Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы.

Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады.
Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

Жергілікті мемлекеттік басқару және басқару органдарына келетін болсақ, оларды сыбайлас жемқорлықтың орын алған саласына қосу принципті түрде маңызды болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың субъектілері мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адамдар, не оған тексерілген адамдар, лауазымды адамдар, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлер танылады. Егер лауазым иелерінің сыбайлас жемқорлық субъектілеріне қатысты әдебиетте бірыңғай пікір қалыптасқан болса, лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің осы санатқа жату мәселесі даулы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық әрекеті нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің құқық қорғайтын мүддесін елеулі түрде бұзу орын алады. Тек осы белгі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысын әкімшілік, тәртіптік, азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрінен айырып алуға болады.

Осылайша, біз, сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс нысандарына:
а) мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің мүдделеріне қарсы;
е) лауазым иелерінің, соларға теңестірілген адамдардың, сонымен қатар, лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің;
б) қызмет бабын пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып жасаған қылмыстарды жатқызамыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қылмыстық заңдылықты дамытудың маңызы ерекше.