айналысатын ұйымдар даярлықтың нақты түріне және қызмет көрсету саласының ерекшеліктеріне қарай жасайды.
      7. Кәсіби даярлық бағдарламаларын рәсімдеудің негізгі талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 сәуір 2011 жылғы № 441 «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарынан талап етілетін Сертификат талаптарын бекіту жөнінде» Қаулысымен бекітілген.
      8. Кәсіби даярлық бағдарламалары (курстар) таңдап алынған оқу формасына қатысты жасалады және жүзеге асырылады.
      9. Авиациялық кәсіпорындардың басшыларын, авиациялық қызметкерлерге басшылық жасау куәліктерін алуға үміткерлер мен ондай куәлігі барларды кәсіби даярлауға арналған бағдарламалардың (курстар), тек шетел тілінің жалпы аспектілерін жүзеге асыратын бағдарламаларынан басқасы міндетті түрде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
      10. Азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін басқа тұлғаларды кәсіби даярлауға арналған бағдарламалар (курстар) бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу міндеттелмеген.
      11. Кәсіби даярлықтың барлық түрлері мен формаларын жүргізу кезінде CBT-ға негізделген (computer based training) материалдарды пайдалану шектелмейді және жүзеге асырылып отырған бағдарламаның (курстың) көлемімен, сондай-ақ интеллектуальдық меншікті пайдалану және қорғау мәселелерін реттейтін заңдармен регламенттеледі.
3. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану арқылы кәсіби
даярлық бағдарламалары
      12. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолданудың басты мақсаты – кәсіби даярлықты ұйымдастырудың нұсқаулық және әдістемелік құжаттарының талаптарына, тестілеу нәтижелерінің шынайлығына сәйкес оқушыларды даярлау сапасы үшін міндетті жауапкершілікті сақтай отырып, оқушылардың кәсіби даярлық бағдарламасын тікелей тұрғылықты жерінде немесе уақытша келген (тұрған) мекенінде игеруіне мүмкіндік жасау.
      13. Ұзақтан басқарылатын технологиялар оқушыларды әртүрлі оқу, зертханалық және тәжірибелік оқытулар (тек ұқсас конструкцияларда даярлықтан, әуе кемесінің басқа типіне (жаңа) қайта даярлаудан, жаңа техникамен технологияларды игеруден басқа), тәжірибелік (тек өндірістік және оқу тәжірибелерінен басқа), ағымдық бақылау мен аралық аттестациялау кездерінде қолданылуы мүмкін.
      14. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану оқушыларды оқытудың, ағымдық бақылаудың, аралық және қорытынды аттестациялаудың өзара қарым-қатынаста оқыту мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл жағдайда оқу, зертханалық және тәжірибелік сабақтарды оқытудың қаншалықты үлесі Ұзақтан басқарылатын технологияны қолдану арқылы немесе оқушылармен тікелей қарым-қатынаста болуы керектігін АА АОО, азаматтық авиация кәсіпорындары мен азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін тұлғаларды кәсіби даярлаумен айналысатын ұйымдар өздері анықтайды.
      15. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану принципі Қызметкерлерді даярлау және процедуралар нұсқаулығында ашылып көрсетілуі тиіс.
      16. Ұзақтан басқарылатын технологиялар оған тек арнайы даярлықтан өткен басшылық, нұсқаушылық және қосалқы қызметкерлер болған жағдайда және Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану арқылы кәсіби даярлық бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған бөлме болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
      17. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану кезінде оқушылар оқу-әдістемелік көмекпен, оның ішінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы ақыл-кеңес формасындағы көмекпен қамтамасыз етілуі тиіс.
4. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиациялық
қызметкерлердің кәсіби даярлығының үлгілі бағдарламасы 1 Бөлімше. Мотодельтапланда ұшатын аса жеңіл авиация
пилоттардың бастапқы даярлық бағдарламасы
(Ultra light aircraft pilot license – ULAPL, квалификация (MHG))
Параграф 1. Теориялық даярлық
      18. Міндетті теориялық даярлық Қазақстан Республикасының ӘК аса жеңіл авиациясы пилоттарын даярлауда жалпыға ортақ болып табылады.
      19. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      Оқу сабақтарының жалпы көлемі 100 сағаттан кем емес.
      20. Авиациялық оқу орталығы нақты мотодельтаплан үлгіге арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
      Мотодельтапланда ұшатын аса жеңіл авиация (одан әрі - АЖА) пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 2-қосымшасында берілген.
      21. Мотодельтапланда теориялық даярлау курсын аяқтаған соң студент-пилот төмендегідей саладағы білімдерді игерген болуы керек:
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Ultra light pilot license-ULАPL);
      ұшу негіздері;
      мотодельтапланға қатысты әуе кемелерінің конструкцияларын жалпылай білу;
      күштің қондырғыларды, жүйені және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптері;
      мотодельтапландар мен олардың күштік қондырғыларын пайдалану кезіндегі шектеулер;
      ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәліметтері;
      ұшу сипаттарына, салмақ есептеулері мен ауырлық кіндігіне (орталығы) жүктерді жүктеу мен бөлудің әсері;
      пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;
      ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;
      авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;
      аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;
      аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
      апатты жағдайда, оның ішінде қауіпті метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесінің жол іздерінің турбуленттігі және ұшуға қауіпті басқа құбылыстар кезінде тиісінше сақтандыру шаралары мен әрекеттерді қолдану;
      көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
      Ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттар. Қолданыстағы авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың негізгі түрлері.
Параграф 2. Кабина ішіндегі жаттығу конструкциясы
      22. Осы бағдарлама мотодельтаплан кабинасында ұшу оқытулары оқытылатын жаттығу құрылғысының неғұрылым аз көлемін белгілейді.
      23. Мотодельтаплан кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 3 сағаттан кем болмауы тиіс.
      24. Мотодельтаплан кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.
      Тапсырма № 1. Мотодельтапланды пайдалану
      Тапсырма № 2. Мотодельтапланда ұшу техникасы
      Тапсырма № 3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар
      25. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.
Параграф 3. Жердегі даярлық
      26. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.
      Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:
      1) Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      2) Әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      3) Ұшу ауданын зерттеу;
      4) ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      5) Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
      6) Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      7) Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;
      8) Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;
      9) Ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;
      10) Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;
      11) Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.
Параграф 4. Ұшу даярлықтары
      27. Студент-пилот 1, 2 және 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.
      28. ULАPL (MHG)-қа үміткердің мотодельтапланда кемі 20 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде кем дегенде:
      1) Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін мотодельтапланда пилот-нұсқаушымен 10 сағат;
      2) 6 сағат жеке ұшуы, оның ішінде 2 сағат 40 км қашықтық маршрутымен жеке ұшуы;
      3) 3, 15, 30 және 50 метралерге кемі 25 рет ұшуы;
      4) дроссельденген қозғалтқышпен кемі 40 рет қонуы.
      29. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде ӘК салмағы мен орталықтандыру есептеулері, ӘК ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;
      2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
      3) ӘК сыртқы көзге көрінетін бағдарлар бойынша басқару;
      4) ұшуды өте төмен әуе жылдамдығында басқару, құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;
      5) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
      6) қалыпты және қапталдан жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
      7) максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);
      8) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;
      9) төтенше операциялар кезінде ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет, оның ішінде борт жабдықтарының істен шығуының ұқсас кезінде;
      10) әуе қозғалысы қызмет көрсетулері ережелерін, байланыс және фразеологияласын сақтау.
      Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды талап етеді: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдау.
      30. ULAPL(MHG) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесінде мотодельтаплан пилоты тиісті типтегі әуе кемесінің командирі ретінде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауіпсіз түрлерін орындай алатын болуы тиіс, сондай-ақ:
      қатерлер мен қателіктер факторларын анықтап білуге және бақылауда ұстауға;
      әуе кемесін оның шектеулі сипаттамалары кезінде басқаруға;
      барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
      дер уағында шешім қабылдауға және ұшуды біліктілікпен бақылап отыруға;
      аэронавигация саласындағы білімдерін пайдалануға;
      ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшін әуе кемесін үздіксіз басқарып отыруға.
2 Бөлімше. Автожирмен ұшатын АЖА пилоттардың бастапқы даярлық бағдарламасы
(Ultra light aircraft pilot license – ULAPL, квалификация (GR)
1 Параграф.Теориялық даярлық
      31. Міндетті теориялық даярлық Қазақстан Республикасының ӘК аса жеңіл авиациясы пилоттарын даярлауда жалпыға ортақ болып табылады.
      32. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      Оқу сабақтарының жалпы көлемі 100 сағаттан кем емес.
      33. Авиациялық оқу орталығы нақты автожир типіне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
      Автожирмен ұшатын АЖА пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 3-қосымшасында берілген.
      34. Автожирда теориялық даярлау курсын аяқтаған соң студент-пилот төмендегідей саладағы білімдерді игерген болуы керек:
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Ultra light pilot license-ULАPL);
      ұшу негіздері;
      осы әуе кемесі типіндегі әуе кемелерінің конструкцияларын жалпылай білу;
      күштің қондырғыларды, жүйені және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптері;
      осы әуе кемесі типіндегі және олардың күш қондырғыларын пайдалану кезіндегі шектеулер;
      ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәліметтері;
      ұшу сипаттарына, салмақ есептеулері мен ауырлық кіндігіне (орталығы) жүктерді жүктеу мен бөлудің әсері;
      пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;
      ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;
      авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;
      аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;
      аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
      апатты жағдайда, оның ішінде қауіпті метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесінің жол іздерінің турбуленттігі және ұшуға қауіпті басқа құбылыстар кезінде тиісінше сақтандыру шаралары мен әрекеттерді қолдану;
      көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
      ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттар. Қолданыстағы авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың негізгі түрлері.
2 Параграф. Автожир кабинасындағы жаттығу құрылғысы
      35. Осы бағдарлама автожир кабинасында ұшу оқытулары оқытылатын жаттығу құрылғысының неғұрлым аз көлемін белгілейді.
      36. Автожир кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 3 сағаттан кем болмауы тиіс.
      37. Автожир кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.
      Тапсырма № 1. Автожирды пайдалану
      Тапсырма № 2. Автожирда ұшу техникасы
      Тапсырма № 3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар
      38. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет