Соөж тақырып: Бетонның беріктігі Орындағандар: си-21-3 тобы



Дата20.11.2023
өлшемі5.6 Mb.
#483839
Конструкция 6-апта

Соөж тақырып:Бетонның беріктігі

Орындағандар: СИ-21-3 тобы 

Қанғали Әділбек


Ақтау-2023
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Пән: Құрылыс конструциялары
Жоспар
1. Жалпы мәліметтер
2.Бетонның беріктігіне әсерін тигізетін факторлар
3. Қату уақыты мен жағдайы
4.Бетон үлгісінің формасы мен өлшемі
5.Кернелген күйдің түрі
1. Жалпы мәліметтер
Бетон-жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.
Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 — 2500 кг/м3), жеңіл (1800 — 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.
Бетонның беріктігіне әсерін тигізетін факторлар
Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.
3. Қату уақыты мен жағдайы
Бетонның беріктігі уақыт өткен сайын жоғарылай береді, бірақ оны ұзақтығы шамамен 28 тәулік тең.
Ылғалды ортада бетонның беріктігі тезірек өседі:
1) Атмосфералық қысымда жылумен өңделген бетон;
2) Автоклавта жоғары қысыммен өңделген бетон.
Осы екі жағдайда бетон проект беріктігін (R) 70%, 1 тәулікте жинайды
4.Бетон үлгісінің формасы мен өлшемі
Егер бетон үлгісінің өлшемін кішірейтсек, онда үйкеліс күштерінің әсері, яғни соған байланысты бетонның беріктігі артады, үлкейтсек – азаяды.
Мысалы: стандарт бойынша 15х15х15 тең – беріктігі R
10х10х10 тең – 1,1 R (11%)
20х20х20 тең – 0,93 R (7%)
5.Кернелген күйдің түрі
Әртүрлі күшсалмақтардың әсерінен пайда болған кернеу жағдайы және кернелген күйдің түріне байланысты бетонның бірнеше сипаттамалары бар:
а) кубтық беріктік - R
б) призмалық беріктік – Rb
в) бетонның созылу беріктігі - Rbt
Қолданылған әдебиеттер 
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%BD
https://prezi.com/zd-ey9stuxwq/presentation/

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет