Соматикалық атаулардың уникалий ерекшеліктері



бет1/4
Дата29.09.2024
өлшемі29.01 Kb.
#504109
  1   2   3   4
Соматикалық атаулардың уникалий ерекшеліктері


Тұран-Астана университетінің Әлеуметтік Гуманитарлық ғылымдар және
тілдік пәндер кафедрасының
МН КЯЛ-23-1 тобының магистранты
Әбіш А.Е.
Ғылыми жетекшісі:
Ф.Ә.Б., доцент А.Б. Донбаеа

ТИПОЛОГИЯЛЫҚ УНИКАЛДАР МЕН УНИВЕРСАЛДАР


Тілдегі бір-біріне ұқсас элементтер әр ұлттың өзіндік дүниетанымы мен тыныс-тіршілігіне тікелей қатысты. Ол әсіресе, халық мұрасы мақал-мәтелдерде және сөз тіркестерінде кеңінен байқалады. Әр халықтың тілдік қорында ұлттың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.
Соматикалық атаулардың уникалий ерекшеліктері. Қазақ халқының адам дене мүшелерін тілге тиек ету әдеті қайталанбас ұлттық уникалдылық. Әрбір дене мүшесінің адамның дене құрылысында орналасуына, қасиеттеріне, атқаратын қызметіне байланысты аталуы, ол атауларды халық күнделікті тұрмыста іс-қимыл, туыстық атаулар, көңіл-күй, мінез-құлық белгісі ретінде пайдалануы назар аударуға тұрарлық нәрсе.
Қазақ тіліндегі адамның дене мүшелерінің ішінде ең жақыны, ең жылысы бауыр болса керек. Бауырға қатысты тіркесті, ауыспалы мағындағы қолданыстар өз алдына бір бөлек, «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» бір бауыр сөзінің 9 мағынасы берілген. Медициналық тұрғыдан «бауыр адам өмірінде зор роль атқарады. Оның клеткалары үлпілдек, өте нәзік келеді» деп жазылған. Ауыспалы мағынада адамның құшағын меңзейді. Адам құшағы сондай бір жайлы, жанға жақын болғандықтан ба, бұл мағына «бауыр» сөзіне ерекше нәзіктік, жылулық үстейтіндей. Келесі бір мағынасы – таудың бөктері, төменгі жағы. Құрсақтың астында орналасқан бауыр бұл ретте қазақ танымында биік тауды адам бейнесіне келтіріп, сөз жаңа мағынаға ие болып отыр.
«Құйрық-бауыр жегізу» қазақ салтының ажырамас бөлігі саналады. Екі жақ бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деген ырым бұл сөздің халықтылығын танытып тұр.
Бауырға қатысты фразеологизмдер тілімізде өте көп кездеседі: ат бауырына алды, аяқ-қолын баурына алды, басында үйі, бауырында қазаны бар(жоқ), бауыр басты, бауырға алды, бауырға ел тарттырмады, баурға тартты, бауыр жазды, бауыр киіз, бауыр көтерді, бауыры балқыды, бауыры бүтін, бауыры бітті, бауыры елжіреді, бауыры қатты, бауыры құт, бауырымен жер сызды, бауырына кірді, бауырына салды, бауыры тартылды, бауыры суық қара жер, бауыры суыды, бауырын кескіледі, бауырын төседі, ет бауыр, бауырын жарып шықты т.б. [1]
«Бауыр» сөзінің мағынасы өте терең. Бауырға қатысты сөздердің қазақша-орысша сөздікте аудармасы былай берілген екен: Бауыр – печень, бауыр – кровный родственник, бауыр – склон, подножие горы, бауыр басу – привыкать, тас бауыр – жестокий, черствый, бауыр тарту – жалеть, сочуствовать,бауыр жазу – скакать с предельной резвостью, бауырынан жарау – быть тренированным. [2]
Орыс тілінің танымында бауыр мазасы болмау немесе күшті сезімді білдіру мағынасында орын алады. Бұның астарында да бауырдың өте нәзік, сезімтал орган екендігін аңғарамыз. «Чaще всего печень (печенкa(и)) ознaчaет «рaздрaжение». Нaпример, сидеть в печенкaх – «очень рaздрaжaть и нaдоедaть»; зa печенку берет – «рaздрaжaет» и т.д. Выделяется из этого рядa фрaзеологизм всеми печенкaми, обознaчaющий сильное проявление кaкого-либо чувствa.» [3]
Бауыр сөзінің әр түрлі қолданыстарын сөздіктерден қарастырсақ: І. Кеңесбаевтың «Фразеологиялық сөздігінен»:
Бауыр еті - өте жақын, қымбаттысы.
Бауыр басты - Жақын тарту, жүрегі елжіреу мағынасында айтылады. (Көбіне жас балаға, жас төлге айтылады).
Бауыр тұтты - жақын тартты; туысқа санады, туыс етті.
Іші-бауыры өртенді, іші жанды - Қатты қапаланды, қайғыдан өртенді.
Ат баурына алды, ат бауырына алып сабады - Атпен қуып, өлімші етіп сабады.
Іші-бауыры елжіреді - Жаны ери жақсы көрді; мейірі түсе жақсы көрді.
Таңдағы тайқы құйрықтан қазіргі өкпе-бауыр артық – әзіл. Қолға түспейтін (ертеңгі) сыйлы дүниеден қолда бардың өзі жақсы деген мағынада айтылады. [4]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет