Сөж тақырыбы: Туған өлке экологиясы Орындаған: Тілеухан Мадина Тобы: 104 Тексерген: Садыкова Дәмежан Бекетқызы Алматы 2024 жыл Жоспар


Аудан көлеміндегі өндіріс орындары және уран өндірістерінің әсері



бет3/4
Дата16.02.2024
өлшемі234.15 Kb.
#492091
1   2   3   4
экология сөж (1)

Аудан көлеміндегі өндіріс орындары және уран өндірістерінің әсері
Еліміз тәуелсіздігін жариялаған ширек ғасырда сол тәуелсіздігімізді баянды етіп,ел экономикасын дамыту жолында атқарылған жұмыстар аз емес.Ауданымызда да жұмыстарын жандандырып жатқан үлкенді-кішілі жұмыс орындары аз емес.Шиелі күн сайын көркейіп келе жатқан Сыр өңіріндегі өлкенің бірі.
Қазақстан экономикасының басым бағытының бірі уран өндірісі болып табылады.Бүгінде еліміз уран өндіру бойынша әлемнің көшбасшы мемлекеттерінің біріне айналып отыр.Уран өндірісі біздің ауданымыздағы өндіріс орындары қатарында алар орны ерек.Осы өндіріс орындарының зиянынды тұстарында ұмытпағанымыз жөн.
Көмірсутек қорларына бай еліміз мұнай,газ,көмір қорлары бойынша 10-13 орында,ураннан алғашқы орындардың қатарындамыз.
Уран өндірісі бойынша Шиелі ауданы аумағында орналасқан өндіріс орындарының бірі №6 кен басқармасы әлемге әйгілі «Казатомпром» ұлттық компаниясының филиалы болып есептеледі.Кен басқармасында ПВ-1 және ПВ-2 цехтары жұмыс жасайды.Мұнда жер асты құбырмен сілтілендіру арқылы 500-650 метр тереңдіктен уран қоспасы жабық түрде ашылып,өңдеуге жіберіледі.
Ауданымызда орналасқан өте сирек кездесетін элементтер өндіретін РУ-6 кен орыны бар.Өндіретіні-кәдімгі баршамызға белгілі уран кені.Оны жер астында қышқылмен байланыстыру әдісі арқылы алады.
Бүгінгі таңда аталған мекемеде «Солтүстік Қарамұрын» және «Иіркөл» кен орындарында уран өндіріп отыр.Өндіріс қызметкері Абай Қостаев мырзаның сөзінше :
« Шахталардағыдай немесе карьердегідей тау жынысын қопарып,оны жер бетіне шығарып,үлкен тас диірмендерге салып уатып немесе аса зор ыдыстарға салып қышқыл заттармен ерітпейді.Экологиялық ахуалға зиян тигізбес үшін барлық жұмыс жер астында,тау жыныстары орналасқан жерінде жүреді.Сондықтан ауаны ластайтын шаң-тозаң,қышқыл заттардың буы жер бетіне шықпайды.Әлемдегі экологияны басты назарда ұстайтын мемлекеттердің барлығы қазір осы тәсілді қолданады.Бүгінде уран өндірісіндегі күкірт қышқылы да қоршаған ортаны бұзады деген әңгіме айтылып қалады.Біздің тәжірибемізде ондай жоқ.Мысалы,күкірт қышқылы бізге темір жол арқылы арнайы құтылармен жеткізіледі.Оны герметикалық цистерналарға құйып аламыз.Сонан соң елді мекендерден тысқары жатқан жолдармен тасымалдап,көздеген жерге жеткіземіз.
Жалпы,уран өндірісі бүгінде жаңа сатыға көтерілген.Соның арқасында қоршаған ортаның ластануы болмайды,кеніштердің айналасындағы елді мекен тұрғындарының денсаулығына зиян келмейді деп айтуға болады »,-деген сөздерімен уран өндірісінің қауіпсіз екендігін түсіндіргендей болды.
Негізі 1971 жылы қаланған «Иіркөл» кен орыны да уран өндіреді.Кеніштің жобалық қуаттылығы шамамен жылына 700 тонна.
Ауданымыздағы «Иіркөл» кен орынының риднигін игеру кезінде атмосфераға келесідей ластаушы заттар бөліп шығады:
-Күкірт қышқылының аэрозольдері,аммиакты селитраның шаңы,технологиялық жабдықтардың және технологиялық ерітінділерді өңдеу процестерінің жұмысынан бөлінетін радионуклиндер (күкірт қышқылының қоймасы және ыдыстары,аммиакты селитраның қоймасы).
-Марганец және оның қосылыстары,темір оксидтері,фторлы газ тәріздес қосылыстар,азот диоксиді,көміртек оксиді,абразивті,бейорганикалық шаң,механикалық өңдеу станоктары мен дәнекерлеу жұмыстарынан бөлінген қалқымалы заттектер.
-АЗС және отын қоймаларынан бөлінетін дизотын мен бензиннің булары.
-Арнайы техника мен автокөліктердің,дизельді электрстанцияның ДВС отындарының жану өнімдері-азот диоксиді (оксиді),көміртек оксиді,күкірт оксиді,альдегидтерр ,бензапирен,көмірсутектер,күйе.
2011 жылдан бері жұмыс жүргізіп отырған «Кемикал» мұнай-химиялық компаниясы Шиелі кенті, «Көкшоқы» мөлтек ауданындағы Қызылорда филиалының құбыр зауыты су,газ бағытындағы құбырлардың бірнеше түрлерін шығаруда.
Ауданымызда индустрияландыру картасына сай ашылған жобалардың бірі – «Фирма Балауса» ЖШС.
Сирек кездесетін ванадий рудасының бірнеше тонна қоры бар «Бала сауысқандық» кеніші.
Тағы да бір өндіріс орны «Әк өндіру зауыты құрылысы» жобасы бойынша іске қосылғандығына шамамен 5 жылға жуық уақыт болды.Жоба бастамагысы –«Шиелі тас-Оңтүстік» ЖШС болып табылады.Бұл өндіріс орының қуаттылығы жылына 60 мың тонна әк шығаруға есептелінген екен.
Барлығымызды құрылысы қызықтырып жүрген өндіріс орынын Қытайлық инвесторлар Қызылорда облысы,Шиелі ауданынында қабырғасын қалап, «Гежуба-Шиелі цемент» атты цемент зауытын салған болатын.Жақын күндері өндіріс қызметі де жүзеге асады.Яғни жылына шамамен 1 миллион тонна цемент өндірмек.
Осы секілді ауданымызда үлкенді-кішілі өндіріс орындары көптеп ашылған.Оның барлығына тоқталар болсам,жобамның жартысынан көбін осы өндіріс орындарына арнауыма тура келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет