Сөж орындаған: Көдек Думан жаңабайұлы Тексерген: Алматы 2023 1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық



Дата04.11.2023
өлшемі180.83 Kb.
#482337
Ашаршылық


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


СӨЖ

Орындаған:Көдек Думан жаңабайұлы
Тексерген:

Алматы 2023


1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық

1930-1933 жылдардағы болған Қазақстандағы ашаршылық (кейде жай Ашаршылық) — Қазақ АКСР жеріндегі ашаршылық. Ол кезде Қазақстанда шамамен 1.5 миллион адам қайтыс болып, олардың 1.3 миллионы қазақтар болған. Ашаршылық кесірінен қазақтар саны 38-42%-ға кеміген, 1930 жылдардағы Кеңес одақта болған ашаршылықтардың ең үлкен пайызы. Басқа деректер бойынша ашаршылықта 2-2.3 миллион адам қайтыс болған.Бұл вшаршылық меніңде отбасымды айналып отпетіМенің нағашы атамның әке шешелері 1931-1933 жылдар аралығыныда бірі кішкентай 7-8 жастағы бала қыз болса,бірі ер жетіп қалған жасөспірім бала болған екен.Ол кісілер туралы нағашы апам мен атамның айтқан әңгімесінен анамның есінде қалған оқиғаларының бірі.Менің анам өз атасын көрмеген ол кісі 1943 жылы Ұлы Отан соғысында Украина қаласының қасындамын деп соңғы хаты келген сосын із түзссіз жоғалған екен,әлі хабарсыздар қатарында.


Ал апасының айтуы бойынша Ләтипа апамыз жалғыз баласы екеуі нағашы атамның інісі Нақсыбайұлы Әбдіханның қолында болған.Анамның апасының жеке құжаты болмағандықтан соғыстан кейін құжат жасатарда осы бір әңгімені есіне ала отырып жылын анықтаған екен.Апасы 1932 жылы ашаршылық кезінде халық көрші мемлекеттерге жан сауғалап үдере көшкенде әкесінің атының артынан жылап жүгіріп құлағанын айтады.Сонда ол кісінің әкесі ол оқиға сенің есіңде екен ғой ,сен ол кезде 9-10 жастағы бала едің деген екен.Сондықтан 1932 жылдан 10 жасты алып тастап туған жылын анықтап құжатына жазған.Содан кейін Қырғыз еліне барып ,балалардың барлығы егін жинауға көмектесіп, бір дорба бидай алып, сол бидайды бір айға жуық балалардың алдына шашып беріп, алдаусыратып өмір сүргенін айтады.Ал атасы Әбдіхан Қазақстан елдінде торсыққа езілген қатықты құйып алып мал қарауға шыққанда ,қашып бара жатқан адамдар торсықтағы қатығын тартып ішіп ,адасып, үйіне әрең жеткенін айтқан.Осылай ата-апамыз ашаршылық кезіндегі қиындықтарын есіне ала отырып ұрпақтарының басына бермеуін Алладан сұрап ,үнемі тілеу тілеп отыратын болған.
Бұл қысқа -қысқа әңгімелер Абдиханова Ләззат Асылбайқызының ата- апасы туралы есінде қалған естелік әңгімесі.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет