Сөж тақырыбы: Ресей мәдениеті Орындаған



бет1/3
Дата19.03.2023
өлшемі93.14 Kb.
#470948
  1   2   3
Мәдениеттану СӨЖ Қадырова Алина К2


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Экономика және бизнес жоғары мектебі»
Кафедрасы «Қаржы және есеп»
Мамандығы 6В04106«Қаржы-1 курс»

СӨЖ
Тақырыбы: Ресей мәдениеті

Орындаған: Қадырова Алина Дауренқызы
Тексерген: Адырбековна Алия Жомартқызы


Алматы 2023ж.
Жоспары:


Кіріспе


Негізгі бөлім
1.Ресей мәдениетінің қалыптасуы
2.X-XX ғасырлардағы Ресей мәдениеті


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Мәдениет өзінің бүкіл даму кезеңінде Ресей тарихымен тығыз байланысты. Біздің халқымыздың мәдени мұрасы өзінің және әлемдік тәжірибемен үнемі байытылған ұлттық сананың қалыптасуы мен дамуы процесінде қалыптасты.


Орыс мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері-үлкен географиялық кеңістікті игеру қажеттілігі; православие дінін бекіту, христиан дінін қабылдау; мемлекеттің халықтың жеке мүдделерінен басымдығының басым болуы, жеке тұлғаның мүдделерін мемлекет мүдделеріне бағындыру.
Мәдениет ұғымына халықтың ақыл-ойы, таланты, қолөнері, оның рухани мәнін, әлемге, табиғатқа, адам болмысына деген көзқарасын білдіретін барлық нәрсе кіреді.
Ресей мәдениеті орыс мемлекеттілігінің қалыптасуымен бірдей ғасырларда қалыптасады. Халықтың дамуы бір уақытта бірнеше бағытта жүрді – экономикалық, саяси, мәдени.
Орыс мәдениетінің дамуы туралы толық түсінік алу үшін X ғасырдан бастап ХХ ғасырдың басына дейінгі мәдениеттің қалыптасуының негізгі кезеңдерін қарастырыңыз.
Ресей мәдениетінің қалыптасуы

Ресей мәдениеті - адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынысына қосқан үлесіне де баға жетпейді.Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік үдерістерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.


Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін толығырақ қарастырып көрелік. Ақиқатына келсек, көп ғасырлық тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет- бейнесімен ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын Ресей мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйемен және тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария, Сербия, Армения, Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты.
Ежелгі Русь мәдениеті — шекарасы Тамань түбегіне, сондай- ақ Солтүстік Двинаның жоғарғы аңғарына дейін, ал батысында Висланның жоғарғы арнасына дейін созылған Киев державасының мәдениеті ғана емес, сонымен қатар қуатты Владимир Суздаль княздігінің, Новгород боярлар республикасының, одан қалды сындарлы кезеңнің қатал сынағынан мүдірмей өтіп, елді біріктіру күресіне басшылық жасап, сол күрестің бел ортасында болған Мәскеу князьдігінің өнері.
Ежелгі славяндардың мәдениеті орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып саналады. Оның басты мәдени құндылықтары қасиетті жырлар, мифология, аңыз-ертегілер. Ғалымдардың пікірінше, олардың көпшілігінің тектері Христиан дінін қабылдағаннан кейін құрып кеткен. Ежелгі славяндар пұтқа табынушылықты бастан кешірген, сондықтан да болар Ресей топырағында пұтқа табынушылық мәдениетінің дамуы жоғары болды.
Ежелгі славяндардың дүниетанымы табиғатты пір тұтумен тығыз байланысты болды. Олар әр орманды, бұлақты, құдықты, тіпті жекелеген ағаштарды да жанды нәрсе деп түсінген. Оларға жапырағы жайқалған ескі емендердің көрінісі ерекше әсер еткен. Ағыны қатты, асау өзендерді қасиетті деп санаған, сондықтан да болар ертегі аңыздарда өзендер кейіпкерлермен адам тілінде сөйлеседі. Ежелгі славяндықтар таулар мен орасан зор тастарды киелі деп санап, оларға құдайдай табынған. Орыс батырлары тағдырының тау-тастардың құпияларына байланысты болуы да осындай түсінікке тікелей байланысты болса керек. Табиғатқа, жер-анаға бауыр басып, етене жақын болған аңғырт славяндардың табынған құдайлары да табиғаттың құпияларына байланысты болып келеді. Мысалы: Перун қатерлі найзағай құдайы, құдайдың ішіндегі ең кұдіреттісі.
Славяндар күнге табынғандықтан оған да неше түрлі ат койған (Даждь бог, яғни рақымы күшті құдай) адамға тон қасиеттерді адам еместерге теліп, оларды адамның сана-сезіміне жақындату дүние жүзінің басқа да халықтарындағыдай славянларға да тән қасиет болды. Сондықтан да «құдіретті тәңірананы» бейнесін жасау осының айқын айғағы. Тек славяндар ғана емес, басқа да көптеген халықтар құрмет тұтқан жер мен молшылықтың, дүниедегі барлық нәрсенің құдай «тәңірананы» ежелгі славяндар Бережна (жер, тіршілік анасы, дүниеге келуші леген ұғымдарды білдіреді) деп атаған. Қолын көкке көтерген осы бір әйел бейнесі, шығыс христиандарда, оның ішінде ежелгі орыс өнерінде ерекше орын алады. «Жер ана» қолын жоғары көтерген әйел бейнесіндегі тәңірананы славяндар ерекше қасиет тұтып, табынып өткен.
Ежелгі славяндар жайында өз кезінде де аз жазылған жоқ. Солардың бірі, XVII ғ. византиялық тарихшы Прокопий Кесарийский былай деп баяндайды: «Славяндар мен антыларды бір адам басқармайды, сонау ежелден-ақ халықтық басқарумен өмір сүріп келеді, сондықтан да олардың бақытты және бақытсыздық істері ақылдасу арқылы шешілген». Ал славяндардың әдет- ғұрпы мен етене таныс византиялық жазушы Маврикий кесімді түрде былай деп жазды: «Славяндар мен антылар тайпалары бірдей өмір сүрді, олардың әдет-ғұрпы бір, бостандық сүйгіш, әсіресе өз жерлерін қорғауға батыл, шыдамды, суық пен ыстыққа төзімді, киім мен тамақ тапшылығына мойымайды».
Ежелгі славяндардың дүниетанымы мен әдет-ғұрыптары да жан-жақты болып келеді. Олар әрбір үй рухтың жебеуінде деп ойлаған. Рух мал-жанға қамқорлық жасап, ошақ басының отын сендірмей, түн сайын пештің астынан шығып, оз сыбағасын жейді екен деген ұғым қалыптасқан. Егістікті жыртатын өгіз молшылықтың бейнесі деп танылса, ал Тур (жабайы бұқа) құдайдың құрметіне жастардың көктемгі мерекелері өткізіліп тұратын болған. Сонымен бірге ежелгі славяндар көсемдерін жерлегенде олардың әйелдерін қоса көметін скифтерден қабылдаған тағылық әдет-ғұрпын қолданғанын да атап өткен жөн сияқты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет