2.«Полиглот» кезеңі
2- оқушыға:
1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы сайланды?(1991ж)
2.Білім күні қашан тойланады? (1-қыркүйек)
3.Үш жүздің басын біріктірген хан. (Абылай хан)
4.Ертең аптаның қай күні? (Сейсенбі)
5.Азаттық жолында күрескен кім? (Тоқаш Бокин)
6. Балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім? (А.Байтұрсынов)
7.Құрманғазының шәкірті. ( Дина)
8.4 жасынан бастап білім алған ақын ( Мағжан)
9.Нешінші сыныпта оқисың? (үшінші)
10.Кімнің баласысың?
|
ЖҰМБАҚТАР
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1.Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3.Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
10.Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады( қоңырау-звонок)
3.«ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК» кезеңі
Сұрақтары:
АНА ТІЛІ
1..Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...
(«Күлпаш». Б.Майлин)
2. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)
3. «Бүгіннен бастап, сен де менің шәкіртімсің!-дейді.Сөйтіп төрт жасар бала мектеп есігін ашады.» Мәтіннің аты, кім туралы?
( «Ауылға келген мұғалім», М.Жұмабаев туралы)
4. Ұлытау өңірінде Қоңырбай батырдың отбасында дүниеге келген.Он екі жасында әкесіз қалған.Шешесі Қойсана-Абылай ханның сенімді серігі, атақты қазақ батыры Байқозының қызы.Әңгіме кім туралы? (Ақжолтай Ағыбай батыр).
МАТЕМАТИКА
Ең кіші үш таңбалы сан. 100
4 жүздік, 7 ондық, 0 бірлік қандай сан? 470
5пен 8 санының көбейтіндісі 40
3*5+40 мәні қанша? 55
ДҮНИЕТАНУ
1.Адам денесінің тірегі Қаңқа
2.Жүрек қайда орналасқан? Сол жақ кеудеде
3.Біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан Республикасы
4.Сезім мүшелерін ата. Тіл, көз, құлақ, мұрын, сипап сезу
|
Достарыңызбен бөлісу: |