6-сынып оқушыларына арналған тапсырмалар. Бір кісі баласының жайсыз қылықтарын көрген сайын кейіп «Әй,сен адам болмассың!»



Дата03.12.2023
өлшемі36.79 Kb.
#485283
тапсырма 6-сынып


6-сынып оқушыларына арналған тапсырмалар.
Бір кісі баласының жайсыз қылықтарын көрген сайын кейіп «Әй,сен адам болмассың!»-деп ұрса беретін көрінеді. Әкесінің қайталап айта беретін әлгі сөзіне іштей ерегескен баласы бар ынтасын оқуға салып,өскенде бір аймаққа әкім болуға жарапты. Әкемнің аузына енді құм құйылар деп ойлаған ол орындықта шалқып отырған күйі қызметкерлеріне ауылдағы әкесін алдына алып келуді бұйырыпты.Әкімнің бір сөзін екі етпестен жіберген қызметкерлері жайбарақат егінін егіп жүрген қартты әй-шайға қаратпай дедектетіп қалаға ала жөнеліпті. «Әкімге апарамыз»дегенге есі шыққан қарт орындықта шәнтиіп отырған өз баласын көргенде ғана жүрегі орнына түсіпті. Аяғын бір-біріне айқастырып, ауыздағы темекісін тұтатқан баласы әкесіне қарап миығына күле:
-Әке, баяғыда маған «адам болмайсың» деп ұрса беретін едің, енді ол ойыңнан еріксіз қайтқан боларсың. Адам болмайды деген ұлың анау-мынау емес, дардай әкім болған жоқ па?!-депті. Сонда әкесі баласының мына қылығына тағы да күйініп:
- Әй, балам, мен саған «әкім болмайсың» деп емес, «адам болмайсың» деп ұрсатынмын. Сен кім болсаң да,әлі адам бола алмапсың. Егер адам болсаң әкеңді дедектетіп алдыңа әкелткенше, тәкаппарланбай өзің іздеп келіп амандасар едің.Сыйлайтын едің. Адам болу бір басқа, әкім болу бір басқа. Мен саған сондықтан «адам болмайсың» деп ұрсатынмын. Әкім болуды адам болдым деп ұқсаң, сен әлі шикісің, балам, -деген екен қарт сонда.
1. Мәтінде кездесетін сөздерді бос орындарға сәйкестендіріп қойыңыз.

Жайбарақат

Ынта

Дардай


Дедектеу

Ұғу

Тәкаппар

________________________Бір нәрсенің мән-жайын түсіну.


________________________Тез,шапшаң жүру.


________________________Үп-үлкен,соқталдай.


________________________Ешбір алаң жоқ,қаннен-қаперсіз,бейқам.


________________________Өзін басқадан артық көріп,кеудесін көтеру.


________________________Бір нәрсеге ауған ықылас.


2.Төменде берілген сұрақтардың жауабы мәтінде бар болса (+)белгісін, жоқ болса (-)белгісін қойыңыз.

  1. Қартты сүйретіп кімге әкелді?



  1. Әкесі баласына не себепті ұрсатын?



3.Баланың қызметкерлері қартты қай ауылдан алып келді?



4. Әкесі ұлына «адам бола алмапсың» деп не себепті айтты?


5.Мәтін бойынша балаға тән қасиет қандай?
3. Мәтінде әкесі баласына не себепті «Әй,сен адам болмассың!»деп ұрсатын?
А)Әдепсіз қылықтары үшін
В)Әкім болғысы келгені үшін
С)Әкесімен амандаспағаны үшін
Д)Әкесін ұятқа қалдырғаны үшін


4.Бұл мәтіннен қандай қорытынды шығаруға болады?Мәтіннен не түйдіңіз?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5.Қарттың сөзінен кейін әкім баласы не істейді деп ойлайсыз?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6.Адам болу дегенді қалай түсінесіз?Адам адам болып қалу үшін қандай болуы керек?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7.Баланың жасаған әрекетіне өз ойыңызды білдіріңіз?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8.Сіз қандай жақсы қасиеттеріңіз арқылы ата-анаңызды қуантасыз немесе қандай жаман қылығыңыз арқылы олардың көңіліне қаяу түсіресіз?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9.Жоғарғы қызмет,ақша,дүние-мүлік арқылы ата-ана алдындағы борыш өтеле ме?Қалай ойлайсыз?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет