Сыныбы: 1 «Б» Мұғалім: Қыстаубекова Б


Ән: «Көк тудың желбірегені»



бет2/2
Дата13.03.2024
өлшемі30.15 Kb.
#495284
1   2
Рәміздерім - мақтанышым

Ән: «Көк тудың желбірегені»
5- оқушы:
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
6-оқушы:
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
- Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн-мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимн айтылғанда түрегеліп , жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.



Оқушылар тақпақтарын айтады.







Сабақтың соңы

Осы көк туымызды желбіретіп ұстап, гимнді асқақтата шырқайтын біздерміз.
Біз Қазақстан Республикасының сенімді болашағымыз! Осы рәміздеріміздің еңсесі ешқашан түспесін, оны кір шалмасын, мәртебесі өсе берсін.!
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 34-бабында «Әркім Республиканың Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» делінген.
Олай болса, өз мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеп, қастерлейік!

Бұл – біздің Гимн!


Бұл – біздің Ту!
Бірге: Бұл – біздің Елтаңба!


Ән: «Елім менің» хор

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.


Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!



Оқушылар сабақты қорытындылап, патриоттық ән шырқайды.

Оқушыларды мадақтау. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

Көк ту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет