1
2
СОҒЫС ПСИХОЛОГИЯСЫ
(стенограмма)
Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлымеен болған әңгіменің стеннограммасы
Алматы қаласы. 1944 жылдың 19 январы.
Сағат 12-ден — 18-ге дейін.
Қатысқандар:
1. Сәтбаев Қ. И. — СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалы Президиумының
председателі, СССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.
2. Әуезов М. — СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және
тарих институтының аға ғылыми қызметкері, жазушы, профессор.
3. Мүсірепов F. — жазушы.
4. Сиранов Қ. — Киностудия бірлестігі директорының орынбасары.
5. Жұбанов А. — Композитор, профессор.
6. Сүлейменов Б. - СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл, әдебиет
және тарих институты директорының орынбасары.
7. Оспанов Ө. — СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалы Президиумы
председателінің орынбасары, ғылым кандидаты.
8. Мыңбаев К. — Қазақ СССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті председателінің
орынбасары, профессор.
9. Строева В. П. — Кинорежиссер, институт директорының орынбасары.
10. Рошаль Г. Л. — Кинорежиссер, институт директорының орынбасары.
11. Марғұлан Ә. X. — филология ғылымдарының кандидаты.
12. Исмайлов Е. — филология ғылымдарының кандидаты.
13. Чокин Ш. —СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының аға ғылыми
қызметкері.
14. Ораев — СССР Fылым академиясы Қазақ филиалының ғылыми қызметкері.
15. Қазкен. — СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының ғылыми қызметкері.
16. Рушанов— доцент.
17. Чумак — Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариатының Мемлекеттік архиві
директорының орынбасары.
18. Шапиро — Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариатының Мемлекеттік
архивінің ғылыми қызметкері.
3
Сәтбаев жолдас. Бүгін біздер - ғылым, әдебиет пен өнер саласының іріктелінген
топтары - гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының Алматыға келуін
пайдалана отырып, оның өз аузынан Ұлы Отан соғысы тарихының біршама
кезеңдерін, атап айтқанда, генерал Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия
туралы әңгімесін тыңдауға бас қосып отырмыз.
Көз алдымызда өтіп жатқан оқиғалар, даусыз, бүкіл дүние жүзі тарихының игілігіне
айналмақ, онымен болашақ ұрпақтан шыққан зерттеушілер де айналысатын
болады. Бұл аса маңызды тарихи мәнді оқиғалардың, жарқын көріністердің ішінде
Ұлы Отан соғысының барысында еліміздің тағдыры шешілген - Москва үшін
шайқас жүргізілген 1941 жылдың күзіндегі оқиғалар ерекше маңызды әрі оның
принципті мәні бар. Москваны қорғаудағы аса жауапты шептер, Қазақстанның
абыройы мен даңқына орай, Қазақстанда генерал Панфилов жасақтаған дивизияға
тапсырылды. Бұл оқиғалар біздің бәріміз үшін де өте маңызды әрі біз бұл аса зор
шайқастар жөнінде тереңірек білуге тиістіміз.
Полковник Бауыржан Момышұлы сұрапыл шайқастарға қатысушы ғана емес, ол
жетекші командир болды, сондықтан оның әңгімелері бізге ерекше құнды болмақ.
Мұнда полковник Момышұлы айтқан құнды, мазмұнды әңгімелерді өздерінің
творчестволық жұмыстарында пайдалaнa алатын әдебиет, ғылым және өнер
саласының өкілдері қатысып отыр, сөйтіп біздер гвардия полковнигі Бауыржан
Момышұлының аса құнды әңгіме- лекциясын тыңдамақпыз. Менің ойымша, бұл
кездесуіміз бір ғана әңгіме түрінде емес, іштей бір-бірімен сабақтас, соғыстың
жарқын көрінісінің дамуы мен детальдарын талдауға арналған 3-4 лекция түрінде
өтпек.
Енді гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының өзіне сөз беруге рұқсат
етіңіздер.
Бауыржан Момышұлы.
Әңгімеге кіріспес бұрын сіздерге бұл әңгіменің жоспарын баяндап, оны
өткізуіміздің шартын ескерткім келеді. Мұнда тек жалпы соғыс тақырыбымен,
атап айтқанда, генерал Панфилов атындағы 8-дивизия тарихымен айналысатын
жолдастар ғана катысуға тиіс, ал айналысқысы келмейтін адамға, менің ойымша,
қатысудың қажеті жоқ. Әдептілік үшін тәртіп сақтау керек, дәл уақытында келіп,
әңгіменің аяғына дейін қатысып отыру - міндет.
Күніне 5 сағатқа есептелінген әңгіме төрт күнге созылады, сондықтан мен
қатысып отырған кісілер соңына дейін тыңдаса деймін, өйткені айтылған
әңгімеден адамдардың ойында үзік-үзік әсер қалмағаны жөн. Сондықтан мен
әңгімеге барлық тыңдаушылардың үнемі қатысып отыруын талап етемін.
Сұрақ: Әңгіме қашан басталады?
Бауыржан Момышұлы. Әңгіме сағат 12-де басталып, сағат 5-те аяқталады.
Сыпайы сөйлеймін деп сіздерге уәде бере алмаймын, кейде менің аузымнан
блиндажды сөздер орамы шығып кетуі мүмкін. Мұны сіздер дөрекілікке
4
қабылдамаңыздар.
Соғыстың теориялық және практикалық мәселелері жөніндегі менің көзқарасым
кейбіреулерге бәлкім кең емес, тар, тіпті анайылау да болып көрінуі ықтимал,
мен бар болғаны жеті жылдық білімі бар адаммын, арнайы әскери мектепті де
бітірген жоқпын, таулы жерде көлікке әскери жүк артып, түсіретін батареяда
солдат мектебінен өттім, тек соғыс жылдарында ғана нағыз әскери адам болдым.
Осыған байланысты, бәлкім, түбегейлі ұшталған, екшелген көзқарасты менің
баяндауларымнан сіздер сирек табарсыз деп ескерткім келеді.
Менің ұсынатын жұмыс жоспарым қандай?
1-ші күні
- Ұрыс және оның психологиясы.
Қосымша тақырыптар:
1. Панфилов.
2. Офицерлер.
3. Солдаттар.
2-ші күні
- Волоколамск бағытында.
3-ші күні
- 1942 жылғы қысқы науқан.
4-ші күні
- Қорытындылар.
Күніге 5—6 сағатқа созылатын жұмыс жоспарым — осындай.
Екі жарым жылдан бері қалтама үнемі блокнот салып жүремін, оған мені
қызықтырған нәрселердің бәрін жазамын. Мұндай жазбалар едәуір жиналып
қалды. Қолжазбамның 60—70 процентін орыс тілінде, 30—40 процентін
қазақ тілінде жаздым. Менің талдап айтып бере алғаным — бұл блокноттағы
жазбаларымның 30—40 проценттейі ғана.
Бұл қолжазбалардың сипаты қандай? Бұл менің соғыс туралы толғаныстарым
немесе оны жазушының образбен ойлауы емес, жай ғана - ерлікке тәрбиелеу
туралы ойлар деп айтамын. Бұл қолжазбалардың мазмұнымен сіздерді әңгімелесу
барысында таныстырамын.
Дивизиядағы ескі басшы құрамнан бүгінге дейін шын мәнінде тірі қалған мен
ғана.
5
Алматыға келгенімді пайдаланып, соңғы күндерімді дивизияның тарихын
график түрінде құрастыруға арнадым (картаны көрсетеді). Графикті құрастыру
алғашында жеңіл сияқты көрініп еді, бірақ олай болып шықпады. Атласты
алуыма тура келді, бұл атластан көп нәрсені таба алмадым. Картаны есте қалған
материалдар бойынша құрастырдым, сондықтан, көріп отырсыздар, кейбір елді
мекендердің аттары түсірілген жоқ. Мен неліктен соғыс жөнінде жазып жүрмін?
Өйткені, соғыс - адам өміріндегі ең бір дүр сілкіндірерлік, жан түршігерлік оқиға.
Тылда адам соғыс туралы ойша елестетіп қана жүреді. Майданды ой жүзінде
елестету егер де ол ақиқаттан биік тұрса жақсы, бірақ соғыста қазіргі заманғы
ақиқаттан биік еш нәрсе де жоқ, сондықтан ақиқат шындықты талап етеді. Сіздер
театрдан немесе кино экранынан соғыстың көріністерін көріп жүрсіздер, бірақ
сіздер оның ішкі мән-мазмұнын кинодан да, театрдан да көре алмайсыздар,
себебі көптеген жазушылар мен өнер қызметкерлері соғыс туралы шындықты,
ақиқатты терең түсіне алмайды, долбарлап, қиялдан шығарып жазады, мұнысы
шындыққа сай келмейді.
Мен жауынгерлік өлең текстіне лирикалық музыка жазған бір композитордың
шығармасына зығырданым қайнағаны бар. Суретші де әйтеуір бір полотно салып,
әйтеуір ішкі мазмұны жоқ көшірмені береді. Бұл, шынында, адамдардың соғысты
тереңірек білмеуінен болып жатса керек. Соғыс туралы шындықты, мұнда тылда
отырып тану киын, тіпті мына біздер, ұрысқа қатысушылардың өздері де, оны
түбегейлі, ұңғыл-шұңғылына дейін біле бермейміз. Соғыста шындықты табу өте
қиын, ал оны жинақтау, қорыту одан да күрделі. Соғыс туралы ақиқатқа жету -
бұл өте үлкен проблема.
Мен соғыс тақырыбына жазылған әдебиеттерді оқыған кезімде олардың
көпшілігінің шындыққа келмейтініне көзім жетті. Баспахананың бояуымен
жазылған кітаптар да, адамқанымен жазылған кітаптар да болады. Мен баспахана
бояуымен емес, майдан даласында шынайы қалпында, бар болмысымен қанмен
жазылған соғыс кітабын оқыдым.
Соғыс туралы өнер туындыларының ғұмыры қысқа болатындығы —
олардың көркемдік жағы соғыс қимылдарының шындығынан мүлдем алыс
жататындығында, яғни менің айтайын дегенім - үлкен шындық тұрғысында
нағыз өмірдің ақиқатын жинақтай алмауда болса керек.
Неге мен кейбір көркем шығармалардың ғұмыры қысқа деп санаймын,
оның мәні суретшілер, жазушылар немесе кино қызметкерлері өздерінің
шығармаларын жазғанда, оның көркемдік жағын соғыс мәселелерімен, тікелей
соғыспен үйлестіре алмайды. Мен мұны өте үлкен кемшілік деп білемін. Сен
соғыс тақырыбына қалам тартады екенсің, соғыс мәселесін көркемдік тұрғыдан
көрсетуге тиіссің. Міне, сонда ғана бұл шығарма көпшілік бұқараға құнды болмақ.
Жазушылардың көпшілігі шығарманың көркемдік жағымен, яғни қиялдан
шығарылған оқиғалармен әуестеніп, соғысты көрсетуден ауытқып кетеді, ал
шынын айтқанда, жақсы шығарма тіпті мына біздер, әскери командирлер үшін
де күнделікті басшылыққа алатын кітап болуы керек. Егер творчестволық
қызметкерлер өздерінің шығармаларының көркемдік жағын соғыс мәселесімен
6
үйлестіріп, мұны негізгі дәнекті нәрсе деп санаған болса, мен жинақталған және
байыпты тәжірибені айтып отырмын, онда туынды да анағұрлым құнды бола
түспек. Барлық шығарманың мақсаты - ағартушылық. Соғыс туралы жазу үшін
автордың өзі бұл мәселеде сауатты, білімді адам болуы керек, материалдар
мен деректерді оқып зерттеп, оларды творчестволық тұрғыдан қорытып, дұрыс
жинақтауға, барлық мәселелерді көбірек әрі жан-жақты білуге тиіс, онсыз ол
қалай жазып, өзінің шығармаларымен халықтың сана-сезімін қалай оята алмақ?
Кездейсоқ көріністер, жекелеген адамдардың айтқан әңгімелері, қосалқы
материалдар салмақты шығарма жазуға право бере алмаса керек. Материалды
үстірт, ат үсті зерттеуден және жеңіл ойлы әдеби әуестенушіліктен бас тарту
әлдеқайда саналылық болар еді.
Мен өз қолжазбаларымның оқырмандарына арнайы хат жазып қойдым, бұл
қолжазбамды Ғылым академиясы қазақ филиалының қарауына қалдырып
кетемін, бұл хатым да қолжазбаларыммен бірге қалады. Мен мына соғыста
тірі қаламын ба, әлде жоқ па, оған көзім кәміл жетпейді, бірақ өзімнің хатымда
қолжазбамның оқушыларына бірсыпыра талаптар қоюға талпыныс жасадым.
Бұл хатымды сіздерге оқып берейін:
Менің қолжазбамның оқырмандарына. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен
сұра», - дейді халық даналығы.
Жіп қылдан тұрады, дене тканьнан құралады. Даналық өткеннің тәжірибесін
қорытатын, қазіргі жағдайды зерделі талдайтын және болашақты көре білетін
творчестволық ойдың қаймағынан тұрады.
Кірпішсіз сарай сала алмайсың. Ұшқынсыз от тұтанбас. Мейірім болмаса, сүйе
де алмайсың. Ашу-ызасыз жек көру мүмкін емес.
Мәжбүр етпей, мойын ұсынбас, мейірім болмай, жақсы көре де, беріле де
алмайсың.
Бұйрық - алғыр басшының ой-арманы.
Әскерсіз - қолбасшы қауқарсыз, басшысыз - әскер әлсіз.
Сын - ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.
Азаматқа - өмірден де ар қымбат, өлімнен ұят күшті. Қорқақ - дөрекі әрі ақымақ.
Мейірімсіздердің жаны нәзік емес, оларға құдық та түпсіз терең. Батырға сырдың
суы сирағынан келмейді, қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.Атқа мініп
жүре алмайтынға жуас ат та асау, жебе де қысқа, тартпа да бос, ердің үсті де
қолайсыз, тізгін де ұзын көрінеді - барлық сылтауды жайып салады.
Шошқа бағушы арғымақты тұрқына қарап ажырата алмайды, оған қашар да -
ат. Құм ішіндегі дәнді қырағы көз ғана шалады. Кебекті ұннан елеп айырады,
су көмір арқылы таза сүзіледі. Алғырлық ойдың ішкі мазмұнын нұрландырып
тұрады.
7
Қанатты сөздің қарапайым сөзден айырмасын сергек құлақ, алғыр ой ажыратады.
Басқаны «жақсыға» білгенше, өзіңді «орташаға» біл. Ақылгөйлік кейде
өнегесіздікке тірейді.
Тәртіп кейде тәртіпсіздікті тудырады.
Тер төккенше тыраштану - кейде жалқаулыққа пара-пар... Тым ерекше құштарлық
- бейжайлықпен бірдей дерлік.
Тым адалдық - жалғандықпен пара-пар.
Егер өткенді үнемі еске түсіріп тұратын ақ нәрсеге жамалған жамаудай көзге
бадырайып тұрғаннан гөрі, дұрысы бүлінген дүниені бүлдіріп тастаған жөн.
Жарықты бөгде затпен бітегеннен гөрі, сынғанды сындырып тастаған жақсы.
Егер тігісі сөгілмей жыртылса, оны қалдықпен жамағаннан гөрі мүлдем жыртып
тастаған жөн. Бетіне түкіріп, қайтып сүйгеннен гөрі, мүлдем безіп кеткен жақсы.
Екіжүзділіктің балын татқаннан, әділдіктің ащы уын ішкен артық.
Қарттықтың әдемілігінен көңіл қайтқанша, махаббаттың арманынан ләззат алған
дұрыс.
Өтіріктің қанатын қомдағанша, ауыртпалықтың жүгінен бүгілген артық.
Мақтаныш - ерлік анасы.
Айбарлы адам жасық жанға дос емес... Өзін сыйламаған - басқаны сыйлауға
қабілетсіз.
Барлық халық барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.
Өзінің ұлтын сыйламаған - ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол сөз жоқ, арамза,
тексіз әрі қаңғыбас.
Соғысуға кедергі келтіретін ұлттық дәстүрлер жоқ, қайта соғысуға көмектесетін
ұлттық дәстүрлер бар: ұрлық, опасыздық - бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың
ішінде көр кеуделік. Ұлттық мақтаныш - сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі
бұзылмас заң.
Солдаттың ерлігін ұрлау - адам бейнесіндегі хайуанның ең сорақы қылмысы.
Өзінің пікірін бәріне бірдей үзілді-кесілді, соңғы пікір деп санау - бұл өз күшің
мен қабілетіңді қатал асыра бағалаушылық.
Көрген нәрседен бәрі хабардар болуға тиіс: егер жұрт әңгімелерді естіп хабардар
болмаса, онда шындықты шын әңгімеден естіп білуге тиіс, өйткені халық
барлық пайдалы деп тапқан нәрселер ауыздан ауызға беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа
таралып, әділдік іс үшін қанын селдей төккен жүздеген мың адамдардың ерлік ісі
жалпының игілігіне айналуға тиіс.
8
Саналыларға - пайдалы сабақ, адам кейпінде табиғат немқұрайды, жеңіл ойлы
етіп жаратқан делқұлыларға - көңіл көтерушілік, мұндайларға тіпті өздері
басынан кешкенауыртпалықтың өзі ешбір әсер, із қалдыра алмайды, саналы
ойлауға итермейді, ондайлар ғасырдың сұмдық қасіретін тани алмайды, оларға
барлық жақсы нәрселер дарымайды, болат сауытқа тиіп, тайып кейін серпілген
жебедей ешқандай із, әсер, белгі қалмайды.
Тағдыр мені адамзаттың жан түршігерлік қайғы-қасіретінің куәгері болуға жазса
да, ақ қағаздың бетіне болат қаламсаптың ұшымен қисынды сөзді маржандай
етіп тізе алатындай өнерім болмаса да жай себеппен, менің қолым жауға сілтер
қылыштың сабын ұстауға, пистолеттің шүріппесі мен жауынгердің атының
тізгінін ұстауға үйренген қолыма - қаламсап та, уставтың өктем бұйрығына
үйреніп қалған тілім де ырық берер емес. Бірақ та сараңдардың санатында (өлер
алдында бар байлығын босқа далаға шашқан Қарынбай сияқты) қалмас үшін,
өлгендердің рухы, зардап шеккен, адал солдаттарымның алдында - үн-түнсіз
қалмауға, бастан кешкендерді тілсіз қағаз бетіне түсіруді өзіме парыз санаймын,
өйткені ол: «ерлік елеусіз қалмасын, олжа - елге, атақ - ерге сауға» деген әділеттілік
қағидасын еске салатын, шындық оқиға куәгерінің тілі болсын.
Бұл қарапайымдау өңделінбеген, олақтау, сұрыпталынбаған тартуым болсын,
сөз өнерінің шеберіне кітап жазуы үшін, құрылыс материалына жарарлық сыйым
болсын (бұл абзацтың астын сызып көрсетемін).
Тұрғызылған ғимаратқа жабдықтаушының аты ешқашан да қойылмайтынын біле
тұра, мен жабдықтаушы атануға ризамын және егер ол менің атымды, сөзімді еске
алуды ыңғайсыз санап, атақты адам айтқандай етіп, (мұны өзім де жиі естимін)
соның аузынан толғанысты ойлар түрінде айтқызса, ренжімеймін. (Бұл абзацты
да ерекше сызып көрсетемін).
Бұл хатымда, қаншалықты ойдағыдай болғанын білмеймін, бірақ
қолжазбаларымның оқырмандарына, осы материалдар бойынша жұмыс
істейтіндерге жан-жақты ескертуге талаптандым. Қолжазбаларымда кейде
фамилияларын атамай астарлы сөзбен мысалдар келтіремін. Бұл хатты сіздерге
оқып берген себебім, сіздердің кейбіреулеріңіз менің материалдарыммен жұмыс
істейтін ниет білдіріп отырғандықтан.
Бұл хаттың соңына мына өлеңді жаздым:
Найзадан қол босаса қалам алдым,
Толғанып оқиғаны көп ойландым.
Тырмысып әл келгенше көргенімді,
Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.
«Отырсам көп ойланып күнім жақын,
9
Әр адам біле бермейді сөздің парқын.
Ұрпаққа арнап істелген адал еңбек,
Ақ ниетпен ұсындым саған, халқым.
Жазушы болмаған соң менің затым,
Көркемді жұмыр емес жазған хатым.
Салмақтайтын саналы ер табылса,
Атаусыз неге қалсын менің атым.
Когда рука моя освободилась от пики,
Я держал карандаш,
Нутром своим переживая и подолгу думая о прошлом...
Со всем старанием, в меру сил своих и способностей
О виданном и пережитом написал я открыто,
Не оглядываясь по сторонам и назад...
Когда я сижу и подолгу думаю, конец дней моих близится...
Не каждому человеку дано осмыслить значение слов...
Труд этот чистый, от сердца посвященный поколениям,
С добрым намерением преподношу тебе мой народ.
Раз я существом не принадлежу к роду писателей,
Быть может нехудожественно и не лаконично мое письмо.
Но если найдется отважный, способный прочувствовать вес, меру и смысл, суть
содержания,
Не может быть, чтобы имя мое осталось неупомянутым.
Командирдің парызы - солдаттардың қандай да бір болмасын іс-әрекеттерін
назарға алмай, ескерусіз қалдырмау. Егер солдат жақсы ісімен көзге түссе - ол
мадақталуға тиіс.
Командир солдаттың ерлігін, батылдығын бағалауға тиіс және алдағы уақытта
үкіметтік актіні - көзге түскендерді наградтауға документтерді даярлауға барлық
шараларды қабылдауға міндетті. Мен дөрекілеу тілмен, бірақ өзім көрген
10
оқиғалардың айғақтарын кейінге солдатша әділ қалдыруды парызым деп білдім,
бұл дүниелерді болашақта көркем туындылар жазуға және басқа шығармалар
жасауға материал ретінде қолдануға болады. Сондықтан мен жазушылар үшін
және жазушы ретінде жазып жүрген жоқпын, мен біздің бірнеше мың ержүрек
жауынгерлердің басшысы, офицер ретінде солдаттық ар-ұятым қалай әмір етсе,
солай жаздым.
Бүгінгі әңгімеміздің мақсаты да сол - із қалдыру. Менің айтқандарымның
ішінен біреулерге бір жері, екіншілеріне екінші жері ұнауы мүмкін, сондықтан
мен тыңдаушылардың ыңғайына қарай бейімделгім келмейді. Егер бұл жерде
айтқандарымның бір проценті болса да біздің ісіміз үшін пайдаға асса - мен дән
разымын.
Жақында Сәбит Мұқанов біздің қазақ жазушыларының творчестволық бағыт-
бағдары туралы мені хабардар ете отырып, Мұхтар тарихи тақырыпты, Ғабит
қазіргі тыл тақырыбын, ал Сәбиттің өзі болса қазіргі заманғы соғыс тақырыбына
қалам тартып жүргенін айтып еді. Олар келісіп, қазақ әдебиетінің үш алыбы
тақырыпты өзара осылайша бөлісіп алыпты. Бұнымыз тақырыпқа монополия
жасау болмақ. Мен мұнымен келісе алмаймын. Сондықтан да бұл қолжазбаның
барлығы Ғылым академиясының игілігі болып табылады деп әдейі арнап, хат
жаздым.
Соғыс туралы қазір күрделі еңбек жаза қою мүмкін емес. Ірі еңбектер соғыстан
кейін жазылады. Тіпті тау қопарар алып күші бар болған күннің өзінде де, Сәбит
Мұқанов бүкіл соғыс оқиғаларының дамуын жалғыз өзі бел шеше кіріссе де
көтере алмас. Сондықтан да соғыс тақырыбын ешқандай да жалғыз өзім игерем
деушілік (монополия) болмасын - бұл тақырыпты жазып, еңбек еткісі келушілер
мен қабілетті адамдардың бәрі жұмыла еңбекетсін, соғыс тақырыбын тек бір
ғана менмен әрі қызғаншақ монополист-жазушының ғана игілігіне айналдырмау
керек.
Мен бүгін сіздердің назарларыңызды мына ілулі тұрған картаға аударғым
келмейді.
Дивизияның жауынгерлік қимылдарын баяндап беруге кіріспес бұрын алдымен
қолжазбаларымның мазмұнына қысқаша тоқталып, өзім жұмыс істеуге талпыныс
жасаған бірсыпыра принципті мәселелерді баяндай кеткім келеді. Сондықтан да
бүгін біздің әңгімеміз - ешбір соғыс көріністерінсіз, адамдардың аты-жөндері
еске алынбай, тек таза теориялық-практикалық сипатта өтеді.
Соғыс адамзат үшін жаңалық емес, мен соғыс қимылдары, ұрыс туралы сөйлеген
кезімде, Американы ашқалы отырмағанымды айтпақпын, тек өзімше сіздерге
көргендерім мен бастам кешкен оқиғаларды жинақтап жеткізгім келді.
Ұрыс дегеніміз не? Біздер, әскери адамдардың өздері, «ұрыс» деген сөзге әртүрлі
анықтама береміз, тіпті Қызыл Армияның уставында ұрыстың алты түрлі
анықтамасы берілген, өйткені уақыт өте келе бәрі де өзгереді ғой. Дегенмен
мен өзімнің көзқарасымды баяндағым келеді, бірақ көзқарасымның ақтық пікір
11
емес екенін ескертемін. Ұрыс дегеніміз - бұл дұшпанға ұйымдасқан түрде әсер
ету (өйткені адамға, топқа, дұшпанға әсер ету әртүрлі: ақылмен, психикамен,
техникамен, қару-жарақ күшімен). Бірақ та ең алдымен ақылмен ықпал ете білу
қажет, басқа сөзбен айтқанда, ұрыс дегеніміз - ақыл мен ақылдың шайқасы
болмақ.
Сонымен, ұрыс дегеніміз - ұйымдасқан түрде дұшпанға ықпал ету (ақылмен, атыс
құралдарымен, психикамен), ал атыспен ықпал етуіміздің өзі - ақылмен ықпал
етудің жемісі әрі психологиялық және физикалық ықпал ету құралы ретінде
көрінеді.
Қазіргі заманғы ұрыс біздің түсінігімізде тактикалық ұғым, өйткені, соғысып
жатқан екі жақ та техникамен әбден бақайшағына дейін қаруланады - бұл екі
жақ қырғын атысқа кіреді деген сөз.
Устав талаптарының (жинақталған тәжірибе) принциптеріне негізделген атыс
құралдарын ұйымдасқан түрде қолдану атыс жүйесі деп айтылады. Әскердің
жауынгерлік тәртібі осы атыс жүйесіне сүйенеді, өйткені қазіргі заманғы ұрыс
пен қорғаныста және шабуыл жасауда әскерлердің маневрімен үйлестірілген
атыс шешеді. Дұшпанның адам күші мен техникасына кім көбірек атыспен
әсер етсе, атыс инициативасын кім қолына ала білсе, икемді, атысты басқара
білуде басымдылық көрсетсе, траекторияны қажетті бағытқа қажетті сәтте кім
шоғырландыра алса, сол жеңеді.
Олай болса, ұрысты басқара білу дегеніміз — демек, атысты басқару,
траекториялармен, ептілікпен маневр жасау, дұшпанның төбесінен бас көтертпей
атып, оны жерге, окоптарының, орларының түбіне тығып жіберу, бетін қаратпау
және атыс ұялары амбразураларын қирату, сөйтіп жаудың күшін аяусыз жою, өз
күшіңді сақтау деген сөз.
Жаяу әскердің жолын атыс, атыс және атыспен ғана ашып, оны тек атыспен,
атыспен ғана сақтай аласың, тек аңқау надан мен үстіне әскери форма киген
дарақы адам ғана жаяу әскердің кеудесімен әскери тілде атыс қалқаны деп
аталатын - дұшпанның қорғанысының алдыңғы жағындағы өлім алаңын жарып
өтуге ұмтылады (өкінішке орай, мұндай дарақылар - ұраншыл, нақұрыстар аз
емес).
Тек ұрыста ғана адамның барлық қасиеті сынға түседі. Егер де бейбіт уақытта
адамның кейбір ерекшеліктері байқалынбаса, онда ол ұрыс үстінде ашылады.
Ұрыс психологиясы сан қырлы. Жеке және қоғамдық өмірде адам қасиеттеріне
соғыс әсер етпей қоймайды.
Ұрыста зәреңнің зәр түбіне кеткенін жасыра алмайсың. Ұрыс жалған батырлықтың
бетпердесін сыпырып тастайды. Жалған нәрсе оқтың астында шыдас бермейді.
Ерлік ұрыста мүлдем көрінбейді немесе барынша толық түрде көрінеді.
Сіздердің көпшілігіңіз «Арпалыстың» бірінші повесін оқыдыңыздар. Мен
Москвада болған кезімде, жазушылармен, журналистермен әңгімелестім, әскери
12
форма киген бұл қарапайым адамдар соғыс туралы өте нашар білетін болып
шықты. Бірінші повесте менің солдаттарым ұрысқа өлу үшін емес, өмір сүру
үшін барады, бұл қалай болуы мүмкін, мұнда айналаның бәрінде оқ, снарядтар,
жарықшақтар қарша түтеп тұрған кезде, ол жерде тірі қалуға бола ма? - деді олар
маған. Meн солдатқа тірі қалу үшін барады деп түсіндіру керек деген сенімдемін,
бірақ ұғындырудың өзін әбден негіздеп алу қажет. Көпшілігінде соғыс дегеніміз
қаптаған техника мен қырып-жоятын қару - бұл кәдімгі ет турағыштың өзі, оған
тап болды екенсің, қайтып оралмайсың дейтін пікір бар.
Бұл мәселеге қатысты менің қойын дәптерімде соғыс ет турағыш машина емес,
өйткені қырып-жоятын қару екі жақта да бірдей деп жазылған. Қырып-жою
мөлшері мен қырып- жоюға қабілеттілік солдаттар мен офицерлердің ұрыс жүргізу
өнеріне байланысты. Соғыс өнерін меңгерген ұрыс жүргізе алатындар үшін соғыс
белгілі бір дәрежеде шетінен қырып-жойғыштық сипатынан айырылады.
Ұрыс өнерінің негізі - дұшпанға оқпен әсер ету, оның адам күшін қырып-жою, өз
күшіңді аман сақтау. Ұрыс жүргізу өнерінің мәні де осыған байланысты.
Ұрыс идеалы - бұл ұрыста шығынсыз жеңіп шығу, ал ұрыс өнері - ұрыста барынша
аз шығынмен жеңіп шығу. Ұрыста кездейсоқтық көп ұшырасады деседі. Ұрыста
кездейсоқтық жоқ, дұшпан үшін күтпеген жағдай бар. Жеңіс немесе жеңіліс -
себептілікті және заңдылықты нәрсе. Кездейсоқтықтың тасасында офицер мен
солдаттың барлық салдыр-салақтығы бүркемеленеді, сондықтан да кездейсоқтық
деген ұғым офицерлер мен солдаттардың ықылассыз әрі ойланып жасалмаған
қызмет әрекетін ақтай алмайды. Ал бұл ақталу көпшілігінің көкейінде тұрғанын
ойлап көріңдерші. Мен неліктен бұлай жаздым?
Себебі көпшілік өз қателігін кездейсоқтықтан деп ақталуды іздейді. Жоқ, соғыс
офицерлер мен солдаттардың жауапсыз іс-әрекеттеріне ақтау бола алмайды.
Әрине, мұның әскери емес адамдарға да қатысы бар. Мынандай бір мысал келтіре
кетейін, бірде мен, соғысқа дейін, Қиыр Шығыстан келе жаттым. Халықаралық
вагонның қызметшісі кішіпейіл, инабатты жан болатын, қазір едәуір уақыт
өткеннен кейін қайта келе жатып, көбінесе дөрекілік қылықтарын құлағым
шалып қалды. Өйткені вагон - сол баяғы вагон, баяғы төрт доңғалағы да сол
күйде. Бәрі «соғыс» деген сөзбен өзінің салақтығын ақтағысы келеді. Біз тіпті
ұрыста солдаттар мен офицерлердің арасынан «соғыс бәріне ықпал жасады»
дегенді естіп қаламыз. Дұрыс, бірақ бұл көптеген адам бүркемелейтін салақтық
абсолютті мағынада орын алуға, анархияға бастауға тиіс дегенді білдірмесе
керек.
Жауынгерлер былай дейді: «Өйткені біздер парадқа емес, соғысқа бара
жатырмыз». Сонда парад дегеніміз не?.. Бұл - қарулы күшті байқап көру.
Парад пен соғыстың айырмасы қандай? Нағыз парад - жауынгерлік күшті жан-
жақты барынша байқап көру, жауынгерлік күш үшін ең қатал сын соғыс болып
табылады. Әрбір адамның тағдыры, халықтардың тағдыры, бәрінен де гөрі елдің
тағдыры шешілетін, міне, нағыз осы парадта бұрынғыдан да әлдеқайда қатал,
жып-жинақы, лайықты, нағыз жауынгерлік өнеге көрсетерліктей болуға керек.
13
Ұрыс қауіпті емес, өйткені адам адаммен шайқасады. Егер де адам әлдебір
жаратылысы бөлек аждаһамен немесе аңмен айқасса, бұл басқа мәселе, алайда
адам адамменен шайқасқан кезде, олардың қолдарындағы ықпал ететін қаруы
бірдей, ұрыс бұл сөздің абсолютті мағынасында қорқынышты емес.
Мен еу жүрек болғандармен таласқым келмейді, өйткені қорыққанға қос
көрінеді. Ұрыста, соғыста адамға тән барлық жоғары және төменгі қасиеттердің
өзі барынша ашылып көрінеді. Бұл сезімдерді екі топқа бөлуге болады:
Жоғарғы сезімдер:
Парыз
Ержүректілік
Адамгершілік
Ерлік
Батырлық
Қаһармандық және т. б.
Төменгі сезімдер:
Опасыздық
Үрей
Ұждансыздық
Қорқыныш
Шошу және т. б.
Парасат, инстинкт, интуиция - адам бойындағы бейне бір командалық инстанциялар
сияқты. Ұрыс кезінде адамның сана-сезіміндегі кейбір мәселелердің төңірегіне
соңғы кезде көңіл аударыла бастады. Бұл мәселелер жөніндегі пікірталастар
окоп пен блиндаждарда, сондай-ақ үй ішінде дастарқан басындағы әңгімеде де,
редакциялар мен жазушылардың бөлмелерінде де жүріп жатыр.
Мен сіздерге психологиялық тұрғыдан түсіндірілетін кейбір ұғымдарды
баяндағым келеді.
Бұл ұғымдар бізге алда керегімізге жарайды деп ойлаймын.
Ұлы Отан соғысының тәжірибесі жеңіске рухтың күштілігімен жетуге болатынын,
табыс әскерлердің моральдық-адамгершілік күшіне тәуелді екеніне біздің
көзімізді тағы да жеткізді. Материалдық құрал-жабдықтар мен қазіргі заманғы
әскери техника күрестің материалдық базасы мен қаруы болып табылады. Бәрінің
14
де негізі - жанды, саналы адам.
Адамның моральдық-адамгершілік қасиеті рухани күш деген сөзбенен
анықталады.
Рухани күштің негізгі қайнары мен қозғаушысы:
Ақыл
Сезім
Ерік-жігер.
Адам қасиетінің осы үш элементін ұштауға бағытталған мақсатты жұмыс
тәрбиелеу жұмысының басты нысанасы болып табылады.
Қорқыныш дегеніміз не?
Бұл сұрақ белгілі бір дәрежеде проблемалық сұрақ та. Көптеген әскери
қызметкерлер, яғни әскери форма киген жай адамдар (оларға мен тілшілерді,
кездейсоқ штаб офицерлерін жатқызамын), қорқынышты тура өз мағынасында
теріске шығарады, олар тіпті ызаланып:
- Ол қалай сонда? «Біздің Қызыл Армия батыл! Біздің армияда қорқыныш қалайша
болуы мүмкін! Біздің армия жеңімпаз!» - дейді. Міне, тіпті осы жердің өзінде, тыл-
да, біздер бұлаурудан арыла алмай отырмыз. Бірде-бір «белсенді» қорқынышты
құбылыс ретінде, барлық жерде, барлық армияда (яғни жан-дүниесі, жүрегі мен
сезімі бар адамдар тобында) бар екенін түсінгісі келмейді. Ал бұл адамдар ыза-
ланып, мұны қорқақтық деп атайды.
Бізге саяси және саяси емес тар өрістілікті таңады. Бұл мәселе жөнінде біздің
әскери қызметшілердің арасында да талас-тартыс өте көп, кейбіреулер өзін
жұбатуға тырысып, қорқыныш жоқ дейді.
Бұл мәселе жөнінде мен өз көзқарасымды айтқым келеді. Қорқыныш дегеніміз
не?
Қорықпаушылық дегеніміздің өзі — жалпы табиғатта жоқ нәрсе. Қорықпайтын
адам жер бетінде жоқ. Қорқыныш тірі нәрселердің бәріне, тек адам мен жан-
жануарларға ғана емес, сонымен бірге тіпті өсімдіктерге де тән. Қалай болғанда
да, жүзден аса ұрысты бастан өткізген екі жарым жылдың ішінде, әлі де бір
қорықпайтын адамды кездестірген емеспін.
Өлім қаупін сезінген бірде-бір жан қорқынышсыз арпалысуға бармайды, бірақ
бұл қорықпаушылық деген сөз емес. Қорқынышты әрбір адам өмірде талай-талай
басынан өткізеді.
Егер сізге қазір әскери комиссариаттан шақыру қағазын алып келсе, қолыңызға
шақыру қағазын ұстатқан сәтте-ақ, сіз қорқынышты сезінесіз. Менің
қолжазбаларымда бұл жөніндегі ойларым әскерге шақыру қағазынан бастап
15
әскери қызметтің қорқынышы, әскери жорықтың қорқынышы, ұрыс алдындағы
қорқыныш, ұрыс кезіндегі қорқыныш, шабуылдағы қорқынышпен аяқталған.
Алайда біз адамға тән және заңды нәрсені қалайша теріске шығара аламыз?
Керісінше, бұл сезімді зерттей отырып, біз оған басқа сезімді қарама-қарсы
қоюға тиіспіз, бірақ та қорқыныш жоқ деп айтудың керегі жоқ. Батылдық пен
қорқақтық - бұл қорқыныштың парызбен күресінің нәтижесі. Қорқыныш бар,
бірақ оны жеңуге болады. Үрейлену деген ұғым, сондай-ақ шамалы және қатты
қорқу сезімі бар. Қорқынышты жалпы мәжбүр ету жолымен жеңуге болады.
Қандай мәжбүр ету жолымен? Ең алдымен, өзіміз жеке адамның психологиясы
деп айтатын ішкі мәжбүр ету жолымен. Жауынгерлік ерліктерді сипаттаған кезде
- ішкі арпалысты суреттемейді.
Жауынгердің қандай күрес пен психологиялық қиналыстың нәтижесінде қарабет
болғанын немесе даңққа жеткенін ашып көрсету қажет. Міне, сонда ғана солдат
пен офицердің бейнесі анағұрлым жанды, анағұрлым кесек тұлғалы болмақ.
Қорқынышты: біріншіден, ішкі мәжбүр ету жолымен, екіншіден, сыртқы мәжбүр
ету жолымен, яғни қоғамдық ықпал ету жолымен жеңуге болады.
Тәуекелсіз - жеңіс жоқ.
Жаудан қашып емес, қорғанып және шабуылға шығып құтыла аласың. Өмір
сүруге деген үміт оты жүрегіңді жылытады, әрбір солдат та пенде, ол да өмір
сүргісі келеді. Өмір сүруге деген тілек өзін-өзі сақтау инстинктін қалыптастырады,
солдат қорғанады және шабуылға шығады.
Әңгіме мынада, бұл өзін-өзі сақтау инстинктінің екі жағы бар: біріншісі - адам
өзін- өзі сақтау үшін қашады, екіншісі - адам осындай мақсатпен шабуыл жасап,
қорғанады. Мен адамның бойындағы осы екінші жақты дамыту керек деп
санаймын, өйткені ол қорғануға, шабуыл жасауға итермелейді. Сондықтан да
оны барынша дамытып отыру қажет. Барлық нәрсенің көлеңкелі жағы болады, ал
жалпы және тұтас алғанда бұл - адамның ғана емес, барлық жанды дүниенің асыл
қасиеті. Міне, неліктен өзін-өзі сақтау инстинктінің ұрыста бастапқы қозғаушы
күш болатыны сондықтан. Өзін-өзі сақтау инстинкті басқаны өлтіруге мәжбүр
етеді, ал бұл өзіңнің өлгеніңнен гөрі әлдеқайда қиын.
Мына біздердің, жай адамдардың, арасында әлдебіреуді өлтіретін адам табыла
қояр ма екен? Оның қолдары қалтырап, жалпы ол мұны істей алмаған болар
еді, ал солдат оныістейді. Ол бір адамның өмірін қорғау әрі сақтау мақсатымен,
басқаның көзін жояды. Ол неліктен екінші біреудің көзін жояды? Оған бұлай
етуге кім хұқық береді? Соғыста бұл адам өлтірушілік әрекет немен ақталынып
алынады? Неліктен бұл ұрыс даласында ерлікке, ал мұнда, сіздерде, қылмысқа
саналады? Ол өзінің көзін жойғысы келгеннің көзін жояды! Дұшпанның өзін
өлтірмек болған қараниеттілігі, оған оны өлтіруге хұқ береді!
Бұл адам өлтірушілік ұрыс даласында жауынгерлік парызды орындаумен
моральдық тұрғыдан ақталынады.
Мен неліктен бұл мәселені кеңірек таратып айтып отырмын? Мен сіздерді
16
үйреткім келіп отырғам жоқ, бірақ бұл мәселенің төңірегінде біздерде бірсыпыра
жаңылыс түсініктер орын алып отыр, арамызда әртүрлі адамдар бар, әдетте
парасатты адамдардың кейбіреуі өзін-өзі сақтау инстинктін басып тастау қажет
дейді, қорқынышты теріске шығарып, тек ерлікті ғана көргісі келеді (әбден жөнді
әрі сөзсіз игілікті, бірақ нақты шындықтан мүлдем алыс жатқан ниет).
Қорқыныш тіпті әскери шенге ие. Қатардағы жауынгер, унтер-офицер, офицерлік-
генералдық және одан да жоғары шенге ие қорқыныш бар.
Кейбір операцияларды генерал емес, қорқыныш шешкен жағдайлар бар: әскердің
ұзаққа созылған бей-берекетсіз шегінуі - мұның бәрі генерал-қорқыныштың ісі.
Қарсылық көрсетуші бір солдат шабуылға шыққан он солдатқа елеулі әрі басып
өте алмайтын тосқауыл болып табылады. Ұрыс тәжірибелері көзімізді осыған
жеткізді. Жұрт әйтеуір бір генерал қашыпты, шынында да қашпай, оның әскерін
қорқыныш қуыпты дейді ғой.
Қайталап айтамын: соғыс пен әскердің ұрыс қимылдарын екі генерал - әскери
генерал мен генерал-қорқыныш басқарады.
Екіншісі бет-бейнесі жоқ, барлық жерде торып жүретін, құпия, көрінбес генерал.
Оның әрекеті жай түскендей. Біріншісі үнемі бітіспес күрес жүргізіп отырады
және өзіне қолайлы болу тұрғысынан екіншісімен берік достық байланыс
жасайды (қолайлы кезде дұшпанға қорқыныш тудырып, сөйтіп оның қызметін
пайдаланады). Генерал-қорқыныш - стихия генералы. Ол батыл солдаттан зәре-
құты қашып, қоян жүрек маршалдың жағасынан алады. Қазіргі кезеңнің тарихы
генерал-қорқыныштың тіпті ірі стратегиялық масштабтағы операцияларды
әлденеше рет шешкені сияқты көптеген фактілерді біледі.
Қорқынышты әрбір адам көп, тіптен бірнеше рет басынан өткізді: казармалық
өмірдің қорқынышы, жауынгерлік жорықтың қорқынышы, ұрыс алдындағы
қорқыныш және ұрыс кезіндегі қорқыныш және т.б. Бұл жерде қазақ халқының
«ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деген мәтелін келтіре кеткен орынды. Бұл
мәтел - біздің халқымыздың жауынгерлік ой-пікірі, сіз, сірә, басқа мұндай ой-
пікірді таба алмассыз. Көбісі бізді тіпті әскери форма киіп тұрғанымыздың өзінде
де бақташы тайпа деп санайды, бізге түр- тұрпаты ерекше адам ретінде қарайды.
Бізге халық, адам ретінде қарау қажет. Егер біз өзіміздің тарихи зердемізге
үңілсек, онда бізде көптеген жауынгерлік шығармалардың барлығын көреміз.
Бұл мәтелді орыс тіліне былай аударуға болады: «Мужу честь дороже жизни,
благородному человеку честь дороже жизни». «Өлімнен ұят күшті». «Бесчестье
- позор - страшнее смерти». «Жаным - арымның садағасы». «За жизнь дерись до
смерти». «Өмір үшін өлгенше соғыс». Адамгершілік сезімі, ұят сезімі, ерік-жігер,
мақтаныш және басқа да сезімдер адамның барлық асыл қасиеттері біздерге -
жауынгерлерге өзінің ішкі қорқынышын, содан кейін сыртқы қорқынышты жеңуге
көмектеседі...Қорытынды жасауға көшейік, қорқыныш барлық тірі нәрселерге
тән болса, батылдық парыз сезімінің қорқынышпен күресі нәтижесінде туады
екен.
17
Ал парыз сезімі дегеніміз не?
Бұл адамгершілік сезімі, намыс, ар-ұят - бұл адамның өзін кез келген опасыздықтан
сақтайды, қорғайды, яғни масқара болып жүргеннен, абыроймен өлген артық
деген сөз. Өлімнен ұят күшті. Әңгімемізге осымен нүкте қоялық.
Ерлік дегеніміз не?
Бұл - адамға туа біткен қасиет емес, дұрыс жүргізілген әскери тәрбиенің жемісі.
Ержүректілік пен батырлықты найзаласқан қолма-қол ұрыстан көргісі келетін
адам қателеседі.
Ерлік - табиғат сыйы емес, ең алдымен өзіңнің ар-намысыңды және азаматтың
қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай
отырып, адамның ең ұлы сезімін - азаматтық парызын орындау үшін осындай
адамгершілік, теңдікте өзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас коллектив өмірінің
игілігін ғана емес, сонымен қауіп-қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою,
жанға-жанмен, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және
отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге
мәжбүр ету.
Батылдық - қимыл әрекет есебін тәуекел етумен үйлестіре алушылық. Тәуекелді
есеп ақтайды. Есепсіз тәуекел - тұл.
Көзсіз батырлық - ептілікті батылдықпен ұштастыра білушілік. Ойланбай
жасалынған көзсіз батырлық - есерсоқтық. Ептілік - адамның ақыл-ойын ұшқыр
ойлай білуге, дене қимылын икемділікке, бұлшық еттерінің шиыршық ата
қозғалыс жасауға қатаң жүйелі түрде тәрбиелеудің (жаттықтырудың) нәтижесі.
Келесі мәселе солдат туралы. Бұл - былайша айтқанда, өте күрделі мәселелердің
бірі.
Бүгінгі күні әділін айтсақ, әскери тақырыптағы барлық шығармалар мен
заметкаларда солдаттың бейнесі ашылып көрсетілмей келеді, оның орнына
жансыз қағаз адамның образы жасалынуда. Олардың шығармаларында солдат
адамзаттың әлдебір жаратылысы бөлек перзенті сияқты суреттелінеді, сөйтіп
солдаттың шынайы бейнесі шықпай қалады.
Қорқынышқа оралайықшы. Мен сіздерге «Ұрыс кезіндегі қорқыныш» деп
аталатын қойын жазбаларымнан үзінді келтірейін деп едім: «Ұрыста адамның
барлық қасиеттері сынға түсіп, тексеріліп, бәрі де шешіледі. Ұрыс өтіріктің,
жалған батырлықтың бет пердесін сырып тастайды, екіжүзділік оқтың астында
шыдас бермейді. Ұрыста зәре-құтыңның ұшқанын жасыра алмайсың. Батылдық
мүлдем жоғалады, болмаса өзінің барлық көрінісімен тек ұрыста ғана көрінеді.
Жауынгер өзінің қаруымен күшті, бірақ та алып батырдың қара күші де табанды
жауынгердің жай қаруының алдында қауқарсыз болатыны сияқты әлсіздің
қолындағы ең қуатты қару да дәрменсіз.
18
Табандылық - батылдардың қалқаны. Құтқару - қашуда емес, қорғану мен шабуыл
жасауда. Кімде-кім қорғанбаса, сол өледі. Тәуекелсіз ерлік жоқ.
Шабуылға шыққан, өлімді күтпей, өлімге бетпе-бет барған адам ғана жеңіп
шығады.
Өйткені ол өмірді өте сүйеді, өмір мен отанның азаттығы үшін ұрысқа
аттанады. Ұрыста өмір ешкімге сыйланбайды, ол жаулап алынады, өйткені ұрыс
аяушылықты білмейді.Қауіптілік ұрыста жорамалдан нақтылыққа айналады,
ол тікелей жақыннан сезіледі - айналаға өлім қаупі төніп, әрбір қадам сайын
күшейіп, үдей түседі. Жаныңдағы серіктестерің оқ тиіп сиреп, ысқырына зулаған
оқ, снарядтар мен миналар ұли, құлақ тұндыра ызындай ұшып, кедергіге қатты
соғыла, гүрс ете жарылып, жан-жаққа әртүрлі көлемдегі тиген жерін опырып,
жарақаттап, мертіктіретін, жолындағының бәрін жайпап өтетін жарықшақтар
ұшады да, жарылыс болған жерден қан аралас шаң, топырақ, балшық аралас қоп-
қою қара түтін терең шұңқыр қалдыра аспанға көтеріледі.
Майдан даласы мен аспанынан сәт сайын өлім қаупі төнеді. Уақыт жылжып өте
береді, бір сағат - 60 минут өтеді, бір минутта - 60 секунд, ал секундына мыңдаған
адам қаза болады, олардың жер бауырлап жылжуына, жүруіне, қарсы жүгіруіне
тура келеді.
Адам өмірінде бұрын-соңды болмаған сын сағат - қорқыныш сезімі мен парыз
сезімі тайталасқа, арпалысқа, жан беpiп, жан алысуға түседі, тіпті әбден ашынған
аң да қорқыныш пен парыз сезімі сияқты қатал арпалысқа түсе қоюға дәрменсіз
болар: «Сен өлесің, сенің жастық шағың осымен бітті, сені қазір өлтіреді, болмаса
қайтып бас көтертпейтіндей етіп жаншып тастайды, сенің денеңнің быт-шытын
шығарып, бұтарлайды, сені ешкім де таба да, жерлей де алмайды». «Ел қайда,
Еділ қайда, мұра қайда, Еш пенде әл ақуалың сұрамайды.
Осы жерде ажал жетіп өліп кетсем, Еш пенде, ой бауырым, деп жыламайды».
«Құтылуға асық, жасырын, зытып келеміз, тезірек зытып, жүгіріп келеміз...»
Қорқыныш сезімі аяғыңды артқа тартады немесе қорғасындай ауыр салмақпен
жерге жабыстыра түседі, болмаса шинельдің етегінен жабысып, ілгері жібермейді.
Қолың талып, әл кетіп, саусақтарың шүріппені басуға келмейді, көз шарасынан
шығып, қарауылға алып, нысананы көздеу түгілі қараудан да қорқады. Буындары
дірілдеп, тізесі қалтырайды.
Өкпесі ауа жетпей алқынады. Кеудеңде жүрегің дүрс-дүрс соғады, түсі қашып,
өңі сұп-сұр болып кетеді. Жүйкесі шегіне жете ширығады: мұның бәрі қашу
керек, артқа қарамай зыту керек, құтылу қажет дегенді білдіреді.
Сен адамсың! Сен азаматсың! Сенде ұят, масқара болу, опасыздық сезімі бар
- сенде жеке бастың асыл абыройы, өз отбасыңның абыройы, өз ұлтыңа деген
мақтаныш - парыз сезімі бар. Сен жалғыз емессің, бұл ауыртпалық сенің жалғыз
өзіңе ғана түсіп тұрған жоқ, жаныңда өзіңнің отандастарың, сенің қарулас
жолдастарың бар, олар сенен кем емес, сен сияқты, бұлар да өмір сүргісі келеді.
Сенің қара басыңа бола шынымен басқалар сенің үй- ішіңді, ата-анаңды, сенің
19
туған халқыңды қоян жүрек деп атағаны ма! Басқа жұрт бұлар Отан деген сөзді
жүрегімен емес, тілінің ұшымен айтады демес үшін өз басыңа, үй-ішіңе, туған
халқыңның атына кір келтіріп, қорлық таңбасын түсіре көрме. Олар сенің есіміңді
атауға арланып, сені мәңгі бақи қарғамайтындай әрекет еткін.
Ойланшы! Егер сен бұқпантайлап қаша жөнелсең, онда өз замандасыңның
алдында масқара боласың, лағынет қарғыс айтады, жұрттың бәрі сенен сырт
айналады: сенен әке- шешең де сатқын ретінде безініп, беті күйіп, көршілерінің
жүзіне қарай алмайтын болады.
Әйелің де біржола сенен безініп, саған өзіңнің жүрек сырын ашқан бақытсыз
күнді шерлі көңілмен еске алатын болады. Сенің сүйікті балаларың да безініп,
мына барлық бақытсыз балалардың ішінде ең бақытсызы болмақ. Олар сенің
фамилияңды алып жүруге ұялып, өздерінің әкесінің кім болғанын жасыратын
болады. Өзіңнің қайғыңды, қиындығыңды, қауіп-қатеріңді бөліскің келмейтін
жолдастарың, жерлестерің де біржола сырт береді.Егер сені ұстап алатын болса
- онда сатқын, опасыз адам ретінде атып тастайды, әділ түрде масқаралап, сенің
қаныңмен коллективтің масқара болған күнәсін жуады. Атып тасталған жерде
абыройың айрандай төгілген күйде тасталған өлекседей жатасың.
Ойланшы, қашу - жаудан құтылудың жолы емес, өлімнен де жаман, ауыр
опасыздық.
Саған өмірді ешкім сыйға тартпайды, оны өзің күресіп жеңіп аласың.
Абыройыңды жоғалтпа. Бойыңа күш-қайратыңды жи: өмір сүргің келсе, онда
өзің мен жолдастарыңды өлтіргісі келгендерді өлтір, сонда ғана тірі қаласың.
Жолдасыңды да құтқарып қаласың, онда даңқ та, абырой да сенікі. Сені бәрі
батыр деп айтып, мақтан ететін болады.
Бәлкім мүгедек болып та қаларсың, мұның өзі жұрт жек көретін жаны мүгедек
болып жүргеннен әлдеқайда артық. Мүмкін өз борышыңды орындау жолында
қаза табарсың, онда сені мәңгі еске сақтап, алғыс сезіммен айтатын, мақтанышпен
еске алатын болады.
Есейе түс! Алға ұмтыл!— деп әмір береді бойдағы парыз, адамгершілік сезімі.
Солдатта осынау ішкі арпалыс сәтте, таразының екі басы біресе бір, біресе екінші
жағына қарай алма кезек ауытқи бастаған кезде, солдат осы екі бірдей сиқырлы
сезімнің арбауына берілген сәтте бұйрық беріледі. Командирдің бұйрығы, оның
әмірлі де қарсылықты басып тастайтын үні, сенімді де сабырлы дауыс ырғағы
- жауынгер кеудесіне сенімділік ұялататын, оның ерік күшін, жүйкесін ширата
түсетін, парызын орындауға серпін беретін, жауынгерді жүрексіздің қолынан
масқара болудан аман алып қалатын, жауынгерлік рух беріп, солдаттың ар-
ожданын алдамшы, бірақ та жаман психологиядан - қорқыныш сезімінен сақтап
қалатын Отанның ұлдарына берген бұйрығы болып табылады.
Мен жоғарыда: «...ұрысты басқару - бұл жүйкені (психиканы) басқару» деп
айтқан себебім сондықтан еді. Міне, сондықтан да ұрыс кезіндегі командирдің
20
бұйрығының мәні тек қана басқару құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ қорқыныш
сезімін парыз сезімінің түпкілікті жеңу құралы ретінде де мәні баға жеткісіз.
Жауынгер қорқыныш сезімін жеңіп, көптеген қауіп-қатердің ішінде өзін сабырлы
сезінеді (әрине, салыстырмалы түрде) ол өзінің қаруының күшіне сенеді және
ұрыс даласында ақылмен, сабырлылықпен, есеппенен әрекет етеді, кейде тіпті
өзі әбден азап шеккен, жауға деген әбден қайнаған ыза-кекпен аласұрып бас
амандығын да ұмытып, қауіп- қатерге көзбе-көз ұмтылып, оны жеңіп шығады.
Біздің солдаттар баспасөзде, әсіресе, Қазақстан баспасөзі бетінде тым сұрқай
түрде көрсетіледі. Сондықтан мен 1942 жылдың басында қазақ жазушылары мен
журналистеріне хат жазуға мәжбүр болдым. Олардың көбі өткір жазылған хатты
көңілдеріне алып, маған өкпелеп қалыпты.
Сәбит Мұқанов менің мына өлең жолдарыма қатты өкпелеп қалыпты:
Жер күңіреніп, су тасып, қара бұлт көшкенде, Ел күйзеліп, ер қажып қара түн
басқа түскенде, Ата тегі жер үшін, туысқан-туған ел үшін, Ел ерлері майданда
белуардан қан кешкенде Соғыс жазушыға не берді?
Жазушы соғысқа не берді?
Дау емес менің сұрауым, көптің бірі болған соң,Менің менім мен емес, мыңның
мені болған соң.
Осында қатысып отырған екеу - Мұхтар мен Ғабит өз әріптесі мен председательге
қосылуына тура келер, болмаса езінің творчестволық жазушылық арының
алдында осы екі сұраққа жауап берер деп ойлаймын, (оларға бұрылып): Мына
сын сағатта, бүгінгі ойран таңда, елдің елдігі, ердің ерлігі туралы қолыма мылтық
ұстап жүрген мен жазамын ба, жоқ қалам ұстаған сендер жазасыңдар ма? Бел
дүние, ол дүниеде жазу қайсымызға борыш?
Ойланып көріңіздерші. Өкпелеу үшін үлкен ақылдың керегі де жоқ. «Жазушыларға
жазған хатымда» мен ең алдымен солдат адам және адамға тән барлық нәрселер
оған да тән деп айтқым келген еді. Ұрыстағы ең қатерлі қару - адам жаны, оған
қажетті оқ-дәрі - рухани азық болмақ. Бұл адам жан жүйесін түсіну үшін оның
конструкциясын толық білу қажет, бұл қару-жарақты жабдықтау мен пайдалану
үшін әрбір бұрандасының детальдарына дейін білу керек, оның арсеналы жүректі
баурар жалынды сөз болуға тиіс. Біз солдаттың - адамның жан-жүйесін бейнелеп
қару-жарақ деп атаған екенбіз, онда әрбір қару-жарақты система мен калибрге болу
қажет. Солдаттардың құрамы әртүрлі, әртүрлі системалы және әртүрлі калибрлі.
Гаубица сияқты жан жүйесі бар... оған винтовканың оғын жібереді, ал ұсақ
калибрлі винтовкаға кенеттен снаряд жібере бастайды... Біздер жазушылардың
творчествосын рухани азық деп атайды екенбіз, онда солдатқа жеңіл оқылатын,
күлкіге қарық ететін барлық адам жөнінде, адамның адамгершілігі туралы
ойландырып-толғандыратын кітап беру керек. Бұл жөнінде жазу, әрине, қиын,
бірақ жазу қажет. Осындай пайымдауларға байланысты мен мұндай хатты жазуға
мәжбүр болдым. Біздер алып тұратын майдан туралы жазылған орыс әдебиетінің
21
60 проценті де брак екенін айтқым келеді, ал қазақ әдебиетшілері болса, брактан
қашып, мүлдем жазбауды ұйғарған. Рас, бұл - қаржыны үнемдеу, бірақ қазақ
солдатының рухани азыққа деген мұқтажы, қажеті басқалардан кем емес.
Соғыс тақырыбына жазудың өте қиын екенін қайталап айтамын. Әзірше ізін
суытпай сұлбасын, нобайын түсіріп қою керек, бірақ та олардың өзінен адамның
сурет салуға әрекеттенген талпынысы көрінетіндей болсын, ал нобайсыз
қалдыруға болмайды. Қазір бұл материалдармен соғыстан кейін бірнеше жыл
жұмыс істей алатындай әрі оны өңдеп, нағыз келбетіне, сипатына келтіре
алатындай етіп жазу керек.
Кез келген шығынның орнын толтыруға болғанымен, бірақ адам шығынының орны
толмайды. Армияның басты күші мен негізгі байлығы - солдаттар. Сондықтан
да басты назар өнерді, солдат кәсібін үйретуге, жауынгерді ұрыста аман сақтап
қалуға аударылуға тиіс. Солдатқа, адамға менсінбей қараушылық түбінде
жақсылыққа әкеліп соқтырмайды. Барлық кезде де солдаттың мұң-мұқтажына үн
қатып отыру қажет, жазушылар қанша дегенмен рухани қару-жарақтарды негізгі
жеткізіп берушілер болғандықтан, олар барлық уақытта өз шығармаларына
сергек қарауға және бұл мәселеде халықтың алдында бүкіл жауапкершілікті өз
мойнына алуға тиіс. Солдат мерт болса, онда барлық байлықтан айырылғанымыз,
солдатты аман сақтап қалу - міне, ең басты мәселе осында. Панфилов жөнінде
тоқталған кезімде бұл ойды таратыңқырап айтармын. Армиядағы бұл байлықты
жоғалтып алмас үшін солдатты рухани да, дене тәрбиесі жағынан да үйрету, оны
жақсы жауынгер етіп тәрбиелеу керек, өзі мерт болмай, жауын жоятын солдат
кәсібіне үйрету қажет. Жеңіске жету үшін бізге рухани жағынан мықты, жоғары
саналы совет адамы керек. Әскери қызметшілердің міндеті - әскерге шақырылған
азаматтарға әскери өнерді, техниканы, ұрыс жүргізу айла-тәсілдерін, солдат
кәсібін үйрету, сонымен қатар жалпы тәрбие беру жұмысын да жүргізу.Бойында
адамға тілерлік барлық абзал қасиеттері бар парасатты азаматты тәрбиелеу оңай
іс емес. Бұл іс жақсы тәрбиешілерді ғана емес, сонымен қатар ондаған жылдар
бойы тер төге еңбек етуді де талап етеді. Тәрбиелеу жұмысы көп сатылы, алуан
қырлы әрі көп еңбек сіңіруді қажет етеді.
Әскери тәрбие проблемасы - бұл жөргекте жатқан кезден бастап, найзаласқан
қоян-қолтық айқасқа дейінгі аралықта жүргізіле беретін тәрбие проблемасы
болып табылады. Ата-ана тәрбиесі — мектеп жасына дейінгі тәрбиенің ең басты
сатысына, кезеңіне саяды. Мектеп тәрбиесі, коғамдық-жастар тәрбиесі - адамның
қалыптасуындағы ең басты кезең. Адам қоғамдық тәрбиеге ақтық демі біткенше
мұқтаж болады, қажет етеді. Ересек адамға тәрбие беруді жалғастырудың
қажеті жоқ деушілік мүлдем қате. Солдат - ересек адам, бірақ оның қоғамдық
жағдайы солдатты төменгі рангіде болуға міндеттейді, ал армияда бұл ранг
жасөспірімдерден кем емес қамқорлық қарым-қатынасты жасауды, қорғаншы
болуды қажет етеді. Солдат жанының құнарсыз жерден нәр алуына жол
беруге мүлдем болмайды. Майдандағы қазақ жауынгерлері өзінің ана тілінің,
туған әдебиетінің, төл музыкасының сарқылмас қазынасынан тіпті болмашы,
мардымсыз нәрсе болса да ала алмай отыруын мен қылмыс деп есептеймін.
22
Әскери қызметшілердің ісі - әскерге шақырылған азаматтарды әскери өнерді,
техниканы және ұрыс жүргізу айла-тәсілдерін, солдат кәсібін үйрету, сонымен
бірге жалпы тәрбие беру жұмысын да жүргізу. Көбінесе аналар баласын
жөргегінде жатқанда бүлдіріп алады. Бізге осындай жөргегінде жатып жөнді
тәрбие алмаған адам кез келеді, ата-анасы 22 жыл бойы бұзып келген осындай
адамды, мен екі жылдың ішінде қайтіп түзей алмақпын?
Оның үстіне қырсыққандай командирлердің бәрі бірдей тәрбиеші бола алмайды.
Біздің жастарымыздың жартысы бетімен кеткен, тәртіпсіз, олардың үлкендерді
сыйламайтыны, дөрекілік көрсететіні құпия емес. Бойында барлық абзал
қасиеттері бар адамды тәрбиелеу ісі - бұл әскерге алынғанға дейінгі кезеңде
жүргізілетін тәрбие жұмысы болуға тиіс. Қазақ халқы: «Ұяда не көрсе, ұшқанда
соны ілер»,- дейді. Егер бала жөргекте жатқан кезінен-ақ анасын тыңдамай, бес
жасынан әкесімен тайталасып, тілін алмай, бұзақы болып өссе, онда өсе келе
одан сөзсіз жаман адам, жаман солдат шығады. Мұндай жөргегінде ұрған адамды
қайта тәрбиелеу, оның бойына жауынгерлік игі қасиеттерді дарыту командирдің
ғана қиын да ауыр міндеті болмаса керек. Ұқыпсыз, жауапсыз ата-аналардың
тәрбиелеп өсірген мұндай жүгенсіз балаларынан командирдің де жақсылық күтуі
екіталай. Балаға адамның, азаматтың бойындағы барлық жақсы, асыл қасиеттер
ананың ақ сүтімен бірге берілуі қажет, сонда ғана одан жауынгер шықпақ. Сонда
ғана әскер өз қатарына өнегелі азаматты, жақсы жауынгерді қабылдай алмақ,
ал қазір біздер кейде азап шегіп, қайта тәрбиелеу жұмысына көп уақытымызды,
күш қуатымызды сарп етіп, жүйкемізді тоздырып келеміз.
Бұқара көпшілікті тәрбиелеу жұмысында суретшілердің, жазушылардың,
композиторлардың және басқа да өнер қайраткерлерінің алатын орны үлкен.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Скворцов
жолдастың қабылдауында болған кезімдегі онымен болған әңгімеде мен ұлтқа
әскери тәрбие беру және әскери мәдениеттілік жөнінде айттым. Бұдан басқа
арамызда ешқандай да бөгде әңгіме болған жоқ, өзім туралы ешнәрсе де айтпадым.
Біз онымен төрт сағат бойы тәрбиелеу, ұлттық жауынгерлік мәдениет туралы,
осыған байланысты соғыс айқындап берген кейде өзіміз жемісін көріп жүрген
кейбір проблемалар жөнінде әңгімелестік.
Әскерге дейін жақсы азаматты тәрбиелеп өсіруіміз қажет.
Бұл өте терең мәселе. Міне, менің солдат туралы арнайы жазуға мәжбүр болуым
да сондықтан. «Солдат» деген сөзді соғысқа қатысты мағынада ғана ұғынбау
қажет. Өйткені сіздер соғыста да, майданда да жүрген жоқсыздар, бірақ та сіздер
де еңбек майданының солдаттарысыздар. Барлық жерде адамға жас кезінен
бастап солдат, нағыз күрескер депқарау қажет. Мен үстіне сұр шинель киіп,
қолына винтовка ұстаған адамды ғана айтып отырған жоқпын, солдат деп әртүрлі
салалар мен қызметтерде жұмыс істеп жүргендердің бәрін айтып отырмын.
Өйткені бұл да майдан. Солдат деген сөзді мен кең мағынада түсінемін. От басы,
ошақ қасынан бастап - шабуылға дейін, ұрыс кезінде барлық жерде жауынгерлік
қасиет, адамның табандылық көрсете білуі керек. Адамның әскери- жауынгерлік
қызметі - біздің күресіміздің тек бір ғана түрі болып табылады.
23
Ерлікке тәрбиелеу. Солдат, әскери қызметші болу оңай емес. Біріншіден,
себебі, солдат қызметі жағынан ешқандай да демократиялық праволарға ие бола
алмайды, мен сайлау системасында емес, қызметінде деп айтып отырмын. Сапта
тұрған кезде, ол еркін қозғала алмайды, жеке күнделікті тіршілікте өз еркінше
жүруіне правосы жоқ. Солдат мұның бәрінен айырылған — қажеттілік осындай,
солдаттың жеке үлесі осындай. Әскерде демократизм элементі зиянды. Бәлкім,
сіздер бұл дұрыс емес қой деп дау айтарсыздар.
Бізде кейбір әскери-саяси қызметшілер бұған қарсы дау айтады, бірақ мен
командир мен қатардағы жауынгердің арасындағы күнделікті қарым-қатынаста
тіпті демократизмнің элементтері де болмауға тиіс деген осындай қорытындыға
келдім. Әмір етуші және мойын ұсынушы, бұйрықты орындаушы бар! Басқару
мен бағынудың әскерлік принципі осындай, бұл - қажеттілік. Мен оған істе
деймін, ал егер істемесе, бәрібір істеуге мәжбүр етемін. Қарамағындағы солдат
пен командирдің арасында сапта ешқандай да тепе-теңдік болуы мүмкін емес.
Бұл мәселе мүмкіндігіне қарай соғыстан кейін талқылана жатар, бірақ та Отан
соғысына қатысып, едәуір тәжірибе жинаған маған осындай қорытынды жасаудың
дұрыс екеніне көзім жетті. Әскердегі жалған және өтірік теңдік жөніндегі мәселе
соғыстан кейін талқыланар - мен бұған сенімдімін.
Солдат болу оңай емес, басқаның еркіне мойынсыну жеңіл емес, бірақ сен
бұйрықты, команданы сөзсіз орындауға тиіссің, тіпті бұйрық саған ұнамай тұрған
күннің өзінде де сен сөзге келмей орындауың керек. Бұл мәселеге байланысты
менің қолжазбаларымда бірсыпыра тереңірек жасалған тұжырымдар бар. Менің
көзқарасыма күдік келтіретін әрі бұл мәселемен айналысқысы келетін адам
болса, қолжазбаммен танысып көрсін.
Командирге әскерді темірдей тәртіпті ету, бағындыру оңай емес. Мен сіздерге
тәрбиелеу жұмысындағы игі дәстүрлер жөнінде айтып кеттім, оны енді қайталап
айтып жатпаймын.
Осыған орай мен Қазақ ССР Халық Комиссарлары Советінің председателіне
жастарды тәрбиелеу туралы, ұлтқа әскери тәрбие беру мен әскери мәдениеттілік
жөнінде, жігіттеріміздің бойында жауынгерлік қасиеттер қалыптастыратын
біздің халқымыздың игілікті дәстүрлері хақында хат жаздым (хаттың тексін
оқиды).
Егер халық әскери тұрғыдан алғанда мәдениетсіз болса, онда мұны жөргекте
жатқан кезден бастап тәрбиелеу мәселесіне жатқызу керек, егер адамды
жауынгерлік қасиетке тәрбиелемесе - онда бұл халық жауынгер халық болмағаны.
Мұны өткен тарихымызға қатысты, біздің халқымыз жауынгер халық болмаған
деп айта аламыз ба? Жоқ, біз бұлай деп айта алмаймыз, өксікті өкінішке орай
біздің жауынгерлік, ержүректік қасиеттерімізге соңғы уақыттарда өткенге
жаппай тас лақтыру, қаралауға байланысты жатсына тосырқана қарай бастаған
сияқты.
Өткенге жатсына қараушылық орыс және басқа да ұлттарда да болған. Мұның өзін
24
республиканың ескі басшыларының тарапынан жасалынған белгілі дәрежедегі
зиянды іс деп санаймын. Халықты жауынгерлік асыл қасиеттерге тәрбиелейтін
дәстүрлерінен қалай айыруға болады? Игі дәстүрлерді архивтің сөрелеріне қаттап
қоюға бола ма екен? Бұл пайда келтірер ме еді? Бұл бір ұлттық масштабта ғана
емес, сонымен бірге халық сияқты мемлекеттік масштабта, әлемдік масштабта да
өте үлкен зиян келтіреді. Егер біздер қазақ халқының барлық жақсы дәстүрлерін
керегі жоқ деп қудалайтын болсақ, ата- бабаларымыздың кім екенін білмейтін
болсақ, мұның өзі пайда бере қояр ма екен? БұданОдаққа да үлкен зиян келеді.
Өйткені кез келген парасатты адам Африкада, Қытайда, не кез келген басқа
елде болмасын, біздердің нағыз адам болғанымызды қалайды емес пе! Ал біз
не істедік десеңізші, өткен тарихымызды барып тұрған хайуандықпен жермен-
жексен ете аяққа таптап, содан кейін «өткенге қарсы шыққан бунтарлар» деген
жалпы қорытынды жасауға келіп тірелдік, ал кейбіреулер бұл игі дәстүрлерді
қайта дамыта түсудің орнына, түкке тұрғысыз мәселелермен, ұлттың одан әрі
дамып жетілуіне зиянды нәрселермен айналысты. Барлық өткен нәрселерді
жаппай, ақ-қарасына көз жеткізбей қаралау қандай жағдайда болса да мақтай
қоярлық қылық емес, өте тар өрістілік, қатігездік, надандық, тіпті бұзақылық
әрекет. Ол зияннан басқа түк те емес.
Мен осылай деп жазуға неге мәжбүр болдым? Оның себебі мынада. Қатарымызды
толықтырар жаңа күш келіп қосылып жатады, олардың кейбіреулеріне қарасақ,
бет әлпеті біздікі, ал кеудесіне үңілсек, аяғы аспаннан салбырап түскендей. Бұл
қалай деп ойлайсың? Оған орысша айтсаң ұқпайды, қазақша айтсаң да түсінбейді.
Оның бойында не қазаққа, не орысқа тән ешнәрсе жоқ. Бұл жағдай менің
зығырданымды қайнатты, неге бұлай болды деп, мұның себебін іздеуге мәжбүр
болдым, сөйтсем бұл сорлы бейбақ өзінің халқының игі дәстүрлерінен мүлдем
бейхабар мақұрым екен. Егер бұл саналы түрде істелінсе — онда зиянкестік
болғаны, ал егер саналы түрде істелінбесе — онда халқымыздың игі дәстүрлерін
аяққа басып таптағандық — нағыз ақымақтық әрекет болғаны. Дәстүр тәрбиенің
басты қайнарларының бірі болып табылады әрі оның өте үлкен мәні бар.
Әскери тәрбиенің негізі - командирдің әміріне міндетті түрде бағынушылықты
жете түсіну, ұғыну, қызмет бабы талап ететін әскери өмірге сөзсіз түрде толық
мойын ұсынушылыққа қол жеткізу.
Егер егжей-тегжейлі айтар болсақ, әскери тәрбиенің басты мақсаты - жауынгердің
бойында әскери қызметтің, жауынгерлік өмірдің қиындығы, мұқтаждығы
мен ауыртпалығын жеңе алатындай қабілеттілікке тәрбиелеу, денесін, оның
рухы мен еркін қиындықтан тайсалмайтындай етіп шынықтыру. Командирдің
әміріне мойын ұсыну - бұл да ауыр нәрсе. Әскери тәрбиенің мәні қиындық пен
ауыртпалықты, мұқтаждықты және қорқынышты жеңе аларлық қабілеттілікке
баулу, тәрбиелеу, ал бұл — тек парасатты адамның ғана қолынан келетін іс. Әскери
тәрбиенің әдісі — көз жеткізу, мәжбүр ету және талап ету. Ал кейбіреулердің
санасын таяқ билейді. Бес саусақ бірдей емес, амал не, кейде мәжбүр етуге
дейін барып қаласың - мәжбүр ету әдісі әлі талай ғасырлар қолданылар. Мен
тәрбиелеудегі басты әдіс деп көз жеткізуді мойындаймын, ал мәжбүр етуге
25
қосалқы құрал ретінде қараймын. Мәжбүр еткеннен гөрі адамға көзін жеткізген
әлдеқайда ұнамды емес пе? Көзі жеткен адам өз міндетін тек саналы түрде ғана
емес, сондай-ақ творчестволықпен де орындайды. Мәжбүр ету көз жеткізу әдісі
ретінде практикада, былайша айтқанда тәртіптік қару ретінде де қолданылып
отыр.
Ерлік дегеніміз не?
Ерліктің анасы — мақтаныш. Кәне, мақтаныштың қандай қайнар көздері бар
екеніне талдау жасап көрейікші. Тазалық, ұқыптылық, тән мен жан жүйесінің
кіршіксіздігі жеке мақтаныш сезімін тудырады, өзін-өзі ұстай білушілікке
үйретеді, өзі мен айналасындағыларға талап қоя білушілікке дағдыландырады.
Сыртқы тәртіпсіздік — адамның ішкі кемістігінің белгісі. Кір-қоқыс адамды
аздырып-тоздырады. Жеке мақтаныш сезімі дегеніміз не нәрсе — бұл ең алдымен
жеке бастың гигиенасы.
Адам өзін көйлегі көк, қайғысы жоқ, қарыны тоқ кезде лайықты ұстап жүре
алады. Егер де сіз үстіңізге алба-жұлба киім киген болсаңыз, онда қоғамдық
орында өзіңізді лайықты ұстай алмайсыз. Тұрмыста салақ, ұқыпсыз адам —
әскери қызметте де, жұмыс орнында да салақ, ұқыпсыз келеді. Егер адам сырттай
тәртіпсіз, көргенсіз болса, онда ол жұмыста да дәл сондай, егер адам ұқыпты
болса, ол онда жұмыста да ұқыпты болғаны. Кір-қоқыс адамды бүлдіріп, оның
бойында жеке мақтаныш сезімін біртіндеп көмескілендіре бастайды. Сыртқы
ұқыптылық — ішкі жинақылықтың, өзін-өзі ұстай білушіліктің, өзінежәне
айналасындағыларға талап қоя білушіліктің белгісі болып табылады. Осымен
бұл мәселе жөніндегі әңгімемізді аяқтаймыз.
Жеке мақтаныш сезімі дегеніміз не? Жеке мақтаныш сезімі ерлікті тудырады.
Жасық жан ержүрек бола алмайды. Жасық жан жанқиярлық ерлік жасауға да
қабілетсіз.
Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз не?
Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз — белгілі бір ұлт өкілінің жеке мақтаныш
сезімі, белгілі бір немесе басқа бір ұлт адамының көптеген жеке мақтаныш
сезімінің жиынтығы болып табылады. Ұлттық мақтаныш сезімі — әрбір ұлт
адамдары үшін бұзылмас заң. Кімде-кім өз ұлтын сыйламаса және оны мақтан
тұтпаса, ол сөзсіз барып тұрған арамза, отансыз қаңғыбас. Өзін сыйлай алған адам
өзгені де сыйлай алады, белгілі бір ұлттың толық азаматы болып әрі өз ұлтыңды
мақтан ете отырып, сен басқа халыққа да лайықты қарай аласың. Мысалы, нағыз
интернационалист болуы үшін орыстар шын мәнінде бар болмысымен орыс
болуға тиіс. Екі түрлі ұғым бар: ұлттық рух — бұл асыл қасиет, ұлтшылдық —
бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көр кеуделік. Бұл мәселені дұрыс түсіне
білу керек.
Кейбіреулер ұлттық рухты немесе ұлттық патриотизмді ұлтшылдықпен оп-оңай-
ақ шатастырып алады. Бұл жерде міндетті түрде ұғыну қажет. Соғыс кезінде
орыстар да бұл мәселені дұрыс түсінуге ұмтылып отыр, олар біз орыстармыз
26
дейді! Бұл дұрыс па, ал соғысқа дейін біздер күшті «интернационалистер» болған
едік. Ұлттық рух пен ұлтшылдықтың ара жігін ажырата білген жөн. Ұлттық
рух тамаша қасиеттерге ие, өз ұлтыңды тануға көмектеседі, ал бізге осы асыл
қасиеттерді дамыта түсу қажет, осындай адам ғана отандастарының алдындағы өз
халқының және ең алдымен халықтардың бауырластығы алдындағы өз борышын
терең де жоғары сезінеді.
Барлық халықтар барлық ұлы әрі тамаша нәрселер жасауға қабілетті. Айбарлы
адам жасық жанға дос бола алмайды. Егер сен жасық жан екенсің, онда достықты
талап етуге қандай құқың бар деу әбден заңды, сені тек жек көруге болады.
Халықтардың бауырмалдық ұлы сезімі мына қырғын соғыста үлкен сынға түсіп,
бұл сынақтан сүрінбей өтті әрі көптеген адамдардың көзін ашты. Бұл соғыста
Совет Одағында тұратын ұлыстар мен ұлттардың бірде-бірі өзгелерден жаман
соғысуға правосы жоқ. Айталық, бір халық нашар соғысты дейік; онда бұл халықты
құрметтеуге қандай негіз болмақ, ал жақсы соғысып жүрген халық әрқашан
ізгі құрмет көрсетуге лайық. Халықтардың достығы мен бауырмалдығының
осы айтылған негіздеріне сүйеніп ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз — ұлттар
достығының кепілдігі деуге болады.
Әрбір солдат өзіне өзі төмендегідей сұрақтар қояды. Біздер кім едік? Біздер
кімбіз? Біздер қандай болмақпыз?
Сонымен, біздер кімбіз және біздер кім болмақпыз? Егер сіздердің біріңізге
сіздің атаңыз тамаша адам болған десе, онда сіздің де көңіліңіз көкке көтеріліп
қалмай ма, сондықтан да бізден біздер кімбіз деп сұрайтын болса, онда біздің
өткен тарихымызға, біздің даңқты ата-бабаларымызға деген біздің бойымызда
мақтаныш сезімі сезілетіндей етіп жауап беруге тиістіміз.
Мен: «Біз мал едік, қараңғы едік»,— деп соғатын кейбір шешенсымақтарға
қатты ашу- ызам келеді. Бұл бізде ғана бар көр кеуделік емес, басқа ұлттарда да
бар нәрсе, тіпті орыстардың арасында да соғысқа дейін өздерінің ата-бабалары
жөнінде ұнамсыз нәрселерді айтудан ұялмайтындар табылатын. Суворовтың
өзін де жақында ғана көпшілікке насихаттай бастаған жоқ па? Сол кезде, яғни
өткен ғасырда өмір сүрген біздің кейбір хандарымыз бен билерімізге, мемлекет
қайраткерлерімізге байланысты да осындай көзқараста болдық, ал бізде хан екен,
демек антұрған деп қарайтын ұғым — түсінік болды.
Мұның өзін парасаттылық еді деп кім айта алады — сөз жоқ, ешкім де айта алмақ
емес. Өйткені Кенесарыдан оның көзқарасының Маркс көзқарасымен сәйкес
келуін талап етуге болмайды! Олар өз заманының мемлекет қайраткерлері әрі
жақсы адамдар болған, сірә мұны теріске шығара қоюға болмас және де оларды
мақтаныш етуіміз керек — олар халықтың абыройы ғой. Мұндай сұраққа немере-
шөберелері өзінің ата-бабаларына, өзі өмір сүрген қоғамдық формацияда көшке
ілескен елеусіз адам емес, жұртқа пайдалы өз заманының прогрессивті, өнегелі
адамы болғанына мақтанатындай етіп айта білу қажет.
Өткен тарихымызды аяққа баспай, қиянат жасамай, мұны дұрыс ажырата
27
білгеніміз жөн.
Біздер осы кімбіз? Біздер кім болмақпыз? Бұған былай жауап беру керек: жақсы
адамдар бар, одан да жақсырақ болуымыз керек. Әйтпесе ертеректе біз мал едік,
жылдар өте нағыз адам болыппыздың кезі келмей ме? Бұлайша қойылған сауалға
жауап қайыру жөнсіздік.
Оқып-үйрету, тәрбие беру деген ұғым-түсінік бар. Оқыту дегеніміз не? Бұл —
өте қатал түрде тәрбиелеу жолымен солдат кәсібінің техникасын үйрету. Барлық
айла-тәсілдерді солдат снарядтарда жаттығу орындайтын гимнастай дағдылы
түрде істей беретіндей дәрежеге жеткізу керек. Тәрбие адам бойында жақсы
мінез-құлық қалыптастырады.
Тәрбиелеудегі бірінші мақсат — саналылық, бұл ең басты мәселе, ал мәжбүр
етушілік — қосалқы тәртіп режимі болмақ. Көнтерілікке, көнбістікке, бас
июшілікке тәрбиелеу, бұл, шын мәнінде, адамды моральдық жағынан толық езіп-
жаншу деген сөз. Тіл алғыштыққа бейімділікті адам бойындағы адамгершілік
қасиеттерді жетілдіру мен жандандыра түсудің қуатты да икемді құралына
айналдыра білген жөн. Көнтерілілік, көнбістік — асқақ адамның сергек ойына
тұсау.
Армияда адамның адамгершілік сезімін терең құрметтей білуге негізделген қатаң
тәртіп болуға тиіс.
Ерлікке тәрбиелеу — сенімді түрде шешімділік жасау кезіндегі сақтық - батырдың
басты қасиеті. Ойланбай, көзсіз жасалған ерлік - батылдық емес, есерсоқтық
және оны ерлік деп атауға келмейді.
Адам бойындағы адамгершілік сезімді аяққа баспай, қорламай, құрметтей білген
жөн.
Біздің суретшілер болса, немістің суретін салған кезде үрейлі каррикатура, жан
түршігер құбыжық етіп салып, жүгенсіздік жасайды. Міне, мен ешқашан да ұрыста
болып көрмеген солдатпын дейік, алайда көп ұзамай қызу шайқасқа қатыспақпын,
алдыма қарасам, Тәңірім бұрын-соңды жер бетінде жарата қоймаған суретші
қолымен салынған алып құбыжық тұр. Мұнысы — насихатының түрі, осылайша
суретшілер одағы жауға деген өшпенділікті тәрбиелеу жұмысына көмектеспек
болады, бірақ шын мәнінде суретшілер одағының мұндай әрекетінің пайдасынан
зияны көп, осындай жүгенсіздігімен ол тек жас жауынгерді шошына түседі.
Бұл жүгенсіздік менің жан дүниемді тітіркендіріп, ашу- ызамды қайнатты: бұл
суретшілерді түрмеге жауып тастаудың орнына, оларға қалам ақы төлейтіні
қалай? Немістерді жан түршігерлік құбыжық етіп суреттейтін шығармалар да
баршылық — бұл жалған, өтірік. Егер өтірікті айта алмайды екенсің, дұрысы
үніңді өшір, ал айта алады екенсің, онда жөнімен, мөлшерімен айт. Кейбіреулер
немістерді адам емес дегенді айтады. Мен мұндай пікірмен келіспеймін және
өзімнің солдаттарыма немістер де сүйек пен еттен жаралған, бірақ олар мінез-
құлқы жағынан барып тұрған азғындаған, бұзылған адамдар деп айтамын.
28
Немісті де найзамен шаншып, оқпен атып өлтіруге болатынына, оған да
қорқыныш тән екендігіне жауынгерлердің көзін жеткізу қажет. Сонымен, барып
тұрған өтірік үлкен шаян алып келеді екен. Екінші бір шектен шығушылық —
немістерді біздің жалғыз жауынгеріміздің өзі-ақ «ура» деп атой салса, алды-
артына қарамай зыта жөнелетін су жүрек қорқақ етіп көрсетушілік. Екі жылдың
ішінде мен мұндай немістерді көргенім жоқ.
Олар қарсылық көрсетіп бағады, оларға қорқыныш сияқты, ержүректілік те тән.
Дұшпанды бейшара етіп, оның жауынгерлік қасиетін, қарсыласуға қабілеттілігін
жасырып көрсету жөн емес. Дұшпан туралы шектен шыққан кез келген
каррикатура жөнсіздік қана емес, сонымен бірге зиянды да. Дұшпан туралы
шындық нәрсені айту керек — тек шындық мысалдарында ғана жауға деген
өшпенділікке және батылдыққа тәрбиелеуге болады.
Тәрбие жұмысының мақсаты — адамның бойында жауынгерлік қасиетті,
жауынгерлік өнегелілікті қалыптастыру. Бұған адамды иландыру арқылы қол
жеткізеді, семьяңа, халқыңа, отаныңа, мемлекетке берілгендік, үлкенді сыйлау,
заңды, тәртіпті, салт- дәстүрлерді сақтау, жеке адамның игілігімен етене
байланысты, қоғамдық игілік жөнінде қамқорлық жасау өмірлік әрі рухани
қажеттілік болып табылады, қоғамдық қажеттіліктерге (әркімнің қабілетіне
қарай) деген дұрыс көзқарас қоғамнан лайықты бағасын алады.
Бұл ұғымдар тәрбиелеу арқылы сана-сезімге сіңіріледі де, адамның бойында
саналы іс- әрекет жасау үшін дербес мінез-құлық қалыптастырады; жауынгердің
адамгершілік келбетіне қорқыныш пен құлдық ұрушылық жат болуға тиіс, мұның
өзі шексіз сүюшілік пен мемлекетке, халқыңа шын жүректен сенушіліктің мән-
мағынасын білдіреді.
Қазақтар: «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»,— дейді. Адам
бақытты болған кезде шексіз беріледі, ал ол өзіне қай жерде сенім білдіріп,
өзін қай жер жақсы көрсе, сол жерде ғана бақытты. Енді кейбір психологиялық
ұғымдарға тоқталып өтейін:
Ақыл
Сезім
Ерік.
Ақыл— бұл заттар мен құбылыстарды танитын күш. Ақыл оларды өте
сезімталдықпен ажыратып, анықтайды, яғни адам өзінің сезім мүшелері арқылы
әсер алып, оны нерв жүйелеріне беріп, мида тез арада қорытып, пайда болған
нәрсе түсінік пе немесе образ ба, анық жауабын береді. Ақылдың жұмысы
адамның ішкі сезім күйін бейнелейді. Мұны біз көбінесе жекелеген ұғымдарға
жіктеп жатамыз.
Ойлау — алған әсерлерді біртіндеп өңдей отырып, объективті шындықты
бейнелейтін танымның жоғары сатысы.
29
Сенімділік — бұл заттар мен құбылыстар туралы, болып жатқан нәрсе туралы
нақты ұғым мен оның зардабы туралы айқын түсінік. Сенімділік табысқа жетуге
деген құлшынысты арттырады, бойға қуат береді, әбден айқындалған өмір беруге
немесе жеке іс-қимылға шақырады — яғни дереу әрекет жасауға итермелейді.
Күдік — алған әсерді шала әрі айқын сезіне алмаудың, түсіне және өңдей алмаудың
салдарынан ақылдың арса болуы, ойдың толқуы... Күдік — қорқыныштың
бір түрі, соғыста толқу — бір нәрсеге шешіліп тәуекел ете қоюға, бір нәрсеге
әрекет қылуға мүмкіндік бере қоймайтын, көбіне сасқалақтап асып-сасуға дейін
жеткізетін өте қауіпті, көбіне залалды астан-кестен болған ішкі дүниенің күйі;
жаңыла бастаған адам, басқаларды да есінен жаңылыстырады.
Күдіктене бастаған командир, әдетте, өзінің міндетін орынбасарына артып немесе
оның «қарамағындағылар жай оны түсінбепті» деген сылтаудың зардабынан өзін
қауіпсіздендіре отырып, жалпы сөзбенен анық, айқын емес бұйрық беріп жеке
бұйрықтан қашқалақтайтынын біздер тәжірибеден білеміз. Халықта мұны «айран
ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады» дейді. Жеке басым өзімнің бастығым
генерал Черниговақылының тұрлаусыздығынан үш рет сәл болмағанда ажал
апанына түсе жаздадым, осы жағдай «күдік» деген ұғымды тереңірек түсінуіме
түрткі болды.
Ес — бұл ақыл-ойдың бастан өткен әсерлерді өз қалауынша қабылдау, сақтау
және қайта жаңғырту қабілеті. Әскери істе ес тәжірибені негіздеуге қызмет етеді.
Ес алдағы пайдалы іс-әрекеттер үшін сәтті және сәтсіз әрекеттерден тағылым ала
отырып құбылыстарды сұрыптап, жинақтайды. Бізге бұл әділ түрде тәжірибеден
үйрену, басқалардың тәжірибелерін жинақтап, зерттеу ұсынылады. Әрине, жеке
тәжірибе - ұлы іс, ол санада терең із қалдырады, дегенмен де оның да аясы
тар, сондықтан да басқалардың тәжірибесі мен зердесіне, оларды үйрену мен
жинақтауға ерекше көңіл бөлінгені жөн, бұл кез келген ойлы офицердің парызы
әрі оның жеке басының іштей өсуінің құралы болуға тиіс.
Зерігу — ақыл-ойдың қызығушылығының болмауы, қабілеттің аздығы, қызметтің
әлсіздігінен пайда болады. Зерігу қызмет орнына, табиғаты келмейтін жұмысқа
бейімділігіне, қабілетіне қарамай тағайындай салушылықтан келіп туады. Халық:
«Қарғаны баптағанмен бүркіт болмас», «Аяз би, әліңді, құмырсқа, жолыңды біл»,
«Әркім өз жөнін білгені жақсы»,— деп бекер айтпаған. Әр уақытта адамның
туа біткен қабілеттілігін, табиғи дарынын ескеріп және қызметтік талаппен
байланысты тууы мүмкін қайшылықтарды орағытып кеткен жөн. Кадрларды,
кімнің неге қабілетті екенін, жалпы кімді қай жерге тағайындау емес, пайдалану
жөн, тиімді екенін анықтау мақсатында зерттеп білу, анықтау талабының заңды
екені белгілі. Мұның бәрін есепке алмау (кадрларды, қатардағы құрамды қосып
есептегенде, дұрыс бөліп, орынды орналастырған жағдайда оп-оңай құтылып
кетуге болатын) үлкен материалдық шығын мен қажетсіз құрбандыққа душар
етеді.
Селқостық — негізінен зерігудің бір түрі, ойлаудың тиянақсыздығы, айқын
еместігі, құбылысты байыпсыз қабылдаушылық; осыдан оның салдары енжарлық,
30
қызметтік әлсіздік және т. б. туады. Армандаушылық — жүзеге аспайтын
нәрселерді ойлану, дегенмен де бұл адам бойындағы күшті құштарлық. Соғыста
армандаушылық — көбінесе нақты міндеттерді шешуде творчестволық жолға
итермелейтін қозғаушы күш.
Қулық — алған әсерлерді жалған, жасанды түрде көрсету - соғыста ең сорақы
бақытсыздық, қауіпті өтірік.
Екіжүзділік — жалған жаны ашушылық, түсінушілік, ұғынушылық, пікірлестік,
өтірік нәрсені шын деп, шынды жасырып көрсетушілік.
Мұның бәрі көбіне «Аяз би, әліңді, құмырсқа, жолыңды біл» салдарынан.
Екіжүзділікті жоюдың ең сенімді тәсілі, ең дұрысы — бөлімді жасақтау кезінде
немесе қызмет орнына офицер-жолдастарды тағайындаған кезде мұндай
жағдайларды тудыратын себептерге жол бермеу. Мүмкіндік болмаған жағдайда
— мәжбүр ету әдісімен үйрету керек.
Сезім — тән мен жанның белгілі бір жағдайдағы күйі, яғни біздің сыртқы
дүниені қабылдау және оған жауап беру, реакция жасау қабілетіміз. Сезім: тән
(физикалық), немесе оны кейде төменгі сезім деп те атайды, яғни оны организмнің
(ауырсыну, шөліркеу, аштық, суықтық және т. б.) физикалық күйі анықтайды.
Рухани немесе кейде жоғарғы деп те аталынатын — яғни адамның көңілін
аударып, жан дүниесін астан-кестен ететін сезім — оған махаббат, жеккөрушілік,
ашу-кек, ыза сезімі және сол сияқты ақиқат, әділдік сезімі, шындық, өтірік және
т. б. сияқты ұғымдар да жатады.
Әсер - адамның психикасын қоздыратын немесе басатын жағымды немесе
жағымсыз түйсік сезім. Әсер сезімі физикалық та, сондай-ақ бұл сөздің
рухани мағынасында даадамның қызметіне тікелей ықпал ете отырып, адамды
қайраттандыра түсуге, оның бойындағы күш-қуаттың артып, болмаса әлсіреуіне
себепші болады. Бізге бәрінен де гөрі әскери тәрбиеде жауынгерлік қасиеттерді
дарытудың моральдық және адамгершілік негіздері ретіндегі сезімдердің ең
жоғары көрінісін білу, зерттеу және түсіну маңыздырақ.
Парыз — бұл орындалуға тиіс міндет пен әрекет. Парыз алға қойылған міндеттен
туады, яғни міндет адамға парызды жүктейді, сондықтан да парыз бен міндет
адамның қызмет әрекетінде әртүрлі. Халық: «Билік кімде болса, сұрау да содан»,
— дейді. «Міндет адамға жауапкершілікті жүктейді». Егер бізді қоршаған табиғат
пен жануарлар әлеміне тіл біткен болса, онда олар мүлдем әділ түрде дауыспен:
«Адамның қолына қыруар билік берілген, одан көбірек сұрағын, жаратушым!»
— деген болар еді. Әскери қызмет әскери қызметшілерге біз әскери парыз деп
айтатын ерекше спецификалық міндет жүктейді. Мемлекетті қолына қару алып
сыртқы және ішкі жаулардан қорғау —- армияның басты міндеті мен мақсаты.
Армияның негізгі мақсаты — ұрыс жүргізу, бұл әскери мақсатқа жету жолындағы
бірден-бір құрал. Кез келген ұрыстың міндет-мақсаты дұшпанға қақырата
соққы беру, демек әскери парыз дегеніміздің өзі - бұл жеңісті сезіну, жеңіске
жету жолында қауіп-қатерден тайсалмай, намыс пен абыройды жоғары ұстап,
31
өлімге тәуекел етіп, жауды жеңген кездегі мақтаныш сезімі деген сөз. Әскери
парыздың өзегі — әскери рух, әскерлердің моральдық-адамгершілік бейнесі
жоғары идеялық пен патриотизм болып табылады. Әскери рухтың — парыздың
мән-маңызы өлімге бас тіксең де, дұшпанның еркіне мойынсұнбау.
1 Әскери рухтың көрінісі — өзін барлық кезде сергек те көңілді ұстаудан, өз
міндетін дәл, мінсіз атқарудан, ұқыптылық, тиянақтылық танытудан, үсті-басын
таза, мұнтаздай етіп ұстаудан тәртіп пен қызметтік міндеттерді дұрыс орындау-
дан, полктың туын қасиетті ту етіп жоғары ұстай білуден көрінеді.
Адамның жан-тәніне түсетін жөнсіз сын мен ауыртпалықтан арып-ашу мен
қажудан мүмкіндігінше аулақ болған жөн, әскердің күш-қуаты мен рухын
түсірмей, қайта көтеріп, жауынгердің санасына біртіндеп қызмет етудің
қажеттігіне жеткізу керек.
Парыз — өзінің мағыналық аясына ақыл, сезім, ерік, абырой, ар-ождан,
әділдік, шындық, махаббат тағы басқа да мәселелерді қамтып, оларға адамның
қызмет аясындағы қайшы құбылыстарды қарама-қарсы қоятын ең жоғарғы
интеллектуалдық ұғым.
Төменіректе парыз туралы толығырақ айту үшін алдымен мынандай
анықтамаларға тоқтала кетуді қажет деп санаймын: парызды түсіну ар-ұят деп
айтылады.
Ар — жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен
әділетсіздікті және басқаларды анықтайтын адамгершілік ұғымы. Бұл адамның
қызметін оның ақиқат, шындық пен әділдік жөніндегі ұғым-түсінігіне байланысты
реттейтін парыздың қаншалықты орындалған немесе орындалмағанын (осыдан
келіп бірде сергектік, бірде жасушылық) анықтайтын, нені істеп, неден бас
тартуға тура келетінін көрсететін, көңіл- күйдің жайбарақаттығын білдіретін
сезім.
Қысқасын айтқанда ар — парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп
отырушы. Абырой — жеке адамның ар-намысын ұғыну деген сөз. Абыройды,
жоғары моральдық рухты сақтау жолында өз өмірін қиюға дейін баруға ниет ету
— намыс деп аталады.
Ұят — жасаған әрекетінің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік,
моральдық рухтың асқақтығын қорлау — масқара болушылық сенімділік, соғыс
пен ұрыстағы сенімділік — дұшпаннан басым түсу сезімі, өзінің жеке басының
ар-намысын сезіну.
Сенімділікке істі білу мен жауынгерлік рухты көтеру арқылы қол жетеді.
Жігерлендіру дегеніміз — рухани күш беру, күш-қуаттың тасуы, сергектік күй.
Әскерді жігерлендірудің құралдары мыналар: инабаттылықпен, кішіпейілділікпен
ықпал ету, адамның адамгершілігін құрметтеу, бастықтың жеке өнегесі, ақыл-
кеңес беру, айтқанын түсінікті етіп ұғындыру, көңілден шыққан қарапайым
сөз, тапқырлық, шешендік, орынды айтылған әзіл-қалжың, ойын-күлкі, ән-күй,
32
жауынгерлік және басқа да әндерді айту, би билеу мен бөлімшелердегі басқа
да көркемөнерпаздық жатады. Көркемөнерпаздыққа ерекше көңіл бөлген жөн,
өйткені, солдат өзін бәрібір көбінесе көрермен ретінде сезінетін, әрі артистерге
тек қана кәсіпқойлар деп қана қарайтын нағыз артистердің көрсеткен өнеріне
қарағанда, ол бірге қызмет ететін жолдастарының қойған ойын-сауығында көңілі
көбірек көтеріліп, шабыттанып, өзін әлдеқайда жеңіл сезінеді. Актерлер мен
актрисалардың гримдері солдаттың бойында маскаға деген жеккөрушілік сезімін
тудырады: «Мына бейтаныс адамдар келіп, өздерінің қылымсыған, бәлсінген,
шын жүректен шықпаған жалған ойын-сауығымен бұлардың көңіл-күйін
көтермек». Солдат далалық жағдайда шын мәніндегі тосын өнер көрсеткен кезде
нағыз өнер өкілдерінен гөрі, көбінесе шалағай өнерпаздар (халтурщиктер) ойын-
сауық қоятынын анық сезеді. Шалағай артисті ол рахаттана қолына винтовка
ұстатып, ауыстырмай, бір тәулік бойы күзетке қойып әрі бұл қыр жалқаудың
қиналғанын көріп табалаған да болар еді.
Өзара көмек көрсету және коллектившілдік сезімі — әскери парыздың маңызды да
міндетті элементі, жолдастық, топтық-қоғамдық сезімнің асыл белгісі. Адамның
басына түскен қайғыны бөлісе білушілік — адамның бойында коллектившілдік
сезімді тәрбиелеудің нәтижесі, ортақ мақсатқа жетуге көмектесу, жолдасыңның
қазаға ұшырауы оның өзін де әлсірететін тікелей қауіп екенін, ортақ мақсатқа
жетумен және өз басын сақтап қалу мүмкіндіктерін азайтатынын білдіретінін
сезе отырып, бар күш-қуатыңмен, қабілет-қарымыңмен жауынгер коллективтің
бөлшектеніп ыдырап кетуіне жол бермеу. Бұл сезім басшы мен оның
қарамағындағылардың, жауынгерлік бірліктің, жауынгерлік ынтымақтастықтың
моральдық негізі болып табылады, ол «бірі — бәрі үшін және бәрі — бірі үшін»
деген принципке негізделген немесе қазақтар айтатынындай: «Алтау ала болса,
ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегіні алады», «Бірліксіз тірлік жоқ».
Сөйтіп, офицерлердің міндетті түрде солдаттың бойында ортақ мақсатқа
жұмылдыратын, бірлікке шақыратын коллектившілдік сезімін тәрбиелеуге,
дарытуға және бекітуге ерекше көңіл бөлгені жөн. Бұл сезімді халықтың
дәстүр-салты, жауынгерлік дәстүр, сондай-ақ бірыңғай әскери киім үлгісі, ұрыс
жүргізу тәсілдеріне бірыңғай түрде үйрету, мақсаттың бірлігіне сендіру бекітіп,
дамыта түседі. Солдаттың сана-сезіміне: бөлімшенің әлсіздігі — оның әлсіздігі,
бөлімшенің масқара болуы — оның масқара болуы, бөлімшенің даңқы — оның
даңқы, бөлімшенің намысы — оның намысы, бөлімшенің сәтсіздігі — оның
сәтсіздігі, табысы — оның табысы екендігін жеткізу қажет. Ол өзі қызмет етіп
жүрген жауынгер коллектив — оның жауынгерлік семьясы болып табылады, бұл
семьяның тағдыры оның жеке басының тағдырымен ажырағысыз байланыста.
Бұл жерде мен бұрынғы қолжазбаларымдағы қорқыныш жөнінде айтылған
пікірден бірде- бір жол үзінді келтірмеймін, дегенмен бәрібір оған қосымша
ретінде бұл барлық тіршілік иесіне тән сезімді классификациялау ретіне
байланысты бірнеше сөз айта кету қажет деп санаймын.
Үрей — қиыншылық, қайғы-қасірет, жапа шегуді және басқа да жағымсыз
нәрселерді күтуге байланысты туатын сезім.
33
Қорқыныш — өлім қаупіне, адам шығынына және басқа да ауыр әрі азапты
оқиғаларға алып келуі ықтимал жағдайды күтуге байланысты адам бойында
туатын сезім. Жан қиналысына, денеге оқ, жарықшақ тиіп жарақаттауға, аяқ-
қолды жұлып кетуге, өлім, яғнижеке адам өміріне үлкен зардабы тиетін сұрапыл
ауыртпалықтың төнуіне байланысты қорқыныш сезімі пайда болады.
Зәресі, үрейі ұшу дегеніміз — адам бойындағы қорқыныш сезімінің кейіннен
үдей күшейе түсуі, қорқыныш сезімі ойламаған жерден, қауырт туып, сана-
сезімді билеп алады, адам бір орнында қаққан қазықтай қалшиып қалады, оның
денесінің бәрі жансызданып қалғандай — жүйкесі босап, бұлшық еттерінің әл-
дәрмені кетіп. тірі өлікке айналғандай, былайша айтқанда, адамның ішкі «мені»
толық түрде бей-берекетсіздікке ұшырайды. Сасу — тобырға қорқыныштың
таралуы. Үрей, қорқыныш, зәресі, үрейі ұшу, сасу өзін-өзі сақтау инстинктінің
көлеңкелі жақтарынан, бір қалыпты әрі қауіпсіз тіршілікті аңсаудан туады.
Айтылған сезімдер адамның ақыл-ойының жұмысын әлсіретіп, ерік-жігерін
нашарлатады, сезім мүшелерінің қалыпты жұмысын бұзады, содан бұлшық еттер
түйіліп, жүрек соғысы жиілейді, сөйтіп бұл сезімдер адамды ақылмен, сезіммен
басқара білуден, ерік-жігерінен, бір қалыптылығынан айырады, адам хайуанға
тән өзін-өзі сақтау инстинктіне, үрейі ұшу, қорқу сезімдеріне тап болады.
Үрейі ұшу, қорқу сезімі барлық тіршілік иелеріне тән, әрі оны жан дүниесінің
күшімен — интеллектпен, адамның жоғарғы саналылығы — ерлік, өзін-өзі ұстай
білу, жеке басының қасиеттері — парыз, ұят, ар-намыспен, қатаң әскери тәртіппен,
командирдің жеке өнеге- үлгісімен, оның өктем ерік-жігерімен, беделімен,
бұйрық пен жарлық берген кезде солдат барлық уақытта: командир қай жерде
болса, сол жерде қауіп аз; командир қорықпайды екен, демек қорқатын да дәнеңе
жоқ сияқты, бірақ та командир жүрексіздене бастаса, онда сенімділік болмаса,
демек қауіпті, қатерлірек бір нәрсенің болуы мүмкін деп ойлайтынын еске
алып оның даусындағы қорқынышты сейілтіп, қарамағындағы жауынгерлердің
бойына сенім ұялататын әмірлі үнімен оп-оңай-ақ басып, жоюға болады.
Бұл сезім көбінесе дұшпанның ойда жоқта, аңдаусызда күтпеген жерден жасаған
іс- әрекетінен «өліп, мерт болып кетуім мүмкін-ау» деген психикаға қатты әсер
ететін ойға байланысты туады. Әскери уставта моральдық тұрғыдан да үлкен
мәні бар жауынгерлікті қамтамасыз етуге, үздіксіз барлау жүргізу мен күзетке
қоюға байланысты мәселелерге үлкен маңыз беріп, оны бірінші орынға қоюы
сондықтан.
Далалық уставтың 93-параграфында былай деп анық жазылған: «Әскерлерді
жауынгерлік тұрғыдан қамтамасыз ету мынандай мақсатты көздейді: әскерді
дұшпанның жерден және әуеден тұтқиылдан жасаған шабуылынан сақтандыру,
оларға еркін қимыл жасау және ең қолайлы деген топпенен ұйымдасқан түрде
ұрысқа кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету».
Қорқыныштың алғашқы белгісі байқалысымен-ақ, өктем де тура айқын берілген
бұйрық пен команда бойды билеген үрейді ұшырып, іштей қобалжуды басып,
34
тіпті қапыда қалып, бас сауғалап кеткен адамның өзіне күш-жігер береді. Дұрыс
тәрбиелей білушілік, қарамағындағылардың психикасына дұрыс ықпал ете
алушылық пен парасатты түрде берілген бұйрық қана — қару-жарақ пен туға,
жауынгерлердің өміріне қауіп төндіріп тұрған қорқыныштың алдын алудың,
оған жол бермеудің, сақтап қалудың, жауынгерлерді абыройсыздық пен масқара
болудан аман алып қалудың сенімді құралы. «Әмір ете білу керек» деген девиз
әрбір офицердің туына үлкен әріптермен жазылып қойылуға тиіс.
Үміт үзу — жағдайдың мүлдем үмітсіздігі мен тығырыққа тірелуін ұғыну мен
өлім қаупінің сөзсіздігіне байланысты туатын сезім.Өйткені әскери адам үшін
(оның мамандығы осындай) қазаға ұшырау — солдат кәсібінің салдары, қалыпты
нәрсе болып табылады және де әскери устав ұрыс жағдайы талап еткен жағдайда
өзін өлімге қиюға тәрбиелеуге міндеттейді, жеке адамның мерт болуы, әскери
адам үшін (әскери емес адамдарда болатын) ақтау бола алмайды. Дегенмен жеке
адам өлімі үлкен игілікті іс жауды жеңу жолында онша үлкен қайғы, соншама зор
құрбандық болып көрінбегенімен, әскери адам бойында үміт үзу, торығушылық
туғызбауға тиіс, солай болғанмен де ол белгілі дәрежеде бәріне ортақ, жалпы
сезім (өйткені солдат та тірі адам, оған да адам бойындағы әлсіздік қасиеттер
тән) болып табылады. Тек мынандай айырмашылықтарымен әскери адам үшін
жеке адам өлімі болуы мүмкіндігі күтпеген нәрсе емес, өйткені ұрыс даласында
күн сайын, әрбір минут сайын өлім қаупі төнеді.
Әскери адам кез келген күтпеген оқыс жағдайдан абдырап, сасып қалшиып тұрып
қалуға тиіс емес, қайта оқыс жағдай оның ақыл, ерік-жігерін, сезіміне от беріп
бұрынғыдан батылырақ, ептірек қимылдауға жұмылдыруға, итермелеуге тиіс.
Тез арада бойды күшпен жинап алушылық әскери адамды абдырап, сасқалақтап
қалудан, әрекетсіздіктен, есепсіз қозғалыстан, бәрі де бітті деп санаған тығырық
жағдайдан батыл түрде өзін алып шығуға мүмкіндік береді. Өмірге деген
құштарлық, өлімді жеңіп, аман қалуға ерекше ұмтылу ниеті — адамды өлім
қаупін жеңуге, өлімге қарсы баруға, қайнаған ыза-кекпен өмір үшін өлімді жеңуге
итермелейтін ұрыс кезіндегі басты қозғаушы күш. Өмір — солдаттың туы.
Менің солдат ұрысқа өлу үшін емес, өмір сүру үшін барады, ал өмір сүруге деген
үміт оты солдаттың жүрегін жылыта түседі деп дәлелдей айту себебім сондықтан.
Солдат өмір сүру үшін, осы жолда өмірін қияды...
Өжеттілік, қайсарлық — жауынгердің тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде
абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс. Ерік үмітсіздік
бұғауын үзіп, адамның бүкіл жан дүниесі мен тәнін ширықтырып құлшындыра
түседі, мұндай іс- әрекетті күтпеген әрі өзінің құрбандығына душар еткеніне
сенімді дұшпанға беймәлім жолмен оқыс соққы беруге жетелейді. Өжеттілік
— дұшпан үшін мүлдем күтпеген нәрсе, бұл жағдай ең алдымен моральдық
тұрғыдан есеңгіретіп тастайды, мұндай батыл қимылдан есін жинай алмай быт-
шыт болған дұшпан лезде бірнәрсе қабылдай қоярлық қабілетінен айырылады.
Дұшпанға жай оғындай тию өз нәтижесін береді, үміт үзушілік, торығушылықты
салтанатты көңіл күй басады, әрине мұның өзі адам шығынынсыз болмайды,
бірақ адам өлімі өжеттілік көрсеткен жағдайда сирек ұшырасады.
35
Сонымен ақырында әскери адам үшін қажу, торығушылық, үміт үзушілік,
сенімсіздік деген болмайды, ешқашан өмірде үміттене алмаған адам ғана үмітін
үзе алады. Қазақтар: «үмітсізден үміт қашады, үмітті асқар таудан асады»,— деп
өсиет айтады.
Патриотизм — Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-
саулығы қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну,
өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз — жеке
адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз —
мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткенімен, бүгінгі
күнімен және болашағымен қарым-қатысын біріктіреді.
Отанға деген сүйіспеншілік қана соғыс кезіндегі өлімді моральдық тұрғыдан
ақтап, соғыс ісінің адамгершілік негізі бола алады.
Барлық кезде патриотизмді дерексіз, ұзақ-сонар сөзбен ұғындырудан, көбінесе
мемлекетке берілген адамның мақсат-мүддесімен байланыссыз түсіндіруден
қашу керек. Осы мәселеге қатысты мен 1941 жылы «Үкім» деген атпен бірнеше
бетке ой-пікірімді жазған едім, ол ойларым Александр Бектің «Панфиловшылар
алғы шепте» деген алғашқы повесінде толық түрде көрініс тапты, сондықтан
мен осымен шектелгім келеді.Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі —
онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм жөнінде
айтып өту қажет. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм — бұл ұлттың ішіндегі
жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті — өз халқына деген сүйіспеншілігі, жеке
адам өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-
тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері,
қалыптасқан тарихи дәстүрлері жатынан да әбден айқын әрі дербес басқа
қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты. Мұның бәрін міндетті түрде
есепке алу үшін әрі бұл сезімді әскерлерге күш-жігер беретін мықты құрал
ретінде пайдалана отырып, патриотизм, отанға, ұлтқа сүйіспеншілік ұғымының
жалпы арнасына бағыттап жіберу үшін білу қажет. Менің қолжазбамда былай
деп жазылған: «Қазіргі заманғы соғыс — саяси соғыс, біріккен ұлттардың соғысы
болып табылады, оған біздің Совет мемлекетінің барлық халқы қолына қару алып
қатысуда. Олар бірлесе күш салғанда ғана жеңіске жетеміз». Әрбір командир
жауынгердің бойында патриоттық сезімді дамыту үшін күнделікті, практикалық
әрі дұрыс та саналы түрде жұмыс жүргізудің сөзсіз қажеттігін терең түсіне білуі
тиіс... Барлық халық барлық ұлы да тамаша нәрселер жасауға қабілетті.
Біз үнемі лайықты бауырмалдық қарым-қатынас жасауға әрі кез келген ұлт пен
халықты құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек.
Ұлы орыс ұлтының орта тобынан шыққан кейбір өкілдері басқа шағын
халықтарға «екінші сортты» адам деген оймен қарауына мүлдем жол бермеу
керек, мұндай қате, мәдениетсіздік көзқарас — өте зиянды. Өкінішке орай,
олар мұндай көзқарастарымен ұлттық тудағы асқақ озық жоғарғы идеяны
шовинизмнің жиіркенішті ұсақ-түйегіне айырбастай отырып, бірінші кезекте, ең
алдымен өз ұлтының ұлы абыройына кір келтіреді. Орыс жолдастарға қатысты
36
бұл кесірлілікті Калинин «орыс берекесіздігі» деп атаған.
Практикалық жұмыста барлық кезде де ұлтшылдық пен ұлттық рух ұғымын
ешқандай да шатастырып алмау жағын үнемі есте ұстау керек. Мынаны
білген жөн, ұлтшылдықтың негізінде басқа халықтарға өзін қарсы қоюшылық,
амтогонизм жатса, ал ұлттық рухтың табиғатына өз халқына деген сүйіспеншілік
арқылы басқа халықтарды сүю мен құрметтеу тән.
Кейбір республикаларда ұлттық мәдениет пен тілдің негізі қорғалмайды, мұның
өзі ең алдымен осы республиканың басшылары мен коммунистеріне абырой
әпермесе керек, өйткені марксизм бұл негізді түп-тамырымен жоюға қарсы,
марксизм керісінше, барлық жағынан, түрі жағынан ұлттық, мазмұны жағынан
социалистік мәдениетті жалпы адамзаттық мүдде тұрғысынан дамытуды
көздейді, жол берсе, ол адамға барлық жағынан айып пен әділ кінә тағылуға
тиіс. Күншілдік — басқа адамның басымдығын және өзінің әлсіздігі мен түкке
шамасы келмейтіндігін түсіну. Басқалардың тасының өрге домалауы, күш-
қуатының, қайратының артықтығы, сондай-ақ материалдық игілігі күншілдік
сезімін тудырады. Өйткені әркімге іс-әрекет етуге құлшыныс танытушылық, мен
басқалардан кеммін бе деп өзін-өзі жоғары қоюшылық пен сенімділік тән. Абай
былай деген: «Адам бір боқ көтерген, боқтың қабы...»
Іс-әрекеттің табыстылығы басым түсудің нәтижесі болып табылады әрі атақ,
данқ, танымал, қоғамдық ықпал және т.с.с. формада көрінеді. Мұның бәрі
күншілдің сасық намысын қоздырып, ашу-ызасын тудырады, жан дүниесін
күйзелте түседі. Моральдық жағынан азапқа салады, бұдан ол өз бәсекелесінің
сыртынан өсек айтып кемсітіп, үстінен әртүрлі өсек-аяң таратып, оның пайдалы
істері мен әділ еңбектері жөнінде тіс жармай даттау жолымен құтылғысы келеді.
Достық қарым-қатынас әдебін сақтап, «Жамандығын жасырып, жақсылығын
асырудың» орнына, «түймедейді түйедей етіп көрсетеді». Күншіл өзінің кескін-
келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады немесе
әскер тілімен айтқанда, сөз тасушы адам өсектеп жүрген адамының тырнағына
датұрмайды. Ең алдымен өзі өсектеп жүрген адамнан гөрі сөз тасып жүрген
адамның жеке басын тексеріп көру қажет. Өкінішке орай, бізде кейде керісінше
істеп жатады.
Күншіл — әсіресе, армияда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол жаман
адамгершілікке жат қылыққа, тіпті қылмысқа да бейім. Тіпті, күншіл адамның
біреудің лайықты еңбегін елемеуі, ауызға да алмауы және басқалардың пайдалы
істерін жұртшылықтың тануына қалайда кедергі келтіруге тырысып бағуы
сияқты енжарлық әрекеттері — өте зиянды.
Оның бұл әрекеті талантты да қабілетті адамдардың еңбек өнімділігін
төмендетеді, сөйтіп іс пен жалпы мүддеге орасан зор нұқсан келтіреді. Күншіл
адам ыждағаттылық, әділдік пен берілгендік сияқты адамның жақсы қасиеттерінің
арасында кикілжің, іріткі салады.
Сондықтан да мен «Ерлік елеусіз қалмасын. Олжа — елге сауға, атақ — ерге
37
сауға» деп жазып едім.
Күншіл кісі әдетте атақ, даңқ, шенқұмар, мақтаншақ келеді.
Мақтан сүйгіш — алғашқы мағынасы абыройды, ар-намысты құрметтеу әрі ерік-
жігердің қозғаушы күші деген ұмтылуды білдіреді. Сый-құрметке, атақ-даңққа,
адамгершілікке жатпайтын, ойдан шығарылған, жалған жымысқы әрекетпен,
шын мәнінде болған жайды өсіріп, өзінің еңбегі етіп көрсетуге ұмтылушылық.
Бұған кейде біздің тілшілер де атақ құмар жандардың айтқанына елтіп, өздерінің
аңғырттығымен жел беріп қояды. Мақтан сүйгіштікке қарсы қолданылатын
бірден-бір құрал — қара қылды қақ жарар әділдік, ерлікті өте сезімталдықпен
айыра біліп, тауып, көре білушілік. «Ерлікті таба білу — ерді тани білу». «Олжа
— елге сауға, атақ — ерге сауға». «Ерлік елеусіз қалмасын» деген қағиданы
қатал да парасатты түрде ұстан. Өзінің атқарған пайдалы қызметі үшін бірге
қызмет істейтін жолдастары мен бастықтары тарапынан қолдау, мақұлдау күту
— әрбір адамға тән нәрсе. Бұл сезімді қанағаттандыру бастықтардың тарапынан
әділеттілік пен парасаттылықты талап етеді. Мұның өзі адамды рухтандырып,
күш-жігер беріп, жұмыс өнімділігін арттырады. Өйткені әрбір адам өзіне ықылас
қойып, көңіл аударуды аңсайды, ал солдат болса өзінің тырмысқан талпынысы
үшін баталы сыйға емес, өзі сенімді қызмет етіп келе жатқан командирінің —
халықтың, мемлекеттің өкілінің ықыласына бөленсем дейді.
Солдаттан қарапайым жан жоқ. Оған сергек те, ықыласты әрі әділ болған жон.
Далалық уставтың 14-параграфында жауынгерден зор жігер, барлық күш-қайрат
жұмсауды талап ететіндігі тегін болмаса керек, сондықтан да командир қандай
жағдайда болмасын ол жөнінде қамқорлық жасауы тиіс. Уставта былай деп
жазылған: «Өзінің қарамағындағы жауынгерлерді жақсы білуі, олармен үнемі
жеке қарым-қатынаста болу, олардың жауынгерлік өміріне, ерлігі мен мұқтажына
көңіл бөліп отыру командирге бөлімнің
(құрамының) жауынгерлік бірлігін, ұйымшылдығын және ұрыс кезінде жеңіске
жетуін қамтамасыз етеді».
Тобыр жөнінде көп айтылуда. Тобыр дегеніміз не? Тобыр — армия емес, армия
да — тобыр емес. Сонымен топ дегеніміз — адамдардың жиыны. Әр қилы ниет,
мақсат- мүдденің итермелеуімен әртүрлі себептермен жұрттың жиналуы.
Адамдардың белгілі бір мақсат және міндеттен, белгіленген тәртіп пен ережені
сақтай отырып жиналуынан ұйымдасқан топ, қоғам деп атайды, оның бұлай аталу
себебі — қатысушылардың барлық іс-әрекеті жоспарлы түрде осы жиынның,
жиналыстың мақсат- міндетіне бағынатындықтан.
Береке-бірліктің, нысаналы мақсаттың, ұйымшылдықтың жоқтығы, төменгі
психологиялық ниет-мүдденің итермелеуімен стихиялы түрде жиналу,
қатысушылардың айқын, біртұтас мақсаттарының болмауы — біздің санамызға
бейұйымшылдықтың символы ретінде орныққан тобыр деген ұғымның мән-
мағынасын береді.Басқарудан, яғни ұйымшылдықтан, тәртіптен, демек,
бірлескен қимыл-әрекеттің бірлігі мен жоспарлығынан айырылып қалу кез келген
38
адамдардың ұйымдасқан тобын тобырға айналдырады, адам ақыл, ерік, күшінен
айырылады да, адамдардың үлкен бір тобы сан жағынан әлдеқайда аз ұйымдасқан
топтың оп-оңай-ақ жемтігіне айналады, алғашқы соққыдан-ақ мұндай қарсылық
көрсету қабілетінен айырылған тобыр шілдің қиындай шашырап, быт-шыты
шығады.
Соғыс тәжірибесі кейде жеңіліске тек күш пен техниканың аздығынан ғана
емес, көпшіліктің күш-жігерін бір мақсатқа жетуге жұмылдыратын, біріктіретін
ұйымшылдықтың, басқарушылықтың жоқтығынан немесе белгілі бір себептерден
басқарудан айырылып қалушылықтан ұшырайтынын көрсетіп жүр.
Тобыр бейұйымшылдықтың салдарынан басқаруға, ерікке көнбей кетеді.
Ұйымшылдық бірлесіп ортақ міндет пен мақсатты орындауға ақылды, ерік-
жігерді жұмылдыруға мүмкіндік жасайды. Бет-бетімен кеткен мұндай шырғалаң
бейберекетсіз кезде адам жан далбасалап жөнсіз, тиянақсыз қимыл әрекет
жасайды, тобырдың арасында сасып, сасқалақтап, есі шығып бағдарынан
айырылып қалады. Тобырдың іс-әрекетіне жауап беретін адамды табу мүмкін
емес деп түсінушілік жаман әрекет жасауға себеп болады, парызын ұмытуға,
қылмыс жасауға итермелейді, толық жауапсыздық тудырады, ал ұйымдасқан
қоғамда, ортада адам мұндай бейберекетсіз әрекет жасаудан қорыққан, тартынған
болар еді.
Есі шыққан топ тез нанғыш келеді әрі оны оп-оңай ырыққа көндіріп алып кетуге
болады, сондықтан да парасатты адамның сенімді дауыс ырғағымен сөзсіз, талап
ету формасы түрінде берілген жігерлі де әмірлі бұйрығы әп-сәтте-ақ тобырды
басқарушының еркіне мойынсұндырады.
Тобыр әдетте еркінен айырылып қалады да, жан далбасалап жолбасшының
соңынан тартып отырады. Басшының қолында тобырдың ақыл-ойын, тобырдың
ерік-жігерін, тобырдың сезімін жұмылдыратын, ортақ іске шоғырландыратын
күш бар, мұның өзі қарсылықсыз мойынсынуға, бағындыруға мүмкіндік береді.
Басшы тобырдың ақыл-ойын және еркін билейтін орталық сияқты.
Ұрыс даласында басшы — сөздің адамы емес, тікелей іс-қимылдың адамы болуы
керек.
Ерік — қозғаушы күш ретінде адам қызметінің негізін құрайды, жеке адам
ерік-жігерін жалпы күшке біріктіре отырып, қарамағындағы адамдардың
еркін бастықтардың еркіне яғни мойынсынушылардың еркін әмір етушілердің
еркіне табиғи түрде тәуелді ете отырып дамып, көрініс табады. Қарамағындағы
адамдардың еркін аға бастық өз еркіне бағындырып, ортақ мақсатқа бағыттайды.
Командирдің бойынан көрініс табатын жалпы мықты ерік-жігер барлығына
бірқалыпты, асып-саспай, сенімді әрекет жасауға, табандылықты, тұрақтылықты
және жағдайға сәйкес күш-жігерді арттыруға мүмкіндік жасайды.
Командирдің әлсіз ерік-жігері қарамағындағы адамдарды тұрақтылығынан,
орнықтылығынан айырады, жоспарлы бір қалыпты іс-қимылын бұзады,
жауынгерлердің рухани күшін әлсіретіп және күрес жүргізудің материалдық
39
құралының бөлшек-бөлшегін шығарады, тәртіпсіздік, берекесіздік тудырады.
Командирдің әлсіз ерік-жігері көбінесе бұйрықты жиі-жиі ауыстыра беруіне
немесе берілген бұйрық-жарлықтың айқын, нақты еместігінен, бұлыңғырлығынан
және оның жеке қимылынан да көрінеді.
Жалпы мықты ерік-жігер — жеңіс серігі. Әлсіз ерік-жігер жеңіліске ұшыраудың
хабаршысы. «Бір топ арыстанның қойдың қол астында болғанынан гөрі, бір қора
қойдың арыстанның қол астында болғаны жақсы» деп бекер айтылмаса керек.
Армия — мемлекетті сыртқы және ішкі жаулардан қорғауға арналған ұйымдасқан,
тәртіпті мемлекеттің қарулы күші, армияда адамның рухани күші мен қажыр-
қайраты қалыпты әрі жоспарлы жұмыс жүргізу үшін қатаң тәртіпке бағынады.
Адамның ақыл-ойы, сезімі, еркі армияда әскери істі үйреніп білудегі арнаулы
(әскери) бағыттарда және арнаулы әскери міндеттерді атқаруда дамып, жетіледі,
ұштала түседі, көрініс табады. Ұйымдасқан күш ретінде армиядағы адамдардың
қимыл-әрекеті, күштің бағытталуы және мақсатқа ұмтылушылығы әскери
парызды терең түсінуге негізделеді де, бағынуға, командованияға сүйенеді.
Армия қарамағындағы адамдардың бастықтарға тәуелді болуын табиғи түрде
міндеттей отырып, барлық жеке ерікті жалпы ерік-жігерлі күшке біріктіреді.
Қарамағындағылардың ерік-жігерін аға бастық біріктіреді. Армияда командир
арқылы көрініс табатын жалпы ерік-жігер бар. Демек, армия дегеніміз — ең
саналы әрі парасатты адамдар тобы екен, әскерге жоғары, асқақ сезім, жалпы
табанды ерік-жігер, тамаша ұйымшылдық, жоғары мінез-құлық тән. Енді ерік
пен адам бойындағы басқа да психологиялық элементтерге тоқтала кетейін. Ерік
— өз бетінше дұрыс та парасатты шешім жасауға әрі оны өмірде жүзеге асыруға
қабілеттілік, яғни ақыл-ойдың сезіммен үйлесімді жұмысы, сезімнің ақыл-ойға
бағынуы.
Мықты ерік қорқынышты, ұрыстың ауыр жан күйзелтер ауыртпалығын басады,
сейілтеді, қажуды, аштық пен суықты және басқа да қиыншылық, ауыртпалық
пен азапты жеңеді, солдаттардың еркін өзіне бағындырып, өзін де өзгелерді де
мақсатқа жету жолындағы қауіп-қатерге жұмсайды. Қысқасын айтқанда, ерік
дегеніміз — қозғаушы күш, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуші
құрал.
Ерік-жігердің әртүрлі күйі біздің лексиконымызда алуан ұғымда қолданылып
жүр.
Назар — ерік-жігердің алаңдаушылық күйі — өзінің барлық болмысымен
құбылысты тану, қабылдау және оларды міндеттерді айқындау мақсатымен мида
қорытуға көңілді аудару.
Ынтасыздық — әртүрлі себептермен ерік-жігердің босаңсуы, жинақсыздығы,
тұрақсыздығы.
Салақтық — істі аяғына жеткізуге дейін еріктің әлсіреуі, нашарлауы, божырауы.
40
Күш, қайрат — қажыр-қайраттың, ерік-жігердің тас түйіндей түйілуі, алға қойған
міндеттерді орындап шығу үшін ақыл-ой, жүйке, бұлшық ет күшін жұмылдыру.
Табандылық — барлық күш-қуаттың арту, ширығу күйі, сәтсіздіктің тақсіретін
басу, белгіленген мақсатқа қалайда жетуге ұмтылу.
Өзін-өзі ұстай білу — ақыл-ойды, ерік-жігерді, құлшынысты, сезімді өз еркіне
бағындыруға, адамның бұл қасиеттерін ұрыс жағдайына байланысты тең
пайдалана білуге, сабырлы әрі парасатты шешім қабылдауға қабілеттілік.
Инициатива, бастаманы қолға алу — әркімнің өз қалауына, еркіне қарай,
жауапкершілікті өз мойнына алып, әрекет ету қабілеті.
Батылдық — қатаң түрде атқаратын қызметіне, әскери атақ-шеніне, міндеттерді
орындау мақсаттарына сәйкес ұрыс даласында өзін алып жүру қабілеті.Әдетте,
батылдық дегенде нерв жүйесі қызметінің ерекше күшейе түсуін, қажыр-қайрат
пен рухани күштің қанаттануын ұғынамыз, мақсатқа жету үшін, айталық,
жеке басты өлімге тігіп жету, меніңше, онша, барлық уақытта, барлық жерде
дұрыс емес. Мұндай қимылдар көбінесе шешімділік ұғымына саяды. Ақыл-ой,
ерік-жігер, күш-қуат, өзін-өзі ұстай білушілік, шешім қабылдаушылық - бұл
қасиеттердің жиынтығы ерлік деген ұғымды береді.
Қорқақтық — ерік-жігердің және өзін-өзі ұстай білудің жоқтығы, соның
салдарынан әскери парызды, жеке басының абыройын тәрк етеді, өзін-өзі сақтау
инстинктінің жағымсыз жағының көрініс табуы.
Шешімсіздік — асып-сасуға, абыржу мен әрекетсіздік күйге дейін жеткізетін
ерік күшінің толқуы. Устав ешқандай әрекетсіз отырғаннан әйтеуір бір шешім
қабылдауды міндеттейді. Кінә жауды жоюға ұмтылып мақсатына жете алмаған
адамға емес, жауапкершіліктен қорқып, тайсақтап, іс-әрекетсіз қарап отырып
қалған, қажетті сәтте жеңіске жету үшін барлық күш-қуат пен қаруды қолдана
алмаған жанға артылады.
Мінез — жеке адамның өзіндік ерекшелігі және оның өзіне ұқсағандардан
айырмашылығы, қабілеттілігі — оның қызметінің көрінісі.
Мінезсіздік — ойлаудың айқын еместігі.
Темперамент — мінез-құлықтың физиологиялық негізі, яғни қабылдау дәрежесі
мен нерв жүйесі жұмысының шапшаңдығы.
Әскери құрмет — әскери ерлігі үшін халық атынан білдіретін алғыс.
Нағыз жауынгерлерді тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор.
Дәстүр — әскердің өткен тарихы туралы документті, ауызша аңыз-әңгіме (аңыз)
түрінде айтылатын, бүгінде белгілі бір белімде қолданылатын аңыз.
Әскерге жаңадан алынғандар өте тез қабылдағыш, әрі әсершіл келеді, оларға
бұрыннан әскери қызмет атқарып келе жатқандардың үлгісі, сөйлеген сөздері,
41
айтқан әңгімелері, бейнелері және нандыруы өте қатты әсер етеді. Кез келген
адамға батырдай болсам деген ниет, еліктеу тән. Өткен тарихымыздағы
және қазіргі кездегі батырлардың ерлік істеріне еліктеу, соларға ұқсап бағу
принципінде тәрбиелеу әскерге жаңадан алынған жауынгерлердің бойында
әскери айбындылық туралы дәстүрлі түсінік пен ұғымды және ризашылықпен
еске алып, ерлік істерін аңыз ғып айтып, жырта қосып асқақтатып жүрген өзінің
алдындағы жауынгерлерден кем болмауға, әскери қызметті олардан нашар
атқармауға ұмтылушылық қасиет қалыптастырады. Дәстүрді сақтау, нығайтып
отыру және дамыту — командирдің жауынгерлік туды қан төгіп, өмірін қиып,
құлатпай жоғары қадап, қаза болған қарулас жолдастарының рухының алдындағы
қасиетті парызы мен міндеті.
Әскери айбындылық — ешнәрсемен де есептеспей, жан аямай батылдықпен
жеңіп шығу. Әскери айбындылық тәртіп пен ерліктен (күш-қуат, өзін-өзі ұстау,
табандылық және қаһармандық) ептілік, денсаулық, күш-қуат, сергектіктен тұрады.
Командирлер адам күші мен материалдық құралдарды, яғни аз шығындармен
жауынгерлік міндеттерді орындаған кезде моральдық, материалдық және ұрыса
білу, жауынгерлік қабілетті сақтай білуге ұмтылуға тиіс.
Тәртіп — қарамағындағылардың барлық күш-қуатын ортақ парыз негізінде
біріктіру.
Жауынгерлік сезімді саналы түрде түсінуге солдаттың бойында қызметтік
міндеттерін өтежақсы орындап шытып көзге түссем деген ынталылықты ішкі
жинақылықтың белгісі болып табылатын жайдарылығымен, сергектілігімен,
күш-қуатының артуымен, ұқыптылығымен ар-намысты, абыройды жоғары
ұстаудың белгісі болып табылатын, сырттай мұнтаздайлығымен, парызға
адалдықтың белгісі болып табылатын тәртіптілігімен, ілтипаттылықтың белгісі
болып табылатын биязылығымен, шешімталдылықтың белгісі болып табылатын
қызбалығымен, батылдықтың белгісі болып табылатын албырттылығымен, ерік-
жігерлілігі мен табандылығының белгісі болып табылатын қайсарлығымен,
сүйіспеншілік пен абыройлылықтың белгісі болып табылатын намысқойлығымен
ұштастыра, жетілдіре тәрбиелеу шарт.
* * *
Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген. Соғыс
көптеген адамдардың жастық арманын қиып, бақытты, жасампаз, творчестволық
өмірдің даңғыл жолына шығуына мүмкіндік бермегенін, алдымен өзің байыптап,
содан кейін басқаларға ұғыныңқы түрде, егер жағдай мұны талап ететін
болса ойланып-толғанып жатпай, ерінбей кез келген сәтте ерлік жасауға, өзін
құрбандыққа қиюға әзір тұратындай, әрбір жауынгердің бойында намыс оты
тұтанатындай етіп түсіндіре білген жөн. Командир солдаттарымен өзара тығыз
қарым-қатынаста болады, сондықтан да ол оларға ең алдымен өзінің жауынгер
42
жолдастарына қарағандай қарауы керек, олардың басшысы, жаны жайсаң, ерік-
жігері мықты, жүрегі таза жауынгер серігі болғаны абзал.
Жауынгерлік достықтағы басты нәрсе — өзара түсіністік, адамның адамгершілігін
құрметтеп сыйлай білушілік, жолдасыңның ерлігін әділ түрде мадақтай, көтере
білуге ұмтылу, сөйтіп өзіңнің де ірі қаһармандық істер жасауға құлшына
білушілігің болмақ.
Командирдің атқаратын міндеттері қыруар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы —
жауынгерлерді достыққа тәрбиелеу мен достық қарым-қатынасты орнықтыру
және жолдастық байланыстарды, бөлімшелердің бірлігін нығайту. Әскери
бөлімнің күші — жауынгерлік достық пен жолдастық бірлікте, ынтымақта.
Майданда жауынгерлік өмірдің барлық қиындықтары мен қуанышын бірге
бөліскен әрі жауынгерге тән қызу жүректілікпен үндеуіме үн қатқан, мені түсініп,
маған сенген панфиловшылардың арасында өзімді ерекше бір рухани жағынан
бай әрі бақытты сезіндім, мұны өзімнің тылдағы жолдастарыма қатысты айта
алмаймын. Біздің күшіміз — достықта. Жолдасыңды ұрыста қауіпті жағдайдан
сақтай біл.
Мен бұл қарапайым ұғымдардың бәріне қысқаша анықтама бердім. Алдағы
болатын әңгімелерімізде біз бұл ұғымдарға әлі талай оралатын боламыз. Бұл
ұғымдар жауынгерлік өмірдің мысалдарымен толықтырылып отырады және
қажет болған жағдайда түсініктемелер беріледі. Ал әзірше жоғарыда айтылған
барлық мәселелер жөнінде қысқаша қорытынды жасаймын.
1. Ақыл — таниды, анықтайды, тапсырма береді, жоспарлайды, іс-қимылдың
әдіс- тәсілдерін және мақсатқа жету жолдарын көрсетеді.
2. Ерік — құралдарды іс-әрекетке, қимылға келтіреді, бұйрық, жарлықты
орындайды, күш-қуатты демейді, яғни ерік дегеніміз — өз бетінше шешім
қабылдау қабілеттілігі мен қабылдаған шешімді тәжірибе жүзінде жүзеге асыру
қабілеттілігінің үйлесімділігі.
3. Сезім — пайдалы қызметті арттырады, еңбек өнімділігін жоғары шегіне неме-
се құлдырауға, іс-әрекетсіздікке дейін көтереді немесе төмендетеді.
4. Ар — парыздың қаншалықты дәрежеде орындалғанын таразыға салады, көңіл
күйі мен адамның қызметіне қозғау салып, оятады — соның әсерінен бойдағы
күш-қуат артыпнемесе кемиді, сергектік (мақтаныш), орындалған парыз немесе
орындалмай қалған парыз үшін жанды жегідей жеген ұяттан азап шегіп, мұң ба-
сып, ұнжырғасының түсуін саналы түрде түсінеді.
43
ЕКІНШІ КҮН
20 январь, 1944 жыл.
Сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін
Бауыржан Момышұлы. Жолдастар! Біздің үш сағат уақытымыз босқа кетті.
Мен бұл әңгімені 6-7 сағатқа есептеп едім. Алғашқы тақырыпты асығыс түрде
аяқтағым келмейді, сондықтан бүгін 3-4 сағат уақытты кешегі айтылған тақырыпқа
бөлемін. Әңгімеміздің соңында солдат жөнінде тағы да аздап тоқталамын.
Келесі мәселе — офицер, командир.
Командир, офицер қандай болуға тиіс? Офицерлер негізінен үш категорияға
бөлінеді. Мен иығына погон тағып, әскери форма киген қарапайым адамдарды
емес, саптағы офицерлерді айтып отырмын. Сонымен: 1-категорияға — жақын
қашықтықта ұрыс жүргізетін офицерлер; 2-категорияға — тактикалық ойлау
мен тактикалық мақсаттағы офицерлер; 3-категорияға — оперативтік ойлау мен
оперативтік мақсаттағы офицерлер
(генералдар) жатады. Мен пайымдау мен ойлау деген ұғымдарды айтқан кезде,
оған ешқандай да түсінік беріп жатудың қажеті жоқ қой деп ойлаймын.
Офицерлерді бұлайша бөліп қарастыруды сіздер әскери әдебиеттен таба
алмайсыздар, қалай болғанда да, өзім де кездестірмедім. Бұлай бөлу тым
дөрекілеу де болып көрінуі ықтимал, дегенмен осылайша шартты түрде бөлуге
болатын сияқты. Бұл топтағы әрбір офицердің жауынгерлік қатарда, ұрыс кезінде
өз орны, міндеті болады. Олардың айырмашылығы басшылық ету масштабына,
ойлау мен қызметке тағайындалуына байланысты. Офицер қандай көлемдегі
істерді атқаруы тиіс, оның міндеттерінің ауқымы қандай?
Командир — әскердің миы, ұрысты ұйымдастырушы, жеңіске жеткізуші тұлға.
Командир туралы жазып немесе әңгіме айтып тұрған кезімде, мен командирдің
творчество адамы екенін дәлелдегім келеді. Біздер әдебиетшілерді, суретшілерді,
композиторларды творчестволық еңбектің адамдары деп есептейміз, алайда
біздер айтып жүргендеріміздей, ұрыс пен соғыс ғылым ғана емес, сонымен
қатар өнер де ғой, онда неліктен бұл өнерді ұйымдастырушы да жасампаз адам
болып саналмайды, неліктен біз оны творчестволық адам деп санамаймыз? Шын
мәнінде командир — бұл творчестволық еңбектің адамы.
Командирдің ерлігі — оның парасаттылығына, сенімді қайтпас ерік-жігеріне
байланысты.
Ерік дегеніміз не? Біз оған кейінірек тағы да тоқталамыз. Командирдің көптеген
қыруар жұмыстарының ішіндегі ең бастысы: ойлау, ойлау және ойлау болып
табылады. Офицер соншама қоян-қолтық ұрыстың солдаты болмағанымен,
44
ақыл-парасаттың солдаты бола білген жөн. Қазақ халқының мақалы: «Білекпен
бірді, ақылмен мыңды жығасың»,— дейді.
Командирдің ұрысқа дейінгі негізгі міндеті — өзінің қарамағындағы
жауынгерлерді ерлікке тәрбиелеу, командирдің ұрыс кезіндегі міндеті - өлу
емес, қол астындағылардың бәрін жағдайға қарай үнемдеп жұмсап, нақты күш
пен мүмкіндіктерді, алға қойылған жауынгерлік тапсырманы орындап шығу.
Командирдің іс-әрекеті барлық уақытта: қызмет жағдайына байланысты
қажеттілікті, жалпы мақсатқа лайықтылықты (өз бөлімінің немесе бөлімшелерінің
пайдасы тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар басқа да бөлімдерге де пайдалы
тұрғыдан), жеке мүдделікті (мен қызметке байланысты мүдделікті айтып
отырмын), ұштастыра отырып, белгілі біртәртіпке бағынуға тиіс. Егер командир
қандай да бір тапсырманы жүзеге асыруға мүдделі болмаса, онда бұл шаруаны
өзінің бар жан-тәнімен істемейді.
Командир бір жақты, берекесіз, ұстамсыз адам болмауға тиіс, ол қызметтік
намысқорлық пен менмендіктің не екенін терең түсіне білуі керек, ол қызметтік
өзімшілдікті жеке бастың тоғышарлығынан ажырата білуі қажет. Оның
жарағында қару-жарақпен бірге өзінің шынайылығымен, шын көңілден шыққан
қарапайымдылығымен солдаттың жан дүниесін баурайтын, оған әсер ететін
қарапайым жауынгерлік сөз болуға тиіс. Қазақ халқының: «Сөз сүйектен, таяқ
еттен өтеді» деген мақалын еске алыңыздаршы.
Қарапайымдылық екі жақты мән-мағына береді: қарапайым деген сөз бір жағынан
— тереңдікті, екінші жағынан — бос, қуыс деген ұтымды, басқаша айтқанда
қарапайым әрі ақылды немесе қарапайым әрі ақымақ дегенді білдіреді. Мен бұл
жерде қарапайымды терең деген мағынада қолданып тұрмын.
Командир жалпының мүддесінен тыс жеке мүддені қорғамай, өзіне жүктелген
жауапкершілікті сезіне білгені жөн. Командир ессіз батыл да, парасатты батылсыз
болмауға тиіс, бір жақтылық — офицердің міні, кемшілігі. Командир бұл
қасиеттерді үйлестіре білгені жөн. Ол өзінің жеке басының жақсы жақтарына сын
көзімен қарауы керек. Ол ерге ебедейсіз отырғызылып, азаптанып, шайқақтаған
тұлып сияқты емес, мықтап отырған кәнігі шабандоз сияқты болғаны жөн.
Сіздер, бәлкім, Бектің бірінші повесін оқығанда, ондағы «Лысанька ат» деген
тарау естеріңізде болар. Москвада: «Адамды жылқымен қалай салыстыруға
болады?» дейтін данышпандар табылды. Бір редактор бұл тарауды басуға
жібермей алып қалса, екінші бір «данышпан» (Балалар баспасының редакторы)
мүлдем лақтырып тастаған. Командир жауынгерге, оның адамгершілігін кемітпей,
аласартпай, кайта сезіміне, ар-ожданына, психикасына әсер ете отырып, барлық
ықпал ететін шараларды шебер қолдана білгені жөн, ал мұның өзі тұтас бір
өнер болып табылады, бұл өнерді игеруге кез келген парасатты ойлай білетін
командир ұмтылуға тиіс. Солдат оның басты назарында тұруға тиіс, жауынгердің
үнемі мұқтажын, солдаттың жан сырын білгені жөн. Мен мұқтаждық, қажеттілік
туралы айтқан кезімде, тағамды, материалдық жақты меңзеп отырған жоқпын,
45
адамның жан дүниесін — адаммен тіл таба білушілікті айтып отырмын.
Демек, командир ақыл-оймен — тәртіпті, табанды, жүйелі әрі мақсатты түрде
жұмыс істей білгені мақұл. Соғыстың қайғы-қасіретті сәттері командирден кез
келген бағынбаушылық пен тәртіпсіздікке, жөнсіздікке қатал да аяусыз болуды
талап етеді. Қаталдық кінәлі адамды, егер ол жазаланатындай қылмыс жасаған
болса, жалтақтамай өлім жазасына дейін жеткізуге тиіс. Бұл ақылға сыймайтын іс
емес, ең гуманистік және ең адамгершілік шешім, мүмкін емес нәрсені бүлдірген -
қорқақтық немесе опасыздық жасаған адамның маңдайынан сипап қоя бермейтін
болар. Қостай берушілік — әлсіздік.
Өзің мерт болғаныңнан гөрі, өлтіру қиынырақ. Өздеріміздің арамыздан шыққан
қорқақ немесе опасызды ату — бұл тым өте ауыр, командирдің — адамның ішкі
дүниесінде сұмдық арпалыс тудыратын жағдай, өйткені командир жансыз, картон
адам емес қой. Ішкі және сыртқы қиындықтарды жеңе отырып, адамды ату керек
деген қорытынды жасайды — бұл жүзеге асыруда ержүректілікті қажет ететін ең
бір қайғылы сәт болып табылады.
Командирдің қаталдығы мен талап қоюшылығы байыпталған, ойланып істелген
болуы керек, ал кез келген құрғақ ақыл айтушылық, айқай — қаталдық емес,
есерсоқтық.
Қаталдық пен талап қоюшылық азаматтық жүріс-тұрыс нормаларынан, әскери
әдептен шығып кетпейтіндей, солдаттың адамгершілігін кемсітпейтіндей әділ
болғаны жөн.
Сонымен, командир солдаттарды тәрбиелеуші болып табылады екен, ол ашумен
емес, ақылмен оқыт деген қағиданы берік ұстануға тиіс. Бұл қағиданы еріксіз
қабылдатқан ненәрсе? Ашумен үйрететін адамдар да кездесіп қалады. Егер
жауынгердің ісінің бәрі орны- орнында болмаса, оған айқайлай бастайды, тіл
тигізеді. Рас, кейде ойлаған нәрсеге айқайсыз қол жеткізе алмайсың, бірақ та
мұның бәрін ойластырып істеген орынды. Міне, осыдан келіп ашумен емес,
ақылмен үйрету керек деген өмір қорытындысы келіп шығады.
Әрбіp солдат өзінің ыждағаттанып, тырмысып істеген ісіне көңіл бөліп,
жылы лебіз білдіргенді күтеді. Солдат дегеніміз кім? Солдатқа ешқандай да
демократиялық право берілмеген, бұл жерде әмір етуші мен мойынсұнушы
бар. Егер мойынсұнушы адам парызын, бұйрықты орындауға тырысса, осыған
байланысты онда орындаған бұйрығы үшін әрбір солдат жылы лебіз күтеді.
Демек, командир жөн-жосықсыз мақтама және кінәсіз даттама деген қағиданы
ұстанғаны жөн. Бұл қағида қайдан шығып отыр? Егер адамды мақтасаң, демек,
ол атақ-даңққа ие бола бастайды, бірақ атақ-даңқ барып тұрған ақымақ болуға
итереді, ол атақ-даңқты көтере алмай, ақымақтана, есіре түседі, бұл — адамның
жағымсыз көлеңкелі жаты. Ал ақылдылар үшін атақ-даңқ — бұл зіл батпан ауыр
жүк.
Егер адам белгілі, танымал бола бастаса, демек ол образға, өзінің жеке «мені»
енді өзіне тән болмайтын адамға айнала бастайды. Барлық назарды ол парызға
46
аударуға тиіс, ал жеке басының мәселесі ол үшін белгілі дәрежеде ысырыла
бастайды. Билік те қауіпті.
Егер билік ақылды адамның қолына берілген болса — онда ақылды басшыға, ал
егер ақымаққа берілген болса, онда есерсоққа айналады. Бұл, әсіресе, соғыста
қауіпті.
Мынандай бір оқиға болған еді, бір аға лейтенант дұшпанның тылында қимыл
жүргізе отырып, ішінара тапсырмалар орындап тұрды. Оның фамилиясы
Малярчук, ал оны жолдастары лақап етіп «зробила» деп атап кетті, себебі ол
мәлімет беріп жатып былай дейтін еді: «Зробилы три блиндажив». Тапсырманы
ол орындауын орындап шықты, алайда өзінің бөлімшесінің жартысын жау
тылында қалдырып оралды. Олардың бір бөлігі кейіннен партизандарға барып
қосылды. Солдат ретінде ол ерлік, ал командир ретінде қылмыс жасады. Бірақ
та бұл лейтенант ақыл-ойы аса жетік адам емес-ті, сонда да болса оны «Ерлігі
үшін» медалімен наградтадық. Егер ол нағыз офицер болған болса, мен, әрине,
оны айып батальонына жіберер едім, ал ол «Зробила» болғандықтан, оны мен
кешірдім. Біздің «Зробила» нашар лейтенант болды. Ол тіпті топографияны да
білмейтін.
Ол тіпті қай жерде болғанын да айтып бере алмайтын. Оның картаның масштабы
жөнінде түсінігі жоқ еді, ол құбыланама (компас) бойынша бағыт-бағдарды
мүлдем айыра алмайтын. О л тапсырмаларды орындап, дұшпанды жоятын, бірақ
өзі қай жерде болғанын картадан тауып көрсете білмейтін (картадан Ригадан
Холмға дейінгі аралықты шарлап дал болатын). Ол бүл тапсырманы қабілетіне
қарай барлық жан-тәнімен орындап шықты, ал мен отан топографияны білмейсің
деп, құбыланама бойынша ғана емес, сонымен бірге жұлдыздарға қарап та бөлімді
алып шыға алмадың деп айып таға алмадым. Сондықтан мен былай деп айттым:
«Егер ол жөні түзу аға лейтенант болса, онда тәртіпті батальонға жіберуді қажет
етеді, ал ол дәл осы қалпындағыдай болса, онда ол ержүректілігі үшін солдат
ретінде өзінің жасаған ерлігі үшін наградаға ұсынылуға лайықты».
Командир солдаттың ар-ожданына ықпал ете, оны игілікті істерге құлшындыра
алуға, жауынгерлерге үйретіп және қарамағындағылардан үйрене де білуге тиіс.
Мұны ерекше айтып отырған себебім — көптеген бастықтар, тек қана әскери
адамдар тана емес, бәлкім қарапайым, әскери емес адамдар да көпшіліктен
үйренуді өзіне ар санайды. Командирге өзінің бөлімшесі оның академиясы болып
саналады. Менің бөлімшем, менің полкым менің академиям болды. Қалың солдат
та — әбден қалыптасқан халық. Солдат сөздің орайын тауып сөйлейді, оны
тыңдай білген жөн, оны үйретіп қана қоймай, сонымен бірге одан үйрене де білу
керек. Бүгінгі күннің сәтсіз тәжірибесі командир үшін ертеңгі күнгі сәтті істің
хабаршысы болуға тиіс, яғни егер сіздер бүгін жеңіліске ұшырасасыңдар, онда
келесі жолы қателікті қайталамас үшін себеп-салдарын іздеңіздер, анықтаңыздар.
Бұлмәселеге А. Бектің жазып жатқан повесінің екінші бөлімінде тұтас бір тарау
арналады.
Сәтті аяқталған ұрыстан кейін де жағдайды тексеріп талдау керек. Командир
47
өзінің қарамағындағы жауынгерлерді: «Өлімге асықпай, ұрыс жүргізуді үйрен»,
«Ұрыс жүргізе жүріп үйрен, шыңдала, әрі батылдана түс» деген қағиданы ұстанып
тәрбиелеуі қажет. Бұл да басқа бір тақырып, оған повестің үшінші және төртінші
тараулары арналады. Осындай парасаттылыққа, осындай сезімге командир өзінің
қарамағындағыларды тәрбиелеуге тиіс.
Ұрыста жеке үлгі-өнеге көрсету. Бұл мәселе жөнінде басқаларда ғана емес,
сондай-ақ бізде, әскери адамдар арасында да әртүрлі көзқарастар бар, соның
салдарынан біздер өзіміздің көптеген кадрларымыздан айырылып қалдық. Бұл
бұған дейінгі барлық соғыстарда да болған жай.
Мен командирдің міндеті — өлу емес, алдына қойған жауынгерлік тапсырманы
орындау деп жоғарыда айтқан едім. Біздер соғыстың бас кезінде орынсыз
шығынға жол бердік.
Жеке үлгі-өнеге көрсету дегеніміз не? Бұл жауынгерлер мен бөлімшелерді
басқару мен оларға ықпал ету құралы болып табылады. Жеке үлгі-өнеге «мен
істегендей етіп істе» дегенге үндейді, шақырады. Бұған төмендегідей қорытынды
жасайық: жеке үлгі-өнеге ұрыста басқару құралы болып табылады, әрі ол шын
мәнінде қажетті жағдайда қолданылғанда ғана ақтап алынады. Жеке үлгі-өнеге
жауынгерлердің көз алдында жасалатындықтан, оларды қызықтырып, қалай да
қалғандарды ерлік көрсетуге өзінің соңынан еліктіріп алып кететіндей болады.
Сенің жеке үлгі-өнегеңді жұрттың бәрі де көруге тиіс, сөйтіп «Батыр — батыр
емес, бастаған батыр» немесе орыстардың айтатынындай: «Инициатива —
батылдыққа жол бастар» деген қағиданы дәлелдей түседі.
Жеке үлгі-өнеге дегеніміз — бұл инициатива көрсету болмақ. Мен бұл жерде
аздап шегініс жасай кетейін. Рота жер бауырлап жатыр, адамдарды шабуыл
жасауға көтеру қажет. Дұшпан сөзсіз оларды оқ бората қарсы алады. Командир:
«Алға, шабуылға бастаңдар!»— деп команда береді. Мен әзірше команда беріле
салысымен-ақ, адамдардың бірден өре көтеріліп шабуылға шыққанын кездестіре
қойған жоқпын. Мұның өзі әбден заңды да, өйткені кімнің өлімге бас тіккісі
келеді дейсіз? Адамдарды шабуылға бастап көтеруден ең ауыр міндет жоқ.
Мұндайда батылдау бір адам орнынан ұмтылса, онда барлық рота көтеріле
жөнеледі. Әрине, шабуылға шыққан кезде бүкіл рота батыл, бірақ та олардың
ішінен батылдауы кім? Алғаш болып көтерілген адам ғана батыл болмақ. Осыдан
келіп, төмендегідей «инициатива — батылдыққа жол бастар» деген қорытынды
жасалынады. Солдатта жұрт жек көретін тобырлық сезім болады. Мен мұны
мұндай жағдайда коллективтің жауынгерлік ынтымағының асыл қасиеті деп
білемін. Әрине, тобырлық сезімнің жаман жағы да бар. Өлім қаупіне қарамастан
шабуылға кім бірінші болып бастаса, рота жеткен табысы үшін соған міндетті,
қарыздар болмақ. Бәлкім, ол бұл шабуылда ешкімді де өлтірмес, бірақ та ол
бірінші болып көтерілді, оны осы үшін де наградтау керек. Өйткені әңгіме оның
бұл шабуылда қанша жауды шаншып өлтіргендігінде емес, оның алғашқы болып
орнынан көтеріліп үлгі көрсеткендігінде, сөйтіп өзінің соңынан қалғандарды
бастап алып кетуінде болып отыр. Әрине, одан қалып қою ұят, сондықтан
қалғандар да көтеріліп, шабуылға шығады. Тіпті шабуыл кезінде ерлік жасаған
48
адам да сондай-ақ бірінші болып солдаттарды жауға қарсы көтерген жауынгерге
борышты. Егер жеке үлгі-өнеге өзіне еліктіре алмайды екен, онда бұл жеке үлгі-
өнеге болмағаны, оның ешкімге де керек болмау себебі - өзінің міндетін ақтай
алмағандығынан.
Командирдің мұндай үлгі-өнеге көрсетпегені жөн, оған тәуекелге бел бууға
болмайды.
Егер командир үлгі-өнеге көрсетемін деп опат болса, онда оны есерсоқтықтан
опат болды деп айтуға болады. Өйткені мұндай үлгі көрсетудің қажеттігі жоқ
еді, ал ол болса қызбалық жасап, өз міндетін ақтай алмады. Қайталап айтамын,
жеке үлгі-өнеге мәселесі -бұл тұтас бір тақырып. Ұрыстағы жеке үлгі-өнегенің
ерекшелігі — командир өте сақ болғаны жөн және үлгі-өнегені жұрттың көз
алдында әрі қажетті кезде ғана көрсеткені орынды.
Әскерлерге басшылық ету мен оларды басқарудың негізін (рас, бұл тым қатты
айтылған) мойынсұнбаушылық пен күрес құрайды. Нағыз солдат болу оңай емес,
дегенмен командирге де әскерді тәртіпке көндіру оңайлыққа түспейді, ал соғысу
одан да қиынырақ.
Сапта тұрғанда мойынсұнушылық, бағынушылық ұрыс кезіндегі мойынсұнбай,
бағынбай кетушілік жағдайларының болмауына кепілдік бере алмайды, кедергі
әрбір қадам басқан сайын ұшырасып отырады, сондықтан да командир үнемі
өзінің бөлімін жинақылық жағдайда, дайындықта ұстағаны жөн, атты әскерлер
«атты жолға әзірлеңдер» демейтін бе еді? Кімде-кім өзінің қарамағына тәртіпті
адамдар келді, әрі бәрі де қалпында, ойдағыдай деп есептейтін болса, онда ол
адам қателеседі — бұл мұнымен де бітпесе керек.
Мойынсұнбаушылықпен, бағынбаушылықпен күрес туралы әңгіме айтқан кезде
мен қарсылық білдіру деген сөзді «бунт» мағынасында емес, одан анағұрлым
кеңірек мағынада түсінемін.
Бұл жөнінде повесте кеңірек таратыңқырап жазылады. Командир мен
оның қарамағындағы адамдардың өзара қарым-қатынасында демократизм
элементтерінің болмағаны жөн, яғни әмір етушілер мен мойынсұнушылардың
өзара қарым-қатынасында тек жалған демократизм бар, оның армияда мүлдем
керегі жоқ.
Командирдің берген жарлығы (бұйрығы) бұл бағынуға негіз болады.
Қызмет барысында қарамағындағыларға әлсіз түрде берілген командадай
ешнәрсе де зиянды бола қоймас. Команда (бұйрық) қалай берілген болса, солай
орындалады да. Жай, дауысты болар-болмас қана көтеріп берілген бұйрық бір
бөлек те, адамды орнынан қозғалтып жіберетін әмірлі үнмен берілген бұйрық
бір басқа, мұндай бұйрық дәл, нақты орындалады. Сенімсіздеу үнмен әлсіз түрде
берілген команда мен жарлық ешқандай дерлік нәтиже бермейді. Мен команда
берген кезімде, менің командам, менің бұйрығым жауынгердің сана-сезіміне
қаншалықты дәрежеде жеткенін әрі бұйрықтың қалай орындалатынын білу,
49
сезіну үшін солдаттың көз жанарына қарайтынмын. Солдаттың көз жанарынан
мен оның команданы қалай — жай тана ма немесе қызу құлшыныспен не
талпыныспен орындай ма соны ұғатынмын.
Менің айтқандарымды «оңға» не «солға» деп берілген бұйрық сияқты
түсінбеңіздер. Мен бүл сөзді кең мағынада алып отырмын. Ұрыс кезіндегі бүкіл
табыс командирдің өзі-өзіне сенімділігіне байланысты, дегенмен бұйрық бермес
бұрын командирдің өзі бұйрықты терең ойланып, оның қаншалықты қажет екенін
жан-жақты зерделеп алғаны жөн.
Қарамағындағы жауынгердің алған бұйрықты орындау кезіндегі командирдің
ерік- жігерінің қайтпастығына көзі жетуге тиіс. Армияда әмір ету үшін, ең
алдымен, өзің ақыл- парасатқа жүгіне және қызмет талаптарына мойынсұна
білуің керек.
Командирдің ойланбай айтқан сөзі кейде полкке тым қымбатқа түседі. Мына мен
полковникпін, полк командирімін, «дабыл» деп айқай салу маған неге тұрады,
ал шындығында содан кейін-ақ мыңнан астам адам, арбалы керуен, аттар,
артиллерия орнынан қозғала жөнелмей ме...
Менің қарамағымда бір батальон командирі болған еді. Сол жөнінде айта кетейін.
Жауынгерлер награда алғанның алдында ғана қолбасшы келіп кеткен еді.
Басқалармен бірге бірі ақылды, екіншісі жеңіл ойлы екі комбат наградталды.
Кешкі тамақ үстінде жеңіл ойлы комбат қуанышына ішіңкірейді. Оның тым
жақсы қызып қалғанын байқап қалып, мен бөлімшесіне қайтуға бұйырдым. Өзінің
бөлімшесіне келіп, ол өзінің батальонының жауынгерлік әзірлігін тексергісі
келеді. Ол жалғыз-ақ «Дабыл» деген сөзді айтып еді, бәріде — адамдар да, аттар
да, арбалы керуендер де абыр-сабыр болып, қозғала бастады...
Жүздеген адам әзірлікке кіріседі, ал командир болса... жатқан күйі ұйықтап
кетеді.
Батальон жолға даяр болған кезде — бұл таңғы сағат төрт шамасында (солдат
ұйқысының ең бір тәтті кезінде) оны түртіп оятады. Ол ұйқылы-ояу «тым ұзақ
жиналасыңдар» деп міңгірлеген күйі қайта ұйықтап кетеді.
Мен оны батальон командирі қызметінен (ол командир бұйрығының күшін түсіне
алмады, демек командирлік ете алмаған) босаттым. Келесі күні мен батальонға
демалыс беруге мәжбүр болдым. Демек ойланбай айтылған бір сөзің өзі әскери
қызметке үлкен зиян тигізеді.
Мұның бәрін есептей отырып, бұйрыққа төмендегідей талап қойылады: бұйрық
барлық кезде терең ойланып, толғанып барып берілуге тиіс. Егер адамның
ақымақтық жасаған ісінен өзінің ғана басы кетсе мейлі, ал егер де оның
есалаңдығынан жүздеген адам қазаға ұшыраса, онда бұл қылмыс болғаны, кейде
осының зардабынан көптеген жазықсыз адамдар қайғылы жағдайға, тағдыр
тәлкегіне ұшырайды.
50
Сонымен бұйрыққа қойылатын талаптарды айтып өтейін:
1. Команда немесе бұйрық дегеніміз — командирдің ерік-жігерінің көрінісі,
оның жасаған шешімінің қорытындысы. Басқа емес, тап осындай бұйрық беруге
қаншалықты қызметтік міндет талап ететінін түсіне білу керек. Бұл бұйрықты
жүзеге асыруға керекті нәрсенің бәрі бірдей бар ма, соны білген жөн.
2. Бұл бұйрықты, осындай жағдайда орындап шығуға бола ма? Командир бұйрық
берер, шешім қабылдар алдында ойланып толғанып алатын басты мәселе, міне,
осы болмақ.
3. Бұйрықты орындауға қажетті күшпен және құралдармен қамтамасыз етілді ме,
жоқ па, соны анықтап алу қажет.
4. Уақытты есептеу — бұйрықты орындау үшін қанша уақыт қажет. Есеп бес
минуттың ішінде мынаны істей сал дейтіндей емес, нақты болғаны дұрыс. Бұл
міндетті орындау кімге тапсырылады? Кез келген адамға бұйрықты орындауды
тапсыруға болмайды. Бұйрықтың орындалуы адамдардың тағдырын шешетініне,
бұл адамның бұйрықты орындап шығатынына, оған бұйрықты тапсыруға болаты-
нына көз жеткізгеннен кейін барып қана тапсыруға болады. Әрбір қарамағындағы
жауынгер кез келген бұйрықты орындауға қабілетті емес. Қол қоя салатын, жедел
құртып жіберер Фамусов әдісімен бұйрық бермеу керек. Командир Фамусовтың
еліктеушісі болмауға керек.
5. Бұйрық орындаушыларға жетерліктей дәл, түсінікті түрде берілді ме? Жатталған
кеңсе тілімен «тап солай» деп келетін жауапқа сене бермегін.
6. Сондай-ақ бұйрықтың орындалуының әдіс-тәсілі де ойластырылуы қажет.
Келесі пунктіміз — бақылау. Бұйрықтың орындалуын, оның бұрмаланып
кетпесін немесе ойлағандай етіп жүзеге асырылуын міндетті түрде тексеру
керек. Өйткені ұрыс кезінде барлық нәрсе ойлағандай болып шыға бермейді.
Сондықтан бұйрықты бере отырып, оның орындалуын көре, оны түзете білген
жөн, сонда ғана оның нағыз бұйрық болғаны, ал егер бұйрықтың орындалатын
пункттері сақталынбаса не ойластырылмаған болса, онда бос далбаса болғаны.
Менің тәжірибемде командирлердің бұйрықты ойланбай берген жағдайлары
ұшырасты, демек мұндай бұйрық барлық кезде орындала бермейді, тәртіп
бойынша бұйрықты орындамағандығы үшін қарамағындағы солдат жазаланады,
ал мен болсам мұндай жағдайда солдатты емес, бұйрық берген командирді
жазалайтынмын.
Командир өз бөлімшесі мен өз бөліміндегі солдаттардың сүйіспеншілігіне
бөлене білгені жөн. Солдат болса, командирін жақсы көріп, оны көрген кезде
одан именіп тұруға, құрмет көрсетіп, қауіп-қатерден қорғап қалуға тиіс. Қара
қылды қақ жарар әділ командирдің қаталдығы жауынгерлер арасында танымал
болуына негіз болады. Бұйрық әбден ойластырылған болуы керек. Солдатты тек
істеген ісі үшін оның адамгершілік абыройына тіл тигізбей, тимей жазалау қажет,
мұндай жазалау зұлымдыққа жол бермейді және командирдің атақ-беделіне,
51
абыройына да нұқсан келтірмейді, солдат әділ жазалауға төзеді. Әділетсіздік
ашу-ыза туғызады, бұқара көпшілік оған төзе алмайды. Әділ командир артына
жалтақтамаса керек. Өз жауынгерлерінен сескенушілік, қорқушылық - бұл барып
тұрған бақытсыздық, сорлылық, өз адамдарыңнан қорықпау үшін әділ болған
жөн.
Командирдің қамқорлық жасауы неден көрінеді? Рас, оның қолында жемшөп
те, жабдықтар да, киім-кешектер де бар, бірақ оның басты қамқорлық жасайтын
мәселесі — қару-жарақты және өзіне сеніп тапсырылған адамдарды сақтау.
Ал қалған қамқорлық жасайтын мәселелер —- адамдарды сақтауға қатысты
жасалынады.
Командир солдатқа өнегелілігімен ықпал жасай білгені жөн, ал жауынгердің
көңілін тауып, қарапайым да ұғынықты тілмен сөйлесе, оның жүрегіне жол таба
білгені жақсы.
Ал солдаттың жүрегіне жол табу оңай емес. Командирді қарамағындағы
жауынгерлер барлық уақытта, барлық кезде және барлық жағынан да үлгі-өнеге
тұтатын болсын; сонда ғана ол әділ түрде өзінің әскери мундиріне, шен-шекпеніне
мақтана алмақ. Сонда ғана командирдің иығындағы погоны мен омырауына
тағылған жарқыраған ордендері солдаттардың көзіне жағымсыз көрінбей, қайта
күн сәулесіндей жарқ-жұрқ етіп ерекше әсер етпек. Солдат мұндай командирді
құрметтеп, мақтан етеді. Командир жақсы, атақты, беделді болса, солдаттарға да
ұнамды, сүйкімді. Жақсы да емес, көп атағы шықпаған командирдің солдаттарға
да онша сүйкімі бола бермейді.
Командир байқағыш, көргенін қалт жібермейтін қырағы, психолог, жауынгердің
жан жүйесіне үңіле алатын қабілетті басшы болуға тиіс, солдаттармен жақсы
қарым-қатынаста болуға, олардың ішкі жан дүниесін түсінуге ақыл-оймен ғана
қол жеткізбей, таза ақ жарқын көңілмен және солдаттардың иығына түскен ауыр
жүкті бөлісе білуімен де қол жеткізіледі. Қарым-қатынаста өзін тым жоғары
ұстаушылық солдаттардың намысына тиеді.
Субординация, яғни кіші қызметкерлердің өзінен жоғары қызметкерлерге
бағынуы деген ұғым бар. Бұл ұғым екі түрлі мағынаны білдіреді: шен-шекпені,
әскери атағы жоғары адам өзінен атақ дәрежесі, шен-шекпені төмен адамға
кекірейіп, менсінбей қарамай, өзінің қанды көйлек қарулас жолдасы, отандасы,
ер азамат, адам ретінде қарап, оның барлық жақсы қасиеттерін сыйлауға тиіс,
әскери тәрбиелілік пен офицердің өзін-өзі ұстау мәдениетінің мәні де осында.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен шығатын қорытынды: командир
творчестволық ақыл- ой мен іс-әрекеттің адамы болуға тиіс, оның офицерлік
абыройы мен намысы да осыған байланысты. Офицер жөнінде әңгіменің соңында
тағы да қосымша тоқталармын, ал әзірше осыменен шектелмекпін.
ГЕНЕРАЛ ИВАН ВАСИЛЬЕВИЧ ПАНФИЛОВ
Панфилов туралы көп жазылып, көп айтылып жүр, бірақ әлі жеткізе айта алған
52
жоқпыз, неврологиялық жаттанды пікірдің аясынан шыға алмай жүрміз, яғни
ол жөнінде жазылған шығармаларда генералдың бейнесі жасалына қойған жоқ.
Сондықтан да мен Иван
Васильевич Панфиловтың бейнесінің А. Бектің повесінде кеңірек көрсетілуіне
күш салуға мәжбүр болдым.
Генерал Панфиловтың ерлігінің мәні неде еді және оның өзі командир ретінде,
адам ретінде қандай жан болған? Бұл жөнінде әлі ешкім де ауыз толтырып айта
алған жоқ. Мен сіздерге жазылып жатқан повестің рет тәртібін қысқаша баяндап
өтпекпін. Үшінші повесть материалының 40-50 проценті генерал Панфиловтың
бейнесін жасауға арналады, тағдыр жазса, онымен кейін таныса жатарсыздар.
Бірінші повесте Иван Васильевич Панфилов ұрысты ұйымдастырушы тұлға
ретінде көрсетіледі. Өздеріңізге мәлім, Иван Васильевичке соғыстың бас кезінде
Алматы қаласында Қазақстанның ұлдарынан 316-атқыштар дивизиясын құру
тапсырылған болатын. Оның құрамы басшы құрамды қоспағанда, арнайы әскери
даярлықтан өткен кадрлардан емес, жұмысшы, колхозшы жігіттерден тұрады.
Ал дивизия әртүрлі құрамнан жасақталады. Оның қатарына бухгалтерлер мен
мұғалімдер, сауаты жоқ адамдар, ғылым кандидаты да шақырылды. Қатардағы
құрамда жұмысшыдан бастап халық комиссарына дейін болды. Бұлар 36 ұлттың
өкілдерінен құралды. Бейбіт уақытта жас жігіттер әдетте екі жылдық әскери
қызметке шақырылып, өз міндетін өтейді. Осы уақыттың ішінде оларға қажетті
әскери тәрбие беріліп, олардың бойына жауынгерлік қасиет егілетін.
Жауынгерлерге нағыз солдатқа тән қасиетті тәрбиелеу үшін көп уақыт қажет
болады. Ал бізге мұның бәріне небәрі екі-ақ ай уақыт беріліп, ұрысқа аттандырды.
Тарихта бірде-бір генерал мұндай толық әскери даярлықтан өтпеген, жаңадан
шақырылған әртүрлі кұраммен соғысқа қатысқан емес. 316-атқыштар дивизиясы
сияқты жауынгерлік құраманы ұйымдастыру — бұл үлкен іс. Взводты
ұйымдастырудың өзі оңай емес, ал мұндай жоғары тактикалық мақсаты бар
жауынгерлік құраманы ұрыс жүргізуге даярлау, әзірлеу — кез келген адамның
қолынан келе бермейтін шаруа. Сонымен, генерал Иван Васильевичтің ең
алғашқы сіңірген еңбегі оның ұйымдастыра білушілік қабілетінен көрінді. Ол
жөнінде қалам тартып жүрген жазушылар Панфиловтың осы алғашқы сіңірген
еңбегін жазса екен деймін.
Дивизия бұрын ойы-қыры беймәлім жерге келіп жетті. Түз тұрғындары бұрын
ешқашан көрмеген ну орманның іші мен батпақты жерге табан тіреді. Мұны
жергілікті жердің психологиясы, климаттық жағдайдың психологиясы және т.б.
деп атауға болады.
Алғашқы кездерде Иван Васильевич: «Біз түз халқымыз, бізге орманның ішімен
жүруді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар осындай жағдайда ұрыс жүргізе
білуге дағдылануымыз керек, ал уақыт болса тапшы, асыға түсу қажет...»—
дейтін.
53
Міне, қысқа уақыт ішінде, небәрі бір-ақ айда, ол педагог әрі командир ретінде
өзінің жауынгерлік құрамын орманның ішімен жүруге де, сондай-ақ соғыса
білуге де үйретті.
Егер сіз әдебиеттен ағылшындардың отары жапон және басқа да шетел әскерлері
жөнінде оқып, таныс болсаңыз, онда климаттық және басқа да жағдайларды
игеруге, бейімделуге оларға екі-үш жыл уақыт берілетінін білесіз, ал бізге небәрі
бір ай ғана уақыт бөлінді.
Сондықтан да менің осыншалықты қысқа уақыт ішінде әскерлерге психологиялық
және баскқа да ықпал ететін маңызды табиғи факторларды игеру, жеңу бірде-бір
генералдың қолынан келген емес деп айтуыма әбден негіз бар.
Бұл Панфиловтың сіңірген екінші еңбегі болатын. Оның ұрыс кезіндегі
жауынгерлік еңбегін кейінірек айтып беремін. Мен бір тарауды тастап кетемін.
Генерал Иван Васильевич біртуар әскери ойшылдардың бірі болатын. Біртуар
қолбасшы адам болу үшін өжет, батыл, тактика мен әскери стратегияда жаңашыл
болу қажет. Ол әскери ойлауда артықшылыққа, басымдылыққа ие болды әрі
өзінің дұшпанына қарағанда тактикалық жағынан әлдеқайда икемді болды.
Өзі енгізген және бірсыпыра ауыр ұрыстарды жеңіспен аяқтауға көмектескен
оның жаңашылдығы — бұл жұрт атап кеткендей Панфилов серіппесі болатын.
Егер генерал Панфиловты сипаттауға талпыныс жасасақ, онда шамамен былай
кескіндеген болар едік: ол парасатты генерал ақылгөй генерал, нақты есеп жүргізе
білетін генерал, сабырлы генерал, табанды да қайсар генерал, мақсатты генерал
болды. Иван Васильевич шынайы орыс еді, ол өз халқының өткен шағы мен
қазіргісін, болашағын жақсы білетін. Сонымен қатар ол нағыз интернационалист
еді, осындай қасиетінің арқасында ол әртүрлі ұлттардан тату әскери құрам
ұйымдастыра алды.
Парасатты генерал... ол шын мәнінде парасатты генерал, ақылгөй генерал, әйтеуір
бір картотеканы есептейтін емес, нақты есептің генералы болды, ол қатал, әбден
ойланып барып шешім жасайтын қатал генерал болды, ол табанды генерал,
мақсатты генерал болды. Міне, генерал Панфиловтың басты қасиеттері —
осылар. Егер де жазушылардың арасынан ол жөнінде бір нәрсе жазғысы келетін
адам болса, онда Панфиловтың осы қасиеттерін ескерсін. Генерал Панфилов
туралы өте көп әңгіме айтып беруге болар еді, алайда қазір мен отан қысқа ғана
мінездеме беріп отырмын.
Панфилов жаңашылдығы неде болды? Бұрын біздер белгілі дәрежеде линиялық
тактиканы ұстанатынбыз, ал ол алғашқылардың бірі болып Москва түбіндегі
ұрыстардың ерекшеліктерін көре білді. Бұл маневрлі қорғаныс жағдайында тас
жолдар үшін, басты бағыттар үшін жүргізілген ұрыстар болатын. Ол артына
қашуға жол іздеу үшін емес, шабуыл жасау үшін бұрылатын. Әдетте адамдар
артына қашу үшін жалтақтап қарайды емес пе, ал Иван Васильевич артына
шабуыл жасау үшін, алдыңғы жақта қандай қарекет жасалып жатқанын білу
үшін қарайтын. Ол шегінуге еш уақытта кеш болмайды деп жиі қайталайтын,
яғни бұнысымен ол қоршаудың қауіптілігін ескеретін. Алғашында біз қоршаудан
54
қатты қорықтық, бүл жөнінде де кейінірек әңгімелеп беремін. Оның шешімінше,
біздер «сылбырлау», «асыққан тәріздіміз». «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз
қалар ұятқа» деген мақал да бар той.
Айырылып қалған шепті қайтадан алуға болады, бірақ айырылған адамдарды
қайтара алмайсың. Осындай ой-пікірді, ұмытпасам, фельдмаршал Кутузов
та айтқан, ол «Москвадан айырылу - бұл Россиядан айырылу емес» деген. Ол
дұшпанның күшін жоя отырып, адам күшін — біздің солдаттарды сақтап қалуға
тырысты.
Панфилов алдыңғы қатарлы орыс әскери ойшылдары мұрагерлерінің бірі болды.
Панфилов Панфилов ретінде тарихымызда қалады, оны кутузовшыларға,
суворовшыларға жатқызу керек. Егер шепті үлкен шығын шығарып қорғау
қажеттігі болмаса, онда Панфилов оны жауға беруден қорықпады, бір-ақ шепті
бергенде де дұшпанды әбден титықтатып, шығынға ұшыратып барып беретін.
Оның қағидасы — ұрыссыз шегінбе болатын.
Бірде оның бізге келіп, менің баяндауымды тыңдап: «Момышұлы, немістер мына
село үшін ең кемі бір жарым полкын жер жастандыратын болсын»,— дегені
есімде.
Панфилов тактикасының негізгі мақсаты — дұшпанның адам күшін жою. Ол
шеп линиясын байыпсыз ұстап тұрмайтын. Иван Васильевич дұшпанның адам
күшін жою тактикасын қолдану немістерді жеңіске жеткізе отырып, жеңіліске
ұшыратуға алып келетінін, олардың жеңістерінің қойнауында олардың
жеңілістерінің түп тамыры жатқанын түсінді.Бектің екінші повесінде шегіну
ұрыс жүргізудің ең ауыр түрі болып табылатындығы айтылады. Өйткені ұрыстың
түрлері өте көп, дұшпанды ойсырата шығынға ұшырата отырып шегіну де жеңіс
болып табылады. Шегінгенде де, кейіннен жау шабуылға шыға алмайтындай
етіп ептілікпен шегіну қажет, ал бізге дұшпанға қарсы соққы беретін күш болса
болғаны. Басқа тақырыптарды таратыңқырап айтқан кезімізде біз әлі Иван
Васильевичтің бейнесіне әлденеше рет оралатын боламыз. (Панфилов туралы
өлеңді оқиды).
55
Қолбасшыдан не пайда,
Қолдың құлқын білмесе.
Шенге мас боп семіріп,
Өзгені көзге ілмесе.
Ойламастан қол қамын,
Қамқорсыз тастап әр жанын,
Жігерді сүйтіп жерлесе,
Жау айласын аңғармай,
Салмақтап күшін болжамай,
Арам тер болып терлесе.
Ақылсыз атақ іздеген,
Мансапқорлық билеген,
Есеп білмес есірік,
Шел басып көзі көрмесе.
Приказ еттім орында,
Жарлығымды бұлжытпай,
Мен ғанамын мен десе,
Одан басқа сөзі жоқ,
Қиын жерде өзі жоқ,
Қатерсіз жерде ерсініп,
Қылышын босқа сермесе.
Қан сорғалар кезеңде,
Тастай түйіп қанатын,
Қолдауға өзі келмесе,
Жақындатып алысты,
Жалындатып намысты,
Ерлерге қуат бермесе.
Егер жеңіс болмаса,
56
Сүмірейіп сұрланып,
Тез айрылып ерліктен,
Қысылып жаны терлесе.
Бақырауық топас ми
Қолбасшыдан не пайда?
Қол басқару оңай ма,
Қолдың құлқын білмесе,
Тайғақ кешу тар жолда,
Серкедей бастап жүрмесе.
Ақылға салып айла істеп,
Көп ойланып толғанып,
Ақырын ойлап тұйықты,
Істе деп бұйрық бермесе,
Ақыл айтып үйретіп,
Ер ойына ой қосып,
Түсіндіріп мақсатқа,
Қол тамырын білмесең.
Көргенде сені солдаттар,
Медет етсе піріндей,
Аузыңнан шыққан жарлықты,
Орындай білсе ниетпен,
Ерлігіңнен үлгі алып,
Ақылыңды қадірлеп,
Әділ судья жомарт ер,
Күнәні кешпес қатал деп,
Мейірімді қамқор атам деп,
Сеніп саған тағдырын,
Қызмет етсе солдаттар,
57
Сондай батыр қолбасшы,
Ер ерлерін бастаған,
Қандай қиын болса да
Қауіпке қарсы мерт тұрып,
Жауапкерліктен қашпаған.
Алыстан сермеп жорықтан,
Жағдайды біліп толықтан,
Мың арыстан ел үшін,
Құз қиядан өткізіп,
Құрыш болаттай жандырып,
Қызмет үшін, халық үшін,
Неше азапқа көндіріп,
Пысықтырып ширатып,
Қаршығадай, қырандай,
Дұшпанға тиіп ұрандай,
Ту көтеріп майданда,
Ел намысын қорғаған,
Ер намысын қолға алған,
Қирата жойған дұшпанды,
Кідірместен бастаған.
Абыройға да, алға да,
Ерлердің ері қолбасшы,
Елдің ұлы қолбасшы,
Әскер көркі қолбасшы,
Жігіт келіп қолбасшы,
Қазынасы ақылдың,
Жетекшісі батырдың,
Арыстандай айбатты,
58
Қырық шілтендей келбетті,
Ауыр мінез салмақты,
Болып ед біздің қолбасшы.
Қолбасшы болсаң сондай бол,
Жосылып жатқан жолдай бол,
Қайрат етер мезгілде
Жүк көтерген нардай бол.
Ақыл айтар мезгілде
Мың жасаған шалдай бол.
Қатал болар мезгілде
Жарқыраған жайдай бол,
Мейірім түсер мезгілде
Ағарып атар таңдай бол.
Жауды бөгер кезінде
Көлденең жатқан ордай бол.
Жауға төнер мезгілде
Басатын ауыр сордай бол.
Сенсің қолың баладай,
Сүйсін сені анадай,
Отқа түссең, бір түссін,
Өлемін деп қарамай.
Суға түссең, бір түссін,
Шыбын жанын аямай.
Майданға бірін кіргізбе,
Біреуін мыңға баламай.
Қолым бар деп ойлама,
Миллионға мыңын санамай,
Кешегі өткен Панфилов
59
Қолбасшы еді осындай,
Заманға туған данадай.
Берекенің кеткені
Түбіңе сенің жеткені,
Сөнген қолың серпіліп,
Тоғытылып бөгелсе,
Тоғысуға жарамай.
Мен кім едім, мен едім,
Мен де мыңның бірі едім,
Қызықпай баққа, атаққа,
Адал еңбек құлы едім.
Қызмет еткен халыққа,
Ақ ниет мыңның бірі едім,
Атақсыз солдат бірі едім.
Ата аруағы қолдады,
Адал еңбек еткен соң,
Панфиловтан бата алып,
Артыма ерді мың солдат,
Тағдырын маған тапсырып,
Рузаға жеткен соң,
Ел ұлдары мың солдат,
Белуардан қан кешіп,
Сынға түсті бекетіп,
Отқа түсіп, су кешіп,
Жүзден аса соғыста
Бес-алты рет қоршауда,
Бал орнына у ішіп,
Қан майданда халық үшін,
60
Намыс туын көтердік.
Қауіпке қарсы бел байлап,
Бес рет күшті фашиспен,
Жағаласа алысып,
Айқаскан жерде қарысып,
Табан тірей күрестік,
Халық үшін қан төгіп,
Қимылдады мың батыр,
Ата аруағы медет боп,
Мыңға татып бір батыр,
Ата мекен жері үшін,
Қасиетті ел үшін
Болмай қалар кім батыр.
Әзіз ата, ақсақал
Құл болмасын қорлықта,
Алпыстағы қарт ана,
Теңерген жанға жан жарым,
Бота көз сұлу қарындас,
Күң болмасын зорлықта.
Деген намыс ойдағы,
Жасады мыңнан шын батыр.
Тірескеннің тізесін
Бүктіріп талай майданда,
Белдескеннің белдерін
Сындырып қан майданда.
Жағаласқан жендеттің
Жаһаннамға тапсырып,
Жанын салып дозаққа,
61
Сескенбестен семсерден,
Шегінбестен ажалдан,
Қан соққы бердік хайуанға.
Серігім, досым мың солдат,
Талмаушы еді талықсып,
Жосылтып жауды айдауға,
Қазығына елімнің
Қарыстырып байлауға.
Кімдер деп солар сұрасаң,
Міне, айтатын жауабым –
Көре бер өзің қатардан
Гауһардан соққан асыл тас.
Қайнап біткен құрыш болат,
Аққұба сары тегі орыс,
Ежелден ер боп аталған,
Қараторы мөлдір көз,
Тегі қазақ атамнан,
Алатаудың сұңқары,
Атасынан бата алған,
Қырғыз, өзбек, түрікпен,
Бостандықпен туысып,
Ел қорғауға біріккен,
Бас тартпаған сапардан
Қазақстан ұлдары,
Ар-намысын ойласа,
Қар жауғызған қаһардан.
Мақтанбаймын мастанып,
Бұндай абырой табысқа,
62
Қоян емес тығылар
Жау көргенде қамысқа.
Арыстан емес ақырған,
Данышпан емес ақылдан,
Қара қазақ ұлымын,
Жалпы жатқан елдегі,
Бұқараның бірімін.
Баяндалған істерді
Мен істедім демеймін,
Мен істедім дегенше,
Мың істеді дегеймін.
Мың істеді дегенше,
Ер істеді дегеймін.
Ер істеді дегенше,
Ел істеді дегеймін.
Мен мыңдікі болмасам,
Ер елдікі болмаса,
Кім істеді дер едің.
Келесі тақырыбымыз — шындық. Шындық пен өтірік ежелден бері өмір сүріп
келеді.
Шындықты өтірікті тықпаламай айта білген жөн. Тарихта өтірік еш уақытта да
өзінің нағыз шынайы кейпінде көрінген емес. Ол барлық кезде шындықтың тонын
жамылып көрінетін. Өтірік тек 5—10 минут, бір сағат, бес, он жыл ғана жұртты
иландырып салтанат құрып қана қоймайды, ғасырлар бойы сеңі бұзылмайтын
өтірік болады. Бірақта бәрібір өтірік әшкереленеді.
Москвада байсалды бір жазушы маған былай деді: «Абсолюттік шындық - бұл
сұмдық қой! Сіз менен шындықты талап ете алмайсыз!» Абсолюттік шындық
қорқынышты, сұмдық емес, оны тек жеткізе білу керек, сонда ғана ол үлкен
пайда келтіреді. Тіпті сіз күнделікті зәру мәселелерге қалам тартсаңыз да
шындық — бал, ал өтірік, сен оны қаншама жылтыратып көрсеткеніңмен бәрібір
— у күйінде қалуға тиіс. Сіздер балалардың дәрісінің қалай жасалатынын
63
білетін шығарсыздар... Басты нәрсе қалайда дәрінің тәтті етіп дайындалуында.
Мен жазушылардың, суретшілердің, композиторлардың, кино қызметкерлерінің
балалар дәрісін тәтті етіп жасағанындай бұл фактілерді дәмді етіп жылтыратып
беруін саналы және әдейі түрде істелінбеген екен деген қорытындыға келдім.
Олардың арасында арсыздықпен өтірікті сықпыртатындары да бар.
Менің өз басымда, соншама тым мені қатты ашуланып отыр екен деп Бектің
шатасқан жайлары да болған. Өзінің қаталдығымен біздің шындығымыз жеңіл
емес, ол ер жүректілікті қажет етеді. Дегенмен, Құдайым сақтасын, қазір әдебиет
майданында жүрген қорқақтар қаншама?! Ең аз қарсылық көрсетілетін линиямен
жүріп, әрбір қадам басқан сайын жалтақ-жалтақ қарап, сужүректік танытатын
кейбір жазушылардың мінез-құлқына, жүріс-тұрысына менің зығырданым
қайнайды.
Екінші повестен сіздер осы тақырыпта Бек екеуміздің арамызда болған әңгімені
таба аласыздар. Мен егер әдебиет майданы су жүректерді ұрыс даласында атып
тастайтын нағыз соғыс майданы сияқты болса, онда оған әлдеқашан тіршілікпен
қоштасуына тура келетінін айтқан едім...
Мен ержүректілікті қоян-қолтық ұрыстан ғана іздемеу керектігін айтқан
едім, ержүректілік әдебиет майданында да қажет. Шындықты айта білу ләзім.
Ержүректілік пен батылдық жүректен шығуға тиіс. Әрине, егер шындықты
дөрекі, өрескел түрде жеткізсек, одан тек зиян таппасақ, көретін пайдамыз
жоқ. Біздегі барып тұрған немқұрайдылықтың белгісі — бұл өз кәсібіне деген
немқұрайдылық. Әдебиетке атсалысып жүрген көптеген адамдар неліктен өз
кәсібіне адал емес? Ал мұның өзі бүгінгі таңда өте қауіпті құбылыс емес пе?
Мені осы мәселе ойландырып, толғандырады. Кітап — әлемнің азаматы. Кітап
жазу үшін алдымен адамның өзі творчестволық тұрғыдан ойлай білетін адам
болуға тиіс, кітап оның перзенті болмақ. Ол осы тақырыппен «ауырып», толғақты
күйді кешуі қажет,ананың босанар кездегі азапты толғағын бастан өткізгендей,
творчестволық толғақтың азабын, мехнатын өз басынан өткізіп барып, бізге
кітап сыйлауы қажет. Ал бізде көбісі көргенін емес, есітіп-білгенін үстірт төпей
салады. Тақырыппен «ауырып», толғақты күйді кешу тіпті әскери адамдардың
өзінің барлық уақытта қолынан келе бермейді, бұл оп-оңай нәрсе емес.
Шындық — суреткердің ұлы міндеті. Ұрыста шындықты табу оңай емес, ал оны
жинақтау одан да қиынырақ. Бәлкім менің тарапымнан жазушыларға қойылып
отырған талап шектен шыққан әділетсіздіктей көрінуі мүмкін, бірақ мен мұны
заңды деп білемін.
Көпшіліктеріңіз Александр Бектің авторлығымен шыққан «Панфиловшылар алғы
шепте» повесін оқыған боларсыздар. Бізге осы повесть жарыққа шығысымен-ақ,
біздердің өзара қарым-қатынасымызға байланысты сұрақтар мүлде жауып кетті.
Бұл сұрақты Москва мен
Алматыда әрбір кез келген жерде дерлік қойып отырды. Көпшілігі кітаптың
жалғасын білгісі келеді.
64
Москва түбіндегі ұрыстарда мына оң жақтағы картада (Баукең ұрыс қимылдарының
картасын жасаған — ауд.) көрсетілуіне байланысты кейбір мәселелер жөнінде
мен сіздерді Бектің жазылып біткен және жазылып жатқан еңбектеріне сілтегім
келеді, себебі менің Бекке айтып берген әңгімелерімнің бәрін сіздерге қайта
айтып беруге мүмкіндігім жоқ.
Әзірше бірінші повесть қана жазылып бітті. Екінші повесті жақында ғана
Москвада қарап шықтым, енді қолжазба күйінде үшінші рет өңделінбек.
Үшінші повесть әзір материал күйінде ғана, Москваға қайтып оралысымен,
Бекке материалдарды толықтыру үшін шамамен екі аптаның ішінде көптеген
мәселелерді айтып беруіме тура келеді.
Біздің кездесуіміз шын мәнінде қалай болса, Бек солай етіп суреттеген. Бек
екеуміздің арамызда шамамен алғанда төмендегідей мазмұнда ауызша шарт
жасалынды. Біздің бірлесе қызмет істеуімізде көзделінген мақсат — Панфилов
дивизиясының Талғар полкі жауынгерлері мен офицерлеріне және генерал
Панфиловқа әдеби ескерткіш жасау.
Біздер тек осы бір ғана тілекті басшылыққа алдық. Егер шығарма біздің бұл
аясы тар мақсатымыздың шеңберінен шығып кететіндей болса және біздің
бірлесе қызмет етуіміздің барысында қолдағы бар нақты материал базасынан
ірі жинақтауға дейін (бар материал сөзсіз осындай тенденция көздейді) өсетін
болса, онда біздер мен біздің достарымыз қатты қуанған болар еді деп ойлаймын.
Әзірше болжау ертерек, болашақ көрсете жатар.
Мен Бектің өз қаламдастары арасында жазушы ретінде қаншалықты танымал
екенін білмеймін, бірақ оқырман негізінен оны бүгінге дейін мүлдем дерлік
білмейтінін білемін, қазірше ол — кәсіп жатынан өзінің жолдастары арасында
атағы жоқ еңбекқор жанның бірі. Жазушылар одағы оған бронь беруден бас
тартқан, сөйтіп ол солдатқа жіберілген көптің бірі еді. Ол маған әзірше адал
кызмет етуші, орнықты адам, ақ ниетті стенограф әрі фотограф сияқты әсер
қалдырады. Суреткер ретінде қазірше оны білмеймін. Талап талғамы бұзылған,
жан дүниесі азғындаған өзі туралы жалған жоғары пікірдегі адаммен жұмыс
істегеннен гөрі адал да кішіпейіл қол өнершімен істес болған әлдеқайда артық
— осы қасиет мені онымен жақындастырды. Біздің еңбегімізде тәңірім күш-қуат
пен денсаулық, риясыз әділ қарым-қатынас берсін, мен бірлесе, күш біріктіре,
біздер бір- бірімізді толықтыра отырып, біртұтас, зерделі дүние жасай алмақпыз
деген үміттемін.
Бектің аты шықпаған жазушы болмағаны мені мүлдем алаңдатпайтын себебі
сондықтан.Біздер бір-бірімізге өз қабілеттеріміздің шегінде әділ көмектесеміз,
мұның өзі бізге жоғарғы атақтың рухының орнын толтырады. Мен осылай
ойлаймын.
Сіздердің алдарыңызда ілулі тұрған мына біздің дивизияның Москва түбінде
жүргізген ұрыстарының картасы (картадан көрсетеді). Бұл карта графикалық
документке жатады.
65
Александр Бек «Арпалыс» деген атпен ниет етіп жазып жатқан болашақ барлық
үш повестің мазмұны осы картада көрсетілген.
Бек — кітаптың авторы, ал мен, менің қағаздарым, менің зердем, ақыл-ойым,
толғаныстарым, мына алдарыңыздағы ілулі тұрған карта — кітап материалдары
болмақ.
Демек, Бектің кітабы сөздің толық мағынасында алғанда көркем шығарма емес,
әскери- ағартушылық көркем шығарма етіп жазылмақ. Кітаптың жауапкершілігін
Бек сөзсіз өз мойнына алады, бірақ ол әскери адам болмағандықтан, соғыстың
көптеген мәселелерін тиісті дәрежеде талдай алмайды, білмейді, өз кезегінде мен,
барлық материалдардың авторы ретінде кітаптың дұрыс жазылу жауапкершілігін
панфиловшылардың рухы алдында, тарих пен замандастарымның алдында өз
мойныма аламын, барлық әскери және әскери- психологиялық мәселелердің
дұрыс түсіндірілуі жауапкершілігін өз мойныма аламын.
Қысқасын айтқанда, Бек автор — өндеуші, ал мен автор — материал ретінде
жауаптымын.
Бұл жағдай Бекке маған оның қолжазбасының редакторы болу правосын беруді,
бәрін де менімен кеңесіп, ақылдасып отыруға, повесті маған қарап шығуға және
менімен келісіп алғаннан кейін барып қана оны басуға беруге міндеттейді.
Яғни біздер өз орындарымызды кезек-кезек алмастырып отырамыз: енді мен
оның қолжазбасын өңдеймін. Біздің арамыздағы ресми есеп-қисап осындай.
Қазақ жазушылары Бек жолдастың қолжазбасын түпнұсқа ретінде менің
қолжазбаларыммен қатар пайдалана алады (біздің ауызша шартымызда дәл
осылай айтылған болатын).
Бекке жұмыс істеу оңай екен деп ойлап қалмаңыздар. Ол -— өте шектеулі,
себебі материалды игеруге оның барлық кезде шама-шарқы жете бермейді,
маған да оныменен бірлесе жұмыс істеу оңай емес. Оған бір нәрсені қайта-
қайта малта езгендей айтып отыру, осынау қарапайым, әскери емес адамға
мылжыңдап түсіндіріп, бірсыпыра жағдайларды қақсай беру; оның қолжазбасын
қарап шығуға және кейбір тарауларын қайта ауызша баяндап беру, оның
түсінбеушілігі мен әскери тәртіпке көндікпеген қиқарлығын, ал кейде бірыңғай
әдеби қызығушылыққа бой ұрып кетушілігі мен желікпелігін, оның эпизодтарды
тыңдап отырғандағы жөнсіз мәз-мейрам болуы мен тіпті көргенсіздікке дейін
жететін әрекетін жеңуге, мұның бәріне үлкен күш-қуат жұмсауға, жүйкені
тоздыруға тура келді.
Мен сіздердің көздеріңізден Бекке жандарыңыздың ашып отырғанын көріп
отырмын.
Бәлкім, сіздердікі дұрыс та болар. Сіздердің оған жан ашушылық білдірулеріңіз
жазушының тұрғысынан алғанда әбден заңды да шығар. Бірақ менікі де өз
тұрғымнан алғанда дұрыс, шынымды айтсам, менің көрген, басымнан кешкен
азаптарыма мейірімсіздікпен қарағандарыңызға аздап ызаланып та тұрмын...
66
Бірақ, оқасы жоқ, ымырата әрі әділ қорытындыға келуге тиіспіз. Бекке автор болу
оңай болмаса, ал маған кітап материалы болу одан да қиын. Ал іс жалғастыруды,
аяқтауды талап етеді, ал бізге бастаған жұмысты лайықты түрде аяғына дейін
жеткізу қажет. Алда әлі қыруар жұмыс күтіп тұр.
Алғашқы повесть үш рет қайта өңделініп жазылды. Бірінші, екінші нұсқасы да
нашар болып шықты, ал үшінші нұсқасы, шамасы, сәттірек болып шыққан сияқты.
Бірінші повестің бас жағында Бек өзімен бірте жұмыс істеуге менің келісімімді
алмас бұрын өзінің қиындықтарды жеңіп, менен зәбір-жапа, азап көруіне тура
келгенін баяндап жазады. Бұнысы шындық болатын.
Оның екінші повесі де менің тым қаталдығыма шағым айтудан басталатын.
Повесть әлі басылып жарыққа шыға қойған жоқ. Мен сіздерге оқып берейін
(екінші повестің бірінші тарауын оқиды). Онда ол маған бірінші повестің
қолжазбасын алып келгенін едәуір шынайы әрі әділ сипаттайды. Шын мәнісінде
де кездесу солай болған-ды.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫМЕН ҚАЙТА КЕЗДЕСУ
Жазушыларға қыңырлау «тәңір алдындағы шындықты» талап ететін, бұл айбарлы
адамға, менің кітабымның қаһарманына, Бауыржан Момышұлының майдандағы
блиндажына алдыңғы повестерімнің қолжазбасын әкеліп едім.
Машинкаға басылған бума қағаз қуанарлық жағдайда болмаса да, зат салатын
қапшықтың ішінен алынып, стол үстіне қойылды. Бауыржан Момышұлы —
гвардиялық полктің командирі — қолжазбаны қолына алғанша, алайда, біршама
уақыт өтті.
Ақырында керосин шамның жарығына таман қолжазбаны жылжытып, қолына
алған сәт те жетті-ау, ол бірінші бетке үңілді.
Екеуміз көріспегелі жарты жылдай уақыт болған. Осы өткен айлардың ішінде
Момышұлы әбден жүдеген. Екі жағы ашаң тартып, танадай үлкен көздерінде
сарғыш реңк пайда болған, сұрапыл соғыстың, тынымсыз күндер мен түндердің
салған таңбасы бұл. Білте шамның жарығымен нұрланған ерекше өткір көздері,
шырайлы жүзі екеуміз алғаш дидарласқан кездегідей ғажап әсер етті, бала
кезімнен жадымда қалған бір кітаптағы суретті тағы да көз алдыма елестетеді.
Ол алғашқы тарауды лезде оқып шықты. Бұл тарауда кітаптың жазылу тарихы
айтылатын.
Бауыржанмен танысу сәті сипатталған, мені ерекше таңқалдырған бұл қазақ
жігітінің сырт келбеті, қимыл-қозғалысы, мінез-құлқы туралы алған әсерлерім
жазылған еді. Кіріспесін шолып, ол қолжазбаның соңына үңілді, содан кейін
барып басын көтерді,— қарасында құптарлық ишара білінбеді.
— Сіз неліктен үнемі менің қазақ екенімді қайта-қайта айта бергенсіз?— деп
қатулана сұрақ қойды. Бір рет жазғаннан кейін жеткілікті емес пе... Сіз, бейне
бір, мына табиғаттың ғажайыбына қараңызшы деп шақырғандайсыз. Сіз өзіңіз
67
аялатыңыз келген адамды қорлағандай екенсіз... Бұныңыз бегемоттың аялағанына
ұқсаңқырайды...
Менің жүзім, сірә дуылдап кеткен болуы керек: тер төге дамыл көрмей жазып
келгендегім осы болғаны ма... Бауыржан жымиып күлді.
— Бірақ бегемоттар көп қой,— деді ол. — Амал не, бұл аялауды қабыл алуға тура
келеді. Тақтайлардан шегелеп жасалынып, үстіне плащ-палатка төселінген кереу-
етке жантайған күйі (мен кедергі келтірмес үшін қара көлеңкелеу түкпірге барып
отырдым), мен жазушыларға сирек кездесетін сәтті бақылап отырдым, повестің
қаһарманы осы повестің өзін оқып жатыр, Бауыржан Момышұлы Бауыржан
Момышұлы туралы жазылған шығарманы оқу үстінде болатын.Дегенмен де ол
бұл тұжырымды теріске шығарар еді. Бірде мен Бауыржаннан балалық, жастық
шағының, жеке өмірінің кейбір есте қалған сәттерін әңгімелеп беруін өтіндім.
Ол әрбір сөзін шегелегендей қысқа қайырып: «Жеке өмірдің дейсіз бе? Неліктен?
Мұның маған қажеті қанша?». «Мен сізге айтып отырған жоқпын». «Өзіме де
емес». «Сізге емес, келер ұрпаққа айтып отырмын. Москва түбіндегі сұрапыл
шайқастар туралы, панфиловшылар батальонының ерлігі жөнінде әңгіме айтып
отырмын. Ал бұған өзіңнің жеке өмірбаяныңды алып келіп тықпалау ақымақтық
әрі көргенсіздік болар еді». Көзін жеткізе алмадым: маған мінезі қиын әрі ырық
бермейтін қайсар қаһарман кезіккен-ді.
Бауыржан қағазға үңілген бойы тіп-тік отыр. Әне-міне дегенше келесі оқылған
бетті ашаң саусағымен лезде аударып тастайды. Анда-санда алақанымен көмірдей
қара шашын сипап жатқызады, бірақ қолын алса-ақ болғаны, түрпідей шашы
тікірейіп қайтадан тұра келеді.
Мен оған қара көлеңке түкпірден қарап отырмын. Бір мезетте столдың үстіндегі
күміс портсигарға ұмсынды да, ішінен бір шылым алып, әлдене жөнінде ойланып,
темекісін кептіру үшін білте шамның жалынына тосты. Шылымын тұтатқаннан
кейін ләм-мим деместен, бір ауыз сөз айтпастан қолжазбаны оқи берді.
Бір сәт тағы да басын көтерді,— бұл жолы басын шұғыл көтерген,— Бауыржан
планшетінен қаламын алып, машинкаға басылған жолдардың шетін ала қиғаштата
әлдебір нәрселерді жаза бастады.
Оның жазған ескертпелерінің бәрін келтіріп жатпаймын. Қолжазбаны оқып
шыққаннан кейін екеуміздің арамызда болған әңгіменің кейбір желісін ғана
қысқаша айта кетейін.
— Москва, Москва түбіндегі шайқастың тынысы сезілмейді,— деді Бауыржан.
— Тарихи кезең — 1941 жылдың октябрь айы берілмеген.
Әдеттегідей оның пікірі күрт, кейде жөнсіз үзілді-кесілді болатын.
— Содан кейін... Сіздің қорқынышты түсіндіруіңізбен мен келісе алмаймын.
— Менің дейсіз бе? Неліктен менің? Мен сіздің ойларыңызды жаздым.
68
— Әбден мүмкін... Шамамен мен осылай айтуым да мүмкін. Бірақ мына жазылған
жолдардан ойдың дөрекі, өрескел, жөнсіз болып шыққанын көріп тұрмын.
Өйткені махаббаттың түрі мен дәрежесі сияқты, қорқыныштың да әртүрлі түрі
мен дәрежесі болады, шамалы әрі үлкен қорқыныш болады, ал мына жерде (ол
қолжазбаны нұсқап) болса, адамдардың бойын бірден хайуандарға тән қорқыныш
билеп ала жөнелген, — соншама қатты қорқыныш, зәре-құты ұшушылық, — со-
дан кейін жауынгерлер бірден-ақ қорқынышын жеңіп, батылданып шыға келеді.
Дұрыс емес! Және де сонымен бірге сіз сол» даттың алар орнын төмендетіп те
жібергенсіз.
Мен қарсылық білдірдім. Бірақ Бауыржан айтқанынан қайтпады.
Ия, төмендеткенсіз. Наполеонның мынандай қанатты сөзі бар: «адамдарды
қорқыныш пен жеке мүдде басқарады». Кейбір тұстарда адамды осылай түсінуге
сіз де ойысыңқырап кетесіз.
Маған танадай ойлы көздерімен қадала қарап, ол қайталап:
Адамдарды қорқыныш пен жеке мүдде басқарады...
Ал идеал ше? Ал адамгершілік ар-ұят, абырой, патриотизм, жолдастарымен
қайғы-қасірет пен қауіп-катерді бірге бөлісушілік, күресте өзін-өзі мерт етуге
бас тігушілік қайда?
Мұның бәрі бос сөз болғаны ма? Онсыз біз жауды жеңе алар ма едік?Бауыржанның
маған көңілі толмады, өзінің айтып берген әңгімелеріне де разы болмады.
Неліктен деп сұрады ол,— жеңілістің суретін бермегенсіз? Бұл жөніндегі қасіретті
ойды неге жеткізбегенсіз?
Бұл сізге айтылмап па еді?
Ақталу мақсатында мен өзімнің кейбір ой-пікірлерімді айттым.
Бауыржан түтігіп кетті:
Егер әдеби майдан,— деп ол кесіп айтты, — су жүректерді атып тастайтын
шын мәніндегі майдан болса, сіз өмірмен әлдеқашан-ақ қоштасқан болар едіңіз.
Менің ренішімді байқап қалып, ол қайта жымиып, күліп: Әсіресе, егер мен онда
командир болсам,— деп қосып қойды.
Мен:
— Сіз «Знамя» журналының редакторына жазған хатыңызда Тәңір алдындағы
шындық туралы еске алғанда не айтайын деп едіңіз? Өйткені сіз Құдайға сенбейсіз
ғой, — дедім.
— Неге сенбеймін? Мен дінге сенетін адаммын. Ғажап. Қалжыңдап тұрған жоқ
па?
Оны кім білсін,— ерекше шырайлы қара торы жүзінен шын айтып, болмаса
69
қалжыңдап тұрғаны аңғарылмайды.
— Ия,— деп ол сабырлы қалыппен сөзін жалғастырды,— мен құдайға сенемін.
Және
Құдайға құлшылық етемін. Сіздің менімен ілесіп жүргеніңізге бірсыпыра уақыт
болды.
Осыны байқамағаныңыз ба?
— Жоқ. Бірде-бір рет байқаған емеспін.— Ол күліп жіберді.
— Қайдағы Құдайды айтып отырсыз?! Шынын айтқанда, мен ар-ұят туралы ай-
тып отырған жоқпын ба? Ал арсыз жандарды суқаным сүймейді.
Әңгіме төркіні қайда деңіз! Мұны ғой, әрине, байқағанмын. Бірінші повесті
әбден егжей- тегжейлі қарап шыққан мінезі қиын бұл адаммен біз келесі повестке
кірісіп кеттік».
Екінші повесть екі рет қайта жазылды, қазір үшінші рет қайта өңделіп, жазылу
үстінде.
Алғаш рет Бек менде 1943 жылдың сентябрінде болды, ол маған «Знамя»
журналы редакторының жазған хатын ала келген еді (хатты оқиды). Мен
Бектің қолжазбасын қарап шығып, өз ескертпелерімді жасадым, өзімнің
барлық қолжазбаларымның көшірмелерін түсіріп алып, оны Бекке табыс еттім.
Онымен байыпты түрде әңгімелесіп, кейбір мәселелерді қосымша айтып бердім.
Редакторға соғыс туралы, адамзаттың басынан өткізіп жатқан қайғы-қасіреті
туралы шындықты, тек қана шындықты және де сөздікте жазылған шындықты
емес, шын жүректен, көңіл күйден шыққан шындықты адамның жан дүниесіне
әсер етер қарапайым сөздермен әдеп және соғыс заңы — қанды тәжірибесі жөнінде
айту керек деп жаздым. Бектің «Адам және ұрыс» деген кітабы ұрыс пен оның
психологиясын орталық мәселе етіп ала отырып, айтылған мәселелерді әскери
көзқарас тұрғысынан барлық шиеленісті жақтарымен сауатты түрде көрсете білуі
қажет, бұл кітап оқушылар үшін ақыл-оймен соғыс жөніндегі ақиқатты тануына
мүмкіндік беретін әскери ағартушылық (тек роман ғана болмай) құрал болып
табылады.Мен мұны неге жаздым, себебі Бектің жазған бірінші тарауы маған
мүлде ұнамады.
Шындық туралы, соғыс хақында айтқан кезімде, мен әмірі күшті Алланың
алдындағы шындықты айтамын, өйткені адам барлық уақытта да өз
тумаластарының алдында адал бола бермейді. Мұндай қатал талап жалғыз Бекке
ғана емес, сонымен бірге барлық әдебиетшілерге де қойылып отыр, өйткені кез
келген кітаптың басты мақсаты — ағарту.
Кітап жазу үшін жазушы жазатын саласы бойынша ең білімді адам болуы қажет.
Тақырып әскери тақырып екен — кітап авторының мақсаты оқушыларды әскери
өнермен ағарту болмақ, міне, сондықтан да мен бұл кітап әскери-ағартушылық
сипаттағы шығарма деп ерекше көңіл аударуым сондықтан, менің Бектен
70
оның кітабының роман емес, әскери ағартушылық құрал болуын талап етуім
сондықтан еді. Мені дұрыс түсінулеріңізді сұраймын. Мен үстіне сұр шинель
киген солдаттарға арналып жазылған бір жақты әскери кітапты емес, ұлтты
тәрбиелеу мақсатын көздейтін, яғни бірінші командир бұл ана және бірінші
солдат — бұл құндақта жатқан нәресте, ата-ананың берген жақсы тәлім-тәрбиесі
— жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеудің негізі болып табылатынын ашып
көрсететін көпшілік оқырманға арналған кітапты талап етемін.
Менің түзету енгізуімнен кейін, егер Бек мені түсініп, ойымды көркемдеп
жаза алған болса, онда повестің екінші бөлімі, Бектің маған оқуға ұсынған
қолжазбасындай қырсыз, сылбыр болып шықпаса керек-ті, әрі мен екінші бөлімге
сіздердің айтарлықтай қоятын кінәларыңыз бола қоймас деген сенімдемін.
Бектің жазылып жатқан трилогиясы программасының көптеген мәселелері
бойынша біз сіздермен пікірлес бола аламыз ғой деген үміттемін, авторға
соғыстың, ұрыстың проблематикалық мәселелерін шешуде кітаптың біртұтас
әрі құнды болып шығуына, біздің сүйікті, жүрегі таза, көңілі құштар, бірақ аңғал
отандастарымыздың сана-сезіміндегі арпалысты сол күйінде бере салмай, яғни
шындықты үстірт баяндамай, терең бейнелеуіне көмектесуге Құдайым күш-қуат
пен денсаулық берсін. Біздің әңгімелеріміздің ұсақ техникалық детальдарын
сіздерге әділ етіп айтып беру Бекке тапсырылды. Біздің жазушылардың
«жағымпаздану қызметі» туралы және тағдырдың тәлкегіне қалдырылған
«қаһармандар» (көпшілік жағдайда ауыр жағдайға душар болып сөзсіз қазаға
ұшырайтын) жөнінде, өмір дегеніміз — ұрыстағы қозғаушы күш екені хақында
егжей-тегжейлі сіздерге айтып беруін сұрарсыздар. Қазіргі жазушылардың
бойында жазылуы қиын дерт болып тұрған — қаһармандардың өлімін жаппай
әдемі етіп көрсетушіліктің жалпы іске пайда келтірмек түгілі, үлкен зиян
келтіретіндігі, оқырмандар мен әлем алдында үлкен жауынгерлік коллективтің-
жауынгерлік серіктестіктің құрылымы мен ұйымының беделін түсіретіндігі
жөнінде айтып беруін өтініңіздер.
Егер мен жазушы болсам, онда бұл әңгімеде кейіпкердің өлуіне жол бермес едім.
Адам тірі қалу үшін барлық шараларды қолданып, жанталасады, арпалысады.
Оқырман осы тақырыптың қызығына беріледі, ал оқиға кенет үзіліп қалады.
Ұрыс кезінде ерлік пен қорқақтық қылыштың жүзінде тұрғандай алмағайып
күйде жанның мұрнының ұшына барғандағыдай жағдайда болады, махаббат пен
зұлымдықтың арасы сияқты, батырлық пен қорқақтықтың арасы да бір-ақ қадам
екенін жазу керек.
Әлсіз жақтары жоқ батыр — батыр емес, ал біздің жазушылар мен суретшілер
болса, батырдан барлық уақытта батыр жасай бермейді, олар батырлардың әлсіз
жақтарын жасырып, сыртқы және ішкі күрестің қиындықтарын жеңіп барып
батыр болғанын, кәдімгі адам ретінде көрсетпейді. Тіпті батырларға қорқыныш
сезімі тән емес деп жазады.
Мұның өзі ақылға қона ма? Сондықтан да мен қазір адамды тек қана оның
71
ерлік ісін тек туасы біткен табиғаттың сыйы ретінде, кем-кетіксіз, кемшіліксіз
жып-жылмағай етіп, оқырмандармен оның бойындағы батылдық пен әлсіздік
қасиеттерді салыстырып әрі қорқыныш сезімінің сөзсіз ілесіп отыратынын
жасырып сипаттаушылық батырдыжаратылыс бітімі бөлек ерекше жан етіп
көрсететіндігі әрі күрестің сыртқы және ішкі қиыншылықтарын жеңген жағдайда
сипатталынып отырған батырдай ерлік жасауға оған рух пен қажыр-қайрат беріп,
жігерлендірудің орнына батырға еліктеудің өзі бос нәрсе, үмітсіздік деген ойды
еріксіз таңатындығы жөнінде де өз пікірімді жазған едім.
Батырды сипаттаған кезде біз қандай мақсат көздейміз? — Әңгіме, бұқара
көпшілік батырдың жолын қуу керек, ал ол айқайлап, қолын сермеп қалғанда
пәленше немісті сұлатып түсірді деп сипаттап жазудан пайда жоқ. — Солдат
былай дер еді: Мен де осылай істеп көріп едім, онымнан ештеңе шыққан жоқ.
Мұндай ойдан шығарылған нәрсе өзінің мақсатын ақтай алмайды. Снарядтар ұли
жарылып, ысқыра оқ зулап, ышқына миналар ұшады деп жазса, бұл түсінікті, ал
егер шын мәнінде 5 немісті өлтіріп, 50 немісті атып өлтірді деп жазатын болсақ,
бұнымен үлкен зиян келтірген болар едік, бұған адамның жаны ауырады. Міне,
мен осындай дұрыс жазбаудан сақтандырғым келеді. Ал мұның өзі батырды
жолдастарының алдында ұятты жағдайға қалдырмай ма, қарулас достары болса
отан қарап, кекесінді түрде: «Сен 50 немісті өлтіріп пе едің?» деп сұрамай ма, міне
сіз кімді мақтағыңыз келген еді, осындай шылқыған өтіріктің салдарынан адамды
қолайсыз, ыңғайсыз жағдайға қалдырасыз, сөйтіп кейінгі жазар заметкаңызға
мазмұны шын болса да, сенімсіздік туғызасыз. Өтірік — зиян, кесір.
Тағы да бір мысал келтіре кетейін. Орталық баспасөз бетінде біздің әскерлеріміз
пәлендей деген қаланы кескілескен ұрыспен жаудан азат етті деген мақала
жарыққа шығады.
Жауынгерлер бес адамның өлтірілгенін білетін, ал газетте 50 адам деп басылған.
Солдаттар мен ұрысқа қатысқандар бір-біріне қарасып аң-таң болады. N деген
батырды сипаттап жаза отырып, мың адам өлтірді деп көрсетеді, ал біздің
жауынгерлер күліп, былай: «Мүмкін, 10 адам өлтірген шығар»,— дейді.
Мұндай деректер сенімсіздік туғызады, ал мен мұндай газет тілшілерін жаным
жаратпайды. Міне, менің өтірік — у деп айтуымның себебі де сондықтан. Әрине,
солдат мұны есіттіріп айтпаса да, оның ішінде, жанында бәрібір қалып қояды.
Менің ойымша, мұндай тілшілерді қатал түрде жазалау керек. Олардың бәрі
де бір қалыптан шыққандай етіп жазады. Мынандай өлең жазылған, бұл өлең
жаңағы мен айтқан тілшілерге арналады. Дүмше молда дін бұзар.
Абдолла Тоқайдан:
Жігіт біткен менменсиді, жоғары ұстап розасын, Қасіретті дүниенің байқады ол
тек розасын.
Көрмеген ол дүниенің қаһары мен «угрозасын», Көргенменен «уг» қалып,
көргенде тек розасын, Көргенде ол тағдырдың да тақсіретті розасын, «Г»-сы
72
қалып, көрген болар розаның да розасын. Қазақ халқының соғыс тарихы осы
отан соғысынан басталуға тиіс. Бірақ, осы соғысқа қатысқан қазақ халқының
өмірі, ерлік қимылы дер кезінде тарих айнасына түсіп отырған жоқ. Қазақ халқы
осы соғыс тұсында бүкіл дүние жүзіне өзінің қазақ екенін танытты.
Соғыста шынықты, шыңдалды, жоғары көтерілді. Біздің жазушылар, тарихшылар,
ғылыми қызметкерлер осы шындықты жазып, жас қауымды тәрбиелеу! керек еді,
кейінгі ұрпаққа дұрыс тарих қалдыру керек еді, бірақ бұл істелген жоқ.Майданда
қаһарман қазақ, жігіттері аз емес, көбі өліп те кетті. Солардың бірде-бірі қағаз
бетіне түспей қалып барады. Қазақтың қанын, жанын берген ерлері атаусыз кетіп
барады.
Шындықты жазу заң, себебі өтірік — әдебиетке, мәдениетке, келешігімізге кесір.
Өтіріктің өмірі ұзақ емес. Өтіріктің құйрығы — бір-ақ тұтам.
Қысқасын айтқанда, ерліктің атаусыз кетуі — халықтың трагедиясы. Тарих
мұны бүгінгі сіздерге — жазушы, тарихшыларға кешірмейді. Елдің тұтқасы осы
отырған біз ғанамыз деп ойларсыңдар, жоқ, елдің тұтқасы осынау майдандағы
мыңдаған қазақтың ер азаматы, қыршын жастары. Оларсыз елің де иесіз, оларсыз
жұрт та болмайсың. Олардың ерлігін, қан төгіп ерлікпен соғысқанын жазбаған
сендердің көбіңді тарих дарға асады. Масқара етіп байлайтын бағанаға таңады.
Бүгін болмаса, ертең жазалайды. Бәрімізді бірдей жазалай бермес деп мына
Исмайылов бір әңгіме келтіріп еді. Бір кемпірдің жалғыз баласы ауырған екен,
сонда кемпір зар жылап, а, Құдай, мені жалғыз баламның алдында ал, баламнан
кейін жалғыз тірліктің маған керегі жоқ деп жалбарынған екен дейді. Соны
әзірейіл есітіп тұрып, үйге кіріп келіп:— Мақұл балаңның жанын алмаймын,
сенің жаныңды аламын,— дегенде, кемпір сасып қалып:— кімнің ауру-сауын
Құдайекең өзі білер,— деп қисая кеткен екен дейді. Сондайын, бәлкім, кімнің
ауру-сауын тарих тексерер де.
Бірақ тарих алдында зор айыпты екендіктерің де даусыз. Бұл соғыс кезіндегі
халық өмірінің шындығы бүгін дұрыс ашылып жазылмағанмен, ертең жазылады.
Осында болғаннан бері бірқатар жайды көріп, сездім. Бірқатар адамдар тым ұзақ, өз
қарабасындық мақсаттан жоғары емес. Бүкіл елдің, халықтың қамы дегенді мүлде
ұмытқан. Опера театрының хорында қазақ әнін айтатын әншілер қалмағанын не
дейсіңдер, халық жайын кеңінен ойлап, толғап пішетін елдің намысы қайда? Біз
кім едік, кімбіз, кім боламыз деген сұраулар әлі күнге жауапсыз қалып кетіп бара
жатқан жоқ па? Тіпті өзінің қазақ екенін ұмытып бара жатқандарың көп емес
пе? Қазақпын деп мақтануды ар көретін, қазақтың тілінде сөйлеуді масқаралық
көретін салт қайдан шығып отыр?
Балалардың көбі не қазақ, не орыс болып тәрбиеленбей, шөре-шөре бірдеме
болып өсіп жатқанын неге көрмейсіңдер?
Осыларды күйініп айтқанда менікі қазақ халқы да советтік отанымыздағы басқа
елдердің қатарында жетілген — ұлттық даңқын, салтын толық білдіріп мақтана
73
алатын ел болуына тілек айтып отырғандық қой. Елді, жастарды, халықтың ізгі,
жақсы адамгершілік салтында тәрбиелеу, бүгінгі мәдениетті халықтың көне
мәдениетімен ұштастырып дамыту қажет екенін ұғыну керек емес пе? «Гвардия,
алға» сияқтылар — жаңа мәдениет, ақиқат шығарма емес, жалған, бүгінгі
шындыққа каррикатура.
Сонымен, Бектің келуіне оралайын. Бұл жолы мен оны сөккен жоқпын. Ол маған
дәрменсіз күйде келген еді. Мен оған ешқандай да тік мінезділік көрсеткен
жоқпын, ол менен риза көңілмен аттанып кетті. Мұны капитан Құрманбек
Сағындықов та растай алады.
Ноябрь айының соңында мен Москваға келдім. Менің келу қарсаңымда Бек
екінші повестің екінші нұсқасын аяқтап қалған екен. Екінші повесть біріншісіне
қарағанда, сөз жоқ, жақсы шыққан, бірақ әлі де болса ойдағыдай емес-ті. Біз екі
аптадай уақыт бас көтермей қолжазбаны өңдеп, жетілдіріп жұмыс істедік. Осы
жерде Жазушылар одағы Бектің повесін жөнсіз талқылауды ойластырады.
Бек болса қатты абыржыды, тіпті бұл талқылаудан жүрексінді де, сөйтіп менің
қатысуымды қиыла өтінді. Өзінің өтінішін ол бірде-бір әскери және әскери
психологиялық сұрақтарға жауап бере алмайтынын айтып дәлелдеді (ал ол
болсаталқылауда осы мәселелер басты назарда болатынына сенімді болатын).
Мен келісім бермедім.
— Менің енді бір топ қызыққұмар москвалықтармен әуре болуым қалған екен
ғой.
Сізбенен бірге әуре сарсаңмен жүргенім де жетер,— дедім Бекке.
Осы жерде ол әділетсіздік, зымияндық жасады: екі күннен соң ол хабарландыру
басылған газетті алып келді, онда 8 декабрьде Жазушылар одағының клубында
кітаптың талқыланатындығы және оған менің қатысатыным жазылыпты. Мен
реніш білдірдім. Бек қулана жымиып:
— Клубта үлкен хабарландыру ілулі түр, онда сіздің фамилияңыз ірі әріптермен
бадырайтып жазылып қойылған,— деп сөзін жалғастырды.
Бұл талқылауға ешбір дайындықсыз баруыма тура келді. Халық көп жиналған
екен.
Қызыққұмар москвалықтар мен москвалық бикештер мені көздерімен ішіп-жеп
барады.
Талқылауды генерал-лейтенант Игнатьев ашты. Сонан соң сөз Бекке берілді.
Бірақ ол осы жерде де зымияндық жасады: бірінші тарауды оқып шыққаннан кейін
басқа ешнәрсе айта алмайтынын, өйткені полковник Бауыржан Момышұлы оның
әңгімесін өзінен гөрі жақсылап айтып беретінін, аудиторияны қызықтыратын
барлық сұрақтарға жауап беретінін айтты.
Отырған жұрт ду қол шапалақтады. Мен трибунада жұртшылықтың алдында бір
74
жапырақ қағазсыз құр қол тұрмын...
Талқылаудың стенограммасын бірер күнде алып қаларсыздар. Мен сіздер
сұрағаннан кейін тек қана өзімнің сөйлеген сөзімнің стенограммасын ала
келдім. Ауытқып кетпес үшін оны жай оқып берейін. (Өзінің сөйлеген сөзінің
стенограммасын оқиды).
Бекпенен өзара қарым-қатынасымыз бен «Арпалыстың» жағдайы қазірше
осындай. Кейбір мәселелер жөнінде сіздерді «Арпалыс» повесіне жиі сілтеуімнің
себебін осыдан түсіне жатарсыздар.
Өз сөзіммен тақырыпты қорытындылаймын. Артылған уақытты сұрақтарға
қалдырайық.
Мен сіздерге бірнәрсе оқып берейін деп ниеттеніп едім. Соны сіздерге оқып
берейін. «Бір нәрсені істей алу үшін не істеу керектігін біліп алу керек - демек,
зерттеп білу қажет.
Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес».
Армия қазіргі заманғы техникамен қаншалықты бақайшағына дейін
қаруланғанымен, егер оның адам құрамы жан-жақты жауынгерлік даярлықтан
өтпеген болса, ал офицерлері әскерлерді, техникаларды және қару-жарақтарды
басқара білу әдіс-тәсілдерін нашар игерген болса, онда армия пайдасыз тобыр
күйінде қалады, әрі дұшпанның мықтап тұрып берген алғашқы соққысынан-ақ
быт-шыт болып, бұршақша бытырап кетеді. Машықтанған армия үшін ұрысқа
кіру, шайқасу — жауынгерлік қасиеттерді алғашқы қажетті сынақтан өткізу
болмақ, мұның өзі әскерлерді кейінгі жауынгерлік қимылдар үшін едәуір аса
маңызды мәні болатын әскери шынығудан, шыңдалудан да өткізу болмақ.
Алғашқы ұрыс кейінгі жауынгерлік қимылдардың қалай болатынын да көрсетеді.
Әскерлерді алғашқы ұрыста қалай болған күнде де, міндетті түрде жеңіп, ұтып
шығуға үйрету, даярлау қажет.
1. Стенограмма «Майданнан жазылған хаттар» бөліміндe берілді.Тәжірибе мен
жеке бақылауларымнан байқағандарымнан қысқа түрде мына мәселелерді айта
кетуді қажет деп есептеймін.
Оқу-жаттығуды әскерге шақырылған алғашқы пункттен бастап бірінші жеңіске
жеткен шабуылға дейінгі аралықта ұйымдастыра білу қажет. Жаудан тартып
алынған шепте бекініп қалуға да үйренген жөн, үйрену, шынығу әрі есею үшін
соғыса біл.
Бірде-бір «бейбіт» әрі бірде-бір жауынгерлік күн оқусыз, үйренусіз, жаттығусыз
босқа өтпесін. (Біздер Коблякиде шикі материалды жаңадан алынғандардың бес
күндік «академиясында» қалай үйреткендігіміз жөнінде — бұл тәжірибені егжей-
тегжейлі сипаттап жазу керек).
Әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен соғысқа жарамдылығының негізі —
75
әрбір солдаттың жауынгерлік әзірлігінің және соғысқа жарамдылығының негізі
болып табылады. Ұрыс даласындағы міндетті штаб немесе шешім қабылдаған
командирдің ойы тұжырымдалған карта емес, жауынгерлік әзірлік, даярлық
шешеді. Егер солдаттың даярлығы нашар болса, командирдің жақсы да парасатты
шешімі түкке аспай қалады, керісінше, егер жауынгерлер жақсы даярлықтан өткен
болса, орташа шешімнің өзін өте жақсы нәтижеге жеткізуге болады. «Жауынгердің
жақсы әзірлігі — жеңіске бастама, мұрындық». Жауынгерлер мен командирлердің
әскери адамгершілік бейнесін қалыптастыруды, жауынгерлердің бойында
жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеуді бізде жиі дағдылы іске айналдырғандай
әңгіме жүргізу мен баяндамалар оқып берумен шектеуге болмайды, қайта солдат
кәсібіне жергілікті жерде, нақты жабдықталынған полигонда, кез келген шартты
нәрселерден қашып, жауынгерлер мен командирлерге қажыр-қайраты мен
ақыл-ой күшіне нағыз жауынгерлік салмақ арта отырып, практикалық тұрғыдан
үйретіп-жаттықтыру қажет. Өкінішке орай, біздің көптеген аға бастықтарымыз
бойына сіңіп қалған зиянды, мәдениетсіз әдеттен — қарамағындағыларға
офицердің, тәрбиешінің, ұстаздың, бастықтың абыройына сыйыспайтын,
ақырында азаматтық, әскери және азаматтық өмірдің әдет пен нормаларынан
шығып кететін дөрекіліктен зардап шегіп келеді, олардың өздері де мәселені
шешуде аз, аяғына дейін зерттеп тереңірек ойланбайды, аузынан шыққан сөзі
мен айтқан ойына мән бермейді, үзілді-кесілді түрде, кейде бақырып, адамдарды
қағытпа сөзбен кекеп, жөнсіз дөрекілік көрсетіп орынсыз балағаттайды.
Осындай бастықтар өздерінің мәдениетсіздіктерін қарамағындағыларға үзілді-
кесілді ақыл айтушыларды, дөрекілерді, «наубайшыларды» жақсы, талап қойғыш
командирлер деп айтып, таратады. Мұның өзі сөзсіз ақымақтық баға екенін
олар ұқпайды. Олар өзінің ойын әбден екшелген, шағым беруге жатпайтын
пікір деп есептеп, өзгелердің ойын елемейді, басқалардың ұсыныстарымен,
ақыл-кеңестерімен есептеспейді. Мұндай өзін-өзі дәріптеушілік — өз күші мен
қабілетін тым асыра бағалаушылық.
Моральдық және қажыр-қайрат жағынан мықты болуға тәрбиелеу үнемі адам
жанына үңіле білуді, оған назар аударып отыруды, игілікті құлшыныстарға
қанаттандырып, ерік- күшін, адамгершілік, моральдық, қажыр-қайратын, ақыл-
ой қабілетін нығайтуды, адамның адамгершілігін жеке және ұлттық мақтаныш
сезімін саналы түрде түсінуді, өзінің күш-қуаты мен қабілет-қарымына деген
көзі әбден жеткен сенімділігін және әрбір солдаттың өз қару-жарағына деген
сенімділігін нығайтуды талап етеді.
Төзімділікпен және ерінбей-жалықпай үйретіп, жаттықтырып, жауынгерлердің
іс- қимылдарына ақыл-кеңестермен, ескертулермен, жетекші сұрақтармен
сенімділік ұялатып, көмекке үйренушілердің творчестволық күші мен ақыл-
ойын жұмылдырып, инициативаны, жауынгерлік тапқырлықты, айлакерлікті
және басқа да жауынгерлік қасиеттерді дамытып, жетілдіру қажет.Әсіресе,
командирдің бойында өзіне деген сенімділікті, инициативаны, мықты, қайтпас,
қажымас ерік-жігерді дамыту қажет. Дұрыс әрі жүйелі ойлай білушілікті, терең
ойластырылған шешім жасай алушылықты қалыптастыру керек. Барлық кезде
76
оның пікірімен санасып, соны ой-пікірін қолдап, дамытып отыру қажет —
олардан үйреніп және үнемі үйретіп отыру керек.
Солдаттың ауыр бейнеті еңбегі мен өміріне шынайы тұрғыдан талдау жасау
негізінде үнемі жауынгерлік рухты көтеріп отырған жөн. Жауынгерлік
коллективтің ынтасын әділ түрде бағалаған орынды. Ерік-жігер мен инициативаны
кейбіреулердің әдейі «бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткізуіміз керек деген
ниетпен» үнемі «нашар» деп айтып, тұқыртып тастайтынындай басып тастамау
қажет.
Төзімді, шыдамды, жинақы, ақыл-парасатпен: білмеушілікті, тәжірибесіздік
пен әскери қызметті атқару кезіндегі салдыр-салақтықты айыра біл. Олардың
себептерін тауып, дер кезінде жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, психикасын
ескеріп, бәрін бет алды «бәрі жақсы» немесе «бәрі өте жақсы» деп санамай,
мадақтау немесе жазалау шараларын қолданып отыр. Кінәлі болған адамды есін
жиғызбай үнемі тынышын ала берме немесе көзге түскендерді тым дандайсып
кетпейтіндей асыра мақтама. Мадақтау мен жазалауды қадірін кетіріп жөнсіз
қолданба. Әрбір солдаттың кәсіби және этнографиялық ерекшелігін біл.
Одан әрі қарай. Мен сіздердің назарларыңызды мынаған аударайын деп едім
(қолжазбаны көрсетеді). Бұл негізінен Қазақстан тарихына қатысты. Қазақ ССР
тарихын оқып шыққаннан кейін, мен бұл кітаптың редакторына хат жаздым:
Мына алдарыңызда ілулі тұрған карта-схема бойынша Панфилов дивизиясының
тарихын баяндауға кіріспес бұрын мен сіздерге кейбір әскери терминдердің
анықтамасын, мәнін ашатын кейбір жалпы ұғымдарды айтып, түсіндіре кетейін.
Бір-бірімізді жақсы түсіну үшін сіздермен ортақ тіл табысқанымыз жақсы.
Мүмкіндігіне қарай мен әскери тілмен сөйлемей, ойымды жеңіл, қарапайым әрі
түсінікті етіп жеткізуге тырысып көрейін, бірақ әскери мәселеде әскери тілді
мүлдем қолданбау да әділетсіздік болар еді.
Тыңдаушыларым кәсіби әскери терминдерді, сөздерді, ұғымдарды барлық
кезде ұғына алмайтынын, түсіне бермейтінін ескеріп, әңгіме барысында кейбір
жағдайда таратып, түсіндіріп айтуға, кейде тақырыптың мәнінен, аясынан
да ауытқып кетуге мәжбүр болмақпын, алайда бұнымыз әңгімемізді ұзартып
жібермек. Осының өзінің қажеті бар ма, әңгімені бұдан әрі қалай жүргізуім керек,
соны айтыңыздаршы?
Әуезов:
Осыған дейін қалай жүргізген болсаңыз, әңгімені әрі қарай да солай етіп жүргізе
беріңіз. Біздің бәріміз әскери адам болмағандықтан, неғұрлым көбірек талдау,
түсіндіру жасалынып отырса, соғұрлым жақсы. Сіз үшін қарапайым болып
көрінген нәрсе — бізге қарапайым емес. Біздер әскери мәселедегі білімді тікелей
әліппеден бастауға мұқтажбыз.
(Бәрі де Әуезовті қолдайды).
Бауыржан Момышұлы: Жақсы, менің уақытымның көбісі осы түсіндіру
77
мен талдауға кетті, енді өзіміз белгілеген уақыттың ішінде сіздерге айтайын
дегендерімнің бәрін айтып шыға аламын ба, жоқ па? Мені мазасыздандырып
тұрған осы.
Сәтбаев: Тағы да әңгімемізді бір күнге созармыз, яғни 5-6 сағатқа есеп жасайық.
Бауыржан Момышұлы: Жақсы, мен ең қажетті дегендерге, мүмкіндігінше қысқаша
тоқталуға тырысайын. Көптеген анықтамалар еркін түрде түсіндірілетінін
естеріңізге сала
1. Хат «Майданнан жазылған хаттар» бөлімінде берілді.кеткім келеді, өйткені
менің қолымда мына далалық уставтан басқа үзінді келтіретін материал немесе
конспекті де жоқ.
Әскери ғылым мен әскерлерді үйрету өнері негізгі үш бөлімнен тұрады.
1. Тактика.
2. Оперативтік өнер.
3. Стратегия.
Тактика — ұрыс жүргізу жөніндегі ғылым. Тактика шағын бөлімшелерден
бастап, жоғары жалпы әскерлік құрамаларға дейінгі әскери топтарда ұрысты
ұйымдастыру мен жүргізуді зерттеумен шұғылданады.
Оперативтік өнер — ірі әскери топтардың, яғни оперативтік-стратегиялық
бірлестіктердің ірі қимылдарын — операцияларды ұйымдастыру мен жүргізуді
зерттейді.
Стратегия — жалпы алғанда соғысты даярлау мен жүргізу жөніндегі ғылым.
Қарулы күштердің ұйымдық құрылымында мынандай ұғымдар бар: бөлімше
(рота, батарея, батальон, дивизион), бөлім (полк), құрама (бригада, дивизия,
корпус) — олар тактикалық міндеттерді, яғни ұрыс жүргізу міндеттерін шешеді,
бірлестік (армия, майдан)— оперативтік міндеттерді шешуге арналған.
Ұрыс қимылдарының аумағы мен қанат жаюына байланысты мынандай ұғымдар
бар: ұрыс, шайқас, операция, науқан. Жауынгерлік міндеттердің маңыздылығына
қарай қолданылатын мынандай: тактикалық міндеттер, оперативтік міндеттер,
стратегиялық міндеттер және осы міндеттерге сәйкес іс-қимылдың бағыты мен
іс-қимыл объектісі дейтін ұғым бар.
Ұрыс — соғысушы жақтардың ұйымдасқан түрдегі қарулы шайқасы, ұрыста
әскерлердің қимылдары мақсаты мен уақыты жағынан бірлікте болады әрі шайқас
онша үлкен емес атыс және тактикалық кеңістікте өрістейді. (Атыс кеңістігі
дегеніміз — атылған оқтың жететін шегі, жері, яғни оқ борасынының астында
қалатын кеңістік. Тактикалық кеңістік дегеніміз — дұшпанның қорғанысының
тактикалық ұрыс тәртібінің тереңдігі, түкпірі).
78
Ұрыстың басты да негізгі мақсаты — дұшпанның адам күші мен қару-жарағын
жою, құрту. Дұшпанның қарсылық көрсете алмайтындай етіп сағын сындырып,
моральдық күші мен қабілетін басып, жаншу, басқаша айтқанда, ұрыстың басты
мақсаты — жаудың көзін жою.
Барлық әскер түрлерінің бірлескен күштерімен ұйымдастырылып жүргізілген
ұрыс, олардың жалпы жауынгерлік міндеттерді орындау мақсатында өзара
бірлесе қимылдауын (яғни қимылдың үйлесімділігі) жалпы әскерлік ұрыс деп
айтады, басқаша айтқанда, жалпы әскерлік ұрыс дегеніміз — бірлескен әскер
түрлерінің ұрысы болып табылады.
Шайқас — белгілі бір ауданда өрістеген әрі тактикалық және оперативтік
масштабта (олардың комплексі) мақсат, уақыт жағынан бірлікте болатын
бірсыпыра ұрыстардың жиынтығы.
Операция деп уақыт жағынан, кейде майдан бойынша бөлек-бөлек болып, бірақ
жалпы бағыт бойынша, белгілі бір оперативтік бағыттарда дұшпанның ірі әскери
топтарын тас- талқан ету мақсатында біріккен ірі жалпы әскери топтың ұрыс
қимылдарының жиынтығын айтады.
Сонымен, Ұрыс:— тактикалық ұғым, шайқас — оперативтік-тактикалық ұғым,
операция — оперативтік-стратегиялық ұғым екен. Олар өздерінің уақыт, кеңістік
жағынан өрістеуі,сипаты, міндеттерінің аумағы, мақсаттарының сипаты,
масштабы, тартылатын күш пен қару-жарақтарының құрамы жағынан әртүрлі.
Енді міндеттер мен міндеттердің объектілері жөнінде бірер сөз: Стратегиялық
міндет деп ірі әскери бірлестіктер (майдан немесе майдан топтарының) қимылының
маңызды объектілерді жоюға бағытталуын айтады, мұндай объектілерді жою
немесе басып алу соғыстың барысында тұтастай немесе оның кезеңдерінің біріне
елеулі түрде ықпал етеді, яғни өндірістік аудандарды, экономикалық және саяси
жатынан маңызды орталықтарды қорғап тұрған (немесе басып алу мақсатын
көздеп тұрған) дұшпанның ірі топтарын тас-талқан ету.
Оперативтік міндеттер деп әскердің дұшпанның қарулы топтарына қарсы
жүргізетін соғыс қимылдарын айтады, жаудың қарулы топтарын жоюдың
оперативтік маңызы бар әрі оның стратегиялық міндеттерді ойдағыдай шешуге
тікелей ықпалы да болады.
Тактикалық міндеттер деп тактикалық бөлімшелердің, бөлімдер мен жалпы әскери
бірлестіктердің дұшпанның да осындай әскери топтарына немесе объектілеріне
қарсы қимылдарын айтады, жаудың мұндай топтарын жоюдың (басып алудың)
тактикалық маңызы бар.
Жоғарыда атап өтілген міндеттердің әрқайсысы өзінің масштабы мен қарқыны
жағынан тиісті даярлықты — әскерлерді топтастыруды, таңдалған ауданда
(бағыттарда) ұрыс қимылдарын жүргізуге қажетті материалдық жабдықтар мен
техникаларды жеткізуді қажет етеді.
Стратегиялық міндеттердің орындалуына бірсыпыра оперативтік міндеттерді
79
жүйелі түрде шешу арқылы қол жеткізіледі, демек, оперативтік міндет дегеніміз
— стратегиялық міндеттердің жиынтығы болып табылады екен, сондай-ақ
стратегиялық міндеттің өзі де тактикалық міндеттерден құралады, өз кезегінде,
шешілген атыс міндеттерінің жиыны болып табылады.
Ұлы Отан соғысы барысы кезінде соңғы уақыттарда операция жүргізілген бір
бағыттағы оперативтік міндеттерді шешу көбінесе майдандық бірлестіктерге, ал
стратегиялық міндеттерді шешу бірнеше майданға (мысалы, Сталинград, Курск
иіні және т. б.) жүктелді. Бұл біздің армиялар мен майдандардың өз бетінше ірі
міндеттерді шешуге дәрменсіздігін білдірмесе керек, бұл олардың әлсіздігінің
де көрсеткіші бола алмайды, бүл біздің жоғарғы Бас қолбасшының шешімді
іс-қимылы мен оперативтік және стратегиялық маневр түрінің батылдығының
көрсеткіші болып табылады, осындай оперативтік және стратегиялық мақсаттар
қойылуына орай міндеттерді шешу үшін үлкен кеңістікте ұрыс жүргізу қажет,
мұны жүзеге асыруға көп күш пен қару-жарақ, шебер ұйымдастырушылық
қабілеттілік пен шынайы қолбасшылық кызмет қажет.
Осымен кейбір үлкен әскери ұғымдарға түсінік беруді аяқтап, шағын, яғни
тактикалық ұғымдарды түсіндіруге көшуге рұқсат етіңіздер.
Тактикалық ұғым болып табылатын ұрыс мәселелеріне және оның лексикасына
(терминдеріне) оралайық.
Жүргізу әдісіне қарай ұрыс шабуылға шығу және қорғаныс ұрысы болып бөлінеді.
Кез келген ұрыстың мақсаты — дұшпанға оқпен соққы беру, оның адам күшін,
қару-жарағын жою. Шабуылға шығу ұрысы (уставты оқиды). Қорғаныс ұрысы
(уставты оқиды). Соғыс тәртібі (уставты оқиды). Ұрыс жоспары (уставты оқиды).
Біздің уставта қысқа тұжырымдалған мәселелер осындай. Ұрыста жеңіске сөзсіз
жетудің шарты — маневр.
Маневр деп міндетті орындау кезінде күш-қуатты, уақытты және шығынды
мейлінше азжұмсап, таңдалған бағыттағы дұшпанды басып, жою мақсатында
әскердің ұйымдасқан қимылын атыспен шебер ұштастыра білуді айтады.
Маневрдің оперативтік (ауқымды) ұғымдағы және тактикалық ұғымдағы формасы
мен түрі болады. Біздің уставта тактикалық маневрдің қоршап алу, орағытып
өту, бұзып- жарып өту және шегіну сияқты төрт түріне анықтама берілген.
Мен тікелей картадан ұрыс қимылдарын көрсетуге көшкен кезде бұл ұғымдар мен
бұл принципті сызбалар (чертежи) біздің қажетімізге жарайды. Алда сіздермен
қарым- қатынасымызды жеңілдету, әңгіменің түсінікті болуы үшін бұл мәселелерге
соншалықты егжей-тегжейлі тоқталуымның себебі сондықтан. Мына ақиқатты
үнемі есте ұстаған жөн: маневрмен дұшпанға қатер туғызуға болады, бірақ
бұл қатерді іс жүзінде төндіріп, оны қарсы тұрған жауды шын мәнінде құртуға
қолдану тікелей шабуылға шығу арқылы ғана мүмкін болады, шабуылға көше
отырып, ең алдымен нақты таңдап алынған объекті бойынша оқ жаудырылып,
күшті соққы беріледі де, объектілердің бүлінуі дұшпанның қалған барлық ұрыс
тәртіптерінің күйреуіне, қирауына алып келеді, басқаша болған жағдайда бүл
80
іс-қимылды маневр деп айтуға келмейді, ол дер кезінде жасалынбаған, зияннан
басқа дәнеңе де алып келмейтін әскердің жөнсіз ракировкасы болып шығады.
Ал соғыста зиян алып келушілік — бұл жөнсіз төгілген қан, ақтаусыз кісі
өлімі. Ұрыста ұтып, жауды жеңіп шықсам дейтін тілек — кез келген жөні түзу
жауынгер мен командирге тән нәрсе. Алайда тиісті моральдық және материалдық
жағдайсыз мақсатқа бір ғана тілек пен ерекше тасқындаған қайрат құлшыныспен
жету қиын. Ол үшін оған белгіленген жағдайда қолайлы мүмкіндік жасаған жөн.
Жеңіске жетуге қажетті шарттар мыналар болып табылады:
— Күш пен қару-жарақ тұрғысынан басым болу.
— Әскерлерді жауынгерлік тұрғыдан үздіксіз қамтамасыз ету, яғни барлауды,
күзетуді, басқаруды ұйымдастыру.
— Әскерлердің ұрыс қимылдарын дер кезінде материалдың жағынан қамтамасыз
ету.
— Міндетті айқын түсіну.
— Соғыстың аяғы ең ауыр, қиын жағдайға душар етуі мүмкіндігін де ескере оты-
рып, күш пен қару-жарақты және олардың ара салмағын таразылап, дәл есептеп
жағдайды анықтау мен жан-жақты дұрыс бағалау.
— Алға қойылған міндеттерді жақсырақ орындауға және жалпы табысқа
қол жеткізуге солдат пен офицердің дұрыс инициативасы, бастамасы ықпал
етеді. (Уставты оқиды). Бұл Далалық уставтың 12-статьясы. Тағы да уставтан
үзінді келтіре кетейін (уставты оқиды). Уставтың бүл статьясы өзінің қысқа
тұжырымдалуы және ойының кеңдігімен ерекше көңіл аударады. Уставтың ста-
тьясы нағыз жыр оқығандай әсер қалдырады.
— Тұтқиылдан жасалынып, күтпеген жерден дұшпанды есеңгіретіп тастай-
тын, сөйтіп жауды ұйымдасқан түрде қарсылық жасау мүмкіндігінен айыратын
қимыл-әрекет.
(Уставты оқиды).
Қорғана әрі дұшпанның кез келген табысының күлін көкке ұшыра алатын, біздің
бөлімдердің белгіленген нәтижелерге қол жеткізуге қимыл-әрекетті шапшаңырақ
өрістете түсетін, сөйтіп алған соққыдан дұшпанның күш жинауына мұрша
бермей, жаудың бөлімдері мен құрамалары резервтерінің позицияларын жылдам
тартып алып, оны кейінгішептерін нығайту мүмкіндігінен айырып, жаудың быт-
шыты шығып бас сауғалаған тобын тобырға айналдырып, жау солдаттарының
моральдық рухын басып, үрейлі қатерге душар етуге қабілетті резервке не болу.
— Ұрысты үздіксіз және дұрыс басқару.
Жауынгерлік мақсатқа жету үшін қажетті шарттардың қысқаша тізімі осындай.
Ұрысты ұйымдастырушы және оған басшылық етуші командирге қойылатын
талаптар да осы.
81
Командирге ұрысты даярлау, ұйымдастыру мен жүргізу (басқару) оңай ма, жоқ
па, өздеріңіз ойланып көріңіздерші?
Қазіргі заманғы соғыс ең алдымен бірлескен әскер түрлерінің қатысуымен
жүргізілетін соғыс болып табылады, бұл соғыста әртүрлі соғыс техникалары
жаппай қолданылады, ал бұның өзі шайқасқа қатысатын барлық әскер түрлерінің
қатаң түрде бір-бірімен өзара үйлесімді қимылдауын талап етеді.
Саяси тұрғыдан алып қарағанда біз үшін қазіргі заманғы соғыстың, ең алдымен
ұлттық, этнографиялық, психологиялық және басқа да ерекшеліктері бар Совет
Одағындағы біріккен ұлттар мен халықтардың соғысы болып табылады. (Мынаны
еске ұстау керек, ұлты орыс емес біздің жауынгерлер әйтеуір бір империяның
сырттан алып келген әскері емес, «екінші сортты» адамдар емес, орыстарға
советтік Отан қалай қымбат болса, оларға да Советтік Отан сондай қымбат.
Орыстарға Совет үкіметі қаншалықты қажет болса, оларға да Совет үкіметі
сондай қажет). Мұның бәрі өзіміз ынтымақтастық пен бауырмалдық деп айтатын
сақ болуды, өзара парасатпен бірлесе отырып үйлестірілген қимыл жасауды,
сенімділікті, сүйіспеншілікті, әділеттілікті талап етеді. Мына сұрапыл қаһарлы
соғыс жылдарында совет халықтарының ынтымақтастығы мен бауырмалдығы
ұрыс даласында, майданда жауынгерлік сыннан өтті және өте бермек. Сын
сағатта, ауыр күндерде бауырмалдық пен ынтымақтастық нығайды, бекіді,
қатая түсті. Біздің солдаттарымыз бен офицерлеріміздің ұрыс даласындағы,
қан майдандағы жауынгерлік ынтымақтастығы ең жоғары құрметке лайық деу
керек. Жауынгеріміздің шынайы бауырмалдығына біздің замандастарымыз ғана
емес, болашақ ұрпақ өкілдері де таңданып, масаттанатын, ерекше ілтипатпен
атап өтетін болады. Солай бола тұрса да, бізде бәрі бірдей біркелкі, кем-кетіксіз,
кемшіліксіз деп айта алмаймыз. Осындай кемшіліктерді М. И. Калинин жақында
сөйлеген сөзінде де келтіріп еді, онда ол өзінің кейбір тумаластарын орыстың
берекесіздері деп атаған. Біздің ісімізге кесір келтіретін басқа да берекесіздіктер
аз емес. Ия, мен әңгіме арнасынан сәл ауытқыңқырап кетсем керек. Сонымен,
мұның бәрі командирдің мойнына үлкен жауапкершілік жүгін артады, өйткені
соғыс техникасын, адамдарды жұмылдырып, күш-қуатты біріктірген жағдайда
ғана табысқа, жеңіске жетуге болады.
Барлық міндеттерді өз бетінше шеше алатын әмбебап әскер түрлері, сөздің
абсолютті мағынасында алғанда, жоқ, сондай-ақ әмбебап, мінсіз, батыр халық
пен батыр адам да, жалпы алғанда, жоқ (жарық дүние қайырымды адамдарсыз
да, сондай-ақ арамзаларсыз да емес қой).
Әскер түрлерін негізгі әскер түрлері мен қосымша әскер түрлері деп екіге бөледі.
Қосымша әскер түрлерінің ішінен көпшілігі соғысып, өзінің күшімен дұшпанды
қатты бүліншілікке, шығынға ұшыратып жүр, бірақ та олар сапа жағынан
(ұйымдастырушылық) аса мықты емес, жеңіп алуға және тартып алынған жерді
ұстап тұруға мүмкіндігі, күші жете бермейді.
Әрбір әскер түрінің басқа әскер түріне ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән тактикалық-
82
техникалық ұрыс жүргізу ерекшеліктері болады. Әскер түрінің бірде-бірі
екіншісінің орнын алмастыра алмайды, қайта бірі екіншісін толықтыра түседі,
оның үстіне олардыңәрқайсысының ұрыс жүргізу ерекшеліктері әскер түрлерін
тығыз әрі ұйымдасқан түрде өзара бірлесе қимыл жасауға қолданған, пайдаланған
кезде барынша көрінеді. Ұрыс кезіндегі өзара бірлесіп қимылдаудың мәнісі бір
әскер түрінің олқылығын басқа әскер түрінің артықшылығымен толықтыруға
саяды.
Барлық әскер түрлерінің өзара бірлесіп қимылдауы негізгі әскер түрінің мүддесі
тұрғысынан ұйымдастырылады.
Техника қаншама дамып жетілгенімен, ойлайтын, парасатты адамның орнын
ауыстыра алмайды. Техника небәрі адамның жауынгерлік қасиетін толықтырып,
күшейте түседі.
Сондықтан да барлық әскер түрлерінің негізгі және басты тірегі, діңгегі адам
болып қалады. Техниканың өзі соғыспайды, техникамен қаруланған және оны
игерген адам соғысады.
Қираған техниканы (пулеметті, зеңбіректі, танкті және басқаларды) қайта
қалпына келтіруге, ауыстыруға болады — бұл материалдық шығын ғана, ал ауыр
жарадар болған адамды қалпына келтіре алмайсың, өлгендер қайта тірілмейді.
Адам — соғыста, ұрыс даласында негізгі объект, барлық қару-жарақ соған қарсы
бағытталады. Адамды сақтау, солдатты сақтау — қасиетті ұран, ол, әсіресе,
қазіргі соғыс күндерінде ерекше қасиетті міндет.
Сіздермен болған екі күнгі әңгімемізде көптеген нәрселерді айтып, оқып та
бердім.
Әңгімеміздің бәрі кемшіліксіз, қатаң жүйеде, рет-ретімен әрі қонымды болып
өтті ғой деп айта алмаймын. Кей кездерде шегініс жасауға, бір тақырыптан екінші
тақырыпқа көшіп кетуге тура келді.
Бүгін, осы екі күнгі әңгімемізді аяқтар алдында өзім қозғаған мәселелер
төңірегінде ойымды қорытып, кейбір нәрселермен толықтыра түспекпін.
Соғыс — жеке және уақытша, бірақ адам өміріндегі ең бір қысылтаяң құбылыс.
Соғыс ұзақ жылдарға отанның тағдырын, соғысып жатқан халықтың тағдырын
шешеді. Халық өлмейді.
Соғыс — халықтың күш-қуаты мен ерік-жігерін сынайтын ұлы емтихан. Қаншама
жылға созылса да, соғыс адам өмірінде жан түршігерлік қасіретті уақиға болып
қалады, ол халық жадында терең із қалдырады. Ондаған жылдар өте соғыс салған
жарақат жазылып, дерт айығып, халық өмір сүруін тоқтатпай, тіршілік керуенін
жалғастыра береді, ол соғыстың қасіретінен қайғының тұңғиығына батып, шөгіп
кетпей, соғыстың бүткіл ауыртпалығын иығымен көтеріп, сағын сындырмай
болашақ үшін еңбек етіп, басшылық жасап, ілгері баса береді.
Өнер ертеден-ақ халықтың өмір-тіршілігін, күресі мен жақсылыққа деген
83
арман-үмітін бейнелей отырып, халықтың сана-сезімін дамытуда ерекше мәні
болған. Әдебиет, музыка, живопись — барлық ұлы да тамаша нәрселерді нақты
бейнелейді, ол ата-бабаларымыздың даналық сөздері мен олардың еңбектері
- өмірді танудағы нақты, күшті, мықты құрал, күрестің күшті қаруы болып
табылады.
Ұлы Отан соғысының тәжірибесі, табысы әскерлердің моральдық-адамгершілік
күшіне тікелей байланысты екеніне, түптеп келгенде бәрін де жанды адамдар
— солдаттар мен офицерлер — шешетініне, олар бірінші кезекте ұрыстың
ауыр сынына ұшырайтынына сонымен бірге олар әрі жеңіске жеткізуші де
болып табылатынына біздің көзімізді айқын жеткізе түсті. Техника қаншама
жетілгенімен, дамығанымен, бәрібір күрестің құралы ретінде қалады.
Техниканы адам жасайды, оны басқаратын да адам. Жан дүниесі, ақыл-ойы,
пайым-парасаты бар адамды қандай техника болмасын ешқашан және еш
жерде де ауыстыра алмайды. Адамның жан дүниесі — ұрыста ең қатерлі, көзге
көрінбейтін қару. Жан дүниесіне заң бойынша бірінші орын тиесілі, оған күш
қуаты жағынан теңесер күрес құралы жоқ және болмайды да.
Әдебиеттің басты мақсаты — ағарту, игілікті құлшыныстар мен сезімді ояту,
жандандыру, адамның ар-ожданына, абыройына, ерік-жігеріне, парасатына
ықпал ету, адам бойындағы басты сезім — парыз сезімін ұштап, тәрбиелеу.
Парыз дегеніміз — өзінің мағыналық аясына ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар-
ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтып,
оларды адам өміріндегі қайшы құбылыстарға қарама-қарсы қоятын жоғары
интеллектуалды ұғым. Өз парызын саналы түрде түсіну ғана солдатты бәрінен
де жоғары қояды, оның мәртебесін көтере түседі, жаман ниетті қылықтардан —
қорқақтық пен опасыздықтан сақтандырады.
Парызды саналы түрде түсіну ғана жауынгердің қажыр-қайратын, моральдық
күші мен қабілетін екі тіпті үш есеге дейін арттырып, шабыттандыра әрі
жігерлендіре түседі.
Парызды саналы түрде түсіну ғана жеңістерге серпін береді, ерлік адам бойындағы
қуатты тасқындатып, творчестволық күш қайнарын ашады.
Парызды саналы түрде түсіну ғана барлық игілікті істерге аспандағы бағдар
сілтер жұлдыз сияқты адам неге қабілетті болса соған, барлық ұлы және тамаша
нәрселерге қабілетін арттыра түседі.
Парыздан мықты күш жоқ.
Парыздан берік сауыт жоқ
Парыздан нәзік сезім жоқ.
Парыздан қатал қазы жоқ.
84
Парыздан қызу құштарлық жоқ.
Парыздан асқан қасиет жоқ.
Парыздан дана кемеңгер жоқ.
Парыздан ісмер шебер жоқ.
Парыздан қатал жаза жоқ.
Парыздан жомарт сыйлық жоқ.
Парыздан нұрлы жарық жоқ.
Парыздан түзу соқпақ жоқ.
Парыздан өткір тіл жоқ.
Парыздан ұшқыр тұлпар жоқ.
Парыздан сұңғыла Пайғамбар жоқ.
Парыздан мөлдір тазалық жоқ.
Парыздан биік шың жоқ.
Парыз — жан рухы, жүректердің жүрегі.
Парыз — арман мен даңқ шыңы.
Парыз — инабаттылық негізі.
Парыз — сүйіспеншілікке шабыттандырушы.
Парыз — жан-тәнімен берілгендік негізі.
Парыз — сенімділік тірегі.
Парыз — мойын ұсыну негізі.
Парыз — өжеттік баспалдағы.
Парыз — ерлік рухы.
Парыз — ерліктің жүрегі.
Парыз — жүрексіздің әзірейілі.
Парыз — ар-ождан іргетасы.
Парыз — абырой қорғаны.
Парыз — қанатсызға қанат бітіреді.
Парыз — қатыгезге де шабыт береді.
85
Парыз — өлілерге жаңа өмір сыйлайды.
Парыз — өмірді ғана мойындайды.
Парызға өлім жат.
Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ әрі болмайды да. Солдат
парыз сезімін дәл осылай ұғынып, түсінеді. Парыз сезімін, советтік патриотизм
сезімін терең ұғынбайынша, совет офицері мен солдатының бейнесін түсіне
алмайсың, өйткені парыз сезімі қиындықтан қайтпай, дұшпанның алдында
тайсалмай шайқасып Отан үшін ақтық демі біткенше қызмет етуге әзір болу
сезімінен туады.
Шындық — парыз сезімін, ерлікке, адамгершілік жағынан кіршіксіз болуға,
мұқалмас ерік-жігерді шындауға, ел парызына деген сенімділікке тәрбиелеуде
ең бір құнарлы құрал болып табылады. Өтірік — барып тұрған зиянды у.
Жазушылардың алдында тұрған міндеттердің өте күрделі әрі қиын екенін
түсінемін, себебі қаламгердің жазатын шығармасы ең алдымен саяси, әдеби,
тарихи, әскери өмірбаяндық документ болуға тиіс. Ал оның қаһарманы жанды,
сергек ойлы біздің замандасымыз болуға керек. Мұндай биік талап авторға тарих
алдында, өзінің ар-ожданы алдында, өзінің творчествосының алдында үлкен
жауапкершілік міндет жүктейді, сонымен бірге оның қиялын, ойды стилистік
тұрғыдан бейнелеп құбылтуын шектейді де.
Ұлы Отан соғысы дәуірінің адамын жан-жақты етіп — ол қандай болса, ол қанды
шайқастан қалай шықса, солай етіп көрсету қажет. Көзсіз батыр да, шектен
шыққан қорқақ та жоқ. Қорқақтық болмаса — ерлік те болмаған болар еді. Ерлік
дегеніміз — әскери тәрбиенің, ширыққан ішкі күрестің — ең алдымен адамның
өзін жеңе білген күресінің нәтижесі.Оқырманның бойына ішкі және сыртқы
қиындықтарды жеңген жағдайда суреттелініп отырған қаһарман сияқты ерлік
жасауға қабілеті жететініне сенімділік ұялатудың орнына, әдетте оқырманға
батырды жаратылысы ерекше тұлға етіп көрсетеді, сөйтіп оған еліктеудің қажеті
жоқ дегендей ой тастайды, әсер қалдырады. Біздің уақытымызда бейнелерді
авторлар емес, соғыс, кезеңнің қаһарлы да қайғылы жағдайы сомдап жасауда,
егер суреткер шындыққа, өмірге биіктен қарай алмаса, онда ұялып-қызармай-ақ
қойсын, егер ол соғысқа қатысқан майдангердің портретін ең болмағанда өнегелі
фотосуретшінің ынталылығындай ынталылықпен түсіріп алса, мұның өзі де
үлкен еңбек болар еді.
Мен біздің нақты өмірімізді көре отырып, абстракциялық қиял жетегіне беріліп,
шындықтан қол үзіп қалуға ешкімнің де хұқы жоқ қой деп есептегенмін әрі
солай есептеймін де. Амал не, бұл кәсіппен шама-шарқы келгенше айналысып
жүргендер, өкінішке орай, зердесіз, мылқау, ең масқара болғанда көр соқыр
болып шықты; олар көре алмады, саналы түрде меңгере алмады, түсіне алмады,
мәселенің бүкіл тактикалық қыр- сырына тереңдеп ене алмады, ал шындығында
86
мұны олар істеуге тиіс еді. Осындай себеппен соғыстың барлық тамаша әрі
сұмдық деректері көбінесе авторлардың жеке бастарының ой-өрістерінің
тарлығы мен шектеулілігінің құрбаны болды, болып келеді де, ондай қаламгерлер
деректерді адам танымастай етіп өзгертіп, жылтыратып өңдейді, оқиғаны сөлекет
газетшінің таптаурын болған қасаң тілімен баяндап жеткізеді, ал мұның өзі нағыз
түпнұсқамен — шындықпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бірдеңе болып
шығады.
Болған оқиғаны шын мәнінде болған күйіндегідей етіп суреттеу, көрсету —
бұл тұрпайылық, үстірттік емес, бұл да өнер. Күрестің мән-мағынасын терең
көркемдікпен ашып көрсету — хас суреткердің ұлы міндеті мен парызы, ал
бұл қатал соғыстағы адамдар — шығарманың материалы. Олардың бейнелері
мен портреттері — ғасырлар бойы өзінің терең мәнін жоймайтын дәуір мен
халықтың мүсіндік бейнесі, себебі олар (бейнелер) қайталанбайтын уақыт пен
жағдайларда жасалынған. Осынау қымбат дүние небәрі бір ғана характермен
көрсетіліп, қасаң, әбден жауыр болған үлгімен жазылған әдеби документтерде
ғана бейнеленіп, оған қозғалыс, серпіліс беріп тұрған ішкі творчестволық күш-
қуат, дұрыс ойлай білушілік пен істің жай-жапсары, қисыны көрсетілмеген болса,
адам жаны ауыратындай өте аянышты-ақ.
Өздеріңіз айтыңыздаршы, жеке басының ұсақ-түйек хам-харакеті мен жеке әрі
ұсақ-түйек мүдделердің балдыр батпағынан шыға алмай, творчестволық ғұмыр
үшін емес, күнделікті бейшара тіршілік үшін күресте ұнжырғасы түсіп, еңсесі
басылған суретшіні майдангерлер құрметтей ала ма? Әрине, жоқ. Өйткені оның
жан дүниесінің ұсақтығы оның шығармасына сәулесін түсірмей, көрініс таппай
қоймайды.
Жай қарапайым нәрселер үшін күрес — өз өмірі үшін, өзінің отбасы үшін,
өз халқы үшін, өз жері үшін, өз тілі үшін, жеке басының өмірі үшін, сұрапыл
қатал соғыс жағдайында халқы мен мемлекеті үшін күрес — біздің арамыздағы
көптеген зерделі адамдарды, солдаттарды қарапайым сөз бен істің адамы етті.
Соғыс өзімізді өзіміз және басқаларды тануға бейне бір таным айнасы болды.
Біздің көпшілігіміз деректерге тура жасқанбай қарауға, оларға талдау жасауға,
объективті болуға, шындықты тайсақтамай, қорықпай айтуға, мемлекеттік
істер туралы пікір айтуға үйрендік. Мұның өзі соғыс майдан мен тылда мықты
адамдарды, кейде екі жүзділікке дейін жеткізетін ортақ іске түкке де қажеті жоқ
кәсіптік-ведомстволық қулық-сұмдықсыз, жеке өзінің және халықтың тұрмыс
тіршілігі жөнінде жеке қорытынды жасауға қабілетті адамдарды шыңдап өсіріп
шығарды деген сөз.Солдат пен офицер — соғыс адамдары, біздің заманымыздың
бейнесі, ең алдымен олар өз бойына қанқұйлы соғыс тәжірибесін жинақтаған
зерделі, парасатты жандар. Олардың характері бір көргеннен-ақ бейне бір-бірден
тани кететіндей көрінеді, бірақ сізге көрінген шыңға жетісімен, сіз төмендегі
жайды, сізден қашықтап, алыстап, жылыстап бара жатқан көкжиекті байқайсыз.
Сіз отан жеткен кезде, сіздің алдыңызда жаңа көкжиек ашыла түседі, сіз енді
алға, ілгеріге қарай бет түзейсіз.
87
Бұл бейне беткі жаты мен қат-қабаты ойлы-қырлы, белді, бедерлі жердей шексіз
кеңістік сияқты сан алуан қырлы. Бұл дегеніміз — автордың даму, жетілу
үстіндегі, іскер, күрестің мәнін, сынақтың ауыртпалығын, стихиясын, ұрыс
пен еңбектің тәжірибесін өзінің интеллектуалдық мүмкіндігі шегінде зерделеп,
байыптай білетін бейнемен айналысуына, жұмыс істеуіне тура келеді деген сөз.
Автор үшін бүл өте күрделі бейне, суреттеу мен қабылдауға тым қиын-ақ объект.
Автор көбінесе, жұмыстың асығыстығына байланысты мәселеге тереңдеп
ене алмай, характердің әйтеуір көзге түсер бір деталін, бір қырын ғана алып,
үстірттікке жол береді. Осының салдарынан бейне толық ашылмай бір жақты
суреттеліп, шектеулі болып шығады. Бұл күнәлар тәжірибесіздіктен немесе
шын мәнінде білместіктен кетсе кешірімді, бірақ жеке мүдде мен бас пайданы
көздеу тұрғысынан, салақтықтан немесе әдейі біле тұра жіберілген болса, онда
— кешірімсіз нәрсе. Нақты айтқанда мұндай авторларды көбінесе қимылы мен
қызметі шытырманды характер қызықтырады; атап айтқанда, ерік-жігердің
мықтылығын қаталдық етіп бадырайтып көрсетеді, олар әдеп пен соғысты жүргізу
қағидасы шегінде — мақсатқа жету жолындағы барлық кедергілерді сындыру,
қирату мен жоюды қаталдық емес, азаматтық-адамдық қызметтік қажеттілік деп
түсінгісі, ұққысы келмейді.
Олар ерік-жігерді мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қайырымдылықпен
ұштастырғысы келмейді, ал бұларсыз жалпы адамның мінез-құлқы болуы мүмкін
емес қой. Олардың қаламынан шыққан адам сынаған кезде ешбір өзгеріске
ұшырамайтын қалыпты шыңдалған серпінді шар болаттай мықты емес, сезімсіз,
тас жүрек немесе алдамшы адам болып шығады.
Енді көркем шығармалардың тіліне қатысты бір-екі ауыз сөз қозғай кетсем
деймін.
Соғыстың тілі — бұл адамдардың тілі, жауынгерлердің, ұрысқа қатысушылардың
сөйлеу тілі, нақты шындықтың тілі — уақыттың стилі. Сондай-ақ қазіргі заманғы
ұрыс екі жақтың да жаппай, жапа-тармағай атысы болып табылады әрі адам
күшін найзамен жаншумен аяқталатыны сияқты, соғыстың тілі дегеніміз —
семсер тілінің атыс тілімен үндесуі, үйлесуі деген сөз.
Ұрыс кезінде адамның дене күші ғана қатты ширығып қоймай, сонымен бірге
ең алдымен, ақыл ойына да күшті салмақ түседі. Ұрыста тіл де жетіліп, дамиды.
Егер мыңдаған солдаттың тауып, орынды айтқан сөздерін, ең болмағанда
әрқайсысынан бір ауыз сөзден жинағанның өзінде бұл ойлар бірнеше томдық
даналық нақыл сөздерді құраған болар еді.
Өкінішке орай, біздер мұндай даналық сөздерге көңіл бөлмейміз, назар
аудармаймыз, жинап құнттылық та жасамаймыз. Майданда болып қайтқан
жазушылар майдан штабынан әріге тым сирек барады, сондықтан да олар әскери
тілдің грамматикасы мен дұрыс жазу ережесін білмейді, саяси хабарлардың
тілімен, стилімен шектеледі. Сондықтан да кейбір авторлардың өзінің жасаған
бейнелерінің аузына қалай болса солай айтылған ой, сөз салады. Солдаттың
88
аузымен айтылған қайталанбас, соны, тапқыр да қисынды сөз таңдандырса,
ал офицердің аузынан шыққан сөз селт еткізбейді, тіпті бос сөз жиі-жиі реніш
тудырады. Қысқасын айтқанда, сөзді кейіпкерлердің аузына қалай болса солай
сала бермей, әрбір адамның мінез-құлық, ақыл-парасатына сай қолдану керек.
Сөзді шұбыртпай қысқа баяндау, бейнелерді байыптап, ойланып-толғанып,
мақсатты түрде жасау, шығарманың даму барысына қарай кейбір мәселелерге
көңіл аударып отыру; соғыстың әбден қызған, бетбұрысты кезеңін адамдардың
бейнелері мен ойлау жүйесі арқылы көрсету, ұрыс драматургиясын суреттеу...
мұның бәрі дайындықты қажет етеді...
Соғыс желісі, ырғағы, соғыс туралы кітаптың тамыр соғысы, жүрек соғысы
болуға тиіс.
Өкінішке орай, кейбір авторлардың оқиғаны қара дүрсін баяндаумен шектеліп,
көбінесе жансыз, қасаң таптаурын болған тілмен жазып «өзінше» «фантастикалық»
бірнәрсе енгізбек болатыны реніш тудырады, олар қанмен жазылған біздің
сұмдық әрі тамаша шындығымызды пайымсыз қозғай отырып, оны шұбалаңқы
түрде шындық жағдайға сәйкес келмейтіндей ойдан құрастырылған оқиға немесе
керексіз лирикалық-трагедияны тықпалап негізгі тақырыпты — ұрыс, ұрыстағы
адам бейнесін көрсетуді ұмыт қалдырып, ұрыс, ұрыстағы адамды көрсетудің
мәніне терең үңіле алмай жұртқа мәлім жағдайды жиі қайталап сипаттайды.
Жаяу әскерді негізгі әскер түрі деп, ал біздерді — жалпы әскерлердің командирі
деп, әділ түрде айтқанда көпшіліктің, соның ішінде, тіпті әскери адамдардың да
ашу-ызасын тудырады. Авторлар көбінесе әскери мамандардың сырт пішініне,
кескініне қызығып, техникалық әскер түрлеріне іш тартады, соған ынтық
болады, жаяу әскерлердің киімдері мен жабдықтарының сырттай көзге ажарсыз
көрінетіндігінен оған бет бұрмайды, біздің солдаттарды менсінбей «пехтура»
деп атайды.
Жаяу әскер екпінді жанды адам күшін қуатты атыспен ұштастыра отырып,
шабуылдаушы ядроға айналып, жауынгерлік міндеттерді жердің, ауа райының
әртүрлі қолайсыз жағдайларына қарамастан, жылдың кез келген мезгілі мен
тәулігінде орындауға қабілетті.
Жаяу әскердің мақсаты — жақын қашықтықта ұрыс жүргізу. Ол ұрысты дұшпанға
оқ жаудырып, атыспен тықсыра, ығыстыра отырып бастап (жаншып), оны көзбе-
көз, бетпе- бет келген қоян-қолтық шайқаста кеудесіне сұсты найза шаншып,
түпкілікті көзін жойып барып аяқтайды. Жаяу әскер маневр жасауда, жарыса
атысуда, найзаласқан шайқаста дербес қимылдайды. Ол — жақын қашықтықта,
ұрыстың ең бір барып тұрған қатал, қатерлі әрі сұмдық, сұсты кезеңінде ұрыс
жүргізетін негізгі және әмбебап әскер түрі, жаяу әскер — жаудың шебін басып
алуға, ол жерді қолдан шығармай ұстап тұруға қабілетті күш.
Басқа әскер түрлерінің бірде-бір солдатынан мұндай төзімділік көрсетуді, ерлік
жасауды, тіпті адам мүмкіншілігінен асып кететін күш, қажыр-қайрат жұмсауды,
дәл осы жаяу әскерлерден талап еткендей талап етілмейді.
89
Ұрыстың моральдық, психологиялық және мойынға түскен ауыртпалығын,
сұрапылдығын ешкім де дәл жаяу әскердей қатты сезініп, басынан өткере алмас.
Анық төнген қауіп-қатерді және жау күшінен басым екенін, сенімділік немесе өз
жағдайының қыл үстінде тұрғанын жаяу әскердей ешкім де сезіне алмайды.
Жаяу әскердей ешкім де жауынгерлік ерлікке шексіз қуанып, жеңіліске қабырғасы
қайыса қатты қайғыра алмас. Ол бәрін «аттың» немесе «техниканың» көмегінсіз
өз қолымен жеке өзі айқасып жеңіп алады.
Машинаның ақаулығын немесе оқ-дәрінің жеткізілмеуін, болмаса әртүрлі
жағдайларға байланысты қимыл жасауға шама-шарықтың болмағанын
сылтауратып ұрыс жүргізудің әдіс-тәсілдері мен мүмкіндіктерінен жаяу әскердей
ешкім де бас тартып ақтала алмақ емес. Жаяу әскердің аузынан «мүмкіндік
болмады» деген сөз айтылмайды. Жаяу әскер ұрыс даласында не мерт болады
немесе жаралы күйде қалады.Ажал оғын атып, жолындағы кедергілердің бәрін
қиратып, жаншып, таптап өтетін темір табанды жантүршігерлік болат тажалға
қарсы күресу үшін дәл жаяу әскердей ешкімнен де абдырап-саспай тұрақтылық,
сабырлылық, парасаттылық көрсетіп, өз парызын саналы түсіне білушілікті талап
ете алмайсың, ал ол болса бейнебір өзінің денесін кез келген қалың сауыттан да
берік, оқ өтпейтіндей кеудесін жойқын қиратқыш құралға - танкіге қарсы тосады.
Жаяу әскердің атқан оғы басқаларға қарағанда әлсіздеу болғанымен, болмашы
винтовканы адам ақылмен қолданғандықтан, оның атқан оғы дәл тиіп, жауын
мерт етеді.
Жаяу әскердің оғы қалай дегенмен де аузынан тажал шашқан аждаһадан —
патша- зеңбіректен де, басқа да қуатты қарулардан да қауіпті, жусатып түсіреді,
ал зеңбірек болса, жауар күнгі аспандай күркіреп, көбінесе қорқыныш пен үрей
тудырады, адамға дәл тие бермейді. Бірақ күн қаншама қатты күркіреп, найзағай
жарқылдағанымен, барлық жерге түспесі белгілі, аспан қаһарын алақандай жерге
төкпей ме екен. Оның үстіне жаяу әскер қолма-қол айқасқа, найзаласқан ұрысқа
кіре алады, мұның өзі жеңіске жеткізеді.
Ұрыс кезінде, шабуылға шыққанда дәл жаяу әскердей ұрыстың ең бір қызған,
шешуші кезеңінде, қолына ұстаған винтовкасының найзасының ұшымен жаудың
денесін ғана емес, сондай-ақ қас дұшпанның көкірегін де сезінетіндей қарсыласқа
ешкім де тым жақын, бетпе-бет келе алмайды.
Ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері мен ұлттық мақтаныш, намыс дәл жаяу
әскердің бойындағыдай ешбір әскер түрінде соншалықты айқын көрініс таппаған.
Сөйтіп, жаяу әскер — ұрыста шешуші күш екен. Жағдайдың сан құбылып
кететінін және жақын қашықтықта жүргізілетін ұрыстың адам психологиясына
қатты әсер, ықпал ететініне бір сәт ой жүгіртіңізші, сонда мына ұрыстың қайнаған
қазанында қанды шайқаста жүрген жаяу әскер бейнесінің өте күрделі әрі соншама
қарапайым екеніне көзіңіз тағы да жете түседі.
Адамның туа біткен табиғи сұлулығы мен кірпияздығы, босаңдығы, оның
90
моральдық кескін-келбеті, биік адамгершілік деңгейі, мұқалмас ерік-жігері,
таусылмас қажыр- қайраты, ерлігі, батырлығы, парасаттылығы мен есалаңдығы,
шындық пен өтірік, ар- ожданы мен намысы, тіпті адамгершілік пен хайуандық
дәл жаяу әскердің бойына үйлескендей ешкімнің де бойында кездеспейді.
Жаяу әскердің табиғатын көбісі жақсы біле бермейді. Олардың түсінігінше,
солдат дегеніміз — жансыз, қатып семіп қалған тас жүрек, мейірімсіз жан.
Сондықтан да кейбір авторлардың шығармаларында жасалған солдат бейнесі
шындыққа мүлдем сай келмейді.
Жаяу әскердің — солдаттың бейнесі — шетсіз-шексіз көсіле созылып жатқан
дарқан даладай кең. Сондықтан жаяу әскердің бейнесін лайықты сомдап шығара
алған адамды нағыз бақытты, бағы бар жазушы дер едім. Ол өз міндетін атқарып
шықты, мына өмір одан бұдан артық нәрсені талап етпейді де. Солдаттың бейнесін
терең түсінбейінше, офицердің де бейнесін шындап ұғына алмайсың.
Солдат сезімінің нәзіктігі мен оның ішкі мәдениеттілігі, адамгершілігі туралы
бірер сөз айта кетейін. Соғыстағы солдаттардың арасында өзара қарым-қатынас
көп адамдарға өте дөрекі көрінетін сияқты, күйеуі әскери қызметші кейбір
әйелдердің тілінде күні бүгінге дейін «Сіз менің жан-жүрегімді солдаттың керзі
етігімен басып өттіңіз» деген тіркес қолданылып келеді, ал шындығында жағдай
бұлай емес, майдандағы солдат кейбіреулер ойлағандай соншалықты дөрекі
емес, мен кез келген сүйген әйелдің бойындағы өте бір нәзіктік, биязылық,
инабаттылықтан да солдаттың жаны нәзігірек, қайырымдырақ деп айтар едім,
өйткені ұрыс дегеніміз — адам бойындағы барлық сезімдердің шарпысуы,
шиыршық атуы ғой. Егер байыптап қарасақ, онда (ұрыс жағдайына) жауынгерлік
өмірге,оның қайғылы тәжірибелеріне байланысты адам не нәрсеге қабілетті болса,
соның бәрінде де — шынайы, ішкі әдеп пен инабаттылық, жылы шырайлылық
бар. Сенің жан дүниеңді қысылшаң жағдайда жауынгер жолдасымнан мәңгі
көз жазып, айырылып қалуым ықтимал деген ой үнемі мазалар болса, әрі оның
өлімінен кейін сенің көмегің мен демеуіңе енді мүлдем ділгер емес, сен үшін
өмірін қиған жанға қол ұшын да бере алмағандығыңа өзіңді өмір бойы налып
азапқа салып өтер болсаң, сірә, қарулас қанды көйлек жолдасыңның саған артқан
міндетінен қалайша бас тартып, оны ренжіте алмақсың.
Өлілердің аруағының алдында қайтіп кешірім сұрамақсың, оның құлағына
сенің үнің жетер ме? Қалайша дөрекілік көрсетіп, ренжітуге болады? Ұрыс
адамдарды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа жұмылдырады. Солдаттардың
арасында қалыптасқан жауынгерлік ынтымақтастық мызғымас берік болатыны
да сондықтан.
Рас, дөрекі қарым-қатынас жасау түсінбестік салдарынан сапта жүруге үйрету
кезінде орын алады, өйткені сапта жүруге үйретудің басты мақсаты ұрыс
талаптарына үйрету, жаттықтыру болып табылады, жаттығуда команда мүлтіксіз
орындалатын қасиетті нәрседей солдатқа дарытылады, онда қимыл-қозғалыс,
жүру кезінде ешбір қиналмай-ақ команданы еркін, автоматты түрде орындауға
қол жеткізіледі. Осындай түсінбеушіліктің салдарынан бәріне бірдей күйе жағуға,
91
«солдат» деген сөзді оның ішкі мазмұнына мүлдем көңіл аудармай дөрекілік
«символына» айналдыруға болмас. Жоқ, бұлай ойлағандардың көбісі қателеседі.
Мен солдаттан нәзік, биязы жан жер бетінде жоқ деп сенімді түрде айта аламын.
Командир — басты тұлға, әскердің миы, ұрысты ұйымдастырушы, жеңіске
жеткізуші адам. Командир туралы пікір айтып, жазған кезімде, мен командирдің
творчестволық адам екенін дәлелдеймін.
Біздер әдебиетшілерді, суретшілерді, композиторларды творчестволық еңбектің
адамдары деп атаймыз, алайда біз ұрыс пен соғыс тек ғылым ғана емес, сонымен
қатар өнер де деп айтатын болсақ, онда бұл өнерді — ұрысты ұйымдастырушы
мен жүргізуші — ол да творчестволық тұрғыдан ойлаушы, жасаушы адам
болғаны емес пе?
Командалық ету дегеніміз — өзіңнің әбден байыпталған еркінді орындауға
еріксіз көндіру, әмір ету, өмірде өз творчестволық ойыңды тайсалмай жүзеге
асыру деген сөз, мұны әскери терминологиямен айтқанда түпкі ойдың шешімі
дейді.
Солдаттың алғашқы ерлігі — бұл совет офицерінің еркіне мойын ұсыну, бағыну.
Офицердің алғашқы ерлігі — халықтың атынан, мемлекеттің атынан әмір ете
білу. Халық атынан әскери ерлігі үшін алғыс айтып, жігерлендіре білу, оны
біздер жауынгерлік құрмет көрсету дейміз.
Армиядағы ең қиын шаруа мойынсұну, бағына білушілік, ал әмір ету —
мойынсұнуға қарағанда одан да қиынырақ іс. Ойланып тұжырым жасау ойлаған
нәрсені орындағаннан күрделірек. Нағыз ақылды командирдің жасаған шешімі
— бұл да ауыр творчестволық еңбек, ол оның творчестволық ойының жемісі
болып табылады. Мәселенің дұрыс шешімін тауып, қарамағындағыларға бұйрық
бергенше, командирдің іштей қаншама ойланып, толғануына, уайым-қайғы
жеуіне, қиналып, мазасыздануына, толқуына тура келеді.
Шаблон — қатып қалған үлгі — творчестволық шешім емес, әрі ол көбінесе
жеңіске қол жеткізе бермейді. Жауынгерлік бақыт ұрыста командирге кездейсоқ
келмейді, жеңіспен келеді, ал басшының өзі табысқа жеткізуші тұлға болмақ. Егер
әскерді жеңіске жеткізген ұрыс қимылдарының себебіне терең талдау жасауға
тырысып көрсек, онда командирдің түпкі ойы бойынша ұрысты ұйымдастыру
мен оны жан-жақты қамтамасыз етудегі, ұрыс тәртібіне көшіру, алда болатын
ұрысты мұқият талдау мен оған әзірлену және жүзеге асырудағы ойлы да
белсенді командирдің тұлғасы байқаусыз қала алмаса керекті. Өзміндетіне ойлы
көзбен қарау — командир қызметінің творчестволық негізі болып саналады.
Ұрыс жағдайында көбінесе командирдің жалғыз болуы жағдайға байланысты
қажеттіліктен туады, өйткені сын сағатта, шешуші кезеңде қарамағындағылардың
бәрінің назары қандай шешім жасар деп командирге қадалады, ал оның жүзінен
мұндайда күдік те, қорқыныш табы да білінбеуі керек. Командирдің толқуы
— қарамағындағылардың толқуы, командирдің қорқынышы — батальонның
қашуы болмақ. Командир өзінің бойындағы арпалыс сезімін, қорқынышын
92
жеңбей, жалпы ұрысқа кіруге қақысы жоқ. Ұрыс кезіндегі командирдің міндеті
— ерлікпен өлу емес, жауынгерлік тапсырманы орындап шығу, демек командир
қоян-қолтық, қолма-қол айқастың ғана солдаты емес, ақыл-парасаттың да солдаты
болғаны жөн. Бүгінгі күннің сәтсіз тәжірибесі ертеңгі сәтті істердің хабаршысы
болуға тиіс және де офицерге оның сәтсіздігін көрсетуден қорқу, тайсақтамау
қажет.
Командир жан-жақты, өте сауатты, қатал да қара қылды қақ жарар әділ, адал және
өзі жасаған шешімінің дұрыстығына тайсақтамай, сенімді болуға тиіс. Офицер
адамгершілігінің, ар-намысының және абыройының мәні де осында жатса керек.
Тек осындай командирден ғана солдат, оның болмысынан мемлекеттің өкілін
— әділ төрешіні, қатал айыптаушыны, қызу қорғаушыны, қамқоршы әкені
көріп қаймығады, қорқады, сыйлайды, оны әділдігі үшін жақсы көреді, оның ар-
ожданына мысқалдай да күдіксіз, толқусыз толық сенеді. Жауынгер оған сенеді,
оның қаталдығы мен әділ талабының алдында басын қара жерге жеткенше иеді.
Солдаттың жан дүниесіне ене білу керек, оның сана-сезіміне, психикасына
ықпал етіп, басқара білген жөн, қызмет мүддесі жолында оның жанды жеріне
де тиіп, ойластырылған қимылдарды, қойылған міндеттерді орындау, жүзеге
асыру үшін оны барынша жұмылдыру қажет, солдаттың барлық қасиеттерін -—
моральдық және күш-қуатын, қажыр-қайратын білген дұрыс, солдаттың өсіп-
жетілуіне көмектесіп, оның бойына ұнамды, жақсы, озық қасиеттерді дарытып,
жауынгерлік достыққа, өз бөлімін туған жауынгерлік семьядай сүюге тәрбиелеу
қажет. Бұл — командирдің қасиетті міндеті, борышы болуға тиіс.
Үнемі тынымсыз бақылап отыру қарамағындағыларға сенімсіздік көрсету
емес, бұл — жұмыс мәдениеті, ол бұйрықты орындаушылардың бойында әрбір
адамға тән алғашында іштей қарсылық білдірушілікті баса, тарқата отырып,
қабылдаған шешімді қалай болған күнде де, кез келген жағдайда іске асыруға
деген командирдің кайтпас ерік-жігеріне сенімділік тудырады, солдаттың сана-
сезімін өз күш-қуаты мен қабілетін алған міндетті дәл орындап шығуға қолдану
қажеттігіне жұмылдырады.
Офицер еш уақытта да өзінен шені төмен адамдарға тәкаппарсынып, менменсініп
қарауға, үнемі қитығына тиіп, оларға қазымырлық көрсетуге, дөрекі ескерту
жасауға, құрғақ ақыл айтып, айқайлап, тіл тигізуге жол бермеуге тиіс, адамның
адамгершілігін, жауынгердің мундирі мен абыройын құрметтеу, сыйлау — совет
офицерінің негізгі қасиеті болмақ.
Командир жауынгердің жүрегіне жол таба білуі қажет, ол солдаттың сыр
сандығының кілтін өз қолына ала білгені жөн. Солдаттың сыр сандығының үш
кілті бар: ол — ақыл, ерік, сезім.
Ашу-ызамен емес, ақыл-парасатпен үйрет, мейірімділікпен, ынта-ықыласпен
үйрет, бірақ жөнсіз мақтама, орынсыз жекіріп сөкпе, даттама, қояншығы ұстаған
адамдай құр босқа айқайлап бақырма, орынды жерде қатал бол. Қаталдық әділ
болсын, ол еш уақытта солдаттың бойындағы адамгершілік сезіміне, намысына
93
тиіп қорламайтындай болсын.
Қаталдық азаматтық мінез-құлық нормасы шегінен асып кетпеуі қажет. Осыдан
келіпкомандирден қарамағындағы жауынгерлерді жақсы білу, оларды үйрете
білу, тәрбиелей білу, басшылық ете білу талап етіледі.
Жүздеген, мыңдаған адамдардың тағдыры командирдің қолында. Ол адамдарға
жеке үлгі- өнеге көрсету, көзін жеткізу жолымен де, сондай-ақ мәжбүр ету
арқылы да ықпал ете білуге міндетті. Ол қайткен күнде де жан-тәнімен беріле
темірдей әскери тәртіп орнатуға қол жеткізеді. Ол тез арада дүрлігушілердің,
ит көрген ешкі көзденіп үрейленушілердің екпінін басып, олардың тізгінін
өз қолына ала білуге әрі адал жауынгерлерге отан алдындағы өз борышын
ақырына дейін орындап шығуына мүмкіндік беруге тиіс. Өйткені командир -
жеңістің атасы, табандылықтың жан жүйесі, тұтқасы (оның табандылығына
байланысты оған бағынатын адамдар барлық күш-қайратын аямай жұмсайды),
ол коллективтің абыройы — оның абыройы, коллективтің масқара қарабет болуы
— оның масқара қарабет болуы екенін бір сәт те ұмытпай, ешбір асып-саспай,
толқымай, ойланып жатпастан ұрыс даласынан құрыш қолымен арам шөптерді
түп тамырымен жұлып алғандай қорқақтар мен үрейшілерді аяусыз жазалайды,
оның тағдыры жауынгерлердің тағдырымен тығыз байланысты, оның ұрыстағы
өмірі өзі басшылық ететін жауынгерлік коллективке тәуелді. Командирдің жеке
үлгі-өнегесі басқару құралы болып табылады, үлгі-өнегені оған деген қажеттілік
болған жағдайда ғана көрсеткен жон, сонда ғана ол орынды, ықпалды болмақ.
Жеке үлгі-өнегені көрсеткен кезде еліктіріп, қалған жауынгерлерді тегіс өз
соңынан ілестіріп ала кететіндей етіп жасай білген жөн. Батырлық дегеніміз
— қойылған тапсырмаларды орындау мүддесі тұрғысынан ұрыс даласында
солдаттарды ұстап тұра білушілік. Сақтық жасай отырып, батыл түрде қимылдау
— батырдың басты қасиеті болса керек-ті.
Көзсіздік — батырлық емес, есерсоқтық. Командир көзсіздік жасап, батыл,
батылдық, табандылық көрсетпей есті бола алмаса керек.
Командирдің ұрыста берген командасының тек басқару құралы ретінде ғана
емес, күресті жеңіспен аяқтар солдаттың бойындағы парыз сезімінің қорқыныш
сезімін жеңер құрал ретінде де баға жетпес үлкен мәні бар.
Жауынгерлерді қатаң тәртіптілікке, ең алдымен өзін-өзі ұстай білетін, тәртіпті
мүлтіксіз сақтайтын, тәртіп жағынан үлгі-өнеге көрсететін, қарамағындағылардың
сеніміне ие болған әрі солдаттардың арасында оларға әділ болып, жеке басы
мен абыройын құрметтеп, олардың мұқтажы мен қажеттіліктері (рухани
қажеттіліктерді қоса) жөнінде үнемі қамқорлық жасап, солдаттармен жақын
араласып, бірақ барлық мәселеде де сөзсіз қатаң талап қоюшылығымен
сүйіспеншілікке бөленген командир ғана үйрете алады.
Командир барлық уақытта, барлық жағынан үлгі-өнеге тұтарлық адам болуға
тиіс. Тек сонда ғана ол үстіне киген мундиріне мақтана алуға қақысы бар, оның
киімінің жылтыраған түймесі мен жағасы солдаттардың көзіне көзге шыққан
94
сүйелдей көрінбей, қайта жауынгерлер өз командирін мақтаныш ететін болады.
Командирдің атағы, беделі артып, жауынгерлердің арасында сүйіспеншілікке
бөленген сайын солдаттар да ілтипатпен, құрметпен қарайтын болады.
Сүйіспеншілікке бөленбеген, беделге ие болмаған командирге солдаттардың
ілтипаты да төмен. Әділ түрде жазалаушылық командирге деген сүйіспеншілікке
нұқсан, кір келтірмейді. Әділетсіздікке солдаттар төзе алмайды. Әділ, ары таза
командир артқа қарап жалтақтамайды. Қарумен қатар командирдің жарағында
өзінің қарапайымдылығымен, шыншылдығымен солдаттардың жан дүниесіне
қозғау салар, олардың жанды жеріне дөп тиер жауынгерлік сөз болғаны жөн.
Командирдің қолында жауынгерге ықпал ететін көз жеткізуден бастап мәжбүр
етуге дейінгі барлық құрал түрі жинақталынған. Командир дегеніміз — өкімет,
ал қажет болған жағдайда бірде-бір өкімет мәжбүр етуден бас тартқан емес.
Командирдің қаталдығы әбден ойластырылған, байыпталынған қаталдық
болғаны жөн, өйткенісоғыстың ауыр, жанға батар қайғылы кезеңі командирден
аяусыз қатал да сұсты болуды талап етеді. Соғыс бағыну мен мойынсынуда
бейберекетсіздікке төзбейді. Әділ түрде аямай жазалаушылық дегеніміз —
гуманизм, бүл да адамды сүюшілік емес пе? Командир атқа таңып қойған
ебедейсіз тұлып емес, ол додаға түсер нағыз шабандоз болуға тиіс.
Егер офицердің бейнесін оны өсу үстінде, жағдайдың барысын жіті қадағалап
отыратын, одан жеңісті қамтамасыз ететін жаңа нәрселерді таба алатын,
қалыптасқан ахуалды дер кезінде бағалап, талдай білетін және жинақтап,
қорытынды шығара білетін және күні бойы өз ойын айтып сарнай бермей,
солдаттың әлі жеткізе қоймаған тың ойларын дамыта алатын етіп көрсеткен
жағдайда күшті болмақ; өйткені көпшілік бұқараның жақсы нәрселерін қабылдап,
оны жинақтау — бұл басшының қиын да күрделі міндеті мен парызы.
Түсіну талдаудан гөрі әлдеқайда күрделірек. Кейбір авторлардың шығармаларында
генералдар мен офицерлердің бейнелері қызмет ету мен ұрыс тәжірибелерінен
және дұшпаннан үйрене отырып, соғыстың барысын біртіндеп байыптап-
түсінетін адам етіп, табиғи өсу үстінде көрсетілмей, олар сөйлеген кезде аузынан
үнемі ақылды сөз ғана шығатын, зерделі адамдардың үлгісі етіп суреттелінеді.
Сондықтан «үнемі үйрету керек» деген девизді «үнемі үйрену керек» деген
девизбен алмастырып, қарамағындағыларды «менің полкым — менің академиям»
деген принцип бойынша үйрету керек.
Рухы мен ерік-жігері мықты, берік мызғымас тәртіппен біріккен ұйымшыл
жауынгерлік коллективті тәрбиелеу, міне, командирдің басшылық ете білу
өнерінің жиынтығы да осында жатса керек. Егер автор командирдің ұрысқа
кірер алдындағы ой толғанысын, күні бұрын ұрысты ойлап уайым-қайғы жеуін,
ерік-жігер күші мен өз қабілет-қарымын қару- жарағы мен халқының және өзіне
сеніп тапсырылған солдаттардың ар-намысы алдында сынауын, яғни бұрын
өзім айтқан «ақыл мен ақылдың күресі», «өз бойындағы арпалысқан сезімдерді
жеңуді» түсіне алған болса, онда ол генерал мен офицердің бейнесі бұдан жарқын
шыққан болар еді.
95
Ең қиыны — шыдамдылық, төзімділік, байсалдылық пен сабырлылық көрсету,
творчестволық тұрғыдан дұрыс, парасатты ойлай білу. Офицердің бейнесі арқылы
басшылық ету психологиясын майданда қалай болса, солай етіп көрсету қажет.
Мен бұл анықтамаларға тым ұзағырақ тоқталып отырған себебім — мұндай
қасиеттерді ашып көрсетпейінше, әдебиетте нағыз офицердің, командирдің
бейнесін жасау мүмкін емес. Офицерді терең түсінбейінше, ұрыс пен күрестің
мәнін де терең ұғына алмайсың.
Сонымен, командир — жеңіске жеткізуші адам күннің төңірегін айналып жүретін
планеталар сияқты, барлық мәселелер оның төңірегінде қозғалыста болып,
шешіліп жататын басты тұлға екен.
Әдебиетте шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі — армиядағы ұлттық мәселе
болып табылады. Кейбіреулердің тұтас бір ұлтты әлде бір шартты белгісіне қарай
бағалап, сан қырлы нәзік мәселені қалай болса солай шеше салғысы келетініне,
біздің біртүтас армиямыздың көп ұлтты бейнесін жасаған кезде адамдардың
сырт тұлғасының ерекшеліктеріне ғана мән беріп, сонымен шектелетініне
қынжылмасқа болмайды. Кітапта ұлттық рух (бұл ұлт адамының және тұтастай
алғанда ұлттың да асыл қасиеті) және ұлтшылдық пен шовинизм (ұлттың ішіндегі
жеке адам бойындағы кесел) туралы дұрыс түсіндіріліп жазылуы қажет.
Жеке адамның ұлттық, өз отанына деген мақтаныш сезімін ұлттық игілікті
дәстүрлерді, барлық халықтар мен барлық ұлттардың барлық ұлы және тамаша
нәрселер жасауға қабілетті екенін, ұрыс жүргізуге кедергі келтіретін ұлттық
дәстүрлер жоқ, қайта ұрыс жүргізуге көмектесетін ұлттық дәстүрлердің бар
екенін ұғынып, түсіне білу керек. Әрбірадам өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтын
терең сүю мен оны мақтан ету арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп және
оларды да сүюге тиіс.
Ұлттық мақтаныш—ұлт ішіндегі жеке адам үшін мызғымас әрі қасиетті заң.
Кімде-кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш тұта алмаса, ол, сөзсіз, тексіз,
қаңғыбас адам. Айбарлы адам тек айбарлы адамды ғана сыйлай алса керек, оның
жасық жанды құрметтемесі әбден заңды. Халықтардың бауырмалдығы ұлттық
мақтанышқа негізделген. Интернационализмнің мәні де осында болса керек.
Интернационалдық мақтаныш ұғымы мен интернационалдық мақтанышқа
тәрбиелеу біздің көп ұлтты армиямыз сияқты армияны тәрбиелеудегі негізгі
көздер мен арналардың бірі болып табылады. Интернационализмнің мәнін терең
ұғынып түсінбейінше, совет офицерінің де бейнесін жете ұғына алмайсың.
Менімен Москвада әңгімелескен жолдастар мен әдебиетшілерді Александр
Бек әдеби өңдеген шығармаларда устав ережелерінің ап-айқын қарапайым
түсіндірілуі абыржытатын сияқты. Өйткені бүл жолдастар күні бүгінге дейін
ұшырасқан сайын осы жөнінде айтып қоймайды, сондықтан мен төменде осы
мәселеге қатысты өзімнің түсіндірулерімді қайталап айтқым келіп отыр.
Устав — командирдің құраны. Уставты терең түсініп білмейінше, офицердің
бейнесін ұғына алмайсың. Офицердің праволары мен атқаратын міндеттерін
96
білмейінше, оның бейнесін барлық болмыс бітімімен жасай алмайсың. Онсыз
оның ерліктерінің де көзін, арнасын табу мүмкін емес. Уставсыз офицердің
бейнесін түсіне алмайсың. Уставсыз солдатты түсіне алмайсың. Уставсыз ұрысты
ұғына алмайсың. Уставсыз соғысты түсіне алмайсың.
Уставтың тұтас тарауы философиялық жинақтау дәрежесінде жазылған. Устав
дегеніміз де өнер туындысына жатады. Устав дегеніміз — ұрыс тәжірибелерінің
жинақталған, қысқа, әбден екшелген қаймағы, ол — талай боздақтар құрбан
болған әлденеше ұрыстар мен шайқастардың тәжірибесінің зерделі әскери
басшылардың санасында қорытылып барып толғаныстан туған ойлары, устав —
қанмен жазылған кітап.
Онда басқа ешбір кітапта кездеспейтін зерделі ой (бәрі бірдей түсіне бермейтін,
оқып- үйрену кезінде жағдайға қарай қолданылуды егжей-тегжейлі таратып,
талдап айтуды талап ететін); негізгі, бастапқы нұсқаулар — заң жөніндегі
мәліметтер, тактикалық және оперативтік тәсілдердің әдісі мен жүргізу айла-
тәсілдері және көп жылғы, талай боздақтар құрбан болған соғыс тәжірибесімен
— соғыс тарихымен ғылыми-теориялық практикалық жағынан терең негізделген
соғыс өнері жинақталынған.
Кез келген оқыған кәсіпқой әскери адамға уставтың барлық параграфтары бұл
ұғымның терең мәнінде түсінікті емес, сондықтан да бізге дейін де жазылған
көп томды әскери еңбектер мен біздің кезімізде де жазылып жатқан еңбектер бір
ғана мақсат көздейді — ол уставты талдап түсіндіру, өткен кездегі және қазіргі
әскери профессорлар армиясы барынша айқын түрде бұған біздің қолымыз жетті
деп айта алмайды.
Біздің тәжірибемізде уставты білу тана емес, оны түсіну күрделі проблема болып
отыр.
Демек, уставты толық түсіну үшін үлкен теориялық даярлық пен ұрыс даласында
өз басыңнан өткерген, жинақтаған ұланғайыр практикалық тәжірибе қажет.
Сондықтан кейбір жазушылардың өздерінің уставты білетіндігі жөнінде әлденеше
рет айтқан мәлімдемелері, еріксіз түрде заңды әділ ашу-ыза келтірумен қатар,
ащы, бірақ сонымен бірге кекесінді күлкі тудырарлық...Қысқасын айтқанда,
егер автор-жазушы қолында нақты шындықтың деректі материалдарын жинап,
соғыс тақырыбына шығарма жазып жатқан болса, ол қалай болған күнде де
және қандай жағдайда болмасын, уставтан қашып құтыла алмаса керек, өйткені
уставтан қашу дегеніміз, демек, ол — шындықтан қашу, әскери өмірден қашу,
ұрыс даласындағы жанды, сұмдық, әдемі шындықтан қашу, сөйтіп бұрмалап
жазушының жолына түсу деген сөз, мұны мен тіпті өзімнің дұшпаныма да
тілемес едім. Соғыста өзіміз айтып жүрген кездейсоқтық деген жоқ, ал заңдылық
бар. Басқа құбылыстар сияқты ұрыс та өз заңымен, өлшемімен, ережелерімен
шектеледі. Бұл заңдардың топтастырылған жинағы устав болып табылады.
Сонымен, устав дегеніміз — бұл өмір. Ойды ұғым түрінде беру, уставтың
ережелерін көпшілік оқырмандарға түсінікті етіп жеткізетіндей ойды көркем
97
әдебиет бейнесіне айналдырып көрсету қажет, мұның өзі біздің отандастарымыз
үшін, бұл дәуірде толассыз жүріп жатқан соғыстың, көбіне дөрекілік түрге —
төбелеске айналып кететін жаппай қырғын күрестің кез келген учаскесінде
соғысуға туған әрі соғысуға міндетті, осы кезеңде өсетін біздің замандас
солдаттарымызға ауадай керек.
Соғыс тақырыбына жазылған кітап соғыс мәселесін соғысқа көзқарас тұрғысынан
ұрыс кезіндегі адам мен оның психологиясын басты тұлға, өзек етіп ала отырып,
сауатты әрі өткір түрде көрсетуі керек. Бұл кітап оқырмандар үшін соғыста
шындықты ақыл-оймен танып білуге мүмкіндік беретін әскери ағартушылық
(тек роман ғана емес) құрал болуға тиіс.
Менің ойымша, егер автор уставты бұрмалаған болса, соғыс тақырыбына
жазылған кез келген әдеби-көркем шығарма сәтсіздікке ұшырамақ (сапасыз және
өміршең болмағандықтан); мұнысымен ол өзінің жақсы болашағын бүлдіріп
қана қоймай, ең бір қынжыларлығы істі де бүлдіреді, бұл сәтсіздік, сөз жоқ,
көп адамға ауыр тиеді, себебі олар уставты түсінуге әрекеттенгеннен гөрі одан
қашыңқыраған әлдеқайда жеңіл деп санайды.
Маған әскери іс пен өнер қарапайым дұрыс ойға негізделген деп әртүрлі формада
жиі еске салуыма тура келеді. Шын мәнінде ойлай білетін адамдар ғана емес,
шындықты көбіне дұрыс жаза алмайтын авторларға да түсінікті бола бермейтін
себебі де осында.
Менің ойымша, суреткердің басты міндеті — уставтың параграфында ықшам,
айқын, жұтаң тілмен баяндалған өмірді жаңғырту, яғни уставты көпшілікке
түсінікті түрде көркем тілмен жандандыру болмақ. Суреткер біртұтас ұғымға
тоғыстырылған уставтың қорытындыланған, жинақталған деректерін тарқатып
айтумен айналысуға тиіс. Демек, суреткер-жазушы уставта жазылғанға қарағанда
көп білуге тиіс, егер оның қолында жиын болса, онда қосындыны таба білу керек,
егер оның шығарманы түсінікті етіп талдағысы келсе, көбейгіш пен көбейткішті
таба білуі керек, жеке нәрсе туралы айтуы үшін бөлінгіш пен бөлгішті білуі керек,
яғни жазушы есепті шешкендей өмірді жақсы білуге тиіс, әсіресе қосу мен алу
таңбаларына ерекше сақ болған орынды, өйткені жиын мен айырмашылық қалай
болғанда да әділдік өлшемінен шығып кетпегені дұрыс.
Ұрыстың барлық эксперименттік тәсілдері, тактикалық және оперативтік ойлары
соғыс лабораториясында — ұрыс даласында, біздерге, солдаттарға жүргізіледі.
Біз ұрыс жағдайының дұрыс немесе теріс екендігін өз қанымызды төгіп
дәлелдейміз. Тек біздерге, солдаттарға ғана соғыстың барлық вакцинасының
тиімділігі сыналады, сондықтан да жазушы өз бойына соғысты — вакцинаны
дарытып, ақыл ой мен қаламның әдеби желікпелігінен құлан-таза емделіп шытуы
керек.
Біз Қызыл Армияның уставы жөнінде айтқан кезімізде — еш уақытта да оның
соғыстың негізгі ережелерінің талдамасы екенін ұмытпағанымыз жөн, бұл Петр
уставының немесе Суворовтың жеңіске жету ғылымының, болмаса әйтеуір бір
98
шетел армиясыныңуставының көшірмесі емес, қазіргі заманғы дербес әскери
ойдың, дамудың бетке шыққан қаймағы, қорытындысы, ұрыс тәжірибесін жете
түсіну, сондықтан да әркім өзінің устав жөніндегі түсінігіне сын тұрғысынан
үңілген кезде, шындықты табуға ұмтылуға міндетті.
Ұлы Отан соғысының барысында уставтың кейбір ережелері жиі әрі үнемі
ауысып отырды, себебі ұрыс қимылдарының практикасында ақталынбады немесе
ішінара өзгерістерге ұшырады. Сондықтан уставты қайта қарауды тұрақсыздық
немесе негізсіздік ретінде қарауға болмайды, керісінше, бұл біздің әскери істе
кертартпалықтың толық түрде жоқтығына дәлел, оның большевиктік сипаты да
осында жатса керек.
Біздің әскерлеріміздің шабуылға шыққан кезеңінде әрбір адам сана-сезімімен
соғыстың аяқталып келе жатқанын сезіне отырып, артына бұрылып, қанды
шайқас жылдарының негізгі кезеңдеріне назар салушылық тән болса, ал
соғыстың бастапқы кезеңінде әрбір жанның Отан үшін ет-бауыры езіліп, жаны
ауырды, жау басып алған туған елдің әрбір сүйем жері үшін жүрегі қан жылады,
өзін азамат ретінде тереңірек, түсініп, сезіне бастады. Майдандағы бұл жағдай
Сурков пен Твардовскийдің соғыстың алғашқы кезеңінде жазылған жақсы өлең-
жырларында әдемі көрініс тапты.
Майданның беріктігі жағдайында жауынгерлер үй-ішін, ата-анасын, сүйген
жарын, бала- шағасын, туған жерін ойлап уайым-қайғы жеді — бұл жерде
Симоновтың интимдік лирикалары жұрттың басты назарын өзіне аударды.
Үшінші кезеңде, жаппай жеңіске жеткен шабуыл заманында, енді лирика екінші
планға шығып қалды. Шабуылға шығуға, жеңіске үндейтін батырлық жырлар
қажет. Шабуылға шыққан кездегідей еш уақытта жауынгерлердің жанында
прозаик емес, ақын болуға тиіс.
Жауынгер эпикалық-батырлық бейнелерден өзінің батырлық күшін сезінуге
тиіс. Полктер мен дивизияның бұрынғы маршқа арналып жазылған өлеңдері
жаңа өлең жолдарымен, жаңа батырлардың есімдерімен, жаудан жеңіп алынған
қалалардың аттарымен толығып отыруы қажет — бұл сана-сезімнің өсіп-оянуын,
бейнелердің алапат күшін, сезім мерейін, біздің жауынгерлердің айбынды түрде
жасаған ерлік істерін көрсететін поэзия . болуға тиіс.
Өнер қазір соғыс тақырыбында бүгінгі күннің ғана мұқтажын қамтамасыз етуге
арналып салынған, ұзаққа жарамайтын, далалық үлгідегі уақытша баспанадан
бас тартып, күрделі құрылыс дәуіріне қадам басты. Менің ойымша, нағыз
суретшінің ең алдымен іштей түлеп, өзін даярлап, жан-жағына алаңдамай, өзінің
творчестволық ойларын жұрт «қалай ойлайды екен», «қалай қарайды», «не айтар
екен», «ұната ма, жоқ па» деген сияқты күн ілгері сұрақтар тізбегімен құрсаулап
тастамай, өзін-өзі қолға алатын кезі туған сияқты. Мұның бәрі қысқа уақыт
аралығында өзгерістер жасайтын болады.
Суретші жоғары, биік идеямен қанаттанып өмір сүруге тиіс және де үлкен
тақырыпты игеру мақсатында жұмыс жасап жатқандықтан, оның өзіне жұмыс
99
барысында қарындашқа қарағанда қайшыны жиірек қолданудың керегі бола
қоймас.
Бүгінгі күннің ақыны өршіл үнмен былай дер еді:
Сөзге сөзбен енбек едім,
Сөзді сөзбен жандыру үшін.
Ойға оймен енбек едім,
Ойды оймен шалдыру үшін.
Сезімге сезіммен енбек едім,
Сезімде сезімдер жаңғыру үшін.
Соғысқа соғыспен енбек едім.
Соғыстың соғыспен әлі құруы үшін.
Жырға жырмен енбек едім,
Жырдың жырмен шалқуы үшін.
Өмірге өмірмен енбек едім,
Өмірге өмір дарыту үшін.
(Аударған Ғ. Мұқанов)
Мен көптеген көргендерін жазып жүретін майдангерлердің мол әдеби және
деректі материалдарды өздерімен бірге майдан даласында алып жүргенін
дәлелдеймін. Қайталап айтамын, олардың кейбіреулері, менің ойымша, жазушыға
өзінің жадындағылары мен жазбаларын сеніп, кәсіпқой жазушылармен бірге
өзінің басынан өткергендерін ой елегінен бірге өткізген кезде жазушыға, өзінің
жадындағылары мен қойын дәптеріне жазғандарына сеніп, өте дұрыс жасайды.
Ауыр өкінішке орай, кейбір авторлар мұндай майдангерлерге сәті түскен
материал ретінде қарап, пікірлерін тақырыппен байланыстырады да, әрі кеткенде
олардың әңгімелерін, жазбалары мен ойларын кездейсоқ айтылған сөз сияқты
етіп түсіндіреді, әрі оны игеру кезінде соғыстың айқын тілінің бедерін жоғалтып,
қаһарманның үнін тұншықтырады, сөйтіп мазмұн жағынан тұтас әрі құнды
материалдың мән-маңызын кетіреді. Ал мұның өзі заңды түрде ашу-ызаға тиіп,
ішкі творчестволық есеп пен соғыстың сұрапыл да қайғы- қасіретті жағдайының
өзі ой мен образға итермелеген жауынгердің қатты өкпе-ренішін туғызады.
Шел байланып көзіне, «Сөз зергері - мен!» - деді ол.
100
Босқа елігіп «пайғамбарлық» сөзіне,
Шын өмірдің терең сырын көрмеді ол.
Ал мен болсам үңілмекпін өмірге,
Көрсетпекпін шымырлаған шындығын.
Майлы бояу қажет емес, көмірмен
Бейнелеймін бұл өмірдің сыр-қырын.
Жайып тастап кейіпкерін,
Тыныс белгі не шатыраш тасындай,
Дәлірек айтсақ, пешкідей,
Кеуде соғып отыр ол,
Шын өмірдің жан шырылын естімей.
Ал мен болсам ақиқатты жасырмай,
Геройымды сомдамақпын ортасынан халықтың,
Перзенті деп білем оны тарихтың
Өйткені мен өз қаныммен
Сол тарихты түлеткенмін,
Ол сияқты сюжетті саусағымнан сормаймын.
Бояуы жоқ шындықты бейнелейтін суреткермін.
(Аударған Ғ. Мұқанов)
Менің есебім осындай, өйткені соғыстың мәңгілік тақырыбы қасиетті төгілген
қан болып қала береді.
101
ҮШІНШІ КҮН
21 январь 1944 жыл
Сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндеріндегі жағдай сіздерге жақсы мәлім
болғандықтан, оған ерекше тоқталып өтудің қажеті бола қоймас. Қалың бұқараға
советтік баспасөз құралдарының 1941 жылғы соғыс қимылдары мен майдандағы
хал-ахуалды дер кезінде егжей-тегжейлі баяндап отырғандығын да ашық
мойындауымыз керек.
Бас қолбасшының 23 июньдегі совет халқына арнаған сөзі бәрімізге де ерекше
қозғау салды. Осыдан-ақ оның халқымызға деген жан толқытарлық ыстық
ілтипатын жете сезінуге болатын тәрізді, тіпті оның мән-мағынасын сөзбен
айтып жеткізу мүмкін еместей.
Жау Москва іргесінде тұрған, яғни Ұлы Октябрь революциясының 24 жылдық
торқалы тойы кезіндегі терең философиялық талдаулар мен байыптауларға
құрылған, сол кездегі шиеленіскен жағдайға барынша шыншылдықпен баға
берген Бас қолбасшының сөзін ғасырымыздағы ең дана сөз деуге болады.
Осы екі документті совет адамдары адал көңілдерімен мұқият зерттеп, тани да
бермек. Сол кездегі жағдайға қай тұрғыдан болсын толық түсініктеме берген
бұл сөздердің шынайылығын, ақиқаттылығы мен тереңдігін мойындамасқа
лаж жоқ. Жалынды бұл сөздер жеңіске жетуімізге жігер беріп, бізді барынша
қайраттандырды. Өйткені біз оның айқындығына көз жеткізіп, кәміл сендік.
Енді қарсы жақтың стратегиялық мақсаты жайында сөз қозғалық. Неміс
басқыншылары шоғырланған ірі күшпен соққы бере отырып, біздің әскерлерімізді
бөлшектеп, тас-талқан етіп, жойып жіберуге, еліміздің оперативтік және
стратегиялық тұрғыдан алғанда маңызды саяси, экономикалық орталықтарын
қысқа мерзім ішінде басып алуға, сөйтіп тыныс-тіршілігімізді біржола
тұншықтыруға ұмтылды. Олар Батыстағы және Польша жеріндегі жеңісті
әрекеттерін үлкен масштабта біздің елімізде қайталауға тырысты.
Біздің Бас командованиенің алға қойған мақсат-мүддесі — олардың әскери
техникасы мен адам күшіне батыл тойтарыс беріп, жолын бөгеп, дұшпанды
әлсірету, күштердің ара қатынасын өз пайдамыз жағына қарай өзгертуге жағдай
жасау, сөйтіп қуатты күшпен қарсы шабуылға шығып, зұлым жауды тас-талқан
ету. Бұл жайында кезінде көп жазылды да. Мен сіздерге мәлім жайларды қайталап
айтып жатпаймын. Тікелей өзіміздің 316- атқыштар дивизиясының қимыл-
әрекетіне тоқталып өтпекпін. Дивизиямызға елу шақырымдық Волоколамск
бекініс ауданын қорғау міндеті жүктелді. Ал немістер болса,бізден әлі алыстау,
көш жерде еді. Полктар мен батальондарға қорғайтын, бекініс жасайтын
учаскелер бөлініп берілді.
102
Батальондардың жағдайларына тоқталайын. Қызыл әскердің ескі және жаңа
уставы бойынша, батальон екі шақырымға дейін созылған қорғаныс шебін
құра алса, біздің батальондарға алты-сегіз шақырымға дейінгі жерге қорғаныс
шебін құру тапсырылды, яғни негізгі нормадан үш-төрт есе артық жер берілді.
Біздің батальонды әскери даярлықтан толық өткен деуге болмайтын, ол жаңадан
шақырылған адамдардан тұрды, оның үстіне толық жабдықталынбаған әрі
жарақтандырылмаған еді. Бұл жөнінде «Таяқпен танкке қарсы тұрдық» деп
жазған да болатынмын. Әрине, осындай күшпен алты-сегіз шақырымға созылған
қорғанысты жаудан қорғау оңай емес еді. Мен батальон командирі ретінде біздер
келіп жететін немесе шегінетін бөлімдер үшін шөп әзірлеп жатырмыз, мұнда басқа
бөлімдер келер, менің батальонымның учаскесіне екі-үш полк келіп бекінетін
шығар деп ойладым. Осы сегіз шақырым аралықты жалғыз менің батальонымның
қорғайтынын ол сәтте ойыма да алған жоқпын, оны жалғыз батальонның ұстап
тұруы мүмкін емес деп есептедім. Осы шиеленіскен жағдайды одан әрі баяндай
отырып мен бұл туралы А. Бектің «Арпалыс» кітабында қалай суреттелгенін де
айтып өтемін.
Сіздер «арьергард» деген сөзді есіткен боларсыздар? Бұл негізгі күш кейін
шегінген кезде дұшпанды ұстап тұруға қалдырылған әскердің бөлімі, кейіннен
бұл шегініп бара жатқан күштер жаңа шепте ұрыс қимылдарын жүргізеді. Содан
соң келесі шепке жылжытылып, ұрысқа қайта кіріседі. Міне, мен Қызыл Армия
дұшпанды ұстап бөгеп тұратын осындай бөлімдермен ұрыс жүргізеді, ал қалған
күш кейін шегініп, шепке бекінеді, содан кейін маған бір жарым екі шақырым
жерді қорғау тапсырылып отыр екен,— деп ойладым.
Алайда, жағдай мен күткендегідей болып шықпады. Бұл кітапта ғана осылай
жазылған екен. Волоколамск бағытында шын мәнінде, жағдай мүлде басқаша
болды. Оған біз жасыған жоқпыз, окоп қазып, бекінісімізді күшейте, ұрысқа
әзірлігімізді арттыра түстік.
Біздің окопты қалай қазып, қорғанысқа қалай әзірленгеніміз жайлы А. Бектің
екінші повесінде тамаша суреттелген. Сондықтан осы аралықта өткен барлық
ұрыс қимылдарына мен кеңірек тоқталмаймын. Бұрнағы күні солдаттарға
басшылық жасаудағы командир қорқынышы туралы айтуды ұмытып кетіппін.
Жауынгерлерді басқару оңай емес, командир өзі үшін ғана емес өзіне тапсырылған
іс үшін де қорқыныш сезімін басынан өткереді. Әсіресе сегіз шақырымға
созылған қорғаныс шебіндегі командир көңіл-күйінің қандай болатынын түсіне
білген жөн. Қысқасы, жаумен бетпе-бет ұрысқа барынша дайындалып жаттық.
Кенет бізге қарай үсті-бастарының алқам-салқамы шыққан берекесіз босқын
топ жақындай берді. Алдымен екі-үш адам, кейінірек бес-он болып, қаралары
көбейе түсті. Оларды танып-білу мүмкін емес, біреулерінің қолында винтовка,
қайсыбіреулерінің қаруы да жоқ. Олардың сыртқы келбеті адам шошырлық,
еңсесі түсіп кеткен, азып-тозып шаршаған, жүздерінде үрей.
Жанымызға жақын кеп тоқтады. «Жолдастар, қайдан келесіңдер?» — деп
сұрадық. «Қоршаудан шықтық», — дейді. «Командирлерің, бөлімдерің қайда?»
Білмейді. «Мұншама үрейленетіндей не боп қалды?» Әңгімелеріне құлақ түрсең,
103
жүрегің айниды.
Неміс дегенің жолындағының бәрін жайнап келе жатқан алып аждаһа дерлік.
Күтпеген жерден, тылдан, қапталдан шыға келіп, жарқырап ұшатын оқтармен
атқылап, төбеңнен бомба тастап, берекеңді ұшыратын көрінеді. Бір сөзбен
айтқанда, жердің апшысын қуырған сұмдық дүлей. Бұл жайында А. Бектің
кітабында да нақты жазылған болатын, оқыған шығарсыздар.
— Жарайды, Құдай беттеріңнен жарылқасын, - деп оларды шеп арқылы тылға
қарай өткізіп жібереміз.Мұндай көңілсіз кездесу сәттері бізде он бес күнге со-
зылды. Менің жауынгерлерім өте тәртіпті, сергек еді. Әлгілерді көргеннен кейін
қарасам, қабақтары салыңқы, жүздерінен күлкінің ізін іздесең де таппайсың,
көздері алақ-жұлақ етеді. Бәрін қорқыныш сұсы басқандай, ол тіпті менің өзіме
де қол салғандай. Дегенмен сабыр сақтап, терең ойға баттым. Сірә, неміс жан
алғыш құбыжыққа айналғаны ма! Егер жауынгерлерім әлгі қашқындардай бас
сауғалап бытырап кететін болса, онда қорқақ командирдің біріне мен де айнал-
маймын ба?
Ал күткен жаудың қарасы әлі көрінер емес, қайта қоршаудан шықтық деген
қашқындардың санында есеп жоқ. Қашқындар батальонымның жауынгерлерін
індеттей аздырды. «Жұрттың бәрі бас сауғалап қашып бара жатқанда, біз қарап
отырамыз ба?»
Естіртіп айтпағанымен бұл сұрақтың жауынгерлерім көкейлерінде сайрап
тұрғаны рас еді. Бұлай дегенім үшін сіздер мені кешірерсіздер. Қанаттас полк
хақында емес, өзім жақсы білетін өз полкым жайында айтып тұрмын, өйткені
оны бес саусағымдай білетінмін.
Генералдың тапсырмасы бойынша алдыңғы шепті барлай бастадық. Әлгі қашып
келе жатқандардан «немістер алыста ма, жоқ па?» деп сұрасақ, «ізімізді өкшелеп
қуып келе жатыр» деп жауап береді. Бүгін осылай десе, ертең басқаша айтатын.
Тіпті олардың сөзіне сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің. Сонда бұл қалай?
Жағдай не болып барады өзі? Біз немістерді іздестіріп, барлаушыларды ілгері
жөнелтумен болдық. Олар алдыңғы жақты түгел шолып шықты, ал немістердің
өзі түгіл көлеңкесі де көрінбейді. А. Бектің Руза жағалауы мен оның табиғат
көрінісін суреттегенін білесіздер. Онда жасыл желекке бөленген сыңсыған орман
алқабы бар еді. Алайда оның бізге тигізер шарапаты шамалы болды. Әйтсе де
оған біз таңғажайып өнер туындысына тамсанғандай қызыға қараушы едік.
А. Бектің кітабында «орманды ысырып тастау» деген жолдың бары естеріңізде
ме? Біз сонда көкпен таласқан ағаштарды обалсынатынбыз, ал қазір оның
қадір-қасиетіне қарамай аяусыз шауып, жапырып жатырмыз. Біз сондай қиын-
қыстаудың өзінде оны аядық, көңілімізбен қорғап, аяладық. Немістерді алыстан
көру үшін алқаптың бір бөлігін аршуға болар еді, бірақ жанымызда жүрген
орманшы бізге: «Халық Комиссарлары Советінің арнайы қаулысы бар. Бұл —
қорыққа айналдырылған ел байлығы. Егер сіздер қол тигізер болсаңыздар, сөзге
келместен тиісті жазаларыңызды аласыздар», - дейтін. Мен басшы болсам да,
104
қарапайым орманшының сөзіне құлақ астым... Дегенмен, бәрібір фашистер осынау
орманның ішіне келіп шоғырланды. Егер біз орманды бұрын аршығанда, ұрысты
біршама қолайлы жағдайда жүргізер едік. Сондағы қанша қиыншылық көрсек те
төзе біліп, орманға адамгершілік тұрғыдан қарағанымызды ризашылықпен еске
аламын. Біздің табиғат-анаға деген кіршіксіз адалдығымыз соғыстың алғашқы
күнінің өзінде, міне, осындай болды. Өйткені бізде әлі ешқандай да тәжірибе
болған жоқ еді.
Біз арнайы барлау отряды мен барлау топтарын, немістердің қай жерде екенін
анықтау үшін тапсырмалар беріп, алғы шепке жұмсап отырдық. Себебі жаудың
орналасқан жерінен мүлдем бейхабар едік. Бізге жалпы жағдайды генерал
Панфиловтың өзі түсіндірді. Ұрысқа әлі ене қоймаған жан-дүниеміздің толғаныс,
арпалысын А. Бек дәл және дұрыс бейнеледі. Ату жазасы туралы тарау менің
жазбаларымнан алынды. Ол жазбалар қазір Тәжібаевта сақтаулы. Тарау «Үкім»
деп аталады. Оның мазмұнын айтып жатпаймын.
Сержант Боранбаевтың өзін-өзі атып, жарақаттауының салдарынан батальон
басына үрей мен қауіп төнді. Оның мұндай қорқақтық әрекеті ерекше актімен —
ату жазасымен өтелді.
Қалай болған күнде де мұндай қылмыстық әрекет жасаған адамға аяушылық
болмайтынын көрсету үшін батальонның көзінше үкімді орындау керек. Бірақ
мұнымен дедұшпанның қорқыныш бұлты мен жағадан алған үрей сейіле
қоймады, немістер қашқындар суреттегендей құбыжық тажал күйінде зәре құтты
ала берді.
Қашқындарды көріп бойды билеген үрейді бірден сейілтіп жіберу, басып тастау
үшін алдымен міндетті түрде тірі немісті көзбе-көз көру керек болды, найзаның
ұшымен дұшпанды жаншып өлтіруге болатынына, біздің атқан оқтың немістерді
де жусата алатынына, дұшпан да үрейленіп, бас сауғалап қашатынына, оның
ешқандай тажал құбыжық еместігіне жауынгерлердің көзін жеткізу қажет еді.
Ол үшін негізгі ұрысқа кіріспес бұрын немістермен бір сәтті қақтығысты өткізу
қажет болды. Жауынгерлердің қақтығыста жеңіске жетеміз деген сенімі болмаса,
ондай-мұндай операцияны өткізудің пайдасы жоқ екенін сездім.
Батальонымның тағдыры қыл үстінде тұрды. Жауынгерлерім толқулы,
қобалжулы. Устав тәртібіне қарсы әрекет етудің әлденеше есе асқынуынан да
гөрі мені қашқындардың жаудың құбыжық екені туралы ұлғайта, бұрмалап
жеткізген үрейлі сөзі, солдаттардың толқулы жан дүниесі қатты алаңдатты. Осы
тығырықтан жол тауып, қалай болған күнде де немістерге сөзсіз соққы беру
керек деп шештім.
Батальон ұрысқа мұқият дайындалды. Генерал Панфиловтың: «Батальонға не
жетпей тұрғанын білесіздер ме? Оған жаудың тұмсығынан есеңгірете соғу ғана
жетпей тұр», - деген сөзін А. Бектің тамаша келтіргені бар.
Көңіліміз алаң. Немістер қайда? Білмейміз. Мен он шақырымдық қашықтыққа
дейін барлауға адам жібердім, немістер жоқ. Он бес, жиырма, жиырма бес
105
шақырым жерлерде де олар көрінбеді. Ақыры Середа деревнясында жаудың бары
анықталды. Ол біздің алғы шептен жиырма бес-отыз шақырымдай қашықтықта
еді.
Немістер Середа деревнясына батыс жағындағы басты торап арқылы, ал Шахово
станциясына солтүстік тұстан «Болычево» совхозына оңтүстік бүйірден енген.
Шахово станциясы мен «Болычево» совхозы жаудың басып алуға өршелене
ұмтылған жол торабындағы елді мекендер болатын. Новлянское селосының
шығысқа қарай Житахидан тартылған жол Максимово арқылы біздің шепті кесіп
өтетін. Батыстан шығысқа қарай қозғалған немістер Шаховодан «Болычевоға»
дейін жекелеген топтарын қалдыруды мақсат етсе керек. Сөйтіп маңдай тұстан
ұрмай, солтүстік пен оңтүстіктен айналып өту арқылы маневр жасап, шығысқа
қарай тоқтаусыз жүріп отырған. Ал Максимово-Новлянское бағытына келгенде,
одан әрі жылжи беруді доғарған. Середа селосы солтүстік пен оңтүстік бағытта
ұрыс жүргізу үшін дұшпанның шоғырланған күшін реттеп отыратын пунктке
айналған, сол себепті негізгі күштері нақ осы жерден Шахово мен «Болычевоға»
қарай аттанатын. (Картадан көрсетеді).
Барлаудан оралған жігіттер осы жайларды хабарлап, немістердің бізден 25
шақырым жердегі Середа селосына топталып жатқанын айтып келді. Енді не
істеу керек? Середаға тікелей шабуыл жасап, немістерді соғу керек деген шешімге
тоқтадық. Түн жамылып, Середаға тұтқиылдан тап беріп, қолдан келгенше
немістерді қыру, ең құрығанда бір «тіл» алып келу. Максимово селосына
апаратын жолға мина қойып, Шаховоға апаратын жол бойындағы көпірді қирату,
документтер мен тұтқындарды қолға түсіру қажет деп таптық.
Бұл міндетті кімге жүктейміз? Ол жайында көп ойландық. Мен де, өзге
жауынгерлер де ұрысқа тұңғыш рет қатысып отырмыз. Тек Жалмұхамед
Бозжанов қана фин соғысында болған кісі. Сонда рота командирін жібереміз
бе? Олай ету мүмкін емес, қорғаныс шебіміз сегіз шақырымға созылып жатыр.
Бәрібір қайтсек те, бұл мәселені шешуіміз керек. Ақыры Середаға шабуыл
жасау міндетін аға адъютантым, лейтенант Хабиболла Рахимовқа жүктедім.
Байырғы агроном, альпинист Хабиболла барлаушылар отрядының бастығы,
ал Жалмұхамед Бозжанов саяси жетекші болып тағайындалды.Басты мақсат
— жауынгерлердің аз күшіне деген сенімін нығайту, жаудың да жан сауғалап
қашатынына көз жеткізу. Соған байланысты отряд құрамына барлық бөлімшелер
өкілдері де енуге тиіс болды. Мен әр бөлімшеден екі-үш адамнан таңдап алдым.
Бұл, бір жағынан, бізге тиімсіз еді, екінші жағынан, ұрысқа қатысқан жауынгерлер
жорықтан соң жолдастарына мән-жайды қанықтыра әңгімелеп беретіні сөзсіз
ғой. Мен, әрине, олардың басын қосып жиналыс өткізе алмаймын. Ұрысқа
қатысқан солдат темекісін тартып, жанында отырған жауынгер серігіне: «Мен
гранатаны былай лақтырғанда, неміс жан ұшыра айқайлап жіберді. Біз өйттік,
бүйттік», - деп майын тамыза әңгімелеп бермей ме! Солдаттарымызға керегі де
осы емес пе? Сондықтан маған құрама команда жасақтауыма тура келді, тіпті
ұсақ бөлімшелерден де бір-бір жауынгер алдырдым. Біздің полктың командирі
Елин болатын, ол өзі парасатты жан еді.
106
Жүз солдатты үш топқа бөліп, белгіленген уақытта үш жақтан 30 адаммен
шабуыл жасау жөнінде жоспар жасалды. Жауынгерлер мен командирлерді жинап
алып, тапсырманы тағы қайтара пысықтадым. Октябрьдің он алтысы күні отряд
жорыққа аттанды. Сол күні Максимовоға жеткен олар бастарын қайта қосып,
төңіректі жете барлап, тапсырманы қайта анықтап алды. Сел ода сол түні мұнда
жаудың полкы келіп жеткенге дейін жаяу әскері мен мотоатқыштары бар екені
мәлім болды. Бұл жайлы маған радиобайланысы арқылы баян етті. Мен шабуыл
жасауды тоқтатуға бұйрық бердім, себебі соншама күшке қарсы бару ажалға
қарсы құр қол барғанмен бірдей еді. Ертесіне деревняда үш жүзге жуық қана
немістер бар деген қосымша хабар жетті.
1941 жылдың 18 октябріне қараған түнгі сағат екіде деревняға шабуыл жасалды.
Тәтті ұйқыда жатқан немістер іш киімдерімен төсектерінен тұра сала бастары
ауған жаққа тым- тырақай қашқан, біздің ержүрек жауынгерлер олардың үрейін
ұшырып, ажал оғын аямай сепкен. Бес соғыс машинасын қиратып, штабтағы
қажетті документтермен бірге бір немісті тірідей қолға түсірген.
Ұрыс небәрі бір сағатқа созылды. Біздің жақтан алты адам жарақаттанып, сержант
Мосяш оққа ұшты.
Таң сәріде отряд кері оралды. Алғашында жауға аттанған солдаттардың көбісі
анық өлімге бара жатқандай сезінген болатын, ал бүгін оларды танып, білу
қиын еді. Бәрі көңілді, сергек, кейбіреулері өздерін көпті көрген солдаттардың
қатарына қосып та үлгергендей.
Батальонның да еңсесі көтеріліп қалды.
Тапсырманы абыроймен орындап шықтық, яғни біздің оқ та немістерге
даритындығын дәлелдедік, сөйтіп екінші міндет те орындалды. Осы шайқасқа
қатысқандарға былай деп сөз тастадым:
- Жолдастар! Сіздер бұл ұрыстағы ерліктеріңіз туралы шат көңілмен айтуларыңызға
болады, бірақ өтірік айтып, бөсіп кетпеңіздер!
Осылай ескерту жасамасаң, олардың өз жандарынан қосып айтулары да мүмкін
той. Дұшпанға қараңғы түнде тап берген Середа шабуылының ұрыс қимылы
жауынгерлеріміздің өзіне және жеңіске деген сенімін, шепті нығайтуда кейінгі
кез келген шабуылдың бәрінен де маңызы зор болды. Сондықтан мен өз
батальоным туралы сөз еткенде ешқашан Середа жорығы туралы айтуды естен
шығармаймын. Түнгі шабуылдың бұл учаскедегі кейінгі оқиғалардың барысына
ешқандай да ықпалы, әсері болмаса да, біз көп жағдайда оған қарыздармыз.
Меніңше, ең бастысы ол солдаттарымыздың психологиясы мен жан-жүрегіне
ұмытылмас әсер етті.Дивизиядағы полктардың орналасу тәртібі бойынша оң
жақ қапталда Алефрова мен Высокое деревняларына дейінгі қорғаныс шебін
майор Шехтманның 1077-атқыштар полкі, ал Высокое деревнясынан Лазерово
деревнясына дейінгі Руза өзенінің оң жақ беткейіндегі қорғаныс шебін майор
Елиннің 1073-атқыштар полкі, Лазерово, Сибково мен «Болычево» совхозы
аралығындағы шепті полковник Капровтың 1075- атқыштар полкі қорғап тұр
107
еді. Әдейілеп есте қалдыру үшін картаға олардың әрқайсысы орналасқан тұсына
командирлерінің аты-жөнін жазып қойдым. Майданның ені туралы айттым ғой.
Ал Устав талабына сай екінші эшелондар не дивизия мен полкте, не батальонда
болған жоқ.
Дивизия жіпке тартылғандай ұзынынан алпыс шақырымға дейін созылып жатты.
Егер жау ол жіпті қиып өтсе не болмақ? Он да жағдайды өз күшімізбен ғана
түзеуге тура келеді. Ең қауіптісі — жаудың соққысына төтеп беру үшін не генерал
Панфиловта, не полк, батальон командирлерінде тың күш, резерв жоқ еді. Екінші
эшелондар атымен болған емес. Бізде терең ойластырылған жеткілікті тактика,
екінші эшелондар түгілі, алғы шептің өзі бар деп айту қиын еді. Алғы шеп біздің
тұрған жерімізден басталатын. Бір-бірінен екі жүз-үш жүз метр ара қашықтықта
орналасқан бөлімшелеріміз дұшпанның сәтті ұрыс жүргізуіне ең қолайлы жағдай
туғызатын. Егер жау бір бүйірден шабуыл жасап, қорғанысты бұзып өтсе, дәл
сол тұстағы біздің бар адамдарымызды тоқтатып, шоғырландыру үшін бірнеше
сағат, тіпті тәулік те жетпес еді. Сондықтан біздің қорғанысты сенімді деп санау
— жаңсақтық.
Әділін айтқанда, біз, қорғанушылар шабуылдаушыларға қарағанда өте қауіпті,
қиын жағдайда едік.
Соғыс тәжірибесі көрсеткендей, бір қорғанушыға үш шабуылшы қарсы шығуға
тиіс, яғни күштердің ара салмағы бір адамға үшеуден келеді деген сөз.
Біз қорғағандай шепті, егер бір солдатқа бір солдаттан келгеннің өзінде, бекіністі
бұзу оңай болатын, себебі шабуылға шыққан дұшпан әскерін шоғырландырып,
күшін жиып, соққы беретін тұсты таңдап алатын. Қорғаныстағы біздің әскер
дәл осындай жағдайда тұрды. Меніңше, кез келген армияның генералы өзін
Панфиловтың орнында қалуды қаламайтыны белгілі. Себебі жағдай біз үшін
шын мәнінде ұтымды емес еді.
Генерал Панфилов мұны терең түсініп, үлкен қиналыс, толғаныс үстінде
болды, осы ауыр жағдайдың өзі оған жаңа әдіс, жаңа жол іздеуге мәжбүр етті.
Жайшылықтағы жағдайда оның мұндай жаңашыл ізденіске құлшынбауы да
мүмкін еді. Генерал Панфилов қорғаныс шебін зерттеу, білу үшін окоптың
бір шетінен екінші шетіне дейін аралап көрді. Ауыр жағдай оны солдаттарға
жақындастыра түсті. Осындай ахуалдан кейін ғана ол батыл да жаңашыл шешім
қабылдады.
Генерал Панфиловтың окоптарды аралап, жағдаймен жүзбе-жүз танысуы оны
жауынгерлер арасында сүйіспеншілікке бөледі. Бұл жай өз дивизиясын жақын
біліп қана қоймай, оны сақтап қалуға да көмектесті. Бірақ мұның бәрі кейіннен
Егоров айтқандай, «генерал солдаттармен бірге шабуылға шықты» дегенді
білдірмесе керек. Олай ету оның міндетіне жатпайды. Егер генералды бетпе-бет
ұрысқа қатысып, жаумен найзаласпады, ол нашар генерал деушілер табылса,
олар өздерінің тек білімсіздіктері мен надандығын ғана танытары сөзсіз. Олай
ету генералдың міндетіне кірмейді ғой.
108
Панфилов шын мәнінде окоптарда жиі болатын, қауіпті жерлерде де төбе
көрсететін.
Бірақ оның бәрі кейбіреулердің айтып, түсіндіріп, жүргеніндей емес. Ол
полктеріміз алты шептерде орналасқанда немесе қорғанысты жау бұзып өткенде
ұрыс барысына басшылық ету үшін әрдайым сол жерден табылатын. «Ванюшка,
халің қалай? Еңсеңді көтер, жасыма!» - деп басу айтып, окоптарда солдаттармен
қатар отырған кісі емес. Оның міндеті — қорғаныстың ең ауыр жерінде соғыс
қимылдарын басқару. Өйткені саған көмекке келер не резерв, не екінші эшелон
жоқ. Әр жауынгерді үгіттеп, жігерлендіруге, не жұбатуға генералдың уақыты да
болған емес. Олай істеудің өзі қателік те ғой. Ал шепбұзылған жерге генерал келіп,
жауды қайта тықсырып қуу үшін бұйрық бергенін неге көрсетуге болмайды?
Кейбіреудің ойынша, ол қолына қару алып, соғысуы керек сияқты.
Бұл ақылға сыймайды.
1941 жылдың 16 октябрінде Волоколамск бағытында ұрыс жүргізіп жатқан
неміс әскерінің оңтүстігіндегі тобы бізді айналып өтіп, «Болычево» совхозына
соққы берді. Біз жаудың шабуылын маңдай тұстан күткен едік, ал ол бүйірімізден
келіп тиісті. Бұл біздің алғашқы қақтығысымыз болатын. Немістердің алғашқы
күшті соққысын сол жақ қанатта орналасқан Капровтың 1075-полкі алдымен
қабылдады. Жаудың күші ересен еді.
Бақайшағына дейін қаруланған жау әскерін танктер, мотоатқыштар мен
самолеттер қолдады. Бұл бағытта немістер өте күшті ұрыс қимылдарын жүргізді.
1075-полк жауынгерлері «Болычево» совхозы мен Федосино, Княжево және
Соколово селолары арасындағы шептерге бекіне кескілескен ұрыс жүргізіп
бақты.
21 октябрьде немістер 1075-полкті шегіндіріп, Руза өзенінің жағасына, одан ка-
питан
Лысенконың батальоны қорғап тұрған, бұрын аудан орталығы болған Осташово
деревнясына жетті. Лысенко ерлікпен шайқасты. Полкты талқандап, шепті
бұзып өту үшін жау шоғырланған ірі күшпен төрт тәулік бойы соғысты. Біздің
жауынгерлер ержүректілікпен қарсы тұрды. Біздіңше, дұшпанның мұндай үлкен
күшіне осылай төрт тәулік тойтарыс беру оңай емес еді.
Бұл уақытта генерал Панфилов ұрыс қимылдарын басқару үстінде болды. Сіздер
мынаған назар аударыңыздар, ол нағыз қолбасшыға тән тізгінді қолына ала білді.
Соғыса отырып, Соколово мен Игнатковоға шегінді. Мұнда да жаумен айқасып,
тағы кейін жылжыды.
Сөйтіп немістерге ирекше серіппе қолданды. (Картаға сызып көрсетеді).
Панфилов деревнядан деревняға қашқан жоқ, керісінше, өзі бас болып шегіне
соғысты.
Мұны қалайша жаңашыл ұрыс қимылы, серіппе деп атамассың?!
109
Аудан орталығы Осташово Волоколамск бағыты мен тоғыз, тарау жолдардың
түйіскен торабындағы басты бекініс және Руза өзенінің оң жағалауы бойында
жаудың шабуылын тойтаруға тиіс тірек пункті болды. Сол себепті генерал
Панфилов Осташово ауданын батальондық қарсыласу торабы ретінде қалдырып,
әскерін екі қанаттан иіп Руза өзенінің бойымен бағыттай түсті.
Сіздер дұрыс ұғыныңыздар, жоғарыдағы сөйлемдердегі қарсыласу торабы,
тірек пункті деген түсініктерді бізге Ұлы Отан соғысы үйретті. Екі жылдық
соғыс тәжірибесі негізіне сүйенген жаңа Уставымыз енді қорғаныс шебін
бөлімдер мен бөлімшелер аралығын атыспен және инженерлік құрылыстармен
жалғастыратын жекелеген тірек пункттері, взвод, рота, батальондардан тұратын
қарсыласу торабы тәртібі бойынша құруды талап етеді. Жаңа Устав линиялық
тактикадан бас тартады. Біз қазір оны ұстанып жүрген жоқпыз, қайта қорғаныс
шебін тірек пункттері мен қарсыласу тораптары арқылы құрамыз. Алғаш сан
тарау жолдардың түйіскен пункті саналған Осташовода генерал Панфилов оңға
да, солға да алаңдамай қарсыласу торабын ұйымдастырғаны есте. Ол Осташово
қарсыласу торабын ұйымдастырған кезде, мен Васильеве» деревнясында едім,
20 октябрь күні генерал мені өзіне шақырды. Бұл кездесуіміз Бектің екінші
повесінде сипатталған.
Неміс топтары Ханово, Юркин, Ярополец деревнялары бағытындағы майдан
шебін бұзып, басты Волоколамск және басқа да бағыттарды ұрыссыз айналып
өтеді. Бұл жағдаймен жете танысқан генерал Панфилов жау басты бағытта ғана
соғыс жүргізеді деген тұжырымға келеді. Өйткені дұшпан барлық сүрлеу жолдарға,
барлық шептерге көңілбөлмейді. Генерал Панфилов линиялық тактиканы бұзып,
дивизияның соғыс жүргізу тәртібін қайта құру керек деп шешеді.
Қазір, әрине, қаншама уақыт өткен соң, бізге оның бәріне талдау жасау мен түсіну
оңай секілді көрінгенмен, нақ сол сәтте оқиға барысында осындай қорытындыға
келу үшін алғыр ой мен көрегендік ауадай қажет еді.
Майданның ұзына бойына немістер шабуылға шықпай, жекелеген топтармен
барлау қимылдарын жүргізумен шұғылданды. Біз де қарап жатпадық. Генерал
Панфилов қысқа уақыт ішінде өз полктерін аралық шептердегі төмендегідей
міндеттерді жүзеге асыруға дайындады. Бұл 19-22 октябрь аралығы еді. «Таңғы
асын Волоколамскіде, кешкі асын Москвада ішуді» көздеген неміс генералы
«Болычево» ауданы маңында-ақ қатты соққыға ұшыраған өз жоспарын қайта
қарауға мәжбүр болды. Бұл біз үшін үлкен жетістік, яғни жауға «өз шама-
шарқыңды біліп, көзіңді ашып қара, кімге ұрынғаныңды түсін!» - дегендік еді.
110
ТӨРТІНШІ КҮН
22 январь 1944 ж.
Сағат 12.00-ден -17.00 дейін.
Бауыржан Момышұлы. Кеше біз Осташово қарсыласу торабы мен дивизияның
оң қанатынан жаудың бұзып өтуіне тоқталған едік.
Осташово ауданында 1075-атқыштар полкының батальоны капитан Лысенконың
басқаруымен 1941 жылы октябрьдің 20-сы мен 23-і аралығында ұрыс жүргізді.
Немістер Осташоводағы басты пунктті басып алып, ілгері жылжымай, үш күн
бойы Осташово торабын быт-шыт етпек болып жанталасады. Лысенконың
батальоны қоршауда қалса да ұрыс жүргізе берді. Бұл дивизиядағы алғаш
байқалған жаппай ерлік көрсетудің үлгісі еді.
Лысенко батальоны тек тактикалық қана емес, жан-жақты құрсауға түскен еді.
Мұны түсіндіре кетейін, қоршауға түсу түрлері — оперативті (жедел қабыл)
тактикалық, атыс немесе нағыз құрсау (бұл да тактикалық қоршау түріне жатады).
Оперативті (жедел қабыл) қоршау — бұл дұшпанның негізгі шоғырланған, ірі
күштерді, азық-түлік пен резервті жеткізетін торапты жолдарды кесіп тастап,
негізгі бағытты басып алу. Оперативтік қоршау салыстырмалы түрде үлкен
кеңістікте болады, әрі оған ірі әскери күштер қатысады.
Тактикалық қоршау дегеніміз бұл корпустық немесе дивизиондық пункттен, не
полктен батальонға жабдықты жеткізетін барлық жолдарды басып алу. Полктың
жолы кесіп тасталады да, байланыс, жабдық жеткізетін жолды дұшпан басып
алады, яғни әскерлер азық-түліктен, резервті жеткізетін жолдан, сыртқы дүниеден
(қанаттас бөлімдерден, тылдан) қол үзіп қалады. Тактикалық қоршауға дивизия,
полк, батальон, рота түсіп қалуы мүмкін. Қоршаудың соңғы түрі — атыспен
төмпештеу немесе өзіміз айтатындай құрсауға алу. Тактикалық және оперативтік
қоршаудан ұрыссыз-ақ шығуға болады, ал жау құрсауын бұзып шығу қиынырақ.
Қоршауға алу қоршауға алушы үшін де тиімсіз, өйткені ол үлкен күшті қажет
етеді. Айталық, шеңбер жасай қорғанысқа көшкен бір батальонды жою үшін
бір дивизия қажет болатын да кездер бар. Сондықтан да бірде-бір парасатты
командир ондай қоршауға бару жөнінде шешім қабылдамайды. Шешім қабылдай
қалса, аз күшті жою көп уақытын, күшін шығын етеді. Бұл — талайлардың түбіне
жететін қателік, өйткені олар біраз күшін де, уақытын да жоғалтады. Осташово
торабы дивизияның кейінгі жүргізген ұрыстарына көптеген пайда келтірді, соғыс
тәжірибесінде тың ой алып келді. Лысенко батальонына 1073-атқыштар полкінің
сол қанатынан соғысқа дейін Семейде мұғалімдік қызмет атқарған лейтенант
КаюмГариповтың 9-ротасы көмекке келді. Бұл рота көмекке жіберілгенде,
құрсауды бұзып шығу мәселесі қойылған-ды. Панфилов жауды біраз мезгіл кідірте
ұстап, екі жақтан құрсауды бұзып, батальонды қоршаудан алып шықпақшы болып
шешті. Алайда мақсат жүзеге аспады. Гарипов өз солдаттарын жауға қарсы 1941
111
жылдың 21 октябрінде көтерген еді. Осташово ауданының солтүстігінен жаудың
60 танкісі көрінді. Рота асқан ерлікпен жаудың танктеріне қарсы ұрыс жүргізіп,
көп шығынға ұшыратты. Осы соғыста лейтенант Гарипов ерлікпен қаза тапты.
Ротадан небәрі алты адам тана тірі қалды. Олардың жараланғандары да бар. Оз
батальонымен бірге Лысенко да ерлікпен қаза тапты.
Біздің кейбір командирлеріміздің әділетсіздігінен Лысенко батальоны мен Каюм
Гариповтың ротасының шайқасы ескерусіз қалды. Неге екені белгісіз, ерлікпен
қаза тапқан олар жайлы дивизиондық жазушылар да ләм-мим деп жақ ашпады.
Мен қашанда өз сөзімде осы батырларға арнайы тоқталамын. Солай етуіме
солдаттық ар-намысым әмір етеді. Өйткені мен сол ержүрек жандардың ерлік
іс-қимылдарының тірі куәгерімін әрі олар менің қарулас жолдастарым, олардың
әрекеттерін дұрыс деп есептеймін.
Лысенконың батальоны мен Гариповтың ротасының соғыс қимылдарына генерал
Панфиловтың өзі де дән ризалығын білдіріп, кейінгі ұрыстарға үлкен ықпал
еткенін ерекше атап айтқан болатын.
Шынында да, бұл батальон мен рота ерлігі дивизиямыздың тарихындағы жаппай
ерлік жасаудың алғашқы үлгісі еді. Ендеше жау танкілерімен бетпе-бет айқасқан
28 батырды жаппай ерлік үлгісін тұңғыш рет көрсетушілер деушілердің пікірін
жаңсақ деп білемін.
Середа операциясынан кейін біз жау күштерінің дивизиямыздың қос қанатын
ала жылжи бастағанын байқадық. Немістер дивизиямызды екіге бөліп тастауды
көздеді, бірақ олардың бұл ойынан ештеңе шықпады. 20—21 октябрьде немістер
тура ашық жолға шығуға ұмтылды. (Картадан көрсетеді).
Дұшпан күштерінің бағытын тезірек өзгертуге мәжбүр ету үшін Житахи ауданына
лейтенант Донских басқарған отряд жіберілді, ал Кусакино ауданына лейтенант
Брудныйдың шағын отряды аттанды. (А. Бектің повесінде де ол осылай аталған).
Олардың мақсаты - неміс колонналарын алға өткізіп жіберіп, соңынан оқты
боратып, шегіне ұрыс жүргізу болатын. Брудный мен Донскихтың ұрыстары
тосқауылдан жүргізілген алғашқы ұрыстар болды. Бораған оққа төтеп бере алмай
есі шыққан жау кері бұрылады, дәл осы кезде біздің жауынгерлеріміз тез шегініп
үлгереді де, қайта тосқауыл жасайды. Немістер амал жоқ тағы кері бұрылады.
Біздің солдаттар тағы шегініп үлгереді. Осылайша аз ғана топтарымыздың
шабуылы немістерді әуре-сарсаңға салып, бостан-бос ұрыс жүргізуге мәжбүр етті.
Осының салдарынан олар Новлянскіден Середаға дейін төрт тәулік бойы жүрді.
Шағын топтың шабуылы немістерді кері бұрылуға және біздің негізгі шебімізден
алыста соғыс тәртібіне көшуге мәжбүр етті. Соңғы сәттегі ұрыста лейтенант
Донских тоғыз рет жараланады. Жағдай асқына түсті. Жау өзінің артиллериялық
позициясын шамамен біздің алғы шебімізден төрт-бес километр алыс Житахи,
Ситьково аудандарына бұруға мәжбүр болды. 22 октябрь күні немістер біздің
майданды бұзып, Ново-Шуриноға шығу үшін өз күштерін Новлянск тобына
қарсы бағыттап, кескілескен ұрыс жүргізді. Оларға 1073- атқыштар полкінің
бірінші батальонының екінші ротасы қарсы тұрды, рота командир!
112
Севрюков (Алматы темекі фабрикасының бұрынғы бухгалтері) еді.
Сонымен бірге дұшпан бір мезгілде Черновоға шабуыл жасады. Таңғы сағат
сегіздерде олар Новлянск ауданына қарсы артиллериялық дайындықты бастады.
Немістер қарсы жақтың жүйкесіне тиюге шебер-ақ. Біресе зеңбіректерімен
атқылап, біресе самолеттерімен бомбылап, жер мен көкті отқа орап боқты.
Ысқырып, ұлып ұшқан снарядтар менминалардың жарылысы құлақ тұндырады.
Әуені будақтаған қара түтін көлегейлейді. Осы көріністер мен ысқырған оқ,
атыс үнінің сарыны адамның көңіл-күйіне, жүйкесіне қатты әсер етеді, үрейін
ұшырады.
Әдетте артиллериялық дайындық екі сағаттан аспайтын, бір жолы немістер әдейі
сегіз сағатқа созды. Бұған алғаш түсінбей, кейіннен олардың бәрімізді тып-типыл
жермен жексен етіп жойып жіберіп, өлігімізді таптап, маршпен аттап өтеміз деп
ойлағанын білдік.
Біз енді оң қанаттан оқ жаудырдық, менің сол қол жағымнан майор Мешковтың
батальоны қайрат көрсетті. (Екінші повесте ол кітапқа капитан Шилов деген
атпен енді).
Дұшпан орманға жиналып, ұрысқа дайындала бастады. Осы сәтте мен лейтенант
Севрюковтың ауыр жараланғанын білдім. Оны маған баяндаған оның ординарелі
қағылез татар жігіті Мұратов еді. Мен Краевты тауып алып, екінші ротаға
жіберіңдер деп бұйрық бердім де, өзім Новлянскіге кеттім. Командалық пункттен
Новлянскіге дейінгі жол орман арқылы өтетін. Маған сондағы өзіміздің бақылау
пунктіне бару қажет еді. Жасыратыны жоқ, қиналу, торығу, толқу құшағында
келе жаттым. Орман ішінде сыр бермеуге болады, ал ашық далаға, алаңқайға
шыққан соң жаудың көзінше атпен құйғыта шабу қауіпті-ақ болатын. Көңіл
күйім де онша емес. Бірақ менің бақытыма, орманнан шыға берісте Новлянскіден
бері, маған қарай келе жатқан екі доңғалақты арба кездесті. Үстінде батарея
командирі Кухаренко отыр екен. «Қайда?!» деп сұрадым мен Кухаренконың
қашқын, сұмпайы сиқына зығырданым қайнап. Іле: «Кері қайт!» - деп айқай
салдым. Оның беті жеңіл ғана жараланыпты. Ол екі доңғалақты арбаны дереу
кері бұрды. Кухаренкоға деген ашу-ызам өз қорқынышымды жеңуге көмектесті.
Шіркеуден өтіп, өзіміздің бақылау пунктіне Кухаренкомен бірге келдім.
Байқасам, телефон байланысы үзіліпті, тез арада радионы қостым да, батареяға:
«Атыңдар!» деп бұйрық бердім. Мұның алдында ғана Кухаренко топографиялық
дайындық бойынша оқ жаудырып — бәрі далаға босқа кеткен, снарядтар жаудан
аулаққа түсіп жарылған. Бұрынғы артиллерист ретінде мен оны бірден байқап,
«оңға қарай екі градусқа бұрып атыңдар» деп бұйрық бердім. Бұл үлкен түзету
болатын. Екі снарядымыз неміс тобының дәл үстіне түсті (бұл артиллериялық
атыс практикасында аса сирек кездесетін бақытты жағдай), жау жатында үрей мен
қорқыныш туды. Мен екі снарядтың ойран салтанына өте қуанып, «әр зеңбіректен
жиырма снарядтан атыңдар!» деп бұйырдым. Устав бойынша бұлай етуге рұқсат
етілмейтін, ал мен жауды дәл осылай төмпештеп, тірі қалғандарымен бетпе-бет
шайқасып көрермін деп шештім, өйтпесек өзіміздің тас-талқанымызды шығарып
кетуі мүмкін. Дүрбімді алып қарасам, немістер қатары мүлде сиреп қалыпты. Елу
113
метрдей биіктікте жау самолеті ұшып барады екен, ұшқышы маған жұдырығын
түйіп сес көрсетеді. Мен пистолетпен атып салдым.
Ыза-кек кернегенде адам сақтануды біржолата ұмытады екен. Немістер шіркеуді
дәлдеп ата бастады. Байланысшымыз снарядтың жарықшағы тиіп, қаза тапты.
«Әрбір бес минут сайын бес снарядтан атыңдар» деп бұйрық бердім де, төмен
түсіп, ротаның командалық пунктіне жүгіре жөнелдім. Онда Мұратов пен
Беловицкийді кездестірдім.
Рота командирі жараланыпты. Біз әр зеңбіректен жиырма снарядтан қосымша
атып, немістердің үрейін ұшыра түстік. Бұдан соң қасыма Беловицкийді ертіп,
оң қанаттағы окопқа қарай жүгірдім. Ұрыс даласында жүгіру қауіпті. Мұның
алдында біз жалған окоптар қаздырғанбыз. Жолда солардың біріне жасырындым.
Өң-түсі жоқ, еңсесі түскен жауынгерді көрдім. Орнымнан тұрып, окоптан
шығайын десем, әл-дәрменім жоқ. Әрең деп өзіме өзім келдім. Дегенмен сонда
қарсымдағы елу метрге жету ақыреттей көрінді.
Жүгіріп келе жатып атқыштар ротасының саяси жетекшісі Жалмұхамет
Бозжановты кезіктірдім. «Сен мұнда не істеп жүрсің?» деп сұрасам, ол өз взводын
тексеруге келіпті.
Рота командирі жараланғанын көргесін оның міндетін өз қолына алыпты.Немістер
кері шегінді. Оларды шегіндірген соңғы жиырма дүркін атқан снарядымыз болса
керек. Кешке жау Красная Гора майдан шебін атқылап, екі жаяу әскер полкымен
бұзып өтті. Онда біздің екінші батальонның алтыншы ротасы орналасқан еді.
Бұл 1941 жылдың 22 октябрінде болған оқиға. Жау айналып өту маневрі арқылы
дивизия мен полкті екіге бөліп тастады. Бір топты олар Козиноға, екіншісін
Чубиново-Лукьяноваға, үшіншісін Ново-Шуриноға қарай жіберді, маған қарсы
Новлянск тылынан шықты. Оларға қарсы соққы беру үшін бізде резервтік күштер
жоқ болатын.
Трулиси ауданындағы капитан Мешковтың учаскесіндегі шебімізді бұзып,
Волоколамскіге қарай ұмтылды. Дұшпан дивизия учаскесінің төрт жерінен
қорғанысты бұзып өтті.
Полковник Карповтың полкі, әрі капитан Мешковтың батальонының тірі
қалған жауынгерлері бұйрық бойынша Спас-Рюховск бағытына, майор Елиннің
1073-атқыштар полкінің екінші, үшінші батальондары Софатово — Крюково
бағытына ауыстырылды.
Жалғыз майор Шехтман басқарған 1077-атқыштар полкі ғана өз орнында
қалдырылды. Ол ешқандай ұрыс жүргізген жоқ. Оған тактикалық қоршауда
қалу қаупі туды. Сондықтан Шехтман полкіне Үлкен және Кіші Голоперово,
Тимошино, Михайловка, Иваново арқылы Волоколамск бағытына қарай шегінуге
бұйрық берілді.
10,73-атқыштар полкінің бірінші батальоны Новлянск, Васильево-Лазарево ауда-
114
нында қоршауда қалды. (Кітаптың 80 қашқын деген арнаулы тарауы бар).
Мен барлық рота командирлерін жинап алдым да, мынадай бұйрық бердім: «Қару-
жарақты тиімді, үнемдеп пайдалана отырып, айнала қорғанысқа көшіңдер! Тек
қана қажетті жағдайда, жауды 50-100 метрдей жақындатып атыңдар, ешқандай
тұтқын алынбасын, ешкім тұтқынға түспесін! Аянбай атысып, әркім соңғы
оқты өзіне деп сақтасын! Артиллеристер жауды картечпен тура нысанаға алып
төмпештесін! Аса қиын үміт кесілген жағдайда соңғы снарядпен зеңбірек пен
расчетті де жоқ етсін! Қандай да болмасын тәртіп пен реттілікті бұзушылықтың
және әскери Уставқа мойынсұнбаушылықтың жазасы - тек ату. Ешбір сөгіс
пен ескертуге жол жоқ! (Повестің «Орманшының үйі» деген тарауын қараңыз).
Қоршаудан қалай шыққанымызға да тоқталмаймын — бұл да сонда айтылған.
Бұл кезде неміс колонналары Волоколамскіге қарай жылжып, Спас-Рюховск
ауданында ұрыстар жүргізіп жатты. Оларға қарсы шайқастарды генерал
Панфиловтың өзі басқарды.
24 күні 1073-атқыштар полкінің бірінші батальоны кескілескен ұрыс жүргізу
нәтижесінде қоршаудан шығып, Иваново ауданы мен Сталин атындағы совхоз
маңындағы орманда тыныстауға тоқтайды. (Картадан көрсетеді). Осы кезде Ново
Шурино, Спас-Рюховск бағытында әр машинада 20-30 фрицтен отырған неміс
колонналары көрінеді. Оларға қарсы ұрысқа біз сегіз зеңбірек пен сегіз станокті
пулеметті бөлдік.
Жауынгерлеріміз неміс колонналарына оқты қарша боратты. Мұны «дұшпанның
құйрығын бұрау» деп атайды. Жаудың алға жылжуына мұрша бермеу мақсатымен
жол қарауылға алынып, атқыланумен болды. Тура нысанаға алып сегіз зеңбірек
пен сегіз пулеметтен күтпеген жерден оқ жаудырып дұшпанның бір батальонға
жуық әскерінің көзі жойылды. Осылай алға жылжу мүмкін болмаған соң немістер
Иваново ауданындағы біздің топты құртуды ұйғарды. Содан 1037- атқыштар
полкінің бірінші батальоны тағы да құрсауда, жау шеңгелінде қалып қойды.
Немістер тікелей шабуылға көшті. Көп ұзамай олар қолайсыз жағдайға ұрынды.
Спас-Рюховск жолы жабылып, оқ астында қалды. Әрине, бұл шайқаста немістер
жағынан да, біздің жақтан да шығын болды. Бақытымызға орай паналаған
орманымыз жан-жағынанбатпақты жерлермен шектесіп, жаудың танкімен
жақындауына мүмкіндік бермеді.
Сондықтан немістер тек адам күшімен ғана қимыл жасап бақты.
Түн жамылып, батальон Клишино арқылы солтүстіктегі Крюково мен
Волоколамскіге бет түзеді. Алдыңғы лекте жылжушыларды басқы жорық
күзетушілері (ГПЗ — головная походная застава), екі қанатты қорғаушылар (БПЗ
— фланговая застава), тылды күзетушілер (тыловая застава) деп аталады. Ұрыс
барысында мұны ажырата алмаған сауатсыз, біліксіз командирлер де кездесті.
Бұған кінәлі бір жай, бізде қозғалыс жолсыз жерлермен өтті.
Бірінші атқыштар ротасының командирі Ефим Ефимович Филимонов Миловани
115
деревнясы маңындағы кішкене сай-жыраны Клишиноға апаратын жол деп
қалып бағытынан жаңылысып шығысқа қарай ауытқып, дұшпанның тура қарсы
алдынан шыға жаздады. Ал батальон колоннамен созылып, Милованиден бір-
ақ шықты. Жырадан орманға дейінгі аралық бір жарым шақырым ашық алаңға
ұласқандықтан дұшпанның көз алдынан жүру өте қауіпті еді. Бір жақсысы жау
бізді кетіп қалған деп ойлап, әскерін лек- легімен алға жылжыта бастады. Бұл
кезде біз олардан небәрі бес жүз метрдей қашықта тұрдық. Филимоновтың
біліксіздігінен уақыт жағынан ұтылдық. Біз болсақ - қараңғылықты жамылып
өтіп кетпек едік. Бізді қырып тастамас үшін шабуылды өзіміз бастауымыз керек,
мерт болсақ та қорғаныста емес, шабуылда өкінішсіз мерт болайық деп шештік.
Аз шығынмен қатерден құтылу үшін не істеу керегін ойладық.
Зеңбіректер мен пулеметтерді құрып, ұрыс жүргізу қажет пе? Бірақ бұл жерде
уақыт тапшы, аса шапшаң қимыл қажет. Әттең қысқа уақытта ашық алаңды аман
жүгіріп кете алсақ, өте жақсы болар еді. Өйткені ашық алаңды жүз адамның
күшімен де алу қиын.
Зеңбіректер мен пулеметтерді шайқасқа қоспай, жауынгерлерді ромбы тәрізді
етіп сапқа тұрғызып, винтовкаларды кезей ұстап ұрысқа кіреміз деп шештім.
Бізде екпіндей жүгіріп шабуыл жасау тәсілі қалыптасқан. Бұл жолы олай етпей,
жай нық адыммен жүріп отыру керек дедік. Көздеп атуды да қажет деп таппадық.
Өйткені ол жылжу қарқынын тежейтін болды. Бірінші, екінші, үшінші роталар,
байланыс взводы, пулемет ротасы төрткүл қиықша, ромбы тәрізденіп тізілді, ал
зеңбіректер мен арбалар ұрысқа кірмей ортада жылжып отырады деп ұйғарылды.
Ұрысқа кіретін жауынгерлер сапқа тізілді. Мұнда жаппай оқ ату мен немістердің
бас сауғалау сезімін ерекше есепке алдық. Винтовкаларды оқтың ұшу траекториясы
адам бойынан аспайтындай етіп ұстауға бұйрық берілді, артиллерия мен арбалар
ұрысқа кірмей, тек ортада жүріп отыруы көзделді.
Бозжанов пен Рахимов ромбы тәрізденіп тізілген сап бұрышынан табылды. Біз
жырадан төрт қатардан сап құрап өтіп бара жатқан жау колоннасына бір мезгілде
барлық винтовкалардан дүркіндетіп оқ ата бастадық. Бірінші дүркін сәтті болып,
дұшпанды баудай орып түсірді.
Артиллерия қарулары мен арбалардың дөңгелектерімен немістердің өлігін таптап,
жаралыларын жаншып, селдей аққан жау қанын кеше жүріп өттік. Орманға да
жеттік-ау.
Осы кезде жаудың тоғыз танкісі біздің соңымызға түсті. Екі зеңбірегімізді кері
бұрып, екі танкісін қираттық. Олар да біздің екі зеңбірегімізді жойды, жүк
арбаларымыз бен жаяу әскеріміз орманға кіріп те үлгерді. Бұл шайқаста отыз
адамымыз мерт болды. Есесіне, бір батальонға жуық немісті таптап өттік.
Қоршаудан шығудың бір эпизоды осындай.
Бөлімдер аралық шептерге бекініп соғыса отырып, Волоколамскіге дейін
шегінді. Жаудың 60-70-тей танкілері Спас-Рюховск үшін ұрыс жүргізе бастады.
116
Генерал Рокоссовскийтанкіге қарсы соғысатын екі полкті осында ауыстырды.
Осы шайқаста дұшпанның қырық танкісі қиратылды. Бұл біздің дивизиямызға
танкіге қарсы қолданылатын артиллериялық қарудың берілуінің бірінші оқиғасы
еді.
Генерал Панфилов жауға қарсы күштердің өзара бірлескен қимылын
ұйымдастырып, басқарды. Мұнда жаяу әскер аз еді. Генерал Панфиловтың
соғыс өнеріне сіңірген еңбегі мынада: ол ең алғаш рет танкіге қарсы соғысатын
полктерді ұрысқа қосуды басқарды және оның басшылығымен дұшпанның қырық
танкісі жойылды. Бұл орайда мен сегізінші гвардиялық, атқыштар дивизиясының
Москва түбіндегі шайқастарынан ығырақ білгісі келгендерге Бектің повесін
оқуды ұсынамын — онда кейбір тұжырымдар бар.
1941 жылдың 27 октябрінде жау Соколово, Шибаново, Крюково бағытындағы
Осташов үлкен жолымен кетіп бара жатқан күштерді шоғырландырып, екі
тәулік бойы өршелене жүргізген ұрыс пен әуеден аяусыз бомбалау нәтижесінде
Волоколамскіні басып алды. Осы тұста біздің бір дивизияға дұшпанның төрт
дивизиясы қарсы келді. Волоколамск үшін болған ұрыстар сол кездегі ең күшті
ұрыс еді. Волоколамскіні алу немістерге өте қымбатқа түсті. Олар осындағы
күштерінің тең жарымнан астамынан айырылды.
Волоколамскіні алған соң ары қарай жылжуға шамалары жетпей, бетін шығысқа
бұрып, қорғанысқа көшуге мәжбүр болды. Жаңа басқыншылық шабуылға
жарамай, қалжырап қалды.
Немістер 1941 жылдың 16 ноябріне дейін қорғаныста тұрды. Оларды осы жиырма
күндік қорғанысқа амалсыз мәжбүр ету - сол 1941 жылдың сұрапыл күндерінде
біз үшін мәні үлкен табыс еді. Бұл солтүстігі мен оңтүстігінен қыспаққа алынған
Москвамыз үшін де үлкен ұтыс болатын. Сол шақта жиырма күн емес, жиырма
сағат, тіпті екі сағаттың өзінде көп мәселе шешілетін, яғни жиырма күн ішінде
командованиеге тұтас бір армияны жеткізіп үлгеруге мүмкіндік туар еді.
Қысқасы, осы жиырма тәулік біздің командование үшін, тағы қайталап айтайын,
өте маңызды болды.
Генерал Иван Васильевич Панфиловтың және біздің дивизияның еңбегі сол,
жаудың адам күшін шығынға ұшыратып, қансырата соғып, сол учаскеде жиырма
күн қорғаныста тұрып қалуға мәжбүр етті. Бұл оқиға Москваға барар жолдардағы
жауапты бағытты иемдеген сегізінші гвардиялық дивизияның жауынгерлік ерлік
даңқын биікке көтерген еді...
Шехтманның 1077-аткыштар полкі Буйгород, Авдотьино ауданында, біздің
дивизияға кірмейтін 690-атқыштар полкі Ченцы, майор Елиннің 1073-атқыштар
полкі (бір батальоны жетпейтін, ол жөнінде кейін айтам) Мыканино мен
Ядровоны, полковник Капровтың 1075-атқыштар полкі Ядрово, Дубосеково
және басқа селолар мен станцияларда қорғаныс шебін құрды.
Волоколамскіні жау алғаннан кейінгі біздің жағдайымыз осылай еді. Екі жақ та
қорғаныста тұрдық. 1073-атқыштар полкінің бірінші батальоны Волоколамскінің
117
солтүстік-батыс аймағында (жұмысшы поселкесі, Ленин атындағы фабрика)
қорғаныс шебін құрғанымен, немістер қоршауында болды. Одан қалай шыққаны
Бектің екінші повесінде суреттелген.
Жауынгерлердің адамгершілік, күрескерлік рухын бекіте түсудегі командирлердің
жеке басының өнеге, үлгісінің маңызына дәлелді көз жеткізетін бірнеше мысалдар
келтіре кетейін.
Мен мал дәрігерлік пункттің түбінде тұрғам, бірақ бұлай етуге мүлдем болмайтын.
Командир әрқашан жауынгерлердің көз алдында жүруі тиіс. Міне, біз сәл
шашыраңқы күйде жауынгерлік тәртіппен алға жылжыдық. Немістер қатты
атқылаудан танар емес.Жауынгерлеріміз кейбіреулерінің құлап қалып жатқанына
қарамай, өршелене алға ұмтылуда. Аға адьютантымды көмекшісі екеуін жібердім.
Ең соңғы бөлімшеміз орнынан қозғалғанын білгеннен кейін ғана өзім де қозғала
бастадым. Бозжанов екеуміз бәрінен кейін жүріп келеміз. Бес жүз метрдей жерді
жүгіріп өтуімізге тура келді, бірақ мен жай жүрдім. Ақыры қарсымыздағы жыраға
жете қауіптен құтылдық. Келесі жиналу пунктіне бардық. Осы арада Бозжанов
маған: — Командирдің міндеті — өлу емес, өз адамдарын аман сақтау үшін тірі
қалу, - деп тұтас бір лекция оқып тастады.
Дегенмен мен бес жүз метрдей жолды жүгіріп емес, жай жүріп өту арқылы
жауынгерлеріме «ешқандай қауіп жоқ» деген сенім орнататындай психологиялық
ықпал жасауды көздеген едім. Байланыс, жабдықтау взводтары полктің басқа
батальондарымен бірге солтүстікке қарай бізден алыстап кетіп, біз азық-түліксіз
қалдық. Бұл кезде батальонымда алты жүзден астам адам емес, төрт жүздей ғана
адам және мініс атым Лысанька бар еді.
Николай Митрофановичтен үш папирос пен үш кептірілген нан табылды. Ол
маған бәрін алып келді. Мен орнымнан тұрып, жауынгерлеріме жақындадым.
Бәрінің де темекі тартқысы бар. Ұсынып едім, ешқайсысы алмады.
Ол кезде мен бұған ешқандай мән бермеппін, кейіннен түсіндім, жауынгерлерімнің
жаны кең, кішіпейіл екен.
Батальонымыз тағы алға жылжыды. Мен өз батальоныммен аз жол жүргенім жоқ.
Сондағы бір ұққаным, аштық немістен де қорқынышты екен.
Жау тылында жүріп келе жатқанымызға бес тәулік болды. Осы мерзім ішінде
жарытып тамақтанбадық. Жаудың жекелеген батальондары, роталары кезігіп
қалып, ұрысқа кірісіп кетеміз. Кейде тіпті онша қажеттілігі болмаса да, неміс
офицерлерінің торсықтары, не адамдар аштығын естен шығару үшін кішігірім
қақтығыстарға да барып қоямыз.
Алтыншы тәулікте бір жерге тоқтап, тынықтық. Алматының селекциялық
станциясының бұрынғы агрономы жақындап келіп:
— Жолдас комбат, сөйлесуге рұқсат етіңізші? - деді. Үстіне киген киімдері олпы-
118
солпы.
— Он қадам жерге барып, өзіңді ретке келтіріп кел! - деп бұйырдым. Ол
айтқанымды орындап, жаныма жақындаған соң:
— Бірдеме жемесем шыдайтын емеспін, - деді. Осыдан бір күн бұрын мініс атым
Лысаньканы соймақ болғанымда, жауынгерлерімнің өздері келіспеп еді.
Мен әлгіге:
— Егер етім жеуге жараса, мені сойыңдар да, жеңдер! - дедім. Ол қысылды да,
кетіп қалды. Оның ту сыртынан:
— Бәріне де осыны айт! - деп айқайладым.
Бір ұрыста жаралыларға медициналық көмек көрсетілмей қалды. Отан дәрігер
Красненко кінәлі еді. Тағы бір шайқаста лейтенант Беликов сасқалақтап, взводты
мүлдем басқара алмай қалды. Батальонның, ең алдымен офицерлердің ұнжырғасы
түсіп, босаңсып кетті.
Олар тарапынан әскери қаталдық та, өктем бұйрық та болмады. Қалай да бір
шара қолданудың қажеттігі туды. Мен офицерлерді жинап алдым. Олар отыз
алты еді.— Жаралыларды ұрыс даласында қалдырғаны үшін әскери дәрігер
Красненконың атағы қатардағы жауынгерге, ал ата санитар Киреев фельдшерлікке
төмендетілсін. Ұрыс кезінде взводты нашар басқарғаны үшін мен лейтенант
Беликовты қатардағы жауынгерге төмендетем. Взводты жақсы басқарғаны үшін
взводтың кіші командирі Усик командир болып тағайындалады.
Байқаймын, бұл ісіме офицерлер наразы сияқты. Сөзімді жалғамақ болып едім,
Красненко:
— Мен аға бастықтар құрамындағы адаммын, сондықтан сіздің былай істеуге
хақыңыз жоқ, менің жоғары білімім бар, - деп қиқарлық көрсетті.
— Сен дұрыс айтасың, Красненко, бірақ сен менің кім екенімді білмейсің.
Офицерлер ештеңеге түсіне алмай, есінен ауысқан ба дегендей маған аңырып
қарады.
— Мен СССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателімін, Мен СССР
Халық Комиссарлары Советінің Председателімін, Мен СССР Қорғаныс
Комитетінің Председателімін, СССР-дің Бас прокурорымын... СССР Қарулы
күштері барлық түрлерінің бас қолбасшысымын! Түсінікті ме сендерге?! Немене,
сендер менің есім ауысты деп ойлап тұрсыңдар ма?! Жоқ, ақылым өз орнында.
Мен — командирмін, сондықтан бар билікті өз қолыма аламын! Совет Одағының
оккупацияланған территориясы — мұхит, ал біз тұрған мына 350 метр жер —
арал болып есептеледі.
Бас билік кімде, мұндағы Бас қолбасшы кім? Әрине, мен. Мен сендерді
119
атақтарыңнан айырып тастауға да, өздеріңді атып тастауға да еріктімін. Маған
сендер:
— Бізді немістерге тапсыр, - дегілерің келе ме. Жоқ, бұларың болмайды. Сендерді
аштыққа да, немістерге де бермеймін! Егер екі-үш күннің ішінде біз негізгі
күшімізге қосыла алмасақ, бәріңді пулеметпен жусатып, өзімді де атам. Бұл үшін
сендердің әйелдерің мен балаларың маған алғыс айтатын болады.
Осындай тік, қатал мінез көрсете келе, бәрінен еңселерін көтеруін, берік
болуларын тағы да талап еттім...
Пашково деревнясына жақындадық. Басқа елді мекендерде неміс бар, бірақ мына
деревняны неге екені белгісіз, олар орағытып өтіпті.
— Бұл жерде кім бар? Председатель ме, бригадир ме?— десем, тұрғындар:
— Иван Петрович бар,— деді. Мен оның маған жолығуын өтіндім. Ол келіп, ке-
уделеп, кәдімгідей қатқыл үнмен:
— Сендерге мұнда не бар? Бұл жерге енді неміс өкіметі орнады емес пе?!— деді.
Мен:
— Батальон жау тылынан келе жатыр, ол көптен аш. Саған бес минут уақыт бе-
рем.
Үш сиыр тауып сойып, деревня әйелдерін жиясың да, бізге ас әзірлетесің,— деп,
Хасановқа қарап: «Хасанов, бар да бәрінің ойдағыдай орындалуын қадағала», -
дедім.
Он минуттан кейін барлық деревня адамдары жиналды. Үш сиыр алып келіп еді,
мен қойындар деп бұйырдым. Жиналғандарға біздің кім екенімізді түсіндіріп:—
Жеті тәулік бойы жүріп келе жатырмыз, тыныстағымыз келеді. Деревнядан
ешкім шығуға тиіс емес, кім шықса да атамыз! - дедім. Сәл ойланып тұрып, әрбір
әйелдің он жауынгерге лайықтап жақсылап тұрып ас пісіруін өтіндім.
Мен деревня әйелдерінің іс-қимылына риза болдым. Екі күн дем алып, бір күн
немістермен шайқасып, келесі тәулік те өзіміздің бөлімдерге келіп қосылдық.
Осы тұста мен кейбір детальдарға да тоқталып өткім келеді.
Көпке созылған аштықтан кейін мол астан батальонымның адамдары ауырып
қалды.
Дәрігерлік пункттен мен бір шөлмек апиын көрген едім. Қасыма келген Киреевке
«алып жүр» деп бұйырдым. Мұны қазір еске алуым өрескел де болар, бірақ бір
келеңсіздік жағдай осыдан шығып еді. Сол келеңсіздіктің кесірінен мен екі күн
бөгелуге мәжбүр болдым.
Оқиға былай: Маған Рахимов келіп (ол біздегі көп білетін кісі еді):
— Шіркін, апиын болса ғой, адамдардың жағдайын біраз жеңілдетер едік, - деді.
120
Ол кетісімен, мен емдеуді бастадым...
Бір жауынгер ауырып, жайы болмай жүрген соң, өзім дайындаған «дәрімді»
ішкіздім
(жарты стақан апиынға жарты стақан су қосып араластыртам). Осы кезде Рахи-
мов келді.
Мен өзім де сондай мөлшердегі «дәріні» ішейін деп тұрған едім. Ол маған:
— Мұныңыз не? Өстуге бола ма? Мына шөлмектегімен мың адамды емдеуге бо-
лады ғой! - деді.
Рахимов бірнеше секундқа кешіккенде, мен әлгі өзім әзірлеген «дәріні» ішкен
солдаттың кебін киер едім, рас, біз сүт беріп, оны ажалдан құтқарып қалдық.
Панфилов мені жағдайды баяндауға шақырып алды. Оның бір ерекшелігі — өз
әкеңдей мұқият тыңдай білетін. Мен оның қабылдауынан түнгі екіде қайттым.
Апиыннан жасаған «емім» жайында айтқан менің әңгімеме көзінен жас аққанша
күліп алды. Екі офицерімнің атағын төмендету мәселесімен ол келісті.
1941 жылдың 14 ноябрінде мені дивизия командирі басқару пунктіне шақырып
ап, мынадай міндет қойды: Волоколамск тас жолының Горюны деревнясы
ауданындағы Матренино станциясы және 235,1 белгіде, яғни сегіз шақырымға
созылған жерге бекінуіміз керек. Батальонымның осыншама ашық аралыққа
бекінуінен менің зәрем ұшты.
Генерал Панфиловтың тағы бір ерекшелігін айта кеткім келеді: ол өз қол
астындағы адамдарды өзіне тарта білетін, бұл оңай емес. Соны білетін мен ол
кісіден өзімнің ойлағанымды жасырмай:
— Сіз қалайша маған сегіз шақырымға төрт жүз адам бересіз? - дедім. Ол:
— Сіз қорықпаңыз, бір ротаны Горюны, бір ротаны Матренино станциясы, бірін
235,1 белгіге орналастырып, аралықтарды бақылаусыз қалдырыңыз, - деді.
Мен әлі де түсіне алмай, неге күштерді осыншама шашыратып тұр деп ойлап
таңданып:
— Сонда мен қалай басшылық ете аламын? - деп сұрадым.
Ол:— Егер командирлер қойылған міндеттерді жақсы аяғына дейін түсінсе,
ешқандай басшылықтың қажеті болмайды, - деп жауап берді. Бірақ маған бәрі
бір бұл тапсырма ұнаған жоқ. Ол менің осы ішкі ойымды түрімнен оқып алды-ау
деймін, есікке жеткенімде:
— Біз бұл жерде қорғанысқа бекінеміз. Немістер онымызды жақын күндерде бұзып
өтеді, бізде екі эшелон жоқ. Дивизиямыздың екінші эшелоны сіздер болып табы-
ласыздар. — Маған қарап алып, - білесіз бе, мен сіздердің батальондарыңызды
қатерге тігіп отырмын, жиырмасына дейін 235,1 белгіде Горюны, Матренино
121
шептерінде жауды ұстап тұрыңыздар...
Мен: «Немістер әлі келген жоқ. Ол маған осындай міндет қойып және батальонды
қатерге тігіп отырмын дейді. Барлық командир өз қол астындағыларға бүйтіп
сыр аша бермес», - деп таң қалдым.
15 ноябрь күні қорғанысқа көштік. 1941 жылдың 16 ноябрінде немістер
шоғырланып, Волоколамскіде шайқасқан күштерін қалпына келтіріп, қуатты
соққылармен майдан шебін үш жерден бұзып өтті: оң қанаттағы Буйгород ауда-
нында Шехтманның 1077- атқыштар полкі бөлімдері қиян-кескі ұрыс жүргізді.
Авдотиньо ауданындағы 690-полктың майдан шебі де бұзылды, полкке берілер
негізгі соққы сол қанаттан Ченцы ауданынан жасалды. Екінші негізгі соққы
1075-атқыштар полкінің Дубосеково ауданындағы учаскесінде орап өту маневрі
арқылы жүзеге асырылды.
Бұл Москваға шабуыл жасаудың екінші кезеңі еді.
1941 жылдың 17 ноябрі біздің дивизияның солдаттары мен офицерлерінің жап-
пай ерлік көрсеткен ерекше күн болды. 28 батырдың қимылы жаппай ерліктің
үлгісі деп әділетті түрде аталып жүр. Дегенмен сол күні бір бұлар ғана емес, ди-
визия жауынгерлері жаппай осылай ерлік көрсеткен еді. Сол күні 1077-атқыштар
полкінің учаскесінде Строково деревнясы ауданында 11 сапер 20 танкіге қарсы
соғысып, ерлікпен қаза тапты. Сол күні Мыканино деревнясы ауданында лей-
тенант Угрюмов, саяси жетекші Георгиев басқарған он жеті ержүрек жауынгер
гранаталармен жиырма бес танкіге қарсы шайқасып, сегіз танкіні өртеп жіберді.
Олардың тек екеуі ғана тірі қалды.
Осындай жанкешті қарсыластан кейін немістер кері бұрылуға мәжбүр болды.
Ядрово деревнясы ауданында, 1073-атқыштар полкінің екінші батальонының
тылында кіші лейтенант Мұқаметқұл Исламқұлов пен лейтенант Огуреев жиырма
атқыштарымен кездейсоқ кездесіп қалған неміс батальонының автоматшыларына
тойтарыс берді. Осы күні Дубосеково ауданында полковник Капровтың
1075-атқыштар полкіндегі аға лейтенант Гундиловичтің төртінші ротасының
Клочков бастаған жиырма сегіз жауынгері елу танкіге қарсы шайқасады.
Гундилович кейіннен майор шенінде қаза тапты. Бұл күні командир Семен
Краев пен саяси жетекші Ақтан Хасановтың сексен, Матренино станциясындағы
лейтенант Ефим Ефимович Филимонов басшылық еткен жүз жиырма және
Волоколамск тас жолындағы Горюны деревнясында лейтенант Танков басшылық
жасаған тоқсан атқыштар жаппай ерлік көрсетті.
Міне, жиырма сегіз батырдың ерліктерімен бірте 1941 жылдың 17 ноябрі күні
қаншама ерліктер болды.
Жоғарыда жиырма сегіз батырдың ерлігінен де өзге жаппай ерлік көрсеткендер
көп болды дедім ғой. Бірақ Егоров, Логвиненко, Мұхамедияров секілді
басшыларымыз неге екені белгісіз бұл жөнінде үн-түнсіз қалды. Тарих кешірмес
деп мен олардың есімдерін әдейі атап айтып тұрмын. Менің осы пікірімді дивизия
жауынгерлері қолдап, қуаттайды депойлаймын. Осыған байланысты «Ерлік
122
ескерусіз қалмасын» деген халқымыздың қанатты сөзі еріксіз еске түседі.
Егер әлдебір топтардың, бөлімшелердің немесе жекелеген жауынгерлердің
ерліктері бағаланбай қалса, оған командирлер мен басшылардың өз борыштарын
аяғына дейін орындамағаны кінәлі. Кейінгі кезде мен бұл туралы мәселе көтергім
келіп-ақ еді, бірақ оны аяғына дейін жеткізе алмадым, себебі біреулер оны өткен
іс деп қарады.
Біз дивизиямыздағы барлық жауынгерлердің ерлігін жиырма сегіз батыр ерлігінің
нәтижесі деп бағаласақ, мүлдем әділетсіздік әрі ақылсыздық болар еді. Жиырма
сегіз батыр тарихта болды және бар, олардың ерліктерінің алдында мен жерге
басым тигенше тағзым етемін. Оны жаппай ерліктің үлгісі деп білемін, бірақ
оларды жалғыз деп санасақ, онда онымыз дивизиямызға мәртебе әкелмек емес.
Мені істің екінші жағы да ойлантады.
Неге бізде батырлар міндетті түрде қаза табады, оларды аман алып қалуға
болмады ма? Шын мәнінде генерал Панфилов та, Капров та, Гундилович те
қолдарынан келгеннің бәрін істеп бақты, алайда барлық ойлағандары іске аспады.
Неге десеңіз, күштің аты күш, әрі дұшпанның басымдылығы оңай басымдылық
емес еді.
Біздің дивизияның жаудың алты дивизиясымен соғысып, жеңіске жетуінің негізі
— солдат пен командирлердің жақсы әскери дайындығы мен қолбасшы ретінде
генерал Панфиловтың дұрыс басшылық жасай алуы болды. Жаппай ерлік көрсету
17 ноябрь күні ғана емес, барлық жерде, әрдайым болып тұрды.
Жаппай ерлік көрсету дегеніміз не? Бұл — күрес, жорық жасау мен соғыс
техникасын сәтті пайдалану шеберлігі, солдат пен офицерлердің тәртібі. Сегіз
адам сексен адамды ешқашан жеңе алмайды, күштің аты күш емес пе? Бұл
жөнінде қазақ мақалы «Білекпен біреуді, ақылмен мыңды жығасың» демей ме?
Суворов санмен емес, айла-тәсілмен ғана жеңіске жетуге болатынын айтқан ғой.
8-гвардиялық дивизия немістің алты дивизиясына қарсы соғыстағы жеңіске
жұдырықпен емес, солдат пен офицерлердің ақыл-ойымен, ұрыс жүргізу тәсілінің
шеберлігімен жетті.
Сөзім дәлелді болу үшін Матренино станциясында болған эпизодтан үзінді
келтірейін.
16 ноябрь күні сағат он екіден бастап жиырма неміс самолеті шабуыл жасады.
Күні бойы кешке дейін дұшпандар артиллериялық дайындық жүргізді. Осы
уақытта 235,1 белгіде немістер 2-ротамызды артиллериялық атыс нысанасына
алды.
Мен Горюнада болатынмын. 17 ноябрьде дұшпан авиациясы тағы да шабуыл
жасады.
Лейтенант Филимонов немістер шабуыл жасауға жиналып жатқандығын
хабарлады. Ал генерал Панфилов жауды жиырмасына дейін тоқтатып тұруға
123
бұйрық берді. Шынында дұшпандар жүз жиырмадан адамымыз бар әр
тобымыздың тұрған жерін артиллериялық атыс алаңына айналдырды. Жер қатып
қалған, қазып, паналау қиын. Немістер қандай жағдай болса да тораптық пунктті
басып алуға бекінді. Байқаймын, жерде де, аспанда да басымдылық дұшпан
жақта, әйтсе де оған жиырмасына дейін тойтарыс беруге бұйрық бар. Осындай
қантөгіс, қырғын жағдайда жүз жиырма адамның қайсысы аман қалар екен деген
суық ой еріксіз сумаңдайды.
Мен жиырмасына дейін мына қырғыннан ротадағы бірде-бір адам тірі қала қоймас
деген тұжырымға келдім. Әрине, тапсырма орындалмайды. Оны да ішім сезді.
Ендеше, басқа әрекет керек. Дұшпан қалай ойласа солай ойлауына мүмкіндік
беру керек. Оның Матрениноны алғысы келеді ме, ала берсін!Жүз жиырма адам
алты жүз дұшпанды жеңді дегенге кім сенер?! Тек осылай дей салсақ, жағасын
ұстап, «өтірігің бар болсын, қарағым» деп естіртіп айтушылар көп-ақ болар.
Сондықтан әңгімені, уақыт ерік берсе, бастан шертелік.
Темір жол мен тас жолдың айқасқан жерін түйінделік. Біреуімен біріне-бірі
тіркеліп поезд, біреуімен машиналар, арбалар жүреді. Ресейдің қалың орман,
қаптаған шалшық саз, жолсыз жерімен машина, ат арба түгілі салт атты адамның
ұзақ жүруі де мүмкін емес. Сол себепті ақыры аттылы-жаяудың күні мимырт
қимылға тәуелді.
Соғыс кезінде дұшпанның бос жатқан жабайы шалшық орманның ішінде әкесінің
ақысы бар ма, керісінше, оған да жол керек. Ал басып аламын деп келе жатқан
қыстақ, қалалар да тек сол жол бойында. Қорытып айтқанда, Волоколамск
қаласының шығыс жағында егес, тартыс, барлық жағаласып, арпалысып қан
төккен соғыстар ылғи жол үшін, жол бойында болды деп айтсақ қателесе
қоймаспыз. Жолды бөгеп (әрине, күшпен, қару- құралмен) қолдан шығармай,
көлденең түсіп жатсаң, дұшпан үшін айналаға құшақ жайып, жаяу әскерімен,
болмаса танкпен өкпе түс бүйректен соғуға жер жағдайсыз-ақ.
41 жылдың ноябрінің 17-ші жаңасы елдің көбінің есінде болар. Жалпы майдан
жағдайына тоқтаудың керегі аздықтан, сол күнгі көзбен көрген көп оқиғаның
біреуін шала-шарпы болса да айтайын деп тұрмын.
Екі жолдың айқасқан жері Матренино станциясын лейтенант Филимонов
басқарған 120- атқыштар үш күннен бері қорғап жатыр. Жігіттердің беліне
қыстырып жүретін кішкене күректерінің тоңған жерге тісі өтіп, еш болмаса
белуардан жер ошақ сықылды шұңқыр окоп та қазып ала алмады.
Азанда он бес самолет келіп станцияны бомбылап, атқылап ойран салған.
Есімізді жинап алғанша зуылдап ұшып, күрсілдей жарылып, зеңбірек, миномет
оқтарының түрлі-түрлісі жауа бастады. Тоқтар емес. Ызыңдап ұшқан шойын
жаңқа бас көтертпейді. Күндізгі сағат 12-ге дейін жаудың істеген қылығы -
атқылау мен бомбылау болды.
Зеңбіректің оғынан пайда болған жер ошақтай шұңқыр жерді паналағанның жаны
124
қалады. Снаряд тап үстінен дәл түспей қасыңа келіп жарылғанда, ауа толқыны
жаныша соғып, құлағыңды шың еткізіп, қопарылған топырақпен тірідей көміп,
біраз уақыт есіңді есеңгірете шығарып, басып қалғаны болмаса, қан шығарып
залал етпейді. Сол себепті сондай атыстың астында әскерлердің бетегеден биік,
жусаннан аласа күй кешіп, жер бауырлап, ой, шұңқыр іздейтіндері қорқақтық
емес — тіршілік, аман қалудың, соғыстың бір әдісі, айласы деп тану керек.
— Неміс қояр емес қой. Не көрінеді? - деп сұрадым Филимоновтан.
— Иә, қояр емес. Бізді атқылап-атқылап, топырақпен араластырып күлімізді
көкке ұшырып, ойы шамамда, тапа өлігіміздің үстіне келмек қой деймін, - деді.
— Жау әскері көріне ме?
— Орманның шетінде бес-алты жүздейі жиналып жатыр. Мына қоймай атып
жатқаны, шабуыл жасап, жаяу әскерін шығынға ұшыратқысы келмегені ғой.
— Олай болса, тап соның ойындағыдай-ақ болсын. Соның-ақ тілегі орындалсын.
Шығынсыз алам деген станциясын алсын. Ротаңа бет-бетіңмен бытырап, үрейлене,
жоғары көпірге қарата қашыңдар деп бұйрық бергін, - деп ем, Филимонов таң
қалып: - Не деп тұрсыз, жолдас комбат? - деді.
— Солай, жаңылыс есіттім деп тұрсың ба? Менің бұйрығым солай, барғын, -
дедім.Жүз жиырма жігіт орындарынан тұра салып, алды-артына қарамай, бет-
бетімен тым- тырақай, станцияны тастап зытып берді.
— Халт, алт (тоқтат)! - деген дауыс неміс жақтағы орманнан шықты.
Демнің арасында зеңбіректер атуын тоқтатты. Немістер орманнан шығып, төрт-
төрттен қатар түзеп, лек-легімен (роталарымен) салтанаттанып қыстақ пен
станцияға кешікпей-ақ кіріп келді. Біздің жігіттер көпірдің астына жиналды.
Ол кезде немістер солдаттарына:
— Мына қыстақты, қаланы алсақ, барлық бағалы нәрселер сенікі — талап
алуға еріктісің. Барлық сұлу келіншектер, сұлу қыздар сенікі - зорлап, қорлауға
еріктісің,- деп айуан мінезді құзғындарын соғысқа салатын еді. «Бес сағат есінен
таныта атқылағаннан кейін станцияны қорғап жатқан қызыл әскер қашып кетті,
ешқандай қауіп жоқ» деп ойлады білем, сор маңдай жау командирі станцияға
ене салысымен-ақ солдаттарын елді тонауға қуып, үй-үйге таратып жіберді.
Кейбіреулері тауықты, кейбіреулері шошқаны қуып, ұстай алмай жүр. Ақыры
қыстақтың шет-шетіне қарауыл қоюды да ұмытты. Бәрі тап нағашысының үйіне
келгендей бейғам.
Отыз-қырық минут өткеннен кейін, қызыл тұмсық болып, оңай олжаның қызығына
батты- ау деген кезде көпір астындағы жүз жиырма жігітті қырықтан үш топқа
бөлдім. Оларға Филимонов, Хабиболла Рахимов, Жалмұхамбет Бозжанов бастық
болып тағайындалды.
125
— Ал жігіттер, біз станциядан 200-300 метрдей жерде тұрмыз. Мылтықтарыңды
серт ұстап, қыстақтың үш жағынан бір мезгілде жүріп бара жатып атқылап,
«ура!» деп дауыстарыңмен барынша айқайлап, шабуыл жасап, тиіңдер. Немістер
мына бейғамдығының игілігін жақсылап көріп, сендердің оқ, найзаларыңның
дәмін татсын.
Барыңдар, жолдарың болсын, тәуекелге бел байладым, - деп жарлық еттім.
Күтпеген жерден, жайбарақат талаудың қызығына батып жатқан дұшпанға
үш жақтан бірден тарсылдап атылған мылтықтардың, бар пәрменінше уралап
айқайлап, жүгіріп қарсы шабуыл жасап келе жатқан жүз жиырма жігіттің
ащы дауыстары күннің күркіреуінен, жердің сілкінуінен оңай әсер еткен
жоқ. Үрейленбеске шама қанша, немістер үй-үйден дүркірей үркіп шығып,
кейбіреулерінің аузындағы асы тамағынан өтпей түйіліп, кейбіреулері талаудан
алған заттарды құшақтай, біреулері шалбарының түймелерін асығыста салуға
шамасы келмей, қолымен түре ұстап, командирлерінің «һалт» деген ойбайына
бой бермей, тіпті пистолетін алып қорқытқанын да елемей, бет-бетімен алды-
артына қарамастан, жығыла-сүріне сасып, қыстақтан орманға қарай дегбірсіздене
зытқанын керіп, қуаныштан жүрегім жарылып кете жаздап:
— Ия, бабамның аруағы қолдадың ба?! - деппін. Орманның шеті қыстақтан 500-
600 метрдей еді.
Немістердің оққа ұшқандары қалпақтай ұшып, жалпасынан түсіп, сұлап жатқан
жерінде қалып, амандары дедектеп безіп барады. Біздің жігіттер атқылап, қуып
жеткенін шанышқылап, соңынан өкшелеп қалар емес...
Темір жолдың төмпеш қырына шыға берісте Курбатов дейтін бір орыс жігіті
(соғыстан бұрын Алматы қаласында кіре тасып қызмет еткен) еңгезердей бір
неміс офицерін қуып жетіп атып, ия шаншып өлтірудің орнына етегінен ұстап
тартады. Неміс артына жалт қарап, торғайдай кішкентай Курбатовтың тұлғасын
көріп, «тіптен басындыңдар-ау» дегендей өзінше бірнәрсені былдырлап айтып,
құсаланып келіп, Курбатовтың жағасынан алып, қылқындыра ұстап, тұмсықтан
жұдырықпен періп-періп жіберіп жығып, үстінемініп алып, буындыра бастайды.
«Өлді деген осы, менің шынымен-ақ талқаным таусылған екен, қап, бұл итті неге
атпадым, неге шаншымадым кезі келіп тұрғанда, мені ажал айдап мұның етегінен
ұстатқан болар» деген өкініштермен Курбатов тырп етуге шамасы келмей,
өгіздей немістің астында жатыр. «Еш болмаса, әрекет істеп өлейін» деген оймен
ышқына жұлқынып, дұшпанның жағасынан ұстап көтеріле бергенде, немістің оң
аяғы тайып, екеуі құшақтасып, ылдиға қарай домалайды. Төмен қарай әңгірлеп
барады. Бір-бірінен айырылар емес.
Күшінің жетпейтініне көзі жеткен Курбатов ортан қолын айырша ұстап, кеңсірікті
дәлдеп, немістің екі көзін шұқып шығарады. Неміс «ой» деп Курбатовты босатып,
екі қолымен көзін басып қалтаңда, ол оны найзамен шаншып, қалған немістердің
соңынан жүгіргендерді қуып кете барады.
Қысқарта айтқанда, дұшпанның 300 өлігін санадық. Қалғандары орманға зытып,
126
алды- артына қарамай безіп кетті. Олардың қаншасы жарақаттанғанын, қаншасы
сау екенін айта алмаймыз.
Төрт станокті пулемет, екі зеңбірек, жеті радио аппараты, 24 қол пулеметі, екі
штаб машиналары барлық документтерімен, тағы басқа олжаларға ие болдық.
Бұл соғыс — біздің жігіттердің жалпы батырлық, батылдық көрсеткенінің бір
үлгісі.
Бұл соғыста дұшпанға жем тастап, жемтікке тоя бергенде, аз күшпен желке
бүйірлерінен соғып, жеңісін, жегенін желкесінен шығарған тактикалық әдістің
сәті түсе қолданылған нәтижесі көрінді.
Бұл соғыс — дұшпанның араны ашылған баспашылық мінез-құлқын өзіне таяқ
етіп жұмсаған ұрыстың бірі.
Бұл соғыс ата-бабамыздың айтып кеткен «білек бірді, ақыл-айла мыңды жеңеді»
деген мұра, соғыс дәстүрінің халық тәжірибесінен шыққандығына дәлел.
Енді өз батальонымның іс-тәжірибелеріне неге толық тоқталғанымды түсіндіре
кетейін.
Өйткені мен оны жетік білемін, сондықтан батальон өмірінен мысалдар келтіріп
тұрмын. Бұған қарап өзі туралы айтқысы келе береді, яғни өзін өзі сүйеді, жақсы
көреді деп ойлап қалмаңыздар. Олай ойлау әділеттікке жатпайды, дивизиямызда
менің батальонымдай батальондар аз емес, тіпті жақсылары да бар. Осыны
ескерте отырып, сөзімді жалғай түсейін.
231,1 белгіде немістер артиллериялық дайындық жүргізді. Краев менен телефон
арқылы:
— Не істеу керек? Немістер айналып өтуі мүмкін? - деп сұрады.
Мен: «Бұл жерде дұшпандар не істемекші? Жау біздің топты қоршап алып,
жойып жібергісі келе ме? Ә, онда дұрыс, жау қалай ойласа, солай-ақ істейік»,-
деп шештім.
Краевқа:
— Өліп қалған болып көрініңдер. Немістер солай ойласын! - деп бұйырдым. Аяқ
астынан біз жақтың атысы тоқтады. Немістер де артиллериялық дайындықтарын
тыя қойды.
Жау колонналары жинақталып, сегіз танкісі бізге жақындап келеді. Миналанған
деп ойлап, алдыңғы үш танкінің экипажы — тоғыз адам көпір үстін қарауға
шықты. Осы кезде «өлгендер» тіріліп кетіп, «ура!» деп айқайлай түрегеліп,
сексен адам төрт жүз адамғақарсы шабуылға шықты. Пулеметші тез арада көпір
қарап жүрген экипажды жер жастандырды.
Нәтижесінде жүз елу неміс жойылды, бір зеңбірек, бір трактор-тягач, жүз елу
127
снаряд, үш танкі және документпен қоса штабтың машинасы қолға түсті. Осылай
қоршауда қалу қаупі кейде сақтандырумен бірге, жеңіспен де аяқталғаны бар...
Немістер майдан шебін тағы бұзды. Дубосеково арқылы Ядрово, Омельфиноға
өтуге ұмтылды. Гусеновода ұрыс жүргізіп жатыр. 1073-полктің бірінші
батальонында Ядрово, Покровское, Матренино, Дубосеково жақтан дұшпандар
шабуыл жасауда.
1941 жылдың 17 ноябрі күнгі кешінде менің командалық пунктіме 1073-атқыштар
полкінің командирі Елин, полковник Капров, майор шеніндегі танкіге қарсы
соғысатын полк командирінің біреуі келді. Бұл күні мен қолға түскен документтерді
— төрт қапшық қағаздарды штабқа жібердім.
Бір айта кететін жай, порнографиялық суреттерді өздерімен бірге алып жүру
— немістердің әдетіне айналып кеткен. Себебі ол суреттердің неміс армиясын
тәрбиелеуде өзіндік сыры, мәні бар. Соны немістер жасыру орнына, мемлекеттік
насихат құралы ретінде жұртқа жария етеді.
Генерал Панфилов түнгі сағат он екіде мені телефонға шақырып, жағдайды
баяндауымды талап етті. Жағдайды баяндадым. Осы сәтте командалық пунктімде
полковник Капров пен Елиннің де бар екенін мәлімдедім. Панфилов маған:
— Барлық топ үшін басшылық етуді қабылдаңыз! - деп бұйырды. Мен пун-
ктте полковник бар екенін тағы да түсіндіруге тырыстым, бірақ генерал «сіз
қабылдаңыз» деді.
Менің қобалжып тұрғанымды көрген Бозжанов:
— Ақсақал, өзіңіз басқарыңыз, бізді ешкімге тапсырмаңыз, - десе бола ма? Оның
мына сөзінен кейін күдігім, қобалжығаным сейілді.
Мен командалық пунктіме келдім де «генерал Панфилов басшылық етуді
қабылдауға бұйрық берді» дедім. Сөйтіп мен алты сағат мерзімге топтардың
командирі болдым.
Осы жағдай кезінде маған полковник Капровтың тәртібі, саналылығы,
ұстамдылығы керемет ұнады, ол генерал Панфиловтың бұйрығын бұлжытпай
орындады. Шенінің, жасының үлкендігіне қарамай маған қалтқысыз бағынуы
—- оның айрықша қасиетін танытса керек...
128
БЕСІНШІ КҮН
24 январь 1944 ж.
Сағат 12-ден 17-ге дейін
Бауыржан Момышұлы. Панфиловтың екінші басты тактикалық ой-жоспары
дұшпанды кетіп бара жатқан негізгі бағытынан, Москва бағытынан басқа жаққа
алаңдатып, күшін аударып жіберу еді. Сол себепті ол тас жолдың біресе оң, біресе
сол жағына өтіп шегінді, ал дұшпан болса оның ізіне өкшелеп түсуге мәжбүр
болды. Сөйтіп бұл маневрдің мақсаты қалай да дұшпанды алға жібермей кідіртіп
ұстап, уақытты ұту болатын... Жау басып алған Матренино деревнясына дейін
жетіп тас жолды қиып өту үшін ұрыс жүргіздік. Үлкен тас жолды кесіп өтердегі
эпизодқа тоқталайын.
Панфилов немістердің ілгері жылжуына мүмкіндік бермес үшін, бұл тұстағы
жолды қиып, бөгеп тастады, ал біздің әскерлер мына тұстан, мына жерден орағытып
өтті (картадан көрсетеді). Панфилов өзінің негізгі позициясына орныққан кезде,
ол үлкен жолғаұмтылмай, оны айналып, орағытып өтіп отырды. Дұшпан болса
үлкен жол бойындағы өзінің күшінің қалыпты қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету
үшін Қызыл Армия бөлімдерін 5-10 километрге дейін кейін шегіндіруге мәжбүр
болды. Осы айла-тәсілімен Панфилов дұшпанның бағытын басқа жаққа бұрып,
оның күшін ыдыратып, бөлшектеп жіберді, немістердің уақыт жағынан ұтылуына
әкеп соқтырды. Ізінше ілгері ұмтылып, дұшпанның жолына кесе көлденең тұрды.
Осы жерде Панфилов «серіппе» (спираль) деп аталынған әдісті керемет қолдана
білді. Мен мұны серіппе деп айтып отырған себебім — Панфилов дивизиясының
Москва түбінде жүргізген барлық ұрыстарында үлкен жолдан шығып, дұшпанды
соңынан ілестіріп, оны он километр жерге дейін өкшелете алып кетіп, жолды
қиып тастады, содан кейін қайта ұмтылып, оның жолын бөгеп, ізінше қайта
бұрылып кетіп отырды. Мұндай маневрді қолдану дұшпан күшінің ыдырауына,
біздің бөлімдердің қайта үлкен жолға шығуына мүмкіндік туғызды, бұл айла-
тәсіл жаудың діңкесін құртып, әбден титықтатты. Әрі уақытты ұтуға мүмкіндік
жасады. Бұл тәжірибені қазір көптеген генералдарымыз бен полковниктеріміз
қолданып жүр. Соғыстан кейін бұл «серіппенің» - ұрыс әдісінің соғыс тарихына
енетініне, оның авторы болып Панфилов танылатынына кәміл сенемін.
Голубцово, Авдотьино, Ефремово, Амельфино деревнялары маңында біздің
бөлімдеріміз дұшпанмен кескілескен ұрыс жүргізді. Мына жерде 1077-полктің
бірінші батальоны, ал Амельфинода — 1077-полк болды. Бұл аудандарда өте
шиеленіскен шайқастар жүргізілді, ұрыс қисапсыз қантөгіске айналды.
Строково ауданындағы ұрыс туралы әңгімелеген кезімде, он бір сапердің қаза
тапқан жерін айтқан болатынмын... Онда шайқас жүргізген негізінен 1073-ші
полктің бірінші батальоны еді. Басты жол торабымен алға жылжу мүмкін еместі,
129
жаудың шоғырланған күші жол торабының оң қол жағында болатын. Сондықтан
батальон қоршаудан шыға отырып, артқа қарай, яғни сол жаққа шегініп,
Матренино деревнясына дейін барды. Бұл кезде қызыл әскер, бөлімдер темір
жолдың оң жақ қапталында болатын.
Горюны қыстағы жау қолына қалдырылған соң, Волоколамск тас жолы бойымен
немістердің лектері бірінен соң бірі үздіксіз алға жылжыды. Кенет мотоцикл,
оның ізінше жеңіл машина, солдаттар отырған жүк машиналары көрінді, ал
біздер жолдан жиырма бес- отыз метрдей жерде тұрмыз. Мен жеңіл және жүк
машиналарын алға өткізіп жіберіп, соңғы жеңіл машина тұсымыздан өте бастаған
кезде «атыңдар!» деген команда берем деп жарлық бердім. Бұйрық бойынша
жауынгерлерім дұшпан жүргізушілерін емес, солдаттарын атуға тиіс болды.
Ондағы есебім үрейлері ұшқан жүргізушілер естерін жинамаған күйі машинаның
кузовында отырған жаралылары мен өлгендерін құйғыта ала кетеді. Осы кезде
біз олар естерін жиғанша, жолды кесіп өтіп үлгереміз. Есеп осылай болатын.
Дәл осылай әрекет еттік те. Соңғы жеңіл машинаны тоқтатуға бұйрық берілген-ді,
сондықтан кабинадағы жүргізуші мен оның қасында отырған офицерді нысанаға
алдық.
Документтерді қолға түсіру үшін машинаны тоқтату керек деп шештік.
Оқ жаудырғанда, соңғы машина кілт тоқтады. Іштен екі офицер атыла шығып,
құлады да, жүргізуші рульде қалды.
Атыс кезінде немістердің кейбірі машинадан секіріп жатты, бірақ бәрі де
өлімші жаралы еді. Есі шыққан жүргізуші машинасын құйғыта айдап, алды-
артына қарамай зытып отырды. Мен тобымызға жүгіре отырып, орманға жетуге
бұйырдым.
Бізде егер дұшпанды өлтірдің бе, онда оны дәлелдегін. Осындай нұсқау
болатын. Құр сөзбен 10-15 немісті өлтірдім дегенше, көз жеткіз, дәлелде. Ол
үшін жауынгерлерге өлтірген дұшпанның қалтасын қарап, документтерін алуға
тапсырма берілді. Себебі аңғашыққандай ұрыста да қиыстырып айту кездесетін.
Жауды қарауылға алса болды, өлтірдім деушілер де бар. Бір дұшпанның көзін
жойса, он дұшпанның көзін жойдым дейтіндер де табылатын. Осыдан келіп,
жауды өлтірдің бе, документ арқылы дәлелде деген бұйрық берілді.
Мен «алға!» деп бұйрық бердім. Машиналардан секірген кезде оққа ұшқан елу-
алпыс немістің өлігі жатқан жерге бәріміз атыла ұмтылдық. Мен жеңіл машинаның
жанында өліп жатқан неміс офицерінің қасына жете бере жауынгерлеріме бұрыла
қарап: «Документтерін алыңдар!» - деп айқайладым.
Шашы сап-сары жау офицерінің документтерін ешкім алып үлгермеген шығар
деп ойлап, төмен еңкейсем, қалтасының аузы ашық, білегінде сағаттың ізі
қалыпты. Кім алып үлгерді екен?
Жаныма Бозжанов келді. Екеуміз машинадағы радиостанцияны, документтерді
алдық. Бұл штаб машинасы екен. Оны танкіге қарсы қолданатын гранатамен
130
жарып, орманға еніп кеттік.
Асуда аялдадық. Батальон штабының бастығы Рахимов: «жер жағдайын
бағдарлап алуымыз керек, рұқсат етіңіз», - деді. Мен: «бар, рұқсат, бағдарла», -
деп рұқсат бердім.
Ол өзінің тапсырмаларын орындаушы қызметкерін ертіп кетті.
Біз темекі тартып отырмыз. Лейтенант Буранаевскийдің взводы немістер
аңдаусызда бас салмауы үшін үлкен жол жаққа күзетке қойылған болатын.
Әңгіме-дүкен құрып, темекімізді тартып отырмыз... Кенет Буранаевскийдің
взводы «немістер, немістер!» деп айқайлап, тым-тырақай қашып барады.
Мен бірдеңе деуге үлгере алмай қалдым. Қоршауда төрт күн бойы ұрысқан
ержүрек жауынгерлерім үрейленіп, бет алды қаша бастады. Қоршаудан
үлкен қиындықпен алып шыққан танкіге қарсы қолданылатын ат жегілген екі
зеңбіректі тастап кетті. «Төрт рет қоршаудан аман шықтық, мына зеңбіректерді
тастамай, алып жүреміз деп барлық кезде азап шектік, қандай қиындық болса
да қалдырғымыз келмеді. Тіпті жалғыз аяқ жолмен алып жүру ауыр боп, басқа
жол іздеген кезіміз де болды, кідіріп жауынгерлеріміз зіл батпан зеңбіректерді
иықтарына сап, көтерді. Енді бұл қаруларды тастап бара жатқанымыз қалай?»
- деген ой миымның түкпірінде жылт ете қалды. «Қалайша бәрі құрдымға
кетпек?» Мен мүлде мазасыздандым. Панфиловтың «Құрбандыққа жіберілген
батальон» деген сөзі естеріңізде шығар? Ал біздің батальон әлі аман. Енді, міне,
немістер көрінді де, солдаттарым бас сауғалай, тым- тырақай қаша бастады.
«Шынымен бәрі құрдымға кеткені ме?!» - деп ойладым. Есеңгіреп тас болып
қатып қалғандаймын. Бір кезде қарасам, шынында да 100-150 метрдей қашықта
жиырма шақты неміс, бір кішкене жеңіл танкі ентелеп келеді. Бұйрық та, жарлық
та бере алмай абдырап, қалшиып, мұқалып қалған бір сәт туды. Басымда «қалайша
бәрі құрдымға кетпек?» деген жалғыз ой.
Кенет саяси қызметші Федор Дмитриевич Толстуновтың әмірлі даусын естідім.
— Командирлеріңе, комбатқа қараңдар! - деп айқайлады. — Ол жалғыз қалып,
сендер қашып барасыңдар! Ар-ұяттарың қайда, кері қайтыңдар!
Бұл дауыс жауынгерлерге де жетті. Іле жанымнан ысқыра зулап ұшқан оқтардың
ысқырығы естілді. Осы сәтте батальоным түгел кері бұрылды. Филимоновтың
бұйрығы естіліп, жауынгерлерім жауға қарай лап қойды. Мен әлі де өз-өзіме
келе алмай тұрмын.Шын мәнінде өн бойымды үрей билеп-төстеп алған екен.
Толстунов секілді саяси қызметшінің солдаттың ар-ұятына әсер ете алуының
мәні қандай болды десеңізші.
Қысылшаң сәтте жауынгерлердің үрейін басып, кері қайтарған оған мен
қарыздармын.
Бұл нағыз ержүрек, саналы жанның ерлік ісі еді. Жауынгерлерімнің бәрі үрейленіп,
бет алды қашқан кезде, ұрыс даласында жалғыз қалдым. Осы оқиғадан кейін олар
131
мені ержүрек деп дәріптеп жүрді, бірақ мен оны қабыл алғаным жоқ, себебі бұл
ешқандай ержүректік емес, қайта асып-сасып, сөйлей, қозғала алмай қалушылық
бұл. Бірақ бұл оқиға жеке бас ерлік үлгісіндей. Бұдан лезде үрейге берілуге де,
лезде оны жоюға да болатыны көрінеді. Менің қорқыныш сезімі солдаттармен
үнемі бірге жүреді деп жазуымның, дәлелдеуімнің бір себебі осы.
— Көп ұрыстарға қатысқан адам қорқыныш дегенді мүлде ұмытады деген рас
па?- деп маған жиі сұрақ қоюшылар бар. Бұған жауабым: қорқыныш сезімі
жауынгердің бойында әрбір ұрыс сайын үнемі болады, оның болмауы мүмкін
емес. Менің батальоным көп ұрысты бастан кешірді, бұдан бұрын төрт рет
қоршауда қалды. Соған қарамастан жауынгерлерім қорқыныш сезімін жеңе, баса
алған жоқ. Сондықтан мен от пен оқтың өтінде шыныққан солдатқа қорқыныш
сезімі тән емес деген тұжырыммен келісе алмаймын. Ұрысқа төселіп, тәжірибе
жинай келе қорқыныш сезімін жеңіл жеңуге, басқаша бастан өткеруге болар,
бірақ қорқынышты білмейтін ержүрек солдатты сөздің абсолютті мағынасында
іздеп таба алмайсың, болуы мүмкін де емес. Сұрапыл шайқасты бастан өткерген
жауынгердің ержүректілігі оның тәжірибесінде болса керек. Солдаттың бойында
үнемі үрей болады. Осыған байланысты бір әңгімені кейінірек айтып бермекпін.
Тұтқынға түсті ме, әлде оққа ұшты ма белгісіз, Рахимов сол кеткеннен қайтып
оралмады.
Ондай ұстамды, ақылды, сабырлы штаб бастығынан айрылу командир үшін
оның үстіне мына жау тылында, орны толмас өкініш екенін түсінерсіздер. Оның
хабар-ошарсыз кеткеніне, батальонымның үрейлене қашқанына абыржыған
мен бас шолғыншы етіп лейтенант Буранаевскийді тағайындадым, ал ол
солтүстік-шығысқа бару орнына солтүстік-батысқа қарай жылыстап кеткен.
Мен бөлімше командирі емеспін, бас шолғыншылық міндетіме жатпайды. Мен
батальонды басқаруға тиіспін. Әйтсе де, амал жоқ, жоғарыдағыдай жағдайдан
соң Буранаевскийдің орнына шолғыншы болуыма тура келді. Жауынгерлерге
бағыт беруші де, командир де — өзім.
Жүйкемнің, жан дүниемнің қандай жағдайда болғанын өздеріңіз шамалап
отырған шығарсыздар.
Мен Гусеново деревнясына жетуге ұмтылдым. Онда дивизиямыздың штабы
тұрған шығар деп ойладым. Жақындап келсек, Гусеново өрт құшағында жатыр.
Онда немістердің, не біздің жауынгерлердің бары-жоғы белгісіз.
Жол үстінде тоқтап тұрмыз. Барлау жүргізбек болдық. Ұлты украин, сержант
Гапоненко басшылық ететін он екі адамнан тұратын бір бөлімшені күзетке
жібердік те, барлаушылар жұмсадым. Олар оралмады, айнала ашық, жазық дала.
Бір кезде оң жағымнан да, сол жағымнан да мотор гүрілі естіле бастады, демек
жан- жағымызды торып немістер жүргені ғой. Байқасақ, біз жол айырығына кеп
тоқтаған екенбіз.
Батальонымның штаб бастығы Рахимовты жоғалтып, барлаушыларымның
132
оралмауы жүйкеме тиіп, оң жақ, сол жақ шолғыншыларымның өз міндеттерін
қалай орындайтындарын тексергім келді. Батальонымның аман қалуы енді
солардың қырағылығына тікелей байланысты еді. Мұны амалсыздан істедім,
себебі жауынгерлер жау қақпанына түскендей салы суға түсіп кеткен еді.Алдымен
не істеп жатыр екен деп, Гапоненконың бөлімшесіне бардым. Батальонды
күзетудің орнына бәрі ұядағы балапандай үлкен еменнің қалқасына жасырынып
отыр...
Оларға батальонды күзету тапсырылған... Ал мына отырысы неғылған опасыздық
десеңші!?
— Орындарыңнан тұрыңдар! - деп бұйрық бердім. — Бәріңді сатқын ретінде
атып тастаймын!
Жауынгерлердің өңдері қашып, қатар түзеп, үн-түнсіз тұр (бұл олардың өз
кінәсін мойындап, бағынуының белгісі еді). Мен «бәріңді атамын» деген кезде,
Гапоненко бәрін бірдей атпауды өтінді. Мен оны атып салдым. Ол отыра қалды
да, іле орнынан тұрып: «Бәрін атуға болмайды», - деді.
Мен оны жаралаған екенмін деп ойлап, екінші рет атып салдым. Сол сәт басыма
«Ол өзіне кешірім сұрап тұрған жоқ қой» деген ой келді.
Осыншама жап-жақын жерде тұрған Гапоненконы екі рет атып тигізе алмадым.
— Жарайды, сен енді өмір сүруге тиіссің. Бар, өз орныңды тап! - дедім.
Кейін осы Гапоненко мені үш рет өлімнен аман алып қалды. Бұған мен ол кезде
онша мән бермеппін. Қазір ойласам, ол менің өмірде кездескен адамдарымның
ішіндегі ең адамгершілігі мол абзал жан екен. Мұндай әділ солдатты, адал ұлды
тапқан біздің бауырлас Украинаға рақмет.
Егер ол кек сақтаса, қапыда ту сыртымнан бірнеше оқты қонжита салар еді, бірақ
ол оған бармады, керісінше менің әділ екенімді саналы түрде түсініп, мойындай
білді. Тіпті өзі үшін емес, бөлімшесі үшін кешірім жасауды өтінуінің өзі-ақ оның
ең адамгершілігі мол, ізгі жан екенін толық таныта алады. Сондықтан мен әділ
жазаласаң, солдаттар өкпелеп, кектенбейді деген берік тұжырымға бекіндім.
Әбден байыпталған орынды, әділ, аяусыз қаталдыққа солдат ешқашан ренжімейді,
қайта ондай қаталдық адамгершілікке, гуманистікке негізделген. Менің осындай
әділ қаталдық қажет деген бірнеше тұжырымдарымды кітаптан кездестірген
боларсыздар. Әділдік әрбір командир, әрбір солдат мойнына үнемі татып
жүруге тиіс бейне бір бойтұмар сияқты. Тек әділдік күшінің арқасында ғана әділ
жандардың әділеттілігі өмірден орын алады. Бұл тұрғыдан алғанда Гапоненко
менің өмірлік ұстаздарымның бірі болып табылады. Мен ұстамсыздыққа,
қызбалыққа салынып, оны атқаным үшін осы күнге дейін бет жүзім жанып,
қатты ұяламын. Бірақ бұл алда өзімді тежей, ұстай білуге септігі тиген үлкен
сабақ болды...
Мен өз бөлімдерімді Гусеново, Колпаки деревняларында кездестірермін деп
133
үміттенген едім, сөйтсем олар шегініп кетіпті. Күн кешкіруге айналды.
Ново-Покровское деревнясы төрт тас жол мен темір жолдың түйіскен торабы сан
алатын.
Генерал Панфилов та дұшпанды осы тұстан тосып алуды көздеген екен. Оны
мен байланыстың үзіліп қалуы салдарынан ол сәтте білгенім жоқ. Бізге екі ауыр
зеңбіректі сүйретіп жолсыз жермен жүру мүмкін емес еді, сол себепті соқпақ
жолмен, кейде тоғай арасындағы сүрлеумен жүрдік. Көз байланған кезде кайта
жолға шықтым, қараймын, асыққандықтан болса керек, немістер тас жолмен
түнделетіп шығысқа қарай кетіп барады.
Не істеуіміз керек? Таң атқанша оң қанатқа жетіп, өз адамдарымызға барып
қосылу үшін біздің де жолмен жүруіміз қажет. Солтүстікке өтіп едік, мұнда да
неміс бөлімдерін кездестірдік.Түн, ұзақ. Немістер, неге екені белгісіз, жолмен
жаяу жүріп, өзара әңгімелесіп барады.
Міне, бізден жетпіс метрдей қашықтағы тұстан жау легі өте бастады.
Мен өз батальоныммен олардың соңынан ілесе жүруім керек деп шештім.
Алдымызда майор бастаған немістер, олардан жетпіс метрдей ара қашықтықта
винтовкаларымызды оқтап кезене ұстап, аш ішекше шұбатылып біз келеміз.
Осылай үш-төрт километр алға жылжыдық. «Батальонды тұтқынға түсірмеуім,
аштан қырылмауымыз керек, - деп ойладым. - Жаумен атысып, іргесін бұзып
өтеміз...»
Бізден кейін келесі неміс легі келе жатқанын байқадық. Ортада біз. Кенет
мотоциклге мінген неміс байланысшысы қуып жетіп, «хахяло», «хахяло» деп
айқайлады. Біз үндемедік. Ол алға қарай зымырай жөнелді, оның соңынан он
шақты мотоциклист әлгідей айқайлап, бізді басып озды. Кейбіреулер бізге неге
жетпіс-жетпіс бес метр ара қашықтық ұстадыңыздар деп сұрайды. Егер біз жау
легінен 300-400 метр кейін жүргенде жауға оп- оңай сезік туғызып алар едік.
Немістер аялдап, демалуға тоқтады. Бізге енді бұдан ары жылжуға болмайтын
еді. Оңға, тоғай жолына бұрылдық. Жау бізді кеш біліп қалды. Арандату
мақсатымен соңымыздан: «Жолдастар, тоқтаңыздар!» деп айқайлады. Біздің
кеткен жағымызға жарық түсіріп, ата бастады. Бірақ бәрі де кеш еді, біз бұл
кезде жаралы жолдастарымызды кезек-кезек арқалап, бір жарым-екі километр
жер ұзап кеткен едік.
23-ші күні Колпаки ауданының солтүстік жағында тұрған дивизиямыздың оң
қанатынан барып шықтық. Осы орайда жоғалып кеткен Рахимовтың жағдайына
тоқталайын. Оның тапсырмасын орындаушы қызметкері Семернин оралды. Ақ
аты жараланыпты.
Семерниннің айтуынша, Рахимов окопқа жасырынған көрінеді. Одан кейінгі
тағдыры белгісіз.
— Бастығыңды тап, онсыз маған керегің жоқ! - деп бұйырдым. Ол ләм-мим демей,
жаралы атына мініп, келген ізімен кері кетті. Ол Рахимовты блиндаждың бірінен
134
іздеп табады. Оған батальонға барғанын, менің оны кері қуып жібергенімді ай-
тады. Рахимов өзінің ординареці Семернинмен шығысқа өтіп, бізден бір тәулік
бұрын келіп жетеді.
Семерниннің ерлігі — алғаш үрейге беріліп, жалғыз оралғанымен, «бастығыңды
тап, онсыз сенің маған керегің жоқ» деген менің бұйрығыма бағынып, жаралы
атына мініп, өзінің де аяғынан жеңіл жарақаттанғанын елемей келген ізімен кері
кетуі, сөйтіп тапсырманы адал орындауы дер едім. Оның өз бетінше шығысқа
өтіп, басқа бөлімдеріміздің біріне барып қосылуына да әбден болатын еді, ол
олай етпей, неміс окоптарына қайта барды. Бұл — солдаттың ізгі адамгершілігі,
нағыз адалдығы!
Оның қулық жасап менің бұйрығымды орындамауына да болатын еді, себебі оны
ешкім бақылап тұрған жоқ қой. Семернин және ол секілді көптеген жауынгерлер
өздерінің ғана емес, дивизиямыздың да адамгершілік, ізгілік рухын танытты. Бұл
біздің жеңіске жетуіміздің бір себебі...
Жолда 1077-полктің үшінші батальонының командирі, аға лейтенант Ковалевті
жолықтырып, одан дивизия штабындағылардың бәрі біздің батальон ерлігіне
риза екенін, бәрімізді бірі қалмай қырылып кетті деп қайғырғанын, 18-ноябрь
күні дивизиямызға гвардиялық дивизия атағы берілгенін естідім. 316-дивизиямыз
8-гвардиялық дивизия атанып, Қызыл Ту орденімен наградталыпты. Үшінші
естіген жаңалығым — Гусеново деревнясы аймағында генерал Панфилов қаза
тауыпты...Дивизия штабына дейін он бес километр жер қалған еді. Біз төрт
тәулік бойы жол жүрдік, ашпыз. Мен Ковалевтен бізді тамақтандыруын өтіндім.
Ол талғажау етер ештеңе тауып бере алмады. Бір адамды тамақтандырудың жөні
бөлек, ол батальон емес. Рас, батальонымның қатары сиреп-ақ қалған еді, сонда
да оны тамақтандыру қиынға соқты.
Аяз қатты, аштық жанға одан да қатты батып барады. Аяқ-қолыңның тоңғанына
төзіп бағуға болады, ал құрсағыңның тоңғаны тіпті жаман екен. Жүріп бара
жатқанда онша емес, ал тоқтап тұрғанда бүкіл ағзаң, әсіресе, ішкі әлемің мұзға
айналғандай сезінесің.
Отыз бес градустық аязға, аштыққа қарамай, жауынгерлерімді сапқа тұрғызып,
«жиналыс» өткіздім. Батальонымды жігерлендіргім келді. Ең алдымен генерал
Панфиловтың атынан (генералдың қайтыс болған қайғылы, қаралы хабарды
солдаттарымнан жасырып қалдым) жауынгерлік тапсырманы орындағандары
үшін алғыс айттым. Біздің іс-әрекетімізге командованиенің риза екенін мәлімдеп,
бәрін қоршаудан сәтті шыға білгендерімен құттықтадым. Дивизиямыздың
гвардиялық дивизия атанғанын, Қызыл Ту орденімен наградталғанын, Рахимов
пен Филимоновқа аға лейтенант атағы берілгенін мәлімдедім.
Сөзімді аяқтай келіп:
— Дивизиядағылар бізді мерт болды деп ойлапты,— дедім. — Бұл жерден
дивизиямыздың штабы он бес шақырым қашықта екен. Кәне, жолдастар, кішкене
тарту әзірлейік, өзіміздің тірі екенімізді дәлелдеп, штабқа да баралық.
135
— Бастаңыз, жолдас комбат, дәлелдейміз,— десті жауынгерлерім.
Жүздерінен, үндерінен олардың қуаныш сезімін оқып, бipгe толқыдым. Осы сәтте
қатты қалжырап шаршағандықтың, өзекті жайлаған аштықтың қайда кеткенін
білу қиын еді, бәріміз де тың, күшті, тіпті тоя тамақтанғандай күйге түстік.
Бәрі жау қоршауында өлдіге саналған, бірақ өз адамдарына аман қосылған әрі
жоғарыдағы сөздерге жан дүниелері толқи тебіренген солдаттар қуаныш пен
мақтаныш сезіміне бөленіп, қажып, шаршағандарын, аязға тоңып, ашыққандарын
біржола ұмытты.
Саптан Хасанов шығып, менің атыма бірнеше мақтау сөздер айтып, немістің он
есе үлкейтіп көрсететін дүрбісін ұсынды. Одан кейін Филимонов кезек алып,
мені жауынгерлер және рота атынан құттықтап, маған неміс пистолетін табыс
етті. Әрине, мұның бәрі мерейімді бір көтеріп, көңілімді жадыратып тастады.
Осы сәтте сұлу, көк көзді, орта бойлы украин жігіті Грицько Проценко саптың
алдына шықты да, қолын көтеріп маған қысылыңқырай былай деді:
— Жолдас аға лейтенант, бір-екі ауыз сөз айтуға рұқсат етіңіз?
— Сөйле, Грицько. Бері кел.
Проценко қобалжыған күйі ортаға келді. Алғашқы сөзін кібіртіктеп, шашыраңқы
бастағанымен, сұлу да қарапайым сөйледі. Ол бастан өткерген қиын күндерге,
бес қоршауда қалып, аман шыққанымызға, жиырма жеті ұрысты ауыр жағдайда
өткізгенімізге тоқталып, менің атыма бірнеше мақтау сөздер айтты. Мені
украинша «батько» деп атап, сөзін былай аяқтады.
— Сіз, біздің батькомызсыз. Мына сағатты неміс майорының қолынан шешіп
алдым.
Сіз «атыңыздар» деп бұйрық бергеніңізде, мен оны атып өлтірген едім. Міне,
документтері. Мұның бәрін өз достарымның алдында сізге табыс етемін...
Саптағылар Проценко жолдасқа көздерімен сүйсіне, сенім арта қарады. Мұны ол
да, мен де, Москва түбінің сыңсыған орманының аязды құшатындағы бәріміз де
сездік.
Мен оның сыйлықтарын қабыл алып, бірінші ротаның командиріне:
— Бірінші ротаның командирі, жолдас Проценко қалай соғысты? Жұртқа баян
етіңіз, - дедім.
— Жарайды, жолдас комбат, жарайды,— деп ата лейтенант Филимонов сөйлеп
кетті.
— Түсінікті, Грицько,— дедім мен отан бұрыла қарап. — Былай болсын:
документтерді мен алайын, алтын сағат өзіңде қалсын. Бұл саған бесінші қоршауды
бұзып шыққанымыз және жиырма жеті ауыр ұрыс, әрі батальонымыздың мына
аяз құшатындағы «жиналысы» туралы ескерткіш болсын...
136
Сағатты қызарыңқырай, қысыла алғанымен, бір минуттай ойланып тұрып,
батальонның қол соққан қошаметіне бөлене маған сағатты қайта ұсынды.
— Жоқ, батько, сіз алыңыз. Мұның маған керегі жоқ. Сізге деген сыйлығым бол-
сын.
— Сенің маған сыйлығың — жақсы соғысқаның. Сол үшін саған рақмет. Ал мына
сағатты былай тағып жүр, — деп білегіне тақтым.— Жауды біржола жеңген соң,
егер өзіңе керек болмаса, сүйген қызыңа сыйлайсың.
Батальон ду күлді. Проценко қысыла түсіп:
— У мэне дывчины немае, наше вони мине здались,— деді украиншалап (залда
күлкі).
Батальон тағы күлді.
— Жоқ, жоқ, бауырым,— дедім мен оған қарсылық білдіріп.— Егер сүйген
қызың жоқ болса, табуға тиіссің. Мұның қалай?.. Біз сүйкімді қара көз қыздар
үшін соғыспай, кім үшін соғысып жүрміз?! — деп жалғастырдым әңгімемді.
Біздің жерімізде еркек — діңгек, әйел — гүл. Діңгек жапырақсыз, гүлсіз, орыс-
ша айтқанда «сушняк», қазақша айтқанда «қу бас» деген сөз. Әйел — құнарлы
топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Сені мен біз сол дәннің «жемісіміз» әрі
жаман «жемісі» емес сияқтымыз.
Жауынгерлерім де, Грицько да күлді.
— Әйелсіз, бауырым, адамзат «жемісі» ешқашан да болмайды. Әйел — бізге ана,
жар, әйел, біздің сүйікті балаларымыздың анасы, ал соғыста олардың кейбірі
біздің жауынгер серігіміз.
Ендеше, Грицько, оларды ұрыста ұмытуға мүлде болмайды... Ал, жарайды, бар,
сағатыңды тағып жүріп, шайқас, бауырым. Соғыс біткен соң, өзің сағатыңды
сыйлайтын қызыңды әрдайым есіңде ұста... Біз қозғалып дивизиямыздың
штабына бардық.
Полковник Шелудько дивизия командирі болыпты. Штабқа ендім. Сіздер
командирдің даңқы артып танымал болған сайын оны елдің өте сүйе түсетінін,
ал одан қапыда айырылғанда жұмыстан береке қашатынын білерсіздер.
Мұны мен дивизияма келгенде бірден аңғардым. Ары-бері сапырылысқан жұрт,
бос сенделіс. Дивизия штабының бастығы да жаңарыпты. Қысқасы, мен өз
дивизиямның штабын танымай қалдым.
Штабта маған полковник Серебряков батальонымның ауыр, қатерлі жағдайға
ұшырағанын Панфилов біліп, полковник Капровқа қайткен күнде де бізді іздеп
табуды, ажалтырнағынан құтқаруды бұйырғанын, сол себепті Матренино мен
Горюны ауданындағы жау тылына бір ротаның жіберілгенін мәлімдеді.
Мұны айтып тұрғандағы мақсатым — генерал Панфиловтың жеке тұлғасына
137
тағы да бір зер салу еді. Батальонның ауыр, қатерлі жағдайға ұшырағанын білген
ол бізді іздеуге, көмектесуге өзі араласып, тапсырма береді. Бұл өз адамдарын
қиын сәтте де ұмытпаған Панфиловтың қандай кісі, қандай генерал болғанын
әйгілей түссе керек. Дивизия штабы архивінде Панфиловтың арнайы жазылған
хаттары, жарлықтары, тапсырмалары сақтаулы...
Штабқа келісімен мен ұрыс барысы туралы рапорт жазуға бұйрық алдым.
Сондағы рапортым, Панфиловтың өз қолымен жазған запискасымен бірге
(оны мен ақымақтығымнан дивизия штабына өткізген едім) 8-гвардиялық
дивизия архивінде сақтаулы. Жоғарыдағы запискіде «17 ноябрь, түнгі сағат екі.
Момышұлы жолдас, сіздің мәлімдемеңізді алдым. Іс-әрекеттеріңізге бәрі риза.
Табыс тілеймін. Барлық жауынгерлерге менің ізгі ниеттестігімді жеткізіңіз».
Бұл записка менің блокнотымның арасында кездейсоқ сақталып қалған еді, оны
дивизия штабына өткіздім. Записканың аяқ жағында генерал жағдайымыз бен
батальондардың орналасуы, күштердің бөлінуі туралы жазған. Бұл документ те
ұрыс кезінде батальон командиріне немесе аға лейтенантқа записка жазуға уақыт
таба білген генералдың кім екенін таныта түссе керек.
Рапортымды өз бөлмесінде ұйықтап жатқан Шелудьконың адьютантына апарып
бердім.
Дивизия командирі менің аязға тоңған, аш батальонымды тамақтандырмады.
Полковник Шелудько рапортымды оқыған соң 16 километр жердегі полк
командирі
Елиннің қарамағына баруымды бұйырды. Мен рапорт жазып, бұйрық
алғанымша, жауынгерлерім орман ішінде аязға тоңып, аштан-аш тұрды. Бізге
ескі таныстарымыз көмектесті.
...Грицько сағатының кейінгі тағдыры тарих үшін түкке тұрғысыз болғанымен,
сіздерге қызық көрінуі мүмкін (залда күлкі)...
1941 жылдың 7 декабрі (мен бұл кезде полк командирі болатынмын). Мұның ал-
дында ғана полк үздіксіз 18 сағат соғысқан еді. Мен командалық пунктте жара-
ланып жатқан едім.
— Жолдас аға лейтенант,— деді фельдшер маған келіп. — Ауыр жараланған жау-
ынгер Проценко сізбен дидарласуды үзілді-кесілді талап етеді. «Батьконы көрмей
өлгім жоқ» дейді...
Дәрігерлердің рұқсат етпегеніне қарамай мен далалық дәрігерлік жәрдем пунктіне
бардым. Проценко қарнынан ауыр жараланған екен.
— Батько,— деді ол қинала үн қатып. — Сіз келдіңіз бе? У мени до вас дило есть.
— Сөйле ерім, Грицько. — Бас жағына таяу орынға отырдым. — Сөйле, бауы-
рым.
Ол сол қолынан сағатын шешіп алып, былай деді:
138
— Менің Нинажанымды сіз бәрібір таба алмайсыз, ол жау тұтқынында. Алыңыз,
батенько, сіз бұл сағатты өз ұлтыңыздың Нина есімді қызына, тек ақылды қызына
сыйлаңыз. Мен ұрыста жүріп Сізді, сіздің халқыңызды сүйген едім...
Ол қызға бұл украин перзенті Грицько Проценконың сыйлығы деп айтыңыз...
Мен енді бұл дүниелік емеспін...Грицько өсиет сөзін аяқтай алмай көз жұмды.
Тұрғандардың бәрі еңіреп жылады.
Мен Грицьконың сол сағатын үш майдан даласында өткен алпыс-жетпіс ұрысқа
қатысып, оқ пен оттан аман алып өттім... Нина атты ақылды қазақ қызын іздедім.
Маған келген хаттарда және таныстарымның арасында ондай есім кездеспеді.
Қыстыгүні сенен жылы лебізді өте ойлы хат алдым. Хат соңын сен үлкен Н. әрпін
қойып аяқтапсың. Неге екені белгісіз, мен сенің шын есіміңді Нина деп оқыдым.
— Табылды! Табылды!—- деп есім шыға қуанғаннан жертөледе айқайлап
жіберіппін.
— Грицьконың Нинасы табылды...
Құрманбек Сағындықов Алматыға аттанғанда, Грицьконың сағатын табыс ет деп
саған беріп жібердім, Грицьконың аманатын орындағаныма иығымнан ауыр жүк
түскендей жеңілденіп қалдым.
— Содан кейін не болды?! Не болды десеңізші?! (Бұлай қайталап тұрғаныма
таңданбаңыздар, мен айқайлап тұрмын). Алғыс орнына менің алдымда
ақымақ теңеуге, уға толы хат жатыр: «Сенің сыйлығыңды табыс еткенімде Н...
сықылықтай, қылымсынып, кекете күліп:
— «Әлде қай өлген немістің қолынан шешіп алды екен?», — деді.
О, кісіліктен, адамгершіліктен жұрдай неме, мен сенің мүлде есуастанып
үлгергеніңді білмеп едім. Өлген жаудан алынған қару-жарақ, документтер, бағалы
заттар тонаушылықтың емес, жеңістің жемісі екенін сен қалайша түсінбегенсің?!.
Сағатты саған ұсына отырып, ақылды қазақ қызы — Нинаға сыйладым деп ойлап
едім...
Әділін айтып, мойындар болсам, Грицьконың аруағы алдында жүзім қызарып, от
боп жанғандай. Әлгі ақымақ Н... та жазған хатым осылай аяқталды.
Грицько сағатының кейінгі тағдыры осындай.
В. Строева:
— Бұл нағыз новелла ғой!
Б. Момышұлы:
— Бұл нағыз болған жай, нағыз ащы шындық. Мен новеллалар жазбайтын адам-
мын.
139
* * *
Мына бір жайға ерекше тоқтала кетейін. Бірде мен генерал Панфиловқа полк
қарамағынан алынып, дербес қимыл жасау міндеті жүктелген өз батальонымның
жауынгерлік жорық жолдарын түгел айтып бердім, әңгімеме қатты елігіп
қызығып қалса керек.
— Бұл тарих қой! — деді ойлана үн қатып.
Осы жерде ол менің әрбір елеулі ұрыстарды іле егжей-тегжейлі қағазға түсіріп,
күнделік жазып жүретінімді білді.
— Қанша дәптер күнделік жаздыңыз?— деп сұрады ол.
— Көп, — деп жауап қайырдым.— Сізге жазғандарыңызды ретке, бір жүйеге
келтіруге қанша уақыт қажет болады?
— Екі апта уақыт жетеді,— деп жауап бердім.
— Сіз бұған ұялмаңыз, қазір маған айтып бергендей етіп жазыңыз...
Бұл әңгіменің өзі генерал Панфиловтың өте терең ойлайтын парасатты адам
екенін аңғартады. Оның тапсыруы бойынша күн сайын әрбір ұрыстың барысын
жазып отырдым.
Сөйтіп бұрынырақта жазылған қолжазбаларымды тәртіпке келтіруге кірісіп
кеттім.
Қолжазбамның кіріспе бөлімінде «пәленшенің идеялық басшылығымен батальон
мынандай, мынандай ерлік қимылдар жасады» деген сөз жазылмады. Мұны
Логвиненко байқап, оқып шығып:
— Жолдас лейтенант, кез келген реляцияның (реляция деген сөздің мәнін ол кез-
де білмейтін едім) жазылу ерекшелігі болады,— деп маған әртүрлі өсиет, ақыл
айта бастады.
Бөлменің түкпірінде Бозжанов отырған. Міне, енді Логвиненко ақылды
саусақтарымен санап тізе бастады. Сендерге айтайын, мынандай саяси жетекші,
болмаса ана бір командир ерлікпен қаза тапты... Оның ойынша, өлгендердің бәрі
ерлікпен қаза болғандар да, ал тірілер батырлықтың өнегесін көрсете алмағандар
болып шықты. Бозжанов қорқыныштың не екенін әлі өз басынан өткере қоймаған
офицер еді. Өз солдаттарымды мақтай, мадақтай қоюға мен де сараңмын. Мен оны
сапқа тұрған батальонның алдында осылай деп айтқан едім. Кейіннен Бозжанов
ғажап ерлік жасай білді. Сол Бозжанов бөлмемде Петр Логвиненконың соғыста
қаза болғандарды батыр деп айту керек деген құрғақ өсиетін әбден тыңдап-
тыңдап құлағы сарсыған болуы керек:
140
— Мен неге өліп кетпедім екен!— деді.
Оның осы сөзі өмір бойы жадымнан шықпайды. Егер Петр Логвиненко басқа
адам болса, онда бұл айтылған сөз оның өңменіне қадалған оқтай әсер еткен
болар еді, қара жерге кіріп кетер еді...
Логвиненко менің жиырма жеті ұрыс жөнінде жазылған қойын дәптерімді,
батальонның Рахимов жасаған сызба карталарын алып кетті, кейіннен оларды
қайтармай жоқ қылды, бізге бұл туралы ләм-мим деп тіс жармады. Өкінішке орай
Петр Логвиненко сияқты адамдар біздің арамызда бірен-саран емес. Егер адам
өлсе немесе жарақаттанған болса, мұны ерлік іс деп есептей алмаймын. Оның
аруағын, қаза болғандардың аруағын құрметтеу, сыйлау бұл мүлде басқа мәселе
ғой, отанымыздың бостандығы мен бақытты өмірі үшін шыбын жанын қиып,
қанын төккен кез келген жауынгерлерді жоқтап қайғырып, егілемін, бірақ мен
солдаттың өлімін немесе жарақат алуын ерлік, батырлық деп айтуға үйренген
жан емеспін. Жүзден астам ұрыстарға қатысып, бірде-бір жарақат алмаған
жауынгерлерім бар, егер олардың оқ қағарлары болса, жарақаттанбағанына
кінәлі емес шығар. Сондықтан Талғар полкінің құрылуының бір жыл және екі
жылдығында мен зақымданбаған, жарақаттанбаған байырғы талғарлықтарды да
Қызыл Жұлдыз ордені мен медальдарға ұсындым. Маған кейбір командирлер:
— Олар не жарақаттанбаған, зақымданбаған, соғысқа қатысты дейтіндей емес
қой,— деді.
— Жауынгерлерімнің арасында алдыңғы позицияда болып, жүздеген ұрысқа
қатысқан адамдар бар, бұл — олардың ерлігі, ал егер оларға қаңғыған оқ тиіп
жарақаттамаса, мерт етпесе — оған олар кінәлі емес,— деп жауап қайырдым.
Наградталған адам міндетті түрде жарақат алған болуы керекдеген ұғым
қалыптасып кеткен (күлкі), жауынгерді наградтау үшін мінездеме жазуға
тапсырма берсең, кейбіреулер:
— Не жазамын, оның бес мүшесі сау ғой,— дейді шімірікпей. Ал біздің әскери
тілшілер болса, үнемі бұдан үлкен бір ерлік дастанын іздеуге дайын тұрады, олар
Панфиловтың қазасы туралы да осылайша түсіндірмек. Шын мәнінде жағдай бы-
лай болған.
Генерал Панфилов дивизиясының штабы Гусеново деревнясында болатын.
Панфиловтың жеке өзі кейде майдан шебінен 200-300 метр жерге дейін барып
аралап көретін. Штаб жауынгерлер тұрған жерден әрі жылжыса болғаны, мұның
өзі адамдардың көңіл-күйіне жағымсыз әсер етеді деп генерал үнемі айтып
отыратын, осыған байланысты Панфиловтың өзі де кейін кетпейтін, штабқа да
соңғы сәтке дейін кейін жылжуға рұқсат бермейтін.
Енді майдан шебі жақындай түсіп, немістер біздің әскерлерге таяп қалды. Генерал
жағдайды көзбен көрмек болып сыртқа шықты. Осы кезде рота келе жатады.
Генералды байқап қалған командирі лезде жауынгерлерін сапқа тұрғызып,
генералдың алдынан әскери сәлем беріп өтпек болады — жау нысанаға алып ата
бастайды. Панфилов ротаның әскери сап түзеп келе жатқанын көріп командиріне
141
айқайлап:
— Жолдас командир, көріп тұрсыз ғой, жау атып жатыр, ыдыраңдар, тараңдар...
— дейді.
Ал анау болса генералдың айтқанын ұқпай қалады. Панфилов қайталап:
— Тараңдар, қазір бәріңді жайпап кетеді, бұл жер парад емес?— дейді.
Осы сәтте 20 метрдей жерге келіп мина жарылып, кішкентай жарықшағы
Панфиловтың жүрегіне қадалады.
Көптеген тілшілер: «Отан үшін, алға!» деп оны айқайлап ұрысқа бастағандай
етіп жазады.
Әрине, бұл өтірік. Өлер алдында генерал жауынгерлерінің жабырқаңқы жүздерін
көріп «өмір сүремін!» деген бір ауыз сөзге ғана тілі келген. Жауынгерлерінің
абыржуын басып жігерлендірмек болған шығар. Басқа сөзге келе алмай көз
жұмады.
Панфиловты өлер алдында басын көтеріп:
— Ура, жолдастар, алға!— дегізіп жазудың кімге керегі бар? Сондықтан
қазір баспасөз бетінде Панфиловтың қаза болуына байланысты жазылған
материалдардың бәрі өтірік деп айтар едім, мұның ешқандай да пайдасы жоқ.
Бұл жерде, әрине, адам мерт болды екен, оның ойын қалайда жеткізу керек де-
ген ізгі ниет орын алғаны белгілі. Бірақ мұндай ниет бәрінен бұрын оның сол-
дат екенін ашып бере алмайды. Генералдың істеген істерінің бәрі ешбір «ура-
сыз», онсыз да құнды. Жан тәсілім етер сәтте ешбір адам ұран тастай алмасы
анық. Панфиловтың қазасы шын мәнінде мен айтқандағыдай болған. Егер маған
сенбесеңіздер, артиллерия дивизиясының шыншыл, әділ, мәдениетті, адал ниетті
қолбасшысы полковник Марков Виталий Ивановичтен сұрауларыңызға болады,
ол Панфилов қайтыс болғанда басы-қасында болған адам.
Панфиловтың қызы Валентина Ивановна туралы да айта кетейін. Валентина
өте көрікті қыз, бірақ ол жөнінде де алып-қашты көп әңгіме, қауесет таралғаны
сонша, оның ұяттан жүзі жанады. Ол жөнінде әртүрлі ойдан шығарылған нәрселер
айтылып, жазылып та жүр.
Инабатты қыз мұндай қиыстырылған әңгімелерден жауынгер серіктерінің
алдында әбден ұялып бітті.Панфиловтың қалай қаза болғаны жөнінде қысқаша
айтқанда менің білетін мәліметтерім осы. Панфилов батырлығының мәні оның
қайтыс болуында емес, сіздерге айтып берген ерлік істерінде жатыр. Ерлікті
оның мерт болуынан іздемей, оның өзінен іздеу керек.
Генерал тұрған жерде дұшпанның қару-жарақ қоймасы жарылыпты деген қауесет
те — жалған. Оның қаза болуы кездейсоқ жағдайға байланысты. Соғыста мұндай
ғажап кездейсоқ оқиғалар кездесе береді.
Мынандай бір жайды айта кетейін. Жауынгерлерімнің бірі жарылыстан үстіндегі
142
киімі жырым-жырымы шығып, өзі жалаңаш қалады, бірақ денесінің бірде-бір
жерінде дақ, жарақат түспейді, контузия да алмаған, небәрі аздап құлағы бітіп
қалған...
Одан кейінгі ұрыс қимылдары былай дамыды. Ново-Покровскоеде 1075-,
1073- және 1077-полктер қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Кескілескен шайқастар
Рыбушки, Устиново және Ново-Покровское деревнялары үшін жүргізілді.
Панфиловтың ой жоспары осылай болатын. Ұрысқа полковник Шелудько
басшылық етті. Тап осы жерде немістер үш күн бойы торапты пунктке бұғауланып,
жолы кесіліп тасталды.
Полковник Шелудько Ново-Покровское деревнясында жаман ұрыс жүргізген
жоқ. Бірақ немістер осы жерде шабуылға көшті. 21 ноябрь күні дұшпан
авиациясы Деньково, Ново-Покровское, Устиново, Рыбушки деревняларын
бомбалай бастады, бас қолбасшының резервте тұрған бөлімдері Истра тоғанының
жағалауындағы өз бөлімдерін жау шабуылынан қорғай отырып, Истра тоғанының
жағалауындағы Истра қаласының торабындағы шептерге барып бекінді.
Дивизия Истра шебіне дейін шегіне отырып, Васильево мен Малое Васильево
пункттеріне дейін кейін ысырылды. Осы жерде біз қарсы ұрыс жүргіздік.
Дивизияға Пятница, Берендево, Лопатино деревняларына бекінуге бұйрық
берілді, ал оның оң және сол қанатында басқа бөлімдер тұрды, бірақ бұл жөнінде
әзірше ешнәрсе айтпаймын.
1941 жылдың 23 ноябрінде дивизияның 1073-полкі Рождественка, Пятница,
Лопатино, Трусово деревняларына бекінді, ал 1075-полк оң қанатындағы ге-
нерал Доватордың әскерлерімен түйісе отырып, Раково, Стариково деревняла-
рына бекінді. Доватордың әскерлері болса, Ленинградқа баратын тас жол мен
темір жолды бөгеп тастауға ұмтылды, өйткені немістерге жалғыз осы бағытта
ғана Москваға шабуыл жасау қалған еді. Неміс командованиясының міндеті —
Доватордың тобы мен 1077-полкті құрсауға алу үшін барлық топтарды қоршауда
қалдыру болатын. Солнечногорскіден немістер тіке Москваға ұмтылды. Бірақ
олар бұл жерде бекініп тұра алмады. Майор Шехтман аяғына жарықшақ тиіп
жарақаттанып, полкті басқаруды капитан Булатов қолына алды.
Доватор тобының сіңірген еңбегінің мәні мынада еді — оның тобы Солнечногорск
қаласының оңтүстік жағынан оң қанатты - темір жол мен тас жолды қорғап тұрды,
бұл жолдармен неміс әскерлері Истра тоғаны мен Истра қаласындағы барлық
біздің әскерлеріміздің тобын қоршауда қалдырып, бұғаулап, оңтүстіктен бір-
ақ шығуға күш салған еді. Осы кезде Истра тоғанының тоспасы жарылды, оны
істеген әскери инженерлер емес, сірә, үрейі ұшқан топ болса керек. Біз тоғанға
келіп жеткенде өзіміздің Шу өзеніндей болып Истра өзені ағып жатыр екен.
Тоспа жарылғаннан кейін, буырқанған еу тасқыны басылып, арнада қалған судың
бетіне біздің әскерлеріміз өте алатындай қалың мұз қатып үлгермепті. Жаяу
әскер мен жеңіл артиллерия өте алды, подполковник Курганов басшылық ететін
27-гвардиялық артиллериялық полктің бірнеше ауыр зеңбіректері мұз ойылып,
судың астына батып кетті (кейіннен бұл зеңбіректерді судың астынан шығарып
143
алдық, оны кейінірек айтып беремін).Алдымен біздің әскерлер тоғанның сол жақ
жағалауына келіп бекінді, біз келіп тоқтаған кезде, немістің 60 танкісі Лопастино
мен Струсово деревняларына басып кірді.
Лопастино әжептәуір үлкен деревня: оның орналасқан жері еңіс, айналасы ашық,
ал шығыс жағын жота алып жатыр, осы жотаның үстіне он үй тұрғызылған екен,
содан қыстақ «Десятидворка» деп аталып кеткен.
Ұрыс жүргізе отырып, Павлино, Трусово деревняларының солтүстік-батысына
шытып шеп құрдық, менің батальоным сол қанатта тұрды.
23 ноябрь күні «Десятидворкадағы» әрбір үйде 20-30 немістен түнеп жатыр деген
хабар алдық, далада қатты аяз, бәрі үйді-үйге тығылған. Мен бұл кезде Елиннің
бөлмесінде болатынмын, ол маған:
— Қалай ойлайсың, соғатын кез келген жоқ па. Ойланып көр, содан соң шешіміңді
мәлімдегін,— деді.
Біз мұны айналып өтіп барып жүзеге асыру керек деген шешімге келдік, бірақ ол
үшін он екі километр жерді орағытып бару қажет еді. Біздер өзімізбен бірге бір
станокты пулемет, екі миномет, бір 45 миллиметрлік зеңбірек, снарядтар мен екі
адамнан тұратын расчет алдық, қалған жауынгерлерді Хабиболла Рахимовтың
қарамағына қалдырдық.
Он екі километр жол жүріп, орманға келіп ендік. «Десятидворка» орман шетінен
бес жүз метрдей жерде тұр. Түнгі сағат бірде немістер шырт ұйқыда жатқан кезде
былай жасалынбақ. Ең алдымен немістерді жатқан үйден сыртқа қуып шығып,
содан кейін оларды көшеде ату керек деп ұйғардық. Ол үшін әрбір үйді атқылауға
30-40 брон бұзғыш снаряд берілді, үй атқыланған кезде немістер сыртқа қашып
шығады. Танкіге қарсы ататын снарядтың екінші бір артықшылығы — оның
оғы жарқырап ұшады, ал мұның өзі үрейді күшейте түседі. Осы мақсатпен
мен қарудың ішінен әдейі 45 милиметрлік зеңбіректі таңдап алдым, ондағы ой
атқылап, немістерді көшеге қуып шығу, содан кейін оқпен жайпау болатын.
Алдымен біздер үйге он снарядтан жұмсадық, айналаның бәрі әп- сәтте астаң-
кестеңі шықты. Немістер далаға сүріне-қабына ұмтылып, тым-тырақай зыта
жөнелді. Осы күткен сәтте деревняға сексен мина аттық, станокты пулеметпен
деревняның оң жағынан сол жағына қарай сыдыра екі лента оқты қарша бораттық.
Түнгі, қапылыста жасалған шабуылымыз бар болғаны бес-алты-ақ минут уақытқа
созылды, содан кейін бұрылып, ізінше кері қайттық. «Десятидворкаға» жасалған
шабуыл жөнінде орыс тілінде жазылған жазбам бар, оны біреуге берген едім
(Бекке немесе Тәжібаевқа бергенмін).
Таңғы сағат бесте өзімізге оралдық, батальон штабында өзімнің бастығымды
жолықтырдым. Ол болса, біздің жауынгерлердің немістерді атқылаған кезінде,
дұшпанның оқ та шығара алмағанына аң-таң болған екен. Сөйтсек, аңдаусызда
бас салғандықтан жау ешнәрсе де істей алмай сасқан екен. Біз тұрған орнымыздан
кейін шегініп кеткен кезде барып қана дұшпан ес жиып, сол тұсты ауыр
144
снарядтармен таң атқанша атқылап шықты. Біз болсақ:
— Ізімізді де таппассың, ата бергін,— дедік.
26 ноябрь күні таңғы сағат 6-да маған тез арада дивизия штабына келсін деген
хабар жетті. Соколово деревнясында тұрған дивизия штабына келдім. Дивизия
командирі шақырып алып былай деді:
— Сіз жаман командир емес сияқтысыз, мұны ұрыстарда дәлелдедіңіз, сізді полк
командирі етіп тағайындауға қалай қарайсыз?— Жолдас полковник, мен полкті
басқара алмаймын, мен жаяу әскер емес, артиллериспін,— дедім. Артық ауыз
сөзге келмей полковник Шелудько мені машинаға отырғызып, Армия штабына
алып келді.
Біздер 16-армияның қолбасшысы жолдас Рокоссовскийдің қабылдауына кірдік.
«Енді сазайымызды тартқызатын болды ғой» деп ойлап іштей үрейленіп, толқып
келген бойда бөлменің есігін ашып:
—- Аға лейтенант Бауыржан Момышұлы келді,— деп мәлімдедім. Рокоссовский
орнынан көтеріліп, маған қарсы адымдап, қолын беріп былай деді:
— Ал, жолдас Момышұлы, сізді Қызыл Армияда полкке басшылық ететін жалғыз
дара аға лейтенант деп айта алмаймын, ал менің Армиямда сіз жеке дарасыз,
құттықтаймын. Сіз жөнінде маған айтқан еді. Табыс тілеймін.
Мен ешнәрсе деп жауап қатпаған күйі, бұрылып сыртқа шықтым. Сөйтіп,
осылайша аға лейтенант шенінде мен атқыштар полкінің командирі болып
тағайындалдым. Мен мүлік айтып отырған себебім — ақылды, зерек адамның
шешімі де бөлек. Мен болсам, оған кірерде ұрысатын шығар деп ойлап едім, ал
ол артық ауыз сөз айтпастан, қолымды алып, жаңа қызметке тағайындалуыммен
құттықтады. Бұл оны нағыз генерал, зерделі жан ретінде көрсетсе керек-ті.
Бұйрықты алып, өз полкіме келдім. Трусово деревнясына сағат 12-де жетіп,
генералдың жарлығын майор Елиннің қолына бердім, ол оқып шығып:
— Ал, жақсы, іске кірісіңіз,— деді. Содан соң штаб бастығын шақырып алып,
былай деді:
— Полкке басшылықты жолдас Момышұлына тапсырамын, оған жағдайдың
бәрін мәлімдеңіз. Мені дивизия штабына шақырып жатыр. Сөйтіп ол дивизия
штабына жүріп кетті. Осы уақытта телефонның тұтқасын Петр Логвиненко
көтеріп, дивизия комиссары Егоровқа:
— ...Мен партияның өкілімін... аға лейтенант — артиллерист, оның тәжірибесі
аз, оның үстіне партия қатарында жоқ...— деді.
Құдайым сақтасын, қайда тап болғанмын деп ойладым. Егоров оның көзін
жеткізіп, жекіріп тастады. Логвиненко трубканы қойып, бөлмеден сыртқа шығып
кетті. Осы кезде полковник Шелудько біздің күшімізді толықтыру ретінде
әртүрлі пункттерден қоршаудан шыққан 400 адамды жіберіпті. Бізде резервте
145
аға лейтенант Жуков бар еді, мен оған:
— Батальон жасақтағын. 3-батальонның командирі боласың,— дедім. Сөзімді
айтып бітіргенім де сол еді, пулеметтер сақылдап ала жөнелді, сол жағымыздан
да, оң жағымыздан да немістер ентелеп келеді. Командалық пунктке шабуыл
жасалыпты. Штаб бастығы менде мәліметтерді баяндап отырған, ол қағаздарын
асығыс жинастырған күйде сыртқа беттеді. Көшеге көз тастап едім — абыр-са-
быр, жұртты үрей билеген. Үйдің қоршауы бес метрдей болатын, қазір екі шеті
сыныпты, бір офицер үйдің қоршауын айналып өтудің орнына оны сындырып
өтіп кетпек болып жатыр. Штаб жоқ, жаңа келіп қосылған адамдар, байқап
тұрмын, олар да деревнядан қашып барады. Трусоводан Соколово деревнясына
дейін шағын орман бар, оларды сол жерде тоқтатып, қайтаруымыз керек деген
ойға бекіндім. Соколово деревнясында Жуковты кезіктірдім, жанымда офицер-
капельмейстер Попов бар еді. 1-батальон Полежайка елді мекенде тұр, басқа
ешкім де жоқ. Жуков деревняның шетіне кіре бергені де сол еді (мен оған сол
қанаттақорғаныс жасауды тапсырып, өзім оң қанатты алдым), осы уақытта жау
деревняның шетін атқылай бастады. Мен Соколово деревнясын сегіз сағат бойы
қорғап тұрдым, дұшпанның жолына кесе көлденең отряд қойып, кім болса да мейлі
қатардағы солдат немесе офицер болсын ешкімді де өткізбеуге, бағынбағандар
мен қашқындарды атып тастауға бұйрық бердім...
Мына бір қызық жайды айта кетейін. Жау минометтері деревняны үсті-үстіне
атқылауда.
Санитарлық ешбір көмек жоқ. Жарылған миналардың жарықшақтары мен
қарша бораған оқтан құдай сақтап, тағдырдың ісі болар, аман қалдым. Бейтаныс
адамдар. Мен оларға полк командирімін десем, кейбіреулері:
— Қойыңыз, қойыңыз,-— деп наныңқырамайды. Міне, осы қысылған кезде Вера
Гордованы көзім шалып қалды. Бұрынырақ әскерде әйелдердің қызмет етуін
мүлдем ерсі көретін басым, соғыс барысында бұл пікірімді мүлдем өзгерттім.
Егер батальоныма әйел тап болып қалса, сол заматта қайтарып жіберетінмін,
оны атып жатқан зеңбіректің маңына жуытпайтынмын. Штаб жоқ, фельдшер-
лер мен санитарлар да жоқ, мына қауіпті сәтте, минаның жарықшағы, оқ тиіп
жарақаттанған, ыңырсып жатқан жауынгерлерге дәрігерлік көмек берілмеді,
осы кезде шашы ұйпаланған, бет-жүзі өрт шалғандай қарауытқан, аяғында сол-
дат етігі, үстіне шинель киген қыздың бір жаралы жауынгердің жарасын таңып,
содан кейін екіншісіне көмек жасап жатқанын байқап қалдым. Мына астаң-
кестең болып жатқан дүниеде қайдан тап болған деп ойладым. Мүмкін, басқа
бөлімдерден қалып қойған әскери дәрігер ме екен. Қыз болса батыл түрде бір
жаралыдан екінші жаралыға көмек жасап жанталаса ұмтылып жүр.
Әйел адамның мына қауіпті жағдайда үрейі ұшып, асып-абдырап саспай, ерлікпен
жаралыларға көмек бергеніне жаным жадырап, қатты сүйсініп тұрдым. Шынын
айтқанда, қайран қалдым. Риза болған көңілмен жүріп бара жатып, бұрылып
сарғыш өңді қыздан:
146
— Атың кім? - деп сұрадым.
— Вера,— деп жауап берді ол...— Москвадағы ЦАГИ-дің студентімін.
Маған кешкі сағат сегізде саяси жетекші Толстунов келді. Сөйтсек, барлық
топ үрейлене тым-тырақай қашқан кезде, ол байланыс ротасынан 17 адамды
ұйымдастырып тапжылмай, шегінбей ұрыс жүргізген. Олардың сапында
менің байырғы пулеметші жауынгерім, украин жігіті Блоха да шайқасыпты.
Толстуновқа мен:
— Федя, сізді қорғаныс шебінің сол қанатына басшылық етуге тағайындаймын,—
дедім.
Кешкі сағат сегізде немістер Соколовоға шабуыл жасауға шықты, біздің
жауынгерлердің көбі олардың тықсыруына төтеп бере алмады. Шайқас кезінде
Блоха ауыр жараланды, Толстунов та қолынан жарақаттанды.
Түнгі сағат 12-де, ұрыс әбден басылған уақытта, тәртіп қалпына келтірілді. Мен
бәрін тәртіпке келтіру үшін көмек және өзара көмек көрсетуге жарлық бердім,
өйткені Верадан басқа бірде-бір медицина қызметкері арамызда жоқ еді. Осы
уақытта бөлмеме штаб офицерлері келіп кірді. Олар тылда Маврино ауданында
болған екен. Қауіптің жоқтығын сезініп бізге қайтып оралған беті. Мен орындыққа
отырған күйі көзім ілініп кеткен екен.
Кенет көзімді ашсам, төңірегімде жиырма шақты офицердің сап түзеп тұрғанын
көрдім.
Өзімді ұстай алмай бар даусыммен:— Барып тұрған арамзасыңдар, қарай гөр,
қайтып келіп тұрғанын!—- деп айқайлап, ең ауыр сөздерді айтып жекіре бастадым.
Мен батальоныммен 27 ұрыс жүргізіп, 5 рет жау қоршауында қалып қойдым, еш
уақытта да мені штаб тастап кеткен емес, мен де оларды қалдырған жоқпын.
Полкке басшылық еткеніме 30 минут та болмай жатып, мені тағдыр тәлкегіне
тастап, бәрің бет ауған жақтарыңа зыттыңдар. Осыдан кейін сендерді қалайша
арамза, су жүрек демессің, сендер аяққа басар шүберексіңдер, шұлғаусыңдар.
Қарабет болдыңдар, мұндай опасыздықтарың үшін сендерді атып тастау аз.
Кескілеп бөлшек- бөлшектеріңді шығару керек. Міне, сендерге сондай өлім ғана
лайық...
Бірақ... менің қолымды қағып тұрған — сендердің кінәсіз балаларың, жазықсыз
әйелдерің.
Сендер мына опасыздықтың қара дағын қанмен жууларың керек. Бәрібір
өлесіңдер, мына масқарадан кейін тірі жүрмей-ақ қойыңдар, одан да гөрі
әйелдерің қоян жүрек қорқақ, отанын сатқан опасыз ретінде өлгендеріңді білмей-
ақ, отан қорғау кезінде қаза тапты деген қара қағаз алсын да, тек сондықтан
да мен сендердің бала-шағаларың, елдегі адал жарларың үшін ғана атпаймын,
қолдарыңа қаруларыңды алып жауынгерлердің қатарына барып тұрыңдар...
Дивизия бұл шептегі қорғанысын былай жасады: 1077- полктің 1-және 2-батальоны
147
Поварово, 1073-полктің 2- және 3-батальоны Полежайко, Повадино, Соколовоны
және 1073-полктің 1-батальоны мен 1075-полк өзінің бұрынғы позициясында
тұрды. Дұшпан күшін шоғырландырып, Струсово деревнясын басып алды...
Барлаушылар Лопотово ауданында дұшпан көптеген қару-жарақ жеткізіп, түсіріп
жатыр деген хабар жеткізді. Немістер қару-жарағын босқа атып шығындау үшін,
бір амал ойлап табу керек. Семен Краев осы мақсатпен жаудың мотоциклін қолға
түсірді, ал оның ішінде ракетница мен 70 ракета бар болып шықты. Дұшпан
бірінші күні де, оның ертесіне де шабуылға шықпады.
28 ноябрь күні Исламқұловты, Краевты, Рахимовты, Бозжановты, Жуков-
ты шақырып алып, әрқайсысына бір-бірден қол пулеметін және бір-бірден 82
миллиметрлік калибрлі миномет бердім. Тапсырма мынандай: бұл бес топ
өздеріне берілген позицияларға барып бекініп, дұшпанға белгі бойынша бір
мезгілде жан-жақтан оқ жаудырады. Әрбір минут сайын олар бір-бірден мина
атады. Атып болғаннан кейін, жарты сағат дем алып, содан соң қайта бастайды.
Таң атқанда қайтып оралулары керек. Бұйрықты тағы да түсіндірдім.
— Түсінікті ме?— деп сұрадым содан соң.
— Түсінікті.
Енді, міне, түнгі сағат 12-де немістерді жан-жағынан қызыл, көк, сары
ракеталармен үсті- үстіне атқылай бастады.
Немістер дүрлігіп, не болып қалды екен деп әбігерге түсті. Осы уақытқа дейін
орыстар еш уақытта ракета тастамаған, енді той төмпештеуде, тұс-тұстан миномет
пен пулеметтен оқ жаудыруда. Дұшпанды жоюда бұл атыстың әсері айтарлықтай
болмаса да, біздің мақсатымыз немістерді олар күтпеген бірнәрсе болып қалған
екен, шамасы таңертеңгі шабуылға шықпақ деп ойлауға мәжбүр ету болатын.
Осы уақыттың ішінде немістер батареяларын шоғырландырып күшейтеді, түнгі
сағат екіде мен жан-жаққа қарай аласұра, өршелене атқан артиллерияның үнін
есіттім. Менен радио байланысы арқылы:
— Енді кері қайтуға бола ма?!— деп сұрады жауынгерлер.
— Жоқ, таң атқанша күтіңдер!— деп жауап бердім. Сөйтіп сол түні немістер
таң атқанша дамылсыз атумен болды. Менің есебімше, немістер үш мыңға жуық
снарядтарын шығындады. Маған да керегі осы еді. Дұшпан бірден не болып
қалғанын аңғара алмайқалды да, мыңға жуық снарядтарын босқа жұмсады, бірақ
содан кейін барып, естерін жиып жан-жаққа, барлық бағыттарға барлаушыларын
жіберіп, қаруларын үнемдеп жұмсай бастады. Осындай жағдайда біздер неміс
батальонын екі тәуліктей, 30 ноябрьге дейін кідіртіп, жолын бөгеп ұстап тұрдық.
Соколово деревнясында мақта қоймасы бар екен, біз осы мақтаға 30 ноябрьге
дейін жасырындық, мақта аппақ, даладағы қар да аппақ, бұл жау көзінен
тасалануымызға таптырмайтын бүркеніш болды, одан оқ та өтпейді, әрі жылы.
30 ноябрь күні таңертеңгі сағат 10-да дұшпан 30 бомбардировщигімен Соколово
148
деревнясын аяусыз бомбылап, іле екі танк батальоны мен бір жаяу әскер полкін
жіберді.
Біз ауыр жағдайдан кейін барып қана амалсыз Соколово деревнясын жауға беруге
мәжбүр болдық. Деревнядан шыққан бетте полковник Шелудькоға ұшырастық.
Ол:
— Соколово деревнясын ертерек беріп қойдыңдар, — деді күйзеліңкіреп.
— Алайда, бұған мен бұнымыз да жаман емес, 200 жауынгермен жаудың 2 танк
батальонына, бір жаяу әскер полкіне, 30 бомбардировщигіне қарсы төрт күн
төтеп бердік, мен оз жауынгерлеріме дән ризамын...— дедім.
Мен бұл ұрыста лейтенант Исламқұловтың еңбегі мен ерлігін ерекше атап
өтемін...
Мені қатты ойландырған екінші мәселе — өзім жауға қарсы 27 ұрыс жүргізіп, 5
рет дұшпанның қоршауын бұзып шыққан батальонымды кімге сеніп тапсырсам
екен деген ой болды. Таңдау екі адамға түсті: Рахимов жақсы адам, бірақ онда
шешімталдық, кесіп түсер қасиет жетіспейтін. Ол бәрін де жақсы, асып-саспай
парасаттылықпен шешетін, бірақ кесіп тастай алмайтын. Сондықтан бұрын өзім
басқарған батальонды аға лейтенант Рахимовқа тапсыра алмадым. Батальонға
басшы майор не подполковник шеніндегі адам болуы керек. Ал менің қарамағымда
бір майор мен жалғыз ғана капитан бар. Дегенмен мен бәрібір батальонға
басшылық етуді 6-ротаның взвод командирі партия қатарында жоқ кіші лейтенант
Исламқұлов Мұхамедқұлға тапсыруға шешім жасадым. Ол бұрынғы болыстың
баласы еді, әкесі 25 жыл болыс болған, бейбіт уақытта мұнда қудаланды әрі ол
«Социалист Қазақстан» газетінің редакциясынан қуылып жіберілгендей еді. Ол
өте ақылды, жүрек жұтқан батыр командир болатын. Кіші лейтенант болса да,
мен оны батальон командирі етіп тағайындадым. Оны осы қызметке қояр кезде
комиссарыммен келісе алмай да қалдым.
Кейінгі ұрыстарда Исламқұлов батальон командирі ретінде бірнеше рет көзге
түсті, полкте лайықты құрмет пен беделге ие болды. Мен оның қазасына арнап
өлең жазған едім:
Келбетті, орта бойлы, өжет мінез,
Кең маңдайда ақылды жайнаған көз.
Әдепті һәм өнерлі салтанатты,
Сендей жігіт анадан туа бермес –
Деуші едім ішімнен мен сені көріп,
Айтпағанмен өзіңе шын сыр беріп,
149
Болашақта қолбасшы болатын ер
Өткелден өтсе қиын жорық көріп.
Қия жерден қисаймай,
Тіке жүріп кетіп ең.
Сескенбестен қауіптен,
Қайтпастан алған бетіңнен.
Бірнеше қырғын соғыста
Жалтақтамай артыңа
Жігіттік, ерлік, батырлық,
Қаһармандық етіп ең.
Тосыннан тиген дұшпанға
Тапқырлықпен, әдіспен
Табандылық етіп ең.
Полкқа бұйрық болғанда,
Бір өзіңе аманат
Ерлерді табыс етіп ем.
Қан майданды қақ жарып
Шыққаныңа сүйсініп,
Біздің батыр мынау деп
Көрсетіп мақтан етіп ем.
Өршіл өжет батырым,
Ерлігіңе сенуші ем,
Қас батырдың бейнесін
Сипатыңнан көруші ем.
Ақылға да кең едің
Үлгі, өнеге көрсетер,
Ер серкесі болар деп
Ішімнен баға беруші ем.
150
Серігім едің сенімді
Жауды бірге шабысқан.
Жүрекке суық, жанға жат
Есіттім хабар алыстан:
Сыймай кеттің маңдайға
Қыршын, шейіт арыстан.
Қазаңа қатты қайғырып,
Жігер бауырым құм болып,
Қабырғам менің қайысқан.
Тағы да бір жанға батар қайғылы сәт есімде. Біз Соколово деревнясынан
кейін шегіндік, осы маңда «Дедешино» мен «Агадышево» демалыс үйі
бағытында Марьино деревнясы бар еді. Бізді немістер Соколоводан тықсырып
тастағаннан кейін, олар осы бағыттағы тас жолмен тіке Ленинград тас жолына
шығуға ұмтылды. Біздер Тебеньки және Паладино ауданында қалып қойдық.
Жауынгерлерімді шақырып алып, оларды жағдайдан алып шыққым келді.
Паладиноны басып өтетін жол «Дедешино» совхозына алып баратын. Егер
немістер бізден бұрын «Дедешино» совхозына жетіп, оны басып алса, онда біз
қоршауда қалып қоймақпыз.
Полкымды орманға қарай бастап барамын. Жолда майор Стариков басшылық
ететін 1075- полкті кезіктірдім. Бізге келіп 27 минометі бар дербес миномет
батальоны, бір капитан басқарған жаяу эскадроны, яғни аттарынан айырылған
атты әскерлер, 120 адам қосылды.
Барлығы жан-жақтан 2-3 мыңдай адам жиналды. Бұған дейін бес рет қоршаудан
шыққанмын, тәжірибем бар болса да, тағы қоршауда қалып қоймасақ екен деп
мазасыздандым. Оның үстіне мынандай әртүрлі бөлімдер, әртүрлі бөлімшелер
жиналған кезде, бәрімізге ортақ бір бастық жоқ жағдайда өте қиын. Мұның өзі
ұйымдасқан әскерден гөрі, тәртіпсіз тобырға көбірек ұқсайды. Ойлап көріңізші,
қандай қиын жағдай туғанын!
Міне, осы жерде Логвиненко үлкен шаруа тындырды. Жауапты минуттарда ол
асып- сасқан жоқ. Басшылық етуді бір адамға тапсыруға ұсыныс жасады. Бірақ
кімге?
Логвиненко:
— Мұнда үш полковник, үш майор, бір капитан бар екен, ал енді командалық
құрамды жинайық, не істеу керек екенімізді мына тобырға қалай басшылық жа-
сау қажеттігін солар шешсін,— деді.
151
Ол барлық аға бастықтар құрамын жинап, біздің ауыр жағдайымызды сипаттады.
Содан соң:
— Бәріміз бағынатын аға командир жоқ, мен сіздерді жинағанда, барлық топқа
басшылық жасауды кім қолға алып, жауынгерлерді мынау жартылай құрсаудан
алып шыға алады, соны сұрайын деп едім,— деді. Бәрі үн-түнсіз қалды.
— Сен қалай ойлайсың, ата лейтенант,— деп маған бұрылды ол. Мен былай
дедім:
— Барлық топқа басшылық етуді өз міндетіме аламын. Бәрі ойланып, үндемей
отырып қалды, ол маған:
— Комиссарды таңдап ал,— деді. Мен ойланып жатпастан:
— Комиссарлыққа Логвиненконы сұраймын,— дедім. Ол келісім берді.
Бұл өте дәл табылған әрі ақылды шешім еді, топтың жау құрсауына түсіп қалмай
аман шығуы Логвиненконың тікелей еңбегінің арқасы болатын. Бұл еңбегі үшін
оған құрмет те, алғыс та лайық. Әділдік мұны ерекше атап өтуді талап етеді.
Мен топқа басшылық етуді қабылдаған кезде, онда 4 мыңдай адам болды.
Командирлерді шақырып алып былай дедім:
— Жолдастар, біздерге мұнда қоршауда қалып қою қаупі бар. Біздер өтейін деген
жолмен енді бәлкім шайқасып өтуімізге де тура келуі мүмкін. Осы жағдайларға
байланысты мен басшылықты өз қолыма, топты қоршаудан алып шығуды өз мой-
ныма алуға шешім жасадым. Өзімді сіздерге таныстырып етейін: 1073-гвардиялық
атқыштар полкінің командир! аға лейтенант Момышұлы.
152
АЛТЫНШЫ КҮН
25 январь 1944 жыл
Сағат 12.00-ден - 17.00-ге дейін
Соколово деревнясынан Демьянское, Красная Горушка ауданындағы деревнялар
аралығында болған ұрыстарға егжей-тегжейлі тоқталып жатпаймын. Бұл
шайқастар Бектің повесінде әдемі көрсетілген. Басшылық етудің психологиясын
ол «Соңғы парақ» деген тарауда сәтті бейнеледі. Осы «Соңғы парақта» мен әскерге
басшылық ету кезіндегі психологиялық сәтті тереңірек айтып, ашып беруге
тырыстым. Ленинград тас жолы өтетін ауданда саяжай орындары, жұмысшы
поселкелері, демалыс үйлері өте көп салынып тасталған екен. Шамасы, соңғы
жылдарда москвалықтардың тұрмыс жағдайлары жақсарып, шамасы келген
жұрт өз қаражатына қала сыртынан саяжай тұрғыза бастаған.
Міне, тап осы саяжайлар картадан анықтайтын бағыт-бағдарымызды әбден
шатастырды.
Саяжайлардың жазықсыз иелеріне әбден зығырданымыз қайнады, өйткені
топографиялық карталарда бұл саяжайлар түсірілмеген екен. Соғысқа дейін бұл
жерде соғыс болады деп жобаланбаған, ал ауданның картасының өзі тіпті сонау...
1929 жылы жасалынған, ал рекогносцировкасы революцияға дейінгі кезеңнің ол
жақ-бұл жағында істелінген.
Көрсетілген бағытты алу, бөлімдермен позицияға барып бекіну оңай шаруа
емес, мұның өзі командирдің қабілет-қарымына, оның адаспай, шатаспай бағыт-
бағдарды ұстай білу шеберлігіне, топографияны жақсы білуіне байланысты
нәрсе. Ал мына алдымыздан кезіккен саяжайлар мен демалыс үйлерін біз елді
мекендер деп ойлап әбден шатастық.
Осы жерде Говорованың оңтүстік жағында Матушкиноның солтүстік-батысында
жұмысшы поселкесі бар, бұл маңда менің полкым, біздің оң жағымызда 77-полк,
ал сол жағымызды ала 7 5-полк бекінді. Дивизия штабынан Матушкино мен
Алабушевоның үстімен кейін шегініп, әскери-топографиялық ұғым бойынша,
деревнялардың батыс жағына, ал шын мәнінде станцияда — Крюково елді
мекенінде қорғаныс шебін құруға жауынгерлік жарлық, бұйрық келді. Әйтеуір
бір шешім қабылдар алдында командир жергілікті жерді картадан мұқият түрде
қарап, зерттеп біліп алуы қажет. Адьютантым сұңғақ бойлы, көк көзді, адал,
әдепті, тәрбиелі, мәдениетті украин жігіті лейтенант Сулима болатын. Егер
адъютант парасатты, жұмысқа қабілетті адам болса — жақсы көмекшім бар дей
беріңіз. Адъютант командирдің қас-қабағынан түсіне білуге, оған жемісті жұмыс
жасау үшін барлық жағдайды жасауға, өз командирінің уақыт режимін реттеп
отыруға тиіс. Сулима іштегіңді айтпай қас-қабағыңнан танитын дәл осындай жеке
дара адьютантым болды. Оған дейін де, одан кейін де нағыз адьютант дейтіндей
153
адьютантым болған емес. Сулимаға азырақ тоқталып, оның ерекшелігін сипаттап
өтейін.
Командир бір мәселенің түйінін шешу үшін ойланып-толғанып жұмыс істеп
отырған кезде, Сулима оның көңілін өзі де бөліп алаңдатпайтын, басқалардың
да кедергі жасауына жол бермейтін. Ал бұл — кез келген адьютанттың қолынан
келе бермейтін іс. Біздің көптеген жас жауынгерлеріміз өз міндеттерін осылайша
түсіне алмайды. Ал адьютанттардың көбі өз міндеттерін малайдың ісіндей көріп
түсінеді — бұл дұрыс емес.
Оның үстіне Сулима жаудан тайсалмайтын өте өжет, батыл солдат болды.
Повесть үшін айтқан әңгімемде мен оның портретін беруге күш салдым. Бек
мұны кітапта сәтті бере алар деп ойлаймын.Крюково бағытын қарап зерттей
бастағанымда, алдымда жаюлы жатқан картамның оң жақ бұрышы көзіме
тұтас қап-қара қара дақтай шалына берді. Циркульмен арақашықтықты өлшеп
едім, біздер Москвадан 30 шақырым-ақ жерде тұр екенбіз. Крюковоның маңын
зерттеп, барлық бағыттарды көріп шығу қажет. Жергілікті жерді тек бір бағытта
ғана зерттейтін командир қателеседі. Шабуыл жасайтын, шегінетін жолдарды
жан-жақты ойластырып, терең қарастырып барып қана шешім қабылдаған жөн.
Біздер амалсыз кейін шегініп барамыз. Көкейден Крюковода табан тіреп тұра
аламыз ба, жоқ па деген сұрақ кетпейді. Егер бекініп, тіресіп тұра алмасақ, онда
тағы да қай мекенге барып бекіне алмақпыз? Крюковода жаудың бетін қайтарып,
бекіністі ұстап тұра алмасақ, онда аялдайтын жеріміз тек Москва ғана болмақ...
Сіздердің бәріңіз де бұл кезде Москваның қандай жағдайда тұрғанын жақсы
білесіздер. Астананы жау самолеттері үсті- үстіне бомбалады. Москвалықтар
үшін масқара болған, дүкендерді тонап, бағалы нәрселердің бәрін алып, басы
ауған жаққа қашқан бұл 16 октябрь жұрттың бәрінің де есінде болар. Маған бұл
оқиғаның куәгері айтқан еді.
Батальоныммен 27 ұрыс жүргізсем, ал полкыммен 13 шайқасқа кірдім. Соңғы
ұрыстардан кейін қатарымыз мүлдем сиреп, полкым полк болудан қалды, бұл
шайқастарда шыңдалған шағын ғана ержүрек адамдардың тобы дерлік болатын,
саны батальоннан аспайды, бірақ полк болып аталады, оған талап та полк
ретінде қойылды. Амал не! Крюковода шайқасып, шамасы Москваға бір ротадай
жауынгермен жетерміз.
Біз 150-180 шақырым жолды ұрыс жүргізе отырып басып өттік. Мақсат біреу —
дұшпанды қалай болғанда да Москваға өткізбеу. Бұл еліміздің тағдыры ауыр сынға
түскен уақыт еді. Мен картаға қайта шұқшиып, барлық бағыт-бағдарларды, елді
мекендерді зерттеп отыр едім, осы кезде маған көп адамдар кіруге әрекеттенді,
бірақ адьютантым оларды жібермеді. Крюковода шегінгеннен кейін біздер соғыса
алатын Москва қаласының картасы көзіме қара дақтай-масқаралық дағындай
көрінді. Москва көшелеріндегі жүргізілетін масқара ұрыстарға қатыспауға
шешім қабылдап, мен өз картамның бәрінен Москва учаскесін қиып алдым да,
бұл бөлікті адьютантыма беріп, «отқа жақ» деп бұйырдым. Москва учаскесі қиып
алынған 31 ноябрь деп белгі қойылған картаны сіздер 19-цвардиялық полктің
154
архивінен таба аласыздар. Карта командирге не үшін керек?
Кейінгі ұрыс қимылдарын жүргізу үшін, жергілікті жерді зерттеп, бағдарлау
үшін қажет.
Мен дәл осы Крюководан әрі шегінбеуге бел будым, сондықтан да бұл картаның
енді қажеті болмады, оның үстіне мына қара дақ жан дүниемді тітіркендіріп
жіберді. Үн-түнсіз салт атқа отырып полкті артынан қуып жеттік. 31 ноябрь
күні Крюковоға, оның батыс жақ шетіне барып бекіндік. Барлық бөлімшелердің
командирлерін жинап алып, бірде-бір адал офицерге, командирге, солдатқа мен
Крюководан әріге баруға рұқсат етпеймін деп шешімімді хабарладым.
Сол күні аспан төсінде ұшып бара жатқан өзіміздің самолетті алғаш рет көрдім.
Осы күні рекогносцировканы аяқтап, ауданды анықтап болғаннан кейін,
Крюководан әрі шегінбеу жөнінде бұйрық бердім.
Самолеттердің гүрілін есіттім. Қанаттарында қызыл жұлдыз жарқыраған
біздің сұңқарлар ұшып барады, біз оларды бұрын еш уақытта көрген жоқ едік,
еш уақытта әуе қырандары бізді әлі ұрыста қолдаған да емес еді, кенет олар
төбемізден самғап ұшып бара жатты.
Кеудені қуаныш кернейді. Сол сол-ақ екен... о сұмдық десеңізші! Біздің ұшқыштар
өзімізді бомбалай бастады! Сірә, звеноның ақымақ командиріне немістердің
маңдай тұсынан шығып, бөлімдерін бомбылап, біздің әскерлердің шепке бекінуіне
мүмкіндік жасауға тапсырма берілген болуы керек. Ал ол болса, бізді немістер
деп ойлап қалған...Бұл авиация командирінің топографиялық сауатсыздығынан
менің батальонымды немістер екен деп ойлап, бомбылауға мәжбүр еткен. Мына
көз алдымда болып жатқан жан төзгісіз сұмдықтан жынданып кете жаздадым.
Бағымызға қарай, олар дәл бомбылай алмаған еді. Менің өзіміздің авиаторлармен
алғашқы кездесуім осылай болды. Бізге жасалынған «сыйлық» мұнымен де
бітпеді. Енді бізді артиллериямен атқылай бастады.
Кейін анықталғанындай, онда «Катюша» артиллериясының дивизионы болған
екен, оларды сол кезде осылай айтатын. Кейіннен дивизион командирімен
кездескенімде, ол немістерді Крюковоға өткізбес үшін дұшпанның алдын
атқылағанын айтты. Олармен арамызда байланыс болмаған-ды.
Міне, қазір Жоғарғы бас қолбасшының барлық бұйрығының әскерлердің өзара
бірлесіп, байланыс жасап қимыл жасауына бағытталуы да сондықтан. Бұл
ерекше көрсетілген. Ол уақытта бізде байланыс болмады, соның салдарынан
бір күннің ішінде осындай екі сұмдық оқиғаны бастан кешірдік. Бірақ тағы да
бағымызға орай, соққы дәл берілмеді, дегенмен үрейімізді әбден алды, зәреміз
зәр түбіне кетті. Содан кейін бір командалық пунктке кеттік. Командалық пункт
Ново-Малиноның солтүстігіне таман жерде орналасқан. Оң жағымызда қанаттас
77-полк, Матушкино мен Алабушево деревняларына, сол жағымызға 75-полк
бекініс шебін құрды.
1 декабрьде, таң атысымен, оң жағымыздағы көршілес полкте, Алабушево ау-
155
данында кескілескен қанды шайқас басталып кетті. Бұл өте күшті шайқас бол-
ды. Осы жердегі ұрыста дұшпан авиациясын қолданып, біздің әскерлерімізді
бомбаның астына алды. Сол күні Крюковоның батыс жақ шетінде де шайқас ба-
сталды. Дұшпан алдына Крюково темір жол станциясын басып алып, орағытып
өту маневрін қолданып, Алабушево арқылы Ржавки-Матушкиноға, яғни Ленин-
град тас жолына шығуды мақсат етті.
Біз немістердің жолын бірінші күні бөгеп, ілгері жылжытпай тастадық. Екінші
күні Крюково көшелерінде алты сағатқа созылған ауыр шайқастар жүргізілді,
үшінші күні енді деревняның орталығында он екі сағатқа созылған үздіксіз
кескілескен ұрыс жүргізілді.
Төртінші күні деревняның шығыс жақ шетіндегі көшелерде он сегіз сағатқа
созылған ауыр шайқас болды. Оң және сол қанаттағы көрші полктердің қалай
шайқасқанына тоқталмаймын тек қана өз полкімнің ұрыс қимылдарын айтумен
шектелемін.
Бірінші батальонды Мұхаметқұл Исламқұлов, екінші батальонды капитан Вехов,
үшінші батальонды капитан Жуков басқарды, штаб бастығы майор Демидович
болды. Тоқтаған кезде барып мен Соколовода жүргізілген ұрыста, немістер
біздің әскерлерімізді талқандаған кезде, өзіміздің полктың тыл бөлімдері бізді
тастап кеткенін білдім. Оларға менің көмекшім Кравчук, доктор Илья Иванович
Гречишкин және мал дәрігері Грязин бас болып ұрыс Москвада жүргізіледі деп
шешіп, солай қарай тартып отырған. Адамдарды тамақтандыру, киіндіру керек,
оқ-дәрі қажет, санитарлар, дәрігерлер керек, ал олардың арамызда бірде-біреуі
жоқ. «Менің тылым, қайдасың?»— деп сұраймын. Штаб бастығының көмекшісі
лейтенант Иван Данилович Курганский болатын. Мен оған қалай болған күнде
де тылды іздеп тапқын деп бұйырдым.
Жағдайдың қандай ауыр болғанын түсінемісіздер! Үздіксіз алты сағатқа, содан
кейін он екі сағатқа, бұдан соң, он сегіз сағатқа созылған әбден титықтаған ауыр
шайқастан соң, жаралы жауынгерлер қатты қансырап, ал біз дәрігердің көмегінсіз
қалдық. Бізде жалғыз әскери фельдшер Киреев шал мен санитарка Вера ғана бар
еді. Міне, осы санитарка мен фельдшер дәрігерлер мен санитарлардың міндетін
атқарды, жаралыларға көмек жасады, жауынгерлерді ұрыс даласынан алып
шықты, ол екеуі ұрыстың барлық ауыртпалығын өз иықтарымен көтере білді.
Осы кезде көрші полктан әлдебір әйелдің келе жатқанын көріп қалдым.— Бізде
фельдшер болып істейсіз бе?— дедім, ол:
— Мен өнер адамымын,— дейді.
— Бұл жерде сырласуға уақыт жоқ, фельдшер болып істейсің,— дедім.
Сөйтіп біз оны алып қалдық. Ол қазір Москвада. Кейін тексеріп едім, ол
шынында өнер адамы болып шықты. Бұл әйел дәрігерлік пунктте дәрігердің
орнын алмастырды.
Сіздер ұрыстың зардабын түсінемісіздер: біреудің қолы сынып, етіне ілініп
156
қалған, екінші біреудің саусағын оқ жұлып кеткен, енді біреулер одан да ауыр
жарақат алған, қолдануға ешбір дәрі-дәрмек жоқ. Не істеу керек? Қолда бары
Вера, Киреев және көмекшілері.
Осылар жаралы жауынгерлерді алып шығуда. Қалай ашуланғанымды,
бізді осындай ауыр жағдайға қалдырған кінәлі адамдарға ызаланғанымды
түсінерсіздер. Әсіресе, Илья Иванович Гречишкинге лағынет жаудырғанымды
ұғынарсыздар. Жағдай тым ауыр, ұрыс толассыз жалғасуда. Мен немістер кете
қойған жоқ па екен деп байқап көргім келді, осы кезде жүріп бара жатқан мені
әлдекім ту сыртымнан ұстаған күйде жұлқа кері тартып қалды. Бұл Гапоненко
болатын.
— Бармаңыз, жолдас полк командирі! Болмайды!
Сөйтсек, бір үйден кейін неміс аңдып тұр екен, кімде-кім көшені қиып өтпек
болса, оның жемтігіне айналмақ. Гапоненко мені осылайша ажалдан алып қалды.
Қалтамнан партсигарымды шығарып темекі тартып, жаңағыны еске түсіріп күліп
алдық.
Вера қолды-аяққа тұрмай бәйек болып, жаралыларға Киреевпен бірге көмектесіп
жүр.
Кешке жақын ұрыс толастады, біз бәрібір станцияны қолдан шығармай ұстап
қалдық, ал деревняны немістер басып алды. Он сегіз сағат бойы тоқтаусыз
жүргізілген соңғы шайқас.
Мен диванға келіп отырдым, жаныма комиссарым жайғасқан күйі ұйықтап
кетіппіз.
Иван Данилович Курганский менің тыл да жұмыс істейтін қызметшілерімді
Москваның ар жағынан тауып алыпты. Олар жақында тана қысқы киім-кешек
алған екен. Ол оларды маған алып келді, міне, мені күтіп отыр. Бөлме жылы,
олар үстеріндегі келте тоннан ыстықтап, терлеп-тепши бастапты. Дегенмен Иван
Данилович мені оятты.
— Жолдас командир!
Көзімді ашып қарасам, келте тон киген адамдар. Петр Васильевич Логвиненконы
әрі-бері жұлқылап оята алмадым. Ол күні бойы өрт сөндіргендей әбден жүгіріп
қалжырады.
— Қарай гөр! Ыстықтарың тасыған екен. Маңдайларың жіпсіп, үстеріңде келте
тон, бастарыңда құлақшын! Сөйтсем, бұлар 16 офицер екен. Содан кейін докторға
бұрылдым.
Ол қайырымды жан болатын, бірақ дәл осы сәтте мен оны соншалықты жек көріп
тұрдым.
Қызбалыққа салынып:
157
— Доктор, мен бір кезде: «Ол оны пациентін сүйген дәрігердей сүйді»,— деп
жазған бір дарақы жазушының кітабын оқыған едім. Жас жігіттің махаббатын
дәрігердің сүйіспеншілігімен салыстырып жазған бұл жазушы алжасқан бо-
луы мүмкін немесе мына сіз — есерсоқ дәрігерсіз. Сіздердің қайсыларыңыздың
алжасқандарыңызды білмеймін, егер сіз, Илья Иванович, өз кәсібіңізді сыйла-
майтын болсаңыз, онда жалпы несіне оқып, білім алдыңыз? Оған дауыс көтеріп,
ұялтып тастадым.— Сендердің дәрігерлерің қайда, санитаркаларың қайда кет-
кен? Мұнда жарақаттанған адамдар қансырап жатыр, бірнеше ауыр ұрысқа төтеп
бердік және қандай сұрапыл ұрыстар! Ал дәрігерлік көмек жасалынбады! Бұл
қалай болғаны?
— Иә, біздер, жолдас командир, сіздерді солай қарай кетті деп ойлап едік, ал
жағдайымыз осылай болып шықты.
— Демек, сіз санитарлық көмекті, жаралыларды көшірісуді ұйымдастыра, өз
қарамағыңыздағы адамдарға тыңдатқыза алмасаңыз, онда олар үшін өзіңіз жұмыс
істейсіз.
Санитарлық сумкаңызды алып, жаралыларды ұрыс даласынан алып шығуға
жөнеңіз. Сіз қазір әрі дәрігер, әрі санитарсыз да.
Илья Иванович жаралыларды ұрыс даласынан өзі алып шығып жатыр, әзірше
санитарларды ұйымдастыра қойған жоқ. Сірә, таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді
дегендей, ұялған болуы керек, ол тайсақтамай тура оқ пен оттың ортасына кіріп
кетті. Кейіннен оның ерлігін ескеріп, наградаға ұсындым.
Ауыр жаралы жауынгерлер көп бұл полкте Илья Иванович өз мүмкіндігінің
шегінен асыра қызмет көрсетті, ол тек дәрігер ретінде ғана жұмыс істемей,
ұйымдастырушы ретінде еңбек етті, бізге үлкен көмек жасады. Қазір Гречишкин
біздің дивизияның санитарлық қызметін басқарады, жұрттың бәрі сыйлайтын
өте жақсы жауынгер дәрігер, ол ұрыста шынықты, үлкен тәжірибе жинады.
Мен полк командирі көмекшісінің жеке жауапкершілігіне жүктелген барлығына
— обозбен-затпен қамтамасыз ету, жауынгерлерді тамақтандыру, азық-түлікпен
қамтамасыз ету, санитарлық қызмет бастықтарына тапсырма бердім. Бұл түнгі
сағат бірдің кезі болатын. Таңғы сағат 6-ға дейін әрбір жауынгерге үш литрден
арақ, бес килограмнан колбаса, 200 дана патроннан әзірлеп, киетін келте тон,
пима дайын болсын деп бұйырдым.
Ал, егер 6-ға дейін даяр болмаса, үй-ішіңе хат жазуға уақыт беремін, аяушылық
болмайды дедім қатуланып. Олар жүріп кетті. Тура таңғы сағат 6-да айтқан
нәрселердің бәрін дайын еткен. Мұны олардың қалай істегенін білмеймін, бірақ
бұйрықты дәл орындапты. Мұндағы мақсатым адамдарымыздың өте аздығына
қарамастан, бұларды сынап, тексеріп көргім келді, өйткені олар қауіптен қорқып
қашты. Маған оларды енді қауіпке жұмсап сынау қажет болды.
Содан кейін жауынгерлерді тамақтандыру, азық-түлікпен, обозбен-затпен
қамтамасыз ету бөлімдерінің бастықтарына барлық қару-жарақты, оқ-дәріні
158
алып, жауынгерлерге өз қолдарыңмен таратып беріңдер деп бұйырдым. Егер
сендерден кейін бір жауынгер тамақ ішпей, қысқы киім алмай қалатын болса,
сөйлеспеймін деп ескерттім.
Олар алғы шептегі барлық жауынгерлерді әділ аралап шықты. Азық-түлік
жеткізіп, киім- кешек үлестіріп берді, дегенмен мұның бәрін мәжбүр еткендіктен
істеді.
Ұрыста осындай қиындықтар да болып тұрды. Крюковода жан алысып, жан
беріскен сұмдық сұрапыл шайқастарды егжей-тегжейлі әңгімелеп жатпай, бір
эпизодты айтайын да, Москва түбіндегі майданға көшейін. Өйтпесек, Крюковода
жүргізілген ұрыстарды бастан-аяқ баяндауға уақыт жетпейді.
Бұл кезде полкымның қатары сиреп, жауынгерлерім өте аз қалған еді, осы
адамдарды сергітіп, қалайда рухын көтеру қажет болды, мен жауынгерлерге
психологиялық ықпал етуді айтып отырмын: командир бұлардың жанында
екен, қауіп те аз. Бізде қанша адам қалғанын өз көзіммен көріп, тағы да тексеріп
байқағым келді. Дивизияға генерал-майор Ревякин басшылық етті. Ол болса күш
жағынан басым жаумен айқасып, быт-шыт болғандивизияны басқаруды жаңадан
өз қолына алған еді. Мұның өзі менің полкым Крюковоға жақындаған сәтте
болған өзгеріс еді.
Комиссарым екеуміз алғы шепті аралап шығуға бет алдық. Мен бақылау пунктіне
бұрылдым, байқаусызда омыртқамнан оқ тиіп, шепті аралап көре алмадым,
госпитальға да барғым келмеді.
Қорғанысты ұйымдастыруды қолға алған бастапқы кезде-ақ мен полк өзінің
штабымен және полк командирінің басшылығымен бірге не осы шепте жауды
жастанып өледі немесе өз позициясын ұстап тұрып қалады, Крюководан әрі
қарай шегінерлік жол жоқ деп бұйрық бердім. Полк өте қауіпті, ауыр жағдайда
тұрды. Күш аз, дұшпан барған сайын бүйір тұстан сығып, тықсырып келеді,
мұндай кезде әскерді тұрған бекінісінен көшіру әділ болмаса керек, мұның өзі
айтқан сөзінде тұрмау болып шығар еді. Жарақаттанған, көшіруге толық правосы
болса да, бірақ өз полкін тастап кеткісі келмеген командирлер мен жауынгерлер
аз емес еді. Ал менің адам ретінде, қарулас жолдас ретінде, командир ретінде
жарақаттанғанымды себеп етіп, сылтауратып өз полкымды тастап, қауіптен
құтылып кетуге қандай правом бар? Осындай ойдан кейін мен эвакуациядан бас
тарттым, бірақ ант ұрған оқ шыдатар емес. Дәрігер Илья Ивановичті шақыртып
алдым.
— Құрметті Илья Иванович, қадалған оқты суырып тастаңыз!
Ол маған:
— Бұған хирургиялық операция қажет, ал бізде аспаптар мен зарарсызданды-
рушы дәрі-дәрмектер болмай тұр, мұндай жағдайда операция жасауға қақымыз
жоқ,— деді.
Мен оған жағдайымды айтып көндірмек болдым, ал ол болса қаныңа ауру
159
жұқтырып аласың деп шошытып көнер емес. Көндірмек болған әрекетімнен
ештеңе шықпаған соң, мен бұйыра бастадым, бұным да көмек бола алмады.
Әйтеуір, әрең дегенде Илья Ивановичті көндірдім-ау, сөйтіп ол омыртқама
қадалған оқты суырып алды.
Алғашқы күні жарақаттың зардабынан қол-аяғымнан әл кетіп, жансызданып
қалды, маған төсектен тұрмай, ешнәрсеге араласпай жатуға тура келді. Мен
диванда жатырмын, жауынгерлердің бәрі жарақаттанғанымды, эвакуациядан бас
тартқанымды білді.
Осы жерде полк комиссары Логвиненконың еңбегін ерекше ескеріп атап өткен
жөн. Осы ұрысты жеке өзі басқарды, бұл жердегі еңбек тұтас әрі толық түрде
оның еңбегі болды, мұны атап өтуді әділдік талап етеді.
Ұрыс толассыз жүріп жатты. Солдаттардың бәрі ұрысқа кіріскен. Кейде полктың
қарамағына кейбір бөлімдер беріледі. Бір рет маған штаб бастығы келіп, бұйрықты
қолыма берді, онда менің полкіме берілген және қолдайтын бөлімдердің нөмірлері
көрсетіліпті. Бірақ бұл бар болғаны нөмір ғана еді. Мысалы, 135-дербес танк
батальонының аға лейтенанты келіп:
— Жолдас полк командирі, сіздің қарамағыңызға 135- дербес танк батальоны
келіп қосылды,— деп мәлімдеді. Мен қуанып қалдым, «жә,— деп ойладым,—
танктер келсе, бұл, сірә, керемет қолдау болғаны!» Сөйтсек, батальон дегеніміз
бар болғаны тас-талқаны шыққан батальонның қалдығы ғана екен, жалғыз танк,
оның үстіне бұзылған. Лейтенанттан:
— Тамақтандың ба?— деп сұрадым. Ол:
— Жоқ,— деп жауап қайырды.— Онда барып тамақ ішіп, дем алыңыз... Майдан-
да осындай да жағдайлар болады.
Егер дивизияның архивін қарасаңыздар, бұйрық бойынша біздің полктың
қарамағына «...танк батальоны, гвардиялық полк» берілген, ал шын мәнінде
бұл бар болғаны аты ғана еді, ал заты, қираған, жау талқандаған бөлімдердің
қалдықтары болатын. Демек, мұның өзі бізде Москва түбіндегі шайқаста нағыз
мағынасындағы, адам күші мен қару-жарақпен қамтамасыз етілген толыққанды
бөлімдер болған жоқ, әскери бөлімдерді командование дұшпанға қарсы
жасалынатын шабуылға сақтаған екен.
Крюководағы қырғын шайқаста көптеген жауынгерлер мен командирлер
ерлігімен көзге түсті. 2-атқыштар ротасының командирі Семен Краев өзгелерден
айрықша қаһармандық, батырлық көрсетті. Бұл эпизодқа тоқталатын болсам, ол
тым ұзақ әңгіме... Бұрынғы өз батальонымның командир! лейтенант Исламқұлов
ерекше табандылық, ерік, жігер күшінің мықтылығын, ақылдылық, тактикалық
икемділігін көрсете білді. Бұл жерде бәрін айтып шығу мүмкін емес, оған белгілеген
уақытымыз да жетер емес. Бір нәрсені — батырлық пен қаһармандықтың жаппай
жасалғанын атап кетпекпін.
Дегенмен Жуковты еске ала кеткен жөн сияқты. Бірде ұрыс кезінде ол телефон
160
соқты:
— Жолдас полк командирі, дұшпан тықсырып келеді, не істеуге бұйрық бересіз?
Тағы да телефон шылдырлады:
— Жағдай қиын, не істейміз?
Одан кейін Исламқұлов телефон шалды:
— Жолдас командир жағдай ауыр, не қылмақпыз?
— Жағдайдың ауыр екенін, әрине, білемін. Мен берілген бұйрық сол күйінде
күшінде қалады — позицияны тастамаңдар,— дедім. Біршама уақыт етті, Жуков
тағы да телефон соқты:
— Жолдас полк командирі, барлық батальоннан жалғыз өзім қалдым, не істеуге
бұйырасыз?
Мен былай дедім:
— Бірінші батальонның командирі Исламқұловтың қарамағына қарапайым
қатардағы солдат есебінде барыңыз. Өз батальоныңызды сақтай алмаған екенсіз,
қатардағы қарапайым солдатша соғысыңыз.
Осы жерде комиссарым Петр Васильевич ашуланып:
— Бұл қалай болғаны? — деп қарсылық білдірді.
Он бес минуттан соң Ветхов телефонмен хабарласты:
— Жолдас полк командирі, жеті-ақ адамым қалды, не істемекпін?
Мен оған да:
— Бірінші батальонның командирі Исламқұловтың қарамағына барыңыз,—
дедім.
Исламқұлов осы аралықта тағы да телефон шалды:
— Жағдай өте ауыр, 40 адам қалды, не істейміз? Мен оған да:— Сенің қарамағыңа
Жуковты беремін, оның қолына жауынгерімен Ветхов барады, оны бөлім
командирі етіп тағайында да, ақырына дейін айқасыңдар. Бәрінен айрылсаң —
қолыңа винтовканы алып, солдат ретінде шайқас,— дедім.
Мен бұл екі капитанды мұндай қызметке ішкі сеніммен жіберген едім, осы
жағдайға байланысты комиссарыммен арамызда кикілжің, шатақ туды. Мен бұл
кезде дәрменсіз күйде диванда орнымнан қозғала алмай жатқанмын.
Комиссар ол жаққа партия ұйымының жетекшісін жіберген, менің бұйрығым
жеткізілмеген, олар онда барып тұтас әскери совет құрыпты, бұл жөнінде мен
білген жоқпын. Онда Исламқұловты соға бастаған.
161
Әрине, жағдай ауыр, қиын еді, олар былай деген: «Момышұлы бізге сене бермейді,
сен оған телефонмен, сірә, мына адамдармен қорғанып болмас деп айт»,— дейді.
Содан кейін маған Логвиненко кіріп:
— Жуков телефон соқты, өлімге бара жатырмын деп менімен қоштасты. Оның
соңғы сөзі мынау болды: «Мен осы жерде ұрысты басқарып отырған адамды
көрсем деп ем»,— деді.
Бұл маған білдірілген ишара еді.
Жуковты да түсінемін — менің бұйрығым оны қорлағандай болған. Жаралы
адамды оның да ұрыс басында болуы керек деп талап етуі де әділдік болмас еді.
Исламқұлов жанымды қояр емес.
— Оң жақтағы және сол жақтағы соғысып жатқан көршілер кетіп қалды.
Сөзін, оның да шегінгісі келетінін сезіп тұрмын. Мен оған даусымды көтере
жігер бере:
— Ей, Мұхаметқұл! «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деген халқымыздың
мақалы есіңде ме? Бұл «Арым — жанымның садағасы» деген сөз. Менің
бұйрығым - осы.
Бір аптадан кейін бұл ұрыстың сипаттамасын қағаз бетіне қазақ тілінде жазып
түсірдім, қазір ол дивизия архивінде.
Жарты сағат өтісімен Мұхаметқұл телефон соқты:
— Шабуылға шығып барамыз.
— Жарайды, барыңдар,— дедім. Бес минуттан соң тағы да телефонмен хабарла-
сып:
— Кеттік,— деді.
Ол жан-жақтан жиналған 45 адаммен жауға қарсы шабуылға шықты. Оны
тоқтатпақ болған екен, бірақ ол көнбеген, немістердің тас-талқанын шығарып,
мықты соққы берген.
Жағдай қалпына келтірілді. Исламқұловтың сәтті жасаған қарсы шабуылынан
кейін барып өзімізді айтарлықтай қолайлырақ сезініп қалдық.
Кеш түсті. Пшеничныйды — обозбен, азық-түлікпен қамтамасыз ету бөлімінің
бастығын, Алыпсатаровты, алдыңғы шептен Бозжанов пен Сулиманы шақыртып
алдым да:
— Азық-түлікті жеткілікті етіп алыңдар, сол және оң қанаттағы жауынгерлер-
ге апарып беріңдер,— деп тапсырдым.Телефонмен барлық майдандағы әрбір
солдатқа кешкі тамаққа бір килограмнан колбаса және ішімдік беріледі, байла-
нысшыларды жіберіңдер деп, хабарлаңдар деп тапсырма бердім.
162
Мұндай хабар тез, тоқтаусыз жетеді. Жіберген жауынгерлерім аралап, түннің бір
уағында қайтып оралды.
Не нәрсе анықталды десеңізші: жалғыз өзім ғана қалдым деген командирдің —
45 адамын, 7 адам қалдық дегеннің — 70 адамын, Исламқұловтың — 55 адамын
таптық. Бұл санды комиссарыма беріп:
— Мә, оқы. Енді Жуков маған ренжімей-ақ қойсын. Сізбен таласып едік, кімдікі
дұрыс болып шықты? Батальонның тегіс қырылып, командирдің тірі қалғанына
мен сенбеймін. Ал егер тірі қалса, соңғы демі біткенше шайқасып өлуге тиіс.
Осындай қорытындыдан кейін барып мен Жуков пен Ветховты ұрысқа жібердім,
егер полкте жалғыз қалған болсақ, онда солдаттардай біз де айқасқа кірер едік,—
дедім.
Сөйтсек, жауынгерлеріміз ешқайда да кетпепті. Батальон командирі өз
солдаттарын жоғалтып алған, ал жауынгерлер шын мәнінде жаумен айқасқан,
солдаттардың енді бір бөлігі қалқада тұрып, панаға жасырынып ұрыс салған.
Ержүрек солдаттарымыздың даңқы арта берсін дейік! Осындай дозақтың ішінде
батальон командирлері жауынгерлерін басқара алмай, адасып қалған. Осыдан
кейін барып былай дедім:
— Ал енді өз қызметкерлеріңізді жіберуге әрекеттеніңіздер, олар өз адамда-
рын басқара білетін болсын. Ұрыста солдаттарды басқара алмағаны үшін қатаң
жазалануға лайық, бірақ әрқайсысы өз парызын адал орындап шыққандықтан,
кінәларын кешіремін.
Сөйтіп әрқайсысын бұрынғы қызметтеріне қойдық, полк ертеңіне өз батальон
командирлерінің басшылығымен ұрысқа қайта кірді.
1941 жылғы 8 декабрь күні 8-гвардиялық дивизия оң жақ және сол жақ қанатындағы
басқа бөлімдермен бірлесе қимылдап, ортада 1073-полк, сол жағында 1077-полк,
оң жақта 1075- полк ұрыс жүргізе, біздің әскерлер қарсы шабуылға көшті, жердің
астан-кестеңін шығарған төрт сағатқа созылған артиллериялық даярлықтан
кейін немістерді Крюково станциясы мен деревнясынан қуып шықтық, сөйтіп
көп олжаға кенелдік. Бір ғана 1073- полк учаскесінде жаудың 18 танкісін қолға
түсірдік. Дұшпанды өкшелей тықсырып Истраға дейін жеттік, Истраны өрт
шалған, дұшпан шегініп бара жатып, жолды әбден миналап, арьергардты ұрыс
жүргізді.
Біздің әскерлеріміз Истраға келіп жетті, ал дұшпан болса өзеннің арғы бетіне
өтіп үлгеріпті, жауды ізімен Волоколамскіге дейін қуып келген өзге бөлімдер де
жетіп үлгерді.
Осы жерден біз кері қайта жасақталуға Нахабино станциясына бұрылдық. Бұрын
майор Стариков басқарған 1075-полкке мені командир етіп тағайындады. Бірақ
полкке бар болғаны үш-ақ күн басшылық жасадым, содан кейін мені дивизия
штабына, генерал Ревякинге шақырды. Оның қабылдауында Егоров та отыр
екен. Байқаймын, әртүрлі әңгімелер қозғалды. Егоров мені жақсы адам, жақсы
163
командир, бірақ әскери адам ретінде әлі жас, тәжірибесі аз деді. Іштей жас болсақ,
жас шығармыз деп ойланып отырмын. Мен олардың шүбәланып, бір нәрсені
батып айта алмай отырғандарын сездім. Ақырында ыңғайсыздана қозғалып
Ревякин:
— Біз сіздің батальон командирі, содан кейін полк командирі болғандығыңызды
білеміз, бірақ сіз мамандығыңыз бойынша артиллериссіз той. Қолбасшы полков-
ник Капровты бұрынғы қызметіне қайта қоюға бұйырды,— деді.
Мен былай дедім:— Жолдас генерал, мен еш уақытта полкке командир болайын
деп талаптанған емеспін, менің ешқандай әскери білімім де жоқ, ал полковник —
қарт командир, ол менен бұрынырақ соғысқан.
— Міне, жарайсың, ал біз сізді дивизия штабына қалдырайық деп едік.
— Жоқ, мені өз батальоныма қалдырыңыз.
— Қолбасшы сізді басқа полкке командир етіп жібер деп еді, бірақ біз жібергіміз
келмейді.
Сөйтіп қырғын ұрыс кезінде полк командирі болып тағайындалған мені бұл
қызметтен демалыс кезінде полк командирінің орынбасары қызметіне ауыстырды.
Бұл операциялар жөнінде де қорытынды жасауға уақыт тапшы болып отыр.
Полк комиссары Логвиненко туралы бір-екі ауыз сөз айта кетейін. Мұнда мен
шамасы оны мінеп те, мақтап та алған сияқтымын. Оның бойына өте ақылдылық
пен тым ақымақтық қасиет үйлесе біткен еді. Бір сөзбен айтқанда, одан адамның
бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттер табылатын. Ол бойындағы
осындай жаман қасиеттерінен арылған болса, алысқа барар еді, жауынгерлердің
де сүйіспеншілігіне бөленген болар еді, амал не, ол өз «менің» тым жоғары
қоятын. Қызғаншақ адам болды. Үлкен коллективтің ішінде қызғаншақтық
көрсететін, өзін жоғары қоятын, атақ құмар жан еді. Оның жауынгерлік еңбегі
зор, әрі батыл болатын. Жауынгерлік наградасы да бар, бірақ оны бүлдіретін
осы өзімшілдік «мені» болатын. Біз екеуміз көптеген ұрыстарды бірге өткердік,
мінез-құлықтарымыздан туып қалатын талас-тартыстар мен егестен көбінесе
қашып, жақсы жұмыс істесе алдық.
Оның тұлғасын қысқаша былай сипаттауға болар еді: табиғат оның бойына
жақсылық пен жамандықты, әділдік пен зұлымдықты, билік құмарлықты,
менмендікті, ұлықтық пен мансапқорлықты, шыншылдық пен жалған өсекшілікті,
ашықтық пен екіжүзділікті де берген, тұжырымдап айтқанда бір басына жетерлік
есерсоқтығы бар үлкен адам еді. Мен біздің даңқты жауынгерлік істерімізді
сүйіспеншілікпен еске алып, өз комиссарыма ерекше құрмет те білдіремін.
Оған майданда жүргенде-ақ осындай мазмұнда арнайы хат жазғанмын, оған
сіздердің араларыңызда бүкпесіз баға беріп отырғаным да сондықтан.
164
* * *
Старо-Русь —- Холм коридоры. Дивизияға басшылықты азамат соғысының
солдаты, алғашқы қызыл командирлерінің бірі генерал-майор Иван Михайлович
Чистяков қабылдады. Мінез-құлқы өте қарапайым әрі ақ көңіл адам болатын.
Тәжірибесі мол, сирек ұшырасатын талантты командир еді, қызба мінезді, бірақ
әрдайым парасаттылық танытатын. Жалпы жағдай мынандай: Старая Русса,
Холм, Демьянское, Охва, Торопец, Солтүстік жағында — Лычкова станциясы
тұр. Лычкова станциясына алып баратын темір жолды немістер сентябрьде-ақ
істен шығарып тастаған еді.
Мына жерден Ленинград майданы өтеді (суретін салып көрсетеді), содан кейін
мына жерге иіп, мұнда Демьянское, содан кейін тағы да иіп майдандардың
орналасуын сызып көрсетеді.
Бас командованиенің ойы былай: Ильмен көлінің оңтүстік жағынан бір топ
солтүстіктен соғады. Екінші топ Торопец-Холм жалпы бағытымен Калинин
майданымен шығыстан соққы беріп, дұшпанның Демьян тобын қоршауда
қалдыра отырып, екі майданды — Солтүстік-батыс және Калинин майданын
Холм ауданында қосу. Бас командованиеніңтүпкі ойын (әскерлерді орналастыру
жөніндегі) көзге найза сияқты елестетуге болады.
Найзаның ұшын бұл жерде генерал-майор Люзиков басшылық еткен 2-гвардиялық
корпус атқарды, оның құрамына генерал Иван Михайлович Чистяков басқаратын
8-гвардиялық дивизия да кірді. Одан әрі генерал-лейтенант Пуркаевтың (кейіннен
генерал-полковник болды) майданына жалғасатын.
Солтүстіктен дұшпанға соққыны 2-гвардиялық корпус жасамақ. Осы 2-корпустың
қарамағына 8-гвардиялық дивизия және бірнеше бригада, соның ішінде
қазақстандық 26 және 75-бригада кірді. Кейіннен бұл бригадалар гвардиялық
дивизия болды. Ал мына найзаның қадалар ұшын әскери тілде авангард деп
атайды. Одан әрі найзаның ұшы — дивизияның 1073-полкі болды, қазір ол
Талғарлық 19-гвардиялық атқыштар полкы деп аталады. Сонымен сіздерге ұрыс
қимылдарын жүргізетін бөлімдердің орнын түсіндіруге тырыстым.
Солтүстіктің қақаған қысында, оңтүстік жақтан жаңадан келіп қосылған
тың күшпенен жаяу 200 шақырымнан астам жүріп дивизия Сергиево-Прага
ауданында майданды бұзып өтті, содан кейін Калинин және Ленинград
облыстарының сыңсыған ормандарының ішімен қалың қармен омбылап, ұрыс
жүргізе дұшпанның тылына 230 шақырымға дейін тереңдеп енді.
Дұшпанның майданын біздің әскерлеріміз бұзып-жарды. Дивизия ұрыс жүргізе
алға жылжыды. Оның алдына қойылған тапсырма жаудың Демьян тобын —
16-неміс армиясын қоршауда қалдырып, Калинин майданын солтүстік-батыс
майданмен қосу болатын.
Жаудың майданын бұзып өткен кезде 1075-полктің командирі полковник
Капров сырқаттанып қалды. 1077-полкке Шехтман басшылық етті. 1075-полкті
165
басқаруды мен қолыма алдым. Ал 1073-полкті подполковник Иванов басқарды.
Жүргізілген ұрыстардың ішінен екі-үш шайқасқа тоқталып, сонымен әңгімемді
аяқтасам деймін.
Сіздер жалпы түрде болса да қорғаныс психологиясымен таныстыңыздар, ол
жөнінде алғашқы әңгімемде айттым. Ал алдымызда болатын ұрыстар мүлде
басқаша, яғни бұл шабуылға шығу ұрысы болды, Москва түбіне қарағанда
климаттық жағдайы, табиғат жағдайы, ауа райы, жалпы ахуал мүлдем дерлік
өзгеше. Ұрыстың сипаты да, уақыт та, ұрыс психологиясы да мүлдем ұқсамайды.
Москва түбінде біздер шегінсек, мұнда шабуылдаудамыз. Алғашқы ұрыс, әсіресе,
шабуылға шығушыға аса қауіпті.
Егер шабуылға шығушы алғашқы шайқаста жеңіп шықса, онда мұның кейінгі
ұрыстарға ықпалы өте зор болмақ. Сондай-ақ жеңіліске ұшыраған алғашқы
ұрыстың да зардабы көп.
Алғашқы ұрыста кейін шегінген жауынгерлерді екінші рет шабуылға бастап
шығу қиынға соғады. Жасқанып қалған солдатты алға бастыру қиын.
Біздің қарамағымызға жеткілікті солдат тәжірибесі жоқ, әскерге жаңадан
шақырылған жас жігіттер келіп қосылды, олардан бөлімше жасақтаған кезде мен
біртүрлі іштей қобалжыңқырадым. Біріншіден, олар тым жас еді, сырт тұлғалары
жауынгерлік қалыпқа әлі түсе қоймаған, олпы-солпы, қимыл-қозғалыстары
ширақ емес. Әрине, жастық адам өмірінің ең бір жақсы жарқын кезеңі, бірақ жас
кезінде адам соншалықты қызба, албырт келеді де, табанда батырлық та, табанда
қорқақтық та көрсетіп алуы мүмкін. Маған ушанка киген, солдат тәжірибесін
әлі алмаған мына олпы-солпы көрінген жас жігіттер оның үстіне немістердің
мынандай ерекше қорғанысы кезінде, алғашқы атыстан-ақ зәре құттары ұшып,
үріккен қойдай жан-жаққа қашып кететіндей көрінді.
Полкты шабуылға бастап, мен Гундиловичтің батальонынан алдыңғы батальонға
шықтым. Неге мен ең алдында кетіп бара жатқан батальонға бардым? Қалай
болғанда даалғашқы ұрыста жеңіп шығу керек болды. Мен өзіме осындай міндет
қойдым. Алғашқы ұрыс 1942 жылғы 6 февральда Новосвинухово деревнясында
болды. Біз Новосвинуховоға жылжып жақындадық, арамызда капитан Рассохин
басқаратын минометшілер взводы бар.
Өздерімізбен бірге сегіз минометті сүйреп келеміз. Деревняға жақындап тоқтаған
кезде, мен капитан Рассохинге барлық сегіз минометті былай етіп қатар қоюға
бұйрық бердім (сызып көрсетеді). Минометтерді мынандай есеппен атқылаған
уақытта деревняның бір шетінен, қақ ортасынан және екінші шетінен соққылай
алатындай етіп әзірлеп, орналастырдық (чертеждан көрсетеді).
Миналармен үйлерді және окоптарды атқылаған кезде адамды онша көп
зақымдай қоймайды. Шабуылға көшкен бөлімдер үшін атыстың психологиялық
сәті аса маңызды: дұшпан үшін де, әсіресе, біздің жаңадан келіп қосылған жас
күштеріміз үшін де мұның мәні үлкен. Жаппай жарылыс кезінде жердің апшысын
қуырып аспанға будақтап көтерілген қара түтін мен жердің тікелей көрер көзге
166
әсері ғажап-ақ. Шабуылға шығар сәтте біздің снарядтарымыз жауды соққылап,
үсті-үстіне төмпештей түсіп, көкте қою түтін будақтаса, шабуылға көшкен
солдаттардың көңіл-күйлері көтеріле түседі. Ал егер артиллерияның көмейі
бітеліп қалса, олардың салы суға кетіп, рухы түсіп, жасып қалады.
Осы жерде менің жас жауынгерлерімнің сағын сындырып алмай, көңіл-күйлерін
көтеріп, рухтандырып тастау керек болды. Устав пен минометтерді тиісті ара
қашықтықта орналастыру тәртібін бұзу осындай жағдайлардан келіп туып еді
(чертеждан көрсетеді).
— Миналарды алыңдар! — деп команда бердім.
— Құп болады, алдық!
— Оқпанға алып барыңдар! Қойыңдар!
Сегіз жауынгер сегіз минометті оқтап, бір мезгілде сегіз рет атты, бір уақытта
тыныштықты бұза сегіз мина жарылды.
Бұл таң алдында болған еді, немістер әлі төсекте ұйықтап жатқан.
— Миналарды алыңдар! Екінші рет селоның бір шетін атқыладық, үшінші рет
селоның екінші шетіне сегіз минометпен бір мезгілде мина жаудырдық. Атысты
тағы, одан соң қайта тағы да қайталадық. Сөйтіп селоның екі шеті мен ортасын-
да 48 мина жарылды. Әсері жауынгерлерімді қанаттандырып-ақ тастады. Бірден
сегіз мина ұли, ысқыра ұшқан уақытта, дауысы құлақты тұндырып жібереді де,
жарылған кезде талай жерді тып-типыл етеді.
Жауды орағытып бірыңғай автоматшылар ротасының взводы оқ жаудырды, оның
саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин болатын. Ұрыс екі сағатқа созылды, деревня
жаудан тазартылып, азық-түлік, қару-жарақ тиелген 85 автомашина, 25 тұтқын
қолға түсті, ұрыс даласында 80 немістің өлігі қалды.
Алғашқы шабуылға шыққан ұрысымыз сәтті аяқталды. Бірақ осы жерде
жаңадан келген жас жауынгерлер бір шатақ іс жасады, мұндай іске менің
жауынгерлерім Москва түбіндегі ұрыста жол бермеген болар еді. Бұл оқиға
мынау. Жауынгерлерім аш құрсақ болатын, күн өте суық. Баспана көрмегелі
бір жарым аптадай болды, бәрінің де аяздан беті-қолы, мұрны үсіген, ал мұнда
қолға түскен неміс машиналарының ішінде конфет, арақ және азық-түлік бар
болып шықты. Әрине, аш келе жатқан жауынгерлер деревня жаудан жартылай
тартып алынғанына да қарамастан, конфет, арақ, азық-түлікті көріп бас салған.
Келе жатып жауынгерлерімнің машиналардың жанында топтанып қалғанын
көрдім, біреулері бөтелкелердің тығынын алып жатыр, екіншілері аузына
басытқы салуда. Осы бейғам сәтті пайдаланып немістер қарсы шабуылға шығуы
мүмкін, онда бәрі бітті дегін.Мен жүріп бара жатып «алға!» деп айқайладым, ал
аналар болса машинаның ішінен түрткілектеніп айналшықтап шығар емес. Бір
машинаның жанында жауынгерлер шаңғыларын тастай сала топырлап конфетке
үймелеп қалды. Жақындай бергенімде, жаудың минасы жарылып, бірден 12
жауынгерімді мерт етті.
167
Автоматшылар ротасының командирі капитан Якубенконың жанына келіп:
— Ана басқа топты машинаның жанынан қуғын,— дедім.
Ол жүгіріп барып, тез арада жарлық берудің орнына түсіндіріп, талқылай бастады.
Бірақ мынандай жағдайда бұлардың әрекеттерін талқылауға бола ма? Бұл жерде
мына ақыл- естен айырылған «олжашыларға» күшпен, әмірмен ықпал ету қажет.
Деревняны толық иеленгеннен кейін, жауынгерлерді жинап алып:
— Жеңдер!— дедім. Өлгендердің жанына қоюға бұйырдым да:
— Бұған кінәлі кім? Неғылған масқаралық, әлсіздік! Осындай қауіпті уақытта
конфетке малданып... Якубенкоға бұрылып былай дедім:
— Сен бе бұларды олжа затқа көрсе қызар етіп тәрбиелеген!
Сөйтіп мініс атыма отырдым да, жүріп кеттім. Олар бастары салбырап ұялғаннан
жерге кіріп кете жаздады.
Новосвинуховода жүргізілген ұрыста осылайша жеңіске жеткен едік. Осы
оқиғадан кейін батальон қайтып олжа заттарды көзсіз тарпа бас салмайтын
болды...
Гундиловичтің екінші батальоны Холмның өзіне дейін жетті. Алғашқы
қақтығысты, шайқасты қалайда сәтті өткізу керек, мұның өзі солдаттың рухын
көтереді. Солдат деревняны жаудан тартып алған уақытта, ол немістердің шегініп
бара жатқанын өз көзімен көрген кезде қанаттанып, өзін жеңілмейтіндей сезініп,
алға сеніммен ұмтылады.
Келесі ерекше ұрыстарға Соколово және Бородинода болған ұрысты жатқызамын.
Немістердің түбірден соғу дейтін тактикалық әдісі бар. Соғысушы жақ майданды
бұзып өткенде, немістер негізгі күшті алға өткізіп жібереді. Түбірден соғу деп
тағы да қайталап айтамын — бұл немістердің өте сүйіп қолданатын тактикасы,
бұл соғыс ісінде құнды қазына болып табылады. Рас, бұл тактиканы бұрында,
ертеде қолданған, бірақ бұл әдіс өзінің аты мен қолданылуы жағынан неміс
тәжірибесінде ғана жүйеге түскен. Мен тарихшы емеспін, түбегейлі түрде
дәлелдей алмаймын, бірақ қалай болған күннің өзінде маневрдің бұл формасы
тактикадан стратегиялық ойға дейін алғанда соғыс өнерінің қазынасы болып
табылады. Мамандығым насихатшы емес, әрі жақсыны несіне бүгіп жасырамыз.
Мына жағдайға объективті қарайық. Жақсы деген нәрсеге шындық тұрғысынан
қарайық, біздің әскерлеріміз майданды бұзып өткенде, немістер мұндай әдісін
Харьков түбінде қолданып, түбірден соқпақ болды, сөйтіп бізге жау басып алған
ауданға тереңдеп еніп, тылда қимылдауға мүмкіндік берді. Генерал Чистяковтың
артықшылығы сол, ол немістердің арам ниетін бірден-ақ аңғара білді.
Соколово деревнясын немістер шығысқа қарсы соққы беру үшін плацдарм
ретінде тегеурінді түрде қорғауда, Кобылкино деревнясын да шығыстан қарсы
соққы беру үшін қатты қорғауда, яғни неміс командованиесі біздің найзадай
168
қадалған корпусты өткізіп жіберіп, содан кейін қоршауға алып сығуға тапсырма
алған. Сондықтан да шығыста Кобылкино, ал батыста — Соколово деревнялары
үшін ұрыс жүргізілуде. Бұған дейін1077-полк ұрысқа кірген жоқ еді, бірақ енді
генерал Чистяковтың шешімімен ұрысқа енгізіліп, оның алдына — Соколово
деревнясын жаудан тартып алу міндеті қойылды.
Подполковник Шехтман мінез-құлқында бір жақтылық байқалатын, сауысқаннан
сақ адам болатын. Мен командирдің бойында сақтық пен батылдық сияқты
қасиеттер үйлесімді болуға тиіс деп санаймын. Онда сақтық, өзімшілдік басым
түсіп жататын. Ол болса үш батальонды бірдей ұрысқа салған, алайда бұл уақытта
1073-полк Соколово деревнясын қоя тұрып, ұрысқа кірген еді. Осы Соколово
бағыты үшін біз дұшпанмен үш тәулік бойы аяусыз арпалыстық.
Генерал Чистяков мені өзіне шақырып алды. Бұл уақытта Гундиловичтің
батальоны мен аға лейтенант Клименконың батальоны 15 шақырымдай жерде
тұрған. Полктің артиллериясы да сонда. Соколово тобы неге осыншама ұзақ
уақыт бөгелді? Себебі немістер қосымша күш, қару-жарақ пен азық-түлікті үнемі
жеткізіп үстемелеп тұрды. Соколово деревнясын алу үшін қару-жарақ, азық-
түлік жеткізіп тұратын күре жолды қайткенде де қиып тастаған жөн, генералға
немістерді жабдықтап тұрған жол Трошково деревнясын басып өтетіндей көрінді.
1075-полкке Соколовоның солтүстік батыс жағынан шығып, Трошково деревня-
сын таңғы сағат 8-де дұшпаннан тартып алу міндеті қойылды.
Генерал Чистяков табиғатынан ақ жарқын, ер көңілді, әдемі әзіл-қалжыңы бар
адам болатын. Ол менің алдыма міндет қойып:
— Егер жаудан ертең таңғы сағат 8-де деревняны тартып алсаң, онда мен сені
Суворов деп атаймын, - деді.
Штабқа барлау жасауға тапсырма бердім, полк (бір жарым батальон) орнынан
қозғалды.
Маврино деревнясынан Соколовоға дейін айналаның бәрі жалаңаш, ашық.
Қараймын, аспанда жаудың бес самолеті көрінеді. Полк болса, саппен кетіп
барады.
Осы жерде есте қаларлық бір оқиға болды. Мұхамедияров екеуміз сәл кідіріп
қалған едік.
Батальон қалың қарды кешіп шұбыра кетіп барады. Мына ашық алаңда неге екені
белгісіз полк тұрып қалғанын көрдім. Маврино ауданында жау самолеті аспанда
айнала ұшып, шүйіле бомба тастауда. Бұл сағат 12-де болған еді, тапа-тал түс,
немістер тұтас полкты жайпап жіберуі мүмкін. Асыға басып полктің артынан
қуып жеттім. Мұхамедияров ана жақта қалып қойды. Не болып қалды? Сөйтсек,
немістер алаңды миналап тастапты. Мен штаб бастығына жан-жақты барлау
жүргізуді ұйымдастыруға бұйрық бергенімде, ол бұл іске білікті адамдарды —
саперлерді, артиллеристерді тартуы керек еді.
169
— Иә, жолдас командир,— дейді, бірақ біз ешнәрсе істей алмадық, саперлер жоқ
болатын.
Штаб бастығын шақырдым.
— Саперлер барлаушылардың құрамында неге болмады?
Ол:
— Мина іздеушілерсіз саперлерді жіберу қауіпті, ал мина іздеушілерді инженерлік
қызмет бастығы бермеді,— деп жауап берді. — Мен инженерлік қызмет бастығын
шақырып алдым, ол Даниловқа сілтеді, ал бұл болса штаб бастығына сілтеді. Бір
сөзбен айтқанда, ешкім де кінәлі емес, ал жауынгерлердің төбесінен нақты қауіп
төнді — жау самолеті көрінсе, полктің бәрін жусатып кетпек.
Инженерлік барлауды қамтамасыз ете алмағандарына ашу-ызам келіп былай
дедім:— Жолдас штаб офицерлері, ұялмайсыңдар ма? Мен сендер үшін полкымды
құрбан ете алмаймын!
Осындай ұнамсыз оқиға болған еді.
Соңымызда қалып қойған Мұхамедияров келіп жетті.
— Штаб офицерлеріне не болып қалған? — Мен олардың жауға барлау
ұйымдастырмағанын айттым. Мина неге жарылмаған десеңізші, сөйтсек, қатты
аяздан минаның беткі жағына қалыңдау мұз тұрып қалыпты.
Штаб — бұл үлкен істің ұйтқысы. Генерал Панфиловтың атына жазған
рапортым кездейсоқ сақталып қалыпты. Тексін оқып берейін. «Мен бұрынғы
штаб қызметкері және де бүгінде батальон командирі ретінде, мына ауыр
ұрыстардан кейін дана Энгельстің офицерлер біліктілігінің төмендігі дәл штаб
қызметіндегідей еш нәрседе зиянды көрінісін таппас деген ескертуінің мәнін
түсінген емеспін. Штаб сені тағдыр тәлкегіне қалдырған өкінішті сәттерде
штабты даярлығы жоқ, білімсіз командирлермен толықтырғаннан гөрі олардың
болмағаны дұрыс екендігін өмір тәжірибесінен көрдім. Штабқа қатысты менің
тарапымнан айтылған бұл пікірді дөрекілік деп тапсаңыз — өзімнің сөзім үшін
қандай да жауапкершілікті мойныма аламын».
Рапорт 1941 жылғы ноябрьдің басында жазылды. Алайда Панфилов маған
бұл үшін ұрысқан жоқ. Штаб басты ұйымдастырушы, ол бүлдірсе, бәрін де
кұртуы мүмкін, сондықтан менің штаб офицерлеріне жасаған қаталдығым тым
қатыгездеу көрінуі ықтимал, бірақ басқаша істеу жөн емес. Штаб өз міндетін
немкетті атқарған екен, ал әскерлерге алаңнан өту керек, сондықтан осылай
жасауға тура келді.
Соколовоның
солтүстік-батысындағы
орманның
ішінде
жиналдық.
Рекогносцировка деген әскери термин бар. Оның мақсаты не? Жергілікті жерді
карта бойынша зерттеп, командир алда ұрыс болатын орынды өзі барып көруге,
оның сипатын, дұшпанның орналасу жағдайын бақылап, зерттеп білуге тиіс,
170
содан кейін барып қана қай жақтан соққы беру, ұрыс жүргізген кезде қандай
маневр қолдану керектігін шешеді. Батальондарда қару-жарақтан винтовка мен
автоматтан басқа ештеңе болған жоқ. Артиллерия кейінде қалып қойды.
Барлық бөлімшелер командирлерін жинап алып, жергілікті жерді көзбен көріп,
зерттеуге шықтық, сөйтсек бұрынырақта картада белгіленген жер жағдайы
мүлдем өзгеше екен.
Старая Руссадан Холмға дейін керіліп үлкен жол жатыр, одан әрі Бородино
деревнясы тұр. Үлкен жолдан Соколово мен Трошковоға және оның маңындағы
шағын екі деревняға бұрылатын жол бар.
Егерде біз дұшпаннан Трошково деревнясын тартып алатын болсақ, онда
Соколово деревнясын азық-түліксіз қалдырмақпыз. Бұл жерде негізгі үлкен жол
мен екі шепті бойлай өтетін қара жол бар болатын. Бұйрық бойынша Трошковоны
алсақ, қойылған міндет орындала ма? Шын мәнінде міндет орындалмайды.
Аздаған шығынмен оны алған күннің өзінде бұдан не шыға қоймақ? Дұшпан
осы деревнялардан бізге қарсы оқ жаудырады. Полк онда қандай жағдайда
қалмақ? Ол дұшпан оғының бұғауына, оның торына барып түседі. Бүгін болмаса,
ертең құрбан болады. Бірақ сонда не үшін өлмек? Біз Соколово деревнясы үшін
арпалысып жатқан жауынгерлердің жағдайын жеңілдете аламыз ба? Тіпті де олай
емес. Немістер басып алған жерде екі жол бар, қазір олар екеуін де иеленуде.
Демек, біз көтеретін барлық шығындар бізге ешқандай да пайда келтірмейді.
Бұл жерде түбірден соғуға арналған неміс әскерінің тұтас бір тобы «Өлі бас»
деген дивизиясының бөлімдері шоғырланып топталған...Мен жоғарыда,
командир творчестволық адам болуы керек деп айтқан едім. Өйткені шешім
қабылдар алдында алдымен оны байыптап, ойлап алу қажет. Шешім қабылдаудың
жүздеген жолы бар, оның бәрі де зерделеуді, ойланып-толғануды қажет етеді.
Жер жағдайын бағдарлап, зерттеп, шешім қабылдайтын командирдің жайын
осыдан-ақ түсіне беріңіздер. Қазақша айтсақ, ол тәуекелге бел байлап кіріседі.
Командир белгілі бір шешім қабылдап, «осылай ету керек» десе, егер бұл шешім
әбден байыпталынып жасалынса, оның иығынан басып тұрған ауыр жүк түскендей
болады. Егер ол мұндай пікірді ойланып, салмақтап барып айтпаған болса, онда
оның зардабы ауыр, тіпті қайғылы да болуы мүмкін. Не істеу керек? Трошковоны
әйтеуір жаудан тартып алдым аты үшін бір полкты жер жастандырып, із-түзсіз
өлу — бұл бос, жөнсіз нәрсе болар еді, жығылсаң — нардан жығыл деген. Сөйтіп
алда сан тарау жол, әртүрлі шешім тұрды. Қойылған міндеттің мәні мынада еді.
Соколоводағы жауды азық-түлікпен, жабдық жеткізетін жолдан айыру үшін
барлық жолды тегіс қиып тастау керек, сонда Соколовоға азық-түлік жеткізу
тоқтатылады. Бірақ жолды қандай күшпен алмақпыз? Артиллериялық даярлық
жасауға артиллерия керек, қолда винтовка мен автоматтан басқа ештеңе жоқ.
Не істеу керек? Тағы да немен, қандай әдіспен алу керек деген сұрақ мазалайды.
Әрине, артиллериялық атыспен. Ол бізде жоқ. «Басмашылық» әдіспен алу керек,
яғни дұшпанды аңдаусызда бас салып, оны ту сыртынан соғу қажет деген ой
оралады. Не де болса — тәуекелге бел буу керек.
171
Мынандай шешім қабылданды: барлық алты жолды және барлық алты елді
мекенді тартып алу қажет. Біреуін тартып алудың керегі жоқ, бәрін бірден тартып
алу керек.
Орыс әскери тілінде «ключ», «стержень» деген термин бар немесе қазақша айтсақ
«тіреу», «бақан»— қазақтың киіз үйі — «бақанға»—тіреуге сүйеніп тұрады, егер
оны алып тастаса, онда киіз үй желден құлап қалады. Кез келген үй тіреусіз
болмайды, егер оны алып тастайтын болсақ, тірексіз үй жапырылып құлайды.
Сондай-ақ дұшпанның да маңызды, тірек пункті болады, командир оны тауып,
құлата білуге тиіс. Егер дұшпанның тірек пунктін құлатса, онда қалғандарының
бәрі айтарлықтай жеңіл қирамақ. Дегенмен, сол тіреу қай жерде болды екен?
Байыптап іздеген жөн. Алты жол да Бородино селосына барып тіреледі, демек
тіреу, бақан, қорғаныстың тіреуі, кілті — Бородино болғаны ғой!
Бородиноны тартып алған жағдайда дұшпанның беріктігі, әскери тәртібінің
негізі бұзылады, басқа деревняларды тартып алумен жау қорғанысының беріктігі
бұзыла қоймайды.
Бұл жерде тағы да командирдің ішкі арпалыс сезімі, командирдің қорқынышы да
орын алады. Командир қорқыныш сезімін ақыл мен ақылдың шайқасы басталған
кезде-ақ бойдақ өткере бастайды. Егер мұның бәрі өзіңе ғана байланысты болса,
онда бәле өзіңмен бірге кеткені, бірақ та мен сияқтылар көп қой. Ал бұл жерде
бірнеше жүздеген адамның тағдыры менің бір ауыз сөзім мен шешіміме тәуелді,
сондықтан да белгілі бір шешімге келу өте ауыр әрі өте қиын. Командирдің
шешім жасардағы күрделі психологиялық сәтті егжей-тегжейлі түсіну керектігі
сондықтан. Сонымен жергілікті жерді зерттеу кезінде «тәуекелге бел бууға»
шешім жасалды. Батальондардың командирлеріне мынандай бұйрық берілді:
мүмкіндігінше айқай-шу шығармауға тырысып, түнде барлық алты деревняға
батыл шабуыл жасау керек. Полктың бір жарым батальоны алты топқа бөлініп,
әрбір топтың басына жауапты командир тағайындалды. Біздер орман ішінде
тұрмыз. Дұшпан алыс емес, дауыс көтеріп қаттырақ сөйлеуге болмайды. Ең
алдымен жауға өзімізді білдіріп, сезік туғызып алмауымыз қажет.
Егер бір пулеметтен оқ атылса, ұрыс басталды дей беріңіз, ал шайқас басталды
дегенше, біз мақсатқа жете алмаймыз, өйткені біздің күшіміз шамалы-ақ.
Сондықтан да дұшпанды сақтықпен орағытып өтіп, тыл мен қанаттан, яғни ту
сыртынан және бүйір тұсынан соққыберуге шешім жасалынды. Енді бұл жерде
шыққан дыбыс, айқай опасыздық жасағанмен бірдей еді. Осындай мақсатпен
топталып орағытып өту көзделінді. Бір топты басқарып Мәлік Ғабдуллин кетті.
Оның ротасының командир! Савельев жауды ту сыртынан, ал қалғандары
шағын топтарға бөлініп бүйір тұстардан шабуыл жасайды. Барлық батальон
командирлеріне ортақ бір міндет қойылды...
Штаб не үшін керек? Басқару үшін. Сондықтан штаб ұрысқа кіретін жауынгерлік
бөлімдерден бір-екі шақырымдай жерде орналасады. Бізге бұл жерде штаб керек
пе еді?
172
Оның керегі жоқ, оның үстіне бұйрықты орындаушылардың міндетті түсініп
игеруі басқарудың негізі болып табылатын мынандай жағдайда тіпті де қажеті
жоқ еді.
Сондықтан мен барлық штаб офицерлерін таратып бөлімшелерге жібердім,
жанымда жалғыз ординарецім — көмекшім Николай Митрофанович қана қалды.
Түнгі сағат 2-де ұйқыдан тұрдық, түнгі сағат 4-те шартты белгі беруге келіскенбіз.
Белгі бойынша барлығы ұрысқа аттанды, мен орман ішінде жалғыз қалдым,
ал немістер тым жақында. Орман ішімен біраз жер жүріп едім, бағытымнан
адасып, жанымдағы көмекшімді жоғалтып алдым. Орман ішінде «Николай
Митрофанович» деп айқайлауға тағы да болмайды.
Полкты міндетті орындауға жұмсадым: сәті түссе, жауды жайпап, деревняны
тартып алар, жолы болмаса, бәрі сонда жер жастанады. Сонда мен жалғыз өзім
тірі қалуым керек пе?
Мен де полктың ізімен жүрдім. Қарсы жаққа шыққаным да сол еді, үзік-үзік атылған
оқтың дауысын есіттім. Бұл мен үшін алғашқы хабаршы еді. Неміс пулеметшісі
үш-төрт рет атып үлгерді, лезде үні өшіп қалды. Біздің әскер шүйдеден соқты
білем. Жарайсың, жауынгерлерім, жауды сілейте соққан екенсіңдер. Екінші
жақтан оқтың дауысы естілді де, бірден өшіп қалды. Осы екі хабаршы бойымды
билей бастаған үрейді жеңуіме көмектесіп, полкымды тауып алуыма мүмкіндік
берді. Полк деревняға кірді. Мен шеткерірек тұрған үйге жақындадым, мүмкін
мұнда немістер бар шығар деп ойлап тұрмын. Алғашында атқан оқтың дауысы
шықты. Кәдімгі дыбыс, оқ ауаға атылғанда құлаққа анық, қатты естіледі, ал мына
жерде атылған оқтың дауысы тұншыға шығады. Не болды екен деп бәйектеніп
ойлап келемін. Өйткені кез-келген кәнігі солдат өз винтовкасынан атылған оқты
немістің атқан оғынан ажырата біледі. Атылған оқтың дауысын мен де ажырата
аламын, біздің винтовка-автоматтарымыздан оқ атылып жатқанын есітіп тұрмын.
Осы бір шамалы минуттардың ішінде бұл маған жеткен үшінші хабаршы болды.
Демек, бұл біздің жауынгерлеріміздің ұрыс қимылдарын жүргізіп жатыр деген
сөз. Кенет бір солдат бері қарай, екіншісі ары қарай, үшіншісі көшені қиып
жүгіріп өтті. Мен де оның соңынан ұмтылдым. Қараймын, ол үйге баса-көктеп
кірді, мен де оның соңынан ілестім. Үйге кірдім. Кенет бөлмеде мылтықтың
даусы естілді... Онда неміс жатыр екен, оны біздің солдат бір атқаннан-ақ жер
жастандырған. Бөлменің ортасындағы столдың үсті ыдысқа толы. Кереуеттің
үстінен шашы жайылған, көздер! шарасынан шыққан іш көйлекті әйел түрегеле
бастады. Осы жерде «У страха глаза велики» деген орыс мақалын есіме алдым.
Қызғаныштың әртүрлі түрі бар. Мен бұл әйелді мүлдем білмеймін, танымаймын,
бірақ та оны мына қазір қызғандым. Мен мұның... отанға деген сүйіспеншіліктен
туған қызғаныш екенін көп уақыт бойы түсіне алмай жүрдім. Сөйтсем,
қызғаныштың үш түрі бар екен: жеке бастың қызғанышы, ұлттық қызғаныш сезімі
және отанға деген сүйіспеншіліктен туатын қызғаныш сезімі. Мұндай уақытта
ойың сан-саққа жүгіреді. Бұл әйелдің неге соншалықты үрейі ұшты екен? Ия, бұл
ауданда еш уақытта қазақтар болмаған, бұлардың европалық кескінді адамға көзі
үйренген. Кенет бұлардың үстінен есікті бұза-жара ашып, қайдағы бір «моңғол»
173
кіріп келген бойда, қойнында жатқан офицерді бір атқаннан-ақ сұлатып салды,
оның артынан екінші моңғол тап болды. Әйел болса түсім бе, әлде өңім бе деп аң-
таң. Енді оның үрейленгені маған түсінікті болды, кереуетіне жақындап келдім
де, жүзіне көрпе жауып, сыртқа шығып кеттім.
Үйден шыққан бойда айналада не болып жатқанын өз көзіммен көрейінші деп
Варкловица мен Бородиноның аралығында жатқан жотаға көтерілдім. Бұған
дейін тарсылдағанмылтықтың даусынан басқа ешқандай хабар алған жоқ едім.
Деревняға көз салдым, көше- көшеде жүгіріп біздің жауынгерлер, басқа деревняда
да біздің солдаттар қимылдап жатыр. Тұрған орнымнан қозғалғым келмеді.
Бұрын аязды жаным жаратпаушы еді, енді мен сықырлаған аязды ауаның дем
алған кезде кеудеге ерекше құйылып жатқанын, аязды ауаның дәмін сезінгендей
болдым. Жеңісті сезінген кезде еріксіз терең тыныс алдым, міне, сонда аяздың да
жанға жайлы болатынын сезіндім. Бұрын мұндай сезімді еш уақытта да басымнан
өткермеген едім.
Штаб бастығы, Гундилович пен Трофимов жаныма келді. Трофимов батальонның
жақсы комиссары болатын. Сөйтсек, бүл комиссар біздің жауынгерлер бір ғана
винтовка және автоматпен жауға аттанғанына жүрегі дауаламай, менің шешіміме
риза болмаған. Алайда түнгі шабуылымыз ойдағыдай аяқталды, бәрі қуанып,
қолымды алып жатыр, «жолдас капитан, сіздің еңбегіңіздің арқасы»,— дейді.
Мен Мадьярға қарап тұрып, Бородино туралы өлең шығардым:
Мен істедім дегенше, Мың істеді десеңші.
Ер істеді дегенше, Ел істеді десеңші.
Мен мыңдікі болмасам,
Ер елдікі болмаса,
Кім істеді дер едің?
Бұл 1942 жылдың 7 февралында болған еді. Рас, кейінірек, кейбір командирлер
менің жасаған шешімімнің дұрыс екенін көрген кезде, ұрыстың сәтті болғанына
көздері жеткенде, төмендегі жыр жолдары құйылған еді:
Жалғыз батыр — жалғыз жан, Майданға тұлға бола алмайды.
Азынап жалғыз арыстан Орманды билеп ала алмайды, Жалғыз батыр болғанша,
Жалпы батыр болғаны, Ел сипаты, ер сыны, Әрине, батыр батыр ғой, Бастаған
батыр ер пірі...
Батыр - батыр емес, бастаған - батыр.
Бородино шайқасының тәжірибесінен алынған қорытынды еді бұл. Бәрі де
174
ойлағандағыдай болып шықты. Жотадан төңіректі шолып, созылып жатқан
алты жолды өз көзіммен көрдім. Жақсы, бұл жолдарды біз алдық, бірақ қолдан
шығармай, ұстап тұра алар ма екенбіз? Бұл жол бізге және дұшпанға не бермек?
Айталық, дұшпан бір мезгілдебес-алты жақтан жаяу әскерімен және танкілерімен
шабуылға шықты делік. Танкілерге қарсы қолданылатын менде не бар? Ештеңе
де. Артиллерия жоқ, танкіге қарсы қолданатын қару да жоқ. Осы жерде командир
дұшпанның шабуылға шығуынан қауіптеніп іштей қорқыныш сезімін бастан
кешеді, яғни бұл жерде жаудың бізге қарсы шабуылға көшуін көре білу жеңіске
деген қуанышты су сепкендей басып тастайды, жауды жеңіп, тартып алынғанның
бәрі де бір сәтте қолдан шығып кетуі ықтимал деп ойлағанда, бойға қорқыныш
ұялайды.
Сонда мен не істеуім керек? Менің парызым — жауынгерлерімнің осы түнде
жасаған ерлік істерін сақтап, қорғап қалу. Ал бұл жеңістеріміз ауыр жағдайға
душар болуы мүмкін, сондықтан қуануға әлі ертерек.
Немістер қарсы шабуылға шыға ма, жоқ па? Сөз жоқ, шығады. Тұрған жерімізде
жан- жаққа тарамдалған жол, шепті бойлай өтетін қара жол көп — мұның өзі
келесі міндеттерді шешуге ең жақсы алғы шарт болып табылады.
Жолға даярлануға, қаза тапқандардың санын анықтауға бұйрық бердім. 800 фриц
жер жастандырылған, соның ішінде бір неміс полковнигі атып өлтірілген (оны
қызулықпен өлтірген). Біздің шығынымыз — 57 адам.
Егер де шеп маңызсыз, назар аударылмайтын болса, онда ол үшін адамдарды
босқа шығынға ұшыратудың керегі бар ма деп жоғарыда айтқан едім. «Жеңістің
түбірінде жеңіліс бұғып жатады»,— деп Панфилов айтқандай... әрбір командир
қадамын есептеуге тиіс. Мен ұрыс идеалы дегеніміз — бұл ұрысты шығынсыз
жеңіп шығу, ал ұрыс өнері дегеніміз — бұл ұрысты азырақ шығынмен жеңіп
шығу деген сөз деген едім. Осы тұрғыдан алып қарағанда, біздің ұрысымыздың
нәтижесі тиімді, жақсы. Шығынның ара қатысы 800-ге — 57.
Күндізгі сағат 12-де немістер қарсы шабуылға шықты. Біздің бақытымызға орай
танкілерін емес, жаяу әскерлерін жіберді. Бірақ атака бір мезгілде барлық тұстан
басталды.
Біздің тарапымыздан, сірә, бейғамдыққа жол беріліп алынған болуы керек, соның
салдарынан дұшпанның қарсы шабуылы күтпеген жерден жасалынғандай болды.
Бұл кезде мен сарайдың ішінде едім, менің артымда саяси бөлім бастығының
орынбасары Гусев тұрған. Сыртқа көз салсам, немістер қаптап, оқты боратып
келеді, бас көтертпейді, біздің солдаттар оқ атқан жоқ. Дұшпан 400 метрдей
жерге жақындап қалды, біздің солдаттар оқ атар емес, 300 метрдей жерге
жақындап келді — оқ атқан жоқ, енді, міне, 250 метрдей жерге таяды... әлі де
атар емес. Біздің қыл үстінде тұрған жағдайымызды ойлап көріңіздерші! Қазір
жауды тым жақын жіберіп алсақ, бәрі бітті дей бер. Осы ой басыма келіп, Гусевке
айтуға бұрылғанымда, ол құлап бара жатты. Сөйтсем, сарайдың қабырғалары
үңірейген жарық, содан оқ өткен екен. Немістер бұқпантайламастан барынша
175
есіре арсыздықпен ентелеген осынау бірнеше секундтың ішінде, өзімді қылпып
тұрған ұстараның жүзінде тұрғандай сезіндім. Кенет жанымда тұрған офицерді
байқап қалдым.
— Мұнда неғып тұрсың?— деп сұрадым,— ана жаққа жүгір. Взводты ал да қарсы
шабуылға көтер. Айтарымды айттым, оған жете ме, жоқ па. Айналаның бәріне
оқ сеуіп тұр, қаңғыған оқ тиіп мерт етер. Окоптарға бекінген біздің рота әлі оқ
жаудыра қойған жоқ. Неге?
Немістер біздің ротаға жүз метр жер қалған кезде бір жауынгер қырындай
түрегеліп, автоматын алға кезей ұстап: «Ура!» деп айқай салды. Бұл Төлеген
Тоқтаров еді. Ротаның қимыл-әрекетсіз қалғанына ашынған ол өзінің төрт
жолдасына: «Жауға аттанайық!»— депбес-алты жақтан жаяу әскерімен және
танкілерімен шабуылға шықты делік. Танкілерге қарсы қолданылатын менде не
бар? Ештеңе де. Артиллерия жоқ, танкіге қарсы қолданатын қару да жоқ. Осы
жерде командир дұшпанның шабуылға шығуынан қауіптеніп іштей қорқыныш
сезімін бастан кешеді, яғни бұл жерде жаудың бізге қарсы шабуылға көшуін көре
білу жеңіске деген қуанышты су сепкендей басып тастайды, жауды жеңіп, тартып
алынғанның бәрі де бір сәтте қолдан шығып кетуі ықтимал деп ойлағанда, бойға
қорқыныш ұялайды.
Сонда мен не істеуім керек? Менің парызым — жауынгерлерімнің осы түнде
жасаған ерлік істерін сақтап, қорғап қалу. Ал бұл жеңістеріміз ауыр жағдайға
душар болуы мүмкін, сондықтан қуануға әлі ертерек.
Немістер қарсы шабуылға шыға ма, жоқ па? Сөз жоқ, шығады. Тұрған жерімізде
жан- жаққа тарамдалған жол, шепті бойлай өтетін қара жол көп — мұның өзі
келесі міндеттерді шешуге ең жақсы алғы шарт болып табылады.
Жолға даярлануға, қаза тапқандардың санын анықтауға бұйрық бердім. 800 фриц
жер жастандырылған, соның ішінде бір неміс полковнигі атып өлтірілген (оны
қызулықпен өлтірген). Біздің шығынымыз — 57 адам.
Егер де шеп маңызсыз, назар аударылмайтын болса, онда ол үшін адамдарды
босқа шығынға ұшыратудың керегі бар ма деп жоғарыда айтқан едім. «Жеңістің
түбірінде жеңіліс бұғып жатады»,— деп Панфилов айтқандай... әрбір командир
қадамын есептеуге тиіс. Мен ұрыс идеалы дегеніміз — бұл ұрысты шығынсыз
жеңіп шығу, ал ұрыс өнері дегеніміз — бұл ұрысты азырақ шығынмен жеңіп
шығу деген сөз деген едім. Осы тұрғыдан алып қарағанда, біздің ұрысымыздың
нәтижесі тиімді, жақсы. Шығынның ара қатысы 800-ге — 57.
Күндізгі сағат 12-де немістер қарсы шабуылға шықты. Біздің бақытымызға орай
танкілерін емес, жаяу әскерлерін жіберді. Бірақ атака бір мезгілде барлық тұстан
басталды.
Біздің тарапымыздан, сірә, бейғамдыққа жол беріліп алынған болуы керек, соның
салдарынан дұшпанның қарсы шабуылы күтпеген жерден жасалынғандай болды.
Бұл кезде мен сарайдың ішінде едім, менің артымда саяси бөлім бастығының
176
орынбасары
Гусев тұрған. Сыртқа көз салсам, немістер қаптап, оқты боратып келеді, бас
көтертпейді, біздің солдаттар оқ атқан жоқ. Дұшпан 400 метрдей жерге жақындап
қалды, біздің солдаттар оқ атар емес, 300 метрдей жерге жақындап келді — оқ
атқан жоқ, енді, міне, 250 метрдей жерге таяды... әлі де атар емес. Біздің қыл үстінде
тұрған жағдайымызды ойлап көріңіздерші! Қазір жауды тым жақын жіберіп
алсақ, бәрі бітті дей бер. Осы ой басыма келіп, Гусевке айтуға бұрылғанымда, ол
құлап бара жатты. Сөйтсем, сарайдың қабырғалары үңірейген жарық, содан оқ
өткен екен. Немістер бұқпантайламастан барынша есіре арсыздықпен ентелеген
осынау бірнеше секундтың ішінде, өзімді қылпып тұрған ұстараның жүзінде
тұрғандай сезіндім. Кенет жанымда тұрған офицерді байқап қалдым.
— Мұнда неғып тұрсың?— деп сұрадым,— ана жаққа жүгір. Взводты ал да қарсы
шабуылға көтер. Айтарымды айттым, оған жете ме, жоқ па. Айналаның бәріне
оқ сеуіп тұр, қаңғыған оқ тиіп мерт етер. Окоптарға бекінген біздің рота әлі оқ
жаудыра қойған жоқ. Неге?
Немістер біздің ротаға жүз метр жер қалған кезде бір жауынгер қырындай
түрегеліп, автоматын алға кезей ұстап: «Ура!» деп айқай салды. Бұл Төлеген
Тоқтаров еді. Ротаның қимыл-әрекетсіз қалғанына ашынған ол өзінің төрт
жолдасына: «Жауға аттанайық!»— деп үн қатқан. Оның соңынан ала бес жауынгер
«уралап» жауға ұмтылды, олардың артынантағы да бес адам, сөйтіп бүкіл рота
тұтас көтерілді, немістер кейін шегінді.Полк командирі ретінде бұл ұрысқа
басшылық жасай алдым ба? Жоқ. Мен сасып абдырапқалдым, жағдайымыз
құрыған екен деп санадым. Полкты тығырықтан кім аман алыпшықты: командир
ме немесе мына 10 ержүректерді бастап шыққан екі қыран ба? Бұлжерде,
ұрыстың осы сәтінде мен командир ретінде дәрменсіз күйде қалдым. Ал осы сәт
еңқауіпті еді. Бірақ батыл ерлер өз істерін істеді, қауіп жойылды. Операцияның
екіншікезеңінде, осы қарсы шабуылға шығу уақытында мен жалғыз өзім ғана
емес, барлық полкпен бүкіл дивизия осы 10 батыл жауынгерлерге қауіптен аман
алып қалғаны үшінқарыздар, олар көтерілгеннен кейін барып қана пулеметтер
мен автоматтар жәневинтовкалардан оқ жаудырыла бастады. Алайда бұл ең
батыл жауынгерлерді көтерген,олардың сана-сезіміне түрткі жасаған кім? Міне,
осы жерде ерлікті ажырата тани білгенжөн. Тоқтаров пен Ғабдуллиннің және
басқалардың ерлігінің мәні осында, олардыңжауынгерлерді бастауында жатса
керек. Қорытынды жасайын. Бородино ұрысыныңнәтижесінде 1200 дұшпанның
көзі жойылды, біз 157 адамымыздан айырылдық. Неміскомандованиясының
түбірден соқпақ болған жоспары тас-талқан етіліп, күлін көккеұшырдық.
Командование Бородино ұрыстарына жұрт алдында жоғары бағасын берді,
бұлтоптың командирі ретінде мен Қызыл Жұлдыз орденімен наградталдым.
Дивизияның басқа бөлімшелері туралы бірер сөз айта кетейін. 1075-полк
дұшпандыөкшелей тықсырып, Большое Шелудковоға дейін жетеді де, Старо-
Русский үлкен жолынабұрылады. 1942 жылғы 11 февральда аудан орталығы
Поддарье үшін ұрыс жүргізеді.1073-полк жанындағы Соколово, Малое Лесово,
Каменка және басқа да елді мекендердіиеленеді. Ол 1942 жылғы 17 февральда
177
Шапково-Кокачево үшін шайқасады, осы аудандаКалинин және Солтүстік-батыс
майданы түйіседі.1077-полк Болышево үшін, 1073-полк Сутоки, Мозыри, 1075-
полк Труховка үшінкескілескен ұрыс қимылдарын жүргізеді, 75-теңіз бригадасы
Орехово, Чекуновоны басыпөтіп, Хольм-Локня үлкен жолын қиып тастады.
Неміс әскерлері сияқты біздің әскерлерімізде Холмның батыс жағындағы үлкен
жолда қорғанысқа көшті. Табан тірескен соғыс 90күнге созылды.Мен жазушы
емеспін, бәлкім, ешқашан қаламгер бола да алмаспын, ғылыми қызметкеремеспін
және ешқашан ғылыми қызметкер де бола алмаспын. Есіме түсіріп айтып
бергенәңгімелерімнің бәрі — қаза тапқан, қайғы-қасірет шеккен жолдастарымның
рухыалдындағы солдаттық парызым. Менде бұдан басқа ешқандай мақсат жоқ,
ешнәрсені деталап етпеймін, дәмеленбеймін. Айтқандарымның бәрін дұрыс,
келтірілген сандар меноқиға болған күндерді дәл уақытына сәйкес келеді деп
дәлелдеп жатпаймын, кейбіршегіністердің болуы әбден мүмкін, бірақ мен өз
көзқарасымды әділ жеткіздім депсанаймын, сондықтан айтқан пікірлерім ешкімді
ешнәрсеге міндеттемесе керек.
Достарыңызбен бөлісу: |