Сынып сағаты Мерзімі



Дата13.02.2023
өлшемі42.5 Kb.
#469450
түріСабақ
сынып сағаты




Сынып сағаты
Мерзімі : 10.11.2022 жыл
Сынып: 5 «А»
Мұғалім : Базарбай Жеміс
Тақырып Табиғаттан нәр алып...


Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: мейірімділік, жанашырлық, сыйластық



Мақсаты: оқушылардың «табиғат», «жер», «су,ауа, топырақ» туралы ұғымдарын кеңейту
Міндеттері:

  • Оушыларға табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың табиғатты сақтап-қорғауға, аялап-мәпелеуге баулу;

  • Сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу;




Ресурстар:(құралдар,мәліметтер)

(баяу музыка қою)



Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушыларды жағымды күйге келтіру. Тыныштық сәті:Тыныштық сәті балалардың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеп, көңіл күйлерін көтеріп, өздерін жақсы сезінуіне әсер етеді.
Тыныштық сәтi. С.Тұрысбеков « Ақ жауын » күйін тыңдау
Үй тапсырмасы Адам мен табиғат арасында қандай байланыс бар? Мәтінді оқып табиғатта деген көз қарасың қандай? Жер ана деген сөздің құдіретін сезініп көрдіңдерма? Табиғат сылулығын қалай сақтап қалуға болады?



4 мин

7 мин




Дәйексөз: Сабақта дәйексөз ретінде алынған «Қыстағы қар жерге ырыс, Жердегі ылғал-елге ырыс» деген мақалдың мағынасын қалай түсінетіңдерін ортаға салып талқылау және оқушылардың ойларымен бөлісу.

7 мин

Әңгімелеу Табиғат. Табиғаттың адам өміріне маңызы туралы реферат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам — табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы — Көкшетау», «Жер жаннаты — Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.


«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы — осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.

5 мин

Шығармашылық жұмыс: Оқушылардың сабақта алған білім-біліктерін іс жүзінде көрсете алуларына мүмкіндік беретін шығармашылық жұмыс орындайды.
Оқушылар өнер туындыларын қарап, ондағы адам мен табиғат үндестігін салыстыру оқушыларды топтарға бөліп өз сылулқтарын табиғатқа баулып айтады.оқушылар табиғат бейнесінде киініп сулулықтарын өлең шумақтарымен жеткізсе Ө Тұрманжановтың «Туған жер топырағыңнан айналайын»атты өлеңдерн оқиды.

Оқушылар шеңберге жиналып, кезекпен кезек төмендегі пікірді жалғастырып айтады.


«Табиғат-мен үшін қуаныш өйткені....»
«Табиғат-мен үшін денсаулық, өйткені...»
«Табиғат-мен үшін шығармашылық, өйткені...»



15 мин

Хормен ән: Туған жер Атамекен



4 мин

Үйге тапсырма: Табиғатты аялайық тақырыбына эссе жазып келу.



3 мин


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет