Сөз табы – лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері ортақ болып келетін сөздер тобы. Қазақ тілінде 9 сөз табы



Дата14.03.2023
өлшемі14.89 Kb.
#470762
Документ Microsoft Word


«Гуманитарлы-экономикалық колледж» мекемесі.
Пән: Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқытуәдістемесі,каллиграфия.
Тақырыбы: Сөз табы 


Сөз табы  лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері ортақ болып келетін сөздер тобы. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.
Сөздерді топтастырудың үш принципі бар: 1) лексикалық-семантикалық сипаты; 2) синтаксистік қызметі; 3) морфологиялық белгісі.
Сөз таптарының лексика-семантикалық сипаты. Әр сөздің өзіндік ұғымы, мағынасы болады. Мысалы, зат есім заттың атын: адам, мектеп, табиғат; сын есім заттың сынын: жақсы, биік, қара, таза, үлкен; сан есім заттың санын: үш, жеті, елу, мың; етістік істің қимылын: бару, келу, айт білдіреді. Бұл тұжырымдар сөзді лексика-семантикалық жағынан сипаттайды.
Сөз таптарының синтаксистік қызметі. Әр сөз табы белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Сөз таптарының сөйлемдегі бұл функциясы синтаксистік қызмет деп аталады.
Сөз таптарының морфологиялық белгісі әр сөз табының сөз
тудыру тәсілі мен түрленуінеграмматикалық ерекшелігіне қатысты болады.
Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай үш үлкен топқа бөлінеді.

Сөз түрлері

Атауыш

Көмекші сөздер

Одағай сөздер

Зат есім
Сын есім
Сан есім
Етістік
Үстеу
Еліктеу
Есімдік

Көмекші есім
Көмекші етістік
Шылау

Одағай

Атауыш сөздер  лексикалық та, грамматикалық та мағынасы бар, басқа сөздермен байланыса алатын дербес сөздер.
Көмекші сөздер – лексикалық мағынасы жоқ, көбінесе грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер.
Одағай сөздер  адамның көңіл күйі мен сезімін білдіру үшін қолданылатын сөздер.
Тапсырма: Сөз таптарын ретімен жіктеп кесте құрау,кестеде сұрақтары,мысал келтіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет