Сымбат Айдархан



бет1/4
Дата08.05.2024
өлшемі146.74 Kb.
#500739
түріСабақ
  1   2   3   4
Сабақта қолданылатын әдіс


Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
Сымбат Айдархан
-
26.04.2021
0
1413
Иллюстрация: Freepik.com
1.«Интерактивті дәріс»
Орындалу барысы
А. Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпылама дәрістің мәтінін әр топқа арнап береді. Оқушылар арнайы тапсырмаларды орындайды. Мәтін практикалық жұмысқа арналған және нақты болуы қажет.
В. Оқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, дәрістің мағынасын түсінеді. Оқушылар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады. Мұғалім сұрақтарға ешкім жауап бере алмаған жағдайда ғана сұрауға рұқсат етеді.
С. Дәрістің мәтінімен жұмыс жасап болған соң оқушылар жекелей тапсырмалар орындайды. Жұмыстың бұл кезеңінде бір-бірінен сұрау, көмектесуге рұқсат берілмейді, оқушылар тек жеке тапсырмалармен жұмыс жасайды.
Әдістің басты ерекшелігі жеке тапсырмаларға арналған бағалау жүйесінде болып табылады. Бағалау салыстырмалы түрде қойылады. Оқушы алдыңғы тапсырмадан қарағанда жоғары ұпай алған кезде ғана топ қоржынына өз үлесін қоса алады. Жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
2. Фильмдерді көру және оны талдау
Сабақ барысында көркем фильмдерді және шағын бейне-баяндарды, олардың үзінділерін қолдануға болады.
Тақырып пен мақсатқа сай материалды тек қана қосымша емес, сабақтың кез келген кезеңінде көрсетуге болады. Көрсетілімнің алдында оқушыларға бірнеше (3-5) кілтті сұрақтарды беріп қою қажет. Бұл талдауға негіз болатын сұрақтар. Фильмді арнай таңдалған жерлерінен тоқтатып дискуссия өткізуге болады. Соңында оқушылармен бірге талдап, қорытындысын шығару қажет.
3.«Мозаика»
Өткізу кезеңдері
А. Үзінділерге бөлінген, тапсырмамен жұмыс істеу үшін оқушылар 4-6 адамнан құрылған топтарға ұйымдастырылады (логикалық немесе мағыналы блоктар). Шағын топтың әр бір мүшесі өз бөлімі бойынша материал табады.
В. Содан кейін бір сұрақты зерттейтін, бірақ әр түрлі шағын топтарда тұратын оқушылар  осы мәселе бойынша сарапшылар сияқты, кездеседі және осы ақпаратпен алмасады.  Бұл «сарапшылар кездесуі» деп аталады.
С. Ары қарай сарапшылар өздерінің шағын топтарына қайтады және басқа шағын топтардың мүшелерінен үйренген барлық жаңа білгендерін үйретеді. Яғни, өз кезегінде, өз тапсырмасының бөлігі туралы баяндайды (бір араның тіліндей). Өйткені материалды барлық фрагменттерімен меңгерудің жалғыз жолы, серіктестерін команда бойынша мұқият тыңдау және жазып отыру, мұғалім тарапынан ешқандай қосымша күш талап етілмейді. Оқушылар жолдастарының өз тапсырмаларының адал орындағандарын қалайды, өйткені бұл олардың қорытынды бағаларына әсер етеді. Барлық тақырып бойынша әр қайсысы және барлық команда толық жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет