Сүйіктім менің, электра (пьеса) Ласло Даркодан



бет6/16
Дата03.01.2023
өлшемі74.92 Kb.
#468093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Сүйіктім менің, Электра

ЖЕТІНШІ КӨРІНІС
Орест, Эгист, Клитемнестра, Хор, Мылқау, күзет бастығы.
КЛИТЕМНЕСТРА. Қайырлы кеш, сүйіктім. Көрмегеніме бірер сағат болып еді, сені сағынып отыра алмадым.
ЭГИСТ. Қателескен екенсің, сақшы жігіт. Бұл қалада ғашықтар әлі де бар боп шықты ғой. Естисің бе, мына ханым не дейді?! Бірақ, оған кешірімді. Өйткені, ол патшаны сүйеді.
ОРЕСТ. Сен Клитемнестрамысың?
КЛИТЕМНЕСТРА. Мен Клигемнестрамын. Эгисті сүйіп, барша мұратына жеткен бақытты Клитемнестра мен боламын. Ал, сен өзің, кім болдың, жас жігіт?
ОРЕСТ. Мен патшаға хабар әкелдім. Оның сізге де қатысы бар.
КЛИТЕМНЕСТРА. Жақсы хабар ма?
ОРЕСТ. Эгаст үшін жақсы хабар. Ал сен үшін қандай болатынын қайдан білейін!
КЛИТЕМНЕСТРА. Эгист үшін жақсы хабар мен үшін де жақсы хабар.
ОРЕСТ. Ендеше, ұлың өлді.
КЛИТЕМНЕСТРА. Кім өлді дейсің?
ОРЕСТ. Орест, ханым.
КЛИТЕМНЕСТРА. Орест, менің ұлым. Менің балақайым өлді дейсің бе? Жалған шығар.
ОРЕСТ. Жоқ, шын.
КЛИТЕМНЕСТРА. Орест өлді дейді. Мұнысы рас па, сүйіктім?
ЭГИСТ. Рас сияқты.
КЛИТЕМНЕСТРА. Менің балақайым өлді де. Сен де рас десең рас болғаны ғой.
ОРЕСТ. Көз жұмар алдында маған саған барып ақтық рет кешірім өтін деді. Анама айт, мен оны өмірбақи сүйіп өттім, кеудемнен итеріп жат өлкеге қуып тастаса да, оның баяғыда бала кезімде бетімнен сүйген жұп-жұмсақ ернін ұмытқам жоқ деді сыбырлап. Сүй деді де, бейшара үзіліп жүре берді.
ХОР. Көзіңе жас келтіретін әңгіме екен.
КЛИТЕМНЕСТРА. Мен бе кеудеден итерген. Мен бе жат өлкеге қудырған. Жоқ, әлгі Агамемнонның оңбаған достары ғой менің көзіме көрсетпес үшін ұрлап әкеткен.
ОРЕСТ. Өміріме қауіп төнбесін деп ұрлап әкетті деп Орест айтушы еді.
ЭГИСТ. Патша өлгенде дүниенің асты үстіне келетінін сен әлі білмейсің ғой. Ондай кезде бастан айырылудан оңай нәрсе жоқ.
КЛИТЕМНЕСТРА. Бейшара балақайым-ау, ғұмырың тым келте болды-ау.
ОРЕСТ. Ол төрт жасында-ақ марқұм боп кетуі мүмкін еді, одан бері он бес жыл өмір сүргеніне шүкіршілік деңіз.
КЛИТЕМНЕСТРА. Тірі жүруін жүрді-ау. Бірақ, өмірі өмір болмапты. Кабактан шықпай, жезөкшеден жезөкше қоймай, Агамемноннан қалған дәулетті картаға ұтқызған далбаса тірліктің несі өмір?
ЭГИСТ. Берген құдай өзі алады. Ендігінің бәрі артық әңгіме. Болары болын, бояуы сіңіп қойған нәрсеге бола бас ауыртып қайтесің.
ХОР. Бір данышпан айтты ғой: ойлансаң өзгертіп болмайтын нәрсе туралы ойлан деп. Әрине, оның да даңғазамен данышпан атанып кеткен ақымақ біреу болуы әбден мүмкін-ау!
ЭГИСТ. Жігіт, сені ертең Мейрамға келеді деп күтетінімді ұмытпа.
ОРЕСТ. Келем. Оған кәміл сеніңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет