С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Кафедра: Коммуналды гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы Тақырыбы: Шу және оның жіктелуі, шығу көздері
Шу деп адам ағзасына қолайсыз әсер ететін оның жұмысына және демалуына кедергі жасайтын кез-келген жағымсыз дыбысты немесе осындай дыбыстың жиынтығы.

Физикалық мәні бойынша шу толқын тәрізді таралатын серпімді ортаның (газ, сұйық және қатты), заңды түрде ретсіз кездейсоқ сипаттағы механикалық тербелістің қозғалысы. Оның көзі, уақытша күшпен тұрақты жағдайынан шығарылған, кез-келген тербелістегі дене. Дыбыс толқынын сипаттайтын негізгі физикалық параметрлері тербеліс амплитудасы, таралу жылдамдығы және дыбыс жиілігі.
Тербеліс көзіне тікелей жанасып жатқан ауа арқылы берілуі кезінде ауа бөлшектері тербеліс үрдісіне қатысады да ауа қысымының ырғақты жоғарылауына және төмендеуіне әкеп соғады. Атмосфералық қысымға қосымша пайда болатын бұл қысым дыбыс қысымы деп аталады.
Серпімді ортаның тербеліс қозғалысы белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқындарын тудырады және герцпен (Гц) белгіленеді. Гц 1 секунд ішіндегі дыбыстың бір тербелісіне тең. Жиілігі 16-20000 Гц-қа дейінгі аралықта болатын дыбыстарды ғана адам ести алады. Жиілігі 16 Гц-тан төмен дыбыстар инфрадыбыс , ал 20000 Гц-тан жоғары дыбыс ультрадыбыс деп аталады. Адамның есту мүшесі бұл дыбыстарды қабылдамайды. Шудың диапазоны 16-400 Гц аралығында болғанда – төменгі жиілікті, ал 400-1000 Гц аралығында – орташа жиілікті, 1000 Гц – тан жоғары – жоғары жиілікті деп аталады. Кез-келген шудың шығу көзінің дыбыстық энергиясы жиілік спектрін құрайтын жиілік бойынша белгіленеді. Тәжірибе жүзінде шуды өлшеу үшін және акустикалық есептеу жүргізу үшін барлық спектрді нақтылы ені бар орташа геометриялық жиіліктерге бөледі. 1:2 тең шекті жиіліктердің қатынасы октава деп аталады. Шудың барлық диапазоны 9 октаваға бөлінеді: 63, 125, 250, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц.