Әйтеке би: Адам өмірі өзгенікі, өлімі ғана деген аталы сөз бар



Дата15.06.2016
өлшемі227.62 Kb.
#137865

  1. сынып




  1. Сөйлемді толықтырыңыз.

Әйтеке би: Адам өмірі – өзгенікі, өлімі ғана –....... деген аталы сөз бар:

Мен сол өмірімді өзгеге бере алдым ба – сол ғана көкірегімді тырналайды.




  1. Бата – құранның анасы. Айтады ердің данасы. Атаңнан бота қалмасын,.........




  1. Ақылдының ажары – жарқыраған ...... тең.




  1. Ақылсыздың ажары – бұлт пенен ........ тең.




  1. Ақылсызға айтқан сөз – құмға сіңген ..... тең, ақылдыға айтқан сөз – Алаш ұстар ...... тең.



  1. Ақылың – ................ .




  1. Ақыл мен мінез – бірге туған ...




  1. Жаман мінез – ақылсызға берген жасағанның ...... .




  1. Сөйлемді аяқтаңыз. Төменде берілген сөздерден таңдаңыз. Ер жігітке төзім – .....,




  1. сабыр – .....,




  1. ақыл –.............. ,




  1. ар-абырой – ......,




  1. қанағат –.............,




  1. бата – ..........., әдеп – сән,




  1. жалған сөз – ....., (көңіл азығы, дерт,тірек, қамал,әл-қуат, қазына, асыл тас, мұра, сән, ем).

2. Сөйлемді аяқтаңыз.

16. Жақсы адам қашанда өзгеге жақсылық жасауға ........... Ал жақсылық жасасаң – жасыр, жақсылық көрсең – ..... .
17. Өзіне жақсылық тілемейтін адам жоқ. Ал өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге ..... қылма!
18. Мақалдың жалғасын жазыңыз.

Жақсылық жайлаған жерде бал төгілер. .................


19. мақалдың жалғасын жазыңыз.

Жіп түйінсіз байланбайды, сөз ........................ .


20. Мақалдың жалғасын табыңыз.

Үлкеннің жолын кеспе, көрінбей қаласың, кішінің жолын кеспе ................


21. сөйлемді толықтырыңыз.

Қой асығы демеңіз, қолыңа жақса, сақа ғой.

Жасы кіші демеңіз, ақылы асса, .... ғой

А) бастық

В) дана

С) білімді

D) ақылды
22. мақалды толықтырыңыз.

Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды, тұлпар ерді сақтайды, ер ..... сақтайды.

А) үйін

В) елін


С) отбасын

D) өзін
23. Сайыпқыран ерлері бар ауыл –........... .

А) мазасыз

В) тыныш


С) қорқады

D) тыныштық жоқ


24.Мақалдың жалғасын табыңыз.

Үйіңде атаңның намысын қорға,

Түзіңде .................................. .
25. Мақалдың жалғасын табыңыз.

Атаң қазақ атты тісіне қарап таниды.

Ерді ...................... .
26. Сөйлемді толықтырыңыз.

Ер еріксіз болса, Ел ...... деп біледі.

А) көңілді

В) көріксіз

С) көрікті

D) көркем


27. Сөйлемді толықтырыңыз.

Атасы бас имеген жерге тізе бүккен ер де Ер емес, ....


28. Сөйлемді толықтрыңыз

Досынды өкпелеткенің – дұшпаныңды ............ .


29. сөйлемді толықтырыңыз.

Көңілі соқырға ..... болма!


30.Сөйлемді толықтырыңыз

Ағада ілтипат жүрмеген жерде, ініде .....


31.Сөйлемді аяқтаңыз.

Терең өзен алабұртпай ағады, текті адам ..... жағады.

А) мансабымен

В) кішілігімен

С) ұлылығымен

D) көп білетінімен


32. Сөйлемді толықтырыңыз. ( қажетті сөзді таңдаңыз: дәулетің,шырақ, еңбегіңмен, сәулетің, байлығың, жиған - тергенің)

Ең дәмді деп татқаның – өз ..... тапқаның. Сонда ғана еңбегің – .....,,, беделің – .... бола алады. Сонда ғана шыраққа айнала аласың. Жанған .....жарық берер, жарық берген шырағын халық көрер. Тек лап етіп жанып, жалп етіп сөнуден сақтасын өздеріңді.


33. Сөйлемді толықтырыңыз.( қажетті сөзді таңдаңыз: саспа, таспа, қашпа, қуанарсың, баисың, ренжіме, ойланба)

Еңбегің жанса – ...... Бірақ, қуаныш келсе ...., қасірет келсе .....!


34. Сөйлемді аяқтаңыз.

Төбең көкке жетсе де табаның жерде тұрғанын.... .

А) ұмыт

В) ұмытпа



С) ойлан

D) ойланба


35. Сөйлемді толықтырыңыз.

Жоғарыда ұшқан даңққа бөленер. Бірақ, ауру батпаңдап кіріп, мысқалдап шықса, даңқ мысқалдап кіріп, ....... ұмытпа!

А) мысқалдап шығатынын

В) батпандап шығатынын

С) жай шығатынын

D) біртіндеп


36. Сөйлемді толықтырыңыз.

Даңққа тұлпар дүлдүлділігімен жетеді, ер-азамат ..... жетеді.

А) еңбегімен

В) білгірлігімен

С) шешендігімен

D) жақсылығымен


37. Сөйлемді толықтырыңыз.

Кейде сен жетпеген биікке өзге бұрын жетеді. Ондай жағдайда өзіңнен биіктегіні .... көрме, өзіңнен төмендегіні жүндей көрме!

А) күн

В) күндей



С) жамандай

D) жаман
38. Сөйлемді толықтырыңыз. ( қажетті сөзді таңдаңыз: арналы, тегіс, дайын, даңғыл)

Даңқтың жолы .... емес. Абыройдың жолы .... емес.
39.Сөйлемді аяқтаңыз.

Жақсының нәрін ал, тәлімін ал, сосын бақиға кеткенше сыйлап өт. Нәрін ішкен бұлаққа, .....

А) барма

В) тас лақтырма, құм атпа!

С) жолама

D) келме, ұмыт


40. Сөйлемді аяқтаңыз

Жүрген жерлеріңнің бәрі жазық болсын. Ар мен абырой өмірлеріңізге .... !


41. Сөйлемді толықтырыңыз.

Тұяқтыда ...... атаныңдар, қанаттыда .... атаныңдар, шырақтарым!

42. Сөйлемді толықтырыңыз.

Ұлының жеткен биігіне жетем деп ұмтыл, бірақ әлімсақтан келе жатқан «Аяз би әліңді біл, ....... дегенді зерделе!


43. Сөйлемді толықтырыңыз.

Атқа мінгенің – азапқа да мінгенің. Азапсыз – ердің аты шықпас. Азап дегенің – тынымсыз ..... .

А) уақыт

В) еңбек


С) заман

D) сағат
44. Сөйлемді толықтырыңыз.

Үнемі жақсыларды жанай ..... . Өзен теңізге қарай ағады, жақсы жұрт мақтаған, ел жақтағанға қарай барады.

А) жүрме


В) жүргейсің

С) жүрмегейсің

D) жүріп
45. Сөйлемді аяқтаңыз.

Ботаның құны – бір-ақ ..., батаның құны – мәңгі құт.



  1. Сөйлемді толықтырыңыз.

Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің .... бол!


  1. Сөйлемді толықтырыңыз.
    Бір елдің атасы болма,
    Бар елдің .... бол!




  1. Бір тонның жағасы болма,
    Көп қолдың .... бол!




  1. Ақты ақ деп ..... ,
    Қараны қара деп қарала.




  1. Жауыңа қатал бол!
    Досыңа .... бол




  1. Наданға көзіңді салма .... сынар,

  2. Досыңа өтірік айтпа, .... кетер.

  3. Дұшпанға сырыңды айтпа,түбіңе ..... .

  4. Сөйлемді аяқтаңыз. Хан азса,халқын ...... ,

  5. Халық азса,хандыққа ...... .

  6. Жаңбыр жаумаса ... жетім,

  7. Басшы болмаса ... жетім,

  8. Ұқпасқа айтқан ... жетім...

  9. Өіңе-өзің кәміл бол. Халқыңа .... бол,

  10. Аларды біліп, ..... без.

  11. Ел-жұрттан қашып, ермегеннен ..... .

  12. Төмендегі шешендік сөздің кімдікі екендігін табыңыз: «Біз қазақ

деген мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз ...».

А)Төле би.

В) Қазыбек би

D) Әйтеке би

D) Абай.
63. «Қарлығаш әулие» атанған би?

А) Төле би.

В) Мөңке би.

С) Қазтуған.

D)Қазыбек.
ОҚЫЛЫМ


  1. Мәтінді оқыңыз

Ерте, ерте, ертеде жалғыз баласы бар бір жесір әйел өмір сүріпті. Жалған дүниемен қоштасатынын сезген кезде, әлгі әйел баласын шақырып былай дейді: “Басымыздан қиын күндерді өткердік, кедейшіліктен бас көтермедік. Бірақ саған үлкен байлық мирас етемін. Кезінде оны маған бір ғұлама берген болатын. Сол кітапта үлкен асыл қазынаға жету жолы жазылған. Оны оқитын менің уақытым болмады. Бірақ сен міндетті түрде оқуың керек – кедейшіліктен құтылып, бай болуың керек!”

Анасының жаназасынан кейін баласы анасы аманатқа қалдырған үлкен ескі кітапты қолына алып оқи бастайды. Кітаптың алғашқы беттерінде былай жазылған екен: “Қазынаға жету үшін кітаптың әрбір бетін кезек кезегімен оқыңыз. Бір бетін оқымай, екіншіге өтпеңіз. Егер де соңында не бар екен деп, дереу кітаптың соңғы бетіне өтер болсаңыз, кітапқа сиқырлы күш пайда болып, кітап өз-өзінен жоқ болады. Содан кейін қазынаға ешқашан жете алмайсыз.” Осындай кіріспеден соң, бір елді-мекенде сақталған үлкен қазына туралы айтылады. Қазына жатқан үңгір жақсы қорғалуда екен.

Кітаптың бірінші беттері парсыша жазылса, бір жерінен бастап кітап араб тілінде жалғасады екен. Өзін қазірден бай сезінген жас жігіт, бұл құнды кітап туралы басқа біреу біліп қоймасын, өзінен басқасы қазынаға жете алмасын деп, арапша жазылғандарды аудартуға қимайды. Содан кітапты ары қарай оқу үшін оған араб тілін меңгеру керек болды. Араб тілін үйреніп, кітапта жазылғандарды жақсы түсініп оқиды. Білгілі бір жерден бастап кітап араб тілінде емес, қытай тілінде жалғасады. Сосын тағы-тағы басқа тілдерде. Жас жігіт бар ынта мен жігерін қосып, кітап қай тілде жазылса, сол тілдердің бәрін меңгереді. Көп тілдерді меңгергені арқасында қаланың ең жақсы аудармашысы атанады. Өмірі реттеле бастайды.

Көп тілді беттерден кейін кітапта қазынамен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы нұсқаулар жазылады. Осы беттерді оқып, жігіт экономика мен сауда салаларын да меңгереді. Сонымен қоса, қазынадағы асыл тастар мен гауһарлар туралы ғылымды да оқиды. Оқып үйренгендердің бәрін теориядан тәжірибеге еңгізіп жүреді. Оның көп тілді, көп саладан теңдесі жоқ маман екені сол елдің патшасының құлағына да жетеді. Патша жігітті қасына шақыртып, жақсы қызметке тағайындайды. Ұзақтау алғысөзден кейін кітап негізгіге өтеді: үңгірдегі үлкен есік қалай жасалғаны жайлы, бұрандалары қалай құрылғаны жайлы, үңгірге жету үшін не жасалыну керегі жайлы баяндалады.

Осы құпияларды басқа ешкіммен бөліскісі келмейтін жесір әйелдің баласы сол елдің ең білгір, ең оқыған адамы болады. Тіпті кейіннен қаланың сәулетін көркейтетін болады. Патша жігіттің біліміне тамсанып, өз сарайының сәулетшісі, ал кейін өзіне ең жақын уәзірі қызметіне тағайындайды. Расында да, сол елде сол жігіттен артық білімге жақын бірде-бір адам табылмайды. Осылай жүріп жігіт кітаптың соңына жетеді. Кітаптың соңғы бетін ауыстырғанда, бір-ақ сөйлем жазылғанын көреді: “Білім – дүниенің ең үлкен қазынасы!”


  1. Мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.

64. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз

A) өз тіліңді құрметте

B) кел балалар, оқылық

C) білім арзан

D) жеті жұрттың тілін біл


65. Мәтіндегі басты тірек сөздерді таңдаңыз

A) жесір әйел, жалғыз бала, кедейшілік, үлкен байлық, мирас,кітап, асыл қазына, жету жолы, бір бетін оқымай, екіншіге өтпеу, көп тілдерді меңгеру, қазынаның қалай жұмсалуы, асыл тастар, патша, ең білгір, ең оқыған адамы, ең жақын уәзірі

B) Ерте ерте ертеде Иранның кішкентай бір қаласында жалғыз баласы бар бір жесір әйел өмір сүріпті

C) Кітаптың бірінші беттері парсыша жазылса, бір жерінен бастап кітап араб тілінде жалғасады екен

D) Кітаптың бірінші беттері парсыша жазылса, бір жерінен бастап кітап араб тілінде жалғасады екен
66. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз

A) жігіт экономика мен сауда салаларын да меңгереді

B) қаланың ең жақсы аудармашысы атанады

C) кітап қай тілде жазылса, сол тілдердің бәрін меңгереді

D) байлық мирас етемін, кітапта үлкен асыл қазынаға жету жолы жазылған
67. Мәтін мазмұна сәйкес жауапты табыңыз ( сұрақ – жауап)

Елдің патшасы не туралы естиді?

A) білім туралы

B) жігіттің қазына кітабы туралы

C) жігіттің бірнеше тіл білетінін, әр саладан жақсы маман екендігі туралы

D) жігіттің қазынасы туралы


68.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

A) білім – дүниенің ең үлкен қазынасы

B) көп тіл білудің пайдасы

C) бірнеше тіл білу

D) тілді үйрену өнер
69.Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз

A) жеті жұрттың тілін біл

B) жеті түрлі ғылым біл

C) жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл

D) білім – дүниенің ең үлкен қазынасы
70. Мәтіндегі ақпаратты толықтыратын / нақтылайтын

қорытынды пайымдауларды таңдаңыз

A) өнерліге есік ашық

B) өнерлі өрге жүзер

C) өнерді үйрен де жирен

D) білім – таусылмайтын қазына


71.Мәтіннің І азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз

A) бай болу керек

B) ғұлама берген кітап

C) ерте, ерте, ертеде...

D) кедейшіліктен құтылу керек
72.Мәтіннің ІІ азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз

A) кіріспеден кейін...

B) кітаптың сиқырлы күші

C) Бір бетін оқымай, екіншіге өтпеңіз

D) кітаптағы нұсқаулықтар
73. Мәтіннің ІІІ азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз

A) кітапта жеті жұрттың тілі бар

B) кітаптың құпиясы

C) жігіт кітаптағы тілдерді меңгереді

D) бірнеше тілде жазылған кітап
74. Мәтіндегі ақпараттарды жағымды немесе жағымсыз бағалайтын нұсқаны таңдаңыз

A) жігіттің анасы мирасқа жақсы кітап қалдырған

B) кітап – білім бұлағы

C) білімді болудың қарапайым нұсқасы

D) білімділіктің қайнар көзіне бағыт береді
75. Мәтін мазмұнындағы ақпаратқа қарама - қарсы ақпаратты таңдаңыз

A) жалқаудың ертеңі бітпес

B) оқу – инемен құдық қазғандай

C) өнер, білім бәрі де оқуменен табылған

D) білімді мыңды жығады
76. Автордың пікірін білдіретін ақпаратты таңдаңыз

A) Осылай жүріп, жігіт кітаптың соңына жетеді

B) кітапта үлкен асыл қазынаға жету жолы жазылған

C) кітапта қазынаның қалай жұмсалу керектігі жайлы нұсқаулар жазылады

D) Расында да, сол елде сол жігіттен артық білімге жақын бірде-бір адам табылмайды
77. Мәтіндегі себеп – салдарлық байланысты анықтаңыз

A) еңбек етсең, емерсің

B) еңбек түбі – зейнет

C) кітаптың құпиясын меңгергендіктен, жігіт байлыққа жетеді

D) көп оқысаң, көп білесің
78. Мәтін аңдатпасын толықтырыңыз

A) мақала еңбек туралы

B) мақала тілдерді меңгерту туралы

C) мақала жігіттің өмірбаяны жайында

D) мақала білім құпиясы туралы
79. Мәтін мазмұнын ретімен толықтырыңыз

Мәтіннің ортаңғы бөлігі не туралы?

A) кітап құпиялары

B) кітапты оқу нұсқаулары және оның бірнеше тілде жазылуы

C) жігіттің қызығушылығы

D) жігіт бірнеше тілді меңгереді


80. Мәтін мазмұнына керекті фактілік аргументті табыңыз

A) білімсіз дүние қараң

B) білім кісілігіңді, кішілігіңді арттырады

C) білім асырайды

D) білімдіге ел қызығады
81. Мәтіндегі маңызды сөйлемді табыңыз

A) Бір бетін оқымай, екіншіге өтпеңіз

B) Қазынаға жету үшін кітаптың әрбір бетін кезек кезегімен оқыңыз

C) білім – дүниенің ең үлкен қазынасы

D) сен міндетті түрде оқуың керек
82. Мәтін мазмұнындағы фактілерді маңыздылық дәрежесіне қарай таңдаңыз

A) сен міндетті түрде оқуың керек – кедейшіліктен құтылып, бай болуың керексің

B) кітапта үлкен асыл қазынаға жету жолы жазылған

C) саған үлкен байлық мирас етемін

D) білім – дүниенің ең үлкен қазынасы
83 .Тақырыпқа қатысты ақпаратты таңдаңыз

A) білім алуға мүмкіндік көп

B) жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл

C) көптеген бағдарламаларға қатысуға болады

D) білім алуға мүмкіндіктер көп
Жапонияда көптеген университеттер бар. Соның iшiнде үшiншi-төртiншi орында деп айтуға болатын Тохоку университетiнде профессор болып еңбек етемiн. Мәселен, Қазақстанда бiр кездерi ҚазМУ, Ауыл шаруашылығы, политехникалық, халық шаруашылығы және медициналық институттар болғанын бiлемiн. Бұлардың бәрi жеке-жеке аталады. Ал, Жапонияда университет ұғымы осындай институттардың барлығы бiрiккенде ғана аталады. Сондықтан, бiр университетте түрлi салада 20-30 мың студент оқиды. Мен Тохоку университетiнде ғылым саласында, атап айтқанда, химия, математика, физика ғылымдары қосылған жаратылыстану ғылымдары бөлiмiнде канттық физикалық химия саласы бойынша жұмыс iстеймiн. Бұл суперкомпьютердi есептейтiн сала болып табылады. Жапон студенттерi мен аспиранттарына осы салада ағылшын әрi жапон тiлiнде сабақ беремiн. Жапония елiнде тұрып жатқанымызға биыл он бесiншi жылға аяқ басты. Оның алдында үш жылдай АҚШ-та, екi жылдай Германияда тұрдық. Қазақстанда оқу бiтiргеннен кейiн төрт жылдай жұмыс iстеп, Ресейге кеткен болатынмын. Менiң аяғымнан тұрып кетуiме Новосибирскi қаласында тәмамдаған оқуым әсер еттi деп ойлаймын. Өйткенi, Қазақстанда алған бiлiмiм түпкiлiктi болмады.

Жапон халқы – ерекше халық. Жалпы, дүниеде екi түрлi мемлекет болады. Бiрi, табиғи байлыққа мол мемлекет, екiншiсi өзiнiң территориясында мұндай байлығы жоқ ел. Сол елдiң бiрi – Жапония. Жапонияның территориясы Қазақстанға қарағанда жетi есе кiшкентай, бiрақ, халық саны бойынша жетi есе үлкен. Былайша айтқанда, Қазақстанда 1 шаршы шақырымға 2-3 адамнан келетiн болса, жапон жерiнде бұл көлемге 49-50 адам келедi. Жапония территориясының 40 пайыздан астамы таулы аймақ. Жерi аз, халқы көп. Өз байлығы жоқ. Болған күннiң өзiнде оны қазып ала беретiн болса, жерi төмендеп, бар жерiнен айрылып қалады. Бiр ғана мысал, Кеңес Одағында бүкiл дүние жүзiндегi табиғи газ қорының 60 пайызы болды. Жапонияда табиғи газ жоқ. Олар газды сұйықтандырып, Малайзиядан кемемен алып келедi. Ал, Малайзиядағы табиғи газдың қоры әлемдегi газдың 0,57 пайызын ғана құрайды. Осы газды тасымалдап әкелген жапондар Осака, Токио сынды қалаларында пайдаланады. Токио қаласының тұрғындары ғана емес, оның айналасында орналасқан 18 миллион халық та осы Малайзиядан жеткiзiлген газды пайдаланады. Яғни, өзiнде ештеңе жоқ болса да, жоқтан бар жасап отырған халық.

Жапондар әлемде өте еңбекқор халық болып есептеледi. Сондықтан да, жер сiлкiнiсi болған уақытта жапондардың әрқайсысы өз қызметiнде, өз жұмыс орнында болды. 2004 жылы мен осы университетке ауысқан болатынмын. Жалпы, Жапонияға алғаш барғанымда Токио технологиялық институтында, одан кейiн Киото, Осака университеттерiнде iстедiм. Ал, Сендай қаласында орналасқан Тохоку университетiнде iстегенiме жетi жылдай уақыт болды.
84. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз

A) Бiрақ, бұл жолғы жер сiлкiнiсi қаншаға созылды?

B) Жер сiлкiнiсiнiң магнитудасы қанша баллға жеттi?

C) Жапондар қандай халық?

D)Жер сілкінісі қанша уақытқа созылатын?
85. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз

A) Жер сiлкiнген кезде мен фитнес-клубта, 7-қабатта жүргенмiн

B) Жапонияда мектепте 12 жыл оқиды

C) Қазақ жерінде халық тығыз орналаспаған

D) Жапонияда ер-азаматтар таңнан кешке дейiн жұмыста болады
86.Мәтіндегі басты тірек сөздерді таңдаңыз

A) жері, халқы, студенттер

B) Жапония университеттері, халқы, территориясы, еңбекқорлығы, жер байлығы

C) Киото, Осака университеттері, студенттер

D) жер сiлкiнiсi, Жапонияның территориясы,
87. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз

A) Жапония елiнде тұрып жатқанымызға биыл он бесiншi жылға аяқ басты

B) бiр университетте түрлi салада 20-30 мың студент оқиды

C) 2004 жылы мен осы университетке ауысқан болатынмын

D) өзiнде ештеңе жоқ болса да, жоқтан бар жасап отырған халық
88. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз ( сұрақ – жауап)

A) бұл жолғы жер сiлкiнiсi толық қанша минөтке созылды?

B) Жапондықтар үшiн ең маңызды ақпарат қандай еді?

C) Малайзиядағы табиғи газдың қоры қанша?

D) 11 наурыздағы жерсілкінісінің балы қаншаға жетті?
89. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

A) жер сілкінісі

B) Жапониядағы қазақтың қызметі, және жапония туралы

C) Жапонияның территориясы

D) Жапониядағы қызметтер
90. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз

A) Жапон стуңденттері туралы

B) Жапония халқы туралы

C) Жапония университеттері туралы

D) 11 наурыздағы зілзала ортасынан келген қазақтардың әңгімесі
91. Мәтіндегі ақпаратты толықтыратын/ нақтылайтын

қорытынды пайымдауларды таңдаңыз

A) Жерi аз, халқы көп. Өз байлығы жоқ.

B) 2004 жылы мен осы университетке ауысқан болатынмын

C) Жапондар әлемде өте еңбекқор халық болып есептеледi

D) өзiнде ештеңе жоқ болса да, жоқтан бар жасап отырған халық


92. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз

A) Жапония территориясының 40 пайыздан астамы таулы аймақ

B) Тохоку университетiнде iстегенiме жетi жылдай уақыт болды

C) Малайзиядағы табиғи газдың қоры әлемдегi газдың 0,57 пайызын ғана құрайды

D) Жапондар әлемде өте еңбекқор халық болып есептеледi
N= 90036 T= 03003 C= В K= D G=03 R=55

93. Мәтіндегі ақпаратты толықтыратын/ нақтылайтын

қорытынды пайымдауларды таңдаңыз
A) халық саны бойынша жетi есе үлкен

B) Қазақстанда 1 шаршы шақырымға 2-3 адамнан келеді

C) Жапонияның территориясы Қазақстанға қарағанда жетi есе кiшкентай

D) Жапондар күрделi сәттерде олар бiр тудың астынан табылады


94. Мәтіннің І азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз

A) канттық физикалық химия саласы

B) Жапония университеті және жапониядағы оқытушылық қызмет туралы

C) Жапония елiндегі он бесiншi жыл

D) Жапониядағы лекциялар
95. Мәтіннің ІІ азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз

A) Өз байлығы жоқ халық

B) Жапонияда табиғи газ жоқ

C) Жапон халқы – ерекше халық

D) Жапондар – өзiнде ештеңе жоқ болса да, жоқтан бар жасап отырған халық
Цунами шайып кеткен жерде бiз суға шомылушы едiк. Өйткенi, жағалау жақын жерде. Сонда бiр әжей жылап тұрды. Оның ұлы цунами шайып өткен жердiң жергiлiктi басшылығында iстейдi екен. Баласы халықты құтқармақ ниетпен жүргенде суға кеткен. Жағалаудағы қаланы қалай су шайғанын со кезде жапон телеарналары көрсетiп жатты. Цунами жақындап қалды деп қолына репродуктор ұстап, халыққа хабарлап жүрген әлгi әжейдiң баласы мұхиттың толқыны жеткен сәтте бүкiл жұртты 5 қабатты әкiмдiк ғимаратының төбесiне шығарған екен.

Судың деңгейi 5 қабатқа дейiн көтерiлген кезде екi-үш адам үйдiң төбесiндегi антеннадан тырмысып ұстап үлгерген. Әлгi әжей де әлдебiр тұтқаны қармаған. Цунами үйдiң төбесiнен асып, әжей өзiнiң үш минөттей су астында тұншығып қалғанын айтады. Цунами өтiп кеткеннен кейiн қараса, үйдiң төбесiндегi адамның барлығы да жоқ. Толқын сыпырып кеткен. Бiздiң таңғалғанымыз, басшылықта жүрген адамдардың өзi халықты құтқарамыз деп құрбандыққа барды.

Сосын теледидардан 11 жастағы бiр бала әке-шешесi мен атасын iздеп жүргенiн көрсетiп жатты. Цунами көлiктердiң бәрiн қақпақыл қылып ойнап, төңкерiп тастады дедiк қой. Әлгi бала сол көлiктердiң iшiнен анасының көлiгiн тауып алған екен. Iшiнде шешесiнiң өлi денесiн ала алмай тырмысып жатыр екен, жанында әпкесi жылап тұр. Құтқару қызметi мен жедел жәрдемге хабарласқан екен. Бiрақ, олар 15 минөткуе дейiн келмептi. Сол сәтте маңайында тележурналистер жүрген. Сонда түсiрiп жатқан бейнекамераға қараған бала: «басқа жерде көмек күтiп жатқан тiрi адамдар бар шығар. Құтқару қызметкерлерi мүмкiн солай қарай бет алған болар. Сонысы дұрыс шығар. Ал, менiң шешеме ендi ешқандай көмек жәрдем бере алмайды», – дедi. Теледидардан осы көрiнiстi көрiп, көзiме жас алдым. Баламнан кiшкентай баланың өзi неге биiк дәрежеде ойлайды деп сұрап едiм, ол бұларда «мораль» сабағы жүргiзiледi деп жауап бердi. Олар өздерiн ғана емес, бөгденi де сыйлай бiлуге үйретедi.

Негiзiнде, күнделiктi өмiрде жапон халқы салқынқандылау болып келедi. Салқынқандылау болғанымен, үнемi күлiп тұрады. Қиналсаңыз көмек көрсетуге дайын. Осындай күрделi сәттерде олар бiр тудың астынан табылады.

Жер сiлкiнерде жарық автоматты түрде сөндiрiлетiндiктен барлық дүкендерде электр қуаты болмай қалды. Кассалық аппараттар электрмен iстейдi ғой. Жапонияда кезекшi дүкен деген бар. Бұл дүкендер көшеде келе жатқандар үшiн өте қолайлы. Түскi тамақ, дәретхана, керек-жарақ заттар алғанға ыңғайлы. Бiрақ, үйге қажеттi азық-түлiктi үлкен супермаркеттен аламыз. Мiне, сол шағын маркеттерде бiр-екi сатушы ғана тұрса да, iшiндегi бейнебақылау жүйесi iстен шықса да, адамдар тәртiп сақтап, кезекпен өзiне қажеттi заттарды алып жатты. Бәрi шыдамдылық танытты. Өйткенi, былайғы уақытта оның бағасы электронды жүйемен есептеледi. Ал, жарық болмаған соң, заттардың бағасы қолмен есептелiп, көп уақытты алды. Сонан кейiн әркiм өзiне тиесiлi бiр данадан ғана алады. «Мен алыста тұрушы едiм, отбасымда бес адам бар, бес данадан берiңiз» деп ешкiм айтпайды. Өйткенi, жапондар бес данадан алсам, соңымда тұрған төрт адамға жетпей қалуы мүмкiн деп ойлайды. Және ол адамдар 3 сағат болса да күтiп тұрады. Сөрелерде толып тұрған заттарды қалтасына салып, шығып кетiп жатқан жандарды көрмейсiз.
96. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз

A) Цунамидiң әсерiнен қандай АЭС-i апатқа ұшырады?

B) Әжейдің баласы қайда істеуші еді?

C) Жапонияда атомдық электр стансалары көп пе?

D) Оның көпшiлiгi 30-40 жыл бұрын қандай технология негiзiнде салынған?
97. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз

A) Альфа бөлшегi адам денсаулығына онша зиян келтiре алмайды

B) бiрiншi күнi радиация мөлшерi тым жоғары болғандықтан ұшқыштар бара алмады

C) Мен 14 жыл тұрсам да, адамдардың ұйымдастырушылығына, ерiк-жiгерiне таңғалдым.

D) Гамма сәулелерi адамның iшкi құрылысына өтiп кететiндiктен, ағзаның жұмысын бұзады
98. Мәтіндегі басты тірек сөздерді таңдаңыз

A) дүкендер, электр қуаты, кезекшi дүкен, көмек көрсету

B) 11 жастағы бiр бала, әже, Құтқару қызметi, жедел жәрдем,

C) цунами, басшылықта жүрген адамдар, толқын, бала, «мораль» сабағы, шыдамдылық, тәртiп

D) бөгденi де сыйлай бiлу, қиын сәттер, салқынқандылық
99. Мәтін мазмұна сәйкес жауапты табыңыз ( сұрақ – жауап)

Басшылықта жүрген адамдар жер сілкінісі кезінде не істеді?

A) Басшылықтағылар халықты ойламайды

B) халықты құтқарамыз деп құрбандыққа барды

C) өте тығыз салынса да, бiрде-бiр ғимарат, үй құлаған жоқ

D) жер сiлкiнiсiнiң дүмпуi басылғаннан кейiн сыртқа жүгiрiп шықтық


100. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

A) Басшылықта жүрген адамдар

B) дүкендегі жағдай

C) Жапониядағы жер сілкінісі және қиын сәттер

D) Жапондардың мінезі
N= 90044 T= 03003 C= В K= B G=03 R=55

101. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз

A) қиын кездегі Жапония

B) Жапониядағы цунами және халықтың жағдайы

C) жер сілкінісі кезіндегі жағдайлар

D) дүкендегі жағдай


102. Мәтіндегі ақпаратты толықтыратын/ нақтылайтын

қорытынды пайымдауларды таңдаңыз

A) Салқынқандылау болғанымен, үнемi күлiп тұрады

B) күнделiктi өмiрде жапон халқы салқынқандылау болып келедi

C) Бәрi шыдамдылық танытты

D) Осындай күрделi сәттерде олар бiр тудың астынан табылады


103. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз

A) үйге қажеттi азық-түлiктi үлкен супермаркеттен аламыз

B) кезекшi дүкен қиын сәттерде адамдарға көмектеседі

C) бейнебақылау жүйесi iстен шықса да, адамдар тәртiп сақтап, кезекпен өзiне қажеттi заттарды алып жатты

D) Жапонияда кезекшi дүкен деген бар
104. Мәтіндегі ақпаратты толықтыратын/ нақтылайтын

қорытынды пайымдауларды таңдаңыз


A) Жапон сабағын түсінуіміз керек

B) Жапондар ертеңгі күнін көбірек ойлайтын халық

C) Әлемнің бәрі иенаны тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін көмектесті

D) Жапондықтар қатердің алдын алған


105. Мәтіннің І азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз

A) Баласынан айрылған әже

B) басшылықта жүрген адамдар

C) Цунами шайып өткен жер

D) 5 қабатты әкiмдiк ғимарат
106. Мәтіннің ІІ азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз

A) «мораль» сабағы

B) Олар өздерiн ғана емес, бөгденi де сыйлай бiлуге үйретедi

C) менiң шешеме ендi ешқандай көмек жәрдем бере алмайды

D) 11 жастағы баланың ойлауы
107. Мәтіннің ІІІ азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз

A) Жапон халқының мінезі

B) күнделiктi өмiр және жапон халқы

C) күрделi сәттерде олар бiр тудың астынан табылады

D) Жапон халқының болмысы
Лондоннан жылы хабар жеттi. Сити университетi математика және статистика факультетiнiң 2-курс студентi Айжан Рымбек ағылшынның оқымыстыларын таңғалдырып, профессор Таннердiң сыйлығын жеңiп алды. Құрмет дипломымен, қаржылай сыйақымен марапатталды. Сондай-ақ, математика қоғамдастығының вице-президентi қызметiне тағайындалды. 130 студенттiң арасынан топ жарып шыққан Айжан бұл марапатқа жыл бойы оқып, қойылған баға қорытындысының нәтижесiнде қол жеткiзген. Бала күнiнен есеп шығаруға құмар қазақ қызының алға қойған мақсаты биiк. Еңбекқор, терең бiлiмдi игеру үшiн бар мүмкiндiгiн пайдаланып бағуда. «Математика – ғылымдардың негiзi. Барлық қаржы институттары тәуекелдердi басқару үшiн статистика мен математикалық модельдерге сүйенедi. Университеттi аяқтаған соң, Қазақстанға ораламын. Бiлiмiм мен тәжiрибемдi елiмнiң дамуына жұмсағым келедi», – дейдi Айжан.
108. Оқыған сөйлемді жалғастырыңыз.

Математика ғылымдардың ...

A) басы

B) бірі


C) патшасы

D)патшайымы


109. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз

A) Математикадан өте алғыр студенттер бар

B) Математика – ғылымдардың негiзi

C) математиктерге берілетін Филд сыйлығы бар

D) Қазақстандық оқушылар математика бойынша алғыр
110. Мәтіндегі басты тірек сөздерді жазыңыз

A) математика қоғамдастығының вице-президентi қызметi,

B) жылы хабар, Сити университетi, студент, математика, проф. Таннердiң сыйлығы, жеңу

C) статистика мен математикалық модельдер, қазақ қызы

D) диплом, қаржылай сыйлық, марапат, еңбекқор, терең бiлiмдi, қаржы институттары
111. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз

A) «Нагато» проблемасын шешкен Уалбай кеңес кезінде білім алған

B) Түптеп келгенде, Болон үрдісінің кеңестік жүйеден айырмашылығы жоқ

C) « қазақтың математикасы көштен қалып келе жатқан жоқ»

D) Мұқтарбай Өтелбаев та мықты математик, шәкірті көп
112. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз

A) Қазақ математикасының қазіргі деңгейі қандай?

B) Қаржы институттары Қазақстанда көбейді

C) Математиктерге берілетін Филд сыйлығы туралы білесіз бе?



D) Барлық қаржы институттары неге сүйенеді?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет