01
|
Өрт қауіпсіздігі.
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико - химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады:
Отты абайсыз қолдану;
2. Пештің ақаулығы;
3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау;
4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.
Өрт оқиғаларына басты себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады.
Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі.
Осы жәйттардың барлығы аяғында өртке әкеп соқтырады.
Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу - өте қауіпті.
Сондықтан, үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей 2 - 3 электр затын бір мезетте электр қуатына қоспау керек.
Өртке келгенде баланың да шалалығы бар. Қолынасіріңкеұстапойнағанжасөспірімдердіңабайсыздығынанболғанөртоқиғалары аз емес.
Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын еңкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
2. Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.
3. Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.
4. Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.
5. Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.
6. Егер сізге біреуді өрттен құтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.
7. Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.
Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы, жиі демалу, жүрек айнуы, сананы жоғалту.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Өрт дегеніміз не?
2. Өрт қауіпсіздігі дегеніміз не?
3. Өрттің алдын алу шаралары.
4. Өрт сөндіру құралдары.
|
Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:
Су — өртті сөндірудің негізгі құралы. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қарапайымы болып табылады. Оның отты сөндірудегі әрекеті — ол жанғыш затты салқындатады
Химиялық көбіктің құндылығы оның төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде болып табылады, ол жанған затты толығымен тығыз жауады және оған ауа жібермейді.
Көмір қышқылды өрт сөндіргіштер химиялықтармен қатар айтарлықтай таралған. Олар химиялық зертханаларда, кітапханаларда, мұражайларда және басқа да жайларда кеңінен қолданылады. Бұл өрт сөндіргішті қуаттандыру үшін үлкен қысымда тұрған сұйытылған көмір қышқылы (көміртек диоксиді) қолданылады.
|
Өрт сөндіргіш құралдары,суреттер
|