Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы


Топ тақырып бойынша тапсырма алады



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі60.62 Kb.
#486629
түріБағдарламасы
1   2
stud.kz-118664

1. Топ тақырып бойынша тапсырма алады

2. Топтың әрбір мүшесі ізденеді

7. Ой тұжырымдайды

8. Берілген тапсырманы қорғайды

6. Кесте толтырады

5. Түйінді мәселені айқындайды

4. Топта тақырыпты талқылайды

3. Тапсырма бойынша ақпарат жинайды

СТО технологиясы-білім берудің сапасын арттырудағы тиімді жоба. Ол үшін оқытушы сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып,оның ой-өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет. Неміс педагогі


А. Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді » дегені мәлім .Осы тәжірибені СТО технологиясы да ұстанады. СТО мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болғандықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз. Сондай ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе,бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз біліктілігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады.СТО бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеге өте ыңғайлы. Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тәрбие, коммуникативтік қабілеттерің шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.
Нәтижесінде:
- оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді;
- жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады;
- бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді;
- жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді;
- ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б.

  2. Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. -2006. - № 1. - 21-23 б.

  3. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2004ж.

  4. Мұхаметжанова Ж. Ана тілін дамыта оқыту барысында оқушыларды шығармашылық еңбекке баулу// Сынып жетекшісі. -2005.-N1. –Б.16-17


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет