Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау пәні бойынша



Дата01.07.2016
өлшемі122.5 Kb.
#169793

Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Көлік құрылысы және кәсіби оқыту кафедрасы


Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау пәні бойынша


050732 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының студенттеріне арналған

курстық жұмысқа


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Павлодар





Әдістемелік нұсқаулерды

бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41



БЕКІТЕМІН


ОІ жөніндегі проректор

________Н.Э. Пфейфер

2011 ж. «__»_________
Құрастырушы: доцент _________ Т.Қ. Шахаев

Көлік құрылысы және кәсіби оқыту кафедрасы




Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау пәні бойынша


050732 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының студенттеріне арналған

курстық жұмысқа



әдістемелік нұсқаулар
Кафедра отырысында ұсынылды.

2011 ж. «___»_______ № __ Хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ Қ.Т. Сақанов 2011 ж. «___»_______

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.

2011 ж. «___»___________ , №___ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ В.А. Козионов 2011 ж. «___»_______




МАҚҰЛДАНДЫ:


ОҮЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А. Варакута 2011 ж. «___»_________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2011 ж. «__»_________ № __ Хаттама

Жалпы ережелер

“Сынау, бақылау және өнім қауіпсіздігі” пәні бойынша курстық жұмыста машиналарды, механизмдерді, аспаптарды және басқа бұйымдарды сынаудың, сынау жабдықтары мен сынау стендтерін есептеу, жобалау және зерттеу сұрақтары, сынауды жоспарлау, автоматтандыру және сынау нәтижелерін өңдеудің сұрақтарының әртүрлі әдістемелері шешіледі.


Курстық жұмыс студенттерді университеттегі оқу үрдісінде алған теориялық білімдерін практикада дұрыс қолдануды үйренуге шақырады.
Курстық жұмысты орындау жүйелілігі және мазмұны
Курстық жұмыс 15...20 бет көлемінде есептеу-түсініктеме хаттан және А1 форматында сызылған (1...2 парақ) графикалық бөлімнен тұрады.

Курстық жұмысты әзірлеу үшін бастапқы құжат: “Курстық жұмысқа тапсырма”, онда жұмыстың тақырыбы, бастапқы деректері, жеке бөлімдері бойынша көлемі көрсетілген жұмыстың құрамы, жеке кезеңдер мен толық жұмысты орындау мерзімі беріледі.

Түсініктеме хаттың типтік мазмұны:

Титул парағы;

Мазмұны;

Кіріспе;


1 Бастапқы деректер;

2 Өнімнің (бұйымның) жалпы сипаттамасы;

3 Өнімге (бұйымға) техникалық талаптар. Сынауға (бақылауға) жататын сапа параметрлері;

3.1 Жалпы техникалық талаптар;

3.2 Қосымша (немесе арнайы) талаптар;

3.3 Сынауға (бақылауға) жататын өнімнің (бұйымның) сапа параметрлері;

4 Бұйымды сынау әдістемесін әзірлеу;

4.1 Сынаудың жіктеуі (классификациясы). Сынау бағдарламасы;

4.2 Сынауды өткізу үшін жабдықтар және аспаптар. Өлшеу құралдары;

4.3 Үлгілерді сынауға дайындау;

4.4 Өнімді (бұйымды) сынаудың әдістемесі;

4.5 Сынау нәтижелерін өңдеу;

Қорытынды;

Қолданылған әдебиеттер тізімі;

Қосымшалар.

Курстық жұмысқы қосымша (немесе бір бөлімнің орнына) арнайы бөлімдер енгізілуі мүмкін. Оларға жататындар:

- Тұрмыстық электр аспаптарын сенімділікке сынаудың әдістемесін әзірлеу.

- Бұйымдар үшін (мысалы: электрқозғағыштар, редукторлар, гидравликалық машиналар, полимерлік материалдар және т.б.) сынау стендін әзірлеу.



  • Материалдарды үйкеліске және тозуға сынау стендін әзірлеу.

  • Машина детальдарын және басқаларды жедел коррозиялық сынаудың әдістемесін әзірлеу.

Курстық жұмыстың графикалық бөлімінің типтік мазмұны (тапсырма тақырыбына сәйкес төмендегі бөлімдерден таңдап алынады):

1 Бұйымды сынау бағдарламасы – 0,5 ... 1 парақ

2 Бұйымды сынау схемалары – 0,5 ... 1 парақ

3 Сенімділікке бұйымды сынау жоспары – 1 парақ

4 Үлгілерді сынау нәтижелерінің кестесі

(байқаулар журналы формасы) – 0,5 парақ

5 Сынау үшін стендтің жалпы көрінісі – 1 парақ

6 Сынау үшін арнайы құралдар – 0,5 ... 1 парақ

Кіріспеде әзірленетін тақырыптың маңыздылығы негізделеді, бұйымның сапасы мен техникалық деңгейін қамтамасыз етуге сынаудың рөлі көрсетіледі, студенттің алдына қойылған негізгі міндеттер тұжырымдалады.

Жобалау үшін бастапқы ақпаратқа кіретіндер: өнімнің (бұйымның) паспорты және техникалық сипаттамасы; бұйымға техникалық талаптар және техникалық шарттар; бұйымның пайдалану жағдайы; өнімге немесе бұйымға нормативтік ақпарат (өнімге, өнімнің техникалық талаптарына, бұйымды сынауға және тағы басқаларға Мемлекеттік стандарттар), анықтамалық ақпарат.

“Өнімнің (бұйымның) жалпы сипаттамасы” бөлімінде өнімнің (бұйымның) тағайындауы, сипаттамасы, өнімнің типтері, негізгі параметрлері, өлшемдері, маркалары, пайдаланудың кепілдік мерзімі, пайдалану жағдайы, пайдалануға қосымша талаптар мазмұндалады.

“Өнімге (бұйымға) техникалық талаптар. Сынауға (бақылауға) жататын сапа параметрлері” бөлімінде Мемлекеттік стандарттарға (МемСТ) сәйкес өнімге (бұйымға) жалпы технологиялық талаптар, қосымша немесе арнайы талаптар, бұйымды қабылдау ережелері, анықталатын параметрлері және сынаудың мерзімділігі келтіріледі. Сынауға (бақылауға) жататын өнімнің (бұйымның) сапа параметрлері, таңдау бақылауына талаптары көрсетіледі.

“Бұйымды сынау әдістемесін әзірлеу. Сынаудың жіктеуі (классификациясы). Сынау бағдарламасы” бөлімінде өнім (бұйым) өтетін сынау түрі көрсетіледі: қабылдау-тапсыру сынауы, мерзімдік сынау, квалификациялық сынау, типтік сынау, сенімділікке сынау. Олардың сипаттамалары. МемСТ-ға сәйкес сыналатын өнімнің (бұйымның) сынау бағдарламасы немесе сынау түрі келтіріледі.

“Сынауды өткізу үшін жабдықтар және аспаптар. Өлшеу құралдары”. Сынауды өткізу үшін қажетті жабдықтар, аспаптар, өлшеу құралдары болуға тиіс. Осы бөлімде қолданылатын жабдықтардың, аспаптардың, өлшеу құралдарының техникалық сипаттамалары келтіріледі.

“Үлгілерді сынауға дайындау” бөлімінде ерекше өнімдер түрлері үшін (бетон, кірпіш, металл, ақ қаңылтыр, полимерлік материалдар және басқалар) сыналатын үлгілерге қойылатын талаптарды, сынамаларды алу әдістемесін және үлгілерді жасау, олардың өлшемдері және т.б. бейнелеп көрсету керек. Бұл ақпаратты Мемлекеттік стандарттарды қолдану арқылы алуға болады.

“Өнімді (бұйымды) сынаудың әдістемесі” бөлімінде сынау түрінің әдістемесі және жүйелілігі, сынау схемасы (сұлбасы), сынау ұзақтығы, бұйым сапасының анықталатын параметрлері, сынау нәтижесін тіркеуге арналған ұсынылатын кестелер нысандары, байқау журналдарының немесе байқау хаттамаларының нысандары келтіріледі.

“Сынау нәтижелерін өңдеу” бөлімінде өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістемесі (мысалы, математикалық статистика әдістерімен), бұйымның сапасының параметрлерін есептейтін формулалар келтіріледі. Есептеуде жіберілетін қателікті пайызбен көрсетеді.

Қорытындыда курстық жұмыстың негізгі нәтижелері келтіріледі, бұйымның сапа параметрлері МемСТ-ы талаптарына сәйкес екендігі туралы қорытында жасалады, бұйым сапасының бақыланатын параметрлерінің жіберілу шегі келтіріледі. Сынау технологиясын немесе сынау схемасын, бұйымның конструкциясын өзгерту бойынша ұсыныс жасалуы мүмкін және т.б.

Қосымшада сынауды өткізу бойынша нұсқаулықты келтіруге болады, байқаулардың хаттамаларының нысандары және тағы басқаларды.


Курстық жұмыстың нәтижесін ресімдеу

Курстық жұмыстың түсініктеме хаты МИ ПГУ 4.01.3-09 стандартына сәйкес ресімделуі тиіс.

Қосымшада өнімнің сынау хаттамасы келтірілуі керек.
Ұсынылатын әдебиет

Негізгі


1) Испытательная техника: Справочник в 2-х кн. / Под ред. В.В.Клюева. - М.: Машиностроение, 1982. -Кн. 1. -528 с. и Кн. 2. -560 с.

2) Костин П.П. Физико-механические испытания металлов, сплавов и не­металлических материалов. – М.: Машиностроение,:1990.-255с.

3) Почтовик Г.Я., Злочевский А.Б., Яковлев А.И. Методы и средства испы­тания строительных конструкций: Учебное пособие для строительных специ­альностей вузов. - М.: Высшая школа, 1973. -158 с.

4) Степанов М.Н. Статистические методы обработки результатов механи­ческих испытаний: Справ. - Машиностроение, 1985. – 232с.


Қосымша

5) Аппаратура и приборы для нанесения и испытания лакокрасочных покрытий. М.: Химия, 1973. – 174 с.

6) Беляев Ю.К., Богатырев В.А. Надежность технических систем. Справочник / Под ред. И.А.Ушакова. – М.: "Радио и связь", 1985. – 487 с.

7) Борисов М.В., Павлов И.А., Постников В.И. Ускоренные испытания машин на износостойкость как основа повышения их качества. М.: Стандарт, 1976. – 352 с.

8) Глудкин О.П. Методы и устройства испытаний РЭС и ЭВС: Учебник для вузов. – М.: Высшая школа, 1991.- 336 с.

9) Глудкин О.П., Енгалычев А.П., Коробов А.И., Трегубов Ю.В. Испытание радиоэлектронной, электронно-вычислительной аппаратуры и испытательное оборудование: Учебное пособие. – М.: Радио и связь, 1987. – 272 с.

10) ГОСТ 21317-87. Методы испытаний на надежность. Аппаратура радиоэлектронная бытовая.

11) Журнал "Заводская лаборатория", 1970-1999 гг.

12) Золотухин Ю.Д. Испытание строительных конструкций: /Учебное пособие для вузов по спец. «Пром. и гражд. стр-во»/. – Мн.: Выш. школа, 1983.

13) Карпов В.К., Родионов В.И., Корякин О.Г. Моделирование и испытания гидроскопических приборов и систем. Тула: ТПТИ, 1987. – 93 с.

14) Кирносов В.И. Измерение механических характеристик материалов. М.: Стандарт, 1976. – 239 с.

15) Костылев Ю.С., Лосицкий О.Г. Испытания продукции. М.: Издательство стандартов, 1989.

16) Кудерин М.К. Методы испытаний строительных конструкции. Учебное пособие. Павлодар, 2003.

17) Малиновский В.Д., Бегларян В.Х., Дубицкий Л.Г. Испытание аппаратуры и средств измерений на воздействие внешних факторов: Справочник. – М.: Машиностроение, 1993. – 576 с.

18) Попов К.Н. Оценка качества строительных материалов. Учебное пособие / К.Н. Попов, М.Б. Калдо, О.В. Кульков; Под общ. Ред. К.Н. Попова. – 2-е изд. Перераб. и доп. – М.: Высш. шк., 2004.- 287 с.: ил.

19) Фишман Б.Е. Ремонт, наладка, испытания бытовых электроприборов: Учебник для сред. спец. учеб. заведений. 2-е изд., перераб и доп. М.: Легпромбытиздат, 1991. – 239 с.



Курстық жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары


  1. Ленолиумды сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  2. Электр үтігті сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  3. Телевизорды сынаудың әдістемесін әзірлеу

  4. Тұрмыстық электр шаңсорғышты сынау жоспарын және әдістемесін әзірлеу.

  5. Тұрмыстық тоңазытқышты сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  6. Цементті сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  7. Ақ қаңылтырды сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  8. Силикат кірпішті сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  9. Іргетас бетон блоктарды сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  10. Қабырғалық бетон тастарды сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  11. Аражабын тақтасын сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  12. Материалдарды жануға және тозуға сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  13. Машина детальдарын жедел коррозиялық сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  14. Домалау подшипниктерін сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  15. Редукторларды сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  16. Көлемдік гидраликалық машиналарды сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  17. Лак-бояу жабындарын сынауға арналған құралдарды сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  18. Полимерлік материалдарды сынауға арналған құралдарды сынаудың әдістемесін әзірлеу.

  19. Табақша материалдарды созуға сынаудың әдістемесін әзірлеу.

20. Бетон қоспасын сынау жоспарын және әдістемесін әзірлеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет