Тарих сабағында тарихи фильмлерді пайдаланудың тиімді тәсілдері



Дата26.05.2022
өлшемі20.03 Kb.
#458656
түріСабақ
Макала


Тарих сабағында тарихи фильмлерді пайдаланудың тиімді тәсілдері
Бұл зерттеу жұмысында қазіргі заманғы оқу үрдісін ұйымдастыруда инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту тәжірибесі қарастырылған. Қазіргі заманғы барлық құзыреттіліктері дамыған, азаматтық позициясы бар тұлғаны қалыптастыру. Әлемдік педагогиканың барлық жақсы әдістерін бойына жинаған инновациялық технологиялардың бірі – деңгейлік бағдарлама болып табылады. Яғни сабақта таризи фильмдерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімдерін кеңейту, сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Тарихқа қатысты пәндерді оқыту жүйесінде көркем фильмдерді пайдалануға үлкен мүмкіндіктер бар. Әлемдік кинематографияда дүниежүзілік тарихтың кез-келген дәуірі мен әрбір маңызды оқиғаларына байланысты кинотуындылар жеткілікті. Оған көркем фильмдерден басқа, деректі фильмдер, анимациялық туындыларды жатқызуға болады. Мысалы, Тюдор әулетінің билеуіне туралы ағылшын сериалы, Спартак көтерілісі мен Екінші Ұлы Отан соғысы туралы сериалдар мен фильмдер жеткілікті. Алайда, Қазақстан тарихын оқыту барысында мұндай фильмдер саусақпен санарлық. Оқытушылар осы тарихи фильмдерді жинақтап, студенттермен бірге талқылап, тарихи анализ жасауға үйретуге болатын көрнекі құрал ретінде пайдалануына болады.

«Қазақфильмнің» тарихында Қазақстанның тарихына тікелей байланысты, тарихи детальдар жақсы көрсетілген бірнеше фильмдер бар.


Қазақстан тарихындағы оқиға «Көшпенділер» 2005 жыл Сергей Бодров Абылайдың хан болуы, автобиографиясы, жоңғар шапқыншылығындағы Қазақ хандығыынң жағдайы мен ішкі тартыстары «Артымызда Мәскеу» 1967 жыл Мәжит Бегалин Ұлы Отан соғысы «Отырардың күйреуі» 1999 жыл Ардақ Амирқұлов Монғол шапқыншылығы, ортағасырдағы қалалардың жағдайы «Мұстафа Шоқай» 2008 жыл Сатыбалды Нарымбетов


Ұлт қайраткерінің өмірбаяны арқылы қазақ халқының сол кезеңдердегіжағдайы баяндалады «Амангелді» 1938 жыл Моисей Левин «Қазақфильмнің» тұңғыш дыбысты фильмінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің себептері мен дамуы туралы көрсетіледі

Әрине жоғарыдағы кестеде тарихи көркем фильмдердің бірнешеуі туралы ғана сипатталды. Сонымен қатар ірі-ұсақты деректі фильмдерді қосатын болсақ оқытушының Қазақстан тарихы пәнінде көркем фильмдерді қолдана отырып, сабақты оқытуға үлкен мүмкіндіктері барын көреміз.

Пәнаралық байланыста тарихи көркем фильмдердің маңызы өте жоғары. Мысалы

«Көшпенділер» фильмін талдау барысында студенттер Ілияс Есенберлиннің кітабын оқып, қазақ әдебиетінен де білімін молайтады. Көптеген тарихи фильмдер қазақтың ұлы жазушыларының атақты кітаптары мен туныдыларына негізделген. Мысалы:

· Бауыржан Момышұлы: «Артымызда Мәскеу»

· Мұхтар Әуезов: «Қараш-Қараш оқиғасы»

· Мұхтар Шаханов: «Отырардың күйреуі»

· Әбдіжәміл Нұрпейісов: «Қан мен тер»

Әрине, тарихи-танымдық мақсатта «Мұстафа Шоқай», «Құнанбай», «Біржан сал» сынды қазақ фильмдерін көргеніміз әдеби көкжиегімізді кеңітіп қана қоймай, қазақ киносы туралы ойымызды байыта түсері анық. Тарихи шығарманы экрандау – кинематографияда кең етек алған тәсілдің бірі екені белгілі. Қазақ киносындағы экрандалу фольклорлық шығармалар мен қазақ әдебиетінің заңғарлары М. Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтермен байланысты. Одан беріде Ә.Нұрпейісов, О.Сүлейменов, Ә.Тарази, Д.Исабеков, С. Елубаев сынды ақын-жазушылардың шығармалары экранда көрініс тапты. Осы аталып отырған есімдер қазақ киносының даму үдерісіне, бүгінгі деңгейіне жетуіне зор үлес қосқаны анық.

Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы жағынан әр алуан. Экранға қазақ халқының өткен өмірін көрсететін,“Абай әні” (1946), “Шоқан Уәлиханов” (1957), “Қыз Жібек” (1972), “Сұлтан Бейбарыс” (1989), “Отырардың күйреуі” (1992), “Жамбылдың жастық шағы” (1996), т.б. картиналар «Қазақстан тарихы» пәнінде кеңінен қолдануға болатын танымдық материалдардың ролін атқара алады

Жалпы, кино 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм кино өнерінің негізгі және кең таралған түрі. Ол әдеби шығарма желісі немесе арнайы жазылған сценарий бойынша актерлердің қатысуымен жасалады. Мұндай фильмдерге жоғарыда аталған кинолардың барлығы кіреді. Деректі киноға тарихта, өмірде болған мәні зор оқиғаларды баяндайтын фильмдер мен киножурналдар жатады.

Кез келген қоғамда деректі киноның орны ерекше. Себебі бұл кинолар-сол қоғамның тарихы. Өткені мен бүгінін, мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын келешек ұрпаққа қалдыру. Әр деректі кино бір оқиғаның куәсі. Мәселен, «Ұлылардың ұрпағы». Туындыда ғалым Құдайберген Жұбановтан бастап Ажар Жұбановаға дейінгі бір әулеттің тарихы көрсетілген, «Қазақтың Бауыржаны», фильмді үкімет тапсырысымен Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірді, «Қазақстан Ұлы Отан соғысында»(1985), «Қарасаздан шыққан мұңлы ақын»(1991) және т.б. «Қазақфильмның» соңғы деректі киносы Қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына арнаған туындысы. Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Елбасының білім беру жүйесіне жасап отырған нақты қамқорлығы өз кезегінде бізге нақты міндеттерді де жүктейді.Мұғалім тек өз пәнінің білгірі болып қана қоймай, оқытудың инновациялық әдістерін меңгеріп, әлемдік интернет жүйесін пайдалана отырып күнделікті сабақта ақпараттарды пайдалануды дағдыға айналдыруы қажет. Оқу орындарында оқышыларға немесе студенттерге патриоттық тәрбие беру мен дүниетанымын қалыптастыруда тарихшы мұғалімдердің орны ерекше.

«Қазақстан тарихы» оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Сондықтан осы пәнді оқытуда жаңашылдық пен өнерді байланыстыруда тарихи көркем фильмдердің алатын орны ерекше болып табылады.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Біздің еліміздің негізгі тірегі – зияткерлік ұрпақ мүм¬кіндігі. Сондықтан да біздің жастарымыздың сапалы білім алуы маңызды. Оқушылардың мектепте алған білімін қоғамдық — әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың ізденісін арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Мұндай жаңа міндеттерді мұғалімнің кәсіби санасының өзгеруінсіз, кәсіби құзіреттілігінің өсуінсіз ескі психологиямен, ескі әдістермен, ескі біліктілік арттыру жүйесімен шешу мүмкін емес. Олай болса қоғам – жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарға мұқтаж.


Оқушылардың практикалық жағдайда алған білімдерін тиімді қолдануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктерді меңгеруі бүгінгі күні оқушы тұлғасының сапасына мемлекет қойып отырған талаптардың ең бастысы болып саналады. Қандай факторлар кіші мектеп оқушысының функционалдық сауаттылығын дамытуға әсер етеді?
Қазақстандық мектеп оқушылырының функционалдық сауттылығын дамытудың механизмі қандай? Қазіргі таңда мемлекетімізде өзіндік азаматтық позициясы бар, өз ойын еркін білдіре алатын, барлық технологияларды меңгерген, барлық жағынан дамыған тұлғаны дамыту мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Сондықтан қазіргі таңда білім беру үдерісінде заман талабына сай жаңа педагогикалық технологияларды және тарихи фильмдерді қолдану қажеттілігі бар.
Сабақта инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық және ойлау үрдістерін белсендіру» мәселесі бойынша түсініктілік және белгілілік енгізді:
- бұл стандарт, оқу бағдарламалары, жоспарларды жаңғырту;
- бұл оқудың түрі, әдістері мен технологиясын жаңғырту;
- бұл оқушыларға білім беру нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту;
- бұл балаларға білім беру мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету және т.б. жалпы әлемдік тенденциялар контекстінде және ХХІ ғасырда білім беруге қойылған талаптар негізінде Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру функционалдық сауаттылықты дамыту мәселелерін шешеді. Еліміздің білім беру саласындағы бүгінгі күннің аса өзекті мәселесі: тарихты жан-жақты, терең оқыту. Себебі, Елбасымыз айтқандай, өз елінің тарихын білмеу, оның қыр-сырына көңіл бөлмеу өз халқы мен тілін сыйламауы. Сонымен бірге жұмыс істету барысында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту мәселесіне қатысты зерттеудің теориялық тұрғыдан ғана қарастырылуы, жүйеленбеуі. Сол себептен осы жұмыста бұл мәселе көрініс табады.
Білім беру үдерісінде тарихи фильмдерді қолдану негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың жол-дарын зерттеу, сабақ барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді оқушылардың ең негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына әсер етуін қарастыру. Жаңашыл демократиялық жолмен қисынды ойлай алатын тұлғаны тәрбиелеуде оқыту-тәрбие беру үрдісінде демократиялық қағидаларды қолдану.

1. Білім беру үдерісінде фильмдерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың теориялық негіздері

1.1 Сабақта тарихи фильмдерді қолдану негізінде жеке тұлғаны дамытудың ғылыми- теориялық негіздері.
Ғалымдардың айтуы бойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді.
Сондықтан да аталмыш тапсырманы орындау үшін Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың басшылығымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық әрекет жоспары құрылды.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни функционалдық сауаттылығы.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қорыта айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, шығармашылық сабақтардың өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, жан-жақты дамудың алатын орны ерекше екені байқалды. Іс тәжірибемізді қорыта келе, мынадай ұсыныс жасаймыз:
1. Тарих сабағында тарихи фильмдерді қолдану оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырады;
2. Оқушылардың жан-жақты болуына мүмкіндік береді;
3. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарының артуына әсер тигізеді.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға
ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтасуға, оқуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмек көрсетеді. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысында пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.
Өз тәжірибемде сабақ сапасын арттыруда, жақсы білім дәрежесіне жетуде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келемін. Оқушыға білімнің білігін, тәрбиенің тәлімін бере отырып, оқушылардың демократиялық қасиеттерін, таңдау бостандығын,өздігінен іздену қабілеттерін, жеке тұлғаны дамыту мақсатында мектебімізде тек қана оқушылар ғана емес сонымен қатар ұстаздар қауымы да шығармашылық іс-шараларға белсене ат салысу керек екендігіне көзім жетті. Әрбір нақты сабақтың сапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі бойынша анықталуы тиіс. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттерінің жиынтығы әрдайым белгілі нәтижеге жетуге қандай жолмен, қандай әдіс-тәсілдер және жұмысты ұйымдастыру арқылы жетудің мүмкіндігі мұғалімнің теориялық және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне тәуелді түрліше көшілетін мәселе. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзыреттілігі арқылы айқындалады.Өз білімімді жетілдіру мақсатында тарихи фильмдерді қолданудың маңыздығын түсіне отырып қолдану
Осы тарихи фильмдерді сабақ барысында қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізді:
-зерттеу барысында оқушылардың коммуникативтілік құзыретіліктерінің дамығандығы байқалды,
-оқушылар өздерінің пікірлерін, азаматтық позицияларын ашық, айқын білідіре ала бастады,
- тарихи оқиғалара баға беру арқылы, оқиғалардың себеп - салдарын, тарихтағы орны мен нәтижелеріне сыни көзбен қарау арқылы оқушылардың логикалық ойлау, аналитикалық құзыреттіліктері дамыды,
- оқушылардың заңды, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктері өсті,
- сабақта алған білімдерін практикада қолдана алуға үйренді, яғни оқушылардың өмірлік дағдыларының қалыптасқандығы байқалды,
-зерттеу барысында сыныптағы тұйық балалардың азайғандығы байқалды, тіпті сөйлеу дағдыларында тілдік ақаулары бар балалардың ашылып, өз ойларын жеткізуге үйренгендіктері байқалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет