«Сын тұрғысынан ойлау
технологиясы арқылы оқушылардың
ой-өрісін дамыту»
Мақсаты:
Барлық жастағы оқушылардың кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға үйрету.
- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету.
- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету.
- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру.
- Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою.
Міндеттері:
- СТО идеялар тексеріліп бағаланғанда және дамып қолданылғанда іске асады
- Есте сақтау-идеяларды түсіну-алғы шарт
- Шығармашылықпен көкейкесті ойлау
- Өзіндік жеке ойлау, тәуелсіз ойлау, шикізатты өңдеу
- Сұрақтар шешімін табу- жаңа бір нәрсе тудыру
- Үйрету – түсінуіне көмектесу
- Көңілге қонымды дәлелге ұмтылу
- Мәселені шешудің жолын өзі іздеп табу
- Шешімді негізі бар саналы дәлелдеу
- Әлеуметтік ойла, таласып оқу, талқылап қарсы шығу
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді, біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту”.
СТО-ды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
СТО дегеніміз- не нәрсенің анығына барып, оның себеп салдарына барып анықтау, бағалау одан шығатын салдарына көз жеткізе білу, қорытынды жасау. Джон Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып, СТО-уға итермелейді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері - Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады
Достарыңызбен бөлісу: |