Сабақтың тақырыбы: Құс-көктем жаршысы
Сынып: 3-ші қазақ сыныбы
Барлық қатысқаны: 6 оқушы, 6 ата- ана
Сабақтын мақсаты: Барлық тыныс –тіршіліктің бастауы көктемнің ерекшелігін байқату, көктемнің алғашқы шаршысы құстарды қарсы алып,қамқорлық жасау. Халық қазынасы мақал-мәтелді,жұмбақ, болжамдарды пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың барысы: «Көктем» вальсі әуенімен оқушылар сыныпқа билеп кіріп отырады.
1-бала:
Наурыз міне, келді жайнап
Көктемнің бұл айы.
Құс біткеннен төгілген ән
Бейне көктем жырлары.
2-бала
Сағынышпен жеткен
Қуана бер көктем
Жайнап нұрлы гүлің
Көктем –тірлік айғағы!
Бастаушы: -Сәлемәтсіздер ме, достар! Сіздерді «Құс –көктем жаршысы» атты тәрбие сағаттарымызды тамашалауға шақырамыз! Көктем мерекесі «Құс күнімен» құттықтаймыз! Бұл мереке –табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы . Жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі бар.Біздің Республикамызда 474 құстың түрі бар. «Көктем вальсі» әуенімен билеп «Көктем» келеді:
Сәлем достар, аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
«Құс- көктем жаршысы»
Ән саламын құс үнімен,
Сәнденемін нұр гүлімен.
Қуантайын бәріңді,
Құс мереке күнімен.
Көктем әні орындалады :
Көктем:
Ал құрметті, халайық
Мерекені бастайық.
Жұмбақ шешімін тапсандар,
Құстарды қарсы алайық,-деп жұмбақ жасырады.
Жұмбақ:
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктем жұлдыз аққандай. (Қарлығаш)
Қарлығаш ұшып келіп:
Мен –адамның досымын
Мекенінде тұрамын.
Шыбын келсе ,кәсібім,
Ұстап жеймін қырамын.
Тазалаймын үй ішін
Шыбын деген кеселден
Ел аузында мақтаулы
Санитармын төселген.
Жұмбақ:
Орманда жоғары
Ағашқа қонады
Тұмсығын балға ғып
Тоқ -тоқ соғады. (Тоқылдақ)
Тоқылдақ:
-Балалар, мен орман құсымын,өзімнің балға тұмсығымен ағаш қабығының арасынан зиянкестерді тауып құртамын.
Орман іші солқылдап,
Жаңғырықты түнімен
Ұрды ағашта тоқылдақ
Тұмсығының түбімен.
Жұмбақ:
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып-ақ,
Қыста алысқа кетеді . (Қараторғай)
Аққу :
Заң жоқ еш уақытта
Біздерді атауға
Түсім де аппақ.
Атым да..................(хормен Аққу)
Арнұр :
Құс сұлуы аққумен
Табиғат көрік сыйлаған
Мылтығын кезеп еш берген
Атуға көзі қимаған.
Ойын:
«Кім көп құс біледі?»
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз қолдаймыз.
Ұя жасап ұқыптап,
Біз оларды қолдаймыз.
-Ендеше, балалар , еңбек сабағында құстарға ұя жасап, жжем салғыш жасап оларды қорғайық.ал кәнеки,балалар, құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіндер?
-Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді .
-Сары шымшық ысқырса,шынымен күз болғаны.
-Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.
-Қарға қанқылдаса, қар жауады.
Нұр :
Оянды бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай қыс қамынан
Көктемді шуға бөлеп ,әнге ораған
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан
Аспандияр: -Құрметті достар, көктем жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын қарсы алайық,оларға қамқоршы болайық. Келген жаңа жылымыз құтты,берекелі болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болсын,елімізде бейбітшілік болсын.Ақ көгершін – өздерің білесіндер, тыныштықтың,бейбітшіліктің белгісі. «Ақ көгершін» әнін елімізге шашу етіп сыйлайық. «Ақ көгершін» әні орындалады.
Сынып жетекшісі: Мухамеджанова М.М
Бекітемін Келісілді
Мектеп директоры: Дир. тәрбие ісінін орынбасары
_______А.А.Шакенова ______Ж.С.Шулембаев
ҚҰС - КӨКТЕМ ЖАРШЫСЫ
Сыныптан тыс тәрбие сағаты
Орындаған: 3-ші қазақ сыныбының жетекшісі
Мухамеджанова М.М
«Путь Ленина» 2013
Достарыңызбен бөлісу: |