Сөж тақырыбы



бет2/4
Дата21.11.2023
өлшемі23.31 Kb.
#484004
1   2   3   4
12-апта

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Топтық жұмысты ұйымдастырудың жалпы ережелері
Балалардың оқу ынтымақтастығын құру кезінде ескеру қажет:
Қарым-қатынастың мұндай формасы олардың тәжірибесінде болмаған, демек бұл дағдыны қалыптастыру керек.
Балаларды қалай отыруға, оқулықты қалай қоюға, қалай келісуге, қалай қарсы келуге, қалай көмек сұрауға үйрету.
Бірлескен жұмыс қателіктерін талдау міндетті.
Балаларды топтарға біріктіру - жеке қасиеттер, тұлғаралық қатынастар, бейімділік, тілек, материал қиындығы, ұсынылатын нәтижеге және т.б. байланысты өте күрделі үдеріс.
Сыныпта топтағы жұмыстан бас тартуы мүмкін оқушының болуын ескеру қажет, бұған дайын болуы керек. Жеке-дара жұмыстар дайындау. Әдетте, мұндай балалар кезі келгенде ынтымақтаса бастайды, бірақ бұған уақыт керек.
Топтың жалпы жұмысын бағалау керек; адамгершілік қасиетін үнемі атап көрсету керек: сыпайылық, достық ықылас, жарқын жүзділік, өзара көмек беру және т.б. Сабақта жым-жырт тыныштық болмайтынын ескеру керек, сондықтан тыныштық орнайтындай белгілі бір сигнал ойластыру керек.
2.2 Топтық оқытудың басымдықтары
Өмірдің маңызды дағдыларына қатыстыру (әрекеттік қарым-қатынас, тыңдай білу, дау-дамайды шеше білу, жалпы мақсаттарға жету үшін жария жұмыс жасай білу, басқаның көзқарасын тыңдай білу және т.б.).
Үлгерім жақсарады; оқу және оқыту уәжі қалыптасады. Сабаққа қатысатындардың барлығын үйретуге болады, әрі сараланған тәсіл сақталады.
Топтағы жұмыс балаға тек оқуға ғана емес, сонымен бірге өзін көрсетуге көмектеседі, өйткені топта мұғалімнің басты беделі және барлық сыныптың назары жоқ. Өзара сыйластық тәрбиеленеді. Барлығына деген қатынас өзгереді, достық нығаяды, тұлғааралық қарым-қатынас жақсарады; ұжымдағы психологиялық жайлылық орнайды.
Жарысудың жағымсыз жақтарынан құтылуға мүмкіндік пайда болады.
Балалар өзара көмек құндылықтарына көз жеткізеді; өзара жауапкершілік, мұқияттылық пайда болады, жолдасының жұмысына қызығушылық қалыптасады. Жұмыс принципі жүзеге асады. Білімді жалпы және барлығын қамтитын бақылауға қол жетеді. Оқушылар материалдың үлкен көлемін меңгереді. Тәрбие және оқу бірлігі қамтамасыз етіледі. Оқушы мен мұғалім арасында сенімді қарым-қатынас орнайды. Үй тапсырмасының ең аз көлемі. Жұмысты тексеру рәсімі жеңілдетіледі (барлық жұмыстың орнына топтардың 6-7-ге жуық есептерін тексеру керек болады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет