Сол себепті мен оқытудың көрнекілік әдісіне тоқталдым



Дата22.03.2024
өлшемі28 Kb.
#496310
11 тапсырма


Бүгінгі таңда қоғамның білім деңгейі мен санаткерлік əлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие болып отыр, ал адамның білімділігі, кəсіби біліктілігі, шығармашылыққа талпынысы жəне кəсіби даярлығын жетілдіруге бейімділігі еліміздің дамуына, тұрақтылығына жəне қауіпсіздігіне негіз бола алады.
Осы жағдайларды ескере отырып елімізде «кəсіби міндеттерін дербес əрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кəсіби қызметтің тұлғалық жəне қоғамдық маңызын түсінуге, оның нəтижелері үшін жауап беруге қабілетті кəсіби құзыретті жеке тұлғаны, бəсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді қарастырып отыр.
Білім берудің басты әдістері – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін оқытушы мен оқушылардың бірлесіп қолданатын тәсілдері. Оқыту әдістері беріліп отырған пәнге қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Оқыту құралдары — білім алу мен іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
Білім саласында негізінен оқытудың бірнеше әдістері айтылып, олардың артықшылықтарымен кемшіліктері дәріптеліп түсіндірілген. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты..
2013-2015 жылдарға арналған менің жеке жоспарымдағы методикалық тақырып «Оқу бағдарламалық құжаттарды және көрнекі құрылғыларды компютерлендіру» болып табылады.
Сол себепті мен оқытудың көрнекілік әдісіне тоқталдым.
Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет