Сұйықтықтың көлемі рецептте көрсетілген көлемге жеткенше таза қайнаған су қосады. Қайнатпаны экстракт концентратты еріту арқылы дайындайтын болса, онда экстракт концентрат мөлшерін рецептте көрсетілген өсімдік шикізатының мөлшеріне тең етіп алады. Егер рецептте дәрілік шикізат мөлшері көрсетілмесе, онда өсімдік шикізатының 10 салмақ бөлігінен 100 көлем бөлік қайнатпа дайындалады. Күшті әсер ететін дәрілік өсімдік шикізаттарынан қайнатпаны тек дәрігер жасаған рецепт бойынша дайындайды. Жанаргүл, меруертгүл,мекет, шүйгін шөп, т.б. өсімдіктер тамыры мен тамыршасынан Қайнатпаны 1:30 қатысында дайындайды. Сироптар, тұндырмалар және сұйық экстракттар алдын ала дайындалған Қ-ға қосылады. Құрамында алколоидтар болатын өсімдік шикізатынан Қайнатпаны дайындағанда, оған лимон, шарап немесесутек хлор қышқылын қосады. Қышқыл мөлшері өсімдік шикізатының құрамындағы алколоидтың салмақ мөлшеріне байланысты қосылады. Емдік мақсатта жаңа дайындалған Қайнатпаны пайдаланады. Оны қолданар алдында шайқайды және салқын жерде сақтайды. Сұйықтықтың көлемі рецептте көрсетілген көлемге жеткенше таза қайнаған су қосады. Қайнатпаны экстракт концентратты еріту арқылы дайындайтын болса, онда экстракт концентрат мөлшерін рецептте көрсетілген өсімдік шикізатының мөлшеріне тең етіп алады. Егер рецептте дәрілік шикізат мөлшері көрсетілмесе, онда өсімдік шикізатының 10 салмақ бөлігінен 100 көлем бөлік қайнатпа дайындалады. Күшті әсер ететін дәрілік өсімдік шикізаттарынан қайнатпаны тек дәрігер жасаған рецепт бойынша дайындайды. Жанаргүл, меруертгүл,мекет, шүйгін шөп, т.б. өсімдіктер тамыры мен тамыршасынан Қайнатпаны 1:30 қатысында дайындайды. Сироптар, тұндырмалар және сұйық экстракттар алдын ала дайындалған Қ-ға қосылады. Құрамында алколоидтар болатын өсімдік шикізатынан Қайнатпаны дайындағанда, оған лимон, шарап немесесутек хлор қышқылын қосады. Қышқыл мөлшері өсімдік шикізатының құрамындағы алколоидтың салмақ мөлшеріне байланысты қосылады. Емдік мақсатта жаңа дайындалған Қайнатпаны пайдаланады. Оны қолданар алдында шайқайды және салқын жерде сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |