Сөж тақырыбы: Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романының жанрлық ерекшелігін талдау



бет1/2
Дата29.09.2023
өлшемі88.02 Kb.
#479242
  1   2
Құдайберген Аяжан 1 сөж жанр типологиясы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Филология факультеті

СӨЖ
Тақырыбы: Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романының жанрлық ерекшелігін талдау

Орындаған: Құдайберген А.
Тексерген: Абдикулова Р.

Алматы, 2023 ж.
Жоспар:

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Рымғали Нұрғалиұлы түсінігі бойынша жанрлық ерекшелітерді салыстыру
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Тайыр Жомартбаев, (шын есімі Тайлақбай; 1884, Мұқыр ау., Семей облысы, Ресей империясы (қазіргі Мұқыр ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 1937, Семей) – педагог, жазушы, драматург.
Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» атты туындысы – қазақ прозасында эпостық әдебиет жанрындағы алғашқы үлгілерінің бірі. Автордың өзі «Қазақ тіліндегі роман» дегенмен, көркем әдебиеттің өркениеттік талаптары тұрғысында қарағанда, бұл шығарма – хикаяттық деңгейдегі туынды. Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәрінде де бір, айтылу аудандарында айырма бар», – деген сөздері осы ойды дәлелдей түсетін сияқты.


Негізгі бөлім
Рымғали Нұрғалиұлы түсінігі бойынша жанрлық ерекшелітерді салыстыру
Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік” романы – құрылымдық ерекшеліктері мен көркемдік бейнелеу құралдары, тақырыптық-идеялық мазмұны бағытындағы ерекше шығарма. Әсіресе, автордың романға тосын пішін (форма) таңдау жолындағы ізденістерді ойлануға тұрады. Біздің ойымызша, романның табысы да, қазақ әдебиет тарихындағы маңызы да осы төңіректен табылады.

Дәстүрлі тақырыптан жаңа проблематика қозғаған “Қыз көрелік” романы – қазақ қыздарының бас бостандығы туралы күрделі жанрда жазылған көлемді шығармалардың бірі. Семейдегі “Ярдам” баспасынан 1912 жылы жарық көрген.


Роман басындағы эпиграф тәрізді мына жолдар шығарманы талдауға апарар кілт тәрізді:


Деп жүрген жас жігіттер қыз көрелік,


Таңдап ап сұлу қызды мал берелік.
Мырзалар қыз таңдаған келсін мында,
Жігітті қыз таңдаған біз көрелік.

“Жігітті қыз таңдаған біз көрелік”, демек, автор ХХ ғасырдың басында көп қозғала бастаған тақырыптың өзіне әңгіме болмаған жаңа қырынан келген. Әдетте, бұл тақырып қыздардың қалың малға, ескі әдет-ғұрыпқа қарсылығы, күресімен қабаттаса баяндалады. “Қыз көрелік” романында осы тақырып проблематикасын мүлде басқа бағытта көтереді. Енді қыз таңдап жүрген мырзаларды қыздың өзі таңдауы керек.


Жаңа идеяның өзі жаңа пішінді талап етеді. Автор осы идеяны шартты реалистік мазмұнға көшіріп, көркем бейнелеуге тырысқан.


Дүниені шарлап қалыңдық іздеп жүрген іргелі рулардың атақты байларының балалары Ғайынкамалды кедей жігіті Мұхаметқалимен оп-оңай қалай жібереді? Реалистік арна авторды осы бағыттағы тартыстарға киліктірер еді басқа мазмұнға апарар еді. Автор мақсаты - өзінің ағартушылық-демократтық көзқарасына сай, тәрбиелік мәнді шығарма. Роман құрылымы, пішіні осы мақсаттан туындайды. Автор мақсатынан, идеясынан ауытқымауға тырысады. Кейде шығарма көркемдігіне нұқсан келгеніне де қарамай, өз идея, мақсатын орындап шыққан.


Ғайынкамал – байдың оқыған қызы. Сауатты, көзі ашық. Қазақ ұғымындағы үлкен қалада, Уфада үлкен оқу-медреседе оқыған. Өмір туралы ойы, идеалы, мақсаты осында қалыптасқан. Әкесі Ғайса да көзі ашық, көкірегі ояу, заман тілін түсінген, оған ілесіп отыруды мақсат қылған жан. Қызын малға сатып, қалың мал алып баю оның ойында жоқ. Реті келсе қызы теңіне қосылса екен деп армандайды. Романда әке, бала тілегі қабысып жатыр. Араларында қақтығыс түгіл қайшылық та жоқ.


Бостандық пен теңдікке ұмтылған, көзі ашық, сауатты қазақ қызына тор құрып жатқан ескі-салт сана қорғаушылары үлкендер, көне көз қариялар да емес – жастар. Романда ел басына ауыр, қиын күндер төніп тұрғанда ауыл аралап сұлу қыз, қалыңдық іздеп жүрген бай балаларына деген авторлық ирония, юмор бар.


Т.Жомартбаев өзінің ағартушылық, демократтық көзқарасын, идеясын жеткізу үшін қазақ қыздарының бостандығы, теңдігі тақырыбын таңдаған.


Тақырыптық мазмұн қазақ қыздарының бас бостандығы болса да, авторлық идея күрделі. Оның Абай қара сөздеріндегі идеялармен үндестігі бар. Т.Жомартбаев – адамнан адамның айырмасы-білімінде деген Абай афоризімін ағартушылық қызметінің ұраны етіп ұстағаны ұстаз.

Қаламгер ұстаздық қызметінде роман сюжетінде қолданатын француз ертегісіндегі шешендік сұраққа ойға қалуы, қыз кімді таңдайды дегенге шәкірттерін де ойлантып, өзі де ойланған болуы керек. Қыз таңдауы ғаламат сыйлықтар әкелген жігіттерге емес, адамзатқа пайдасы мол, теңдесі жоқ қажетті нәрселерді жасай алатын сауатты, білімді, өнерлі жігітте болуы керек деген ойдан туындаған тәрізді. “Қыз көретін жігітті бір көрелік” идеясының бастауы ағартушы-демократтық көзқарас, қызметте екені белгілі.


Қалыңдық іздеген бай балаларының бір күнде келіп құда түсуі, байлық, дәулет, атақ абыройларының бірдей болуы авторлық ой, идея, көркем шешім үшін әдейі таңдалған тәсіл. Роман уақиғасы – талай халықтар әдебиетінде бір таныс сюжет, әйгілі мотив. Мысалы, шығыс халықтарында кең таралған сюжет: үш жігіт ағаштан (саздан т.б.) сұлу қыз жасайды. Бірі ағаштан жонады, бірі киіндіреді, бір жан салады. Бәрі біткенде үшеуі қызды мен аламын деп таласады; тағы бір сюжет: самұрық алып кеткен хан қызын үш жігіт құтқарады, бірі оның қайда екенін тапса, екіншісі самұрықты атып түсіреді, үшіншісі оны жерге түсірмей қағып алады т.с.с. Тағы да оған таласады.


“Қыз көрелік” романының көркемдік жүйесінің негізіне осындай жасанды синкретті сюжет әдейі таңдалады. Енді осы ертегі мен роман арасындағы идеялық сәйкестер мен өзгешелікті ажыратып көрелік.


Ертегі сюжеті. Бір шалдың сұлу қызына үш жігіт келіп көңіл білдіреді. Үшеуі де қызға ұнайды. Қыз оларды сынау үшін маған сыйлық әкеліңдер деп жұмсайды. Олар сиқырлы айна, жәшік, бальзам табады. Сөйтсе, ғашық қыздары аяқ астынан дүниеден өтіпті. Оны айна арқылы көріп, жәшікпен ұшып жетіп, бальзам арқылы тірілтіп алады.


Қыз олардың бірін таңдау үшін бір жыл уақыт сұрайды. Қыз кімді таңдамақ? Оқушы алдына осы сұрақ тартылады. Ертегі сюжеті осы.


Т.Жомартбаев романының идеясы, фабуласы бұл сюжеттен өзгелеу. Қаламгер алдына ағартушы-демократтық мақсат қояды да роман көркем мазмұнын соған бағындырады. Бұл форма ертегі мазмұнын да айтарлықтай өзгертеді. Уақиғаға да, кейіпкерлерге де авторлық интенцияда (әрекетте) жаңа көзқарас, көп идея бар.

Роман құрылымында ертегілік фабула мәні мотив түрінде ғана алынады деуге болады. Бірдей, ұқсас адамдардың бірдей қызметі арасынан мәндісі, маңыздысы туралы ойлану. Философиялық астары жан мен тән, рухани әлем мен сыртқы тірлік, байлыққа бағытталатын ізденістерге. Ойларға бастайды.


Т.Жомартбаевтың ертегі мотивінде де жаңалық бар. Ертегідегі жігіттер – сұлу жігіттер. Айтушы оларды бірінен бірін бөлектемейді, сынамайды да.


Т.Жомартбаев та жігіттер әрекеті, сөздері, ойлары ирониясы аралас юмормен жазылады. Заман өзгеріп жатқанда сұлу қыз іздеуден басқаны мұрат қылу түгіл, ойламаған надан жігіттер. Ертегіде жігіттер қызға ғажайып сыйлықтар іздейді. Т.Жомартбаев та адам ақыл-ойы, ғылымның соны жемісі, адамзатқа пайдасы мол нәрселер іздейді.


Ертегіде қыз таңдау белгісіз. Ойлану оқушы үлесінде. Т.Жомартбаев та, сауатты, білімді Ғайынкамалдың кімді таңдайтыны белгілі. Зиялы Мұхаметқалиды романға сол үшін енгізеді. Демек, авторлық идея өзегінде “...Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық” – деген Абай ойлары бар. Романда Т.Жомартбаев осы идеяны көркем мазмұнға айналдырады.


“Қыз көрелік” туралы пікір айтушыларды біраз ойға қалдырған мәселе ағартушы-демократтық идеясы айқын, терең мазмұны бар шығармада ертегі фабуласының пайдаланылуы, әрі оның Т.Жомартбаев романы құрылымының синтетикалық сипатын ғана танытпай, көркем мазмұнын да белгілеуі.


Көркем мазмұн мен авторлық идея арасындағы қатынасты, байланыс пен айырманы жан-жақты тексеру қаламгер ізденістеріне талдау жасауға да мүмкіндік береді. Әрі бұл көптеген ірі шығармаларда кездесетін қыстырма бөлшектік (элементтік) эпизодтық тиісті қолданыс емес. Ірі шығармада шағын ертегіні мақсатты қолдану арқылы шығарма идеясын, авторлық ойды, көркемдікті күшейтуге қол жеткізген. Өкінішке орай, ХХ ғасыр басында қазақ прозасында қылаң берген бұл әдіс кейін өз қолдаушыларын таппағандықтан, авторының оны жүйелі ізденіске, көрікті келісімге ұластыра алмауынан жалғасын таппай қалды. Ал өзге халықтар әдебиетінде ол қаншалықты қуатты тәсілге айналғанын Г.Маркес, Ш.Айтматов т.б. қаламгерлер шығармалары дәлелдей алады.


Қаламгер романында қыстырма ертегіні өзінше пайдаланады. Негізгі ертегілік мотивті сақтай отыра оның құрылымына реалды өмір көріністерін енгізеді. Мысалы, Берлин, Париж, Лондон тәрізді қалаларға барған жігіттердің сыйлық іздеу, жүріс-тұрысы, сөзі бейнеленеді. Ғайса байдың, Ғайынкамалдың биографиялық мәліметтері баяндалады. Әсіресе, Ғайынкамалдың зеректігі, Уфада оқуы, оның құрбылары, заман туралы ойлары айтылады. Романға Мұхаметқали бейнесі қосылады.


“Қыз көрелік” романында шарттылық мол, тіпті роман сол шарттылыққа құрылады. Көркемдік жүйе өзегіндегі авторлық ағартушы-демократтық идеяны жеткізуші де осы шартты үлгі түр. Автордың мақсаты қазақ елінің көріністерін, түрлі әлеуметтік топтардың іс-әрекетін, мақсат-мүдделерін суреттеу емес. Автор мақсаты – оқыған қыздардың өз бостандығына жете алатынын айту ғана емес, адамнан адам артықшылығы – білімінде дейтін ағартушылық идея. Оған роман финалындағы эпилог тәрізді автор ойларының баяндалуы мысал бола алады.


Алдымен осы романда автор қолданатын шартты құрамдас білімдерді (компоненттерді) іріктеп қаралық.


Өмір мұратын сұлу қыз алу деп ойлайтын арқаның ірі бай, белді аталарының балалары. Дәулеттері де, атақ абыройлары да бірдей. Олар Ғайынкамалға бір күнде келіп құда түседі.


Ғайынкамалдың тапсырмасы бойынша үш патшалық астанасына Лондон, Берлин, Парижге сапар шегеді. Үшеуі де бірдей ақша (5 мыңнан) алып аттанады. Үшеуі де адам баласы енді ғана көрген, адамзатқа пайдасы зор ғажайып нәрселерді (бағалары да бірдей – үш мың) сыйлыққа алады. Олардың сыйлықтарының Ғайныкамал үшін пайдасы да бірдей болады. Алайда, түптеп келгенде Ғайынкамал оқыған, сауатты Мұхаметқалиды таңдайды.


“Қыз көретін жігітті біз көрелік” деген шартты қою үшін бұл әрекетке бара алған қыздың өзіндік ерекше жағдайы болуға тиіс екені белгілі. Қазақ ортасында бұл құбылыс жоқ болмаса да тым сиректеу кездеседі. Қазақ қыздарының өздеріне жар таңдауы, сүйгеніне қосылуы тарихта болмаған іс емес, алайда Т.Жомартбаев романында мүлде шартты шешімге барады.


Роман идеясы “Қыз көретін жігітті біз көрелік” деген ойдан бастала ма әлде “Адамнан адамның айырмасы білімінде” (Абай) дегенмен жалғаса ма, болмаса ертегі сюжетінен туындады ма, әйтеуір, осы үш түрткіге байланысы бары анық. Мәселе, осы идеяны Т.Жомартбаев қалай көркем мазмұнға айналдырады. Ал Т.Жомартбаев романы көркем мазмұнының ерекшелігі өте көп.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет