Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих,ғылыми тарих факультеті.
СӨЖ
Тақырыбы: : Әлеуметтану ғылымындағы түрлі ғылыми теориялардың негізгі идеяларын, басты ұғымдарын кесте түрінде салыстыру.
Орындаған:Шабайқызы Эльмира.
Тексерген: Ноғайбаев.Е.
Алматы, 2021
Теория
|
Идеясы
|
Ерекшелігі
|
Огюст Конт теориясы
|
О.Конт әлеуметтануды қоғамдық ғылымдардың арасындағы ең маңыздысы деп түсінген. О.Конттың айтуы бойынша, әлеуметтану физиканың әлеуметтік қатынастарды зерттейтін саласы. Ол қалыптастырған позитивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіздеді.Конттың ғылымға қосқан тағы бір үлесі- қоғамды түсіну үшін әлеуметтік тәртіптің және әлеуметтік өзгерістің көздерін іздеу қажет екенін дәлелдеуі.
|
О.Конт адамзаттың интелектуалды дамуын үшке бөлген:
1)Теологиялық кезең мифология, діннің үстемдік құруы.
2)Метафизикалық философиялық кезең. Бұл кезеңде адамзат баласы әр нәрсенің қыр сырын абстрактілі түрде түсіндіреді.
3)Позитивті, яғни ғылыми кезең. Бұл кезеңде адамзат ғылыми тәжірибелерге, эксперименттерге сүйеніп тжырым шығара бастады.
|
Карл Маркс теориясы
|
Ғылымға қоғамдық- экономикалық формациялық даму заңын енгізген ғалым.Егер басқа ілімдер өмір сүріп тұрған қоғамдық жүйені жаңғыртуға бағытталса, марксизм бұл жүйені түпкілікті жоққа шығарды.
|
К.Маркс пен Ф.Энгельс тұңғыш рет қоғамдық дамуды жіктеуді іске асырды. Олар қоғам дамуын бес қоғамдық- экономикалық формацияға бөлді:
1) Ерте дәуір.
2)Құл иелену дәуірі.
3) Феодалдық дәуір.
4) Капиталистік.
5) Коммунизм.
|
Маркс Вебер теориясы
|
М.Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік тарихи құбылыстарының субьективті жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның қажеттілігін, мақсатын, т.б әр уақытта ескеріп отыру қажет.Оның басты міндеті- адамдардың іс- әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады.Вебердің пікірінше, бірдей тарихи деректерді қарастыру барысында түрлі идеалды типтер қалыптасуы мүмкін.
|
М.Вебер саяси әлеуметтануды дамытуға да үлкен үлес қосты. Өзінің әлеуметтік іс- әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті үш түрге бөлді:
1)Харизматикалық,
2)Дәстүрлік
3)Бюрократтық.
Харизматикалық үстем ету- яғни соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Дәстүрлік- дәстүр мен салтқа негізделген. Бюрократтық деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын үстем ету формасы.
|
Эмиль Дюркгейм теориясы
|
Э. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.Әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі-әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құралады.Оның басты мақсаты қоғамдағы құбылыстарға түрткі болатын заңдылықтарды ашып, тұжырымдау.
|
Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде социологизм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады. Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына байланысты болмақ.Э.Дюркгейм мынадай тамаша қорытындыға келеді:қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын өзі қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай.
|
Герберт Спенсер теориясы
|
Спенсердің әлеуметтанудағы аса құнды жағы “Әмбебап эволюция” деп аталды. Спенсер бұл заң бойынша қоғамның нақты әлеуметтік жағдайын жан жақты білу қажет екенін атап көрсетті.Спенсердің қоғамды организм ретінде түсінуі әлеуметтәк дамуда туындаған. Спенсер қоғам ерекше бөлімдерден, яғни “органдардан” тұрады дейді. Бұл бөлімдер немесе мекемелер болып табылады.
|
Спенсер қоғамдық өмірде мемлекеттің ойын шектеуді тіптен кедейлерге көмек немесе балаларға тәрбие беру туралы қамқорлығынан да бас тартуды ұсынды. Спенсердің пікірінше кез- келген қоғам дамуы органдардың үш жүйесінің негізінде баталып жүреді деді.
1) Жүйе: сүйемелдеуші жүйе материалдық жағынан қамтамасыз ету.
2) Жүйе: бөлуші жүйе еңбек бөлінісінің негізінде қалыптасқан әлеуметтік органнан, әртүрлі бөлімдерінің байланысын қамтамасыз етеді.
3) Жүйе: реттеуші жүйе бұл қоғамның құрамды бөлімдерін біртұтас орталыққа бағындырып мемлекет тарапынан оның дамуын реттеп отырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |