Бағдарламасы Мақсаты: Оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу



Дата25.02.2016
өлшемі75.29 Kb.
#18447
«Қазақстан- ақ бесігі қазақтың»

атты мерекелік концертіміздің бағдарламасы
Мақсаты: Оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
І-жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің тарихы-Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих.
ІІ-жүргізуші: Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр азаматтың өз табалдырығынан, өз ауылынан,өз өлкесінен басталады.
І-жүргізуші: Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс текті» намысты болу—біз жас ұрпақ үшін басты мақсат.
ІІ-жүргізуші: Олай болса «Қазақстан- ақ бесігі қазақтың» атты апталығымызды ашық деп жариялаймыз!
І-жүргізуші: Армысыңдар, қадірменді ұстаздар, оқушылар!
Ұстаздар мен оқушылар,апталыққа келіңіз,

Ықылас қып, ниет қып көппен бірге еніңіз,

№ 52 негізгі мектептің

Оқушыларының жасаған өнерлерін көріңіз!


ІІ-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар «Қазақстан- ақ бесігі қазақтың» атты концертімізге қош келдіңіздер!
Ән: «Елім менің» орындайтын хор.
І-жүргізуші: Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Тарих беттеріне шолу жасасақ, талай батырларымыз ат үстінен түспей қорғап, қан кешкен болатын. Бір ғана ХІХ ғасырдың өзінде отаршылдыққа қарсы күрескен батырларымыз қаншама? Сырым Датұлы, Есет батырлар,Исатай Тайманұлы, Кенесары Қасымұлы.
ІІ-жүргізуші: Тәуелсіздікті ту еткен Кенесары көтерілісі кешегі кеңес өкіметі кезінде «феодалдық монархиялық қозғалыс» деп, ал Кенесары туралы жазғандарды бас бостандығынан айырған болатын. Олай болса

«Тарих қиянатты кешірмейді» атты көрінісімізді тамашалаңыздар.

Хатшы: Тұрыңыздар! Сот келеді.

Сот: Айыптаушы бар ма?

Хатшы: Бар.

Сот: Қорғаушы бар ма?

Хатшы: Бар, айыпталушы, куәгер түгел қатысып отыр.

Сот: Бізге ХІХ ғасырдың 1837-1847 жылдары жүздеген адам өліміне әкелген ұлт-азаттық көтерілісті қайта қарау жөнінде арыз келіп түсті.Осы оқиғаны қайта қарап, тексеріп, әділ бағасын берілуі сұралады. Келесі сөз айыпталушыға беріледі.

Айыпталушы:Кенесары Қасымұлы 1802 жылы туған. Қазақтың атақты ханы- Абылайдың немересі. 1837 жылдары атасы Абылайдың хандығына ие болу үшін Ресей патшасына қарсы соғысты бастаған. Кенесары өзімен бірге орта жүздің, кіші жүздің қазақтарын қорқытып қосып алған. Зеңбірекпен, мылтықпен қаруланған патша әскеріне қарсы найза, қылышпен қаруланған қазақтарды айдап салған. Сөйтіп жүздеген адам өліміне соқтырған. 10 жылға созылған көтеріліс кезінде мыңдаған жанұя туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған. Осы мәліметтер тергеу кезінде дәлелденді. Куәгерлер бар.

Қорғаушы: Жоқ! Жүздеген адам өліміне Кенесарыны кінәлі деуге мен қарсымын.

Сот: ( айыпталушыға сұрақ қояды) Айыпталушы, сіз жасаған қылмысыңызды мойындайсыз ба?

Айыпталушы: ( Кенесары қылмыскер) Жоқ! Мен патша үкіметіне қарсы қазақ хандығын құру үшін емес,қайта қазақ халқына бостандық әперу үшін күрестім.

Сот: Онда куәгерлер кірсін. ( Хатшы куәгерлерді шақырып келеді) Аты-жөніңіз кім?

1-ші куәгер: (Ағыбай батыр) Менің есімім Ағыбай батыр. Туған жылым 1802 жыл. 1837 жылдан бастап Кенесарының әскреімен бірге патша отаршыларына қарсы қолыма қару алдым.

Сот: Сұрақтарыңыз бар ма? Сұрақ қойыңыздар.

Айыптаушы: Куәгер сіз патша үкіметіне қарсы шықтыңыз. Соғыста адам өлімі болатынын білесіз. Осыған кінәліні кім деп айтар едіңіз?

Куәгер: ( ойланып жауап береді) Патша саясаты бұдан 100 жыл бұрын қазақ жерін тартап ала бастады. Өзеннің бойына әскери бекіністер салды. Қазақтардың құнарлы жерін тартып алды. Қазақтарды құмды, шөлді жерлерге қуып жіберді. Суы жоқ жерге келгеннен кейін малдары қырылып, адамдар өле бастады. Сондықтан мен осының бәріне патша үкіметін кінәлі деп есептеймін. Осыдан кейін қолыма қару алдым. Кенесары қазақ жерін қайтару үшін күресті.

Сот: Сұрақтарыңыз бар ма? Бара беріңіз. Екінші куәгер кірсін

( 2- ші куәгер шақырылады)



Сот: Аты-жөніңіз кім?

2-куәгер: ( Наурызбай батыр) Есімім Наурызбай Қасымұлы. 1822 жылы дүниеге келдім. Кенесарының кіші інісімін. Отаршыларға қарсы күресте Кенесарымен бірге болдым.

Сот: Сұрақтарыңыз бар ма?

Айыптаушы: Куәгер сіз не үшін отаршыларға қарсы шықтыңыз? Қандай себептер болды?

2-куәгер:Патша үкіметі біздің ата-бабамыздың жерін иемденуді, халықты құлдықта ұстағысы келеді. Өз жерімізді тартып алып, оны орыс мұжықтарына бөліп беріп жатыр. Қазақтардың малын тартып алуда. Осындай әділетсіздікті көріп тұрып қалай өмір сүруге болады? Сондықтан қару алдым. Кенесары ағам бізге ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беріп отырды. Онсыз жерімізді қайтару мүмкін емес еді.

Қорғаушы: Кенсарыны бүкіл қазақ халқы қолдады. Оған өз көмектерін аяған жоқ. Осыны ескерулеріңіз сұралады.

Сот: Сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ. Үшінші куәгер кірсін. Аты-жөніңіз кім?

3-ші куәгер: Патша армиясының полковнигі Ризанов. Патша жарлығымен Кенесары көтерілісін басып-шаншу үшін қазақ жеріне келдім.

Қорғаушы: Куәгер,сіз бұған дейін Кенесарыны танымайсыз. Кенесары орыс жерінде соғысқан жоқ. Сіздердің әскерлеріңіз қазақтарды өз туған жерінде өлтіріп жүр. Бұған сіз не айтар едіңіз?

3-ші куәгер: Қазақ елі, жері өз еркімен патша үкіметіне қосылуға келіскен. Сондықтан мен патшаға бағынғысы келмеген Кенесарыны ұстау үшін келдім.

Айыптаушы: Куәгер, қазақ жеріне келген себебіңіз, көтерілісті басу болса. Бұл дегеніміз-соғысу. Соғыста көп адам өледі. Қазақтар өз жерін қайтару үшін соғысса, сіз не үшін соғыстым дейсіз?

3-ші куәгер: Мен тек бұйрық орындаушы солдатпын. Ешбір өлімге жауап бере алмаймын. Мен үшін патша жауап береді.

Сот: Сұрақтарыңыз бар ма?

Қорғаушы: ( қолын көтереді) Сот мырза бүгінгі менің қорғауымдағы Кенесары Қасымұлы өзіне қойылған айыпты мойындамай отыр. Себебі сот барысында көрсеткендей болған оқиғаның барлығы еріксіз істелген. Сіздердің естеріңізге сала кетейін, Кенесарыға байланысты оқиғаның барлығы тек қазақ жерінде болған. «Орыс мемлекетіне қарсы болды» деген айып негізсіз. Себебі Кенесары орыс мемлекетінің жеріне аяқ баспаған, осыны ескерулеріңізді сұраймын. Өз жеріне баса-көктеп келген отаршыларға қарсы шығуы – Кенесары Қасымұлының өз жерін, үйін, жанұясын қорғау мақсатында болған оқиға. Орыс отаршылары еріксіз қару алып, соғысуға итермеледі. Сондықтан мен қорғауымдағы Кенесары Қорамсаұлына тағылған айыпты алып тастауыңызды талап етемін.

Сот: Сот барысын жалғастыра отырып, айыпталушы Кенесары Қасымұлына соңғы сөз беріледі. Айыпталушы Қасымұлы сізге осы қазір бар ойыңызды айтып қалуыңызға мүмкіндік бар.

Айыпталушы: ( Кенесары) Мен, Кенесары Қасымұлы бүгінгі күні көп адам Абылай ханның немересі болғаным үшін, орыс отаршыларына қарсы күресімді тек тақ үшін, билік үшін соғысып жүр деп түсінеді. Жоқ! Олар қазақ жеріне келіп, ешкімнен сұрамастан орыс үкіметінің әскери бекіністерін салып жатқанын, қазақтарды шөлге қуып жіберіп, құнарлы жерлерін орыс шаруаларына тартып алу арқылы қазақ халқын құлдықта ұстағысы келеді.

Жері жоқ халық, халық болып өмір сүре алмайды. Патшаға хат жазып, келісімге шақырдым. Қазақ жеріне еркіндік беруін сұрадым. Патша маған жауап орнына зеңбірек сүйреткен қаптаған әскерін жіберді. Мен қолыма қару алдым, себебі мені халқым қолдап, соңыма ерді. Мен халқымның еркіндік, бостандық алатынына сенемін. Осы іс-әрекетімді кейінгі ұрпағым дұрыс түсініп, әділ бағасын береді деп ойлаймын.



Сот алқасы ақылдасу үшін 5 минут үзіліске шығады. Сол көтеріліс туралы сұрақтар беруге болады.

Хатшы: Сот келеді. Тұрыңыздар!

Хатшы сотқа қағаз апарады.

Сот: Айыпталушы қол қойыңыз, Қорғаушы қол қойыңыз. Қол қояды. Сот үкімді оқыңыз.

Үкім: Қазақстан Республикасы қылмыстық істер кодексінің бірнеше баптарына сүйене отырып, Ақтөбе қаласы № 52 негізгі мектебінің сот алқасы үкім шығарады.

  1. 1837-1847 жылдары патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы шыққан Кенесары Қасымұлына тағылған «Қарақшы», «Ұлтшыл» деген айып негізсіз деп табылсын.

  2. Қазақ халқының тәуелсіздігі, бостандығы үшін көрсеткен жанқиярлық ерлігін ескере отырып, Кенесарыға «Халық батыры!» деген атақ берілсін және осы үкім бойынша сот залынан босатылсын!

Айыпталушының кісені шешіледі. Халық тұрып, ду қол шапалақтап, қолдарымен Кенесарыны жоғары көтеріп алып кетеді.
І-жүргізуші: Тауды көрсең, күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім мөлдіреген сол аспан.

Жеріме гүл, көгімде күн бір жүзген

Ұлан байтақ Республикам бұл менің!

Республикам! Күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан

Ата-бабам аңсап өткен бақытпен

Алтын бесік-Қазақстан гүлстан!

Ел болдың, ерік болдың Астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады.

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Президенттің атыменен басталады.



ІІ-жүргізуші: Хор. «Елім менің»
І-жүргізуші: Әр адам үшін өмірде қымбат екі нәрсе бар. Біріншісі-Ана, ал екіншісі-Отан. Өйткені бұлар жайлы сөз қозғағанда елжіремейтін, еміренбейтін жүрек болмайды.

ІІ-жүргізуші: Менің Отаным!

І-жүргізуші: Сенің Отаның!

ІІ-жүргізуші: Біздің Отанымыз-Қазақстан!

І-жүргізуші: 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей лаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. 17 желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды, кейінірек ол Республиканың басқа да қалаларына тарады.

Тәуелсіздік жолында қазақ жастары қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды. Осы құрбан болған қазақ жастарына 1 минут үнсіздік жариялайық.



1-оқушы:

Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ

Өйтпесе тілім қайтіп қанатжаймақ.

Ұран жазып қып-қызыл ту көтеріп,

Жастар шықты алаңға «Елімайлап».

2-оқушы:

Алаңға шығып ойын айтты жастарым

Қиындықпен қатерге тігіп бастарын

Содан барып таңы еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастады.

3-оқушы:

Мұз жастанып азаттықтың жолында

Тәуелсіздік туы тұрды қолында

Жеңіп шықтың бас имедің қасарып

Сойыл таяқ ойнаса да жанында

4-оқушы:

Отан үшін жанын қиды ұлдарың

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың

Күйінішпен ауырады жүрегім

Естігенде Желтоқсанның ызғарын

5-оқушы:

Желтоқсан-ау! Ұмытылмайсың жүректе

Ұрпақ өсер айналатын тірекке

Егемендік тиді бүгін елшіме

Желтоқсаным жеткіздің ақ тілекке....

ІІ-жүргізуші: Ән:____________________________

І-жүргізуші: Би:______________________________

ІІ-жүргізуші: Осы көтерілістің арқасында 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап тәуелсіз егеменді ел болдық.

І-жүргізуші: Көңілді тапқыштар клубының мүшелері 9 класс оқушылары сіздерге өздерінің әзілдерін жолдайды.

ІІ-жүргізуші:

Данасы мен батыры көп қазақтың

Көрген талай қияметін азаптың.

Аршындаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсін тәуелсіздік азат күн!

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.

Ақ түйенің қарны міне жарылды,



Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!-дей келе әрқашанда жүздеріңіз жарқын болып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың кең байтақ жерінде бақытты өмір сүріңіздер!!! Сау-саламатта болыңыздар!
С О Ң Ы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет