Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеаҚ
СӨЖ
Тақырыбы: Топтық жұмыстар: Жарыстар ұйымдастыру
Орындағын: Ахмет Ғ.Р.
Топ: ДФК-301с
Тексерген: Жуманбаев А.Ж.
Семей
2023 ж
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Топтық жұмысты ұйымдастырудың жалпы ережелері
2.2 Топтық оқытудың басымдықтары
2.3 Топтарды құру тәсілдері
2.4 Топтық өзара әрекеттестікті ұйымдастыру тәсілдері
Кіріспе
Бүгінгі таңда оқушыларды ХХІ ғасырға дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдер көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш - ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады.
Неге педагогикалық технологияларға ерекше көңіл бөлеміз? Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалану білімнің сапалы болуына себеп болады. Әр сабақта менің алға қоятын мақсаттарымның бірі балалардың сөйлеу тілін дамыту болып табылады, сондықтан әрбір сабағымда диалог құру үшін бірнеше әдістерді қолданамын. Сұрақ - жауап әдісі мен үшін диалог құрудың ең ұтымдысы, себебі балалар сұрақ құруға және сұраққа жауап беруге үйренеді. Нәтижесінде өзара қарым - қатынас жасауға дағдыланады. Сұрақ - жауап әдісін ойын, топтық, жұптық жұмыс ұйымдастырғанда да тиімді қолданамын. Ең алдымен, балалар түсінбегенін бір - бірінен сұрап алуға мүмкіндік алады, екіншіден, білмегенін сұрау үшін сұраулы сөйлем құруға үйренеді.
Қазіргі заманда оқушыларға дайын білім беруден яғни «дәстүрлі» стильмен оқытудан алшақтау керек. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиектерін ашу керек. Сабақтың әрбір минутын тиімді пайдалану үшін сабақ жоспарын табысты болатындай етіп құру біздің міндетіміз, себебі мұғалімдер әрбір баланың болашағы үшін жауапты. Көзбен көрген ақпараттың 30% есте сақталатынын ескере отырып, жаңа тақырып түсіндіру барысында АКТ мүмкіндіктерін пайдалану мен үшін маңызды. Бүгінгі заманда сандық сауаттылығымыз жоғары болу керек, себебі балалар алдында өз беделімізді нығайтамыз.
Оқыту сапасын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, дәлірек айтсам, оқуға деген қабілетін, зейін, сөйлеу дағдылары, шығармашылық ойлау сияқты қабілеттерін дамыту мен үшін маңызды. Сыныптағы әр оқушы ақпаратты әртүрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақта тиімді стратегиялар мен әдіс - тәсілерді қолдануға тырысамын. Жаңа сабақты түсіндіруде аудио, бейнемәтіндер болса, қолдану сатысында топтық, жұптық түрлерін жүргізген ұтымды болады, себебі жұптық жұмыста көршілес оқушылар өзара жұмыс істеп, сұрақ қоя отырып тақырыпты игеруге мүмкіндік алады. Ал топтық жұмыс барысында әрқайсысы өз идеясын ұсынуға, жалпыға бағытталған белгілі бір жұмыс түрін орындай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |