Сөж тақырыбы: Дж. Ритцер еңбектерін пайдалана отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі түрлерін оқыңыз және талдаңыз. Оқытушы: Арын Д. А. Студент: Байназарова Адия Мамандығы: Метеорология Алматы, 2023ж Жоспары



бет3/3
Дата12.11.2023
өлшемі70.6 Kb.
#483018
1   2   3
Метео Әлеуметтану СӨЖ

Фаталистік суицид. Суицидтің соңғы фаталистік суицид атты төртінші түрі Дюркгеймнің «Суицид» еңбегінің сілтемесінде ғана қарастырылады. Аномиялық суицид реттеу тым әлсіз болған жағдайларда туындауы мүмкін екенін ескерсек, фаталистік суицид осы реттеудің шамадан тыс артық болуымен байланысты. Дюркгейм фаталистік суицидке баратындарды «қатал қысым жасау арқылы құмарлықтары мен әрекеттері толық басқарылатындар» деп сипаттайды. Үмітсіздіктен және әрбір әрекеті бақыланатындықтан, суицидке баратын құлдардың жағдайы бұған классикалық мысал бола алады. Тым қатал реттеу мен қысымшылық меланхолия ағымын дамытады, бұл, өз кезегінде, фаталистік суицидтің өсуіне әкеледі.


Суицидті болдырмау жолдары.

Дюркгейм суицидті зерттеуін аяқтамас бұрын оны болдырмау үшін қандай реформалар жүргізілуі қажет екеніне тоқталады. Өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау әрекеттерінің көпшілігі сәтсіздікке ұшырауының себебі – оның жеке мәселе ретінде қарастырылуында. Дюркгейм үшін адамдарды өзін-өзі өлтіруге бармауға тікелей сендіру жарамсыз, өйткені бұл мәселенің нақты себептері қоғамда екенін айтады. Дюркгеймнің позициясымен «Қоғамдағы еңбек бөлінісі» шығармасында кеңінен танысуға болады, онда қазіргі заманғы мәдениеттің аномиясы еңбек бөлінісінің өзара байланысқа негізделмей, керісінше, оқшаула- нуға бағытталғаны айтылады. Демек, қажет болған жағдайда, қазіргі заманның артықшылықтарын сақтай отырып, суицидтерді болдырмаудың жолы – бұл әлеуметтік бағыттарды теңестіру тәсілі. Біздің қоғамымызда, Дюркгеймнің пайымдауынша, бұл бағыттар теңгерілмеген.


Адам мен қоғамды байланыстыру үшін құрылған көптеген институттар сәтсіздікке ұшырады және Дюркгейм де олардың жетістіктеріне үміт артпайды. Қазіргі мемлекет жеке адамның өміріне жеткілікті дәрежеде әсер ете алмайды, өйткені ол қоғамнан тым алшақ. Дюркгеймнің пікірінше, кәсіптік топтарға негізделген басқа мекеме қажет. Біз бұл кәсіптік бірлестіктерді төменде талқылайтын боламыз, бастысы – Дюркгеймнің әлеуметтік мәселені шешуге әлеуметтік шешімді ұсынуы




Қолданылған әдебиеттер.


Ритцер Джордж. .Әлеуметтану теориясы. Учебник/Дж.Ритцер, Дж.Степницки; ауд.Абдирайымова Г.С., Абдикерова Г.О. және т.б., 2018. – 829б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет