Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мм



Дата22.06.2016
өлшемі65.01 Kb.
#153615
Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
Бухгалтерлік есеп және әкімшілік- шаруашылық қызметі бөлімінің бас маманы-бухгалтер.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты D-O-4 (1 бірлік). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Қаржылық тәртіпті іске асыру үшін «Казначейство-Клиент» ИС бухгалтерлік құжаттар мәліметтерін сапалы және уақытында ресімдеуді іске асыру;

Азаматтық-құқықтық мінезндегі шарттағы қойылған мерзімінде жұмыстарды орындауына және төлем түрлерін бақылау, уақытында орындалмаған жұмыстарға уақытылы келісім шартпен қойылған өсімдіні төлеу; Қазақстан Республикасы Заңнамасымен бекітілген мерзімі және көлемі, КСН төлемлі қызметтерге шартын орындауын уақытылы қамтамасыз ету бақылауды жүзеге асыру, демеушілік және қайырымдылық көмектін жалған мемлекеттік секторының субъектілер есебіне немесе банк кепілдемесін енгізу амалымен.

Мемлекеттік сатып алумен бекітілген ережелер тәртібімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алу үшін бөлінген соммадан бір пайыз мөлшерде конкурсқа қатысу өтініштерін ықтимал жабдықтаушының есептік шотына уақытында қайтарылуын қадағалауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мерзімде коммуналдық меншіктін жергілікті мемлекеттік басқармасының бір деңгейінен басқасына беру ресімін жүзеге асырады; бастапқы құжаттаманы және бухгалтерлік есеп тіркелімдерін бухгалтерлік құжаттама нысаны Альбомына сәйкес ресімдеу. Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мерзімде пайдаланушы жетекшілігіне сәйкес уәкілетті органда тіркеуге тиісті мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттардың жабдықтаушылармен қол қойылған «Казначейство-Клиент» мемлекеттік мекемелермен жұмыстар мен қызметтер ықпалдау қазынашылық ақпараттық жүйенің электронды құжат айналымы жүйесіне енгізеді; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң нормаларын қолданбай келісілген шарттарды ресімдейді; жобалар бойынша жоба–сметалық құжаттамаларды алыс–беріс актілерін ресімдейді; басқарма қызметі бойынша статистикалық есептерді құрастыру; КЗ–Б, КЗ–П формалары бойынша кредиторлық берешек туралы ай сайынғы есепті, толық көлемде және формалар бойынша, жергілікті бюджет есебінен құралған мемлекеттік мекемелердің есептік баптар балансы бойынша дебиторлық берешек туралы аналитикалық жағдайы ДЗ–Б, ДЗ–П формалар бойынша дебиторлық берешектер туралы бекітілген Ережелермен бюджеттік есептілікті, дебиторлық және кредиторлық берешек туындау себептері туралы ақпаратты құрастыру; «Ақпараттық – есептік орталық» АҚ сервері арқылы ЕССО – бірыңғай жүйемен есепті тапсыру «Активтерді инвентаризациялау» электрондық есепті дайындау; заңнамамен қарастырылған салық салатын төлем көздерінен, жұмысшылардың жалақысынан алименттерді ерікті ұстап қалуына, сонымен қатар басқа да ұстауларға кірісті айқындау кезінде басқарма жұмысшылары жалақыларынан минималды көлемде сомаларды ұстап қалу өтініштерін жинау, Басқармада бағалы тауар материалдарын түгендеу кезінде қатысу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: "әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес" (экономика, немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні бойынша.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға тиісті санат үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

Тиісті санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер: Қазақстан Республикасының Қаржы кодексін, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, Қазақстан республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», бюджеттің орындалуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесін, Мемлекеттік мекемедегі бюджеттік есептеуді, бухгалтерлік есептеу жоспарын дұрыс өткізу Ережесін, Мемлекеттің бюджеті арқылы кәсіпорынның қызметкерлеріне, жұмысшыларына, қазыналық кәсіпорындары жұмысшыларына еңбек ақысын төлеу жүйе туралы, мемлекеттік мекемелерімен және бюджеттік бағдарламаларының әкімшілігімен ұсынылатын есепті құру Ережесін, қаржы есебін ұсыну және құру ережелері мен нысандарды бекіту туралы, әкімшіліктермен шоғырландырылған қаржы есебінің бюджеттік бағдарламаларды құру Ережесін, мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есептеуді жүргізу Ережесін. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру Ережесін.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «D-О-4» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. белгіленген нысандағы өтініш;

2. 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;


4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

      Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде (мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істерінің уәкілі органының интернет-ресурсында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: (150007, Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57В, 244-каб. «Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ) немесе (energetika@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды 8(7152) 53-41-95, факс 8(7152) 53-37-38 арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет