СӨЖ -1
ТАҚЫРЫБЫ: ОҚЫТУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕРДІ АНЫҚТАУ; ОҚЫТУДЫҢ АФФЕКТІЛІК ТЕОРИЯСЫ
Негізгі сұрақтар:
1.Оқушылардың оқудағы кедергілерін қалай жеңуге болады?
ТАПСЫРМА
1. Зерттеуші –мұғалімнің схемасы «Левин» циклін қолдану үлгісі бойынша құрастыру.
Төмендегі кестені басшылыққа алуға болады.
Зерттеу сұрағы:Егер мен оларға күн тәртібін үйретсем,менің оқушыларым уақытын тиімді пайдалана ала ма?
Жоспар жасаңыз:
А)Оқушыларға күнделікті тәртібі бір уақытта ұйықтап,бір уақытта оянатындай ұйымдастыруын тапсыру.Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан,ата-аналарына қадағалауын тапсыру.
Ә)Күнделікті:құнарлы,жүйелі,сапалы тамақтануын,сондай-ақ,бес мезгіл дұрыс тамақтануын жоспарлау.
Б)Үй тапсырмасын орындау кезінде,түстен кейін оқитын оқушыларым үшін,таңғы астан кейін кейін үй тапсырмасын орындап,мектепке келер жолдағы серуенде миын тынықтыруына мүмкіндік беруін тапсыру.
Іс-әрекет жасаңыз:
А) Оқушының күнделікті тәртібі бір уақытта ұйықтап, бір уақытта оянатындай етіп ұйымдастырылуы керек. Бұл балаға жақсы ұйықтауға, оңай оянуға және күндіз белсенді және сергек болуға мүмкіндік береді. Баланың сау ұйқысы 9,5-10 сағатқа созылады.Сол себепті де оқушыларға уақытылы ұйықтау тапсырылып,түнде смартфонмен ойын ойнап ұйқы уақытын тиімсіз пайдаланбауды ұсындым.
Ә) Бала күніне бес рет тамақтануы керек. Тамақтану: таңғы ас, түскі ас, түстен кейінгі шай, кешкі ас және екінші кешкі ас. Барлық тағамдар қоректік және пайдалы болуы керек.Яғни,түстен кейін оқитын оқушылар:таңертең-таңғы асты үйінен ішіп келеді.Түскі асты мектеп асханасынан кейін ішеді.Содан кейін мен ұзақ мерзімді үзіліс кезінде оқушылардың тіскебасармен тамақтануына мүмкіндік бердім.Ал кешкі аспен қосымша екінші кешкі асын ата-атанысына қадағалауды тапсырдым.
Б) Үй тапсырмасын орындау кезінде мектеп ережесін сақтау керек: әр 45 минут сайын он минуттық үзіліс жасаңыз. Бөлмені желдетіп, үйді аралап, бірнеше тыныс алу және гимнастикалық жаттығулар жасау керек.
Ойлаңыз:
А)Бірқатар оқушылар,бір уақытта ұйықтап,бір уақытта оянатындай күн тәртібін жасай алмаған,себебі түстен кейін оқитын болғандықтан,түске дейін ұйықтауға мүмкіндік бар деген оймен,сағат кешкі сегізден кейін үй тапсырмасын орындап немесе смартфонда ойын ойнап,түнгі ұйқысының біраз бөлігін тиімсіз пайдаланған.
Ә)Көптеген оқушылар,ұзақ мерзімді үзілісте көптеген зиянды,пайдасыз,бірақ бала асқазанынан жол табарлықтай тамақтармен тамақтанатын байқадым.(Яғни,қытырлық картоп,кептірілген ащы нан секілді бала ағзасына пайдасыз тамақтар)
Б)Көптеген оқушыларда үй тапсырмасын ата-анасымен орындаған кезде,мектептегідей,әр 45 минут сайын,10 минуттық үзіліс жасап орындаудың балаға қиын,әрі қызықсыз екенін,баланың алаңдап кететінін байқадық.
Қайталама жоспар:
А)Бала ұйықтауына екі сағат қалғанда,смартфон,теледидар,планшет,компьютер секілді құрылғыларды пайдаланбай ұйықтауын қадағалауын ата-анасына тапсыру.
Ә)Оқушылардың ұзақ мерзімді үзіліс кезінде тіскебасар ретінде зиянды,құнарсыз тіскебасарларды пайдаланбауын қадағалау.
Б)Үй тапсырмасын “Помодоро”әдісі арқылы орындау.
Іс-әрекет жасаңыз және бақылаңыз:
А)Ата-аналарға күнделікті оқушылардың смартфон қолданатын уақытын,ұйықтар кездегі уақытқа емес,кешкі астан кейін немесе кешкі серуен уақытысынан кейін,30-60 минут қолдануына мүмкіндік беру.Яғни,тек ұйықтайтын кезде емес.Бала ұйықтауына екі сағат қалғанда,смартфон,теледидар,планшет,компьютер секілді құрылғыларды пайдаланбай ұйықтау қажет.
Ә)Оқушылар үзіліс кезінде тіскебасар ретінде пайдалы тағамдар:жеміс-жидек,жеміс шырыны,үйде пісірілген бәліш секілді тіскебасарды пайдалану арқылы оқушының келесі сабаққа деген энергиясын жинақтап алуға мүмкіндік тудырады.
Б)Помодоро әдісі бұл 45 минуттан кейін 15 минуттық үзіліс жасап емес,әр 25 минутта оқу процесі,5 минут үзіліс ала отырып,оқушының білім алу,үй тапсырмасын орындау процесінен жалығып кетпеуіне жағдай жасаған.
Ойлаңыз:
А) Нәтижесінде көптен оқушылардың,миы сергек,денесі тынықққан,көңіл-күйі күні қалыпты болуына себепкер болады.
Ә)Құнарлы тіскебасар оқушының келесі сабаққа деген күш-қуаты мен ынта-жігерін оятуға мүмкіндік тудырды.
Б)Бұл әдіс арқылы оқушы оқу процесінен жалықпай,25 минут аралығы ішінде оқу процесіне ден қоя араласатыны байқалды.
Қорытынды:
Қорыта келе,оқушылардың күн тәртібін ұйымдастыру,оқушылардың уақытын тиімді пайдалануға себепкер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |