Ситуациялық сұрақтар.
Сынақ; Мына стол үстінен кез – келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Сұрақты алмас бұрын 7 топқа бөлінгеніміз дұрыс. (Топпен жұмыс).
1. Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?
2. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», - деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылыма?
3. Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
4. Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Нұржамал деген құрбыңыз бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?
5. Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн тәртібін енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?
6. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
7. Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
8. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
Y. Аяқталмаған мақал - мәтел
1)Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
2) Ананың сүті – бал, баланың тілі - бал.
3) Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
4) Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,
Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,
Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.
5) Тәрбиелі кісі — Қант қосқан жармадай, Тәрбиесіз кісі — Шаң боратқан арбадай.
6) Ұлға отыз үйден тыю, Қызға қырық үйден тыю. 7) Бала тәрбиесі бесіктен.
8) Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала.
9) Әкені көріп ұл өсер, Шешені көріп қыз өсер.
10) Ананың ізін қыз басар, Атаның ізін ұл басар.
11) Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны алады. 12) Балаға байқап сөйлесең, Ақылыңа көнер, Байқамай шайқап сөйлесең, Көрсетер бір «өнер».
13) Жемісті ағаш жер бауырлап өседі, Жетелі жігіт ел бауырлап өседі.
14) Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ,
бала - жағасындағы құрақ.
15) Қарға баласын «аппағым» дейді, Кірпі баласын «жұмсағым» дейді. 16) Жаста берген тәрбие — Жас қайыңды игендей.
17) Отан – отбасынан басталады. 18) Аға әдепті болса, іні әдепті, Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
19) Алты жасар бала алыстан келгенде,
Алпыстағы ақсақал сәлем берер.
20) Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – он пішер.
YI. «Тілек шамы».
Достарыңызбен бөлісу: |