Маңғыстау облысының білім басқармасы
Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту
Көмекші құрал
/Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне
арналған/
Дайындаған: Төлеуова Анар Қаражігітқызы-
Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мұғалімнің іс-тәжірибесі жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін әдіс алмастыру мақсатында
8-сыныпта қазақ тілін оқыту, оның тақырыптарын сатылай комплексті талдау арқылы меңгерту, оқушылардың ойлау, сөйлеу, іздену қабілетін дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыруға байланысты тәжірибесі, тапсырмалар жүйесі жинақталған.
Алғы сөз
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жаңа технологияларды меңгерту және оны қолдану бүгінгі күннің талабы болып отыр. Білім сапасын арттыру, нәтижелерге жету үшін жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс жасайтын, оның қыр-сырын меңгертуге күш салып жүрген ұстаздардың бірі – Төлеуова Анар.
Төлеуова Анар жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Сатылай комплексті талдау технологиясы бойынша 2003 жылы республикалық білім жетілдіру курсынан өтті. Облыс көлеміндегі шығармашыл мұғалімдердің Балов Бақыт жетекшілік ететін «Шыңдалу» мектебінің мүшесі. 5-сыныпқа арналған «Маңғыстау әдебиеті», оқулық хрестоматиясының, 7-сыныптарға 68 сағаттық «Сатылай комплексті талдау» атты факультативтік сабаққа арналған бағдарлама авторы.
Мұғалімнің іс-тәжірибесі жалпы білім беретін орта мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті үшін әдіс алмастыру мақсатында 8-сыныпта қазақ тілін оқыту, оның тақырыптарын сатылай комплексті талдау арқылы меңгерту, оқушылардың ойлау, сөйлеу, іздену қабілетін дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыруға байланысты тәжірибесі , тапсырмалар жүйесі жинақталған.
ХХІ ғасыр табалдырығын аттап, өркениетті мемлекеттер қатарынан көрінуде ұрпағымызды сөз өнерінің құдіретімен, ұлтттық тәлім-тәрбие тағылымдарымен, салт-дәстүр, халықтың даналық қасиеті, асыл қазынасы арқылы оқушылардың сезіміне, ақыл-ойына әсер ете отырып, тәрбиелеудегі мәні зор материалдар берілген.
Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілінен оқушылардың тілін дамытуға өз бетінше ойлауға, пән бойынша алған білімін тереңдетіп, шығармашылық белсенділігін арттыруға байланысты фонетикалық, лексико- грамматикалық тапсырмалар қамтылған.
«Сатылай комплексті талдауды қазақ тілінде қолдану» тақырыбында ұсынылып отырған ұстаздың іс-тәжірибесі әріптестерінің жаңа технологияны меңгеруіне игі әсер ететін әдістемелік құрал болатындығына сенім мол.
Пікір жазған: Байжан Гүлдана
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Кез келген қоғамның дамуында ғылым мен оқу жүйесінің тікелей ықпалы зор. Оқушыларға білім беру жолында материалдарды меңгеру барысында интеграцияланған, дамыта оқыту, сатылай комплексті талдау т.б оқыту технологиялары тиімділігін көрсетіп келеді.
Бүгінгі күннің талабы – ұжымды технологияны таңдап, оны күнделікті сабақта іске асыру.
Сатылай комплексті талдау технологиясында дамыта оқытуда, интеграция жүйесі де, тірек сызбалар арқылы оқыту да жүзеге асырылады.
8 – сыныпта қазақ тілінің теориясын жете меңгертудің бір жолы – осы технология элементтерін пайдалану.
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту.
Сөздердің байланысу тәсілдеріне жаттығу, меңгерту үшін сөйлем талдауды естен шығармау керек.
Жалғаулар арқылы
Қиысу
Меңгеру шылаулар арқылы
Сөздердің Сөздердің
байланысу байланысу
түрлері матасу тәсілдері
сөздердің орын тәртібі арқылы
қабысу
жанасу интонация арқылы
Байланысу тәсілдерін түсіндіру барысында ой қозғау арқылы 5-7 сыныптардан білетіндерін еске түсіртеміз.
Көптік жалғауы
Септік жалғауы бастауыш-баяндауыш
Жалғау
Тәуелдік жалғауы сөйлем
Жіктік жалғауы
Септік жалғауы сөз бен сөзді байланыстыратынын айту керек.
Шылау- сөйлем мүшесі болмайтын сөз табы, көмекші қызмет атқарады, сөздерді байланыстырады.
Интонация- дауыс кідірісі, сөйлемді айтқанда рөлі күшті.
Орын тәртібі- қатар тұру.
1
Байланысу тәсілдеріне жаттығу үшін сөйлемдер таратылып беріледі.
Жақсының аты өлмейді.
-
І.с арқылы байланысып тұр.
-
Т.ж. ІІІ жағы арқылы байланысып тұр.
Ата-ана бала үшін не көрмейді?
1.бала үшін не көрмейді – шылау арқылы
2.не(ні) көрмейді – қосымша арқылы
Осы – мектеп – интонация арқылы
Байланысу тәсілдеріне талдаудың сатылай түрін былай көрсетуге болады:
Жанды сөздің жалынын білім маздатады.
1. Байланысу тәсілі-орын тәртібі арқылы, іргелес тұрып байланысқан.
2.Құрамына-күрделі, сөздердің тіркесуінен құралған.
Жанды 3.Тұлғасы- з.е+с.е тудыратын жұрнақ
сөздің з.е+і.с жалғауы
4.Сұрағы – жанды – қандай?
Сөздің – ненің?
5.Байланысу түрі - ?
2
Енді сөздердің байланысу түрлерін меңгерту үшін негізгі тірек сөздерді таңдап аламыз. Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде біріне-бірінің бағыныңқылық қатынасын білдіретін синтаксистік тұлғаларды сөздердің байланысу түрлері дейді.
қиысу
меңгеру
Сөздердің
байланысу
түрлері матасу
қабысу
жанасу
Сөйлем мүшелеріне талдау қажеттілігі осы жерде керек екені түсінікті.
Бастауыш-Баяндауыш
Арман оқиды
Асыл ән айтты
Әдемі жаза алады
Сөйлемдердегі сөздер бір-бірімен бастауыш-баяндауыштық қатынаста жұмсалған.
-
б
Қиысу
астауыш пен баяндауыштың жақтық және жекелік,көптік мағына мен тұлға жағынан бірдейлесуі болып табылады. Қиыса байланысудың бағыныңқысы баяндауыш, басыңқысы бастауыш болады.
Бастауыш болып келетін сөздер, көбіне, зат есімдер мен жіктеу есімдіктері. Бұлардан басқа сөздер заттанып барып, бастауыштық қызметте жұмсала алады. Бастауыш болатын сөздердің барлығы бірдей бір жақта келіп ыңғайласа бермейді.Жіктеу есімдіктерінен болған бастауыштар ғана, баяндауыш қандай сөз табынан болып кетсе де, белгілі жақта қиысып отырады.
3
Мысалы: Жекеше
І. Мен барамын студентпін
ІІ. Сен барасың студентсің
Сіз барасыз студентсіз
ІІІ. Ол барады студент
Көпше
І. Біз барамыз студентпіз
ІІ. Сендер барасыңдар студентсіңдер
Сіздер барасыздар студентсіздер
5
ІІІ. Олар барады студенттер
Жоғарыда көрсетілгендерден басқа еркше бастауыш болатын сөз тәуелдік жалғауының қай жағында тұрса, олардың баяндауыштары да сол жақта келіп, бастауышпен жақтаса қиысатын сөз, біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу сияқты бірнеше сөз бар. Олар тәуелдік жалғауын жалғап , бастауыш қызметінде жұмсалғанда, оның тәуелдік жалғауы қай жақта болса, баяндауыш сол жақта қиысады.
Мысалы: Жекеше
І. Өзім жаздым
ІІ. Өзің жаздың
ІІІ. Өзі жазды
Осылайша қиысуға ғылыми түсінік бере келе, талдау үлгісін көрсетіп кету керек.
4
Отанымыз күннен-күнге көркейіп келеді.
1. Байланысу түрі-қиысу, себебі бастауыш пен баяндауыш жақ, жағына, түр-түріне сәйкес келіп, қиыса байланыстырып тұр.
Отанымыз 2. Байланысу тәсілі – қосымша арқылы
көркейіп
келеді 3.Құрамы – күрделі сөз тіркесінен жасалған.
4. Тұлғасы-бағыныңқы-з.е+т.ж І ж
басыңқы-ет+көс.жұрн-ет+көс+ж.ж ІІІ ж
5. Сұрағы – не? не істеді?
1. Байланысу түрі - қиысу
2. Байланысу тәсілі- орын тәртібі арқылы
Білім
маздатады. 3. құрамы -дара
4. тұлғасы- бағыныңқы –з.е
басыңқы – ет+ көс.ж+ж.ж ІІІж
6
5. Сұрағы –не? не істеді?
5
2.Меңгеру
1. Бағыныңқы мүшенің белгілі септік жалғауда
тұруы.
2. Басыңқы мүшемен байланысуы
3. Атау мен іліктің қатыспауы
4. Меңгеруші – басыңқы сөздері - етістік
баяндауыштар
етістіктен болған
өзге мүшелер
5. Меңгерілетін бағыныңқы мүшелер –
толықтауыш, пысықтауыш болады.
Кітап оқудан тыйылған адам оқудан да тыйылады.
Сөз тіркестеріне ажыратып, меңгеріле байланысқан тіркеске талдау жасалынады.
Кітап //оқудан
Оқудан//тыйылған
Тыйылған//адам
Оқудан//тыйылады
6
1.Байланысу түрі-меңгеру, себебі, бағыныңқы сыңары табыс септігі формасының жасырын түрінде келіп, басыңқымен меңгеріле байланысып тұр.
2. Байланысу тәсілі- қосымша арқылы,-ты- табыс септігі жалғауы
Кітап
оқудан 3.Құрамы –дара, себебі, бағыныңқы, басыңқы сыңарлары жеке сөзден құралып тұр.
4. Тұлғасы-бағыныңқы-з.е+т.с жалғауы
басыңқы- з.е+ш.с. жалғауы
5. Сұрағы-нені?неден?
7
1. Байланысу түрі-меңгеру, себебі, бағыныңқы сыңары шығыс септігі формасында келіп, басыңқымен меңгеріле байланысып тұр.
2. Байланысу тәсілі-қосымша арқылы,-дан-шығыс септігі жалғауы
3. құрамы-дара,себебі, бағыныңқы, басыңқы сыңарлары жеке сөзден құралып тұр
Оқудан 4 . Тұлғасы-бағыныңқы – з.е + ш.с жалғауы
тыйылған басыңқы-етістік+ырықсыз етіс+есімше
5. Сұрағы – неден? Қайткен?
7
Сөз тіркесі, сөйлем,сөздердің байланысы туралы ұғымдарын кеңейте
отырып, бір-бірінен ажыра білуге байланысты талдау жұмыстары
жүргізіледі.
І
3.Матасу
лік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы
Сөз тіркесінің ара қатынасы бірін-бірі айқындап тұрады.
Тілдік заңды қағида- тәуелдік жалғаулы сөздің алдында айтылса да, айтылмаса да ілік жалғаулы анықтауыш болуы.
Ілік септігі қосымшасын түсіріп айтуға болады, тәуелдік жалғауы түсірілмейді.
Анықтаушы-анықталушы сөздердің тізбегі бірін-бірі анықтай береді.
Мектеп директоры
Мектеп директорының кабинеті
Мектеп директорының кабинетінің есігі
Мектеп директорының кабинетінің есігінің кілті
8
Көркем әдебиеттің орны ерекше.
Көркем // әдебиеттің
әдебиеттің // орны
орны //ерекше
1.Байланысу түрі-матасу, себебі, бағыныңқы сыңары ілік септігінде, басыңқы сөзі т.ж ІІІ жағында келіп матаса байланысып тұр.
2. Байланысу тәсілі-қосымша арқылы.
Әдебиеттің
орны 3. Құрамы-дара, себебі, бағыныңқы-басыңқы сыңарлары жеке сөзден құралып тұр.
4.Тұлғасы-бағыныңқы –з.е+і.с жалғауы
Басыңқы –з.е.+т.ж ІІІ
5. Сұрағы – ненің? несі?
Қазақтың сахарадағы тұрмысы қиын болған.
Тұрмысы // қиын болған
Қиын // болған
Сахарадағы // тұрмысы
Қазақтың // тұрмысы
9
1. Байланысу түрі- матасу, себебі, құрамындағы бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен ілік септігі арқылы байланысқан.
2. Байланысу тәсілі – қосымшалар арқылы.
3. Құрамы – дара .
Қазақтың
тұрмысы 4. Тұлғасы-бағыныңқы-з.е+і.с жалғауы,-тың
басыңқы – з.е.+т.ж. ІІІ жағы
5. Сұрағы –ненің? несі?
Матасудың да өзіне тән ерекшеліктерін талдау арқылы көз жеткізе
түсіндіру қажет.Осы орайда мәтін ұсынып,ішінен матасуды теріп алып,
талдауға жаттықтырып отыру-мұғалімге жүктеледі.
-
Б
4.Қабысу
ағыныңқы – басыңқы мүше жалғаусыз байланысады.
-
Тетелес келеді.
-
Орын тәртібі арқылы
-
Сөз тіркестерінің аралығына өзге сөз келтірілмейді.
5. Бағыныңқысы-з.е; сын есім, сан есім;
есімдік; үстеу; есімше; көсемше
Басыңқысы – з.е; етістік
10
Алтын сағат Үлкен уй Жүз жылқы Осы ауыл Оқылған кітап
Қой қора Мөлдір су Мың қой Ана кісі Айтар сөз
Ағаш үй Тар жол Бесінші сынып Бұл мектеп Келетін адамдар
Айырылмас қоңсыңа ауыр сөз айтпа.
Айырылмас // қоңсыңа
Қоңсыңа // айтпа
Ауыр // сөз
Сөз // айтпа
11
1. Байланысу түрі-қабысу, себебі, құрамындағы бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен іргелес тұрып, ешқандай жалғаусыз байланысқан
2. Байланысу тәсілі-орын тәртібі арқылы
Айырылмас 3. Құрамы-дара.
Қоңсыңа
4. Тұлғасы-бағыныңқы-есімше формалы
басыңқы-з.е.+т.ж+б.с
5. Сұрағы – қандай? Неңе?
1.Байланысу түрі-қабысу, себебі, құрамындағы бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен іргелес тұрып, ешқандай жалғаусыз байланысқан
2.Байланысу тәсілі-орын тәртібі арқылы
Ауыр
сөз 3.Құрамы – дара.
4.Тұлғасы-бағыныңқы ауыр-сын есім
Басыңқы – з.е
5.Сұрағы-қандай? Не?
Сызба бойынша оқып – үйрену сөздік қорды молайтады, өз ойын жатық
сөйлемдермен жеткізе білуге, сөйлемдегі, сөз тіркесіндегі айтылған
ойдың мәнін, мазмұнын жете меңгеруге ықпалын тигізеді.
Талдаудың бір үлгісі көрсетілгеннен кейін оқушылар жаттыға береді,
мұғалім шығармашылық тапсырмалар беруіне де болады.
12
1
5.Жанасу
.Бағыныңқы-басыңқы мүшелер ешқандай жалғаусыз байланысады.
2. Белгілі орын таңдамайды.
3. Байланысатын сөзімен іргелес те, алшақ тұрып байланысады.
4. Жанаса байланысатын пысықтауыш пен пысықталатын сөздер болады.
Мезгіл үстеуі
Атау тұлғалы есім
шылау
Септік жалғаулы сөз шылау тіркесі
Кеше біздің кеме алыстағы жерде болатын.
Кеше // алыстағы жерде болатын
Біздің // кеме
Алыстағы // жерде
Кеме // болатын
13
1. Байланысу түрі-жанасу,себебі, бағыныңқы және басыңқы мүшелері бір-бірімен іргелес те, алшақ та тұрып байланысқан
Кеше 2. Байланысу тәсілі – орын тәртібі.
алыстағы
жерде 3.Құрамы – дара.
болатын
4.Тұлғасы-бағыныңқы-мезгіл үстеуі
Басыңқы-етістік+есімше жұрнақ
5. Сұрағы-қашан? Не істейтін?
Ертеңгі күннің ауа райы радио арқылы малшыларға хабарланады.
1. Байланысу түрі-жанасу,себебі, бағыныңқы мүше басыңқымен қатар тұрып та, алшақ та байланысқан.сөз басыңқы
Радио 2. Байланысу тәсілі – қосымшалар арқылы.
арқылы
хабарланады. 3. Құрамы-күрделі,себебі бағыныңқы сөз екі сөзден құралған.
4. Тұлғасы-бағыныңқы-зат есім-шылау
Басыңқы-з.е+ет-к туд. Жұрнақ+өздік етіс+көсемше+ж.ж ІІІ ж
5. Сұрағы – не арқылы? Не істейді?
Сөздердің байланысу тәсілдері мен байланысу түрлерін оқытқанда мәтін
талдауды ұмытпаған жөн. Мәтінді талдай отырып, ішінен талдауға
сөйлемдерді іріктеп алып, талдауға ұсынуға болады. Демек, тақырыпты
меңгертудің жолдары түрлі болатынын байқау қиын емес.
14
1.Теориялық мәлімет сызба арқылы оқушыға дәлме-дәл жеткізіледі.
2.Жазып, оқып, түсіндіріледі.
3.Мәтін талдау жүзеге асырылады.
4.Грамматиканың барлық ережелері қамтылады.
Синтаксистік талдау түрлеріне жаттықтыру.
8-сыныпта сөйлемге ғылыми түсінік беріледі. Сөйлемге тән белгілер
көрсетіледі.Мұғалім көмегімен оқушылар осы белгілерді тауып жатса,
тақырыпты түсінгені.
Сөйлем, сөйлеу терминдерінің логикалық байланысын көрсете отырып,
трек сызбалары арқылы оқушы түсінігі толықтырылады.
Құру, біріктіру
1.Сөйлем болу үшін сөздер белгілі бір грамматикалық байланысқа
түсуі керек.
2.Кез-келген қатар тұрған сөздер бір-бірімен байланысқа түсе
бермейді.
3.Грамматикалық байланысқа түспеген сөздер тіркеспейді, сөз
тіркесін құрай алмайды.
4.Сөйлемде сөздердің байланысуының өзіндік заңдылығы бар,сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсілдер арқылы байланысады.
15
5.Сөздер:
а) байланысу тәсілдері арқылы тіркесіп, сөз тіркесін құрайды.
Сондықтан,сөздердің байланысу тәсілдері сөз тіркесіне негіз болады;
ә)сөйлем мүшелері сөйлемдегі сөздердің байланысы арқылы
анықталады.
Сөйлем мүшесін анықтайтын сұрақтар сол сөздің байланысына қарай
қойылады.
Синтаксис саласының теориялық материалдарын басшылыққа ала отырып, төмендегі сызбаның жүйесімен сөйлем және оның түрлері, сөз тіркесі, сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдеріне сатылай комплексті талдауды саты-сатысымен жүргізудің үлгілері көрсетілмек.
І. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай: хабарлы, сұраулы,лепті, бұйрықты.
ІІ. Құрылысына қарай: 1. Жай сөйлем
2.Құрмалас сөйлем, түрлері.
ІІІ.Сөйлем мүшелері: а) баяндауыш
Сөйлем ә) бастауыш
б) толықтауыш
в) анықтауыш
г) пысықтауыш
IV. Жай сөйлемнің түрлері: а) жалаң, жайылма
ә) толымды, толымсыз
б) жақты, жақсыз
в) атаулы
V. Сөз тіркесі: а) еркін (есімді, етістікті)
ә) тұрақты
16
VI. Сөздердің байланысу түрлері: а) қиысу
ә) меңгеру
б) матасу
в) қабысу
г) жанасу
VII. Сөздердің байланысу тәсілдері: а) интонация
ә) жалғаулар
б) жалғаулық шылаулар
в) орын тәртібі
Сәби күлді
І. 1. Сөйлемде бір тыныс белгісі бар. Ол-нүкте. Нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр.
2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем. Себебі, ой хабарлай жеткізіліп тұр. Хабарлы сөйлем дегеніміз-хабарлау,суреттеу, баяндайды білдіретін сөйлем.
ІІ. Құрылысына қарай – жай сөйлем. Себебі, екі
сөзден құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр.
ІІІ. Сөйлемде сәби-бастауыш,себебі,кім? деген сұраққа жауап беріп, істің иесін білдіріп тұр. Күлді-баяндауыш,себебі, не істеді? деген сұраққа жауап беріп, заттың қимылын білдіріп тұр.Сөйлемде тұрлаусыз мүшелер жоқ.
Сәби
күлді IV. Жай сөйлемнің түрлеріне қарай – жалаң сөйлем. Себебі, тек қана бастауыш пен баяндауыштан құралған.
V. Сөз тіркесі емес.
17
VI. Сөздердің байланысу түрлеріне қарай-қиысу,
себебі, бастауыш пен баяндауыш жақ жағына, түр- түріне сәйкес келіп, қиыса байланысып тұр.
VII. Сөздердің байланысу тәсілі – жіктік жалғауының ІІІ жағы арқылы байланысу.
1.Сөйлемде бір тыныс белгісі бар. Ол-сұрау белгісі.
Қазақ 2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай-сұраулы сөйлем
құдайдан Сұраулық мағына (не?)
тілеген
баланы ІІ. Құрылысына қарай – жай сөйлем.
не қылады?
ІІІ. Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдаймыз.
-
не істеді?-не қылады-күрделі, жіктік тұлғалы-баяндауыш.
-
Не қылатын кім?-қазақ-дара; зат есім; атау тұлғалы зат есім.
-
Қандай баланы?-құдайдан тілеген-күрделі, зат есім, шығыс септік тұлғасы, есімше-етістікті анықтауыш.
-
Кімді не қылады?-баланы-дара; зат есім, табыс септік тұлғасы тура толықтауыш.
IV. Жай сөйлемнің түрлеріне қарай-жайылма,
толымды, жақты;
18
V.Сөйлемде құдайдан // тілеген, баланы // не қылады, құдайдан тілеген // баланы деген сөз тіркестері бар. Құрылысына қарай-еркін тіркестер, тұлғасына қарай-етістікті, тілеген // баланы – есімді тіркес.
VI. 1. Қазақ не қылады?-қиысу, тәсілі-жалғаулы
2. құдайдан тілеген-меңгеру, тәсілі-жалғаулы.
3.баланы не қылады- меңгеру, тәсілі-жалғаулы.
4. тілеген баланы- қабысу, тәсілі-орын тәртібі.
І.1. Сөйлемде бір тыныс белгісі бар.Ол-леп белгісі. Леп белгісінің қойылу себебі сөйлемде адамның ерекше көңіл күйі беріліп тұр.
Осы 2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай-лепті
cыныпта сөйлем.Себебі, көңіл-күй ерекше ішкі сезімін
мен де білдіріп тұр.Лепті сөйлем дегеніміз-ерекше көңіл
оқысамшы күйіне, психологиялық сезімге байланысты (қуану,ренжу,таңдану, аяу т.б) айтылған сөйлем.
ІІ. Құрылысына қарай-жай сөйлем. Себебі, тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр
ІІІ. Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдаймыз.
1.Мен қайтем?-оқысамшы!-баяндауыш,шартты рай формалы...І ж.жалғаулы етістіктен жасалып тұр.
2.Кім?-бастауыш-жіктеу есімдігінен жасалып тұр.
19
3.Қай сыныпта?-осы сыныпта-анықтауыш-сілтеу есімдігі.
4.Осы қайда?-сыныпта-пысықтауыш, мекен,з.е.жатыс септік жалғаулы.
IV.Жай сөйлемнің түрлеріне қарай-жайылма,толымды,жақты;
V.Сөйлемдегі тіркестер:
Осы сыныпта-есімді тіркес, сыныпта оқысамшы-етістікті тіркес.
VI.Сөздердің байланысу түрлері:
1.Мен де // оқысамшы –қиысу,тәсілі-жалғаулы.
2.осы // сыныпта-қабысу,тәсілі-орын тәртібі
3.сыныпта // оқысамшы-меңгеру, тәсілі-жалғау
арқылы.
І.1.Сөйлемде бір тыныс белгісі бар.Ол-нүкте. сөйлемде бұйыру мақсатындағы ой хабарлы сөйлем интонациясымен айтылып тұр.
2.Айтылу сазы мен мазмұнына қарай-бұйрықты сөйлем.Себебі, ой біреуге бұйыру, тілек, өтініш ету мақсатында айтылған.
ІІ. Құрылысына қарай-жай сөйлем.
Кісі айыбын
бетіне баспа ІІІ.Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне
(мақал) талдаймыз.
1.Қайтпе?-баспа-дара; етістікті,(-па) болымсыз тұлғалы баяндауыш.
2.Баспайтын кім?-сен-дара;жіктеу есімдікті;атау тұлғалы бастауыш.
3.Несін бетіне баспа?-айыбын-дара,зат есімді;(н) табыс тұлғалы тура толықтауыш.
20
4.Кімнің айыбын?-кісінің-дара,зат есімді;(нің) ілік тұлғалы меншікті анықтауыш.
5.Несіне баспа?-бетіне-дара,зат есімді;
(-не)барыс тұлғалы жанама толықтауыш.
IV.Жай сөйлемнің түрлеріне қарай:
а) жайылма,
ә) толымсыз (ойға қатысты сөйлем мүшелері толық емес)
б) жақты (себебі, бастауышы жасырын тұр)
V. Сөйлемдегі тіркестер:
Осы сыныпта-есімді тіркес,сыныптаоқысамшы-етістікті тіркес.
VI.VII.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері:
1.Сен баспа-қиысу, тәсілі-интонация
2.айыбын // баспа-меңгерулер,жалғаулықты.
3.бетіне // баспа- меңгерулер, жалғаулықты
4.кісінің айыбы –матасу,тәсілі-жалғаулы.
Жоғарыда көрсетілген талдау үлгілері жай сөйлем синтаксисі бойынша беріліп отыр.Құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша да толықтырып осылай талдау түрлерін жүргізуге болады.Тәжірибеде көрініп жүргендей бұлай талдай меңгерту оқушы білімінің есінде ұзақ сақталып, қажетті материалдарды жеке-жеке талдамай, жіктемей, тұтас игеріп, толық қабылдауға мүмкіндік жасайды.Қазіргі сабақтың құрылымы оқушының ауызша сөйлеуіне, ойлау, есте сақтауын арттыруына, танымдық көзқарасын жетілдіруге негізделеді.Оқушы талдаудың бұл түрінде ең құнды, пайдалы материалдарды табуға, жүйелеуге, өз бетінше жұмыс жасауға талпынады.Оқушы үнемі шығармашылық ізденісте болады, уақытпен санасады. Өз ойын тірек сызбалар арқылы айтуға дағдыланады. Оқушының әрқайсысына дәптер арнатып, оған қолы бос кезінде өз бетімен талдауға,талдау үшін мәтін іздеуге, мәтін құрастыруға, тірек сызбаны өздері ойдан шығарып пайдалануға үйрету керек.
21
Ана тілінің байлығының мол екендігіне көз жеткізе отырып, шығармашылығына жол ашу керек.Тілдік талдаулардың күнделікті сабаққа ғана емес, өмірге де қажеттілігін сезіндіретіндей мұғалім әрекет етсе, еңбегі еш кетпесі анық.Талдауды жүйелі жүргізетін мұғалім әрі оқытады, әрі үйретеді, әрі өмір сүру жағдайларына дайындайды. Өйткені, оқушы-өз алдына дербес жеке тұлға . Оның болашағы қазіргі кезден мектеп табалдырығынан басталады.
22
8-сыныптың қазақ тіліне арналған жұмыс дәптері.
І. Фонетика тарауы бойынша.
1-тапсырма. Мақал-мәтел мәйегі.
Мақал-мәтелдерді оқып, мазмұнын айт. Қалаған сөзіңді математикалық талдаумен өрнекте.
Қонақ келсе, құт келер.
Асыққан жолаушы атына теріс мінеді.
Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді.
Атты қамшымен айдама, жеммен айда.
Ата мұраң-асыл қазынаң.
2-тапсырма. Бесік жырын оқып, тағы қандай түрін білетініңді айт. Белгіленген сөзді математикалық талдаумен өрнекте.
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем,жылама,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Зерделі сөзге зер сал.
3-тапсырма.
Жеті қазынаға не жатады? Осы жеті сөзге фонологиялық талдау жаса.
Ата салтыңды сақта!
4-тапсырма.
Төменде берілген тыйым сөздерді жаттап алыңдар. Асты сызылған сөздерді математикалық талдаумен өрнекте.
Тұзды,күлді баспа.
Отты,күлді шашпа.
Бөркіңді теріс киме.
Бос бесікті тербетпе.
Шапанды желбегей жамылма.
Үйде ысқырма.
23
Зерделі сөзге зер сал.
5-тапсырма.
Оқып, мазмұнын аш.Өзіңе ұнаған сөздерді дәптеріңе жазып ал да, жатта. Қалаған сөзіңді математикалық талдаумен өрнекте.
Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашар. (Б.Момышұлы)
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. (Абай)
Сөз көңілге сипат жағының көркемділігімен, мағына жағының күштілігімен жағады. (А.Байтұрсынұлы)
Мақал-сөздің мәйегі.
6-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап ал, мағынасын түсіндір. Дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсет.
Екі тентек елге сыймас.
Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады.
Арыстанның ойынынан түлкінің мойны үзіледі.
Аттан тай озады, атадан бала озады.
Ас – адамның арқауы.
Шешенің судай төгілген.
7-тапсырма. Шешендік сөзді оқып, мазмұнын айт. Асты сызылған сөздерге фонологиялық талдау жаса.
Алда келе жатқан Шатайға Жәңгір хан бірде:
- қара тазыдай сумаңдап алға шыға бермей , қатарда жүрсең не етеді?-депті. Сонда ханның жанындағы жарамсақ билердің сыртынан ханға шағыстырып келе жатқанын сезген Исатай батыр:
- Алдыңғы қыран бүркіттей қылаңдап мен келе жатқанда, артыңда қарғылы төбеттей сүмеңдеп төрт биің келе жатқанда көктен құдай, жерден құмай алар деп қорқып келесіңбе?-деген екен.
24
Өтірік өлең айтып ел қараттым...
8-тапсырма.
Өтірік өлеңдерді оқып, жатқа айтып беруге дағдылан, көп нүктенің орнына қандай сөз қойылатындығын тап та, сол сөзге математикалық талдау жаса.
«Малдың бәрі семірді...
Ерледім,-деп қуанды шопан-дағы-
Сиыр болып ешкілер меңіреді,
Түйе болды қой өсіп қотандағы.»
Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы
9-тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап ал.
Асты сызылған сөздерді буын түрлеріне талда.
Бір ғылыман басқаның
Кеселі көп асқанға
Одан үміт, кім қылар,
Жол табар деп сасқанда?
Үйтіп асқан жолығар
Кешікпей-ақ тосқанға. (Абай)
Табиғат-тылсым дүние
10-тапсырма.
Жылдың қай мезгілі суреттеліп тұрғанын айт, өзіңе ұнайтын жыл мезгілі туралы әңгімеле,қалаған сөзіңе математикалық талдау жаса.
Сонсоң дүниені мәңгі жастыққа бөлеген маужыр мезгіл басталады. Маужыр мезгіл Алтай өңірінде бөлекше ғой. Білесіз бе, мұндайда бұл мезгіл әлдеқайда ерте түседі де, созалаңдап жатып қалады. Шіркін, сары алтындай шағылысқан табиғаты қандай керемет! (О.Бөкеев.)
Тарих соқпақтарынан
11-тапсырма.
Берілген даталарды есте сақта, қосымша қандай мәлімет қоса алар едің?Асты сызылған сөздерге математикалық талдау жаса.
25
1690 жыл шамасы - Әз-Тәуке хан Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолы» заң үлгілерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» аталатын заң жүйесін енгізді.
1698 жылы – Дүрбің – Ойрат Қалмақтар Шу, Талас өзендері бойына басып кіріп, Қазақ Ордасын шайқалтып кетті.
1710-1711 жылдары – Қалмақтардың жаңа жорығы басталды.
Ойлан, тап!
12-тапсырма.
Берілген жұмбақтарды жаттап, шешуін табыңдар, шешуі болған сөзге фонологиялық талдау жаса.
1. Ана ауылдың бурасы,
Мына ауылдың бурасы
Желкілдейді шудасы.
2. Тізіле өскен тісі бар,
Көп істеген ісі бар.
3. Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.
Ұлылардан ұлағат
13-тапсырма.
Ұлағатты сөздерді оқып , дәптерлеріңе көшіріп жазып, естеріңе сақтап жүріңдер. Авторына математикалық талдаудың белгісіздік түрімен өрнекте.
Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шақырады.Оған жету үшін талмай ізденіңдер»,- дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады. (Ғ.Мүсірепов)
Мақал – сөздің мәйегі
14-тапсырма.
Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндір. Асты сызылған мақалдағы сөздерді буын түрлеріне талда, дыбыс үндестігіне талда.
26
Ырыс ауысады, білім жұғысады.
Жігітке жетпіс өнер де аз.
Достың ақымағынан, дұшпанның ақылдысы жақсы.
Фонетика жыр жолдарында
15-тапсырма.
Төменде берілген үлгі бойынша өлең шумақтарын құрастырып көр.Әдебиет теориясын еске түсір.Дауыстыдан бір өңкей басталған өлең тармағы, бір өңкей дауыссыздан басталған өлең тармағы не деп аталады?
Ана деген ардақты ат,
Ананы жүр ардақтап.
Ана есімі тұрады,
Асқарлы шыңдай асқақтап.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Дауысты, дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Оларды қалай ажыратамыз?
2. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстарды неше топқа жіктейміз?Себебін түсіндір?
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай қалай жіктеледі? Оларды бір-бірінен қалай ажыратамыз?
4. Дауысты дыбыстардың ерін мен езудің қатысына қарай жіктелуінің себебі неде?
5. Дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбыстардан қалай ажыратуға болады?
6. Үн мен салдырдың қатысына қарай неше топқа жіктеледі?
7. Айтылу, жасалу жолына қарай неше топқа жіктеледі? Себебін түсіндір.
8. Дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай қалай жіктеледі?
9. Белгісіздік тәсіл дегенді қалай түсінесің? Шешу жолдары қандай? Шартты белгілері ше?
10. Буынның қандай түрлері бар?
27
11. Фонетикалық талдаудың қандай сатылары бар?
12. Екпіннің қазақ тіліндегі орны қандай?
13. Үндестік заңының неше түрі бар?
14. Дыбыс үндестігі қандай түрлерге бөлінеді?
15. Тасымалдауға болмайтын жағдайларды атап көрсет.
ІІ. Лексика тарауы бойынша
1-тапсырма.
Берілген мақалдарды аяқтап, олардың тақырыбын анықтаңдар.
Жақсы сөз-..............
Жылы-жылы сөйлесе,.................
Басқа пәле-.................
Аңдаусыз сөйлеген......................
2-тапсырма.
Қарамен берілген сөздер қандай сөздер? Қандай шығармадан екенін айт.
Бадана көзді ақ сауыт,
Бекітіп соққан Ер Дәуіт.
Шығыршығы шираған,
Бадана көзді кіреуке.
3-тапсырма.
Мына сөздердің құрамындағы дыбыстарды пайдаланып, лексикалық мағынасы бар сөздер құрап жазыңдар.
Үлгі: Сандық-сан, дық,мас,ық,нық,саны,т.б
Арғымақ,балалық,тазарту,арманшыл,Ақшұқыр.
4-тапсырма.
Мәтінді көшіріп жазып, мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беріңдер. Синоним, антонимдерді көрсет.
28
Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, өлуің, көрге кіруің бәрі бірдей. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Бір-біріңе қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің. (Абай)
5-тапсырма.
Төмендегі сөздерді сәйкестендір (синоним, антоним)
Анайы алып
Құпия сыпайы
Ұсақ тұрпайы
Су жүрек жария
Дөрекі қорқақ
Жомарт мырза
Тас жүрек ауқат
Тамақ қатыгез
6-тапсырма.
Мақал- мәтелдерді оқып, мағынасына назар аударыңдар. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді теріп жазыңдар, мағынасын түсіндіріңдер.
Бүтін тұрғанды бүлдірмес болар.
Өрттің өзінен түтіні бұрын көзге түседі.
Әр елдің жауына қарай жауынгері бар.
Кешірімнің ең үлкені – кек сақтамау.
Өсектің өртінен де дерті жаман.
Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.
7-тапсырма.
Дұрыс жауабын белгілеңдер:
1. Тұрақты сөз тіркесін табыңдар
а) көркем ой
ә) көзі ашық
б) қара көк
в) көп түкірсе көл
г) кең жайлау төрі
2. Қай сөз жалпылама қолданылатын сөзге жатады?
29
а) бұрыш
ә) квадрат
б) теңдеу
в) су
3. Диалект сөз қайсысы?
а) камзол
ә) шапан
б) кәжекей
в) костюм
4. Қайсысы мәтел?
а) ер жігіт елі үшін туады.
ә) талапты ерге нұр жауар.
б) таз ашуын тырнадан алар.
в) ер айтпас, айтса қайтпас.
5. Нағыз адамның белгісі – кісілік. Қай сөз түбір күйінде тұр?
а) нағыз
ә) адамның
б) белгісі
в) кісілік
8-тапсырма.
Мәтінді оқып, ат қойыңдар.Тұрақты тіркесті табыңдар. Мәтінді әрі қарай толықтырып жаз.
Индира сабақтан келгенде, анасы тамақ дайындап жатыр екен.
- Кішкенеден кейін тамақ та піседі. Ас піскенше, жүрегіңді жалғай
тұрсайшы, қарның ашты ғой. Бауырсақ же!-деді. Индира апыл-ғұпыл шешінді де, үстел басына отыра кетті. Дәмді бауырсақ оның ішіне ел қондырды.
9-тапсырма.
Үлгі бойынша берілген сөздерге омонимдік талдау жасаңдар.
30
Бытыра І з.е – мылтықтың оғы.
Мерген бытыраны қорғасыннан жасауды тапсырды.
Бытыра ІІ етістік – шашылу, жан-жаққа жөнелу.
Жаяу әскер тау-таумен бытырай келеді.
Біз, жел, қаңтар, қал.
10-тапсырма.
Біліп жүріңдер. Бір санына мағынасы жақын сөздер.
Жалғыз, жалқы, жеке, дара, сыңар, саяқ.
Білекті бірді жығады.
Жалғыз ағаш орман емес.
Жалғыздық құдайға жарасқан.
Жалқы тал. Жалқы жігіт.
Жеке тұлға. Дара басшылық.
Егіздің сыңарындай.
Сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құраңдар.
11-тапсырма.
Екі санына мағынасы жақын сөздер: жұп, қос, егіз, пар.
Жұбын жазбады, қос бармақ, қос етек, қос нүкте, егіз қозыдай, егіз туғандай. Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңдар.
12-тапсырма.
Сатылай комплексті лексика-грамматикалық талдау жасаңдар.
Үш тоқтам.
Ақыл-арқан. Ой-өріс. Адам-қазық.
13-тапсырма.
Сөздердің омоним, антоним, синонимдерін табыңдар.
Үш тәтті:
Жан Мал Жар
14-тапсырма.
Синонимдерін тауып, сөйлем құраңдар.
Бес аспап, бес батпан, бес биенің сабасындай, бес күндік, бес саусақтай, бес тиынға тұрмайды.
15-тапсырма.
Шешендік сөздің мәнін ашыңдар.
Тыңдалмаған сөз жетім,
Киюсіз тозған киім жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім.
31
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса-бәрінен де сол жетім. (Төле би)
16-тапсырма.
Сөздерге лексикалық талдау жасаңдар.
Ит – жеті қазынаның бірі.
Жеті атасын білген ер.
Жеті жұрттың қамын жер.
Бала жетіге дейін жерден таяқ жейді.
17-тапсырма.
Берілген идиомаларды мағынасына қарай топтап, баламасын табыңдар.
Мұрнын көкке көтеру, қара қылды қақ жарған, ала жіпті аттамау, көз еті өскен, төбе шашы тік тұрды, салы суға кетті, жігері құм болды, ит терісін басына қаптады, сай-сүйегі сырқырады.
18-тапсырма.
Мына сөздер қатысқан фразалық тұрақты тіркестерді тауып, толықтырып жазыңдар.
Тайпалған........ Сүттей.........
Табан ет........... Түймедейді..........
Мақтамен........... Бұғанасы............
Сыртым бүтін............ Сау басына...........
Үмітсіз.......... Құралайды...........
Ауырдың үстімен............ Бас десең...........
19-тапсырма.
Мына сөздердің идиомалық баламаларын тауып, сөйлем құраңдар.
Жылдам, лезде; момын, араз; нанымсыз, қисынсыз; зорға, әрең; батыр, ер; қирату, сындыру; тату, дос; қорқу, аяу, ашулану;
20-тапсырма.
Әр түрлі ғылым саласына байланысты термин сөздер жазыңдар, олардың бас әріптерінен «Терминдер» деген сөз шығатын болсын.
32
Т-
Е-
Р-
М-
И-
Н-
Д-
Е-
Р-
21-тапсырма.
Мәтіннен көнерген сөздерді табыңдар. Қандай шығармаларда жиі ұшырайтындығын айтыңдар.
Алтыбақан Сүйіндік аулынан қашаңдау жерде екен. Ойынға жиналған жастар қалың көрінеді. Кәмшат бөрік, мақпал шапан, жібек шапан киген қыздар көп. Шолпылары тоқтаусыз шылдырлайды. Ақ шаршы, кестелі кимешектерін әсем ғып салған күлкішіл келіншектер көп.
22- тапсырма.
1. Мәтінді оқып, синоним сөздерді теріп жазыңдар.
2. Синоним және синонимдік қатар туралы айтып беріңдер.
Күн артынан күн келді.Бірақ жаңғырар дүние жоқ. Қалың жұртың қорлықта, зарда, ит кешуде жатса, қасқырдай шауып, жауша тонап, тойымсыз, тынымсыз бүліктер жүр. Базаралыдан әмір күтіп жатқан жігіттер келіп болмады.Сол себепті Базаралының белгісіз ісі әлі аз күн аял күтіп, іркіліп тұрған-ды. (М.Әуезов)
33
23-тапсырма.
Мына сөздердің тура мағынасын табыңдар:
-
тәтті ұйқы. Тәтті қиял, тәтті..........
-
ашық мінез, ашық әңгіме, ашық...........
-
иненің көзі, байлықтың көзі, көзі.........
-
өткір ой, өткір мінез, өткір..........
-
алыс арман, алыс туыс, алыс...........
-
қалың ел, қалың ағаш, қалың.............
24-тапсырма.
Сөздердің синонимдік қатарларын толықтырыңдар.
әңгімелеу, .........
аяқтау, ..........
ауыру, ...........
әрең, ...........
басқару, ..........
көмек, ...........
оқымысты, ............
тынығу, ...........
25-тапсырма.
Мақал-мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді табыңдар, ол қай сөзбен антонимдік мағына құрайды?
1. Арқанның ұзыны жақсы,
Әңгіменің ........... жақсы.
2. Дұшпанға тастай қатты бол,
................... балдай тәтті бол.
-
Ақыл-дос, ашу-............
Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
.............. көрген-білгенін айтады.
-
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
34
Достарыңызбен бөлісу: |