СманқҰлова жанат ерекенқызы қазақстан республикасындағы кәсіби лицейлер мен колледждердің Қалыптасу және даму тарихы



бет6/17
Дата17.01.2023
өлшемі202.48 Kb.
#468493
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
автореф колледж

Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі 1991-2008 жылдар аралығын қамтиды. Жұмыста аталмыш жылдар аралығындағы еліміздегі экономикалық және әлеуметтік дағдарыс барысындағы кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің барысы, бұрынғы кәсіптік оқу орындарын колледждер мен лицейлік оқу жүйесіне, нарықтық экономикаға сай бейімдеу, осы оқу орындарының экономикалық және әлеуметтік жағдайы мен даму тенденциясы, жұмыссыздарды кәсіби оқыту мен қайта дайындаудағы, лицейлер мен колледждердің рөлі, даярланған мамандарды жұмысқа орналастырудың жағдайы, мамандарды даярлаудағы оқу-тәрбие жұмысы мұрағат және өзге де деректі материалдар негізінде қарастырылады.
Зерттеудің қолданыстық маңызы. Диссертацияда тұжырымдалған ой-түйіндер, пікірлер, ұсыныстар мен ғылыми нәтижелер техникалық және кәсіби оқу орындарының нарықтық қатынас, еңбек нарығы жағдайындағы адам және қоғам өміріндегі орнын көрсетеді, экономика мен халыққа қызмет етудегі мәнін түсініріп береді. Қазақстан Республикасындағы қазіргі еңбек нарығы икемділігі төмен мамандарды емес, бәсекеге қабілетті, біліктілігі, шеберлігі, дағдысы жоғары жұмысшылар мен мамандарды қажет етеді. Диссертацияда жасалынған негізгі тұжырымдар мен қорытындыларды және алынған нәтижелерді ғылыми еңбектер, оқу-әдістемелік құралдар, оқулықтар дайындауға сонымен қатар әлеуметтік гуманитарлық бағыттағы доктор, магистр, бакалавр мамандары үшін Отан тарихының теориялық және әдістемелік мәселелеріне байланысты арнайы курстар дайындауда, көпшілік тәжірибе жұмысында, оқу орындарының инженер-педагог кадрларының білімін көтеру курстарында және жалпы білім беретін мектептерде, оқу орындары мен ата-аналар арасында жастарға кәсіби бағдарлама беруде кеңінен қолдануға болады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеу жұмысының әдістемелік негізін айқындауда бұрынғы кеңестік жүйеден бас тарта отырып, жаңа негіздегі тәсілдер қолданылды. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін Қазақстанда қалыптасқан лицейлер мен колледждердің даму тарихын нақты мұрағаттық фактілер, ғылыми зерттеулер мен мерзімді басылым материалдары, үкіметтік заңнамалар арқылы салыстыра көрсету басшылыққа алынды.
Зерттеу барысында саралау, талдау, қорытындылау, жүйелеу сияқты тәсілдер кең түрде қолданылды. Автор егемендігімізді алғаннан кейін қалыптасқан ой пікірлер мен тұжырымдарға, техникалық және кәсіби оқу жүйесіне туындаған көзқарастарға сүйенді және тақырыпқа идеялық, әдістемелік тұрғыда ықпал еткен іргелі теориялық еңбектерді кең түрде пайдаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет