Силлабус пән: Жалпы психология Курс



бет3/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#141946
1   2   3   4   5   6   7

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті

Гуманитарлық факультеті

Педагогика және психология кафедрасы


«Бекітемін»

Факультет деканы

_________ Сейітова Ш.Б.

«_____»_________2015ж



Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
Пән: Жалпы психология

Мамандық: 5В050300 «Психология»

Кредит саны: 3

Курс: 1

Семестр: 2

Дәрістер: 30

Практикалық сағаттар -15

Барлық дәрісханалық сабақтар: 45

СОЖ – 22,5

СӨЖ – 67,5

Емтихан – 2 семестр

Семей 2015

Құрастырғандар: аға оқытушылар Дакина Г.Т., Жапарова Г.С.
Педагогика және психология кафедрасы мәжілісінде қаралды

«___» _____________ 2015 ж. Хаттама № ____________

Кафедра меңгерушісі ____________________ Избасарова Ф.Д.
Гуманитарлық факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясы мақұлдады.

№ хаттама «__ ___» _____ 2015 ж.

Төрайымы: ________________ Ахметова А.К.


  1. Пәннің мақсаты мен міндеті және оның оқу процесінде алатын орны


1.1 Пәннің мақсаты: жалпы психология курсында алған білімдерімен зерттеу дағдылары негізінде студенттердің психологиялық ойлауын дамыту, семинар сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілікпен дағдыны қалыптастыру.

1.2.Пәннің міндеті: 1. Оқытылатын психологияялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттер білімдерін жүйелендіру.

2.әр түрлі психологиялық фактілермен теорияларды жүйелі психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдық дағдылармен ептіліктерді дамыту.

3. дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру.

1.3. Оқыту процесінде пәннің алатын орны:

Жалпы психология өзінің даму тарихы, пәнімен зерттеу әдістері бар психологиялық ғылымдардың негізгі салаларының бірі. Жалпы психологияның қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне бұл оның теориялық әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту, зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу, табиғи және жасанды жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуымен жұмысының құрылымдарын зерттеу жатады.

«Жалпы психология» курсы психологияның теориялық және практикалық түсініктерімен байланысты оның қалыптасуы мен дамуының негізгі ережелерін береді, қазіргі заманғы психологиялық ғылымның даму ерекшеліктерін ашады, жалпы психология саласының шетелдік және отандық психологиядағы жаңа инновациялық жаңалықтармен таныстырады. Сонымен бірге, бұл курс адам санасының пайда болуы және дамуының теориялық негізін меңгеруге, адамның жалпы және әртүрлі психикалық іс-әрекетін зерттеуге бағытталған.

2. Пәннің мазмұны

2.1 Дәрістер



Дәріс тақырыптарының атауы

Дәрістің мақсаты және мазмұны

Оқыту

формасы

Көлемі (сағат)

1

Психологиялық ғылымдар және практиканың пәнімен міндеттері

Мақсаты: Студенттерге курстың алғашқы түсініктерімен таныстыру арқылы, ғылыми білім негіздерін қалыптастыру.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Психология пәні. Жалпы психологияның методологиялық функциясы. Психологияның принциптері: бейнелеу, сана мен іс-әрекет бірлігі, психикалық құбылыстың жүйелі детерминациясы. Ғылыми және тұрмыстық психологияның негізгі айырмашылықтары мен салыстырмалы талдау. Ғылыми-психологиялық зерттеу нәтижелері, олардың теориялық және қолданбалы мәні. Психологиялық білімдердің өздеріне тән ерекшеліктері. Психика тіршілік иелерін обьективті болмысты бейнелеу формаларының бірі екендігі жайлы жалпы түсінік. Тірі және өлі дүниені бейнелеу формасы. Психиканың бағдарлаушы және реттеуші функциялары.

Психологияның салалары және психологиялық практиканың міндеттері. Фундаментальды психологиялық ғылымдар: жалпы психология, әлеуметтік психология, дифференциалды психология, даму психологиясы, педагогикалық психология, еңбек психологиясы және инженерлік психология, медициналық психология, коррекциялық психология, психофизиология, зоопсихология.

Психологияның әдістері. Психикалық құбылыстарды зерттеудің обьективті әдістері. Бақылау, өзін-өзі бақылау, сұрау, адам іс-әрекетінің өнімділігін талдау әдістері. Сананы зерттеудің психосемантикалық әдістері. Психодиагностикалық әдістер. Салыстырмалы-генетикалық әдіс. Салыстырмалы паталогиялық әдіс.


Күндізгі

2

2

Іс-әрекетті психологиялық талдау

Мақсаты: Студенттерге тақырып бойынша ғылыми теориялық мәліметтер беру, іскерлік, дағды қалыптастыру.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Практикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің бастапқы және негізгі формасы ретінде. Сыртқы және ішкі іс-әрекет. Бағдарлы және орындаушы іс-әрекет, индивидуалды және бірлескен, шығармашылық және шығармашылық емес. Субъект және іс-әрекет пәні. Іс-әрекеттің мотиві мен мақсаты. Іс-әрекет және психикалық процестер.

Іс-әрекеттегі психикалық бейнелеудің туындауы мен функциясы.

Әрекеттің орындалу тәсілдері (операция). Әрекеттің операцияға айналуы. Операцияның салыстырмалы дербестігі, оның бір әрекеттен екіншіге ауысуы. Ақыл-ой операциялары.

Психомоторика жайлы түсінік, әрекеттің қимыл құрамы. Кері афферентация және «әрекеттің акцепторы» туралы түсініктер (П.К. Анохин). Афферентті жүйе мен кері сигналдаудың күрделі қимыл актісін реттеудегі рөлі. Қозғалысты құру деңгейлері. Қозғалыс координациясы туралы түсінік (Н.А. Бернштейн). Қозғалыстың дамуы.



Күндізгі

2

3

Психиканың пайда болуы және эволюциясы

Мақсаты: Студенттерде психологияға деген қызығушылығын ояту, тақырыпты терең түсінуге мүмкіндік жасау.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Психология тарихындағы психиканың критерияларын іздеу. Психикадағы субьективті және обьективті критериялар. Сезгіштік түсінігі. Іс әрекетпен психиканың даму сатылары. Инстинкт түсінігі, жануарлар интеллектісі және үйрену. Мінез құлықтың рефлекторлық теориясы. Р.Декарттың еңбектеріндегі рефлекс туралы идеялар. И.М.Сеченовтың, Ч.Шерингтонның, И.П.Павловтың, П.К.Анохиннің, Н.А.Бернштейннің еңбектеріндегі рефлекторлық теорияның дамуы.

Күндізгі

1

4

Адам психикасының пайда болуы мен дамуы

Мақсаты:Студенттерде психологиялық ғылымның негізгі принциптері, түсініктері, категориялары туралы алғашқы ұғымдарын бекіту.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Адам психикасының қоғамдық тарихи табиғаты. Адамзаттың тарихи дамуға өтуі. Еңбек іс-әрекетінің сипаты, ұжымдық, құралдық, жемістілік (жаңа заттарды өндіру). Сананыңдамуы және пайда болуы. Саналы және ұғынылмаған психикалық процестер. Ішкі дайындық түсінігі (Д.Н.Узнадзе). Психология және философиядағы сана мәселесі. Қоғамдық және индивидуалды сана. Сананың туындау шарты, ұжымдық еңбек іс әрекеті, тіл. Іс әрекеттің және сананың бірлігі принципі.

Сананың нақты-психологиялық сипаты. Сананың құрылымы: сезімталды ұлпа, жеке бастық мағына. Жоғары психикалық функцияның қалыптасуы. Жоғары психикалық функцияның әлеуметтік, жанамалы, ерікті сипаты және олардың жүйелі құрылымы.



Күндізгі

1

5

Психикалық құбылыстардың жалпы құрылымы

Мақсаты: Ғылыми зерттеу әдістері туралы жалпы түсініктерді қалыптастыру, практикада қолдана білу іскерліктерін меңгерту.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Мидың психофизиологиялық қызметтері (сенсорлы, сезгіштік, вербальды логикалық, психомоторлық). Психикалық процестер сенсорлы перцептивті, ойлау, қиял, елес, ес, зейін, эмоция, ерік, мотивация. Жоғары психикалық функциялардың қалыптасуы. Психикалық күй. Психикалық күйдің түрлері. Кейбір психикалық күйдің түрлері. Кейбір психикалық күйдің сипаттамасы. Стресс, үрей, көңіл күй, аффект. Психикалық қасиет және құрылым. Интеллект, қабілеттілік. Темперамент. Мінез. Бағыттылық. Тұлға барлық психикалық құбылыстардың интеграторы. Тұлға, индивид, субьект, даралық туралы жалпы түсінік. Тұлғаның индивидуалды даму процесіндегі интериоризация және экстериоризация.

Күндізгі

2

6

Таным прцестерінің психологиясы. Сезімдік таным психологиясы.

Мақсаты: Психикалық танымдық процестер туралы түсініктер беру, ұғымдарын бекіту.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде. Түйсік сананың сезімдік ұлпасы ретінде. Түйсік және стимулға қатысты мінез құлықтың бағдарлануы. Қозғалысты реттеудегі түйсіктің ролі. Түйсік психикалық дамудың көзі ретінде. Сенсуализм және оның психология тарихындағы ролі. Түйсіктің негізгі түрлері статикалық, динамикалы, есту, көру, тактильді, кинестетикалық динамикалы, температуралы, дәмдік, иіс, вибрациялы, ауырсыну, интероцептивті түйсінулер (В.Вундт). Түйсінулердің классификациясы. Экстероцептивті, интероцептивті, проприоцептивті түйсінулер. Механикалық, химиялық түйсіну түрлері. Анализаторлар түйсіктің анатомиялық физиологиялық механизмі. Түйсіну табалдырықтары жайлы түсініктер. Анализаторлардың шешуші қабілеті. Вебер Фехнер, Стивенс заңы. Психофизика бойынша жаңа зерттеулер.

Күндізгі

2

7

Түйсіктің жекелеген түрлерінің сипаттамасы

Мақсаты: Түйсік пен қабылдау туралы білімдерін бекіту.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Көру түйсігі және оның ми субстраты. Түстерді түйсіну сапасы жарқырау, контраст, түс, қанығу олардың жарық стимул физикалық параметрлермен тәуелділігі. Ахроматикалық және хроматикалық көру. Түстерді араластыру заңдары. Негізгі және қосымша түстер. Юнг Гельмгольц, Геринг түстерді көру теориясы. Есту түйсіну сапалары қаттылық, биіктік. Кинестезия адамның практикалық әрекетімен байланысты бұлшық буын сезімдері. Тактильді түйсіктер енжар сипап сезу. Тері сезім мүшесі ретінде. Тактильді анализатордың құрылысы. Ауырсынудың екі жақты табиғаты олар эмоция және түйсінулер. Температуралық түйсінулер орта температурасын және теріні, дененің температурасының айырмашылығына реакция. Статикалы динамикалық түйсінулердің жалпы сипаты., жылдамдату және теңесу түйсіну. Вибрациялық түйсінулер естуге жақын. Иіс сезу,дәм және интеррецептивті (оргпникалық) түйсіктер

Күндізгі

2

8

Қабылдау және елес

Мақсаты: қабылдау және елес туралы теориялық білімдерін меңгерту және тақырып бойынша білімдерін бекіту.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Қабылдау сезімдік бейнелеудің негізгі процесі. Қабылдауды зерттеудегі екі бағыттың жалпы сипаттамасы обьективті және субьективті бағдарлаушы бағыттар. Қабылдау психологиясындағы гештальтпсихология, когнитивті психология, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев мектептері. Қабылдаудың қасиеттері заттық, тұтастық, категориялық, ұғынымдылық. Аппецепция. Қабылдау бейнелерін құру фазалары (Н.Н.Ланге, Б.Ф.Ломов). Адамның ортамен өзара әрекетіндегі кеңістікпен уақытты қабылдау. Кеңістікті бағдарланудағы қимыл анализаторларының ролі. Ырғақ және қозғалысты қабылдаудағы есту және кинестезия түйсінулерінің ролі. Эмоциялық күйде кеңістікпен уақытты қабылдаудағы иллюзия. Фифеномен. Автокинетикалық эффект. Елестердің сезімдік заттық сипаты. Эйдетикалық бейнелермен түс көру.Елестерде кеңістікпен уақытты бейнелеу. Тануға елестердің қатысуы. Сенсорлы және перцептивті эталондар. Қиял түрлері. Жаңа бейнелерді жасау механизмдері.

Күндізгі

2

9

Ойлау психологиясы

Мақсаты: Студенттерге ойлау туралы ақпарат беру, салыстыру, талдауға үйрету..

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Ойлау туралы ұғым. Ойлау және таным. Ойлаудың тікелей сезімталдық танымнан айырмашылығы. Ойлау және практикалық заттық әрекет. Ойлаудың әлемді танумен өзгертудегі ролі. Ойлауды зерттейтін ғылымдардың арақатынасы. Ойлау психологиясы жайлы жаңа түсініктер және тарихы. Вюрцбург мектебінің ашқан негізгі заңдылықтары. О.Зельцтің «Комплекстер теориясы». Гештальтпсихологиядағы ойлау жайлы түсініктер. Ойлау психологиясына психоаналитикалық ықпал. Ойлау жайлы бихевиоризм зерттеулері. Когнитивті психологияда ойлауды информациялық процесс ретінде қарастыру. Қазіргі психологияда ойлауды зерттеудің негізгі бағыттары.

Ойлауды зерттеу әдістері. Бақылау, эксперимент, іс әрекеттегі өнімдерін талдау, ойлауды зерттеудегі сұқбаттасу. Творчество өнімдерін талдау. Ойлауды клиникалық зерттеу әдістерінің мүмкіндіктері. Қалыптастырушы эксперимент және ақыл ой әрекетінің табиғатын зерттеу. Ойлаудң түрлері. Бейнелі ойлау және қиял. Теориялық және эмпирикалық ойлау ерекшеліктері. Практикалық және теориялық интеллект. Логикалық және интуитивті ойлау. Ырықты және ырықсыз ойлау. Аутистік, эгоцентрикалық, реалистік ойлау. Творчестволық және творчестволық емес ойлау. Ойлау және мотивация. Аффекті және интеллектінің бірлік принципі. Ойлаудағы эиоция функцияларының қарама қайшылығы.



Күндізгі

2

10

Ес

Мақсаты: Танымдық іс-әрекет жүйесіндегі еске психологиялық талдау жасау арқылы, студенттердің білімдерін кеңейту.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Ес өткен тәжірибені сақтау, тану, қайта жаңғырту ретінде. Ес құбылыстары. Феноменді ес жағдайы. Ес және үйрену. Ес және зейін. Автобиографиялық ес. Естің түрлері, есте қалдырған материал мазмұнына және қайта жаңғыртуға тәуелділігі. Бейнелі ес. Эйдетикалық ес. Моторлы ес. Эмоциялық ес. Сөздік логикалық ес, оның сөзбен, ойлаумен байланысы. Ырықты және ырықсыз ес, ұғынылған материалды ырықты есте қалдыру. Есте сақтаудың психологиялық заңдылығы және негізгі факторлары. Ритмикалық, конфигурациялық және семантикалық топтау. Жаттау тәсілінің еске, схемалар роліне әсері. Ұмыту және реминисценция. Ассоцация түрлері және заңдары.Сенсорлық регистр. Иконикалық, эхойстік ес. Ес және іс әрекет. А.А.Смирновтың жұмыстарындағы ырықсыз есте қалдыру мен ырықты есте қалдырудың арақатынасы.

Есте сақтаудың психологиялық заңдылығы және негізігі факторлар. Есте қалдыруға , сақтауға материалдың сипаттамасының әсер етуі (көлемнің, біртектілік дәрежесінің материал ұғынымдылығының рөлі). Жаттығулардың рөлі. Эббингауз заңы. Үйрену және ес, жаттығуларды уақыт бойынша бөлу.

Мотивациялық және эмоциялық реакциялар, ішкі дайындалудың рөлі. Мнемикалық тапсырмаға субъектінің қатынасы. Мотивация деңгейінің үйренуге, еске әсері. Іс- әрекеттің үзілісінің еске әсері. Зейгарник эффектісі. Аффективті реакциялардың еске әсері. Суюъектінің материалды ұйымдастыруының мәні.

Ритмикалық, конфигурациялық және семантикалық топтау. Стимулды перцептивті ұйымдастыру : жаттау тәсілінің еске, схемалар рөліне әсері. Ұмыту және реминисценция. Уақыт аралығында естің өзгеруі. Эббингауздың ұмыту қисығы және оның модификациясы. ретроактивті және проактивті тежелу. Ниеттерді ұмыту. Ұйымдаспаған ұмыту және ұмыту әрекет ретінде, ұмыту теориялары.



Күндізгі

3

11

Сөйлеу психологиясы


Мақсаты: Студенттерге сөйлеу туралы ақпарат беру, салыстыру, талдауға үйрету..

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Ұғынымды ойлау мәселесі, ойлау және сөйлеу. Лингвистикалық салыстырмалы болжамы, оның психологиялық аспектілері. Ойлау мен сөйлеудің генетикалық түбірі. Сөздік ойлау мен сөйлеудің бірлігі ретінде. Ойлау мен сөйлеудің сәйкес келмейтінін бекітетін арнументтер мен фактілер, олардың арасындағы қатынастардың дамуы.

Сөйлеуді психологиялық талдау. психологияда сөйлеуді зерттек ерекшелігі. Сөйлеу процесінің 4 түрі : айту, тыңдау,оқу,хат. Психолингвистикалық әдістері мен негізгі мәселелері, сөйлеу іс - әрекеті мен сөйлеу әрекет түсінігі.Сөйлеудің түрі және функциясы. Ауызша, жазбаша, диалогты,монологты, ішкі сөйлеу. Сөйлеудің функциялары: коммуникативті, энгнификативті, экспрессивті, интеллектуалды. Грамматикалық деңгейде сөйлеудің пайда болу теориясы. Стохастикалық модель және оны Ч.Осгудтың модификациялауы. Н.Хомскийдің трансформациялық моделі.Сөйлеудің қабылдау теориясы: акустикалық , моторлық, синтез арқылы талдау және т.б.



Күндізгі

2

12

Зейін

Мақсаты:Студенттерге зейін туралы білім беру, теориялық талдауға үйрету.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Зейін ұғымын анықтау. Зейін теориялары және олардың физиологиялық ерекшеліктері (Н.Ланге, В.Вундт, И.П.Павлов, А.А.Ухтомский). Зейін анықтамасының көпжақтылығы. Басқа психикалық процесстермен,құбылыстармен салыстыруда зейіннің өзіндік ерекшеліктері. Зейіннің псиикалық статусы мен табиғаты жайлы пікірталас. Зейіннің физиологиялық негіздері (бағдарлаушы реакция, доминант, ми қабығындағы қозу, екінші сигналды жүйе).

Зейіннің негізгі қасиеттері,оларды эксперименталды зерттеу. Зейіннің көлемі. Зейін көлемінің индивидуалды ерекшеліктерден , материал құрылымынан, әрекет сипатынан тәуелділігі.



Зейінніңконцентрациясы,орнықтылығы, тербелісі. Зейін орнықтылығының материал сипатына, іс әрекет түріне, жеке адамның ішкі дайындалуына тәуелділігі.Зейін аудару және бөлу : зейінді әртүрлі әрекетке бөлетін қабілетті анықтайтын факторлар. Еңбек іс әрекетіндегі зейіннің пударылуы мен бөлінуі. Зейін және іс әрекет. Іс әрекеттің құрылымы және зейін. Зейіннің іс әрекетті ұйымдастыру мен реттеудегі рөлі. Зейін әрекетті қадағалаушы ретінде (П.Я.Гальперин). Автоматты және саналы бақыланатын процестер.Зейіннің дамуы. Зейіннің даму сатылары.Оларды анықтайтын факторлар. Зейіннің жоғары формаларының дамуы. Зейінді зерттеудің қолданбалы аспектілірі. Зейін барлық іс әрекетің маңызды шарты ретінде. Адамның әртүрлі іс әрекетіне қолданылатын зейіннің әртүрлі қасиеттерін бағалау және ескеру. Зейіннің дамуы, жас ерекшелігі факторлары. Шашыраңқылық пен көңілдің аударылмауын жеңу.

Күндізгі

2

13

Эмоция психологиясы

Мақсаты: Студенттерді эмоция психологиясының негізгі мәселелерімен пайда болу шарты туралы білім беру,

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Эмоция психологиясының күйі. Эмоциядағы психикалық бейнелеу ерекшелігі. Эмоциядағы биологиялық мақсатқа сәйкестік. Эмоцияның танымдық процесстерге қатынасы. Эмоцияның заттылығы. Эмоциялар және мотивациялық процесстер. Эмоциялар іс әрекеттің ішкі реттеушісі ретінде.Эмоцияның мәні, құрылымы және функциялары. Эмоцияның сипаттамалары: модаль, интенсивтілік, валенттілік, тереңдік. Эмоцияларды интерпретациялау және негізгі тенденциялар,олардың сипаттамалары Ч.Дарвиннің Эмоцияның көрінуі туралы түсінігі. Джемс Ланге теориясы және оның позитивті психологиядағы эмоциялар туралы түсініктің дамуындағы рөлі. Эмоцияның физиологиялық теориясы. И.П.Павлов эмоция туралы. Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары. Эмоция психологиясының негізгі мәселелері. Эмоциялық процесстің пайда болу шарты. Экспериментальды зерттеудердің мәліметтері және эмоцияның пайда болуы туралы теориялық түсініктер. Эмоцияның қажеттіліктер мен жағдайлардан шарттануы.Түйсінудің эмоциялық тондары. Аффектілер, олардың биологиялық мәндері. Аффектілердің айрықша белгілері. Ситуативті іс әрекетті реттеуші. "табыс-табыссыздық" эмоциясы. Орнықты эмоциялық қатынастар мәселесі -сезімдер. Эмоциялық күй,оларды эксперименталды зерттеу. Г.Сельенің стресс теориясы.

Күндізгі

2

14

Мотивация және эмоция психологиясы

Мақсаты: Студенттерге мотивация және эмоция психологиясына психологиялық талдау жасау арқылы, білімдерін кеңейту.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Қажеттілік мотивациялық процестердің негізі ретінде. Мотивацияның биологиялық және әлеуметтік деңгейлерінің арақатынасы. Адам қажеттіліктерінің тарихи табиғаты. Мотивацияның онтогенетикалық және ситуациялық дамуы. Мотив қажеттіліктің заттану нәтижесі ретінде. Қажеттіліктердің өзекті және потенциалды күйлері. Мотив және нұсқау. Қажеттіліктер және эмоция. Елігу, тілек, қалау, ұмтылу, қалау мотивтің нақты түрлері. Мотивацияны зерттеудегі негізгі бағыттар. Мотивацияны бихевиоризмде, психоанализде, гештальтпсихологияда, гуманистік психологияда мотивацияның отандық теориясы (А.Н.Леонтьев, Д.Н.Узнадзе және оның мектебі).

Іс әрекет психологиясындағы мотивация мәселесі. Адамның мотивациялық сферасының дамуының негізгі сатылары. Жетекші іс әрекет және жетекші мотивация ұғымы. Құндылықтар, қызығулар, нормалар мотивациялық құрылым ретінде.



Күндізгі

2

15

Жалпы психологиядағы тұлға. Тұлға құрылымы

Мақсаты: Психологиядағы тұлға және тұлға құрылымы туралы түсініктерін бекіту.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Тұлға түсінігі. Адамға қатысты басқа категория (индивид, субьект, жеке даралық). Тұлғаның негізгі көрсеткіштері белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық. Тұлға әлеуметтік индивид. Базалық тұлға түсінігі. Тұлға типологиясы (А.Ф.Лазурский, Э.Шпрангер, К.Юнг).

З.Фрейд, К.Юнг. А.Адлер психоаналитикалық теорияларындағы тұлға құрылымының көрінісі. Қатынас тұлғаның құрылымының элементі ретінде. Тұлға ұүрылымындағы факторлық бағыт (Р.Кеттел, Н.Айзенк, Дж.Гилфорд). А.Н.Леонтьев концепциясындағы



Күндізгі

1

16

Тұлға және даралық

Мақсаты: Студенттердің тұлға және даралық туралы түсініктерін бекіту.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Даралық мәселесі (Б.Г.Ананьев). В.Мерлин интегралды даралық туралы. Теплов В.Д.Небылицын мектептеріндегі даралықтың психофизиологиялық негіздері. Темперамент психикалық іс әрекетпен мінез құлықтың формальды динамикалық қасиеттері. Темпераменттің мінез құлықты реттеудегі ролі. Темперамент және мінез жайлы В.Мерлин мектебіндегі зерттеулер. Мінез құрылымы. Коммуникативті, рефлексивті, эмоционалды, ерікті, мінездің интелектуалды қасиеттері. Мінез типологиясына типологиялық бағыт. Қабілет туралы түсінік. Нышандар қабілеттің органикалық алғышарты ретінде. Жалпы және арнайы қабілет (Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн). Тұлғаның психологиялық қорғаныс түрлері және оның қызметтері. Тұлға дамуындағы қозғаушы күштері өмір мәніндегі қажеттілік (В.Франкл).

Күндізгі

2




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет