Ұйымдастыру кезеңі
3минут
Алғашқы сөз (кезең)
Ортаңғы кезең Тапсырма
лар легі
Соңы (бекіту)
|
Оқушылармен амандасу
Түгендеу.
Сынып жетекшісі алдын ала сынып бөлмесін кафе үлгісінде (парталардың топтың үлгісі) дайындап қояды. Бұл жерде «үстел» үстін әдемі гүл салынған құмырамен немесе интерьерлік заттармен әсемдеу ұсынылады.
Сынып белсенділері даяшы ретінде қызмет атқаруын үйлестіру сынып сағатының әсерлі өтуіне жағдай туғызады. «Даяшылар» қонақтардың кафеге өтіп, орналасуына ілтипат көрсетеді.
Сынып жетекші (бұл жерде кафе иесі):
- Антикафе (сонымен қатар бос кеңістік, тайм-клуб, тайм-кафе)
— әлеуметтік бағыттағы қоғамдық мекемелердің бір түрі, негізгі сипаттамасы-ең алдымен уақытты төлеу, оның құнына ойын-сауық және іс-шаралар кіреді. Құрметтілерім, бүгінгі біздің анти-кафемізде «Табиғат - біздің ортақ үйіміз» тақырыбында әңгімелесіп, табиғаттың ғажайып суреттеріне марқаятын боламыз.
Тапсырма №1
«Табиғатты аялайық адамзат!» ертегісінің бейнематериалын тамашала.Бейнематериал желісіне сәйкес сұрақтарға жауап бер.
Сұрақтар:
- Ортақ үйіміздің ластануына не әсер етті?
- Бейнематериалда табиғатқа қамқорлықтың қандай түрлері көрсетілген?
Тапсырма №2
Бейнематериал мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер айт. Өзіңе ұнаған мақалдың мазмұнын өз ойыңмен түсіндір.
Көмекке келер жеделхат
Жер - таусылмайтын қазына. Жер-ырыстың кіндігі,
Еңбек - ырыстың қазығы. Жер тағдыры - ел тағдыры. Жер бауыры - жазық.
Сұлулық жерден өніп, көктен жауады. Жері байдың елі бай.
Кері байланыс: «Есептесу рәсімі» әдісімен кері байланыс орнату. Бұл әдіс арқылы оқушылар кафенің ақысына төлеген алтын уақытының пайдалы жағы мен пайдасыз болғандығын айтып өтеді.
|
Мұғаліммен амандасады, түгенделеді.
Табиғатты қорғау тақырыбында
әңгімелейді.
Бейне
материалды түсініп қарайды;
Бейне
Материал мазмұнына сәйкес берілген сұрақтарға жауап береді.
Бейне
материал мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер айтады;
Мақал-мәтелдерден ұнаған біреуінің мазмұнына түсінік береді.
|
Бейне
материал сілтемесі: https://youtu.be/Br6NbzxTi6g
|