Солтік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Қарағаш орта мектебі Тарих пәнінің мұғалімі Муталхан Мұратбек Қазақстан тарихы пәнінен



Дата23.07.2016
өлшемі57.5 Kb.
#217609
Солтік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Қарағаш орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі

Муталхан Мұратбек

Қазақстан тарихы пәнінен

«ІX-XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және



шаруашылықтың дамуы»

тақырыбында ашық сабақ

(7-сынып)

Қарағаш

Сабақтың тақырыбы: ІX-XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және

шаруашылықтың дамуы.



Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан жерінде дамыған орта ғасырлар кезеңінде

қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуын жан-жақты

түсіндіру.

2. Оқушылардың ойлау қаблетін үнемі жетілдіру мақсатында

жаңа сабақтың мазмұнын дамыта отырып, тарихи

оқиғаларды өз бетінше талқылап, қорытынды жасауға

үйрету, білім алуға құштарлықтарын дамыту.

3. Оқушылардың қазақ халқының қолөнеріне деген

қызығушылық, сүйіспеншіліктерін арттыру,эстетикалық

тәрбие беру, ұлттық қасиеттерді үлгі ете отырып,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: география, бейнелеу өнері, дүние жүзі тарихы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, тарихи сынақ хат, миға шабуыл,

сұрақ-жауап, қатені тап, өздік жұмыс, рефлексия.


Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, үлестірмелі қағаздар, Power Point

бағдарламасындағы слайд, карта, суреттер, кесте.



Құрал-жабдығы: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • психологиялық дайындық

  • Оқушылармен амандасып, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

Тарихи сынақ хат: (слайд №3)


  • Орта ғасырдың дамыған кезінде (X-XII ғ.)отырықшылық мәдениет өркендеп, __________________ көбейген.

  • Кейінгі зерттеулер бойынша орта ғасырлық қалалар саны ___________ жеткен.

  • Орта ғасырлық қалалар: ________________________________________

  • Қалалардың _______________________________ олардың үлкен-кішілігіне байланысты әрқалай болған.

  • XII ғасырдағы тағы бір жаңалық, бөлмелерде ошақ алдында _________ болған. Ол бүгінгі көп қабатты үйлерде пайдаланып жүрген ___________________ бір түрі.

Картамен жұмыс:


  • Сонымен, балалар, біз өткен сабақта ортағасырлық қалар жайлы не оқып білдік?

(оқушылардың жауабын тындап, қорытындылау).

ІІІ. Жаңа сабақ:

  • Ал, сендер дамыған орта ғасырларда қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы жайлы білгілерің келеді ме? Олай болса, жаңа сабағымызды ден қойып тыңдап, белсенді қатысып отырыңдар.

  • Ай-күнді жазып, өтетін тақырыпты, қарастырылатын сұрақтарды жазып алайық.

Жоспар: (слайд №4)

І. Қолөнердің дамуы.

ІІ. Ұсталық кәсіп.

ІІІ. Сауда және ақша айналымы.

ІV. Егіншілік.


  • І,ІІ сұрақтар бойынша жұмыс.


Электронды оқулықпен жұмыс:

(Қолөнердің дамуын бейнелейтін анимация)




  • Балалар, орта ғасырлардағы қолөнер, ұсталық кәсіп жайлы кеңірек оқып-білу үшін визуалды бейне материал көріп, танысайық. Мұқият тыңдап, қосымша дәптерлеріндегі кестені толтыра отырыңдар.

Кестемен жұмыс: (слайд №5)
Қолөнердің дамуы

Қол өнер түрлері

Қандай бұйымдар жасалды

Қай қалаларда дамыды








































/Оқушылардың жауаптары/




  • 1,2- сұрақ бойынша қосымша мәлімет беріп, қорытындылау.




  • ІІІ, IV сұрақтар бойынша жұмыс.




  • Сауда және ақша айналымы, егіншілік жайлы әңгімелеймін.


Миға шабуыл: (слайд №6)

  • Сауда ісін дамыту қажеттілігі неде?

  • Қала санының және оның тұрғындарының өсуінің егіншілктің дамуына қандай қатысы бар?

/Оқушылардың жауабы/


ІV. Жаңа сабақ бойынша алған білімдерін қорытындылау, бекіту.

Сұрақ-жауап: (Слайд №7)

  • Балалар, жаңа тақырып бойынша не түсіндіңдер?

  • ІX-XII ғасырлардағы қолөнер қалай дамыған екен?

  • Ақша-тауар айналымы жайлы не айтасыңдар?

  • Егіншіліктің дамуы жайлы не түсіндіңдер?

/Оқушылардың жауаптары/


  • Оқушылардың жауаптарын бір жүйеге келтіріп, осы тарихи оқиғаны баға беру.


Электрондық оқулықпен жұмыс:

(Тарихи оқиғаны бағалау):



Тарихи оқиғаны бағалау:



Сабақты бекіту:
Электрондық оқулықпен жұмыс:

(Сәйкестікті белгілеуге берілген интерактивті тапсырманы орындау)


Қатені тап: (слайд №8)

(Оқушылар берілген қате сөйлемдердің дұрыс жауабын мәтіннен тауып оқиды)




  • Ерте орта ғасырларға қарағанда, X-XII ғасырларда қыш құмаралар нашар және бір қалыпты жасалынған.

(сәнді, әрі мықты және әртүрлі жасалынған).

  • Қыш құмыра жасайтын шеберханалар Янгикент, Көкшетау, Суяб қалаларынан табылған.

(Отырара, Құйрықтөбе, Талғар, Тараз қалаларынан табылған)

  • Орта ғасырларда балға, балта сияқты басқа да жабдықтар ағаш үлгілерімен жасалған.

(қалыпқа құйып жасалған)

  • Қазба жұмысы кезінде табылған сүйектен жасалған бұйымдардың ішінде көбірек кездесетіні – сүйекпен көмкерілген орындықтар

(мүйізден жасалған әшекейлер)

  • Хорезм шахы, Мұхаммед Текеш 1210 және 1217-1218 жылдарда Отырарда өмір сүрген.

(теңге соқтырған)

  • Егіншіліктің дамуы да көшпелі мал шаруашылығына тікелей байланысты болды.

(қала санының және оның тұрғындарының өсуіне байланысты болды)
Рефлексия: (слайд №9)

  • Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?

  • Қандай тілектерің бар?


V. Үй жұмысы: (слайд №10)

- Тақырыпты оқып меңгеру, 15 сұрақтан тұратын тест құрастыру.



- Тақырып бойынша қосымша тарихи деректер қарастыру.

Білімдерін бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет