Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Туған өлке экологиясы
Мамандығы: Био-пед 104
Орындаған: Тілеухан Мадина
Қабылдаған: Садыкова Дамежан Адилхановна
Алматы 2024 жыл
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
3. Байқоңыр ғарыш айлағының пайдасы мен зияны
4. Аудан көлеміндегі өндіріс орындары және уран өндірістерінің әсері
5. Қорытынды. Экологиялық мәселерлерді шешудегі адам рөлі
6. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Экологиялық проблемалар-ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой,өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы,болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр.
Қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны тиімді пайдаланумен тікелей байланысты.Табиғи ресурстар жер бетіндегі тіршілікке ең қажетті шарт болып табылады.Алайда оның маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Осы орайда,жобаның негізгі өзектілігі Қызылорда облысының экологиялық жағдайы болып табылады.
Қазақтар-тумасынан табиғатты сүйіп өскен,қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық екендігі баршамызға белгілі.Бұған,күні кешеге дейін ,туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті.
Біздің халық-«экология» деген сөзді естімей өскен ұрпақ деп сенімді түрде айтуымызға болады.
Халқымыз тауды бұзып,тасты жарып,жерді терең қазып,өзен-көлді бұғалықтап,ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды.Ғылыми-техникалық революцияның арқасында,көптеген өнеркәсіптер іске қосылды.Өкінішке орай,осы ғылым мен техниканың жетістіктері мен шапшаң дамуы,адамзаттың аш көздікпен табиғатты тонауы,биосферадағы жаратылыстың тепе-теңдік заңдарын бұзды.Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып,өзен-көлі бүлініп,жайылымдардың топырағы тілініп,қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады.Мұның соңы азынаған желге,ащы және улы жаңбырға,ормандардың мезгілсіз қурауына,ауа райының бұзылуына,қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды.Қоршаған ортадағы тепе-теңдік бұзылды.Адамдардың денсаулығы нашарлап,аурулардың түрлері және саны көбейді.
Қазақстанның көптеген аудандары,бүгінгі күнде экологиялық мүшкіл хал кешіп отырғаны белгілі.Оның ішінде біздің Қызылорда облысы мен аудандары да бар.
Табиғат-бізге ата-бабамыздан мұраға қалған ең қасиеттіміз.Туған жерімізді экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші,күресі қажет.
Олай болса қазақ елінің байлығын бағалайтын,туған жердің табиғатына сүйіспеншілікпен қарай алатын жас ұрпақтың білімі мен тәжірбиесіне көбірек көңіл бөлу-бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып табылатыны анық.
сурет-1
Достарыңызбен бөлісу: |