«Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мм



Дата01.07.2016
өлшемі59.5 Kb.
#171099
«Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына ішкі конкурс жариялайды.

1. Басшының орынбасары

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты D-О-2.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 163232 теңгеден 220697 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Инженерлік-техникалық инфрақұрылым және мемлекеттік техникалық инспекция бөлімінің, агрономия бөлімінің, мемлекеттік тұқым инспекциясы бөлімінің, мемлекеттік астық инспекциясы бөлімінің қызметін үйлестіреді. Тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды, агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіреді. Инженерлік-техникалық инфрақұрылым, агросервисті, техникалық қайта жарақтандыруды, техниканы лизинг негізінде жеткізу саласын дамыту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнеркәсіптік кәсіпорындармен байланыстарын нығайту қызметіне басшылық етеді, сондай-ақ егін шаруашылығында мемлекеттік ресурстарға сатып алуға және өңірлік қамтамасыз етуге қажет өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруға бағытталған бірыңғай технологиялық саясат жүргізуді, тұқым шаруашылығын қолдауға, ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыруға, элиталық тұқым шаруашылығын, минералды тыңайтқыштарды, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруді субсидиялауға арналған республикалық бағдарламаларды іске асыру шараларын жүзеге асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыз-шағымдары мен ұсыныстарын қарастырады, азаматтарды жеке қабылдайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялау, аттестаттау бойынша бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуін бақылайды және оған жауапты болады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «ауыл шаруашылық ғылымдары» (агрономия, немесе аграрлық техника және технология) бейіні бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;



2. Талдау, жинақтау және жоспарлау бөлімінің басшысы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты D-О-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 109932 теңгеден 148232 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Қызметтік нұсқаулықтарға сәйкес берілген құқықтарының шегінде бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, қызметінің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін айқындайды. АӨК дамыту, Солтүстік Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламаларын іске асыру жөнінде ақпараттар дайындауға басшылықты жүзеге асырады.

Мемлекеттік аграрлық саясатты іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруға жасалған мониторинг деректерін талдайды. Басқа бөлімдермен бірлесіп, агроөнеркәсіптік кешенде іске асырылатын қарқынды және инвестициялық жобаларды, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген жобаларды іске асыру мониторингі бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқа бөлімдермен бірлесіп, облыстық семинарларға, облыстық әкімдіктің отырыстарына, кеңестеріне, алқа отырыстарына материалдар дайындайды. Басқарма басшылығының, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындаған кезде мерзімдерінің сақталуын, азаматтардың өтініштерінің уақытылы және дұрыс қаралуын бақылайды, бөлімдегі іс жүргізу жағдайын қадағалайды. Басқарманың веб-сайтындағы материалдарды жаңарту үшін жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпарат ұсынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;      3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

3. Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтуі бойынша демалыста болуы уақытында)

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты D-О-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 109932 теңгеден 148232 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес берілген құқықтарының шегінде бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, қызметінің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін айқындайды. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жедел ақпарат ұсынады және есептілік құрады. Басқарма басшылығының, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындаған кезде мерзімдерінің сақталуын, азаматтардың өтініштерінің уақытылы және дұрыс қаралуын бақылайды, бөлімдегі іс жүргізу жағдайын қадағалайды.

«ҚазАгро» АҚ қаржы институттарымен облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін кредиттік бағдарламалардың басты бағыттары бойынша қаржыландыру жұмыстарын ұйымдастырады. Кредит ресурстарының уақытылы игерілуі бойынша жұмысқа үнемі мониторингті ұйымдастырады. Перспективалық қаржылық жобаларды әзірлеуге қатысады, агроқұрылымдардың кредит ресурстарына деген қажеттілігін айқындайды. Мыналарды жасап, облыстық ведомстволармен келісуді ұйымдастырады:

- қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімдерді;



  • міндеттемелер мен төлемдер бойынша жоспарларды, олардың сөзсіз орындалуы бойынша шаралар қабылдайды;

  • басқарманың қаржылық қызметіне қатысты бюджеттік бағдарламаларды.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату жөніндегі аудандардың ведомствоаралық комиссияларынан нысаналы трансферттер төлеуге арналған құжаттар қабылдауды ұйымдастырады. Тікелей облыстың, Петропавл қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне, аудан бюджеттеріне және басқармаға қызметтер мен жұмыстар ұсынатын кәсіпорындарға бюджеттік бағдарламаларға сәйкес субсидияларды атаулы аудару бойынша жұмысты ұйымдастырады. Басқармадағы бухгалтерлік, салық есебін және статистикалық есептілікті жүргізу жұмысын ұйымдастырады. Келесі жылға мемлекеттік сатып алу жоспарларын құруды ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылайды. Бөлім мамандарымен бірлесіп, мынадай жұмыстарды ұйымдастырады:

- ауыл шаруашылығы басқармасы үшін бюджеттік бағдарламалар аясында жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жұмыстарды (қызметтерді) орындау және тауарларды сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыруға қажетті құжаттаманы жасайды;

- өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша шарттар жасайды;

- мемлекеттік сатып алу бойынша мониторингті және есептілікті жүзеге асырады;

-бюджет қаражатын жұмсаудың бекітілген нормативтерінің сақталуын бақылайды;

- басқармада есепте тұрған мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай және тиімді пайдаланылуын бақылайды, мемлекеттік мүліктің қозғалысы бойынша құжаттарды келіседі.

Қаржы басқармасымен, қазынашылық, статистика департаменттерімен және салық комитетімен есеп және есептілік мәселелері жөнінде өзара әрекет жасайды. Басқарма басшылығының, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындаған кезде мерзімдерінің сақталуын, азаматтардың өтініштерінің уақытылы және дұрыс қаралуын бақылайды, бөлімдегі іс жүргізу жағдайын қадағалайды. Басқарманың веб-сайтында материалдарды жаңарту үшін жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпарат ұсынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы) бейіні бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;



2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;      3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында

           Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішке конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не E-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 «В» (2 қабат, 234 кабинет) мекенжай бойынша орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(715)2534307, факс 8(715)2533631 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет