Сүйек,бұлшық еттердің және қосылу тіндердің құрылысы және физикалық қасиеттері



бет1/4
Дата20.03.2022
өлшемі36.77 Kb.
#456421
  1   2   3   4
Негізгі бөлім



Негізгі бөлім: 

  1. Сүйек,бұлшық еттердің және қосылу тіндердің құрылысы және физикалық қасиеттері.

  2. Сүйек тіндері және элатомерлер үшін Гук заңы,

  3. Биологиялық ұлпалардың деформациясы кезіндегі Гистерезис эффектісі.

  4. Тұтқырлы қатаңқы және қатаңқы тұтқырлы жүйелер.

  5. Түрлі ұлпалардың негізгі қасиеттерін білдіретін механикалық модельдердің схемалары.

  6. Механикалық жүйелерде созылу кезіндегі кернеудің тәуелділігі.

  7. Қантамырлардың деформациясының негізгі теңдеуі.

  8. Сұйықтардың беттік керілу күштері.

  9. Ақуыздар молекулаларындағы деформация механизмі.



Кіріспе
Биологиялық тіндер: тері, бұлшықет, қантамырлар, тыныс алу жүйесі, жүрек клапандарының жапырақшасы және ішкі органдардың (өкпенің, мидың, сіңірдің) және т.б. өздерінің механикалық қасиеттері қатты тіндермен (сүйектер) салыстырғанда ерекше болады. Жұмсақ биологиялық тіндердің басты қасиеті- олардың аса үлкен шамада деформациялануы болады. Сонымен қатар олардың механикалық бастапқы және соңғы күйі, сығылғыштығы және анизотропиялығы бір біріне өте ұқсас келеді.
Жұмсақ биологиялық тіндердің құрылысына мынадай компоненттер кіреді: 1- каллогендік талшықтар, 2- эластинді талшықтар, 3- негізгі құрылым және жасушалар. Әр компоненттің механикалық, биологиялық және иммунологиялық қасиеттері олардың өздеріне тән ультра құрылымдарына тәуелді болады.
Байлам тіндерінің ішіндегі ең негізгісі –коллаген, оның құрылымдық пішіні әр түрлі. Коллагеннің ерекшелігі- ол спиральды полипептидті тізбектен спиралдық талшыққа дейінгі барлық деңгейдегі спираль құрайды. Механикалықжүктеме көп болатын тіндердің негізгі функциясы үшін осындай құрылыс элементтердің бір-бірінің бетімен салыстырмалы сырғанауын шектейді. Коллаген элементтері- тропоколлаген молекулаларынан құралады. Олардың бастары мен ұштары қосылып диаметрі 20-40 нм коллагендік фибриллаларды құрайды. Фибриллалардың диаметрлері тін мен сүтқоректілердің түрлеріне байланысты болады. Фибрилл шоқтары диаметрі 0,2- 12мкм арасындағы талшықтар түзейді. Созылған кезде коллагендік талшықтар және олардың талшықтық құрылымдар шоғы, аз да болса деформацияланады. Кернеу мен деформация бір бірімен сызықтық емес байланыста болады. Коллагендік тіндердің созылғандағы берітігі 50-100 МПа болса, серпімділік модулі 1000МПа болады. Бұл коллагендік тіндердің аса берік болатындығын көрсетеді. Эластиннің табиғаты-ол гидрофобты және белгілі бір аралықта қатаң химиялық қосылыстағы аминқышқылдарының тізбегінен тұрады. Созылған кезде сызықтық қасиеті байқалады. Жұмсақ биологиялық тіндерде эластикалық құрылым талшықты және мембранадан тұратын екі түрлі морфологиялық пішінді болады.
Талшықтық эластинде бір бірімен байланыстағы екі жіптен есілген арқан секілді компоненттер бар. Эластиннің осындай құрылымы олардың талшықтарының созылу деформациясына төзімді етеді. Сонда эластиннің серпімділік модулі небәрі 0,6 МПа болады.
Эластин мен коллаген талшықтарының өзара әсерлесуі жұмсақ биологиялық тіндердің беріктігін және деформациялық қасиетін анықтайды. Мысалы: артерия және өкпе паренхима тіндерде эластин серпімділік қасиет береді. Коллагенді талшықтар бұл тіндерде хаосты және толқын тәріздес болып созылып, содан кейін ғана түзіледі.Негізгі затта коллагендік талшықтар жасушалармен және жасушалар ішіндегі затпен біртұтас болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет